Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері


Жоспары.
І. Кіріспе . . . 2
ІІ. Негізгі бөлім. Қазақстан тарихындағы Семей полигоны.
а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы . . 4
б) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың
адамдарға, қоршаған ортаға әсері . . …5
ІІІ. Қорытынды бөлім . …13
IV. Қолданылған әдебиеттер . . . ……. 14
Кіріспе
Семестрлің жұмыстың өзектілігі. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.
КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.
Зерттелу деңгейі.
Н. Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі», О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан», «Арай» Журнал, белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов т. б. еңбектері Семей полигонының зардаптарымен қазақ халқына тигізген нәубетін оқырманға жеткізе алды.
Семестрлік жұмысты жазудағы менің міндетім Семей полигоны жайлы зерттеп, іске қосылу себептерін анықтау.
Семестрлік жұмысты жазудағы менің мақсатым Семей полигонының қазақ жеріне тигізген ауыр зардаптарын зерттеу.
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма?
Сол ядролық сынақ полигондарының бірі - Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды.
Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей - 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды.
Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.
Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе көп болды.
1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.
Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.
Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.
Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады.
Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді.
Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.
Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.
Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.
Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды.
Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі - иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.
1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті.
Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді.
Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.
Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.
Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды.
1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1, 7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады.
Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді.
1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.
Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.
Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты.
1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.
23 қараша 2010 ж. Семей полигоны жабылуының адамзат үшін қаншалықты маңызды екендігін ашып көрсетті
Өткен жексенбі күні кешке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Жапония Өкілдер палатасының Төрағасы Т. Йокомичидің шақыруымен осы елге ресми сапармен келді. Астанадан көтерілген “Боинг” ұшағының доңғалағы араға алты жарым сағат уақыт өткенде барып Жапонияның атақты Хиросима қаласының әуежайына келіп тигенде сағат тілі Астана уақыты бойынша 15. 30-дан, ал Токио уақыты бойынша 18. 30-дан асып жығылған еді.
Жапония - Қазақстан тәуелсіздігін алғашқылардың қатарында таныған елдердің бірі. Содан бергі тәуелсіздіктің он тоғыз жылы ішінде Қазақстанның әлемдік саясат дидарында қол жеткізген жетістіктері мен ішкі экономикалық өрлеуі нәтижесінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар одан әрі бекіп, ынтымақтастық арнасы сан қырлы жолдар арқылы дамып келе жатыр.
Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси қатынастар 1992 жылдың мамыр айында Жапония Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М. Ватанабэнің Қазақстанға жасаған сапарынан бастау алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылдың 6-7 сәуіріндегі және 1999 жылдың 5-8 желтоқсанындағы Жапонияға жасаған сапарлары екіжақты қатынастардың негізін қалады. Елбасының Жапонияға жасаған бірінші сапары барысында Кеңес Одағы мен Жапония арасындағы келісімдерді мойындау туралы ноталар алмасылып, Бірлескен мәлімдеме қабылданса, екінші сапар барысында Достастық, серіктестік және ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
1997 жылы Жапония Премьер-министрі Р. Хашимото Қазақстан және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты тереңдету мақсатында “Жібек жолы дипломатиясы” атты Жапонияның сыртқы саясат тұжырымдамасын қабылдады.
Ал егер екі ел арасындағы парламентаралық байланыстар тарихына назар аударатын болсақ, Жапонияда осыдан он жыл бұрын Қазақстанмен парламенттік достық лигасы құрылып, жұмыс істеп келеді. Бұл қоғам қос палатаның 37 депутатынан тұрады.
Осыған сәйкес 2004 жылы Қазақстан Парламенті Сенатында Жапониямен ынтымақтастықты дамыту тобы құрылса, 2005 жылы осындай топ Парламент Мәжілісінде де құрылды. Оның құрамы 26 депутаттан тұрады. Жетекшісі - Сәт Тоқпақбаев.
Бұл Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың Жапонияға жасап отырған осымен екінші ресми сапары екен. 2006 жылы Орал Байғонысұлы парламентшілердің жыл сайын өтетін Токиодағы 28-інші жаһандық іс-қимыл форумына қатысу үшін Қазақстан парламенттік делегациясын бастап келген-тін. Осы жылы Қазақстан Парламенті Сенатының сол кездегі төрағасы Нұртай Әбіқаев та Жапонияда арнайы шақыртумен болып қайтқан еді.
Егер екі ел арасында қалыптасып отырған қарым-қатынастың өзекті қырларына назар аударатын болсақ, Қазақстан мен Жапонияның халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұстанымдары ортақ және жақын. Жапония Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылғанын қолдады және Астананың халықаралық және аймақтық ұйымдарға кіруге бағытталған интеграциялық ынтасын оң бағалады. Сондай-ақ, Жапония Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сияқты өзара келісім мен бейбітшілікті сақтауға бағытталған бастамаларын жоғары бағалайды. Ал Қазақстан өзі тарапынан Жапонияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше болуына қолдау білдіруде.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігінен және басқа да мемлекеттік органдардан алынған осы қасаң ресми деректердің астарында үлкен мән бар екендігін айтуымыз керек. Жапония - атом қаруынан әлемде бірінші болып зардап шеккен ел. 1945 жылдың тамызында осы елдің Хиросима және Нагасаки қалаларында жарылған атом бомбасы адамзат қауымын қатты түршіктірген болатын. Бұл қасіреттің ешуақытта ұмытылмайтындығы анық. Ал Қазақстан - әлемде өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан бірінші ел. Осы жағдайдың өзі бұл екі елді бір-біріне жақындастыра түсуде.
Жапония 47 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады. Оларды префектура деп атайды. Солардың бірі - Хиросима. Оның орталығы Хиросима қаласы болып табылады. Парламент Мәжілісі Төрағасының Жапонияға ресми сапары осы префектураның басшысы Масао Хаяшидің қабылдауынан басталды. Кездесу барысында Масао Хаяши Қазақстанның аз жылда жеткен жетістіктеріне, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп келе жатқан саясатына, соның ішінде, әсіресе, әлемде бірінші болып, ядролық полигонды жауып, атом қаруынан бас тартқандығына тәнті екендігін жеткізді. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті жасаған дәл осы қадамның адамзат қоғамы үшін қаншалықты маңызды екендігін басқалардан гөрі оның ауыр зардаптарын бастан кешірген хиросималықтар жақсы түсінеді.
Шамасы, осы жағдайға байланысты болар, Хиросима қаласының халқы Қазақстанды жақсы біледі екен. Бұл қалада сөзін қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулетов жазған сазгер Төлеген Мұхамеджановтың Семей полигонының трагедиясын ашына жеткізетін “Заман-ай” әні жапонның танымал әншісі Томоконың жапон және ағылшын тілдеріндегі орындауында сан мәрте шырқалып, халықтың құлағына сіңісті болып кетіпті.
Қазақстандық делегация Бейбітшілік мемориалдық паркін аралап, осындағы мұражайдың экспонаттарымен танысты. Мұнда осыдан 65 жыл бұрын болған атом қаруының жарылысынан зардап шеккен қала мен оның халқының сол кездегі бейнесі адам жанын түршіктіреді екен. Бүкіл бір үлкен қала жер бетінен түгелдей жойылып кеткен. Жарылыстың қызуы адамдарды қойып қара тас пен құрыш темірдің өзін балқытып жіберген. Осыған қарап, Қазақстандағы Семей полигонының жабылуы адамзат қауымының алдында қаншалықты батыл саяси шешім болғандығын айқын сезіне түстік. Атом қаруы құрбандарына арналып тұрғызылған ескерткішке гүл шоқтарын қойдық. Қазақстандық делегация басшысы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына шағын сұхбат берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz