Паразит. Паразиттің өмірге адаптациялану типтері



ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Паразитология
2. Паразиттің өмірге адаптациялану типтері
3. Медициналық паразитологияның негізі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.
Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар. Мысалы, қарапайымдардан споровиктер, жалпақ құрттардан трематодалар, моногенеялар, цестодалар, жәндіктердің ішінде бүргелер мен биттер, т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әбілаев С. А. Қуандықов Е. Ө. Төлебаев Р. К. “Медициналық биология және генетика” Шымкент 1996 ж
2. Қазымбет П. К. Аманжолова Л. Л. Нуртаева Қ. “ Медициналық биология” Алматы 2000 ж
3. www.google.kz. www.yandex.kz/

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

Кафедра: Биохимия, биология және микробиология

СӨЖ
Тақырыбы: Паразит. Паразиттің өмірге адаптациялану типтері

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Шымкент 2014ж.

ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Паразитология
2. Паразиттің өмірге адаптациялану типтері
3. Медициналық паразитологияның негізі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:
Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің
(паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде
пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.
Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі
органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп аталады.
Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да,
жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана
тұратын кластар мен отрядтар бар. Мысалы, қарапайымдардан споровиктер,
жалпақ құрттардан трематодалар, моногенеялар, цестодалар, жәндіктердің
ішінде бүргелер мен биттер, т.б.

Паразитология- паразитизм құбылысын, паразиттер биологиясын,
экологиясын және олардың тудыратын ауруларын паразиттермен күрес шараларын
зерттейтін кешенді биологиялық ғылым.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер арасында омела (лат. vіscum) және сұңғыла
(лат. orobanche) туыстарын айтуға болады. Жалпы бір организмде паразиттің
бірнеше түрі тіршілік етеді, олар әр түрлі органдар мен тіндерде
(ұлпаларда) орнығады да, өзгеше қауымдастық — паразитоценоз құрады.
Паразиттің даму сатысының бір кезеңі иесі организмінде (мысалы, тек
қоректену кезінде) өтетін болса, оны уақытша паразитизм деп, ал дамуының
көпшілік уақыты иесі организмінде өтетін болса тұрақты паразитизм деп
атайды.
Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп
бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік — тіршілік ету жағдайына байланысты
оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т.б.) жойылса,
керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т.б.) күрделілене
түседі. Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес,
бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері — адам мен
анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері — адам
мен ит, т.б.
Паразитизм өсімдіктер арасында да кең тараған. Бірақ мүк,
қырыққұлақтәрізділер, жалаңаш тұқымдылар арасында паразитизм кездеспейді.
Паразитизмнің табиғаттағы организмдер популяциясын реттеуде және сұрыптау
процесінде маңызы болғанымен, адам денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге
өте көп зиян келтіреді. Паразитизм мәселелерін биология, медицина,
ветеринария, агрономия, паразитология, вирусология, т.б. ғылым салалары
зерттейді;
Паразитология ғылымы Қазақстанда 1925 жылдан бастап дамып келеді.
Алматыда мал дәрігерлік - бактерологиялық институты құрылып, 1926 жылы
оның құрамында гельминтология, 1935 жылы протозоология бөлімі
ұйымдастырылды.
Паразиттер:
✓ Нағыз паразиттер
✓ Жалған паразиттер
✓ Уақытша паразиттер
✓ Тұрақты паразиттер
Нағыз паразиттер - иесінің денесі мен едеуір уақыт бойына
байланысқан. Бұл жағдайда паразиттік тіршілік ету тарихи қалыптасқан және
түрдің ерекше белгісі болып саналады
Жалған паразиттер дегеніміз – еркін тіршілік ететін түрдің кейбір
өкілдері кездейсоқ басқа бір түрдің дарасына еніп оның қалыпты тіршілігін
бұзуы. Мысалы, шыбындар дернәсілдерінің адам ішегіне енуі.
Уақытша паразиттер – ( қан сорғыш буынаяқтылар) - өздерінің өмірінің
шамалы ғана уақытының иесінің денесінде өткізеді, ал қалған уақытта еркін
тіршілік етеді.
Тұрақты паразиттер – салыстырмалы тұрақты және шартты тұрақты
паразиттер болып бөлінеді. Салыстырмалы тұрақты паразиттер иесінің
денесінде өзінің даму циклінің бір – ақ кезеңін өткізеді, ал қалған
кезеңдерінде еркін тіршілік етеді.
Шартты тұрақты паразиттер – өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде
өткізеді; олар еркін, яғни қожайын денесінен тыс, тіршілік ете алмайды.
Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді ЭКТОПАРАЗИТТЕР және
ЭНДОПАРАЗИТТЕР деп бөледі.
Эктопаразиттер – иесінің дене жамылғысының сыртында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түраралық қарым - қатынастар
Экология. Паразитология ғылым ретінде. Медициналық паразитология. Анықтамасы. Қарапайымдылардың медицинадағы рөлі
Өсімдік иммунитетінің маңызы мен мақсаты
Өсімдік ауруы туралы түсінік
Қазақстан суқоймаларындағы (балқаш көлі, алакөл көлдеріндегі) балықтардың гельминтоз ауруларын зерттеу
Таспа құрттар
Популяциялар экологиясы туралы
Микроэкологияның негіздері.Микробтық паразиттің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің дамуы
Паразитизм, оның таралуы және пайда болуы
Трематодтар
Пәндер