Дешифрлеу



ЖОСПАР:


І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім
1. Гидрография элементтерін дешифрлеу
2. Бедер элементтерін дешифрлеу
3. Жасыл жабындыны дешифрлеу
4. Елді.мекен пунктерін дешифрлеу
5. Жол тораптарын дешифрлеу
6. Ауылшаруашылық жерлерді дешифрлеу
7. Дешифрлеулегі генерализация
8. Карта жаңартудағы дешифрлеу ерекшеліктері
9. Географиялық атаулар

III. Қорытынды бөлім
КІРІСПЕ

Қысқаша топографиялық әдістемелерде топогроф бейнелерді дешифрлеу туралы түсініктер беру мүмкін емес. Топографиялық дешифрлеу аймағында толық біліктімаман болу үшін арнайы дайындық және әртүрлі географиялық жағдайдағы топографиялық түсірісте үлкен тәжірбие керек. Топографиялық дешифрлеудің проблемасы картографиялық көріністің сұрақтарымен, картографиялық генерализациямен комплекстік және бұлыңғыр контурлар көрінісімен байланысты, дешифрліктің белгілерін білуді, азаматтық кәсіптік, транспорттық гидротехникалық құрылыстың конструкторлық ерекшеліктерін талап етеді.
Топографиялық дешифрлеуді толық анықтауда (20 жұмысты қолдануға болады). Табиғи ландшафт элементтері, елді-мекен пунктері, жолдарды дешифрлеуді қарастырамыз.
Қорытынды

Дешифрлеудегі редакциялық жұмыстар

Редакциялық жұмыстың мақсаты: топографиялық карта мазмұнының толықтығы, бейнелердің анықтылығы, бірдей элементтердің барлық топографиялық карталарда бірдей орналасуы. Редакциялық жұмыс карта құру этаптарының барлығында жасалады.
Редакциялық жұмысқа далалық және камералдық дешифрлеудің бағыттары және бедерді салу, далалық дешифрлеу маршрутының проектісін өңдеу, дешифрлеу жұмыстарына басшылық, бедер бейнесі мен контурларының анықтылығы және сапасын бақылау, картографиялық мәндегі материалдарды анықтау және зерттеу.
Жиналған материалдар жүйеленіп, кестеде көрсетіледі. Бұл кестеде далалық дешифрлеудің учаскелері көрсетіледі. Бұл учаскелер ведомствалық материалдарды қолдана отырып камералды түрде дешифрленетін, ал далалық дешифрлеуді маршрут бойынша дешифрленетін учаскелер.
Жиналған материалдарды зерттеу мен анализден кейін 1:100 000 – 1:300 000 масштабта редакциялық кесте құрылады. Бұл кестеде: біркелкі формадағы бедер учаскелерді, контурларды және гидрографияны; ведомствалық материалдарда көрсетілген аумақтың мінездемесін тексеретін учаскелер; дешифрлеу мысалдары мен бедерді бейнелеуді, дайындау, аумақта детальды бақылауды жүргізу.
Кестедегі қолданатын материалдарды қолдана отырып, бақылау станциясының орналасу және далалық дешифрлеу маршрутын жасаймыз.

ЖОСПАР:

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім
1. Гидрография элементтерін дешифрлеу
2. Бедер элементтерін дешифрлеу
3. Жасыл жабындыны дешифрлеу
4. Елді-мекен пунктерін дешифрлеу
5. Жол тораптарын дешифрлеу
6. Ауылшаруашылық жерлерді дешифрлеу
7. Дешифрлеулегі генерализация
8. Карта жаңартудағы дешифрлеу ерекшеліктері
9. Географиялық атаулар

III. Қорытынды бөлім

КІРІСПЕ

Қысқаша топографиялық әдістемелерде топогроф бейнелерді дешифрлеу
туралы түсініктер беру мүмкін емес. Топографиялық дешифрлеу аймағында толық
біліктімаман болу үшін арнайы дайындық және әртүрлі географиялық жағдайдағы
топографиялық түсірісте үлкен тәжірбие керек. Топографиялық дешифрлеудің
проблемасы картографиялық көріністің сұрақтарымен, картографиялық
генерализациямен комплекстік және бұлыңғыр контурлар көрінісімен
байланысты, дешифрліктің белгілерін білуді, азаматтық кәсіптік,
транспорттық гидротехникалық құрылыстың конструкторлық ерекшеліктерін талап
етеді.
Топографиялық дешифрлеуді толық анықтауда (20 жұмысты қолдануға
болады). Табиғи ландшафт элементтері, елді-мекен пунктері, жолдарды
дешифрлеуді қарастырамыз.

Гидрографияны дешифрлеу

Аэросуреттерде водоемдар мен су ағындарын анықтау қиынға
соқпайды, өйткені жағалау сызықтары анық болады, ал су бетінің
аэрофотобейнелері барлық масштабтағы аэросуреттерде жанындағы жерлерден
ерекшеленіп тұрады. Гидрографиядағы фотокөріністің түсіне аэротүсірістің
оптикалық тәсілі, тереңдігі, тереңдік түсі, тазалығы және судың тазалығы,
сонымен бірге оның түсінің түрленуі, су өсімдіктеріні әсер етеді. Әдетте
балшықты және торфянистый су түбі, тереңдеген сайын түс қоюлана бастайды.
Түбі тасты және құмды кішкене өзендер мен көлдер аэросуреттерде ақшыл
түспен көрсетіледі. Қорытындысында терең емес және қатты ағысты тау
өзендері аэросуреттерде галечниктермен жабылған басқа жерлерден
айырмашылығы жоқ деуге болады.
Орман астындағы немесе бұтақтармен жабылған кішкене өзендер мен
ағыстарды дешифрлеу мүмкін емес. Оларды тек қана стереоскопиялық қарау
арқылы дешифрлейміз. Бұл жерде фотосуреттегі су жағасындағы ағаштардың
түсінің өзгеруі көмекке келеді. (21 сурет).
Гидрографияның құрғап қалған жерлері құрғау деңгейіне қарай
сызықтармен белгіленеді. Төменгісі ең қоюы-водоемның ең ылғалды жерлерін
көрсетеді.

Бедерді дешифрлеу

Бедерді дешифрлеуде топографиялық обьектілердің формасы :
сайлар, төмпешіктер күрт төмен ойлар, жарлар, жыралар, таулы мұздықтар т.б
басты себеп болады.
Құламалар (Обрывы) аэросуреттердің стереоскопиялық қарау арқылы
оңай дешифрленеді. Көзге ең бірінші анықтылық түседі және жарлардың жылы
түспен көрсетілуі. Күн түскен құламалар көбінесе ақшыл түспен бейнеленеді.
Оползни. Аэросуреттерде қаралау түспен көрсетілген көлденең
сайлары бар толқынды төмпешіктер түрінде көрсетіледі. Жоғары бөліктерінде
ақшыл жолақпен үгілмелі жарлар, ал төменгі бөлікте қара түспен ылғалданған
учаскелер көрінеді.
Осыпы. Көбінесе ақшыл түспен мінезделеді. Анықтылық жарларға
қарағанда төмен. Стереоскопиялық көріністе үлкен үгілмелі жарлар, төменде
оларға құлап жатқан жарты шеңберлі шлейфтер орналасқан. Осып фотосуретінің
құрылымы жазық, тек қана ірі үгілмелі жарлараэросуреттерде анықтылығымен
ерекшелінеді. Көлеңкелң жерлер қою қаралау, күн түскен жақтар ақшыл түспен
бейнеленіледі. Стереоскопиялық көріністе жер бетінің әр түрлілігі, жарлар,
шыңдар мен карниздер жақсы көрінеді. (23 а сурет)
Таулы мұздықтар 2 бөліктен тұрады: фирндік жерлер және мұздықтар.
Аэросуреттерде ашық түсті фирндік жерлер шеңберлі формада котлован тәрізді
төменгі жерлерде орналасады. Мұздықтарды дешифрлеуде қиындықтар кездеседі.
өйткені олар морена немесе қар шоғырларымен жасырынып алады. Мұндай кезде
қосалқы белгілер арқылы дешифрленеді; профиль, атмосфералық көріністе
көрінеді. Жарықтар, мореналық жерлердің қою қара түсі, қосалқы белгілерге
жатады.
Аэросуреттерде мұз жарықтары қою қара түспен қисық, қысқа сызықтар
арқылы көрсетіледі. Күрт көтерілген немесе түскен жерлерде бұл сызықтар
жиеленеді (23 сурет) Аэросурет анықтылығымен ерекшелінеді.анықтылығымен
ерекшелінеді.

Жасыл жабындыны дешифрлеу

Аэросуреттердегі ағаш бейнелерінің дұрыс орналаспауы көрінеді.
Олардан түскен проекция осыны дәлелдейді(21-сурет). Стереоскопиялық қарау
арқылы біз ағаштардың биіктігін анық көреміз. Орман аэробейнеде дақылдардың
көлемі мен формалары ағаш діндерінің қалыңдығына байланысты. Сондықтан ағаш
діндерінің формасы мен көлемдері және олардың көлеңкелері 1:5000-1:15000
масштабтағы аэросуреттерде отырғызылған жасыл жабындының құрамын анықтайды.
Бұл суреттен басқа аэрофотобейненің түсі де көмектеседі. Шыршалы ормандары,
қарағай және пихта ормандары қою түспен мінезделеді. Құрамды анықтауда
спектрозоналдық аэросуреттерді қолдану көп көмектеседі.
Әр түрлі құрамдағы орман аэрофотобейнелерін арнайы әдебиет қолдану
арқылы анықталады. Жайылып өскен бұтақтар аэросуреттерде ұсақ
дақылдылығымен мінезделеді. Бұл бұтақтар(1:25000 масштабтан ірі) сұр немесе
қою сұр түспен кішкене ғана түскен көлеңкесімен, фотобаспалы дөңгелеңген
контур формасымен бейнеленеді(22-сурет).
Орман өскіндерімен жаппай өскен бұтақтарды біркелкі түсімен және
құрамының бір типтілігімен ажыратады. Жартылай бұталы жасыл жабындының
мінездемесі – олардың үстінен қарағандағы қара жасыл жабындысының көрінуі.
Жазда көбінесе ол жерлер жарылған болады. Сондықтан жартылай бұталы
аэрофотобейненің түстері топырақтың спектралдық мінездемесіне байланысты.
Жартылай бұталылардың көбісі, оның ішінде шөпті және мүктік түрлері
спецификалық фотосуреттерді құрмайды, және тура дешифрлік белгілері
болмайды. Жасыл жабындының және шөлді жерлердің топырағының негізгі
мінездемесі – пестрота, комплекттілігі, микробедермен тығыз байланысты.
Көп жартылай бұтақтар мен шөптер фотосурет құрмайды, бірақ олардың
комплексте мозаикалық орналасуы, аэрофотобейнеге өзіне тән дақтар тәрізді
түс береді. Мысалы, ақ және қара комплекстегі жусандар аэросуретте ақшыл
фондағы ұсақ сұр және қою сұр түстегі дақтармен беріледі.
Шалғынды жасыл жабындының біркелкі түсі аэротүсіріс кезіндегі
жарықтандыруға және ылғалдану деңгейіне қарамастан ақшыл түстен қою сұрға
дейін өзгеруі мүмкін. Түс ауысуы жай ғана өтеді, ал шалғынның анықтылығы
нақты көрінеді.
Далалық жасыл жабынды аэросуреттерде шалғындық жасыл жабындыдан еш
айырмашылығы жоқ. Сондықтан оларды ажыратуда қосалқы белгілер қолдагылады.
Мүктік жасыл жабынды аэросуреттерде әр түрлі деңгейдегі сұр түспен
бейнеленіп, шалғындықтан еш айырмашылығы болмайды. Сондықтан мүктік
шалғындықиан қосалқы белгілермен айырады(20-сурет).
Азықтық шырмауықтар аэросуреттерде өте ақшыл түспен және шекарасы
анық көрсетілген болады. Шырмауықтардың жеке шеңбер тәрізді айналымдары
аэрофотобейнелерді кейде ұсақ, жазық болып көрінеді.

Грунтты дешифрлеу

Жер бедерінің рельефі формасы бойынша: жазықты, төмпешікті,
грядты, барханды немесе т.б. Жазық құмдар аэросуретте ақшыл түспен жазықты
болып мінезделеді. Құм көбейген сайын түс қоюлана түседі.
Төмпешік құмдар жасыл жабындымен бекітілген. Аэросуретте мозаикалық
түрде сұр түспен немесе ақшыл түспен бейнеленеді.
Грядты құмдар өсімдікпен әбден бекітілген. Аэросуретте күн жарығы
түскен жарлар, көлеңке түскен жарлар кезектесіп келуі жақсы көрінеді.
Бархандық құмдар, өсімдік жамылғысы жоқ, жарты ай формалы болып
келетін құмдар, аэросуреттерден оларды дешифрлеу тура белгілері бойынша
қиынға түспейді.
Тасты жерлер аэросуреттерде түс контрастымен ерекшеленіп, анық
көрінеді. Көбінесе ол ақшыл, бірақ түстері өсімдік жоқтығына, көлеңкенің
түсуіне, құрамындағы тау жыныстарына байланысты. Тастық үгілмелі, сазды
және қиыршық топырақты жамылғыда тура дешифрлік белгілері болмайды, олар
тасты жерлер болып қалады.
Батпақтардың түрлеріаэросуреттерде әр түрлі болып көрінеді. Көбінесе
пландағы формасына тән анық білінбейді, жиегі шеңбер түрінде көрінбеуі
мүмкін. Ағаштардың болмауы аэросуретті жазық және әр түрлі түстегі өсімдік
жабындысы мен батпақтардың ылғалдануы суреттегі түстердің әртүрлілігін
береді.
Батпақтардың кейбір түрлері фотобейнелердегі топтық структура
мінездемесін береді. Грядово –мочажинные батпақтар аэротүсірістерде ирек
жолақты суретпен көрінеді. Көтеріңкі гряды-лар, мочажинами бөлінгендері
кейде орман бөліктері болады. Полигонды батпақтар аэротүсірістерде көпбұрыш
суретінде көрінеді. Қою кей жердегі қара тонды полигондар өте көп
ылғалдылық пен ұсақ көлдердің болуына байланысты. Және құрғақ полигондар
аэротүсірісте ашық болады. Бугристый батпақтар аэротүсірісте ашық түсті
дақты қою қисық сызықты жолақтар бөліп тұрады.

Өсімдік өспейтін тұзды жерлер (солончаки) аэротүсірістерде өте ашық түспен
кей жерлерде сұр дақтармен көрінеді. Тұзды жерлердің шет жағалауында сақина
тәрізді түстің өзгеруі байқалады., ол оның кебуіне байланысты болады.
Аэрофото кескіндегі тұзды жерлердің ашық тісі оның құрғақ жыл мезгіліндегі
тұздың беткі қабатқа жиналуынан көрінеді. Ылғалды кезде тұзды жерлерді қою-
сұр немесе қара түспен суретте көреміз, ол оның ерітіндіге тез айналатынына
байланысты.
Тақырлар, тұзды жерлер сияқты жыл мезгілдеріне байланысты ақ
түстен қою-сұрға дейін суретте өзгереді, көбіне тегіс ашық-сұр түс
кездеседі.

Ауылшаруашылық дешифрлеу

Мемлекеттік жер есебіне жататын обьектілер мен контурлардың
мінездемелерінің анықталуын және олардың аэротүсірісте орналасқан орнын
табу - ауылшаруашылық дешифрлеудің міндеті болып табылады. Ауылшаруашылық
дешифрлеудің контурлары мен обьектілерге мыналар жатады: жерді пайдалану
шекарасы, пашнялар (таза, кептірілген, күтімі жоғары), залежи (таза,
бұтақтармен өсіп кеткен, орманы бар, батпақты); шөп шабу (жақсартылған,
батпақты); жайылымдық жерлер (таза, жақсартылған, орман өскіндерімен немесе
бұтақтар өсіп кеткен, батпақты); бақтар, жүзім бақтары; ауылшаруашылығында
қолданылмайтын, көп қолданылмайтын (құмдар, т.б) бедер формалары (жарлар,
қорғандар); топографиялық дешифрлеудің кейбір обьектілері (ауылдық елді-
мекен пунктары, жолдар, гидрография).
Ауылшаруашылық дешифрлеудің ішіндегі ауылшаруашылық мәдениетінің
жеке түрлерін тану – дешифрлеудің міндетіне жатпайды. Оны аэротүсіріспен
аэрофотоматериалдардың мерзімін таңдау кезінде байқауға болады. Алдын-ала
зерттеу негізінде, аэронегативтегі кейбір ауылшаруашылық контурларының
оптикалық бейнесінің тығыздығы пайда болды. Бұл жағдайда аумақта өте төмен
контраст беретін 7 контур құрылымы таңдалды.
Ауылшаруашылыққа қажетті аэротүсірістерді дешифрлеудің басты
әдісі – далалық дешифрлеу болып табылады. Бірақ дешифрлеу арқылы
аэротүсірістегі контурлардың жақсы бейнелеуін - жергілікті жердің
түсірісінің басты белгілерін жақсы білетін, тәжірбиелі дешифрлеуші ғана
іске асыра алады. Камералдық дешифрлеуде ауылшаруашылық контурларын танудың
басты дешифрлік белгілері:аэрофотобейненің сызықтық (нақты немесе басқа)
тондық құрылымы,тоны және түсі болып табылады. Көп жағдайда дешифрлеу -1:
25 000, 1: 10 000 және одан да жоғары масштабтағы фотопландарда орындалады.

Дешифрлеу кезінде ауылшаруашылық контурларды танудың
микрофотометриялық әдісін пайдалану – зерттеу стадиясына кіреді.Батыс
Сібірдің орман жазықтық шарттары арқылы берілген контурлар (БК) және
микрофотометриялық элементтермен мен топырақтың арасында корреляциялық
қажеттілік пайда болды. Шкала кестесі (БК), мына формуламен анықталады.

Мұндағы А – регистрограмма толқынының амплитудасы;
В –түсіріс осінен қисық регистрограмманың шетіне дейінгі арақашықтық
П – аэрофотобейненің 10 балдық шкаласымен бағаланантын топырақ түрі.
Формулада көрсетілген регистрограмманы көлемі мен тондық шкала
бойынша топырақ балын есептеу арқылы, БК шкаласы бойынша ауылшаруашылық
контурдың атауын анықтауға болады. Зерттеу бойынша берілген әдіс арқылы
контурды анықтаудың орташа квадраттық қателігі – 6 % құрайды.
Дешифрлеуші міндетті түрде планда дешифрлеу кезіндегі факт
жағдайын көрсетуі қажет.
Қазіргі уақытта координат бойынша жерді пайдалану шекарасын
фотопланға енгізу практикаға еніп отыр. Осы мақсатпен жерді пайдаланудың
шекарасының жеке пунктері геодезиялық байланыстың тірек пунктеріне қатысты
болады және тірек геодезиялық байланыстық координаттар жүйесіне жерді
пайдалану координаттарын жүйесіне жерді пайдалану координаттарын қайта
есептеу енгізіледі.

Елді-мекенді дешифрлеу.

1:10 000-1:25 000 масштабтағы аэротүсірістерді анықтау қиындық
тудырмайды. Ғимараттар басқа обьектілерге қарағанда дұрыс орналасуымен және
мінездемелік формасымен ерекшелінеді. Бірақ материалды анықтауда сенімді
болу үшін басқа елді-мекен туралы мәлімет жинауда, ережеге сай натурлық
зерттеу қажет. Сондықтан елді-мекендер далалық әдіспен дешифрленеді.
Дешифрлеу процесінде топогроф көшеден кейін көшені айналып,
аэрофотокесікінді натурамен салыстырып, ситуацияны белгілейді және қысқа
жазумен түсіндірмелерді жазады. Практикада дешифрлеу қорытындысын жасаудың
әр түрлі тәсілі бар. Мысалы фотопланды қолданғанда елді-мекеннің
аэрокескініне карандашпен барлық шартты белгілерді белгілейді. Өте қатты
тығыз жерлерге оригинал алаңынан выноска жасайды. Дешифрлеудің қай
тәсіліндеде журналға абристі сурет салу керек.
Топографиялық дешифрлеуде маңызды талаптар:
- планировка мінездемесі және әр түрлі бөліктегі құрылыс тығыздығын
көзбен қарау
- басты көшелерді көрсетіп, көше белгілерін нақты сызу.
- Ориентар болатын ғимарат пен үймереттерді дәл көрсету
- Елді-мекендерді ішкі құрылысымен жасыл жабындысымен нақты кескіндеу.
Елді-мекен структурасы ұсақ масштабты аэротүсірістерде жақсы оқылады.
Топографикалық дешифрлеуде структурасына байланысты мыналарды көрсетеді:
кварталды планировкамен қала типінің құрылысын; кварталды және жартылай
кварталды немесе реттік планировка мен дачалық және аулдық типтегі
құрылысын; жүйесі және тәртіптелген құрылысын. Бұлардың әрбіреуінде
аэротүсірісте жақсы оқылатын өзіндік ерекшеліктері бар. Көшені дешифрлеу
қиындық туғызбайды. Олар ғимарат ретімен немесе забормен ерекшелінеді. Одан
басқа, өтетін бөліктері ашық және басқа да түспен белгіленеді.
Елді-мекенді дешифрлеуде ірі масштабтағы аэротүсірістерде үй
шатырларының күнмен шағылған бөлігі, шатырдың өз көлеңкесімен құрылыстың
көлеңкесі ескеру керек. Ғимаратты сызғанда олардың түскен көлеңкесін қосып
сызуға болмайды. Бұл қателік болмауы үшін аэротүсірісті стереоскопиялық
қарап алу қажет.
Екінші қателік бұл көп қабатты үйлердің шартты белгісінің ауысуы, яғни
биік ғимараттардың (зауыт трубасы және тағы басқалар) белгілеудегі қателік.
Аэротүсіріс шетіндегі бұл обьектілер орталық проекциялау қасиеті бойынша
перспективалық кескінге ие: олардың жоғарғы бөліктері салыстырмалы
фундаментке қарағанда жылжыған дешифрлеу матриалдарында биік обьектілер
қатаң түрде сол жерде жазылуы керек. Ол үшін обьектінің көрінетін жақтарын
сызады. Одан кейін ғимарат бұрышының бір жағынан паралельді сызықты қарама-
қарсы көрінетін жаққа жүргізеді. Алынған сызбаны басқа бұрышпен қосады.
Осымен дешифрленетін ғимараттың барлық контурын алады.

Жолдарды дешифрлеу.

1:10 000- 1: 15 000 масштабта темір жолдар мен онымен байланысты
обьектілерді анықтау қиындық туғызбайды. Аэротүсірісте жолдың жолақтары мен
жердің құрылымы жақсы көрінеді. Орман, аңыз және жасыл жабындымен өткен жол
жолақтары аэротүсірісте тегіс сұр түсті болады. Көбіне темір жолдар тіке
бір түзу бойымен созылады, ал бұрылыстары доғаланған болады. Бұрылыстардың
жоқтығы, және көп сайлар мен төмпешіктер болуы оны шосселық жолдан тез
айыруға көмектеседі. Одан басқа, темір жолдың жанында орналасқан
станциялар, казармалар, будкалар да көмектеседі. Темір жолды дешифрлеуде
көп көмектесетін ірі масштабтағы жол профилінің көлденеңдігі де бар.
Автожолдар аэротүсірісте дешифрлеу белгілеріне байланысты класстарға
бөлінеді. Автожолдардың темір жолдан айырмашылығы бұрылыстардың көптігі,
көтеріңкі және төмен жерлердің кездесуі. Бірақ автожолдарда төбешіктер мен
ойлар аз, ал жолақ ені кіші. Аэрожолдарға жанынан басқа жолдарда өтеді.
Автострадалар аэротүсірістерде мына ерекшеліктермен көзге түседі:
енінің үлкендігі, бөлу жолақтары бар, жол тораптары мен съезд жолдардың
орналасуы. Аэротүсірістерде жақсартылған шоссені жай жолдан камералды
жағдайда айыру көп жағдайда мүмкін емес. Гравиялық көпірлік шоссе
аэрокескінде өте ашық түспен, ал олардың шекарасы жақсы көрінеді. Қара
шоссе қою түспен, машина жүретін жері өте қою болады. Шоссені материал
жабындысын аэрофотокескінде білу мүмкін емес. Барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фотограмметрияда қолданылатын түсіріс (сурет) түрлері
Файстель шифры
Карта мен пландарды құруда топографиялық дешифрлеу ерекшеліктері
Блоктік шифрлеу
Ақпараттық ресурстар қауіпсіздігі
Аэрофототүсіріс негіздері
Әуеғарыштық суреттерді дешифрлеу
Құпия кілтті алгоритм
Авибарлау және авиасуретке түсіру
Жерді зерделеудің аралық (дистанциялық) әдістері және ғарыштық түсірімдерді дешифрлеудің жалпы қағидалары
Пәндер