Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты

Жоспар

Кіріспе . . . 3-4

1 Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
  1. Дүниетанымның мәні, қызметі . . . 5-7

1. 2 Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары . . . 7-10

2 Оқушылар дұниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты

2. 1 Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының зандылықтары

. . . 11-14

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері . . . 14-17

Қорытынды . . . 18-19

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 20

Кіріспе

Курстық . , беру . Солталаптардыңбірі - . Білім - . да қалыптасып, тұрақтанатүседі.

Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам - біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.
«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С. Б. Крымский, Б. М. Кедров. Э. Нысанбаев, А. Қасабеков, М. Орынбеков, Ж. Алтаев, Кішібеков және т. б. ) еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.

Оқушылардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдістері оқушылардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін қазақтың белгілі дидактері И. Нұғыманов, Т. Сабыров және т. б. өз еңбектерінде дәлелдеп отыр. Бұл пікірлер оқытудың басты мақсаты - оқушыларға айқын дүние заңдылықтарын, заттарын, фактілерін таныту деген түсінік береді.

Зерттеу мақсаты: Дүниетанымның теориялық негіздерін, оның бастауыш сынып оқушылары тұлғасының қалыптасуының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістемесін зерттеу.

Зерттеу объектісі: Оқу үрдісінде бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың жолдары.

Зерттеу пәні: Сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру процесі.

Зерттеу міндеттері:

• Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жайында әдебиеттермен танысу, оларға талдау жасау;

• Ұлттық дүниетаным түрлерін айқындау;

• Дүниетаным ұғымының мәнін ашу;

• Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастырудағы мектеп жұмысының негізгі әдістерімен танысу;

• Оқушылардың бойында адамгершілік қасиетін арттыру жолдарын анықтау;

• Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары түрлерін дүниетаныммен байланыстыру.

• Бастауыш сынып оқушысының дүниетанымы қалыптасуының әдіснамалық және психологиялық негіздерін айқындау;

• Жеке тұлғаның дүниетанымдық қалыптасуының жолдары мен тәсілдерін анықтау;

• Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымының қалыптасуын экспериментальдық түрде анықтау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Жеке тұлға теориясы, дүниетаным туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастық теориясы, қазіргі гуманистік тұжырымдар, білім туралы мемлекеттік саясат болып табылады.

1 Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
  1. Дүниетанымның мәні, қызметі

Баланың дүниетанымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады.

Оқушылардың дүниетанымы - қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады.

Оқушылардың дүниетанымы тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды өзгертеді.

Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады.
Көзқарастар - баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары.
Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады.

Сенім - ақиқат екендігіне бала ешқандай күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар.
Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі, басқалардан қорғайды, өз басына төнген қауіптен қорықпайды, басқа балаларды өз соңынан ілестіргісі келеді.
Сенімге сезім әсер етеді. Таным процесінде қуану білімнің ақиқаттығына сену, өз алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат алу сенімнің қалыптасуына ықпал етеді.

Қажымайтын қайрат - дүниетаным құрамындағы маңызды бөлік. Баланың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін оған теориялық білімдерді берумен шектелуге болмайды. Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала өз алдына мақсат қойып, соған жету үшін жігерлене еңбек етеді.

Теориялық ой - дүниетанымның элементі, болмыс туралы білімдерді, құбылыстарды шығармашылықпен, терең түрде ой елегінен өткізе білу, дүниетанымды жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға ұмтылу.

Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер беріп, оны жалған қөзқарастардан арылтады, болмысты тану әдістерімен қаруландырады.

Дүниетаным тәрбиелік қызмет атқарады. Бала өзі келісетін көзқарастары арқылы, адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық сезімдерін шыңдайды. Мұғалімдер оқушыларды адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне керекті батылдықты, табандылықты, ізгілікті, жауапкершілікті тәрбиелеу керек. Осы талапты орындау үшін қоғам және жеке адамдар өміріндегі жақсы тұстарды балаларға әсерлі етіп түсіндірген дұрыс.

Саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, эстетикалық, ғылыми теориялық білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын туғызады.
Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс, қоршаған орта, жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану керектігін дәлелдеп отыр.

Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды дұрыс бағалап, шығармашылықпен жұмыс істейді, құбылыстарды басқа құбылыстармен байланыста қарайды.

Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Бала өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасайды.
Дүниетанымның прогностикалық қызметі арқылы бала қоғамның даму заңдарын қолданып, оған ғылыми, теориялық, тәжірибелік тұрғыдан баға беріп, бүгіні мен болашақты жасау туралы ұсыныстар айтады.
Сонымен, ғылыми дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты - баланың жеке тұлғасының орталығында орналасатын дүниетанымды берік және оған сенетіндей етіп қалыптастыру, сол арқылы қоршаған ортамен дұрыс байланыс жасауға көмектесу.

Осы мақсатқа жету үшін мұғалім оқушының ғылыми көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, ғылыми емес, дәлелдері аз көзқарастарды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек. Ол үшін оқу тәрбие процесінің мүмкіндіктері пайдаланылады.

  1. Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары

Оқушының дүниетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы да, көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, ерік-жігеріне әсер етеді, сезім-сананы бекітуші, ерік-жігерді ынталандырушы. Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен, дүниемен қарым-қатынасынан көрінеді. Сананы, ой мәдениетін, сезімді, қарым-қатынасты бір мезгілде тәрбиелеу және дамыту дүниетанымды қалыптастырады. Баланың санасы, көзқарастары, сенімдерін ең алдымен ғылым негіздері қалыптастырады.

Табиғи - жаратылыстық бағыттағы пәндер табиғат құбылыстарының шын себептерін ашады. Оқушылар түрлі фактілер жинайды, өмірді бақылайды. Заттың бір күйден екіншіге өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ антипол, айна, микро, макро және мегамер дүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми дүниетанымды қалыптастырады. Оқушылар өмірдің дамуындағы сабақтастықты, қартаю, өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда болуын оқиды. Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің, ғылым мен техниканық адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы бар.

Ұлы адамдардың, ірі ғалымдардың өмірі мен қызметі туралы әңгімелер баланың білімі мен тәрбиесіне ықпал етеді. Қоғамдық-гуманитарлық циклдағы пәндер оқушыны қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды дұрыс талдауға үйретеді, жақсылық пен жамандықты көрсетеді, елімізде, шетелдерде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беруге баулиды. Өнер пәндері - әдебиет, бейнелеу өнері, саз, театр, кино оқушының адамгершілік-эстетикалық сезімін тәрбиелейді.

Өнер шығармалары баланың сезімін оятады. Шығармаларды талдау, салыстыру, қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады. Өнердің түрлі салаларында оқушылардың іс-әрекет жасауы дүниетанымның қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Оқушылар өнердің тілімен танысып, тәжірибеде жұмыс істеуге үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді, сондықтан көркем өнерпаздар үйірмесін құру, өнер шығармаларын жасату, шығармалар жаздыру, сахналық қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың дүние туралы ой-әрісін кеңейтіп, көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының дүниетанымының қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелілігінен, диалектикалық ойлауынан байқауға болады.

Дүниетанымды калыптастырудын жолдары мен құралдары . Дүниетанымнын қалыптасуы педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді.

Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай зандары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс - материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс -болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың үздіксіздігі мен үздіктігі; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс - мәнділіктін көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика -таным негізі, ақиқат өлшемі.
Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі сабақтастық, оқу пәндері арасындағы өзара байланыс арқылы жүзеге асады. Оқыту - оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты - оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.
Кез келген аналитикалық-жүйелік іс-әрекеттің нәтижесінде (түсінікте, идеалдарда, теорияларда) білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдері де бар. Бұл танымның әр түрлі жақтары, бірақ бұл процесте ең басты орында білім тұрады. Осының барлығы оқушы бойында білім мен білікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етеді. Ғылыми білім құрылымында екі деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективті болмысты көлемірек, тереңірек және толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.
Оқыту - оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. «Түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен, көмегімен қалыптастыруы қажет. Білім түсініктердің пайда болуы, заңдарды жете түсіну - оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді процесі» (М. Н. Скаткин) .
Оқу оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып табылады.

Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып түрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялык жағдайына сүйенеді.

Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды әлеуметтік, жан-жақты ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжірибесімен қаруландырады. Ол оқушының ішкі жан-дүниесіне, жеке тұлғаның белсенді жасампаздық қажеттілігін дамытады.

2 Оқушылар дұниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты

2. 1 Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының зандылықтары

Оқушылардын ғылыми дүниетанымы тұтас педагогикалық процесте қалыптасады. Дәл осы жерде ғылыми білімдерді меңгеру жүйесі мен оларды тәжірибеде пайдалану, бұрынғы кездегі мәдени мұралармен, қазіргі ғылым негіздерімен оқушыларды қаруландыру құралы болса, дүниетанымдық білімдерді терең сенімге айналдыру оқушылардың іс-әрекет және мінез-құлық принциптеріне айналады, қоғамдық бағыттарын анықтайды, іс-әрекетке дайындығын және өмірлік ұстанымын қалыптастырады.

Маңызды педагогикалық мәселелердің бірі болып оқушылардың дүниетанымын қалыптастырута байланысты оқушылардың сенімдері мен өзіндік көзқарасының заңдылықтарын ашу.

Ғалымдардың көзқарасы бойынша табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдерді меңгеру - ғылыми дүниетанымды қалыптастыру негізінің маңызды шарты болып табылады.

Бірақта табиғат пен қоғам дамуының заңдылығын білу жеткіліксіз. Саналы көзқарас, сенім ойдьщ болмауы адамда формальды түрде деректерді меңгеруге және дүниетанымдық сипатты жалпылауға әкеп соғады. Тек қана білімді «аудару» және өзіндік сезінген тәжірибесін, әр түрлі іс-әрекеттерден қамтылған тұрақты көзқарастарын, негізіне тұлғаның идеялық мақсаты жататын сендіру және идеалынан тұрады. Олардан адам мінез-құлқына бағыттайтын дүниетаным пайда болады.

Білімді аудару тұрақты сендіру, мінез-құлық мотивтері, принциптері болатын, тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың шарты болып табылады.

Педагогтар мен психологтардың зерттеулері бойынша білім оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі, олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны -іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру.
И. Я. Лернер танымдық тапсырмалардың рөлін зерттей келе, оқушылдардың өздігінен жетістіктерге жету жолындағы бағдары және білімді пайдалануы сезінуге жол ашады, яғни білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарынын жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет дейді (түсінік, баға, өлшем) . Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.
Бірақта танымдық тапсырмалардың рөлі ғылыми сенімділіктерді қалыптастыру жолында да өз маңызын жоймайды. Танымдық тапсырмаларды бір мезетте қалыптастыру диагностикасы мен сенімнің тәсілі болып қызмет етеді.

Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе, тұлғаның дүниетаным ұйытқысын құру, ғылыми сенімді қалыптастыру құбылыстарының мәселесін мынындай етіп бөлуге
мәжбүр етеді:

- объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы дүние туралы дүниетаным білімі болуы және оны меңгеру;

- олардың мағынасы мен құндылығын түсіну;

- олардың талаптарынан шығатын міндеттерге, шынайылыққа сенімділік;

- индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын есепке ала отырып, меңгерілген білімді негіздеу;

- құбылыстар мен әлеуметтік фактілерді бағалау және ғылыми талдаудың тәсілдерін меңгеру, білім берудің біліктілігін жаңғырту, адамдардың іс-әрекетін, өмір құбылыстарын, әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да құбылыс фактілерін талдау және бағалау;

- өмірде осы білімдер арқылы басшылық жасай білу ұмтылу;

- белсенді іс-әрекетке субъект ретінде дайындық (шешім қабылдау, іс-әрекет жоспарын жасау және негіздеу, бағалау, қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлеледеу) .

Білімді сенімге айналдыру және дүниетанымды қалыптастыру тұлғаның жалпы бағытта қалыптасуымен яғни іс-әрекет қарым-қатынасының жүйесімен тікелей байланысты. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей баланың жеке тұлғасы оның жүйеде алатын орнымен, жеткілікті адами қарым-қатынаспен, соның ішінде өмірде қойылатын талаптардың дәл сол кездегі психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады.

Дәл осы сәйкестіктен баланың қажеттілігі мен тілегі, мақсаты, ұмтылысы туындайды және сол арқылы жаңа психологиялық сапаларының қозғалыс күші дамиды. Өмірдің шарты оқушы жеке тұлғасының қалыптасуын тікелей анықтамайды, ал оның тәуелділігі сонда, өзара қатынасымыз бен әрекеттерімізде осы шарттармен оқушының өзі болады.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру іс-әрекеті жетістігінің маңызды шарты тәжірибелік іс-әрекеттер мен сенімдер, білім бірлігімен қамтамасыз етілген педагогикалық процесс болып табылады. Бұған тек қана педагогикалық процесте «логикалық тізбені» ойластырғанда және іске асырғанда ғана жетуге болады. Ол жүйелер: танымдық көзқарасы бар білім жүйесі, зерттеліп жатқан фактілерге, құбылыстарға тұлғалық қарым-қатынас, тәжірибеде ойластырылған және алынған жеке іс-әрекеттік жоспардағы білім.

Адамдардың көзқарастары мен сенімдері әрқашан уақытта жеке тәжірибеде ойластырылған. Тәжірибе негізіне сүйене отырып, олар жеке тұлғаның діни әлемін, оның қажеттілігін, сезімін, мінез-құлық мотивін анықтайды, сонымен қатар тек қана оқушылардың танымына, сезіміне, еркіне әсер етеді, бірақ мінез-құлық және іс-әрекет тәжірибесінде оған белгіленген әлеуметтік-мәнділігін анықтауды және жинақтауды ұйымдастырады.

Г. Н. Филонов бойынша тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды төмендегідей қарастырады:

- шынайы дүниені жеке тұлғаның рухани-тәжірибелік тұрғыдан меңгеру негізіндегі іс-әрекетін мойындауы
және оның адам санасындағы адекватты бейнеленуі;

- тұтастықтықтың жеке тұлғаның интеллектуальдық эмоциональды-еріктік және іс-әрекет тәжірибе
саласына әсерін іске асыру;

- жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру жүйесінде тәрбие процесін дараландыру, еңбек және
оқытуда жеке тұлға мен ұжымнын өзара әсерінің органикалық біртұтастығы;

Оқытудың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен тығыз байланысына негізделген іс-әрекет тәжірибе факторының белсенді қызметі оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың міндетті шарты.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде мысалы, оқушының ішкі позициясындағы бұрын қалыптасқан және қалыптасып отырған әрекеттің арасында, оған деген мұғалімнің қойып отырған талабымен және оны орындаудағы дайындық деңгейі арасында қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Өз уакытында пайда болған қарама-қайшылықтың көзін және сипатын ашу керек, тәрбие процесінде оны жеңу жолдарын анықтау - мұғалімнің басты міндеті.

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері

Ғасырлар бойы адамзаттың озық ойлы өкілдерін ойландырған, әлі күнге дейін зерттеулер өзегі болып келе жатқан адам проблемасы - қазіргі күннің де өзекті мәселесі.

Адамдың жеке басының сонау көне заманның ойшылдары да ерекше көңіл аударғандығы белгілі. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасы ретінде Сократтың “Өзіңді - өзің тани біл” немесе ғұлама бабамыз Қожа Ахмет Яссауидың “Өзіңді танығаның хақты танығаның”- деген қанатты сөздерімен қысқаша тұжырымдауларын ескеруге болады.

Қазақтың данышпан ақыны Абайдың негізгі зерттеу объектісі - адам. Сол адамның этикалық, эстетикалық бет пернесі, арман мақсаты, өмірінің мәні мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген. Ол былай дейді:

“Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес

“Мені” мен “менікінің” айырғанын

“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес…. ”

Адам проблемасы, оның дүниетанымы, қоршаған ортамен қарым- қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философиялық негізгі өзегін, басты проблемасын құрайды.

Бүгінгі таңда еліміздің ғалымдары тұлғаның рухани феноменін зерттеуді жалғастыруда.

Педагогика бала дамуына ықпал ететін факторларға: тұқымқуалаушылықты, әлеуметтік ортаны және тәрбиені жатқызады. Оның шіндегі жеке тұлғаны дамытудағы бастысы - тәрбие деп көрсетеді. Д. Локк тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деп, бала жанын ақ тақтаға теңейді.

Қазақ педагогтарының ішінен Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев, Е. Сағындықұлы, С. Қ. Қалиев т. б. оқушылардың дамуы туралы зерттеулерінен нәтиже тапқан. Ғылымда даму туралы шетел зерттеушілері Л. Термен, Э. Геккель, Ф. Мюллер. И. Шванцара елеулі із қалдырды.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда тәрбие мәселесіне мән берген ағартушыларымыздың еңбегі өте көп. Көптеген педагогика оқулықтарында дүниетанымға адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсініп білуін, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау іс-әрекетінің бағытын бейнелейтін көзқарастардың бірыңғай жүйесі деген анықтама беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Қазіргі мектептегі ғылыми дүниетаным
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары. АВТОРЕФЕРАТ
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқушының негіздеріне технологияның талғама жасау
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі күрделі және көп қырлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz