Меншіктік қатынастарының экономикалық жүйедегі орны


Жоспар.
- Кіріспе . . . 2
- Негізгі бөлім . . . 3-10
2. 1. Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі
2. 2. Меншіктің құрылымы мен формалары
2. 3. Меншік көптүрлілігінің объективті қажеттілігі
2. 4. Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
- Қорытынды . . . 10
- Пайдаланылған әдебиеттер . . . 11
Кіріспе.
Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.
Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.
Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынасы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі меншіктің жеке, мемлекеттік және аралас түрлерінің құқықтық ауқымын анықтайды.
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Кониститутциясы алғаш рет жеке меншік құқығын анықтады, осы кезден жекешелендіру және мемлекетсіздендіруге тұңғыш қадамдар жасалды. Жекшелендірудің заңдық негізі ”Меншік туралы” және ”Мемлекетсіздендіру және жекешелендіру туралы” Заңдарда көрініс тапқан.
Жаппай жекешелендіру 1992 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды.
Бірінші кезеңде (1992-93 жж. ) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.
Екінші кезең (1994-95 жж. ) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1992-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объектілер саясатынан оларды өткізуге 1994-95 жылдарға ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіпорындар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.
Негізгі бөлім.
2. 1. Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі.
Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.
Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.
Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.
Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.
Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.
Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.
Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қолданбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т. б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.
Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсаттарда өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады.
Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл:
өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;
өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;
қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.
2. 2. Меншіктің құрылымы мен формалары.
Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастардың негізі жеке меншік негізінде экономикалық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады. Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт жасасып, жылдық төлемді анықтады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәнінде дербес байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.
Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.
Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл өзара араласуымен өз қажеттерін қанағаттандыратын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.
Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.
Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі үлгілері жатады.
Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жалпы ұлт мүдделерін есепке ала отырып, барлық экономикалық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.
Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы, пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелімен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық, көп пайдалылық, белгілі бір саладағы қызмет, осының барлығы - жеке меншік иесінің еңбек нәтижесі, ұтуы, ұтылуы (2. 1. кесте) .
2. 1 кесте
Алайда, нарықта сұрапылдық пен анархия үстемдік етеді. Оны «көрінбейтін қол» деп, А. Смит қоғамдық мақсатқа сәйкестік пен тиімділіктің қорытындысын айтқан. Сондықтан меншік иесі меншік нарығында пайдасын ойлап, есептеп, оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өзіне керекті ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жаты. Ол адам мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін ең көп шамада жұмылдырады.
2. 3. Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі.
ХІХ ғасыр үшін жеке меншікке негізделген, жұмыс күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән болды. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана емес, сонымен қатар, социал-демократтар, түрлі партиялар мен қозғалыстар теңсіздік пен жеке меншіктің орнына қоғамдық меншікті құру үшін күресті.
Қоғамдық меншік негізінде адамзат қоғамын ұйымдастыру логикасы меншіктің жалпы халықтық және мемлекеттік формасында құрылуы шарт. Оның формаларының көп түрлілігі болуы мүмкін.
Қоғамдық меншік бірігіп иеленуді, билеу, пайдалануды болжайды. Егер қоғамдық меншік - ортақ, бірігіп иелену болса, онда ол өндіріс құралдарына қатысты адамдардың барлығын теңестіреді. Бұл қоғам мүшелерінің теңдігі, адамды адам қанау сияқты капитализмнің басты кемшілігін кері ысырып тастайды. Сондай-ақ, оңай табылатын табыстарды пайдалануды жояды. Барлық қоғам мүшелері тіршілік ететін қаражаттардың жалғыз қайнар көзі жалпы және міндетті сипатқа ие жеке еңбек болуға тиіс. Осыдан бөлудің социалистік принциптері шығады: «кім жұмыс істемесе, сол тамақ ішпейді». Бұл, социалистік өндіріс құралдары қоғамдық меншікке негізделген. Мұнда жаман ештеме жоқ.
Алайда, өндіріс құралдарына қоғамдық меншіке алғашқы қалыптасуынан-ақ оған шешілмейтін қайшылықтар жүктелген болатын: иеленуге мүліктік құқықтың болмауы (2. 2. кесте) . Қоғамдық меншікті іске асыру.
Қоғамның барлық мүшелері меншік иелері. Алайда солардың біреуі өндіріс қаражатын, құралдарын билеп, басқарып немесе өндіріс пропорцияларын анықтау керек. Ешкім жеке өзі, дербес, мұны істей алмады. Сонда теңдік негізінде құрылған қоғам «басқару аппаратын» құрды. Ол халықтың атынан - өндіріс қаражаттарының меншік иесінің атынан иелену, пайдалану және меншікті билеуді жүзеге асырады. Бірақ қоғамның экономикалық қайшылықтары, бара-бара шешілмейтін мәселе бола бастайды. Мемлекеттік билік ауқымды шаруашылықты басқару мүмкіндігін жоғалтты, саяси және экономикалық биліктің өзі өтімді бола бастады. Меншік құқығы басқару аппаратының тікелей араласуынсыз іске асырылады.
Қоғам үшін қиын жағдай биліктің партиялық мемлекеттік, шаруашылық, заңдық, атқарушылық формаларының объективті ұлғаюы болады. Биліктің бұл аппараты тек халықтың атынан ғана емес, сонымен қатар халықтың өзін өндіріс қаражаттарын, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық тұрғыдан басқаратын корпоративті күшке айналады.
Тағы бір әлеуметтік және экономикалық тосқауыл, нарық қызметтерін реттейтін, ынталандыратын маңызды экономикалық категориялар біртіндеп ыдырай бастады. Жай түсінікте нарық болған жоқ, оның «көрінбейтін қолы», тәуекелі, ынтасы, ізденушілігі, тұтынушылық жұмысы жоғалып кетті. Осының барлығын ештеңемен ауыстыруға болмады, ал нарық қатаң бәсекелестік жағдайында әрекет ететін табысты, ынталы, есепке бейім өндірушілерді таңдады және таңдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz