Компанияның инвестициялық портфелін ұйымдастыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ :

КІРІСПЕ . . . 3

1. КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ

1. 1 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері . . . 5

1. 2 Қазақстанның инвестициялық саясаты . . . 9

1. 3 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі . . . 13

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ

2. 1 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтерін талдау . . . 18

2. 2 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қаржыландыру көздерінің негізі . . . 23

2. 3 «ҚазТрансОйл» АҚ-ның компаниясының инвестициялық жобаларын қаржыландыру . . . 26

3. «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ - НЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ НЕМЕСЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

3. 1 «ҚазТрансОйл» АҚ-ның болашақтағы жобаларының есептемесі . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 36

КІРІСПЕ

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат - макроэкономикалық, салық және аймақтақ деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып отыр.

Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы, аралық және дайын өнім, өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау араларындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дегеніміз - қоғамның табиғи шикізат, материалдық-техникалық және интелектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құрылымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі - макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер ететін салалық басымдықтарды ғылыми негіздеу болып табылады. Республикамыздың жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау - экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

Дағдарысты жағдайдан шығу және экономиканы дамыту - ұлттық табыстағы өндірістік қор жинау үлесін арттыруға байланысты. Ал бұл, өз кезегінде, әсіресе барынша жетілдірілген өндіріс құралдарын шығаратын салаларда өндірістің өсу қарқынын арттыруды қажет етеді. Мұнда да шетелдік технологиялық инвестицияларға бағытталуға болады және бағытталу керек деген жаңсақ пікірлер бар. Шетелдік технологиялық инвестицияларға толықтай бағытталу, біріншіден, отандық машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін; екіншіден, елде техникалық процестің негізгі бағыттары бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізуге қажеттілік төмендеуі мүмкін. Бұл екі жағдайда да өндірісте интелектуалдық ұтылыс анық байқалады, ал оны болдырмау үшін мемлекеттің құрылымдық саясатын қалыптастыруда халық шаруашылығының инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларының өндірістік негізін жаңарту мен пайдалану тиімділігін арттыру мүдделері көзделуі тиіс.

Инвестордың дұрыс шешім қабылдауы балама жобаларды салыстыруға негізделеді және инвестицияларды жобалаудағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жобаларды түрлі критерийлер бойынша саралау кезінде қайшылықтар пайда болуы мүмкін, сондықтан өзара балама жобалармен жұмыс жасағанда да ұсыныстар әр түрлі болуы мүмкін.

Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде» деп аталады.

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі - қазіргі нарықтық экономикада компанияның инвестициялық портфеліне байланысты мәселелерді қарастыру көздерін жетілдіру жолдарын шешу болып табылады.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - осы аталған мәселелерді толығымен ашып жеткізу. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан компаниялардың инвестициялық портфельдерін қалыптастыруды тұрақтандыру жолдарын қарастыру болып табылады.

Ал курстық жұмыстың міндеті - қазіргі күндегі компаниялардың инвестициялық портфельдерін барынша дамыту, оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.

Курстық жұмыстың теориялық әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдылықтары, жарлықтары мен бұйрықтары, ҚР-сы үкіметінің қаулылары, экономикалық монографиялар, оқулықтар, ҚР-ң статистикалық мәліметтері, мерзімді басымдылықтар құрайды.

1. Компанияның инвестициялық портфелінің нарықтық экономикада алатын орны

  1. 1 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері

Мемлекеттік құрылымдық саясатын іске асырудың негізін инвестициялық - құрылыс кешені құрайды. Осы кешеннің қазіргі дамуын талдап - зерттейтін болсақ, онда төмендегідей заңдылықтардың қалыптасқанын байқаймыз:

- мемлекеттік күрделі қаржы көлемінің, әсіресе, өндірістік сфераға - төмендеуі;

- инфляцияға және бағаның ырқына жіберілуіне байланысты, жалпы күрделі қаржы көлемінде өтелімдік үлесінің азаюы;

- құрылыс өзгерісінің негізгі қорларын ұдайы өндіріп отыруға қаржы жетіспеушілігі салдарынан, олардың тозу деңгейінің жоғарлауы;

- экономика нарықтық қатынастарға бейімдеу реформалары тыңғылықты зерттеусіз, асығыс жүргізілуі себебінен қаржыландыру көздерін жоғалтып алған құрылыс объектілерінде аяқталмаған өндіріс көлемінің өте жоғары болуы;

- халық шаруашылығының материалдық, ғылыми - техникалық негіздерін жаңарту үрдісіне шетелдік инвестицияларды тарту мен ынталандырудың нормативтік - құқықтық негіздерінің тұрақсыз және әлсіз болуы.

Жоғарыда айтылған тенденцияларды жою үшін, мемлекеттің қазіргі инвестициялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру үрдісіне жаңа көзқарастар керек. Сөз, біріншіден, инвестициялық қорларды тек қана экономиканың құрылымдық өзгерістерінің ғана емес, сонымен қатар республиканың экономикалық тәуелсіздігінің негізі болып саналатын халық шаруашылығының басыңқы бағыттарын дамытуға жұмылдыруда болып отыр.

Екіншіден, осы саясатты жүзеге асыру механизмі күрделі қаржы көздерінің жүйесі сан - салалы, әрі кәсіпорындардың өз қаржыларын пайдалануды ынталандыру артықшылықпен жүргізілетінін қамтамасыз ететіндей болып құрылғаны дұрыс. Осындай механизм шетелдік технологиялық инвестицияларды тартуды ынталандыру үшін де қажет.

Үшіншіден, халық шаруашылығы салаларының өндірістік қорларын тезірек жаңартуға мүмкіндік беретін жеделдетілген өтелім саясатын іс жүзінде, нақты жүзеге асыру керек.

Төртіншіден, басыңқы салалар мен өндірістерді қаржыландыру республиканың экспортық потенциалының көлемі мен тиімділігін жоғарлату мақсатында жүргізілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген шаралар әлеуметтік - экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімдік кезеңдерін қамтитын стратегиялық жоспарлар жасау кезінде ескерілуі тиіс. Осы жоспарлардың құрамында, ұлттық және аймақтық басыңқылар бойынша жасалатын бағдарламалармен тығыз байланысқан, арнаулы мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар жасалынады.

Осы бағдарламаларды жүзеге асыру - халық шаруашылығының маңызды салаларының бірі - құрылыс саласының арқасында ғана мүмкін болады. Бұл саланың индустриялдық негізін құрылыс жұмыстарын кешенді түрде жүргізілетін құрылыс - монтаж ұйымдарды құрайды. Қазіргі кезде бұл саланы басқаруда, меншік түрлерінің өзгеруіне, нарықтық қатынастарды қалыптастыруға, нарықтық инфрақұрылым институттарын құруға, құрылыс өндірісінің көлемінің өсуін экономикалық ынталандыру тетіктері мен тиісті индикаторлардың енгізілуіне байланысты түпкілікті өзгерістер жүріп жатыр.

Инвестициялық - құрылыс үрдісіне мемлекеттің реттеушілік ықпалдары басқару - ұйымдастыру сипатындағы шараларды жүзеге асырудан басталады. Олардың қатарына төмендегідей шаралар жатады:

- құрылыс кешенін қаржыландыруды орталықсыздандыру;

- құрылыс - ұйымдарының материалдық - техникалық, қаржылық мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету;

- құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушілер мен оны жүргізуші медігерлердің өзара байланыстарына әкімшілік араласу шараларын қолдануды жою;

- медігерлік сауда (тендер) жүйесін қалыптастыру;

- құрылыс өндірісін басқаруды орталықсыздандыру арқылы құрылыс ұйымдарына меншік түрлерін таңдау мен жұмыс түрі бойынша мамандырылуына толық еркіндік беру.

Дегенмен, қазіргі кездегі осы саланың дамуын зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жүргізіліп отырған монополияны жою, жекешелендіру, саланы реформалау үрдістері кедергісіз, ауыртпалықсыз және жан - жақты болмай отыр. Әсіресе, төменгі құрылыс ұйымдары өздерінің материалдық - техникалық базасы, ұйымдық құрылымы, мамандандырылуы, қаржылық мүмкіндіктері жағынан қатты ерекшеленеді. Сол себепті, жоғарыда аталған үрдіс осы ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілуі тиіс.

Құрылыс кешенінің дамуын реформалауда мемлекеттің атқаратын рөлі - ол жоғарыда аталған үрдістердің нормативтік - құқықтық базасын құру. Бұл жұмыс, негізінен, екі бағытта жүргізіледі: а) заңдар, жарлықтар, қаулылар мен басқа да құқықтық актілерді қабылдау. Олар құрылыс өндірісінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара байланыстарын, қарым - қатынастарын реттейді, ойын тәртібін бұзған жағдайда қолданылатын әкімшілік, экономикалық санкцияларды анықтайды; ә) экономикалық индикаторлар құрамын, мемлекеттік реттеу механизмдерін (салық және несие мөлшерлемесінің деңгейін, бағаны т. б. ) белгілеу.

Сонымен қатар, мемлекет республиканың ішкі құрылыс нарығын қорғау шараларын жүзеге асырады. Олардың қатарына шетелдік фирмалармен қатар, қазақстандық құрылыс - монтаж ұйымдарының (медігерлердің) міндетті түрде қатысуымен өткізілетін құрылыс тендерлерін жүйелі түрде ұйымдастыру, жекелеген құрылысы материалдарын экспорттау - импорттау барысында лицензиялық, кедендік реттеулерді қолдану, республика аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде шетелдік фирмалармен жасалған келісімдердің міндетті шарты ретінде қазақстандық мамандандырылған жұмысшы кадрларды пайдалануды белгілеу т. б. шаралар жатады.

Құрылыстық сауда - тендерлерді ұйымдастырудың негізгі қағидалары ретінде төмендегілерді атауға болады:

- медігерлік конкурс пен сауда - тендердің таңдап алынған түрі инвестордың инвестициялық құрылыс қызметіне және мүмкіндіктеріне сай болуы;

- үміткер-мердігерлердің меншік түрі мен шаруашылық жүргізу нысандарына, қайда орналасқанына қарамастан, оларға тең құқық беру;

- конкурс барысында ешбір үміткер-мердігерге өз»нің монополиялық мүмкіндіктерінің пайдалануына жол бермеу;

- мердігерлік конкурстың міндетті шарттарын орындамағаны үшін үміткерлердің жауапкершілігін қамтамасыз ету, т. б.

Нарық қатынастарының кеңеюі жағдайында инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын реттеуде мемлекет тарапынан құрылатын тендерлік жіне мемлекеттік сараптау комиттері де жоғары роль атқарады. Егер олардың алғашқысы конкурстар мен мердігерлік тендерлерге қатысушылардың дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін барлық факторларды ескеретін болса, ал мемлекеттік сараптау жүйесі мемлекет үшін эканомикалық, әлуметтік және экалогиялық ұтымдылық тұрғысынан осы ұсыныстар жобасының үстінен бақылау жүргізеді.

Дегенмен, мемлекеттік сараптаудан өтпеген жобалар бойынша құрылыс жүріп жатқан объектілер саны әлі де көп. Құрылыс жүріп жатқан объектілерде бектілген жобалық шешімдерді бұзу фактілері де кездеседі. .

Осы жағдайлар, орталықта жергілікті жерлерде (облыстарда) кәсіпорындарға (фирмаларға) жобалау, құрылыс-монтаждау, архитекторлық-құқықтық бақылау жұмыстарын жүргізуге құқық беретін арнаулы лицензиялау қызметін ұйымдастыруға қажеттілік туғызады.

Сонмен қатар мемлекеттік венчурлық бизнестің нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру негіздерін қалыптастырады. Венчурлық бизнестің мақсаты- жаңа технологиялар мен венчурлық (тәуекелдік ) капитал негізінде өнімнің жаңа түрлерін өндіруді құүру мен игеру, негізгі қорларды жеделдетілген өтелім мен жабдықтарды (қондырғыларды) жылдам жаңарту қағидасын жүзеге асыру, шығарылатын өнімнің жоғары бәсекелестігінің арқасында қаржылық табыстарға қол жеткізу болып табылады.

Дегенмен, инвестициялық-құрылыс кешенінде эканомиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектісі ретінде макрокөрсеткіштер саналады. Олардың қатарына күрделі қаржы көлемі мен құрылымын (ұдайы өндірістік, техналогиялық, салалық, аумақтық), оларды қалыптастыру көздерінің параметірлерін, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін т. б. жатқызуға болады.

Соңғы кездері күрделі қаржы көлемінде өтілімдік төлемдердің үлесі төмендеуде себебі оны есептеу базасы әлсіз (негізгі қорлардың тозу денгейінің жоғарлығы) және де олардың бір бөлігін инфляция «жеп » қойып отыр. Осыған байланысты, үкімет халық шаруашылығы салаларының негізі қорларының қарапайым және ұдайы өндірілуін қаржыландыруды ұлғайту шараларын іздестіруге мәжбүр болып отыр.

Әрине, бұл істегі ең негізгі бағыт-жеке меншік секторындағы кәсіпорындардың өз қаржыларының рөлін жоғарылату.

Күрделі қаржы көлемін қалыптастыру көздерінде эканомиканың мемлекеттік және де «үй шаруашылығынан» тапқан қаржыларының да рольі жоғарылауы тиіс. Бұл жағдайда, үкімет үшін өндірістік сфера салаларын бюджеттік қаржыландыруды қатал саясат ұстауына мүмкіндік туар еді. Егер мемлекет кәсіпкерлер мен жеке түлғалардың іскерлік белсенділігін көтеру үшін шаралар қолданатын болса, үкімет шешімдері негізінде мемлекеттік күрделі қаржының салалық құрылымы әлуметтік салалар пайдасына өзгертіледі деп күтугк болады. Сондықтан, макродеңгидегі мемлекеттің реттеушілік рөлі республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын қай бағытта пайдалануды анықтауда айқын байқалады. Ал егер мемлекеттік күрделі қаржының салалық құрылымын қарайтын болсақ, онда, соңғы кездері басыңқы салалардың үлесінің жоғарлағанын көреміз. Сөз отан-энергетикалық және металургиялық кешендер салалары туралы болып отыр.

Күрделі қаржының аймақтық құрылымын талдауда үш нәрсеге көңіл бөлу қажет - жергілікті бюджеттердң (облыстық, қалалық, аудандық) кірістері мен маңызының жоғарлауы, әлуметтік - шаруашылық жағынан артта қалған республика облыстары мен аудандарын артықшылық пен дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру және жекелеген аймақтардың табиғи-эканомикалық әлуметін толық пайдалану.

Ғылыми техналогиялық индустриялдық жағынан жоғары дамыған аймақтарда мемлекет нарықтық инфрақұрылымның дамуын жеделдетуге, шетелдік инвестицияларды тартуға, барлық шарушылық жүргізуші субъектілердің иновациялық қызыметін жандандыруға, бірлескен кәсіпорындар құруға жағдайда жасауға тарсады.

Табиғат байлығымен және экспорттық әлуметімен ерекшеленетін аймақтардың дамуына мемлекет алдаңғы қатарлы шетелдік технологияларды және ақша капиталын тартуды ынталандыру механизімдерін қалыптастыру арқылы реттеушілік әсер етеді. Бұл жерде мемлекет екі мақсатты көздейді: а) табиғат-шикізаттық қорларды тереңірек өңдеу мен кешенді игеру; ә) өңделген өнімнің әлем нарығындағы бәсекелестігін жоғарылату. Ауылшарушылығы дамыған аймақтарда, эканомиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің ішінде, алдыңғы қатарда ауылды кіші индустриаландыруды ынталандыру шараларының жүйесін енгізу тұрады. Бұл шара ауыл шарушылығы өндірісінің тауарлылығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге жергілікті еңбек ресурстарының жұмысбастылығы деңгейін жоғарылатады.

Күрделі қаржыны ұтымды пайдалану тұрғысының, оның техналогиялық құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер динамикасын талдау маңызды орын алады. Ол төменде көрсетілген шығындардың көлемдерінің өзара қатынасын есептеу нәтижесінде анықталады:

- құрылыс-монтаж жұмыстары, олар негізгі қорлардың ынжық бөлімін құрайды. ;

- жабдықтар (техника түрлері, технологиялық желілер т. б. ) сатып алу және орнату, олар негізгі қорлардың белсенді бөлімін құрайды;

- басқа жұмыс түрлері (жобалау - ізденіс қызметі, қосалқы және уақытша қондырғылардың құрылысын жүргізу т. б.

Қазақстанда, соңғы 30-35 жыл аралығында, өндірісті қорлардың белсенді бөлігін құруға жұмсалған шындардың үлесі өскені байқалады (37-39%), дегенмен, күрделі қаржының өте үлкен бөлігі (шамамен50%), аяқталмаған құрылыс көлемінің жоғары болуына байланысты, құрылыс-монтаж жүмыстарының үлесіне тиеді. Сондықтан, барлық қаржыландыру көздері есебінен құрылған күрделі қаржыны ертеректе басталған құрылыстарды, әсіресе өндірістік маңыздағы, аяқтауға жұмсау, қазіргі кезде күрделі қаржыны орынды пайдалану бағыттарының бірі болып есептеледі.

Күрделі қаржының көлемін, құрылымдық көрсеткіштерін, тиімділік деңгейін нақтылауда баға саясатының алатын орны зор. Нарықтық қатнастарға өту кезеңінде инвестициялық қызмет сферасында мемлекеттік билік оргндары тағайындайтын, сондықтан барлық инвесторлар мен құрылыс өндірісіне қатысушылар үшін міндетті болып табылатын тұрақты (тіркелген) бағаларды қолдану шеңбері болғаны жөн. Мемлекет осы бағалар жүйесін қолдану арқылы мемлекеттік күрделі қаржыны пайдалануға, өндірістік қуаттар мен әлуметтік сфера нысандарын іске қосуды жеделдетуге, инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған өзінің бақылаушылық функциясын жүзеге асырады.

Ал, реттелмелі бағаларға келсек, оларды ырқына жіберу үрдісі осы бағалардың жоғарғы және төменгі деңгейін белгілеумен шектеледі. Басқа жағдайларда, нарық заңына сәйкес, мердігерлік жұмыстар бойынша сауда-тендерлерге қатычсушылардың бәсекелестігінен, олсы жұмыстарға деген сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасынан туындайтын еркін беғалар қолданылады.

  1. 2 Қазақстанның инвестициялық саясаты

Инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын реттеуде мемлекет иілігінде қаржылық реттеудің несиелік, салықтық тетіктерінің де бар екенін естен шығармау керек, әсіресе олардың ынталандыру функциясын кеңінен қолдануға көңіл бөлінуі тиіс.

Жоғарыда аталған механизмдердің барлығын бір мақсатқа қол жеткізуге жұмылдырып, өзара байланыстырып отыратын, инвестициялық - құрылыс кешенінің дамуын мемлекеттік реттеудің ең басты, негізгі механизмі ретінде жоспарлауды айтуға болады.

Нарық жағдайында орталық жалпы экономикалық мемлекеттік басқару органдарының осы кешенінің тиімді дамуын қамтамасыз етудегі негізгі міндеттері төмендегілер болып саналады:

- ұзақ және қысқа мерзімдерге инвестициялық - құрылымдық саясатты қалыптастыру жөнінде тиісті басқару органдарына ұсыныстарды әзірлеу;

- кешенді бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру;

- күрделі қаржының жалпы көлемі мен құрылымын және мемлекеттік инвестициялардың көлемін анықтау;

- мемлекеттік және муниципалдық маңызы бар объектілердің тізімін қалыптастыру және оларды инвестициялық - құрылыс қызметін көрсетуші субъектілердің арасына конкурстық негізгі орналастыру;

- республика және оның аймақтары бойынша инвестициялық қызметтің ағымдағы жағдайын және нәтежелерін талдау.

Жоғарыда жазылған жайттар инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын жоспарлауға жалпы методикалық көзқарастар, сонымен қатар, күрделі құрылыс саласының негізгі көрсеткіштерін нақтылау әдістемесін де білген жөн. Күрделі құрылыстың өндірістік қызметін сипатттаушы негізгі көрсеткіштер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

1) күрделі қаржы және мердігерлік жұмыстар көлемдері:

2) өндірістік қуаттар мен негізгі қорларды іске қосу;

3) дайын құрылыс өнімі (құрылыс-монтаж ұйымдары үшін) .

Өндірістік бағдарламаны негіздеу үшін, жоғарыда аталған көрсеткіштерден басқа, аяқталмаған құрылыс көлемі, сыбағалы күрделі қаржы жіне оның тиімділігі, т. б. көрсеткіштер қолданылады.

Күрделі құрылыс жоспарының жобасын әзірлеуде, алдымен барлық қаржыландыру көздері бойынша жұмсалатын күрделі қаржының жалпы көлемі (салалар мен облыстар бойынша бөлінген) анықталады. Басқа көрсеткіштердің деңгейін анықтау үшін баланстық және техникалық-экономикалық есептеулер әдістері қолданылады. Олардың негізгілері болып төмендегілер саналады:

- негізгі қорлар, қондырғылар, өндірістік қуат және күрделі қаржы баланс;

- жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және кеңейту жоспарлары;

- құрылыс материяларының негізгі түрлерінің баланыстары;

- күрделі қаржының технологиялық құрылымының есептері;

- сыбағалы күрделі қаржы нормативтері және басқа да нормативтер;

- кәсіпорындармен ғимараттар құрылысының ұзақтығы мен заделінің нормалары (мөлшерлері) .

Күрделі қаржы көлемі мен оны пайдалану бағыттарын бөлу жоспары өнім және қызмет көлемінің жоспарлары өсуін қамтамасыз ету қажеттіліктерін сәйкес жасалады. Материалдық өндіріс салаларын дамытуға жұмсалатын күрделі қаржыларға жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңа кәсіпорындар мен объектілерді салуға кететін шығындар жатады.

Жоспарда көзделген күрделі қаржы көлемі, материялдық өндіріс салалары бойынша, төмендегілерді қамтамасыз ету тиіс:

а) жұмыс істеп тұрған жалпы мемлекіттік маңызы бар кәсіпорындарды қолдану;

б) жоспарла кезеңнің аяғында нормативті құрылыс заделін құру;

в) құрылыс сметасына енгізілмеген машналармен қондырғыларды сатып алу.

Егер, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар оларды қайта техникалық жарақтандыру мен реконструкция шараларын жүзеге асырғанда да берілген өнім түрі бойынша жоспарда көрсетілген өнім көлемін өндіруді қамтамасыз ете алмаса және қаржыландыру көздері анықталса, сонда ғана кәсіпорын салуға қаржы бөліну тиіс. Ол үшін өнімнің өсім көлемінің және іске қосылатын қуаттардың бірліктеріне жұмсалатын сыбағалық күрделі қаржы, жұмыс істеп тұрған қуаттарды қолдау, қор қайтарымы сияқты көрсеткіштер мен нормативтер қолданылады. Жоспарлы кезеңге арналған сыбағалық күрделі қаржы нормативтер болмаған жағдайда, күрделі қаржыға қажеттілік көлемі экстрополитивтік әдіспен есептелуі мүмкін, яғни осы көрсеткiштің өткен мерзiмдерде қалыптасқан нақты және күтулi көлемi негiзiнде (iшкi салалық құрылымның өз¬гepyiн ескере отырып) . Сонымен қатар, күрделi кар¬жының қажеттiлiк көлемiн қор қайтару немесе қор сыйымдылығы көрсеткiштерi неriзiнде, оларға жоспарлы кезеңде әсер eтетін факторларды ескере отырып, iрiлей есептеуге де болады.

Күрделi қаржыға жалпы қажеттiлiк өндiрicтiк жене өндiрiстiк емес мақсаттағы объектiлер бойынша жұмсaлынатын күрделi қаржылардың қосындысы ретiнде аныкталады.

Күрделi қаржынң технологиялық құрылымын жоспарлауда есептелетiн құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі мердiгерлiк құрылыс жұмыстары жоспарын дайындаyға негiз болып табылады. Қондырғылар мен басқа да белсендi қорларға күрделi қаржы бөлу - күрделi құылысты машина жасау салаларын өндiрiс жоспарларын байланыстыруға мүмкiндiк бередi. Жаңадан басталатын құрылыстар бойынша күрделi қаржының технологиялық құрылымын есептеуде жобалық сметалық құжаттар, техникалык - экономикалық негіздеулер қолданылады.

Инвестициялық - құрылыс кешенін ұйымдастыру мен экономикалық басқару механизмдерін жетілдіру, түптеп келгенде, инвестициялық қызмет пен құрылыс өндірісінің тиімділігінің жоғарлатуды қамтамасыз етуі тиіс.

Сондықтан, осы кешеннің тиімділігін есептеу әдістемесіне қысқаша тоқталып өтейік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның қаржылық активтер портфелін басқару
Аманат жинақтаушы зейнетақы қорлары
Бағалы қағаздарды басқару портфелі
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық портфелінің даму стратегиясы
Құнды қағаз нарығы
Бағалы қағаздар портфелін басқару
Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру және бағалау
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру тетігі
Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ Қоры
Сақтандыру компанияларының саны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz