Орфографиялық талдау жасау үлгілері


Орфографиялық талдау жасау үлгілері
Жоспар
Кіріспе . . . 3-4
1Орфография жайлы түсінік 1. 1 Орфография термині, орфографиялық ережелер туралы түсінік . . . 5-71. 2 Бастауыш сынып оқушыларына тілдің орфографиялық нормасын үйрету . . . 7-11
2 Орфографиялық талдау жасау үлгілері
2. 1 Талдаудың түрлері . . . 12-15
2. 2 Орфографиялық талдау . . . 16-17
Қорытынды . . . 18
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 19
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттiк тiлдiң мəртебесiн арттырып, оны қоғамдық - саясиқолданыстағы жоғары сатылы тiл дəрежесiне жеткiзуде бiрiздi жазу емлесiнiң ролi үлкен. Студенттердi сауатты жаза бiлуге, қазақ орфографиясының қазiргiтаңдағы өзектi мəселелерiн дұрыс танып, ғылыми негiзде талдау жасай бiлуге дағдыландыру үшiн практикалық жұмыстарға көбiрек тартудың мəнi зор.
Тiл мəдениетiнiң мəртебесiн айқындайтын көрсеткiштiң бiрi- жазудағы
бiрiздiлiк. Мұның өзi алдымен тiлдiң емле ережесi мен сөздiгiнiң сапасына байланысты. Қазақ жазуы күнi бүгiнге дейiн 1957 жылғы 5 маусымда қабылданған емле - ережелердi пайдаланып келдi. Бұл ережелер 1940 жылы жаңа графикаға көшумен байланысты жасалған емле заңдарының негiзiнде өңделiп, толықтырылып жаңадан түзетiлген болатын. 1988 жылы қазақ орфографиялық сөздiгiнiң 3- шi басылымы жарық көрдi. қазақ тiлi орфографиясының негiзгi ережелерi 9 бөлiмнен тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына орфографиялық талдау үлгілерін оқытуда тиімді әдіс - тәсілдерді анықтау.
Орфографиялық талдау үлгілерін зерттей келе, бастауыш мектепте жазу сабақтарының жаңаша жүргізілу мүмкіндігін қарастыру білім беру саласында өте маңызды, әрі өзекті.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Орфография жайлы түсінік;
2. Орфография терминi, орфографиялық ережелер туралы
түсiнiк;
3. Бастауыш сынып оқушыларына тілдің орфографиялық нормасын үйрету;
4. Орфографиялық талдау жасау үлгілері;
5. Талдаудың түрлері;
6. Орфографиялық талдау;
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі - Бастауыш сыныпта орфографиялық талдаудың маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Курстық жұмыстыңзерттеу нысаны. Бастауыш сыныпта қазақ тілін кезеңін оқыту үдерісі.
Курстық жұмыстыңзерттеу пәні - Бастауыш сыныптағы тіл сабақтары: қазақ тілі, ана тілі.
Курстық жұмысзерттеудің өзімізше ғылыми жаңалығы - Бастауыш мектептің бірінші сыныбына арналған жазу үлгілерін санақ бойынша үйрету кезтесі, жазуға үйрету тарихының классификациялық кестесі, жазуда қолданылатын дидактикалық материалдар түрлері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы - бастауыш мектепте тіл сабағындағы орфографиялық жазуды оқыту, талдау мен жүргізілу мүмкіндіктерін ашып, қолдану жолдарын білімгер өзі әдістерін құру арқылы ұсынады.
Зерттеудің теориялық мәні - орфографиялық талдаудың жалпы даму тарихына, жазуды зерттеген әдіскерлер, еңбектеріне шолу жасалынды.
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері - оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ - синтез, бақылау - байқау т. б. зерттеу әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және лингвистикалық әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу; бірінші сыныпта сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту үрдісін бақылау; бүгінгі күнге дейінгі және қолданыстағы «Әліппе» оқулықтарын, топтамалар мен кешендерді талдау.
Зерттеудің өміршеңдігі - орфографиялық талдауды, жазуды байланыстыра жүргізген, сауатты да жан - жақты болып дами алады.
Курстық жұмысының құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымша және әдебиеттер тізімінен қосымшадан тұрады.
1 Орфография жайлы түсінік
1. 1 Орфография терминi, орфографиялық ережелер туралы
түсiнiк
Гректiң orthographia, orthos - «дұрыс» жəне grapho - «жазамын» мағынасындағы сөзiнен шыққан орфография терминi лингвистикада «тарихи қалыптасқан жазу жүйесi» жəне «бiркелкi жазуды қамтамасыз ететiн ережелер жүйесiн жасайтын жəне зерттейтiн тiл бiлiмiнiң саласы» деген мағынада қолданылады. Орфография тiлдiң белгiлi бiр даму кезеңiндегi жазба тiлдiңнормаларын айқындайды, оның негiзгi бөлiмi дыбыстарды əрiппен белгiлеу мəселесiмен айналысады. Дыбыс пен əрiп тiл бiлiмiндегi бiр- бiрiмен тығыз байланысты əр екi басқа ғылымдар деуге болады. Себебi:
дыбыс ауызша тiлдiң материалы, əрiп - жазба тiлдiң материалы. Ауызша тiл-
алғашқы да, жазбаша тiл- кейiн қалыптасқан, адамзат ой- өрiсi, мəдениетi дамуының жемiсi. Əуелде жазбаша тiл ауызша тiлдi таңбалау үшiн ойлап табылған ауызша тiлдiң қызметшiсi болса, қазiргi кезде жазбаша сөйлеу, ойды жазбаша жеткiзу басымдыққа ие болып, ауызша айту жазуға
бағынатындай күйге жеттi. Дыбыстық жазу сөйлеу дыбыстарын дəл бейнелей алмайтындықтан, сөйлеудiң жазбаша формасы мен ауызша формасы үнемi сəйкесе бермейдi. Жазуды белгiлi бiр жүйеге салып отыру үшiн орфография үлкенқызмет атқарады.
Əрбiр тiлдiң өзiнде қалыптасқан жазу емлесi бар. Емле белгiлi бiрорфографиялық ұстанымдарға бағындырылады. Қазақ орфографиясында морфологиялың - фонематикалық жəне фонетикалық, сондай- ақ дəстүрлi ұстанымдар негiзге алынады. Морфологиялық - фонематикалық ұстаным бойынша дыбыстардың сөз iшiндегi жəне сөз арасындағы бiр-бiрiне тигiзетiн
əсерлерi ескерiлмей негiзгi фонемалық мəнi сақталып жазылады немесе сөз
түбiрiнiң бастапқы қалпы сақталады.
Қазақ орфографиясында морфологиялыј ұстаным мынадай орындарда
көрiнiс бередi:
1. Түбiр мен қосымша арасында қатар келген екi дыбыстыңбiр-бiрiне ықпалы ескерiлмей, сөздiң түбiрi сақталып жазылады. Мысалы, сөз+шең- сөшшөң, жұмыс + шы- жұмұшшы, аш+са- ашша, iш+се_ -iшше_, iз+шiл - iшшiл, ашан+ғы - ашаңғы, түн+гi- түңгү .
2. Сөз аралығында /бiрiккен, тiркескен, қос сөздерде/ қатар келген екi
дыбыстың əсерi ескерiлмейдi, түбiрi сақталады. Мысалы, жанбағыс -
жамбағыс, ешкiөлмес-ешкөлмес, алмакезек-алмагезек, жанияр- жаңғиярт. б.
Фонетикалың ұстанымда сөз iшiндегi, сөз аралығындағы дыбыстардың
бiр-бiрiне əсерi басымдық танытады, сөз айтылуынша/ естiлуiнше/ жазылады.
Мысалы, кiтап- кiтабы, тарақ-тарағы,
Фонетикалық ұстанымның көрiнетiн тұстары:
1. Қазақ тiлiндегi сөздерге 4 түрлi жалғау, жұрнақтардың көпшiлiгi
сөздiң соңғы буынындағы дыбыстардың жуан- жiңiшкелiгiне орай жуан не
жiңiшке жалғанады: бала-лар-дың, ұй-лер-iмiз-ге, адам-дық, көп-шiлiк т. б.
2. Қатаң п, к, қ дыбыстарынан аяқталған сөздерге дауыссыздан басталғанқосымша жалғанғанда қатаң дыбыстар ұяң естiледi. /айтылады/: қонақ-қонағы, парақ-парағы, бөлiк- бөлiгi, талап-талабы.
3. Қазақ тiлiнде п дыбысынан аяқталған етiстiктерге көсемшенiң - ып,
-iп жұрнағы жалғанғанда қос П дыбысы қатар айтылмай немесе алдыңғысы ұяңдамай, түбiрдегi П дыбысы үндi У дыбысына айналып кетедi жəне сол өзгеруiнше жазылады: кеп+iп - кеуiп, жап+ып - жауып, шап+ып -шауып.
4. Бiрқатар бiрiккен сөздер əр компонентiнiң түбiр тұлғасын сақтамай,
естiлуiнше жазылады: белбеу, олғабыс, олап, б_гiн . (1963 жылғы Орфографиялық сөздiкте мұндай сөздердiң жазылуын дəстүрлi принцип деп
көрсеткен) . Бґл тəрiздi фонетикалық принциппен жазылатын бiрiккен сөздердiң санаулы екенi, олардың орфографиялық сөздiкте берiлетiнi Р. Сыздықованың «Анықтағышында» ескертiледi.
5. Орыс тiлiнен ертеректе енiп дыбысталу жағынан өзгерiп кеткенбiрқатар сөздер фонетикалық принциппен қазақша айтылуынша жазылады:самаурын, бəтеңке, шүген, божы, болыс, шəйнек т. б. (аталған сөздiкте дəстүрлi принципке жатқызылған) .
6. Араб, парсы тiлдерiнен енген сөздер қазајқ тiлiнiң қарай өзгерген күйiнде, айтылуынша жазылады: əдiл /адл/,
пайда /файда/, апар /эхбар/, аыр /ахир/, айран /хэйран/, ате/хəта/, д_ние
/д_нииа/, нəпсi /нафс/, _сиет /уасииəт/, ауа /%ауа/, əлек /%əлек/, маза /мəзiх/.
Дəстүрлi ұстанымның қазақ тiл орфографиясындағы көрiнiсi ретiнде
1963 жылғы Орфографиялық сөздiкте «естiлуiнше жазылып қалыптасқан белбеу, түрегел, ашудаз, əнəугүнi, алдыңгүнi, бүгiн, бүрсiгүнi, алаңғасар т. б.
сөздерiнiң, араб, парсы, орыс тiлдерiне енiп, қазақ тiлiнiң фонетикалық құрылымына ыңғайланып, айтылу бойынша жазылып қалыптасқан, аыл, саясат, тəлiм, кəмпит, кəрзе_ке, самаурын т. б. тəрiздi сөздердiң жазылуы»
жатқызылып, оқулықтарда да солай түсiндiрiлiп келсе, кейiнгi оқулық, анықтағыштарда /3, 4, 5/. жоғарыда аталып өткен белбеу, ашудас, самаурын,
тəлiм т. б. сөздердiң жазылу емлесi фонетикалыј ұстанымға, ал орыс, араб,
парсы сөздерiнiң төл тiлдерiндегi бастапқы орфограммасын сақтай жазылуы
дəстүрлi ұстанымға жатқызылып жүр. /Мысалы , колхоз, алгебра, жи&ан ,
а&арман т. б. /
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларына тілдің орфографиялық нормасын үйрету
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу - қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыны птан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.
Бастауыш сынып оқушыларына орфографияны игерту тілді оқыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асады. Бағдарламада қазақ әліпбиіне қатысты мәселелерді шешуде әліппеге дейінгі кезеңнің, әліппеден кейінгі кезеңнің талаптары анық көрсетілген. Талдап көрсеткенде, бастапқы кезеңде төмендегі білім-білік дағдысына көңіл бөлінеді:
-дыбыстарды әріппен белгілеу, яғни, бас әріп пен кіші әріптердің баспа және жазба түрлерін біртіндеп енгізу және оларды меңгерту;
- бас әріп пен кіші әріптерді дұрыс каллиграфиялық тұрғыда жазу, оларды бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазу.
Ал, екінші кезеңде дыбыс және жұп дауыстылар, буын, әліпби туралы түсінік беру, жазу тәсілдерін (мәтінді көшіріп жазу, естуі бойынша жазу) жетілдіру; орфографиялық және пунктуациялық дұрыс жазу сауаттылығын қалыптастыру ескеріледі. Сондай-ақ кейбір дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар түрлерінің емлесіне мән беріледі.
Типтік бағдарлама бойынша 1-4 сынып аралығында бастауыш сынып оқушылары фонетика саласынан игеруге тиісті білім мазмұны нақты көрсетіледі. Атап айтар болсақ, 1-сыныпта ескерілетін мәселелер:
· бас әріп және кіші әріптің кескінімен танысу;
· әріп элементтерін жазу; бас және кіші әріптерді жазу;
· бас және кіші әріптер элементтерін өзара дұрыс байланыстырудың негізгі түрлері (төменгі) қол үзбей және үзіп қосу;
· бас және кіші әріптерді жұмыс жолына сәйкес жазу;
· 5-6 сөзді орфоэпия нормасын сақтай отырып, айту бойынша жазу;
· -4 сөйлемді (2-3 сөзден құралған) айту бойынша жазу;
· адам аты мен фамилиясын, үй жануарларының аттарын бас әріппен жазу;
· сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазу.
2-сыныпта фонетика тарауын игертуге 26 сағат бөлінеді. Бұл сыныпта ескерілетін мәселелер:
· У әрпінің емлесі, осы дыбыстың дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке болып келуі;
· И дыбысының емлесі, оның жуан, жіңішке болатыны;
· дауыссыз й, оның емлесі;
· Я, Ю әрпінің жазылуы;
· дауыссыз дыбыстардың түрлері және Б, П, Л, Р, Н, Ң дыбыстары, олардың емлесі.
3-сыныпта фонетика тарауын игертуге 12 сағат бөлінеді. Бұл сыныпта ескерілетін мәселелер:
· Э, в, ф, ц дыбыстары мен әріптері, жазылу емлесі;
· Ч, щ дыбыстары мен әріптері, жазылуы;
· Х, һ дыбыстары, олардың айтылу ерекшеліктері. Х, һ әріптерінің емлесі.
4-сыныпта фонетика тарауын игертуге 6 сағат бөлінеді. Бұл сыныпта ескерілетін мәселелер:
· дыбыс және әріп бойынша берілген ұғымды еске түсіру;
· буын үндестігі туралы түсінік;
· дыбыс үндестігі туралы қарапайым түсінік;
· сөздерге түбір сөздің соңғы буынына қарай қосымшаларды дұрыс жалғау;
· жалпы сауатты жазу мәселесі
Орфографияны игерту барысында мұғалімнің көмегімен фонетика тарауы бойынша жоғарыда көрсетілген білім мазмұнын меңгерген оқушылардың білім-білік дағдыларына төмендегі талаптар қойылады.
· әліпби әріптерін айыра білу, дыбыс пен әріптің дұрыс атауын білу;
· кісі аттары мен үй жануарлары және жер-су аттарының, сөйлемнің бірінші
· сөзінің бас әріппен жазылуын, сөйлемдегі әрбір сөздің бөлек жазылуын білу;
· сөз, сөйлемнің шегін тауып, сөзді буынға бөле білу және тасымалдап жаза алу;
· кіші, бас әріп элементтерін жазу, оларды каллиграфия нормасына сақтай отырып, бір-бірімен байланыстырады;
· жазуда орфографиялық және пунктуациялық ережелерді қолданады;
· баспа әріптермен берілген мәтінді көшіріп жазады (10 белгіден кем емес) ;
· сөздің дыбыстық және дыбыстық-әріптік сызбасын көрсете алады;
· сөздегі дауысты, дауыссыздарды ажыратады;
· өтілген орфографиялық нормаларға сай қатесіз жазады.
Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы - бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі талаптар қойылады, және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:
· әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
· әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу;
· әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;
· әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру, бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Жазудың түрлеріне қарай оқушыға қойылатын талап та түрліше. Фонетикалық жазу тілдің дыбыстық жағын дұрыс түсініп, дыбыс пен әріптің ара жігін ажырата білуді, соның негізінде дұрыс жазуды талап етеді. Морфологиялық жазу сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп, сөз құрамын аңғаруды, түбір мен қосымшаның, күрделі сөздердің ережелерін түсініп, дұрыс жазуды талап етеді. Мұғалім тарапынан әрқашан жазуға қажетті тиімді деген тәсілдер ескеріледі. Олар оқушыға түсіндіріліп отырады:
· жазу құралын дұрыс пайдалана алу;
· дәптерді дұрыс орналастыру және жазу кезінде оны жылжытып отыру;
· сабақ кезінде дұрыс отыру;
· жазу кезінде қолды жол бойымен дұрыс қозғай білу .
Десек те, мұғалім алдында тұрған басты міндет оқушыны орфографиялық нормаға сәйкес дұрыс жазуға үйрету болғандықтан, уақыты мен білгенін аямай, осы жұмыстың нәтижесін көргенше, аянбай тер төгу қажет. Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұрған міндет өте ауыр. Оқу жоспарына сай бағдарламаны меңгерту ғана емес, сауаттылық мәселесін тиісінше шешу арқылы ғана өзінің ұстаздық борышын адал атқара алады деуге болады. Осы орайда мұғалімге көмекші болатын әдіс-тәсілдер сан алуан. Атап айтқанда:
· түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.
· сөздікпен жұмыс істету.
· тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;
· сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру
Орфография туралы сөз қозғағанда мектеп шеңберінде ғана емес, үлкендер үшін қиындық тудыратын бір мәселе алдымыздан шығады. Ол «Ң» әрпінің емлесіне байланысты. Менің ойымша, осы әріпті дұрыс айтып, дұрыс жазуды оқушы бастауышта игермесе, орта буынға келгенде игеріп кетуі екіталай. Ол туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жиі айтады. «Ң» әрпін меңгерту барысында орындалар жаттығулар аз емес.
2 Орфографиялық талдау жасау үлгілері
2. 1 Талдаудың түрлері
Жазба жұмыстарыныңтағы бір түріне талдау жұмыстары жатады. Методика тарихында талдау әдісін ғылыми дәрежеге көтерген педагог - К. Д. Ушинский. Көп жылдық тәжірибелеріне сүйене отырып, талдау әдістерінің құндылығы мен тиімділігін дәлелдеді. Талдау әдістерінің материалы- дидактикалық материалдар. Олар: 1) теориялық материалдар, (тақырыптың термині, анықтамасы, ережелері, өзіндік ерекшеліктері) ; 2) практикалық (сөздер, сөйлемдер, мәтіндер-фразалар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер) .
Қазақ тілі бойынша талдаудың мынандай түрлері бар:
1) фонетикалық талдау; 2) лексикалық талдау; 3) морфологиялық талдау; 4) синтаксистік талдау, 5) орфографиялық талдау т. б.
Фонетикалық талдауға келетін болсақ, мазмұнына қарайекіге бөлінеді: 1) дыбыс жүйесі бойыншаталдау . Бұған мына тақырыптар кіреді: тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыс пен әріп, дауысты дыбыстардыңеріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай жіктелуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстар
2) үндестік заңы бойынша талдау . Оған кіретін материалдар: буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ілгерінді, кейінді ықпалдар.
Фонетикалық талдау көлеміне қарайда екіге бөлінеді: 1) толық немесе жалпы талдау. Фонетиканың белгілі әрі күрделі тақырыптарынан соң, яғни бағдарлама материалдарын толық өтіп болғаннан кейін тақырыптарды қайталау кезінде, не оқушылар білімін есепке алу үстінде іске асырылады; 2) Тақырыптық немесе жеке талдау. Бұл талдау жұмыстары жаңа материалдарды түсіндіру мен бекіту, дағдыландыру жұмысы кезінде жүзеге асырылады.
Фонетикалық талдау орындалу тәсіліне қарай да екі топқа жіктеледі: 1) ауызша талдау; 2) жазбаша талдау. Ауызша талдау көбінесе жеңіл материал кезінде сыныпта орындалса, ал жазбаша талдау күрделі, көлемді материалдарды үйде талдауда пайдаланылады. Фонетикалық талдау әдісі мынандай құрылымдық элементтерден тұрады: а) фонетикалық талдау жүргізбес бұрын сөйлем таңдалады, сонан соң сөйлем тақтаға немесе дәптерге жазылады, талданатын сөздің асты сызылады; ә) асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасалады (қанша әріп, қанша дыбыс бары анықталады, дауыссыз, дауысты дыбыстар жіктеледі, буынға бөлінеді, буын үндестігі, дыбыс үндестігі анықталады, түбір мен қосымша жігіндегіілгерінді, кейінді ықпалдартабылады, екпін қойылады) .
Қазақ тілі бойынша талдау мынандай орындарда қолданылады:
1) жаңа материалды түсіндіру процесінде; 2) материалды бекіту кезінде; 3) оқушылардың өздік жұмыстарында; 4) үй тапсырмаларын орындауда; 5) оқушылар білімін есепке алуда; 6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде пайдаланылады.
Талдаудың тәсілдері қазақ тілін оқытуда өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, сынып оқушыларының білімін бекітіп, ой-өрісін кеңейтеді. Талдауды белсенді жүргізуде карточкалы дәптер бойынша жұмыс істеу тиімді. Карточкалы дәптер оқушыларды ұқыптылыққа баулып, келешекте ғылыми жұмыспен шұғылдануына жол сілтейді. Ана тілінен алған теориялық білімін мысалдар арқылы талдау процесінде нақтылап, өз пікірін дәлелдеуге үйренеді. Бұндай жұмыстар оқушыларды өздік жұмысқа дағдыландырса, екіншіден олардың сөздік қорын молайтып, көру мен есту, есте сақтау қабілетін күшейтеді.
Карточкалы дәптерде талдаудың тәсілі - сатылы басқыштар бойынша талдау. Ол жеңілден ауырға қарай талдау принципі бойынша жүргізіледі. Бұл талдауды зерттеп, айналымға енгізген ғалым Е. Исабаев [5, 112] .
Мысалы, 1-карточкаДауысты дыбыстар
Ғылым таппай, мақтанба
ғы-лым
ы: т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ- қысаң, е. қ. қ. - езулік.
2-карточка Дауысты дыбыстар
Орын таппай, баптанба
О-рын, тап-пай, бап-тан-ба
о: т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. -еріндік.
ы: т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ- қысаң, е. қ. қ. - езулік.
а: т. қ. қ. -жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. - езулі
3-карточка Дауысты дыбыстар
Құмарланып шаттанба
а б а б б б а- буындар
Құ-мар-ла-нып шат-тан-ба
ұ: т. қ. қ. -жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. - еріндік
а: т. қ. қ. -жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. - езулік
ы: т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ- қысаң, е. қ. қ. - езулік
4-карточка Дауыссыз дыбыстар, дауысты дыбыстар
Ойнап босқа күлуге
Т б б а а а а- буындар
Ой-нап бос-қа кү-лу-ге
[О] - т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. - еріндік
[Й] - үнді дауыссыз
[Н] - үнді дауыссыз
[А] - т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. - езулік
[П] - қатаң дауыссыз
Қазақ тілі бойынша даяр материалды талдау әдісі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz