Азаматтық қоғам



ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Азаматтық қоғам туралы жалпы түсінік
2. Азаматтық қоғамның құрылымы
ІІІ. Қорытынды
КІРІСПЕ

Бұл семестрлік жұмыста біздің қарастыратын тақырыбымыз азаматтық қоғам. Қалың жұртшылық қатты зейін қойып отырған осы азаматтық қоғам дегеніміздің өзі не? Бұған деген түсінік бір ізге түскен бе? Оның ғылыми-теориялық, практика¬лық жағы жан-жақты зерттелген бе? Жалпы түсінік қалай? Осы мәселелерді алдағы бөлімдерде толығырақ қарастырамыз.
Азаматтық қоғам – бұл біріншіден, дамудың белгілі сатысында экономика, саясат және әлеуметтік-рухани салаларда ерікті түрде құрылған мемлекеттік емес құрылымдар болып табылады. Екіншіден, мемлекеттік емес экономикалық саяси, әлеуметтік, отбасылық (семьялық), ұлттық, рухани, діни, адамгершілік және басқа қатынас¬тардың жиынтығы.
Үшіншіден, еркін индивидтердің және азаматтардың өз еріктерімен топтасқан ұйымдары мен ассоциацияларының өзін-өзі көрсету саласы. Сонымен азаматтық қоғам мемлекет өзінің тікелей қарамағына алмаған қоғамның белгілі бір құрамдас бөлігі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Батыгин Г.С. Обоснование научного вывода в социологии. М.І986
2. Вардомацкий А.П. Аксио-биографическая методика. «Социс»1991, №7.
3. Гречихан В.Г. Лекции по методике и технике социологических исследований.
4. И. Шәмшатұлы, М. Дәкенов және т.б «Әлеуметтану» Алматы:1999.
5. Ә. Нысанбаев «Социология». Алматы:2002.
6. Ұ. Е. Сыдыков «Инженерлік еңбектің социологиясы» А:2003.
7. Д.С. Орынбекова «Социология» А:2002, 83 бет
8. Ә.Х.Тұрғынбаев. «Социологиядан лекциялар курсы»А:2001.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Азаматтық қоғам туралы жалпы түсінік
2. Азаматтық қоғамның құрылымы
ІІІ. Қорытынды

КІРІСПЕ

Бұл семестрлік жұмыста біздің қарастыратын тақырыбымыз азаматтық
қоғам. Қалың жұртшылық қатты зейін қойып отырған осы азаматтық қоғам
дегеніміздің өзі не? Бұған деген түсінік бір ізге түскен бе? Оның ғылыми-
теориялық, практикалық жағы жан-жақты зерттелген бе? Жалпы түсінік қалай?
Осы мәселелерді алдағы бөлімдерде толығырақ қарастырамыз.
Азаматтық қоғам – бұл біріншіден, дамудың белгілі сатысында экономика,
саясат және әлеуметтік-рухани салаларда ерікті түрде құрылған мемлекеттік
емес құрылымдар болып табылады. Екіншіден, мемлекеттік емес экономикалық
саяси, әлеуметтік, отбасылық (семьялық), ұлттық, рухани, діни, адамгершілік
және басқа қатынастардың жиынтығы.
Үшіншіден, еркін индивидтердің және азаматтардың өз еріктерімен топтасқан
ұйымдары мен ассоциацияларының өзін-өзі көрсету саласы. Сонымен азаматтық
қоғам мемлекет өзінің тікелей қарамағына алмаған қоғамның белгілі бір
құрамдас бөлігі.

Азаматтық қоғам туралы жалпы түсінік

Азаматтық қоғам құру мәселесі кеңестік жүйенің құшағынан шыққан
елдердің бәрінде де кеңінен сөз болуда. Азаматтық қоғамның тұжырымдамасын
жасап, оның мәнін, мазмұнын, қызметі мен құрылымын анықтауға, азаматтық
қоғам институттарын жетілдіруге және оның мемлекеттік органдармен қарым-
қатынасын айқындауға барынша белсенді талпыныс жасалуда. Демократия мен
азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстан
Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасын жасап,
баспасөзде талқылауға ұсынған болатын. Бұл тұжырымдаманы биылғы жылы
Демократиялық реформалардың бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі
мемлекеттік комиссия қайта қарап, оған түзетулер мен өзгерістер енгізіп,
Елбасының қарауына ұсынды.
Бір сөзбен айтқанда, азаматтық қоғамға деген ықылас саясаткерлер арасында
ғана емес, бүкіл зиялы қауым өкілдері арасында күшейіп отыр. Олар
еліміздегі демократияландыру үдерісін осы азаматтық қоғамның дамуымен
байланыстыруда. Мұның себебі, азаматтық қоғамды демократияның негізгі
атрибуты ретінде қарау қазір кеңінен қолдау тауып отыр.
Қалың жұртшылық қатты зейін қойып отырған осы азаматтық қоғам
дегеніміздің өзі не? Бұған деген түсінік бір ізге түскен бе? Оның ғылыми-
теориялық, практикалық жағы жан-жақты зерттелген бе? Жалпы түсінік қалай?
Осы мәселелер жайы бүгін әркімді-ақ толғандырып жүр.
Көпшілікке мәлім, бұл күнде біз азаматтық қоғам құруды мақсат етіп
отырмыз. Шындығына салсақ, мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам
болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде
реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынасты азаматтық қоғам
институттары жүзеге асырған.
Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың
қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, жеке меншікті туғызды.
Осы меншікті қорғау, оған деген меншік иелерінің құқығын сақтау, меншіктер
арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің – мемлекеттің пайда
болуына әкелді.
Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттары нығая бастаған кезде
бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды. Қоғамды басқару мемлекет
қолына көшті. Мемлекет нығая келе, азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп,
біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік
кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.
Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық
қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.

Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде, оның
ішінде Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын
дамытуға бағыт ұсталып отыр. Азаматтық қоғам құруды елді
демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгін
берік қалыптасты.
Сонымен, халықтың басым бөлігі – саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық
азаматтар да – ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не? Азаматтық
қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл
құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу,
өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете
ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол
ашатын бірден-бір институт-феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша
қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?
Кез келген адам белгілі аумаққа иелік еткен елде өмір сүреді. Бұл ел
демократиялық, жартылай демократиялық, монархиялық немесе авторитарлық,
империялық немесе тоталитарлық мемлекет болуы мүмкін. Мемлекеттің өз
конституциясы, рәміздік белгілері бар. Мемлекеттік билік жүргізетін
әкімшілік аппараты – бюрократиясы бар. Ол Конституция негізінде елді,
қоғамды басқарады, оның қалыпты өмір сүруін, еңбек етіп, материалдық,
рухани игіліктерді дүниеге келтіруін, жасампаздық істерді жүзеге асыруын,
елдің ішкі-сыртқы қауіпсіздігін, бір сөзбен айтқанда, азаматтардың
өркениетті өмір сүруін қамтамасыз етуге басшылық етеді.
Қоғамда мемлекет билігінен, оның институттарынан басқа құрылымдар,
топтар, қауымдастықтар да өмір сүреді. Өйткені адамдар мемлекет қабылдаған
заңдар мен жарлықтарға сәйкес өмір сүргенімен, олардың бәрі бірдей
мемлекеттік институттармен тегіс қамтыла бермейтіні белгілі. Қоғам
мүшелерінің бәрі бірдей мемлекеттік қызметшілер немесе шенеуніктер емес,
олардың көбі – қарапайым азаматтар. Олардың өз қабілеттерін,
мүмкіндіктерін, ерік-жігерін, саяси-адами сұраныстарын, өз талаптарын іске
қосу үшін мемлекеттік институттардан басқа азаматтық қоғам құрылымдарын
қажет етеді. Осы өмірлік қажеттіліктер азаматтық қоғамды талап етеді.
Адамдардың арман-қиялынан емес, күнделікті тұрмыс-тіршілік
қажеттіліктерінен туған феномен – бұл азаматтық қоғам болып табылады.
Саясаттану сөздіктерінде азаматтық қоғамның анықтамасы біркелкі емес.
Бірақ ғалымдар арасында қалыптасқан анықтама мынаған әкеп саяды. Азаматтық
қоғам дегеніміз мемлекеттен тәуелсіз және онымен қатар өмір сүретін
қоғамдық өмірдің айрықша саласы, ол әртүрлі әлеуметтік топтардан,
бірлестіктерден, мәдени, ұлттық, кәсіби және басқа қауымдастықтардан
құралады. Ол адамдардың сан қырлы мүдделерін бейнелеудің маңызды формалары
ретінде қызмет етеді.
Гегель кезінде мемлекеттің әрекет ететін аумағы – ортақ мүдделерді қорғау
болса, ал азаматтық қоғамның аясы жеке мүдделерді қорғаумен ерекшеленеді
деген болатын.
Ал бүгінгі әдебиеттерде азаматтық қоғамға қоғамдағы саяси
қатынастардың бүкіл жиынтығын жатқызады, яғни бүкіл саяси жүйенің өмірлік
негіздерін құрайтын экономикалық, әлеуметтік, оның ішінде ұлттық,
адамгершілік, діни қатынастардың жиынтығы енеді.
Бүгінгі қолданыста азаматтық қоғамның мынандай анықтамасы кеңінен кездесіп
жүр. Ол: азаматтық қоғам адамдардың өз еркімен құрылған ассоциациясы мен
ұйымдарының саласы, олар белгілі заңдар арқылы мемлекеттік билік
органдарының тарапынан араласуды, қол сұғуды мойындамайтын, мемлекетке
тәуелсіз институттардың жиынтығы.
Ресей Ғылым академиясының академигі Ю.Поляков өзінше азаматтық қоғамға
анықтама беруге ұмтылып, азаматтық қоғамды орта ғасыр мен абсолютизмнің
жемісі емес, жаңа және қазіргі тарихтың жемісі деп бағалайды. Өйткені тарих
әрқилы кезеңді бастан кешірді. Онда жағдай түрліше болды. Мемлекет адамның
конституциялық құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету үшін қажетті әрі
ықпалды құрылымдарға ие бола отырып, демократиялық қағидаттарды басшылыққа
ала отырып, қоғамдық құрылысты күштеп құлатуды жақтамайтын қоғамдық
ұйымдардың бәрінің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейтін кезеңде “азаматтық
қоғам пайда болады” деген пікірді айтады. (Қараңыз: “Свободная мысль –
ХХІ”, 2006, №12, 58 б.)
Азаматтық қоғам – бұл біріншіден, дамудың белгілі сатысында экономика,
саясат және әлеуметтік-рухани салаларда ерікті түрде құрылған мемлекеттік
емес құрылымдар болып табылады. Екіншіден, мемлекеттік емес экономикалық
саяси, әлеуметтік, отбасылық (семьялық), ұлттық, рухани, діни, адамгершілік
және басқа қатынастардың жиынтығы.
Үшіншіден, еркін индивидтердің және азаматтардың өз еріктерімен топтасқан
ұйымдары мен ассоциацияларының өзін-өзі көрсету саласы. Сонымен азаматтық
қоғам мемлекет өзінің тікелей қарамағына алмаған қоғамның белгілі бір
құрамдас бөлігі.
Бұрын қоғамда экономиканың гүлденуі қамтамасыз етілгенде демократиялық
сананың өзі өз кезегімен өмірге берік енеді деген ұғым үстем болып келген-
ді.
1992 жылы “Тарихтың ақыры және соңғы адам” деген еңбегінде Ф.Фукуяма
бұл қағидаға соққы беріп, оны жоққа шығарды. Экономикалық өрлеу мен
демократияның салтанат құруында тікелей еш байланыс жоқ деген ұйғарым
жасады. Бұлар бірі бірін жетелеп өмірге әкелмейді. Тіпті демократия
экономикаға кері әсер етеді деген де байлам жасады.
Адам тамағы тоқ, киімі бүтін болса да, ешқандай қанағат сезіміне
бөленбейді. Ол өзін қоршаған ортаның мойындауын, бағалауын, құрметтеуін
аңсайды. Мұндай сезімнің күштілігі соншалық адам баласы кейбір оқыс қимыл-
әрекеттер арқылы өзін көрсетуге еріксіз тырысады. Осы жолда тәуекелге
барады, оппозицияға қосылады, ереуілге шығады, билікке қарсы пікір айтады,
қарсылық білдіріп, сындар айтады, әділеттілікті талап етеді. Өзін күрескер
ретінде көрсетуге ұмтылады. Қоғамдағы либерализм оған мұның бәрін жасауға
еркіндік береді. Өзін мойындату үшін адам бәріне барады: тәуелсіз баспасөз
беттерінде сөйлейді, парламентке өтуге тырысады, саяси партиялар мен
қозғалысқа қатысады. Түрлі қоғамдық бірлестіктерге барып, өзін танытуға
ұмтылады. Сол арқылы ішкі наразылықтарын, тілек-талаптарын сыртқа шығарып,
нақты іске айналдыруға тырысады.
Бұл адамдарды азаматтық қоғам институттарына бірігуге жетелейді. Бұған
көбінесе билік те себепші болады. Шенеуніктер қарапайым адамдарды көзге
ілмейді, оларға азамат-тұлға деп қарамайды, тілек-талаптарын жүре тыңдайды.
Бары да, жоғы да бірдей деп есептейді. Бұл адамдардың бойында ыза-кек, ашу-
реніш туғызады. Оны жеке адам оңаша жүріп толық көрсете алмайды. Жалғыздың
үні шықпас, жаяудың шаңы шықпастың мәнін жете ұғынып, ұжымдасуға мәжбүр
болады.
Өзін таныту, ашу-ызасын анық сездіру үшін адамдар амал-айла іздейді.
Мұның бірден-бір жолы ұйымдасу, бірігу деп біледі. Сондықтан да азаматтық
қоғамды – мемлекеттен тәуелсіз – жеке адамдардың өз еркімен ұйымдарға
бірігуі, өздерін өздері танытуға мүмкіндік алуының бірден-бір алғышарты деп
ұғады. Сонымен азаматтық қоғамды өмірдің өзі туғызады.

Азаматтық қоғамның құрылымы

Азаматтық қоғамның құрылымы күрделі, ол негізінен үш салада көрініс
береді. Біріншісі, экономикалық салада азаматтық қоғамның құрылымдық
элементтеріне мемлекеттік емес кәсіпорындар – кооперативтер, арендалық
ұжымдар, ассоциациялар, корпорациялар және тағы басқа шаруашылық
саласындағы, азаматтардың өз бастамаларымен ұйымдасқан еркін бірлестіктері
жатады.
Екіншісі, әлеуметтік-саяси саладағы азаматтық қоғамның құрамына: отбасы,
қоғамдық, саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, тұрғын жайдағы қоғамдық
өзін-өзі басқару органдары (КСК) немесе еңбек және басқа ұжымдардағы өзара
көмек беру кассалары, әлеуметтік шиеленістерді шешетін тетіктер,
мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары және т. б.
Үшіншісі, азаматтық қоғамның рухани өмірдегі көріністері: сөз, жиналыс
бостандығын, өз пікірлерін емін-еркін жеткізу, шығармашылық, ғылыми және
басқа бірлестіктердің мемлекеттен және саяси жүйеден тәуелсіз өз еркін
білдіруі болып табылады.
Азаматтық қоғамның бұл үш салада бірдей өз құрылымына ие болуы оның
қоғамдағы орнын әрі маңыздылығын көрсетеді.
Азаматтық қоғамның қалыптасуына бұл күнде ықылас күшейіп келеді. Оған билік
те, оппозиция да, либерал-демократтар да, консерваторлар да зейін қоюда.
Либералдар болса, мемлекеттің күшеюіне мүлдем қарсы, олар биліктің
ықпалын, әсер ету шеңберін тарылтып, оның үлесіне белгілі саланы ғана
қалдыруды жөн санайды. Мұның бірден-бір жолы азаматтық қоғамды қалыптастыру
деп түсінеді. Олар азаматтық қоғамды дамыту арқылы мемлекеттің ықпал ету
аясын шектеуді демократияға жетудің бірден-бір жолы деп таниды. Мұнда
белгілі бір негіз бар. Азаматтық қоғам адамдардың белсенділігін арттырады.
Саяси ғана емес, әлеуметтік, рухани, адами қабілеттері мен мүмкіндіктерін
толық іске қосуға кеңінен жағдай жасайды.
Қоғамның әрбір мүшесі өзінің жасына, жынысына, әлеуметтік тегіне, табиғи
бейімділігіне қарай өзінің ішкі әлеуеттік қабілеттерін жүзеге асыру үшін
қоғамдық ұйымдарға бірігеді, өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік алады.
Саяси билікке араласу үшін саяси партиялар мен қозғалыстарға қатысады.
Өнердегі дарынын жетілдіру үшін көркемөнерпаздар ұжымдарын ұйымдастырады.
Бұдан ол өзіне ләззат алады. Зейнеткерлер де ересектер хорына қатысып,
көпшілік алдына шығып, ән айтады. Бұдан материалдық пайда көрмесе де, адами
қанағаттану сезіміне ие болады. Филателистер, шахматшылар, балық
аулаушылар, шаңғы тебушілер, парктерде ертемен жүгіретін топтар құрылып,
жұмыс істейді. Өзара араласу, қарым-қатынасқа түсу адамдарда белгілі бір
қуаныш сезімін туғызады, өздеріне жігер беріп, өмірге деген құштарлығын
арттырады.
Адам баласы бір-бірімен қатынас жасауға, өзара пікірлесуге ортақ
мәселені бірлесіп шешуге әрқашан ынталылық танытады. Сондықтан да
материалдық ынталылықтан басқа адами қажеттіліктер де азаматтық қоғамның
институттарын жасақтауға себепші болады. Мәселен, тұрмысы жақсы отбасын
алайық. Үй иесі ақшалы кәсіпкер, зайыбы үйде. Тұрмысқа қажеттінің бәрімен
бұлар қамтамасыз етілген. Ештеңеге мұқтаж емес. Бірақ кәсіпкердің зайыбы
үйде босқа отыра алмайды. Өмірге араласқысы, еңбек еткісі келеді. Өзі
өнерді жақсы көреді. Живописьті жақсы түсінеді. Ол жас суретшілер клубын
ұйымдастырып, оған бұл өнерге икемді жас талапкерлерді тартады. Олардың
сурет көрмелерін ұйымдастырады, насихаттайды. Бұдан өзіне ләззат алады,
қанағат сезіміне бөленеді.
Жоғарыда азаматтық қоғамның анықтамасына әрі оның құрамына тоқталдық.
Азаматтық қоғамға деген үлкен ықыласты, оны қалыптастыруға мүдделілікті
айттық.
Өткен жылы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық
комиссия мәжілісінде “Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың
(2006-2011 ж. ж.) тұжырымдамасы” әзірленіп, баспасөзде жұртшылықтың
талқылауына ұсынылды. Оны жаңадан құрылған Мемлекеттік комиссия да қайта
қарап, өз өзгерістерін енгізді.
Баспасөзде жарияланған жобаның өзінде (“ЕҚ” мен “Казахстанская правда”,
9.07.05) азаматтық қоғамға жете мән берумен бірге бірқатар екіұшты пікірлер
де кездеседі.
Бұл жобада қоғам елдің экономикалық, саяси дамуының белгілі бір
кезеңінде, халықтың әл-ауқаты, мәдениеті мен өзіндік төл санасы өсуі
кезінде азаматтық қоғамға ұласады деп жазылған. Шындығына келгенде, бұл
көрсеткіштер азаматтық қоғамның дүниеге келуін туғызбайды, керісінше,
азаматтық қоғам бұл биік деңгейді қамтамасыз ету үшін өмірге келеді, яғни
азаматтық қоғам адам баласының тіршілік етуінің маңызды факторына айналады,
материалдық, мәдени және рухани өрлеуді, халықтың өзіндік танымын
қамтамасыз етеді. Сол үшін халық азаматтық қоғамды қажет етеді. Азаматтық
қоғам адам дамуының жиынтығы-салдары емес, сол адам қоғамының қалыптасуының
құралы, себебі болып табылады. Себеп пен салдарды шатастырмай, яғни атты
арбаның соңына емес, алдына жегу керек.
Азаматтық қоғам, шындап келгенде, халықтың әл-ауқатының жақсаруына,
мәдениеті мен санасының өсіп-өркендеуіне қызмет етеді. Ал жобада
айтылғандай, азаматтық қоғам бұл алғышарттар дайын болғанша күтіп отыра
алмайды, керісінше, бұл өрлеуді азаматтық қоғамның өзі қамтамасыз етеді.
Молшылық қашан болады, материалдық-рухани игілік қашан жасалады деп,
азаматтық қоғамға ұмтылмай, қол қусырып отыра беруге әсте де болмайды.
Жобадағы қағидаға сүйенсек, кедей елде ешқашан азаматтық қоғамға үміт арту
мүмкін емес. Бұл теріс пікір.
Мұның өзі азаматтық қоғамның шын мәнісі мен басты мұратын түсінбеу
деген сөз. Керек болса, алғашқы қауымдық құрылыс тұсында да азаматтық қоғам
өмір сүрген.
Сондай-ақ жобада “азаматтық қоғамды қалыптастырудың аса маңызды
алғышарты адам тұлғасы маңызының артуы болып табылады”, делінген. Бұл да
дәл ұғым емес. Мұнда себеп пен салдардың орны ауысып кеткен. Азаматтық
қоғам тұлға (личность) рөлі артуының алғышарты емес, керісінше оның
нәтижесі, салдары болып табылады.
Біз азаматтық қоғамды құруға не үшін ұмтыламыз? Өйткені азаматтық қоғам
адамның тұлғалық мәнісінің артуына себепші болады. Сол үшін оған тырысамыз.
Тұлғаны дамыту азаматтық қоғамды қажетсінеді. Сол қоғам өмірге келгенде
адамның тұлғалық мәні арта түседі.
“Азаматтық қоғам саяси жүйені демократияландыру жағдайында ғана өсудің
биік деңгейіне көтеріледі” деген тұжырым да дәл емес, даулы қағида.
Керісінше, азаматтық қоғамның дамуы мен нығаюының өзі саяси жүйені
демократияландыруға әсер етеді.
Саяси жүйені жетілдірудің өзі азаматтық қоғамды қалыптастыруға тікелей
байланысты. Сондықтан да біз бұл күнде тоталитаризм мен авторитаризмге жол
бермеу үшін азаматтық қоғамға иек артып отырмыз, сол арқылы саяси жүйені
жетілдіруге күш салудамыз.
Қазақстан халықтары Ассамблеясын өзінің құрылымы, қызметі жағынан
азаматтық қоғам институтына жатқызуға болады. Бірақ оның құрамында билік
өкілдерінің, шенеуніктердің көп болуы оны бұл сипатынан қашықтата түседі.
Қазір ол билік пен ұлттық диаспоралардың арасындағы дәнекерлік институт
болып отыр. Оған ұлттық мәдени орталықтар мен ұлттық құрылымдар енеді.
Бұлар ұлт диаспоралары арасында белгілі мәдени, этнографиялық
құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрыпты, ұлттық тіл мен өнерді дамытуда белгілі
рөл атқаруда. Ұлттық элиталардың қоғамдық өмірге араласуына жағдай жасауда.
Олар өз диаспораларының мүддесін қорғап, солардың көңіл-күйлерін, саяси
ахуалын бейнелеп отыр. Бірақ бұл орталықтар саяси институттар болып
табылмайды. Олар ұлтаралық қатынастардың түбегейлі мәселелеріне тереңдеп
бойлап, олардың көкейкесті мәселелерін талдап-шешуге, сүбелі,
перспективалық міндеттерді алға тартуға әлі әзір емес. Ұлтаралық
қатынастардың терең құбылыстарын зерделеп, олардың мән-мағынасын, өмірде
кездесетін қайшылықтарын шешудің жолдарын көрсетуге әлі қабілетсіз, әлсіз.
Азаматтық қоғам институттарының құрамына мемлекеттік емес тәуелсіз
бұқаралық ақпарат құралдары да жатқызылып жүр. Шындап келгенде, бұлардың да
өз өзгешелігі бар.
Көптеген газет-журналдар мен электрондық ақпарат құралдары мемлекеттен
тендер арқылы тапсырыс алады немесе үкіметке жақын кәсіпкерлер мен
банктердің, ірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғамның қалыптасуының теориялық кезеңдері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет қалыптасуының теориялық негіздері
Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі
ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Азаматтық қоғамының экономикалық жүйесі
Азаматтық қоғам түсінігі мен оның қызметі
Рента шартының шарттардың бір түрі ретіндегі құқықтық аспектілері
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
Саяси партиялардың алуан түрлілігі
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Пәндер