Өндірістік кәсіпкерлік


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МӘНЖАЗБА
Пәні: Шағын және орта бизнес
Тақырыбы: Өндірістік кәсіпкерлік
Орындаған: Қаржы-201 тобының студенті
Сейдилдина Динара
Тексерген: Шарипова Ж. Қ
Ақтөбе, 2013
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Өндірістік кооперативті құру және оның қызметін жүзеге асыру
- Жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру шаралары
- Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет
көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
2. Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге, шикізат материалдар, энергия тағы басқа жабдық - тұтынушылармен ара қатынасты орнату.
3. Келесі кезек өндіріс факторлары.
а) Негізгі өндірістік қорлар: ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал
жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу.
б) Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары жөндеу жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері, полуфабрикаттар, келешекке керекті шығындарды жабу көзі.
4. Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз - бірінші кезеңдегі тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады.
5. Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы немесе құлақтандыру арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы, тәжірибелілігі, жеке қасиеттері т. б. ескерілуі керек.
6. Қажетті информация - ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу.
7. Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау.
8. Бастапқы капитал:
1) жиналған қор;
2) несиеге ақша алу;
9. Өндірістік істің қорытындысы.
Сатудан түскен түсімнен өндірістік және коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы жалпы пайда болады. Жалпы пайда - жалпы түсім алудағы өндірістік және комерциялық шығындар. Жалпы пайда-бұл салық төлегенге дейінгі пайда.
10. Барлық салықтарды, айыптар мен баждарды төленгеннен кейін қалған пайда - таза пайда деп аталады.
11. Кәсіпкерліктің финанс жағдайын бағалау үшін рентабельдік деңгейін шығарады.
Рентабельдік деңгей = таза пайда / шығындар + төлемдер х100%.
Венчурлік бизнес деген болады. Бұл-инновациялық кәсіпкерлік, яғни тәуекелдік бизнес. Ол технологиялық жаңалықтардың бір түрі. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысын коммерцияландыруға, әсіресе ғылым сыйымдылығы көп өндіріс салаларында, бірінші кезекте жоғарғы технологиялық өндірістерде қолданылады, онда тәукелдік, тиімділікке кепілдік болмауы мүмкін.
1. Өндірістік кооперативті құру және оның қызметін жүзеге асыру
Өндірістік кооператив ұғымы - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшеліік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын ( пайларын) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі.
Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңды тұлға болып табылады.
Өндірістік кооперативтер мынадай принциптер негізінде жұмыс істейді:
- Мүшелікке кіру мен шығудың еркіндігі;
- Мүліктік (пайлық) жарна енгізу міндетілігі;
- Басқарудың демократиялылығы;
- Өзара көмек және оның мүшелері үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету;
- Өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпаратқа қол жететіндігі
Өндірістік кооперативтердің қызметі
Өндірістік кооператив жеке кәсіпкерлік үшін заң актілерімен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асыруға хақылы. Мемлекеттік лецензиялау қолданылатын қызметті өндірістік кооператив лецензиясы бар болған жағдайда жүзеге асырады. Өндірістік кооперативтің мақсаты мен мәнін жарғы анықтайды
Өндірістік кооперативті құру тәртібі
Өндірістік кооператив құрылтайшы-жеке тұлғалардың жалпы жиналысының шешімімен құрылады.
Егер өндірістік кооперативтің құрылтайшысы ( мүшесі ) шетел азаматы болған жағдайда мұндай кооперативтің ұйымдастырылуы мен қызметітне « Шетел инвестициялары туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның күші қолданылады.
Өндірістік кооперативтің құрылтайшылары екеуден кем болмауға тиіс.
Өндірістік кооператив құрылғаннан кейін құрылтайшылар кооператив мүшелері болады және өндірістік кооперативтің басқа мүшелерімен бірдей құқықтар мен міндеттерді иеленеді.
Өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттары
Өндірістік кооператив өз қызметін құрылтай шарты мен жарғының негізінде жүзеге асады. Өндірістік кооперативтің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгілейтін үлгі жарғының негізінде жүзеге асыра алады.
Өндірістік кооперативтің құрылтай шарты
Өндірістік кооперативтің құрылтай шартына мыналар болуға тиіс:
- Өндірістік кооперативті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері;
- Кооператив мүшелерінің тегі, аты, әкесіеің аты, туған күні мен туған жері, сондай-ақ тұрғылықты жері көрсетілген дербез құрамы;
- Кооперативті құру жөніндегі іс-әрекет тәртібі;
- Құрылтайшылардың кооператив меншігіне беретін мүліктік жарналарының құрамы мен мөлшері туралы мәліметтер;
- Іс-әрекет кооперативті құру және тіркеу үшін қажетті кооперативтің лауазымы тұлғаларын тағайындау (сайлау) туралы шешім;
- Кооперативті кұру және оның жұмысын ұйымдастыру мәселелерін шешуге байланысты аталған тұлғалардың өкілеттіктерін белгілеу;
- Кооперативтің жарғысын бекіту;
- Таза табыс пен шығынды бөлу тәртібі;
- Құрылтайшылардың кооперативпен шығу тәртібі.
Өндірістік кооперативтің құрылтай шартына құрылтайшылардың шешімі бойынша осы Заңға қайшы келмейтін басқа да талаптар енгізілуі мүмкін. Құрылтай шартына құрылтайшылардың бәрі қол қояды.
Өндірістің кооперативтің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді әрі мемлекттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға тек қана кооперативтің атқарушы органының шешімі бойынша не заң актілерінде белгіленген жағдайда ұсынылуға тиіс.
2. Жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру шаралары
Шағын кәсіпкерлік - тиімді нарықтық шаруашылық құрудың және бәсекеге төзімді болып келетін жалпы саласы. Осы нарықты экономикада қолайлы икемділік, халықтың ірі қаржы жне өндірстік ресурстарын жұмылдыруды, өзіне қуатты антимонополиялық әлует әкеледі, құрылымды қайта құрудың нақты факторларын және ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары бойынша дамуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар жұмыссыздық және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешеді.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық маңызын талдау бағыттары екі жағдайда анықталады: біріншіден, экономиканың секторы ретінде өзі қалыптасады және дами алады ( ұлттық, аймақтық, жергілікті, деңгейде) ; екіншіден, ол кәсіпкерлік қызметтің ерекше түріболып саналады.
Экономиканың секторы ретінде шағын кәсіпкерлікке көшу қоғамдық өндірістің екі жақты бірлігін айқындау негізінде қалыптасты: ұйымдық-техникалық және әлеуметтік- экономикалық.
Ұйымдық-техникалық жағы өндірістік күшті дамытуды ұсынады, яғни өндірістің материалдық-техникалық элементтері жұмыс күші және өндірісті ұйымдастыру нысандарының, сонымен қатар өндірісті шоғырландыру, мамандандыру және орталықтандыру жүйесі және әдістерінің жиынтығы.
Әлеуметтік - экономикалық жақтары өндірістік қатынастарды құрайды және төменде аталған жағдайлармен толықтырылып, шағын кәсіпорындардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
- Меншік иелерінің және оның отбасы мүшелерінің жеке еңбегі арқылы;
- Меншік иесінің өндірістік басқару қызметтерімен және жалдамалы еңбекті пайдаланумен сәйкес келуі.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту икемді аралас экономиканы қалыптастыруда жалпы әлемдк үрдістерге жауап береді, шаруашылық үлгілерін жән әр түрлі меншік нысандарының үйлесуі, бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканың күрделі жинақталуы, ірі, орта және шағын өндірістерді мемлекеттік реттеу. Егер ірі бизнес - бұл қаңқа жән дамыған эконмиканың белдігі болса, онда орта және шағын кәсіпкерлік - шаруашылық тірі организмнің бұлшық еттері болып саналады. Бұл көптеген жағдайда экономикалық өсудің қарқынын, халықты жұмыспен қамту жағдайын, Жалпы Ұлттық Өнімнің құрылымын және сапасын анықтауда бастапқы секторлары болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту көптеген маңызды артықшылықтармен ерекшеленеді:
- Меншік санын ұлғайту арқылы орта класты қалыптастыру - демократиялық қоғамда саяси тұрақтылықтың негізгі кепілдігі;
- Халықтық экономикалық белсенділігінің үлесі артады, азаматтардың табыстылығын арттыру және әр түрлі әлеуметтік топтардың жақсы тұрмыстарында тепе-теңдікті реттейді;
- Аз ғана каптиал арқылы, жаңа жұмыс орындарын құру, әсіресе, қызмет көрсету саласында;
- Азаматтардың және оның ішінде мемлекеттік сектордан босап қалғандардың, сонымен қатар халықтық әлеуметтік төмен топ өкілдерінің жұмысқа орналасуы;
- Өндірістік монополияны тарату және бәсекелі ортаны құру;
- Материалдық, қаржылық және табиғи ресурстарды жұмылдыру, оларды аса тиімділікпен пайдалану.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және жеке кәсіпкерлікке әкімшілік етуді енгізу жолымен мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізг принциптері:
- Жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
- Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;
- Жеке меншікке ( жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне ) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі;
- Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
- Жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
- Шағын кәсіпкерлік субъектілері;
- Орта кәсіпкерлік субъектілері;
- Ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері - заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар.
Орта кәсіпкерлік субъектілері - заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсіакерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz