Байқоңыр космодромы


Жоспары.
Кіріспе . . . 2
Негізгі бөлім.
Байқоңыр космодромы тарихы, қазіргі жағдайы . . . 4
Қорытынды . . . 15
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 16
Кіріспе.
Семестрлік жұмыстың өзектілігі. Байқоңыр ғарыш космодромы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының бірі. Кеңес Одағының 1957 ж. төртінші қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 ж. он екінші сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.
1991 ж. екінші қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышта екі рет (1994, 1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына жиырма жылға жалға берілді.
Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған космодром «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршыкилометр аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергі 40 жылда 1100 әртүрлі мақсаттағы космос аппараттары және 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракеталар ұшырылып сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлі соғысқа қажетті, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерінің 80-нен астам модификациялары да сыналған. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына отыз - отыз бес мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіруде.
Байқоңырды үкіметіміз 50 жылға Ресейге жалға берді. Олардан алатын жылақы бар болғаны 115 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоғарыда атап өткен жалпы шығын-дардың бәрін қосқанда бұл жал ақыға төленетін қаржының түкке де тұрмайтындығы белгілі. Аумағы алты мың шаршы километрден астам жерді алып жатқан Байқоңыр кос-модромынан Қазақ Еліне, бүгінгі күндері зияннан басқа ешбір пайда түсіп жатқан жоқ.
Құрылықтағы «Байқоңырдан» коммерциялық ұшырулар, қосымша табиғатты қорғауға, тасымалдау және басқа да шығындарды олар үшін көп азайтады, әрі жергілікті халықтың экологиялық ақпараттардан мүлдем хабарсыз екенін, және өкіметіміз арттарынан жүгіріп жүргесін Ресей, әрине, өз жері емес, қуана-қуана, әрбір күнді тиімділікпен пайдаланып қалуға ұтылуда. Бүгінгі күндері «Росавиакосмос» агенттігі, 2010 жылға дейін «Байқоңыр» жерінен коммерциялық ұшырулардан, 40 млрд. АҚШ долларынан астам пайда табуды жоспарлаған болатын.
Байқоңырдан ұшқан зымырандардың зияны жайлы қазіргі кезеңде аз айтылып жұрген жоқ. Газеттер мен журналдар, деректі фильмдерден ұшқан ар зымыранның зардаптары жайлы жазылыпта, айтылыпта жүр. «Ел бірлігі» газетінің Бас редакторы Х. Рахманбердиев, «Синдикат» газетінің Бас редакторы К. Бақбергенов, «Болашақ» газетінің редакторы Т. Қанаев, Оңтүстік Қазақстан облыстық «АҚИҚАТ - 1» қоғамдық бірлестігінің төрағасы І. С. Байжанов, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Арал-Эко» қоғамдық қорының төрағасы Қ. Махан, «АЛАШ РУХЫ» қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Н. Шыңбаев мақалаларын келтіруге болады.
Шығармашылық жұмысты жазудағы менің мақсатым Байқоңыр ғарыш космодромының Қазақстан территориясындағы маңызын анықтау.
Шығармашылық жұмысты жазуда менің міндеттерім Байқоңырдан ұшырылған ракеталардың пайдасымен зиянын зерттеу.
Байқоңыр космодромы тарихы, қазіргі жағдайы.
Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық нысандар үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т. б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші нысандары мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және темір жолы арқылы байланысқан. 1957 ж. төртінші қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 ж. он екінші сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық стансалары, сондай-ақ, зерттеу-барлау жұмысын жүргізуге арналған «Космос», ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор», т. б. секілді Жердің жасанды серіктері ұшырылды. 1991 ж. екінші қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышта екі рет (1994, 1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына жиырма жылға жалға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына отыз - отыз бес мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған космодром «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршыкилометр аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергі 40 жылда 1100 әртүрлі мақсаттағы космос аппараттары және 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракеталар ұшырылып сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлі соғысқа қажетті, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерінің 80-нен астам модификациялары да сыналған.
Космодромдардан ұшқан ракеталардың бірінші бөліктері Қарағанды облысындағы №25 зонаға түссе, екінші бөліктері сол облыстағы №4 зонаға, үшінші бөліктері де Қазақстанда орналасқан №310-шы зонаға (Шығыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктемде дауылдар мен үсік, аяздарды, жазда қатты ыстықтардан басқа орман, дала өрттерін де көбейтуде.
Радиоактивті улы ракета сынықтары далаларымызда шашылып жатыр. Ракеталарда қолданылатын отындардағы улы, зиянды қоспалар, сауылдап түсіп жатқан ракета сынықтары да экологиялық зардаптар әкелуде.
Ресей космос әскерлерінің негізгі стратегиялық базасы боп саналатын «Байқоңыр», мына алмағайып заманда, біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, еліміздің тәуелсіздігіне де үлкен қатер тудырып отыр. Себебі, космодромнан жиі -жиі Камчаткадағы «Кура» сияқты полигондарға сынақ үшін жіберіліп тұратын, СС-18, , НАТО -ның классификациясы бойынша «Стилет» деп аталатын СС-19, СС-20 ракеталары бар, оның үстіне космостағы ұшып жүрген ядролық «Космос» сериялы әскери спутниктерді басқарып отырған «Байқоңыр», біз қанша жерден атом қаруы жоқ аймақпыз десек те, ядролық қаруы бар елдердің өзара соғыс жанжалы туа қалған жағдайда, бірінші нысана көзі болары даусыз!!!
Бүкіл ғаламшарымызды қоршап тұрған атмосферадағы, ауа құрамының 20, 95 пайызы ғана, тіршілікке қажетті оттегінің үлесіне тиеді. Ал енді осы оттегіні тазалап, негізінен бөліп шығаратын, планетаның қос өкпесі саналатын қылқан жапырақты Сібір ормандары мен Оңтүстік Америкадағы Амазонка бассейніндегі тропикалық ормандар мен өсімдіктер әлемі екені белгілі.
Қазір космосқа ұшатын ракета двигательдерінде гептилден бастап, небір улы құрамды заттармен қатар, криогенді отындарда қолданылады. Яғни ауа бөлгіш қондырғыларда оттегі мен сутегіні-184 градуста сұйылтып алып, ерекше технологиялық әрекетпен қатайтылып, ауасыз кеңістікте ракета отындарын жағуға қажетті, біздің өзімізге, өмірімізге қажетті оттегі газдары тонналанып, ауа кеңістігіміз тоналып космосқа қайтарымсыз кетіп жатады. Бұл қондырғылар Ресейде, орман іштерінде емес, жері де, ауасы да күйіп кеткен, орманы жоқ, теңізі мен көлі жоқ, ай тақыр сол «Байқоңырдың» айналасында орналасқан. 1957 жылдан бері, әр сағат, тәулік, айлар, жылдар бойы сорылып, өңделіп, оттегіден айырылып, тіршілікке қажеттсіз болған ауаның көлемінің қанша екенін бір Алла ғана білер. Табиғат-ананың әр аймаққа өлшеп берген ауасы, суы, желдері болады. Әрі осы космодромның теңіз бен мұхит жағалауында емес, ай тақыр құрылықта орналасуы, жерімізде күн өткен сайын оттегінің ауадағы қалыпты мөлшерден азайып кетуіне әкелуде. Тіптен сәуір мен қазан арасында бұл жерден оттегі алу мүмкін болмай қалған. Оттегінің ауа құрамындағы аз ғана ауытқушылығы, тек қана тыныс алуға емес, адам ағзасындағы зат алмасу процесстеріне де кері әсерін тигізіп, анемия, лейкомия, рак, тері аурулары мен көптеген медицинаның шамасы келмейтін аурларды да көбейтуде, әрі оған неше түрлі мутацияға ұшыраған жан-жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін қосыңыз . . .
Ауа мен бұлттардың табиғи ағымдары әлдеқашан бұзылған, ғарыш кемелері ұшқаннан кейінгі апталап тұратын желдер, көктем келіп, жеміс ағаштары гүлдеп тұрған кездердегі аяқ астынан пайда болатын үсіктер, дауылдар мен бұршақты нөсерлер, керек десеңіз біздің ауа райын болжаушылар мен халық арасынан шыққан көріпкел есепшілер де сол «Байқоңырға» қарап алаңдайтын болған . . .
Осыншама қолдан жасалып жатқан зардапты апаттардың негізгі себептері Ресейдің істен шығарылған «Satan» SS-18, 19, 20 ракеталары болып тұр. Орысша МБР РС-20А деп белгіленетін ракеталардың ядролық тастұмсықтары алынып тасталып, жер серіктерін ғарышқа ұшыруға бейімдеген. Бұл ракеталар Совет басшысы Горбачев пен АҚШ президенті Рейганмен арадағы келіссөз негізінде, қоршаған ортаға аса қатерлі қару ретінде жойылуға тиіс болатын. Оны сырт көзден және халықаралық қауымдастықтан жасыру үшін ауыр «Протон» ракеталары деп, жаңа ат берген. Және де бұл ракеталарды орбитаға шығарған кездегі болып қалатын кездейсоқтықтан сақтану мақсатында 20 тонналық қосымша ракеталық отын бактары қойылған.
Бұл ракеталарда қоршаған ортаға аса қауіпті гептил отыны қолданылады. Оның ауадағы рұқсат етілген шекті таралу мөлшері 1 мг/кубокилометр. Яғни өте улы зиянды бұл Гептил, химия тілімен айтқанда симметриясыз диметилгидразин (С2Н8N2) мен бірге ауасыз кеңістікте отынның жануын қамтамасыз ететін, Байқоңырдан, яғни қазақ жерінен сорылып алынған, ғарышқа қайтарымсыз кетіп жатқан, тіршіліктің көзі, Жаратушының әрбір жерге, әрбір елге және бізге де өлшеп берген несібесі - оттегі газы. Оттегі газы, айналамызды қоршаған атмосферадағы ауа құрамының - 20, 95%-н, азот - 78%-н, ал қалған 1% -н барлық қалған аргон, сутегі, ксенон, криптон, неон, көмір қышқыл газы сияқты басқа да газдар құрайды.
Бұл экологияға аса қауіпті ракета отындарының 50-60% ғана жанып үлгеріп, қалғандары жерімізге төгіледі екен. Гептил сұйық отыны - аса улы, тіршіліктің нағыз қас жауы. Осы ракеталарда жануды күшейтетін катализатор ретінде, күмістің ионы қолданылады. Бұл өз кезегінде гептилмен бірге төгіліп, ракета ұшып өткен траектория бойында мыңдаған шаршы километр жерлерде ылғалды бұлттар мен жерден ұшқан буларды қоюлатып, қатты буландырады. Әсіресе күз, қыс, көктем айларында көктегі кәдімгі жай шуда ақ бұлттар мен қатпар бұлттардың қалыңдығы 100-500 метр болса, «Протондар» ұшқаннан кейін бұлттар буланып қалыңдығы 7 шақырымға дейін жетіп, ауада жер бетіне күн сәулесін түсірмей орап қымтай жапқан, күннен тарайтын энергия көзін тұмшалап, одан ауа райы күрт суып, жаңбыр, артынан қалың (қыс кезінде) қар жауып, соңы 40-50 градустық аязға айналады.
2001 жылы желтоқсан айында, Ресей Байқоңырдан кетпек ниетпен, ылғалы көп Архангелскі облысында орналасқан Плесецкі космодромынан осы «Протонның» біреуін ұшырғанда, Ресейдің Европалық бөлігінде қалыңдығы бірнеше метрге жеткен қар жауып, Мәскеудің өзінде 40 градустай аяз болып, мыңдаған қаңғыбас - бомжылар қырылып, одан кейін бұл ракеталарды Ресей космодромдарынан ұшыруға тиым салынды. Батыс елдерінің өлердей қорқып «Сатана» деп атаған ракеталары ылғалы көп жерлерден ұшырғанда сұмдық аязды апаттар әкелетіні әскерилерге бұрыннан белгілі жағдайлар.
Тәжікстан мен Өзбекістанның оңтүстігінде өсірілетін биязыталшықты мақта плантацияларын жазғытұрымда бұршақтан қорғап, оны жауынға айналдыру үшін бұлттарды күмісті-иодтты снарядтармен атқылау тәжірибесі қолданылады.
Ал, Грузияның ылғалды таулы қыраттарындағы шай плантацияларын суғару үшін жаз айларында метеоракета ұшырылып, одан күміс иондары бүркіліп, жауын жаудырылады.
1997 жылы Жапон елі қысқы олимпиада өткізерде, күміс иондарын ұшақтармен бүркіп, қар жаумайтын жерде орасан қалың қар жауып, айналасын ылғалды теңіз қоршаған елде апатты жағдай қалыптасып, пайда болған қалың бұлттарды ыдырату үшін жүздеген истребитель-ұшақтарды қолданып зорға тоқтатқан.
Және есептен шығарылған бұл ракеталардың бүгінгі күндері 150 ден астамы Байқоңырда сақталып отыр. Оның үстіне оқу-жаттығу жиындарында Ресейдің Байқоңырда орналасқан стратегиялық мақсаттағы космос әскерлері негізгі қолданыста тұрған жаңа ракеталарды үнемдеп, ескі, есептен шығарылған ракеталарды Камчаткада орналасқан Кура (аумағы 10 000 шаршы километр) нысана - полигонына қалаған уақытында, Қазақстаннан сұрамай-ақ жібере береді. Егер бұл ұшырулар осылай жалғаса берсе, жоғарыдағы ракеталар 2018 жылы ғана таусылып, оған дейін осылай табиғатымыздың ойран-топалаңын шығара бермек . . .
Бұрындары жер серіктері Целиноград-Ақмола үстінен ұшып өтіп, бұл аймақтарда сұмдық аяздар болып тұратын. Қазір бұл қала Астанаға айналғасын мемлекеттік басшылық органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ғарышқа шығатын жер сер-іктерінің басқарылу траекториясы өзгертіліп, қазіргі күндері қыста бұрынғыдай қатты аяздар азайған. Оның есесіне траектория бағыты ОҚ облысының солтүстік аудандары мен Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына қарлы борандар әкеліп, оның әсері республиканың барлық аймақтарына тарап, оңтүстікте өзбек, қырғыз жері түгілі сонау тәжік жеріне дейін жетуде. Биылғы қыстағы Шығыс Қазақстан мен Монғолиядағы жалпы ғаламдағы сұмдық аяздар мен оңтүстіктегі теңіз бен мұхит жағасындағы елдердегі су тасқынды апаттар да осы «Протондардың» әкеліп жатқан қасіреті. Бұл жер серіктерін алып ұшатын зымырандар тапсырыстағы белгіленген өз орбитасына шыққанша ғаламшарымызды ондаған рет айналатындығы көпшілікке белгілі. Сондықтанда батыс елдері бұл зымырандарды «Сатана» - деп атаған . . .
Жоғарыда аталып өткен аяздардан кейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда жерлеріндегі көктемде гүлдеп тұрған жеміс ағаштары мен жидектерді үсіктер ұрып кетуде. Осыдан келетін шығындарды қарапайым арифметика тілімен есептеп көрейік. Оңтүстік облыстарда республика халқының жартысына жуығы мекендейді. Ең аз мөлшерді алып, бұл өңірлерде 1 миллион отбасы тұрады деп есептесек, оларды адам басына бөлмей, тағы да ең аз дегенде бір жылда бір отбасы 200 кг жеміс-жидектен пайдаланған жағдайында 200 000 000 килограмм болады екен. Ал осы өнімдердің әр килосын орта есеппен 150 теңгеден есептеп көрейік, сонда 200 000 000 * 150 = 30 000 000 000 (отыз миллиард) тенгенің жеміс-жидектерін жоғалтқан болып шығамыз.
Бұған жыл сайын әр отбасының үйлерін жылытуға кеткен отындарын (газ, мазут, дизель отыны, көмір, ағаш, электр энергиясын) қосыңыз. Бала-бақшалар, мектептер, денсаулық сақтау мекемелері, қарттар үйлері мен басқа да мемлекеттік мекемелердің пайдаланған энергокөздерін қаржымен есептеп көріңіз. Осы ұшырулардан пайда болған суықтардың әсерінен туындайтын тұмау және басқа да ауруларды емдеуге кеткен дәрі - дәрмектерге кеткен халықтың шығынын кім көтереді? Және осы космостық ұшырулардан кейін пайда болатын дауылдар мен қарлы борандардың зардаптарын жоюға, қар басқан үйлер мен авто және темір жолдарды аршуға кеткен шығындар қанша болады? Жабайы аңдардың (ақбөкен, киік, арқар, таутеке, жайран т. б. ) көктемде төлдеп жатқанда үсіп өлген шарана- жандықтарын кім есептеп жатыр?
Ұлы Жасаған иеміздің бізге берген жайлы табиғатының арқасында, осы оңтүстік өңірлерінде 1957 жылға дейін жылына екі рет ауыл шаруашылық өнімдерін алып келген. Ал енді осы жерлерімізден осынша уақыттан бері алынатын өнімдерді, жоғалтқан табыстарды кім есептеп жатыр? Мұның ең сұмдығы, ауа құрамындағы тіршіліктің көзі оттегінің азайып кетуінде, медицинаның шамасы келмейтін ауруларды көбейтуінде болып отыр.
Байқоңырды үкіметіміз 50 жылға Ресейге жалға берді. Олардан алатын жылақы бар болғаны 115 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоғарыда атап өткен жалпы шығын-дардың бәрін қосқанда бұл жал ақыға төленетін қаржының түкке де тұрмайтындығы белгілі. Аумағы алты мың шаршы километрден астам жерді алып жатқан Байқоңыр космодромынан Қазақ Еліне, бүгінгі күндері зияннан басқа ешбір пайда түсіп жатқан жоқ. Өткен сандарда және жоғарыда аталып өткен «Байқоңыр зардаптарынан» табиғатымыз бен халқымыз енді қашанғы азап шекпек? Қасіретті көп көрген көп ұлтты халқымыз қашанғы басқа елдің зертханасындағы тәжірибе үшін жаралған көжектердің күйін кеше береді? Осы елдің егесі бар ма, бар болса неге оны, яғни Назарбаев мырзаны бірінші, елдің мүддесі ойландырмайды? Адам баласына күнделікті нанынан басқа, таза ауа, таза су, экологиялық жағынан таза өнімдер керек емес пе?
Америкадан бастап, космостық державалар космодромдарын теңіз жағасына, мұқит ортасындағы аралдар мен атоллдарға орналастырады, себеп жоғарыда айтылған жалпы эколгиялық зардаптарды мейлінше азайту. Атлант мұқиты жағасында орналасқан Флорида штатында орналасқан космодромнан ұшқан әрбір космос кемесіне, НАСА сол штатқа 85 миллион доллар экологилық компенсация төлейді.
Ресей құрылықтардағы космодромдардың табиғат пен тіршіліктің қас жауы екенін ескеріп, өз жеріндегі космодромдарын, Қиыр Шығыстағы «Свободный» мен Архан-гельск облысындағы «Плецескіні» теңіз жағаларына орналастырған. Құрылықтағы «Байқоңырдан» коммерциялық ұшырулар, қосымша табиғатты қорғауға, тасымалдау және басқа да шығындарды олар үшін көп азайтады, әрі жергілікті халықтың экологиялық ақпараттардан мүлдем хабарсыз екенін, және өкіметіміз арттарынан жүгіріп жүргесін Ресей, әрине, өз жері емес, қуана-қуана, әрбір күнді тиімділікпен пайдаланып қалуға ұтылуда. Бүгінгі күндері «Росавиакосмос» агенттігі, 2010 жылға дейін «Байқоңыр» жерінен коммерциялық ұшырулардан, 40 млрд. АҚШ долларынан астам пайда табуды жоспарлаған болатын.
Кешегі одақ кезінде, космосқа шығып келген космонавтар мен сол аймақтарда қызмет атқарған үлкен шенді әскерилер Кисловодскі курорттарында жылына 2-3 ретке дейін ем қабылдап, ерекше бақылауда болып, оларға сол жерлерден тұрақты түрде тұруға үйлер берілетін және қазір де солай, тіпті кейбірі алыс шет елдерде денсаулықтарын түзеуде.
Қорғанысқа келетін болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстанға, ядролық клубқа кіретін елдердің біздің елдің алдында берген кепілдік-міндеттемелері бар екенін үкімет неге ұмытады, жерімізде ядролық қаруды жеткізетін құралдарды сақтау мен ядролық қаруы бар елдің бірі Ресейге сол қаруларды сынатып қою қандай логикаға жатады, қандай саясатқа негізделген? Сыртқы саясатта көп векторлы бағыт жүргізіп жатқан біздің елімізге, әскери блоктарға қосылмай-ақ бейтарап саясат жүргізгені дұрыс емес пе?!.
Соншама зиян келтіріп жатқан космодромды Ресейге 50 жылға жалға беруді созған өкіметіміз қандай мақсатты негізге алды?- деген осындайда заңды сұрақ туады. Ал ракета сынықтары түсіп жатқан жоғарыда аталған зоналарға төленетін өтем-қаржы есептелген бе, жоқ әлде космодромға төленетін жылдық 115 миллион долларлық жалақысының ішіне кіреме?
Біздің өкімет басшыларымыз да, бизнесмендер де экологиясы нашар Қазақстанда емес, алыс шет елдерде демалыстарын өткізіп жүргенін, мерзімді БАҚ-нан естіп те, көріп те жүрміз. Ал экологиялық қиын зардаптарды, сол аймақтарда кедейшілік жағдайында тұратын, күнделікті рациондары негізі нан мен шайдан тұратын, тойып тамақ ішпейтін, қарапайым халық тартуда.
Жерімізді тозаққа айналдырып, еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған «тажал-космодромның» қандай қажеттілігі бар?
Бүгінгі күндері ескі, есептен шығарылған, қолдану мерзімдері әлдеқашан өтіп кеткен қоршаған ортаға аса қауіпті салмағы 700 тоннадан астам «Сатана - Протондарды», салмақтары 300 тонналық «Союзды», 459 тонналық «Зенитті», 207 тонналық «Днепрді», 2360 тонналық «Энергия - Буранды» және басқа да аса ауыр әскери зымырандарды қазақ жерінен ұшыруға тиым салатын уақыт жетті деп есептейміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz