Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері



Жоспар:

І.Кіріспе бөлім Ағылшындар мәдениетіне шолу.
ІІ.Негізгі бөлім Ағылшындардың салт.дәстүрлері мен мерекелері:
1.Ағылшындардың салт.дәстүрлері
2.Ағылшындардың ұлттық мерекелері
ІІІ.Қорытынды бөлім Ағылшындардың салт.дәстүрлерінің, мерекелерінің маңыздылығы, ерекшелігі
Ағылшындар мәдениетіне шолу.
Англия (англ. England) - өте мықты, тарихи

Англия- көп ғасырлар бойы сақталған ескі, таңғаларлық және қызықты дәстүрлерге бай ел. Англия Ұлыбританияның 83%-ын құрайды. Англияның астанасы - Лондон қаласы.

Ағылшындықтар өздерінің ағылшын тілінде таза сөйлейтіндерін мақтан тұтады. Кейде өздерін шала ағылшынша сөйлейтін американдықтармен салыстырады. Ағылшындықтар үшін ағылшын тілі- қоғамдық ортада адамдармен қарым- қатынастарда өз пікірін ашық айту тәсілі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Merriam -Webster's ensyclopedia of world Religions (1999).

2.http www hallowen com

3 http www aif ru

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері
Жоспар:

І.Кіріспе бөлім Ағылшындар мәдениетіне шолу.
ІІ.Негізгі бөлім Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері:
1.Ағылшындардың салт-дәстүрлері
2.Ағылшындардың ұлттық мерекелері
ІІІ.Қорытынды бөлім Ағылшындардың салт-дәстүрлерінің, мерекелерінің маңыздылығы, ерекшелігі
Ағылшындар мәдениетіне шолу.

Англия (англ. England) - өте мықты, тарихи

Англия- көп ғасырлар бойы сақталған ескі, таңғаларлық және қызықты дәстүрлерге бай ел. Англия Ұлыбританияның 83%-ын құрайды. Англияның астанасы - Лондон қаласы.

Ағылшындықтар өздерінің ағылшын тілінде таза сөйлейтіндерін мақтан тұтады. Кейде өздерін шала ағылшынша сөйлейтін американдықтармен салыстырады. Ағылшындықтар үшін ағылшын тілі- қоғамдық ортада адамдармен қарым- қатынастарда өз пікірін ашық айту тәсілі.

Ағылшындықтар салты бойынша қарым-қатынас жасап отырған адамның ойын бөлмеу, сөйлесіп отырған адам сөзіне құрметпен қарау керек. Ағылшындықтардан "мүмкін", "маған солай секілді", "мен ойлаймын..." деген сөздерді сөйлесу барысында жиі естиміз. Бұл - сыпайылықтың белгісі.

Ағылшындықтар адамдарды жасының үлкендігіне қарап құрметтеп қана қоймайды.Сонымен бірге адамдардың сезімінің жоғарылығына қарап құрметтейді. Ағылшындар бірін- бірі ұнатып жатса некелесуге асықпай-ақ жай ғана бірге өмір сүріп көреді. Егер осы аралықта бірін- бірі жете танып, түсінісіп жатса некелерін уақыты келгенде қидырады. Ал түсініспеушіліктер болып жатса екіге бөлініп кете береді. Мұның нәтижесі ажырасып кетуден, сәтсіз отбасы атамнудан сақтанатындығы екен.
Ағылшындардың салт-дәстүрлері

Англия ұлттық дәстүрге, әсіресе ұлттық киімдерге бай ел. Ағылшындардың ең танымал киімі- ауылдық жерлерде жаз мезгілінде билейтін моррис атты би киімі. Бұл киімді тігудің кейбір ерекшеліктер бар. Негізінен бұл би жерге қатысты магиялық белгімен байланысты.

Ағылшындықтар "Ескі- демек сенімді. Ескі сөзі күмәнсіздікті білдіреді. Жаңа ой- күдікті, жаңа технология- сенімсіз." деп есептейді.Ағылшындардың неше мың жыл бұрынғы салт-дәстүрлері әлі күнге дейін сақталған. Оның дәлелі ағылшындықтар әлі күнге дейін тойды ескі дәстүр бойынша өткізеді.

Некенің алдында атастыру (яғни уәделесу) көптеген елдерде орындалады. Англияда атастыру рәсімі алдында күйеу жігіт пен келінге әр түрлі сынақтар жүргізіледі.Атап айтар болсақ, жігіт қыз айтқан, қалаған нәрсенің барлығын орындайды. Ал келін болса бір қолымен ескі сандықтың қақпағын ұстау қажет.

Ағылшындықтарда тағы бір қызықты мынандай салт-дәстүр бар. Тойға келіннің 10 құрбысы мен күйеу жігіттің 10 құрдасы міндетті түрде күйеу жігіт пен қалыңдық киімін киіп шығады. Яғни ағылшындықтардың діни- сенімі бойынша, жаман ниетті жын шайтан 10 жұп ішінен нағыз күйеу жігіт пен қалыңдықты таба алмайды және өз жаман ниетін жүзеге асыра алмайды екен. ХVІІ ғасырда тойларда қалыңдық әртүрлі түстердегі киімді киетін болған. Ал Англия ханшайымы Виктория алғаш рет тойға ақ көйлек киген. Содан бастап ақ көйлек кию дәстүрлі түрде жалғасқан. Ақ көйлек пәктікті, тазалықты білдіреді.
Қалыңдыққа орындауға тиісті міндеттер:

- Қандай бағада болса да қарызға алынған нәрсенің өтемі тойдан кейін міндетті түрде қайтарылуы тиіс.

- Дәстүр бойынша қалыңдыққа сыйланатын сыйлық жаңа болу қажет. Ол жаңа отбасының жаңаша бақытын білдіреді.

-Жаңа түскен келіннің үстінде көгілдір түсті бірнәрсе болуы қажет.Көгілдір түс риясыздықты білдіреді.

Ағылшындықтар мамыр айы - нағыз отау құруға ыңғайлы, қолайлы, жайлы ай деп есептейді. Осы айда отау құрған екі жас бақытты, ғұмырлары ұзақ болады деп сенген.

Ағылшындықтар шай ішуді, әсіресе сүт қосып ішкенді жақсы көреді.Ағылшындықтар үшін шай ішу "тек қана ішіп алып, жұмысқа жүгіру" емес. Оларда шайды ерекше ниетпен ішу ертеректен бері бар. Шайды ішіп отырып армандарын, болған жақсы жәйттарды еске алып, ерекше көңілмен ішеді екен. Ағылшындарда тіпті шай ішу дәстүр болып табылады.

Ағылшындарда ең көне әрі қоғамдық дәстүрі"чаепитие"(қазақша баламасы- шай ішу) деп аталады. Бұл дәстүр ерекше құрметпен орындалады, шығыс елдерінен кем емес. Бұл жақта үнді шайы мен қытайдың ұсақ дәрежедегі шайы көп қолданылады. Ал өздерінен шығатын өте ерекше аралас шайды жолға шыққанда, таза ауаға, серуенге шыққанда өздерімен алып шығады. Шайды таңғы аста, жұмыста, үйге келген кезде ішеді, бірақ кешкі астан кейін шай ішуге болмайды.

Ағылшындықтардың үйдің жанына бау-бақша отырғызуы да олардың тағы бір ерекше дәстүрі болып табылады. Ол кезде ағылшындықтар аула ішін өте әдемі, өте таза, әртүрлі көкөніс, гүлзарлармен безендіру де олардың өте жақсы дәстүрі болып келеді. Тіпті талапқа сай өте әдемі бау- бақшалар конкурсы да болып тұрады. Конкурста жеңген жеңімпаз өзін өте таза, ұлттық салт-дәстүрді өте қатты сыйлайтын ағылшынмын деп есептейді.

Ағылшындарға тән тағы бір ерекше дәстүр- өз балаларына өте жақсы, сіңімді білім беру. Ағылшындар балаларын көбінесе ақшалы оқуға, әсіресе қыздарды бір бөлек, ер балаларды бір бөлек оқытатын мектептерге беруді жөн санайды(балалдың білімді болғаны дұрыс деп есептейді).

Ағылшындар дәстүрі бойынша, түскі асқа ерекше киім кию міндетті емес. Күндізгі киіп жүрген киімімен жүре беруіне болады. Мыс, джинсы, футболка, т.б.

Ағылшындарда хан отбасы қатысуымен болатын тағы бір дәстүр бар.Бұл дәстүр 1605 жылдан бастау алады.Әдетте бұл дәстүр қазан- қараша айларында өткізіледі.

Одан бөлек тағы бір дәстүрі сонау ХІІІ ғасырдан бері келе жатқан монархиялық қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады. Бұл көбінесе ғибадатханаларда, мешіттерде зейнеткерлерге ақша беру, қиыншылықта өмір сүріп жатқан жандарға қол ұшын берумен басталады. Деректерге сүйенер болсақ, ХІІІ ғасырдың өзінде кароль кедей және ауру жандарға киім мен тамақ берген.
Ағылшындар ұлттық мерекелері

Ағылшындарың ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшындар мен қазақ халқының мерекелері
Ежелгі Үнді діні
Қазақстан және Корея қарым қатынастары
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Біріккен Араб Әмірліктері
Корея халқының мәдениеті, Қазақстанмен қарым - қатынасы
Қазақ халқының мерекелері
Діни мерекелердің рөлі
Дәстүр трансформациясы баспасөзде
Қазақтың діни мерекелері
Пәндер