Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1 Жазу және тіл дамыту
1.1 Жазу жұмыстарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.7
1.2 Жазу үшін қажетті жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.8

2 Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
2.1 Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ...9.11
2.2 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11.17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың кергішіне) тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3 см қашықтық ұстап түзу отыру керек.
Екі иық кеуде мен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, столға көкірегін тіреп отырса, дәптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, бірте-бірте алыстағыны көре алмайтын болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ш.Әуелбаева. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемесі. Алматы, 1987.
2. Н.Әміриев. Ойдың көрінісі.// Қазақ тілі мен әдебиеті, 1999, № 5 – 6.
3. Н.Кенжебекова. Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. // Бастауыш мектеп, 2005, №8.
4. Ұ.Бейсенбиева. Сауатты жазуға үйрету.// Бастауыш сыныпта оқыту,2005,№2 .
5. Ғ.Абашыкова. Сауат ашу. // Бастауыш мектеп, 2004, № 11.
6. Ә. Хасенов. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау. Алматы, 1986.
7. Д.Бірімжанова. Сауат ашу. // Бастауыш мектеп,2004, №5.
8. Ғ.Тұрманбекова. Әліппе сабағы. // Бастауыш мектеп, 2004, № 7.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

1 Жазу және тіл дамыту
1.1 Жазу жұмыстарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-7
1.2 Жазу үшін қажетті жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-8

2 Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
2.1 Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ...9-11
2.2 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18- 19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың кергішіне) тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3 см қашықтық ұстап түзу отыру керек.
Екі иық кеуде мен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, столға көкірегін тіреп отырса, дәптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, бірте-бірте алыстағыны көре алмайтын болады.
Дәптерге жарық стол жақтан түсіп, қолы жазуды көлеңкелемейтін болсын. Екі қол шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын. Дәптерді сол қолмен ұстап, жазу төмен түске сайын жоғары жылжытып отыру керек. Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің дәл орта тұсында болу керек. Дәптер де оқушының көкірегіндегі дәл ортасында жатсын. Әйтпесе басты оңға я солға қисайту немесе дәптерге көздің қиығымен қарауға тура келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты.Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты - балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.
Бұл жұмыстардың мақсаты - балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат - балаларды шапшаң жазуға үйрету. Өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы болады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы.
2) Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығу.
3) Әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы.
4) Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элементтерінің, сондай-ақ қисық, түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы.
5) Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес, дұрыс жазылуы.
6) Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.
Зерттеу обьектісі - Бастауыш сыныпта сауат ашу барысында жазудың маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Зерттеу пәні - Бастауыш сыныптағы тіл сабақтары: қазақ тілі, ана тілі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - Бастауыш мектептің бірінші сыныбына арналған жазу үлгілерін санақ бойынша үйрету кезтесі, жазуға үйрету тарихының классификациялық кестес, көркем жазуда қолданылатын дидактикалық материалдар түрлері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы - бастауыш мектепте тіл сабағындағы жазуды оқыту мен жүргізілу мүмкіндіктерін ашып, қолдану жолдарын білімгер өзі әдістерін құру арқылы ұсынады.
Зерттеудің теориялық мәні - жазудың жалпы даму тарихына, жазуды зерттеген әдіскерлер, гигиенистердің, физиологтардың еңбектеріне шолу жасалынды.
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері - оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ - синтез, бақылау - байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым.
Зерттеудің өміршеңдігі - оқу мен жазуды байланыстыра жүргізген жеке тұлға, сауатты да жан - жақты болып дами алады.
Курстық жұмысының құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,қосымша және әдебиеттер тізімінен қосымшадан тұрады

1 Жазу және тіл дамыту
1.1 Жазу жұмыстарының түрлері
Жазу дағдысының психологиялық негізгі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең - идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.
Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген. Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.
Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика - дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса солай таңбалануы. Ал орфографиялық тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.
Алфавит пен графиканы меңгеру - оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталды.
Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ; ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы реніші т.б.с.с. бәрі сөз арқылы жеткізіледі; жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын қажет етеді т.с.с.
Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әр бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады.
Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал, кейін әріп бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, одан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады.
Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет - сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады.
Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.с.с.) оны дұрыс қолдану жатады.
Оқушы ереже бойынша саналы түрде, түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра түседі.
Бір орфографиялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі қағидасы - морфологиялық қағида, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас-шы, башшы емес), сөз шекарасында да (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақталып жазылады.
Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педогог т.б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б, дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педогогке, клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.
Қазақ тілінде фонетикалық қағидаға сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т.б. Кейде көнерген біріккен сөздер дәстүрлі қағидамен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т.б.
Қысқасы, жазуға үйрету әдістемесі тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.
1.2 Жазу үшін қажетті жағдайлар
Жазуға үйрену тілдің ерекшелігіне қарай, әр түрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік талдауды шебер жүргізуді, дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра білуді талап етеді; мофологиялық жазуда сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп, ережелерді үйрену басым болады. Ал орыс тілінен енген (армия, октябрят, монтер, шофер, шкаф т.б.) және жазылуы қалыптасып кеткен бірқатар сөздердің (қарындаш, картоп, бәтеңке, шәйнек т.б.) жазылуын оқушылар есте ұстап, ол сөздерді сөздіктен қарап, тауып жазуға үйренеді немесе жаттығуға арқылы бірте-бірте дұрыс жаза алатын болады.
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары:
1.Жазылатын сөздердің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің, сөйлемінің, мәтіннің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырған жөн.
2. Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұхият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе жазып ал, тыңда, зейін аудар, т.б.
Жіберілген қателермен жұмыс жасау: жазғаныңды тексер, түзет, қайта жаз, осыған ұқсас мысал ойлан, т.б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулу.
3. Сөйлем мен сөздің талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, неге? сұрағын көбірек қою.
4. Сөйлеу әрекетінің бірден-бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық-әріптік талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығулары мен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп өткізу.
5. Грамматикалық жаттығуларды сөздік орфографиялық жаттығулармен кезектестіру.
Орфографиялық дағдыға төселуіне қарай, ереженің оқушы үшін мәні өзгереді. Мысалы, алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла бастайды. Оқушы жазуға дағдыланған кезде оған ереженің мүлде қажеті бола қоймайды.
Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.

2 Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
2.1 Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
а)әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;
б)әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45) жазу;
в)әріптердің, сондай-ақ сөздердің, арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;
г)бірте-біртежазуқарқынынтездететү су.
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;
б)балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей,
бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға,я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;
в)партағакөкіректітіремеукерек. Өйткенібұлтыныстытарылтадыжаңаөсіпк ележатқанкеуденібұзады;
г)қаламдыұстағандасаусаққаламұштанү шсантиметрдейжоғары тұратындайболыпжәнеқаламныңжоғарғыж ақұшы оңиықтыңтұсынадәлкелетіндейжағдайда болғаны жөн;
д)жазғандабаланыңкөзі мен дәптераралығындағықашықтық 25 -- 30 см сақталуғатиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш -- бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба танбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.
Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтыру керек. Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйренулері қажет.
Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс: материалдың тәртіппен өтіліп, жазуға берілетін мәтін алдын ала таңдалады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолдары көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі. Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі.
Жазу сабағы шамамен мынандай жоспар бойынша жүргізіледі:
1. Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.
2. Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін сөзді, фразаны тақтаға жазады, оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайына қарап, бақылап отырады.
3. Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан- ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кірістіреді.
4. Мұғалім партаны аралап жүріп жазу процесін бақылайды.
5. Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателіктері айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін орфографиялық танымның әсіресе алғашқы басқышы ерекше рөл атқарады. Олар сан алуан сөздермен олардың формаларының әсерінен аз да болса білім, тәжірибе жинақтайды. Кейбір сөздерді дұрыс жазу дәрежесіне жетеді. Бірақ неге олай жазғанын әлі айтып бере алмайды. Мұндай құбылысты кейде орфографиялық сезім деп те атап жүр. Кейінірек грамматикалық білім алғанда мұндай, орфографиялық құбылыстарды саналы түрде түсініп, сауатты жазуға дағдыланады.
2.2 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Орфографиялық ережелерді түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдардың арасында қандай айырмашылық бар? пен қайсысында бөлек, қайсысында бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Сауат ашу кезеңіндегі оқыту типтері
Әліппеден кейінгі кезең
Әріптерден сөз жасау
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау
Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процесі
Сауат ашу теориясы
Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Пәндер