Азаматтардың құқықтық субъектілігі, құқықтық қабілеттілігі, тұрғылықты жері, есімі және әрекет қабілеттілігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Азаматтың құқықтық субъектілері.

2. Азаматтардың құқықтық қабілеттері.

3. Азаматтардың тұрғылықты жері.

4. Азаматтардың есімі.

5. Азаматтардың әрекет қабілеттілік ұғымы.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады. Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтақ құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.

Негізгі бөлім

  1. Азаматтың құқықтық субъектілері.

Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ, оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады.

  1. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары.

1. Бұларға жеке-жеке тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасының азаматтарына он сегіз жасқа Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар.

2. Азаматтығы жоқ азаматтар.

Азаматтық алмаған азаматтар.

3. Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ. Яғни Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз.

аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасалып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.

3. Азаматтардың тұрғылықты жері.

Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.

Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.

4. Азаматтардың есімі.

Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады.

Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншек ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін.

Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс.

Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды.

Азамат өзінің болышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді.

Есімін өзгерткен азамат өзінің бұрынғы есіміне ресімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы.

Басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді.

Азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.

Азаматтың есімін заңсыз пайдалану нәтижесінде оған келтірілген зиян осы Кодекстің ережелеріне сәйкес өтелуге тиіс.

5. Азаматтардың әрекет қабілеттілік ұғымы.

Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.

Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың азаматтық құқықтық субъектілігі: түрлері, құқықтық және әрекет қабілеттілігі, тұрғылықты жері мен есімі
Азаматтардың азаматтық-құқықтық субъектілігі: құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі және қорғаншылық
Азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі: қорғаншылық пен қамқоршылықтың құқықтары мен міндеттері, азаматтың есімі мен тұрғылықты жері
Азаматтардың құқықтық және әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың азаматтық құқық субъектілігі: құқық қабілеттілігі, негізгі белгілері және құқықтық мәртебесі
Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі: құқықтық негіздері және шектеулері
Азаматтың құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі
Азаматтық құқық субъектілігі: жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі
Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі: есім, тұрғылықты жер және қорғаншылық мәселелері
Кәмелетке толмағандар мен әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz