Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті сәуле әсері



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

ЛАЗЕРЛІ СӘУЛЕЛЕР
• Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері
• Клиникасы
• Емі
• Еңбек ету қабілетінің сараптамасы
• Алдын алу

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕР
• Иондаушы сәулелер тарихы
• Радиоактивтік сипаты
• Радиоактивті заттардың физикалық.биологиялық қасиеттері
• Радиоактивтi сәулелердiң биологиялық әсерi. Биологиялық қорғаныс
• Радиоактивтіліктің кәсіптік қолданылуы
• Сәулелі аурулар кезіндегі жұмыс қабілетінің сараптамасы

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

ХХ ғасырдың екiншi жартысындағы физиканың iрi табыстарының бiрi оптикалық кванттық генератор, немесе басқаша айтқанда лазердiң ойлап табылуы. "Лазер" деген сөз ағылшынның "Light Amplificatoin by Stimulated Emission of Radiation" деген сөйлемiнiң алғашқы әрiптерiнен алынған (LASER). Бұл "мәжбүрленген сәуле шашудың көмегiмен жарықты күшейту" дегендi бiлдiредi. Мәжбүрленген сәуле шығару үрдiсi лазелердiң физикалық негiзi болып табылады.
Атомдардағы электрондардың бiр деңгейден екiншi деңгейге еркiн өткен кездегi сәуле шығаруын өз еркiмен немесе спонтанды сәуле шығару деп атайды. Атомдар бұл жағдайда сәуленi бiр-бiрiнен тәуелсiз шығаратын болғандықтан ол сәуле толқындары когеренттi болмайды.
1916 жылы А.Эйнштейн, атом электрондарының жоғарғы деңгейден төменгi деңгейге өте отырып өзiнен сәуле шығаруы бұл атомға сырттан әсер ететiн электромагниттiк өрiстiң әсерiнен де болу мүмкiндiгiн болжады. Мұндай сәуле шығаруды мәжбүрленген немесе индуцирленген сәуле шығару деп атайды.
Егер сыртқы өрiстiң жиiлiгi қозған атомның өзiндiк жиiлiгiмен сәйкес келсе, онда резонанстық эффекттiң салдарынан мәжбүрленген сәуле шығарудың ықтималдылығы күрт өседi. Яғни, жиiлiгi қозған атомның өзiндiк жиiлiгiмен дәл келетiн фотон осы атомның электронымен әсерлескен кезде ол атом қозған күйден төменгi энергетикалық күйге өтедi де бiр фотонның қасында жиiлiгi тура сондай екiншi фотон пайда болады. Бұл үрдiс бұдан әрi басқа атомдармен де қайталанып тасқынды түрде өтедi де жарық күрт күшейедi. Бұл жөнiнде мына жерден қарап көруге болады.

7.5 - сурет
Әдетте жарық зат арқылы өткен кезде заттағы негiзгi күйде тұрған атомдар жарықты жұтады да, қозған атомдар өзiнен мәжбүрленген сәуле шығарады. Сондықтан жарық зат арқылы өткен кезде күшею үшiн заттағы атомдардың тең жартысынан көбi қозған күйде болуы тиiс. Заттардың мұндай күйi - деңгейлерi инверсиялы қоныстанған күй деп аталады (inversio – латынша «төңкерiлген» деген ұғымды бiлдiредi). Атомдар әдетте қозған күйде өте аз, 10-9 – 10-7 с уақыт ғана болатындықтан деңгейлерi инверсиялы қоныстанған күйлердi алу оңай шаруа емес. Бiрақ кейбiр атомдардың қозған күйде ұзақ, шамамен 10-3 с бола алатын күйлерi болады. Ондай күйлердi метатұрақты күйлер деп атайды. Осындай метатұрақты күйлерi бар заттарды жарықты күшейтуге қолданады. Алғашқы лазерлер ретiнде рубиннiң кристаллдары пайдаланылды. Ондағы атомдарды қоздыру үшiн рубин бiлiктi сыртынан импульстi түрде жұмыс iстейтiн, спираль шаммен орады. Шам жарқ етiп жанған кездегi шыққан энергияны рубин атомдары жұтып, метатұрақты күйлерге өтедi. Атомдарды бұлай қоздыру оларды үрлеу деп аталады. Бүкiл қозған атомдардың сәуле шығаруы бар болғаны 10-8 – 10-10 с уақытқа созылады. Осы кездегi жарық сәулесiнiң қуаты өте үлкен 109 Вт-қа дейiн жетуi мүмкiн. Бұл үлкен электростанциялардың қуатынан да үлкен.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
қарағанды Мемлекеттік медицина университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті сәуле әсері

Қарағанды 2009

Орындаған: Махметов Б.топ102 ЖМФ

Тексерген:
Бражанова А.К.

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Лазерлі сәулелер
• Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері
• Клиникасы
• Емі
• Еңбек ету қабілетінің сараптамасы
• Алдын алу

Иондаушы сәулелер

• Иондаушы сәулелер тарихы
• Радиоактивтік сипаты
• Радиоактивті заттардың физикалық-биологиялық қасиеттері
• Радиоактивтi сәулелердiң биологиялық әсерi. Биологиялық қорғаныс
• Радиоактивтіліктің кәсіптік қолданылуы
• Сәулелі аурулар кезіндегі жұмыс қабілетінің сараптамасы
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

ХХ ғасырдың екiншi жартысындағы физиканың iрi табыстарының бiрi оптикалық
кванттық генератор, немесе басқаша айтқанда лазердiң ойлап табылуы. "Лазер"
деген сөз ағылшынның "Light Amplificatoin by Stimulated Emission of
Radiation" деген сөйлемiнiң алғашқы әрiптерiнен алынған (LASER). Бұл
"мәжбүрленген сәуле шашудың көмегiмен жарықты күшейту" дегендi бiлдiредi.
Мәжбүрленген сәуле шығару үрдiсi лазелердiң физикалық негiзi болып
табылады.
Атомдардағы электрондардың бiр деңгейден екiншi деңгейге еркiн өткен
кездегi сәуле шығаруын өз еркiмен немесе спонтанды сәуле шығару деп атайды.
Атомдар бұл жағдайда сәуленi бiр-бiрiнен тәуелсiз шығаратын болғандықтан ол
сәуле толқындары когеренттi болмайды.
1916 жылы А.Эйнштейн, атом электрондарының жоғарғы деңгейден төменгi
деңгейге өте отырып өзiнен сәуле шығаруы бұл атомға сырттан әсер ететiн
электромагниттiк өрiстiң әсерiнен де болу мүмкiндiгiн болжады. Мұндай сәуле
шығаруды мәжбүрленген немесе индуцирленген сәуле шығару деп атайды.
Егер сыртқы өрiстiң жиiлiгi қозған атомның өзiндiк жиiлiгiмен сәйкес келсе,
онда резонанстық эффекттiң салдарынан мәжбүрленген сәуле шығарудың
ықтималдылығы күрт өседi. Яғни, жиiлiгi қозған атомның өзiндiк жиiлiгiмен
дәл келетiн фотон осы атомның электронымен әсерлескен кезде ол атом қозған
күйден төменгi энергетикалық күйге өтедi де бiр фотонның қасында жиiлiгi
тура сондай екiншi фотон пайда болады. Бұл үрдiс бұдан әрi басқа атомдармен
де қайталанып тасқынды түрде өтедi де жарық күрт күшейедi. Бұл жөнiнде мына
жерден қарап көруге болады.

7.5 - сурет

Әдетте жарық зат арқылы өткен кезде заттағы негiзгi күйде тұрған атомдар
жарықты жұтады да, қозған атомдар өзiнен мәжбүрленген сәуле шығарады.
Сондықтан жарық зат арқылы өткен кезде күшею үшiн заттағы атомдардың тең
жартысынан көбi қозған күйде болуы тиiс. Заттардың мұндай күйi - деңгейлерi
инверсиялы қоныстанған күй деп аталады (inversio – латынша төңкерiлген
деген ұғымды бiлдiредi). Атомдар әдетте қозған күйде өте аз, 10-9 – 10-7 с
уақыт ғана болатындықтан деңгейлерi инверсиялы қоныстанған күйлердi алу
оңай шаруа емес. Бiрақ кейбiр атомдардың қозған күйде ұзақ, шамамен 10-3 с
бола алатын күйлерi болады. Ондай күйлердi метатұрақты күйлер деп атайды.
Осындай метатұрақты күйлерi бар заттарды жарықты күшейтуге қолданады.
Алғашқы лазерлер ретiнде рубиннiң кристаллдары пайдаланылды. Ондағы
атомдарды қоздыру үшiн рубин бiлiктi сыртынан импульстi түрде жұмыс
iстейтiн, спираль шаммен орады. Шам жарқ етiп жанған кездегi шыққан
энергияны рубин атомдары жұтып, метатұрақты күйлерге өтедi. Атомдарды бұлай
қоздыру оларды үрлеу деп аталады. Бүкiл қозған атомдардың сәуле шығаруы бар
болғаны 10-8 – 10-10 с уақытқа созылады. Осы кездегi жарық сәулесiнiң қуаты
өте үлкен 109 Вт-қа дейiн жетуi мүмкiн. Бұл үлкен электростанциялардың
қуатынан да үлкен.

Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері

Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық
диапазондағы электромагниттік сәулелермен, ол қалыпты жарық көздерінен
монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін
энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен
бөлінуі.
Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде, тіндерде,
тірі жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі сәулелердің арнайы
ерекшеліктеріне жатады.
Лазерлі сәулелердің биосубстраттармен әсерінің нәтижесіне, лазерлі
сәулелердің белгілерінен басқа, сәулелену құрлымының арнайы қасиеттері,
олардың жылу сыйымдылығы және жылуды өткізгіштігі, пигменттер және сумен
қанығуы, олардың механикалық және акустикалық қасиеттеріде белгілі бір
мөлшерде әсер етеді. Тіндердің биологиялық сәулелену қабілеті жұтылған және
нәтижесінде көрінетін энергияның көлеміне байланысты. Лазерлі сәулелер
үшін көрінбейтін ағзадағы тіндер мен клеткалар жоқ. Бірақта жұтылған
лазерлі сәулелердің деңгейінің энергиясы біршама ерекшеленеді.
Пигменттелген тіндер мен жасушаларда көп мөлшерде жұтылу байқалынады. Аққа
қарағанда қара тері энергияны көп жұтады. Лазерлі сәулелер гемоглобин,
меланин, мидың ақ затымен салыстырғанда сұр затында, роговицамен
салыстырғанда нұрлы қабатында белсенді түрде жұтылады.
Биосубстраттармен жұтылған лазерлі сәулелердің энергиясы жылынып,
фотохимиялық процестерге қолданылатын флюоресценциялды ұзын толқын түрінде
бөлініп, электр өтімділіктерін қоздырып, өз кезегінде сәулеленген тіндердің
зақымдануына әкелуі мүмкін.
Лазерлі сәулелердің жылу және термиялық нәтижелері өте жақсы оқылған,
ол әсіресе пигменттелген тіндерде ерекше көрінеді және жұтылған энергияның
көзіне байланысты зақымдалған жердегі заттың бір мезгілде жоғалып кетуіне
немесе әр түрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйікиердің пайда болуына
әкеледі. Лазерлі сәулелердің қысқа уақыттық әсерінен, температураның тез
қалыптасуынан және көптеген биологиялық құрылымдардың аз жылу өтімділігінен
пайда болған күйіктер қоршаған тіндерден өте жақсы шектелінеді, олар
электро тоқтар және найзағай кезіндегі зақымдануларды еске түсіреді.
Термиялық нәтиже қатаң түрде шектелінеді, бірақта зақымдалмаған тері
кезіндегі, сәуленің өту жолы бойынша, зақымдану ошақтары тереңірек
орналасуы мүмкн. Бұл сәуле жолы бойындағы пигменттенулердің деңгейіне
байланысты, және сәулелену нәтижесінің тереңдігіндегі сәуле фокусының
мүмкіндігіне байланысты. Мысалы, көздің әйнекті денесімен лазерлі
сәулелердің фокустануының әсерінен зақымдалған ошақ көздің торлы қабатында
орналасады.
Лазерлі әсердің соққы эффектісі жылу эффектісімен тығыз байланысты,
себебі жылу энергиясы лазерлі сәулелермен бірге бөлініп, сәулеленген
тіндердің көлемді жылуын шақырады, ол қоршаған тіндерге қысым тудырып, оның
деформациясына әкеледі. Тіндердің бөліктерін бір сәтте жоғалтып жіберетін
толқындардың соққылы эффектісінің дамуына аз көңіл аударылады.
Зақымдалған ошақта пайда болған толқындардың соққысы қоршаған
тіндерде алғашында ультрадыбыспен, сосын дыбыспен, және соңында дыбыстан аз
жылдамдықпен таралады. Сондықтан толқындар соққысының эффектісі сәулелену
жерінің аз қашықтығындада анықталуы мүмкін.
Сәулелер толқындарының соққысы өте жоғары биіктерге дейін жетуі
мүмкін (106 атм дейін). Әсіресе жабық қуыстардағы (бас сүйек, көз, кеуде
клеткасы және т.б) толқындардың соққысының әсерінен пайда болған жылу
көлемінің кеңеюі өте қауіпті, егерде осы жағдайларда толқындардың
соққысының әсері будың түзілуімен жүретін болса.
Тіндерде ультрадыбыстардың тарауынан, толқындардың соққысы
кавитацияны тудыруы мүмкін, яғни заттардың бөлшектерінің тез жоғалып
кетуінің нәтижесінен қуыстар түзіледі. Пайда болан қуыс, толқындардың
соққысынан кейін төмендеп, өз кезегінде қосымша компрессорлық толқынды
тудырады.
Лазерлі сәулелердің жылулық және соққылық эффектісінен басқа,
электрлі және магнитті аймақтардағы биообьектілердің өзгерістерін тудырады.
Күшті сәулелердің әсерінен пайда болған электрлік аймақ 107 Всм2 жетуі
мүмкін, ол химиялық байланыстың әлсіреуі мен үзілуіне, бос радикалдардың
түзілуіне, әртүрлі химиялық реакциялардың катализіне жеткілікті болады.
Осыған орай, лазерлі сәулеленудің әсерінен әртүрлі фотоэлектрлік және
фотохимиялық нәтижелер пайда болады.
Лазерлі сәулелер биологиялық обьектілерге күшті әсер етуіне
байланысты, бұндай жағдайлар өндірістердегі техникалық қауіпсіздік
бұзылыстарының күрделі бұзылыстары кезінде кездеседі. Лазерлі құрылыстармен
жұмыс істейтін адамдар ұзақ , созылмалы аз күштіліктегі тура сәулелердің
әсері адам ағзасында әлі күнге дейін оқылмаған. Өндітірсте жұмыс істейтін
адамдарға өндірістік ортадағы бірқатар қолайсыз факторлардың әсері бар:
1. жұмысшылар бірқатар технологиялық операцияларды орындау кезінле
қолдарына тура лазерлі сәулелердің әсер етуі. Сонымен қатар, юстировка
үшін қолданылатын, аз күштіліктегі гелий-неонды лазерлердің әсерінен тура
лазерлі сәулелер жұмысшының көзіне түсуі мүмкін.
2. диффузды көрінетін және жайылмалы лазерлі сәулелер, минималды тура
сәулелену кезінде көру ағзасын тура зақымдау деңгейін жоғарлатады.
3. факел және лампаларды үрлеу кезіндегі жарық светтерден пайда болған
жарық импульстарының жиілігі бір лазеолік құрылымда бір тәулік ішінде
230 000-250 000 жетуі мүмкін.
4. жұмысшылардың кей жағдайларда жартылай немесе толық жарығы жоқ
мекемелерде лазерлі сәулелермен жұмыс істеуілері керек.
5. технологиялық операциялардың бірқатар ерекшеліктеріне байланысты қөру
ағзасына жоғары мөлшерде көру ағзасына күш түсіреді (микроскоптың
көмегімен лазерлі сәулелердің юстировкасы кезінде, микросхемаларды
пайкалау кезінде және бинокулярлы ұлғайғыштардың бақылауымен тастардағы
тесіктерді тігу және т.б).
6. лазерлі құрылымдардың жұмысы кезіндегі тұрақты және импульсті шулар.
7. лазерлі сәулелердің әсерінен жұмыс орындарындағы ауаның ионизациясы
өзгереді, озон, азот қышқылы және металл және қосындыларының
конденсациясының аэрозолдары. Осы заттардың барлығының ауадағы РБК
жоғарлаған кезде адам ағзасына токсикалық әсер етеді.
8. лазермен жұмыс жоғарғы электрлік тоқтың кернеулігімен, тура лазерлі
сәулелердің қауіптілігі және үлкен жауапкершілігіне негізделген, нервтік
эмоционалдық бұзылыстармен жүреді.
Клиникасы
Көз және тері жабындылары лазерлі сәулелердің әсеріне ұшырайтын критикалық
ағзаларға жатады. Бұл жағдайларда көздің зақымдануларының арнайы белгілері
болмайды, ол көздің басқа аурулары түрінде көрінеді. Лазерлі сәулелермен
шыны дененің күйігі катарактаны шақыруы мүмкін, ол туа пайда болған немесе
жасына сай өзгерістер түрінде болады, нұрлы қабаттың күйігі меланоманы
тудырады.
Көздің тура немесе айналы көріністегі сәулелермен сәулелену кезіндегі
зақымданулар ауыспалы қызметтерінің бұзылысчтарымен сипатталуы мүмкін:
қараңғылық адаптациясының бұзылулары, мүйізді қабаттың сезімталдығының
өзгерістері, ауыспалы соқырлық және т.б.
Ауыр жағдайларда лазерлі сәулелердің қарқынды түрде ұзын толқынды
көрінетін жәнеде жақын инфрақызыл спектрлердің көру аймағына түсуі
ауырсынусыз көрудің шектелуімен (скотоманың дамуымен) жүреді. Бұндай
жағдайларда көз түбінде торлы қабаттың ісінуі және әртүрлі деңгейдегі
айқындылықтағы күйіктер, әйнекті денеге және торлы қабатқа қан құйылулар
анықталынады. кейін хориоретиналды күйіктің орнында, әдетте макулярлы
немесе парамакулярлы аймақта көрудің төмендеуімен жүретін тыртық пайда
болады.
Ультрафиолетті лазерлі сәулелер және спектрдің инфрақызыл бөліктері
негізінен оптикалық жүйенің беткей элементтерімен жұтылады: роговицца,
хрусталик, әйнекті дене. Сондықтан ультрафиолетті диапазонда жұмыс істейтін
лазерлер роговицаның ауырсынумен жүретін күйіктерін тудыруы мүмкін, ол
доғалы сваркілеу кезіндегі күйіктерге ұқсайды.
Ұзақ уақыт бойы лазерлі сәулелермен қатынаста болған жұмысшыларда
көру аймағы жағынан әртүрлі органикалық және функционалды бұзылыстар болуы
мүмкін. Қараған кезде науқастар жұмыстың соңында көздерінің шаршауына, көз
алмасындағы тұйық және кесіп ауырсыну жарықты көтере алмау сезімі,
жылағыштық және көздің құрғауы құм құйылғандай, қабақтың ісуі және
ауырлық сезімінің болуына шағымданады.
Көру өткірлігі өзгермейді, бірақ түстерді ажырату босағасы,
қараңғылық адаптациясының ұлғаюы, кейде көру аймағының тарылуы мүмкін.
Лазермен жұмыс істейтін науқастардың көбінде хрусталиктің әртүрлі
қабаттарындағы бірен саран немесе көптеген лайланулар анықталынады. бұлар
арнайы өзгерістерге жатпайды, және көптеген жағдайларда әртүрлі жастағы
топтарда кездеседі. Бірақта аз қарқындылықтағы лазерлі энергияның сүлелі
әсерінен хрусталиктің субкапсулярлы аймағында ұсақ нүктелі немесе сызықты
бұлдыраулар болуы мүмкін, ол хрусталиктің мезгілінен ерте қартаюына
әкеледі.
Тура немесе айналы көріністі лазерлі шоғырлармен адам терісінің
зақымдануларының сипаты әртүрлі болады. Ауыр жағдайларда электр тоғы
кезіндегі электрокоагуляциялық күйіктерді еске түсіретін күйіктер болуы
мүмкін немесе тері жабындыларының жыртылулары және толық бұзылыстары
болады. Жеңіл жағдайларда тері ішілік ферменттердің қызметтерінің
белсенділігінің және терінің электрлік өткізгіштігінің немесе сәулеленеген
жерде жеңіл эритеманың дамуы болады.
Лазермен жұмыс істейтін науқастардағы бұзылыстар көру ағзалары және
тері жабындыларындағы өзгерістермен ғана шектелмейді. Оларда нерв және
жүрек тамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылыстары, бірқатар биохимиялық және
гематологиялық көрсеткіштердің өзгерістері болады. Алайда, лазермен жұмыс
істеген кезде пайда болған ығысулардың барлығын кәсіптік ауруларға
жатқызуға болмайды.
Астениялық және астеновегетативті синдромдар, сонымен қатар
вегетотамырлық дистония лазермен жұмыс істейтін науқастарда жиі кездесетін
клиникалық синдромдарға жатады. Жұмыс стаждарының ұлғаюларына байланысты
науқастарда гипертониялық ауру дамуы мүмкін.
Лазермен жұмыс істейтін жұмысшыларға тән шағымдарға жоғары
шаршағыштық, жалпы әлсіздік, жұмыс күнінің соңында өзін нашар сезіну
жатады. Обьективті бұзылыстарға келетін болсақ, жоғарғы тітіркендіргіштік,
жылағыштық, ұйқысының бұзылуы, басының ауруы және жиі бас айналу, сонымен
қатар жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдер мен сұққылап ауырсынулар болады.
Осы шағымдардың сипаты бойынша, олардың көбі ОНЖ қызметінің бұзылыстарына,
жүрек дистониясына негізделген.
Обьективті неврологиялық симптомдар негізінен сіңір рефлекстерінің
пайда болуымен, қол треморларымен, дермографизмнің тежелуі немесе
күшеюімен, жалпы және жергілікті гипергидрозбен көрінеді.
Лазермен жұмыс істейтіндерде орталық генездің басымдылығымен
вестибулярлы анализаторлардың қызметтерінің бұзылыстары анықталынады. осы
вестибулярлы бұзылыстар әдетте есту ақауларымен қатар тепе теңдіктің
бұзылуларымен және бастың айналуымен сипатталады.
Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары пульс және АҚ тұрақсыздығымен
сипатталады. Жиі аритмия анықталынады, аускультацияда жүрек ұшынан жүрек
тонының тұйықталуы естіледі.
Шеттік қанда эритроциттердің санының күрт жоғарлауы, сирек
ретикулоциттердің жоғарлауы, түсті көрсеткіштермен гемоглобин деңгейлерінің
шамалы төмендеуі, аз мөлшердегі лейкоцитоз анықталынады. стажы жоғары
жұмысшыларды қанның қызыл түйіршіктерінің сандық емес сонымен қатар сапалық
өзгерістеріде байқалады, яғни эритроциттердің диаметрі мен көлемінің
өзгеруі, эритроциттердегі қышқылдық фосфатазасының белсенділігінің
жоғарлауы. Гемостаз жүйесіндегі өзгерістер шамалы тромбоцитопения,
протромбин құрамының төмендеуі, қан ағу уақытының ұзаруы түрінде көрінеді.

Бірқатар ферменттер мен медиаторлардың(холинэстераза, гистамин,
сілтілі фасфатаза, катехоламин) белсенділігінің өзгерістері, белок, май,
көмірсу және минералды алмасулардың айқын ығысулары биохимиялық зерттеулер
кезінде анықталуы мүмкін.
Емі
Аурудың бастапқы кезінде арнайы дәрілік ем қажет емес, ол
ддемалыс және еңбек тәртібін сақтаған кезде қайтады. Айқын көріністер
кезінде науқастар амбулаторлы немесе стационарлық емді қажет етеді.
Симптомды және комплексті ем ағзаның қызметтерін қалыптастыруларға
бағытталған. Дәрілік емді(седативті, транквилизаторлар) бас ауруын немесе
бас айналуын қайтаратын, вегетотамырлық бұзылыстарға негізделген
(галбваниялық жаға, массаж және т.б физиоемдік процедуралармен кезектестіру
керек. Невростениялық синдромдар кезінде сумен жасалынатын физиоемдік
процедуралар нәтижелі (жалпы ванна, душтар). Құрамында витаминдері
жеткілікті жоғары калориялық диета тағайындалады. Ем еңбек және демалыс
тәртіптерімен сәйкес келуі керек.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы
Лазерлі сәуленің әсеріне негізделген патологияларды анықтаған
кезде, дәрігердің іс әрекеті бұзылыстардың айқындылық деңгейімен сипатына
байланысты. Роговицадағы өзгерістер тұрақсыз болады, емнен кейін қайтады.
Хрусталикпен торлы қабаттағы өзгерістер тұрақты динамикалық дәрігерлік
көмекті қажет етеді. Аурудың өршуі кезінде науқасты лазермен жұмысты шегеру
керек. Вегетотамырлық дистония, астениялық, невротикалық синдромдары бар
науқастар дәрігердің динамикалық бақылауында болуы керек. Бұндай
жағдайларда жұмысшыны уақытша жұмыстан босатумен сәйкес ем жүргізіледі.
Егер көру, нерв және жүрек тамыр жүйелеріндегі өзгерістер лазермен жұмыс
істеген кезінде пайда болса және анамнезінде осы ауруды тудыратын басқа
көрсеткіштер болмаса, терең клиникалық тексерулер және кәсіптік аурулар
клиникасында немесе бөлімшеде ем жүргізу керек. Бұндай адамдар дем алу
үйлеріне және профилакторияларға, санаторлы курортты емдеу орындарына
жолдама алу керек.
Алдын-алу
Санаторлы курортты шаралар арасында жұмыс орындарындағы
лазерлі сәулелердің РБД жүйелі түрде бақылануы, сәулелену көзінен сақтану
шараларын жүргізу, автоматты түрде блокировка жасау, лазер шоғырларын
шектеу, дистанционды басқару, сонымен қатар жеке басының қорғанысының
шараларын , яғни арнайы киімдер, көз әйнектер және т.б.
Міндетті түрде алдын ала (жұмысқа орналасқан кезде) және кезеңді (12
айда 1 рет, окулист – 3 айда 1 рет) медициналық қараудан өту, онда
терапевт, невропатолог, окулист қатысады. Медициналық қараулар кезіндегі
сапалы тексерулерге лазерлі сәулелерге сезімтелдығы жоғары ағзаларды
тексеру жатады. Емдеу сауықтыру шаралары медициналық алдын алуларға жатады.
Жұмыс кезінде 10-15 минут арнайы физкультура жаттығуларын жүргізу
ұсынылады. Қыс көктем мезгілдерінде жұмысшыларды витаминмен қамтамасыз ету
керек, витаминмен қамтамасыз ету үшін аэровит препараттын қолданамыз.
Аэровитті 30-60 күн ішінде күніне бірден қолданамыз. Аэровит болмаған
жағдайларда В1 виаминін және аскорбин қышқылын қолданады. Витаминнен бөлек
глютамин қышқылының, аминалон және т.б профилактикалық курстар ұсынылады.
Лазерлі құрылымдармен жұмыс істейтін жұмысшыларда функционалды
бұзылыстардың диапазоны кең болғандықтан ағзаның әртүрлі жүйелерін
қалыптастыруға және белсенділігін арттыруға әсер ететін кең спектрлі
дәрілерді қолданады. Осындай заттар ретінде адаптоген тобының препараттары,
оның ішінде қоршаған ортаның физикалық және химиялық әсерлеріне ағзаның
қарсылығын күшейтетін элеутерококты қолдануға болады. Элеутероккокты
тәулігіне 1 рет 1 ас қасықтан тағайындайды, 1 ай бойы, емдеу курсын 2-3
айдан кейін қайталайды.

Иондаушы сәулелер

Иондаушы сәулелер тарихы.
Өндірістік ортада жаңа гигиеналық фактордың пайда болуы(иондаушы
сәулелер) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті лазерлік сәуле әсерінің механизмі
Жоғары интенсивті лазерлік сәулелердің биологиялық ұлпаларға әсерінің механизмі
Сәуле
Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері
Жануарлардың иондаушы сәулелер әсеріне сезімталдығы
Лазерлердің түрлері
Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті лазерлік сәуле әсері
Радиациялық ластанудың көздері
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Атмосфера. Атмосфераны ластаушы көздер
Пәндер