Жүз көлеміндегі сандарды оқыту



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1 Жазуға үйрену үшін жүргізілетін жұмыстары

1.1 Жазуға үйретудің әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.7
1.2 Сауатты жазуға үйрету әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.10

2 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар

2.1 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.18
2.2 Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Математика курсының жүз көлеміндегі сандарды, жазу салыстыру, қосу және азайту, көбейту және бөлу тәсілдерін оқушыларға үйрету.Жүз көлеміндегі сандарды оқу, жазу, жіктеу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірленуін, бірліктер класын қайталап, пысықтау. Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік – дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі. Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Баймұханов Б. Математиканы оқытудағы сабақтастық// Бастауыш мектеп. — 2000 - №1. 25-26 б.
2. Көшкентаева М. Сабақта оқушылардың талдау жасаужәне логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары Білім2001 -№4 7-8 6.
3. Жұмабаева Н. Баланың логикалық ойлауын дамытудыңжолдары // Бастауыш мектеп 2002 - №11 37-44 б.
4. Рақымова Б. Оқушының танымдык әрекетін дамытуБастауыш мектеп 2002 - №10 25-26 6.
5. Ә.Бидосов «Математика оқыту методикасы». Алматы«Мектеп» 1999 ж.
6. М.Ө. Мұсабеков, А.Тұрсынбаева «Есеп шығаруға үйрету»,«Бастауыш мектеп» 2004 ж. 56-6.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жүз көлеміндегі сандарды оқыту
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

1 Жазуға үйрену үшін жүргізілетін жұмыстары

1.1 Жазуға үйретудің әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7
1.2 Сауатты жазуға үйрету әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-10

2 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар

2.1 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-18
2.2 Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21- 22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Математика курсының жүз көлеміндегі сандарды, жазу салыстыру, қосу және азайту, көбейту және бөлу тәсілдерін оқушыларға үйрету.Жүз көлеміндегі сандарды оқу, жазу, жіктеу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірленуін, бірліктер класын қайталап, пысықтау. Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік - дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі. Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1.Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі - жүздікпен таныстыру.
2.ІІІ разрядтың бірлігі ұғымын енгізу. 10-дың санау жүйесінің құрылу
принципін меңгерту (1 жүзд. = 10онд. = 100бірл.).
3.Үш таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету.
4.Үш таңбалы сандар көлемінде цифрлардың орындық мәнін бекіту.
5.Үш таңбалы сандарды нөмірлеу негізінде қосу және азайту біліктерін
қалыптастыру.
6.Үш таңбалы сандарды нөмірлеуден алған білімдерін шамаларды
өрнектеуге қолдануға үйрету.
Курстық жұмыстың міндеттер:
1.Жүз көлеміндегі сандарды оқыту.
2.Сандарды оқу, жазу және салыстыру (сандарды нөмірлеу).
3.100 көлеміндегі сандар нумерациясы.
4.Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі.
5. Сандар нумерациясы тақырыбынаарналган сабақ жоспары.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі. Математиканың бастауыш курсына арифметикалық амалдардың бірқатар қасиеттері енеді. Онымыз-жүз көлеміндегі сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейту мен бөлудің үлестірімділік қасиеті, сондай-ақ мынадай қасиеттері санды қосындыға қосу, санды қосындыдан азайту.
Курстық жұмыстың зерттеу әдiсi. Оқушылардың ғылыми - дүниетанымдық қабілетiн қалыптастыру, логикалық ойлау қабiлетiн дамыту, практикалық дағдылары мен ебдейлiктерiн дамыту және т.б өзектi мәселелердiң iшiнде оқушылардың мектептің жоғарғы сыныптарындағы математика курсына дайындығын жетілдіру.
Курстық жұмыстың болжамы. Егер бастауыш сыныпта оқушыларға жүз көлеміндегі сандарды оқыту материалдарды жетік меңгерте алсақ, онда олардың математикадан бiлiм деңгейi жоғарылайды және т.б пәндердi оқушылардың жетелей түсiнуiне, қазіргі заман талабына сай терең білім алуына ықпал жасайды.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы. Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесін жетілдіруде, бастауыш мұғалiмдерi мен әдiскерлердiң iс - тәжiрiбесiнде қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Жүз көлеміндегі сандарды оқыту
1.1 Сандарды оқу, жазу және салыстыру (сандарды нөмірлеу)
Бастауыш мектеп математикасындағы өзекті ұғымдардың бірі натурал
сан болып табылады. Жалпы алғанда, бұл ұғымды эквиваленттік жиындар
класының сандық сипаттамасы ретінде анықтауға болады. Сондай-ак, натуралсан ұғымы нәрселерді санаумен ғана шектелмейді де, шамаларды өлшеуменбайланыстырылады. Ол реттелген жиын элементі немесе натурал тізбек мүшесіретінде айқындала түседі. Натурал тізбек қасиеттерін карастыруменбайланысты натурал санның мӛлшерлік мәні мен реттік мәні көрсетіледі.Арифметикалық амалдарды оқып үйренген кезде натурал сан жаңа сипатта -оларға қолданылатын объекті ретінде кездеседі. Сан өте ежелгі ұғымдардыңбірі. Әр түрлі халықтарда жазудың пайда болуымен қатар санаудың да белгілібір жүйелері пайда болған.
Санаудың ондық жүйесіндегі сандарды жазу үшін таңба (цифр) қолданылады.Осы цифрдың әрқайсысының өз атаулары бар және олар бір таңбалы теріс емес, бүтін он санының атауларына сәйкес келеді. Цифр ұғымы сандарды жазутаңбасы ретінде енгізіледі. Сан мен цифр ұғымы әр түрлі ұғымдар. Разряд, Класс, Разрядтар мен кластар, бірліктер, Разрядтык сан түсініктері біртіндеп енгізіледі және дами береді, бірте-бірте разрядтар менкластар, олардың атауы, оған байланысты сандардың атауы, жазылуы, оқылуы,олардың ондық құрамы қарастырылады.
Бастауыш мектептерде сандарды оқу, жазу және салыстыруды үйрету
дайындық деп аталатын кезеңдегі оқушылардың игерген белгілі бір деңгейдегібілім қорына негізделеді. Білімнің бұл қоры: заттардың оннан аспайтынтобындағы заттарды реттік және есептік сандардың кӛмегімен санау, соныңнәтижесінде Берілген топта неше сан бар?Әр зат санағанда нешінші? екенін анықтау, екі топтағы заттардың сандарын салыстыру. Онда алдыменоқушылардың мектепке дейінгі тәрбиесінде (жанұяда, балабақшада) алған әралуан мағлұматтарын жинақтау, толықтыру және бір жүйеге келтіру керек болады. Сондықтан алғашқы күннен бастап-ақ әр оқушының математикалықдайындығының нақты деңгейін дәл анықтап алуға ерекше көңіл бөлуге туракеледі. Өкінішке орай, тәжірибеде, көбінесе мұғалім балалардың білім деңгейінтиянақты анықтап алмай, сондай-ақ оқушылардың қарапайым болсын білімбіліктерінің болуы мүмкін екендігін ескермей, нақты мүмкіндіктер жәнежағдайлармен санаспай, математиканы оқыту процесін ұйымдастырудаүстірттікке жол беру жиі кездеседі. Тіпті, кейде оқушыларға белгілі мәселелердітәптіштей қарастырып, олардың қызығушылығын тежейді, сондай-аң ешқандайдайындықсыз, күрделі мәселені оқытуға әзірлік жасамай, балаларға қосымшажүктеме де туғызып алады.Ал мектепке келген әр баланың математикалық дайындың деңгейінтексеріп, біліп алған мұғалім, олардың әркайсысымен жеке-дара қарым-қатынасжасай отырып, олардың бәрінің де жетілуіне және жан-жақты дамуына ықпалжасайды. Өйткені осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижесі дайындықкезеңі материалының мазмұнын және сәйкес іс-әрекетінің түрін, оныұйымдастырудың әдісін айқындауға кӛмектеседі. Осыған орай мұғалім қандайсұрақтарды жалпы сыныппен тиянақты талдау керектігін, ал қандаймәселелерді жекелеген балалармен немесе топпен қарастырылуы тиістігінанықтайды. Сонда ғана оқу процесі әр оқушының өзіндік ерекшелігіне жәнедайындық деңгейіне сәйкес келіп, нәтиженің де сапалы болу негізін қалайды.
Натурал сан қатарындағы тізбектес сандарды салыстыру ең алдымен
жиындарды салыстыруға негізделіп орындалады және мұнда көрнекілікке
сүйеніп, бірінші кезекте балаларға сол жақта бір және оң жақта бірүшбұрыштың суретін салып, сонан соң сол жаққа тағы да бір үшбұрыштың
суретін салу ұсынылады. Суреттердің астына сәйкес цифрлар жазылады. Сонанкейін 2 саны 1 саннан артық, ал 1 саны 2 санынан кем екенін баяндайды.Сондай-ақ, екі бірден үлкен сан, ал бір екіден кіші сан екендігі айтылады.Балалар салыстырудағы (сандарды) мӛлшерлік қатынастарды олардың реттікқатынастарымен байланыстыра отырып, ұғынады. Сонда сандардың кесіндісіноқып үйренгеннен кейін оқушылар мынадай қорытындыға келеді: әрбір келесісанның алдындағыдан біреуі артық, ал әрбір алдыңғы санның келесіден біреуікем, сондықтан сандарды салыстыру олардың натурал қатарындағы орнынанықтауға келтіріледі де, 6 саны 5-тен үлкен, өйткені санағанда 6 саны 5-тенкейін аталады деген түсіндірмелерді басшылыққа алуға болады.Біріншіден, ондық сандарды оқып-үйренгенде, балалар сондай-ақ 0санымен де танысады. Бастауыш курста 0 санына бос жиындар класының сандық сипаты ретінде түсініктеме беріледі. Математиканың бастауышкурсында 0 санын және цифрын енгізу сандар аймағын кеңейтіп, оқушыларды теріс емес бүтін сандарды игеруі үшін ңажетті жағдай жасайды. Ең алдымен 0 -заттардың тобында ешқандай заттың жоқ екенін білдіреді, сонан кейін сызғышбетінде өлшеу басын анықтайтын цифр ретінде қарастырылады. Әрі қарай 2-2,3-3 түріндегі азайтуда енгізіледі. Мұнымыз осы санның мәнісін бос жиындаркласының сандық сипаттамасы ретінде дұрыс талқылауымызға сәйкес. Балаларнәрселер санын, бірде-біреуі қалмағанша, бір-бірлеп кеміту арқылыанықтайтын жаттығулардың бірнешеуін орындайды, (бұтактағы жапырақтар
бірі қалмай түсіп қалады, ұядағы барлық құстар ұшып кетеді, оқушыдәптерлерді үлестіріп береді, т.с.с), сонда шыққан нәтиже 0 санын білдіретінінтүсінеді және оны сәйкес 0 (нөл) цифрмен белгілейді: 1-ден 10-ға дейінгі сандар такырыбын оқу кезінде оқушылар сандардыңцифрлармен таңбаланатындығымен де танысады. Кейде цифрларды (1-9)пайдаланып, сәйкес санды көрсетіп береді, біртіндеп цифрлар арқылы кезкелген санды жазып көрсетуге болатындығын меңгереді. Цифрлар да сандыжазу үшін қолданылатын ерекше математикалық таңбалар екеніне балалардыңназарын аудару қажет. Бұл өте маңызды.
Он көлеміндегі сандар тақырыбын оқытып-үйретудің ең басты міндеті -- сан және цифр жайында түсінік қалыптастыру, осыған орай сандардыңатауларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту,цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру. Сантиметрдің кӛмегімен
кесіндінің ұзындығын өлшеудің нәти жесі ретінде әр санды шығарып алудың
мүмкіндігі қоса қарастырылады.
1.2 100 көлеміндегі сандар нумерациясы
Сонан сон екінші ондық және 100 көлеміндегі сандардың нумерациясы қарастырылады, разряд ұғымы, ондық бөлшектеуге келетін сандарды жазудың позициялық принципі айқындалады, екі таңбалы сандарды қосу және азайту оқылады, жаңадан арифметикалық екі амал; бөлу және көбейту енгізіледі.
100 көлеміндегі сандар 1-2 сыныпта оқылады. 1-сыныпта толықондықтар, жүз, ал 2-сыныпта екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға,салыстыруға үйренеді.
Толық ондықтар. Жүз тақырыбының мазмұны мынадай мәселелерді
қамтиды: бірлікпен санау, бірге арттыру және кеміту, бір таңбалы натурал
сандар қатары; сантиметр мен дециметрдің ара қатынасы жәнедециметрдің көмегімен ұзындықты өлшеу, ондықтармен санау жәнеондықтарды қосу және азайту, толық ондықтардың катары; он жәнеондық, геометриялық фигураларды құрастыру және бөліктерге бөлу,көпбұрыштарды еркін өлшеммен сызу және олардың қабырғаларыныңұзындықтарын өлшеу, геометриялық фигуралардың қиылысуы;математикалық тапсырмалардың мәнді белгілері туралы мағлұмат;есеппен байланысты әр алуан бағыттағы шығармашыл ык, іс-әрекеттер(түрлендіру, құру, өзгерту және т.б.)
Осы уақытқа дейін бір таңбалы сандар катары түзіліп, әр санның санқатарындағы орны анықталып, ең кіші және ең үлкен бір таңбалы сантағайындалған болатын. Енді натурал сандар қатары туралы түсінікқалыптастырылады, яғни таяқша ларды санау барысында 1, 2..., 9сандарын шығарып алып, олардың бір таңбалы натурал сандар депаталатыны баяндалады. Ал тағы бір таяқша қоссаң, барлығы 10 таяқшаболады. Демек, натурал сандардың заттарды санауда қолданылатындығынанғартуға көңіл бөлінеді. Әрі қарай осы түсінік басқа сандардыңмысалында біртіндеп тиянақтала түседі. Таяқшаларды пайдаланубірлікпен санаудың мән-мағынасын ашады, яғни бір таяқшадан біртіндепқосу санды 1-ге арттыру, ал керісінше бір таяқшадан біртіндеп азайтусанды 1-те кеміту болып табылады. Әрі қарай бір таңбалы натурал сандартүсінігі тиянақтала түседі және калыптасады. Бір таңбалы натурал сандаркатары бір-бірімен және оның әрқайсысы нөлмен салыстырылады, сансызғышындағы нӛлдің орны 1 санының сол жағында болу тиістілігінегізделіп беріледі.
10 санын шығарып алудың әр түрлі жолдары бұрыннан белгілі. Ал 10
таяқшаны санап, олардан 1 бума жасау, ондық жайында түсінік береді,яғни 10 таяқшадан тұратын бума бір ондықтың баламасы болыптабылады. Осындай 2 бума алсаң, ол2 ондықты білдіреді т.с.с. Демек, бумаларды пайдалану арқылы толықондықтардың атауы енгізіледі, яғни 2 ондық-жиырма және т.с.с.
Он санын жазып көрсету үшін екі цифр қажет. Осыған ұқсас кезкелген толық ондықты жазу сәйкес екі цифрды таңдап алуменбайланысты, оның сол жақтан бастап санағандағы біріншісі нешеондықтың алынғандығын білдірсе, екіншісі - 0 цифры - толық ондыққұрамында жекелеген бірліктің болмайтынын аңғартады, яғни ондықтыбілдіретін бірліктерінің үстінде басқадай жекелеген бірліктіңболмайтынын көрсетеді. Мысалы: 2 онд.- жиырма санындағы 2 цифрыосы санда неше ондықтың бар екенін, яғни санның барлығы нешебірліктен құралғанын білдіреді, ал 2 ондықта барлығы жиырма бірлік бар,демек, оның үстінде ешқандай жекеленген бірліктің жоқ екенін 0 цифрыкөрсетеді, олай болса, жиырма саны 20 түрінде жазылады және т.с.с.
Он көлеміндегі сандарды шығарып алуда жекелеген бірліктердіпайдаландық. Ал осындай 10 бірлік бір ондықты құрайды. Енді санаудың
бірлігі ретінде ондықты қолданудың толық мүмкіндігі бар.Өйткені,толық ондықтарды санаудың ұқсастығына сүйене отырып, толықондықтардың атауларын және жазылуын енгізуге болады.Сонда бұрыннан белгілі білім пысықталады, қайталанады, тиянақталатүседі және қорытындыланады. Мәселен, 2 (екі) және 1 (бір) десек, онда3 (үш) шығады, ал осыған ұқсас 2 ондық (жиырма) және 1 ондық (он)десек, онда 3 ондық (отыз) шығады.Демек, үйреншікті білім біршама өзгерген жаңа жағдайда қолданылыпотыр.
Ондықтарды қосу және азайтуды орындау ондықтармен санауғакелтірілетіндіктен, осы жағдайларда есептеулер жүргізу 10 көлеміндегікестелік косу мен азайтуға ұқсас орындалады, бұрынғы білім жаңажағдайда қолданылып, біршама қорытындыланады. Мысалы: 30 + 40болғанда 3 онд. + 4 онд. деп қабылдаймыз.Ондықтардың атауларын игеру және оларды жазуға машықтандыру,сандардың аталуын және жазылуын қарастыру барысында оннан асырасанау, әрбір ондықты құру кезінде оның неше бірліктен құралатынын(мәселен 2 ондық, яғни 20 (жиырма), барлығы жиырма жеке бірліктен)ескеру, толық ондықтардың арасындағы сандарды атап шығу немесемәселен 30-ды шығарып алу үшін 2 ондыққа 1 ондықты, яғни 10 жеке
бірлікті косу керектігіне назар аудару және т.б. бағыттардаұйымдастырылатын жұмыстар ондық санау жүйесінің ерекшелігінсипаттайтын білімнің құрамды бӛліктерімен алдын ала таныстырып,күнілгері дайындықты жүзеге асырады. Сондай-ақ ондықтарды жазуілгеріде екі таңбалы сандарды жазуға үйретуге дайындық болыптабылады. Мұнда ылғи да сол жақтан бастап бірінші орынға нөлденөзгеше цифр жазылатыны, толық ондықтардың әрқайсысында бірінші -ондықтар цифры бойынша анықталатын бірліктерден басқадай жекелегенбірліктің болмайтыны және т.б. жайында қорытынды жасалады. Мұныңбәрі ондықтармен санауды, толық ондықтардың атаулары мен жазылуын,оларды қосу мен азайтуды еркін меңгеруге себепші болады және қолайлыжағдай туғызады.
Толық ондықтардың қатары бір таңбалы натурал сандар қатарынаұқсас, осы екі қатардың ұқсастығы және айырмашылығы ажыратылады,ең кіші және ең үлкен толық ондықтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі
Бастауыш сынып оқушыларының математика оқулығы
Сандардың нумерациясын оқыту әдістемесі
Екі теріс санның қосындысы теріс сан
Мың көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Математика оқу пәнінің базалық білім мазмұны тарауларына сипаттама
2 – сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері туралы
2 – сынып математика пәні мазмұн ерекшеліктері
Пәндер