Несие жүйесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Несиелік саясат және оның элементтері . . . 5
1. 2 Несиенің қызметтері және оның экономикадағы ролі . . . 7
1. 3 Несиелеуді ұйымдастыру принципі және несиенің формалары мен түрлері . . . 8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ
ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесінің қазіргі . . . 13
жағдайы және эволюциясы
2. 2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң несиелік қызметін талдау . . . 19
3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметінің тиімділігін тереңдету мәселелері . . . 22
3. 2 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің келешек даму перспективалары . . . 25
Қорытынды . . . 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 33
КІРІСПЕ
Қазіргі нарық жағдайында несиелік жүйені мемлекеттік реттеудің маңызы зор, өйткені несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттеу, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды реттеп, ақша айналымын тұрақтандырып, халықтың материалдық жағдайын жақсартады.
Қазақстан Республикасының несие жүйесінің тұрақтылығы, көбіне екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығымен байланысты болып келеді. Төлемсіздік дағдарысы мен банктерге деген сенімсіздік көптеген банктердің қызметіне тосқауыл болып, банктердің сенімділігін қауіп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банроттықа ұшырады. Ел экономикасында бірлескен және шет ел банктерінің, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестікті одан әрі күшейтіп жіберді. Нәтижесінде, банктердің несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзімі ұзартылған несиелердің көлемі өсті.
Несиелік жүйенің басты элементі ретінде коммерциялық банктер мен олардың несиелік қызметін айтуға болады.
Несиелік механизмнің қызмет етуін түбегейлі жақсартудың басты міндеттері несиені және банктерді басқарудың экономикалық әдістерін дәлелдеуді тәжіриебеде пайдалануды бірінші қатарға шығарады.
Бұл ақша айналымы және халық шаруашылығына тиімсіз және дәлелсіз несиелік салымдарды салудан, олардың құрылымының өзгеруінен, несиелердің уақытына және толық қайтарылуын қамтамасыз етілуін сақтайды. Ал ол өз алдына материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несие жүйесінде кездесетін мәселелермен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы рәсімделуіне жетеді. Несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді. Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау - несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру - несие беруді білдіреді.
Несиенің нақты көлемі туралы сұрақ түбегейлі зерттелген. Оны тек сандық жағынан нақты анықталған көлем деп ұғынуға болмайды. Теориялық жағынан бастысы өзгермелі жағдайда несиелендірудің қажеттілігі мен мүмкіндігін қалыптастыру факторларын анықтау болып табылады.
Несиенің нақты көлемі түсінігімен қатар несиені нақты пайдалану түсінігі бар. Ол несие қатынастары субъектілері мен несиелер түрлеріне қатысты нақты көрсеткіштер түрінде бекітіледі. Несиелендіру шектері макроэкономикалық деңгейде нақты пропорциялар түрінде қалыптасуы мүмкін (мысалыға, несиелер көлемі мен жиынтық қоғамдық өнім арасында) . Оған экономикалық әсер ету шаралар жүйесі арқылы қол жеткізуге болады. Оның ішінде несиелендіруді кәсіпорындар мен ұйымдардың несиеқабілеттілігі есебімен ұйымдастыру, банктердің өтімділігін сақтау шараларын жатқызуға болады.
Бәрінен бұрын кәсіпорынның немесе ұйымдардың несиеқабілеттілігі туралы ақпарат банктерге қажет. Өйткені, банктердің пайдалылығы мен өтімділігі өздерінің клиенттерінің қаржылық жағдайына тәуелді. Ссудалық операцияларды жүргізген кезде тәуекелділікті төмендету банк клиенттерінің несиеқабілеттілігін кешенді түрде зерттеу жолымен қол жеткізуге болады. Ал ол несиені пайдалану шегі есебімен несиелендіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оның қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп отырады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді пайдалану жаңартылды, сонымен бірге несие қатынастары мен несие көлемі де өзгерді. Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы өзекті болып саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты - нарық жағдайында несие жүйесін мемлекеттік реттеудің әдістері мен рөлін анықтау.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап көрсетуге болады:
- Қазақстан Республикасындағы несие жүйесін мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілерін анықтау;
- Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесінің қазіргі
жағдайы және эволюциясын талдау;
- банктік несиелеу жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - «Банк ЦентрКредит» АҚ-ы.
Зерттеу пәні - несие жүйесінің негізгі элементі ретінде коммерциялық банктердің несиелік қызметі.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Несиелік саясат және оның элементтері
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін оларды іске асыру құралдарымен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары. Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады[1] .
Тар мағынасында несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни дерективті нұсқауларды қамтиды;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамсыз ететін стандарттаумен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет.
Несиелік саясаттың маңызды элементі - банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны нисиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайында және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау) .
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттармен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банк несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады. Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлары кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді. Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалға, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда деген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерді белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көруге болады:
- несиелеу саясаты;
- несиелеу стандарты;
- несиелеу нұсқаулықтары[2] .
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта - “Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету” - біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтары мен несиелеу стандартты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
- банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
- несиелеуді жүзеге асыруды бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
- несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
- несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық ссудалармен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасауға тиіс.
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген занды; және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі - бүл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды қүндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады.
1. 2 Несиенің қызметтері және оның экономикадағы ролі
Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметіне көрінеді. Ал оның әрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін анықтайтын маңызын сипаттайды.
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің алғашқы иесіне өсім ақысымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз алушының арасында несие қатнастары пайда болады. Бұл қайта бөлу - несиенің алғашқы қызметі. Несие арқылы қайта бөлінетін не? Соны анықтау қажет, яғни несиенің қайта бөлу қызметінің белгілері қандай? Несие беруші несие мәмілесі арқылы қарыздарға бір жағдайда уақытша қолдануға тауарлы-материалды құндылықтарды; ал басқа жағдайда ақша қаражатын беруі мүмкін. Екі жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат әр түрлі. Алайда заттың формасының әр түрлі болуына қарамастан, оның мазмұны өзгермейді: қайта бөлінетін затың құны.
Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлу қасиеті тән. Несие қатнастары тұратын орнына қарамастан, адамдар мен әр түрлі ұйымдар арасында туындаса ол құнды аймақтықаралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер салалық банктен несие алынса, ол несиені салалық қайта бөлу, ал егер несие беруші экономиканың бір саласында болып, қарыздар-кәсіпорын басқа салада болса, онда несиені салықаралық қайта бөлу болады.
Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әр түрлі деңгейіне байланысты да қарауға болады. Мысалы, несие қатнастарының субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтар қайта бөлінеді. Ал халықшаруашылығы деңгейінде несиенің қатысуымен жиынтық өнім, ұлттық табыс қайта бөлінеді. Айта келетін бірінші жәйт, несиенің қайта бөлу қызметінің көп түрлілігіне қарамастан берілетін құнның меншік иесі өзгермейді., қайта берілетін құн несие берушінің меншігі болып қала береді. Екінші, несиенің қайта бөлу қызметі жалпы құнның қайта бөлінуін емес, тек уақытша бөлініп шыққан құнды қамтиды.
Несиенің келесі атқаратын қызметі - нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына несие операцияларын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айрысуға байланысты, өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма-қол ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының құрлымын жақсартуға, төлем айналымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауарлы шаруашылықта қарызға берілген шаруашылық айналымында жалпы ақшаның орнына жүрмейді, экономикалық айналымда ақша тек уақытша алмастыру қызметін атқаратынын айта кету керек[3] .
Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін бірсыпыра алдын ала жасалған жағдайлар болуы шарт:
- дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын ұйымдастыруда оның маңызының жоғары болуы;
- экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесі бар төлем құжаттарының еркін айналуы;
- орталық банктердің несие ақшаларын эмиссиялауы.
Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы деп несиені қолдану әдістерін пайдаланып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелерді айтады. Несиені қолдану әдістеріне: оны қайтарып беру, белгілі бір мерзім аралығында пайдалану, пайдаланғаны үшін ақы төлеу жатады.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оның қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп отырады. Айталық, экоомиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді пайдалану жаңартылды, сонымен бірге несие қатнастары мен несие көлемі де өзгерді.
1. 3 Несиелеуді ұйымдастыру принципі және несиенің формалары мен түрлері
Несиелеу принциптері несиенің мәнін жөне қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық зандардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т. б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
I топқа - жалпы экономикалык, тәртіптегі принциптер:
несиенің мақсаттылығы;
несиенің дифференциялдығы.
II топқа - несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
- несиенің мерзімділігі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің төлемділігі;
- несиенің қамтамасыз етілуі салыстырғанда қаталдау болып табылады[4] .
Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принципі туындайды.
Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалык категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатып ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Несилеудің келесі бір принципі - берілген ссудалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте келе, бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген.
Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің "техникалық қабаты" ретінде бөліп қарастырады.
Несиелеу механизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің кұрамдас бөлігі[5] .
Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі - бұл несиені пайдалану механизімін білдіреді. Несиелеу механизмі - бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бүл механизм практикада нақты өрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
-несиеге деген өтінішті қарау;
-несиелік қабілетін талдау;
-несиелік келісім-шарт жасасу;
-несие беру;
-несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
I кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады
Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- несиелеу мақсаты және объектісі;
- несиенің мөлшері;
- ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі
II кезең. Несиелік келісім-шарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды. Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім-шарттың орыны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.
Кепіл туралы келісім-шартта мынадай мәселелер қарастырылады:
- Келісім-шарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
- Келісім-шарт заты;
- Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
- Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
- Талап ету құқықтары;
- Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік
есебінен;
- Кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты
тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
- Тараптардың жауапкершіліктері;
- Ерекше шарттар;
- Дауларды шешу;
-Басқа шарттар;
- Кепіл туралы келісім-шарт жасасушылардың занды
мекен-жайы мен өзге де мәліметтері.
III кезең. Несие беру кезеңі.
Бұл кезең ағымдық шот ашу, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттартолтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
IV кезең. Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі - несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі - несие алуға қүқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші - белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді) .
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
V кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау - несиелік операцияның маңызды кезеңі.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.
Іс жүзінде ссуданы қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
- мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
- меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айырысу - шотына кажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
- алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
- түскен түсімді бірден ссудалық қарызды жабуға есептеу;
- несиенің қайтарылу мерзімін созу;
- мерзімі өткен қарызды "Мерзімі өткен несиелер" шотына аудару;
- банк резерві есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру.
Ссудалық қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
- несиені толық қайтару;
- несиені жартылай қайтару.
Қайтару жиілігіне қарай:
- несиені бірден қайтару;
- несиені бөліп-бөліп қайтару.
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
- несиені жүйелі түрде қайтару;
- несиені эпизодтық қайтару.
Қайтару мерзімдеріне қарай:
- несиені мерзімді қайтару;
- несиенің уақытын созып қайтару;
- несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
- несиені мерзімінен бұрын қайтару.
Қайтару көздеріне қарай:
- клиенттің меншікті қаражаттары;
- жаңа несиені пайдалану;
- кепіл берушінің шотынан шегеру;
- басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
- бюджеттік түсім және т. б. [6] .
Тауардың құны несиенің шекті сомасынан асып түсетін жағдайда тауар құны мен несие сомасы арасындағы айырмашылық қолма қол ақшамен немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша төлену қажет. Сатып алушыдан сауда кәсіп орнының пайдасына несие сомасының проценті өндіріліп алынады: Бұл проценттің мөлшерін сауда кәсіп орыны багнк несиеснің қолданыстағы мөлшерлемесін ескере отырып белгілейді, берілген несие сомасындағы тауардың құнын сатып алушы айына бір мәрте бірдей үлестер мен өтейтін болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz