Пайда теориясының маңызына тоқталған екі көзқарас



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

І Пайда теориясының маңызына тоқталған екі көзқарас
1.1Пайда теориясының маңызына тоқталған екі көзқарас Маркстік және қазіргі кезеңдегі экономикалық ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Пайданың негізгі мағынасы және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІ Пайданың қызметі, түрлері
2.1 Пайданың экономикалық категория ретіндегі маңызы ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Пайданың қаржылай тұрақтылығы және кәсіпорын
табысын жабдықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

ІІІ Пайданы көбейту жолдары
3.1 Кәсіпорында пайданың құралуының тиімділік көрсеткіштері ... ... .17
3.2 Пайданың қаржылай тұрақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.3 Пайдамен табыстың өзара қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе
Пайда экономикалық категория ретінде әртүрлі өндіріс тәсілдерінде де өмір сүрді: құл иеленуші және феодалдық қоғамында растовщиктер және сауда пайдасы түрінде. Пайда казіргі өндірісте де косымша кұнның негізгі түрі ретінде сақталып келеді. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорын-дардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсілорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымея нарықтық қатынастар негізінде мумкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жүмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Пайда категориясын қарас-тырғанда зкономикалық (таза) және бухгалтерлік пайданы ажырата білу қажет. Бұл ұғымның пайда болуы, шығындардың ішкі және сырткы жоғарыда айтылған болып шектелуінде. Экономикалық (таза) пайда - кәсіпорын сатқан өнімінен түскен ақшадан (толық түсім) ішкі және сырткы шығындар сомасын (оған орта пайда да косылады) алып тастағанға тең.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. К.Ш. Дүйсенбаев., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиев
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001
2. Анализ хозяйственной деятельности впромышленности: Учебник /И.А Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др: Под. общ. ред. В.И. Стражева. – Минск: Высшая школа, 1995
3. Назарбаев Н.А. Қазақстан - 2030. «Процветание, безапасность и улучшение благосотояния всех казахстанцев» Послание Президента страны народу Казастана
4. Райымқұлұлы С. «Экономикалық теория негіздері» Шымкент 2005
5. Я.Ә. Әубәкіров., Б.б. Байжұмаев., Ф.Н. Жақыпова., Т.П. Табаев
«Экономикалық теория» Алматы 1999
6. Н. Қ. Мамыров., Қ.С. Есенғалиева., М.Ә. Тлеужанова «Микро
экономика» Алматы 2000
8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. К.орын экономикасы. А- 2003
9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992
10. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000
11.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы және
кәсіпкерлік» Алматы 2002
12. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003
13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы 2001
14. Сәбден О., Тоқсанова А. «Шағын кәсіпкерлікті басқару»А-2002
15. Экономика зарубежных стран. Москва 1990
16. История экономических учений Москва 1994

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
І Пайда теориясының маңызына тоқталған екі көзқарас
1.1Пайда теориясының маңызына тоқталған екі көзқарас Маркстік және қазіргі
кезеңдегі экономикалық ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Пайданың негізгі мағынасы және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ Пайданың қызметі, түрлері
2.1 Пайданың экономикалық категория ретіндегі
маңызы ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Пайданың қаржылай тұрақтылығы және кәсіпорын
табысын
жабдықтау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..14
ІІІ Пайданы көбейту жолдары
3.1 Кәсіпорында пайданың құралуының тиімділік көрсеткіштері ... ... .17
3.2 Пайданың қаржылай
тұрақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3.3 Пайдамен табыстың өзара қарым-
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...30

Кіріспе
Пайда экономикалық категория ретінде әртүрлі өндіріс тәсілдерінде де
өмір сүрді: құл иеленуші және феодалдық қоғамында растовщиктер және сауда
пайдасы түрінде. Пайда казіргі өндірісте де косымша кұнның негізгі түрі
ретінде сақталып келеді. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар
кәсіпорын-дардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын
едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз
бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы
рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен
іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсілорындар
бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді
(жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз
қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл
және қатесіз таңдауымея нарықтық қатынастар негізінде мумкіндігінше тез
және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жүмыстарының тиімділігі
әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші
субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған
шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне
тікелей тәуелді. Пайда категориясын қарас-тырғанда зкономикалық (таза) және
бухгалтерлік пайданы ажырата білу қажет. Бұл ұғымның пайда болуы,
шығындардың ішкі және сырткы жоғарыда айтылған болып шектелуінде.
Экономикалық (таза) пайда - кәсіпорын сатқан өнімінен түскен ақшадан (толық
түсім) ішкі және сырткы шығындар сомасын (оған орта пайда да косылады)
алып тастағанға тең.

І Пайда теориясының маңызына тоқталған екі көзқарастың сипаттамасы
1.1 Пайда теориясының маңызына тоқталған екі көзқарас Маркстік және
қазіргі кезеңдегі экономикалық ілім
Пайда және оны максимизациялау әсіресе нарықтық катынастық барлық
өндірістің және шаруашылық салаларынын негізгі накты мақсаты болып
табылады. Осы орындап отырған курстық жұмыстың мақсаты: жеке
кәсіпорынның нарықтық белгілі бір модельіндегі, яғни жетілген
бәсекелестік жағдайында іс- әрекеттің зерттеуі болып табылады. Бұл
модуль зерттеуді жеңілдететін алғы шарттардан туындайтын, нақты
экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым
болып саналады. Алайда ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге
көп деген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап
айтқанда, өнім өндіру көлемімен тауардың бағасы және жеке
сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек
береді.
Курстық жұмыстың актуальдылығы: бұл курстық жұмыстың тақырыбын
таңдаған себебім қазіргі таңда әрбір екінші қазақстандық азамат өзінің
жеке ісін ашып кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануда. Ал әбір кәсіпкердің
жұмысы ілгері даму үшін міндетті түрде пайда – ресурстары
кәсіпкерліктің маңызды бір бөлігі болып табылады. Осы ретте
кәсіпкерлікті әлеуметі мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан
түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты
қайнарына айналуы тиіс деп тұжырымдаймын.
Пайданың нарық экономикасында түбегейлі қызметіне және экономикалық
теорияның обьектісі болуына карамастан, осы күнге дейін оның маңызына екі
түрлі көзкарастар бар: Маркстік және казіргі кезеңдегі экономикалык ілім.
І.Маркстік көзқарас. Пайданың мәні К. Маркстың Капиталының ІІІ-томында
зерттелген. Маркстың тұжырымдауынша пайда косымша құнның өзгерген түрі. Бұл
өзгеру қосымша кұнды өзгермелі капитал жасағанмен, ол барлык авансыланған
тұракты және өзгермелі капиталдың туындысы ретінде болады. Себебі өндіріс
құрал-жабдығының иесіне жұмыс күшінің калай пайдаланғаны ғана емес, құрал-
жабдықты калай тиімді пайдаланылғаны да қажет. Сондықтан пайданың көлемі
(мөлшерлі тауар құны мен онын өндіріс шығындарының айырмасы ретінде
аныкталады (егер тауар құны бойынша сатылса). Ескеретін жәй, пайданы тауар
өндірушілер тек тауарды сатқаннан соң алады. Сондықтан, сатылған косымша
кұн ақша түрін қабылдайды (ауысады) да, пайдаға айналады (өзгереді). Пайда
сатылған қосымша кұн ретінде болғанымен соңғысы сұраныс пен ұсыныстың
әсерінен ауытқиды. Міне осы ауытқу тауар ендірушілер алатын пайда мөлшерін
анықтап, оларды кедей және бай деп жіктейді, бір саладан екінші салаға
капиталдың ауысуына әкеліп соктырады, жеке пайда нормасын орта пайдамен
тенестіріп, өндіріс бағасын құрайды, оның айналасында нарықтық баға
ауытқиды. Пайда қосымша құн сияқты төленбеген жұмысшы еңбегінің нәтижесі,
сондықтан адамды қанаудың арқасында пайда болады.
2. Қазіргі экономикалық ілім көзқарасы.
Олардың көзқарасы бойынша пайда, өндіріс факторларын (еңбек, жер,
капитал) пайдаланудың нәтижесі. Сондыктан, пайда және кәсіпкерлік табыс,
кәсіпкерлердің атқарған кызметтерінің нәтижесі ретінде карастырады. Осыған
байланысты төмендегідей анықтамапар береді:
- пайда – кәсіпкер іс-әрекетінің қызмет ақысы;
- пайда косіпорынды басқарудағы жаңашылдығы, таланты үшін
төленетін ақысы;
- пайда нарықта өндірушілердің (сатушылар) монополия-лық
жағдайынан пайда болатын табыс.
Екінші көзқарастың кемшілігі кәсіпкердің не үшін пайда алатынын анықтай
отырып, оның шығатын көзін (источник) анықтамайды. Белгілі жәй, пайда
нарықта алынбайды, себебі бұл жерде тауар айналымы. Бұл жерде түскен пайда
кайта бөлінеді. Осыған байланысты шындыққа жақын К. Маркстың дәлелдегені;
пайда өндіріс нәтижесі. Кәсіпорын пайдасы жалпы және таза болып екіге
бөлінеді.
Жалпы пайда – кәсіпорынға түсетін жалпы өнімнің бір бөлігі, ал сан
жағынан сатылған өнімнен түскен ақшадан (толық түсім) өзіндік құнды алп
тастағанға тең. Таза пайда - жалпы пайдадан мемлекетке аударған пайданы
алып тастағанга тең (салықтар және т.б. ). Таза пайда кәсіпорын
иелігінеқалады да, шаруашылықтың ішкі кажеттіліктеріне жұмсалады. Пайда
өндіріс сферасында жасалады. Өзінің ерекше экономикалық түріне айналым
сферасында ауысады, атап айтқанда өндірілген өнімді сату процесінде. Пайда
айналым сферасында тауар өндірушілер арасындағы бәсекелік күрес, сұраныс
пен ұсыныстың тауар нарығының конъюктурасына орай өзгерістеріне байланысты
қалыптасады. Пайда - кәсіпорынның мақсаты және қозғаушы күші. Пайданың
шығар көзі қажетті өнімнің бір бөлігі мен косымша өнім.
1.2 Пайданың негізгі мағынасы және мәні
Пайда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс - әрекетін
қорытындылайтын негізгі көрсеткіш. Пайда категориясын қарас-тырғанда
зкономикалық (таза) және бухгалтерлік пайданы ажырата білу қажет. Бұл
ұғымның пайда болуы, шығындардың ішкі және сырткы жоғарыда айтылған болып
шектелуінде. Экономикалық (таза) пайда - кәсіпорын сатқан өнімінен түскен
ақшадан (толық түсім) ішкі және сырткы шығындар сомасын (оған орта пайда
да косылады) алып тастағанға тең. Ал, бухгалтерлік пайда -кәсіпорын сатқан
өнімнен түскен ақшадан сыртқы өндірістік шығын көлемін алып тастағанға тең.
Пайда кәсіпорын іс-әрекетін қортындылайтын синтетикалық көрсеткіш
ретінде, оған көп факторлар әсер етеді. Сондыктан пайданың көлемі
мыналарға байланысты: 1)Еңбек өнімділігінің деңгейі. Енбек өнімділігі
жоғарылаған сайын өнім өндіру және оны сату көбейеді. өзіндік кұны
төмендейді. Осының бәрі пайданы көбейтеді. 2)Өнім өндіруде материалдық
және еңбек шығындарын үнемдеу. Осының нәтижесінде өндірістегі материал
жэне енбек сыйымдылығы төмендейді. капитал тиімділігі артып, пайда
көбейеді; 3) Өндіріс кұрылымының және өндірілген өнім ассортиментінің
өзгеруі. Жалпы өнім кұрамында жоғарғы пайдалы өнімдерінің үлесінің жоғары
болуы пайданы көбейтуге жағдай жасайды; 4)Баға деңгейі. Шығарылған
өнімдерге бағаның есуі алынатын пайдаға тікелей пропорционалды, ал
төмендеуі кері пропорционалды; 5)Авансыланған капиталдың жалпы айналым
жылдамдығы. Қызмет жасап жатқан капиталдың айналымын тездету негізгі және
айналмалы капиталды үнемдеуге немесе шығарылатын өнім көлемін өсіруге
әкеліп соғады. Екі жағдай да пайданы көбейтуге әкеледі. Жалпы пайданың
таза пайда және мемлекетке аударуға бөлінуі. Мемлекетке жалпы пайдадан
орынсыз, артық өндіру таза пайданы кемітіп, кәсіпорын экономикасының
бірқалыпты кызмет жасау мүмкіншілігін төмендетеді. Кәсіпорын барлық
осы бағыттарда өз пайдасын көбейтуге тырысады, әрине олар оның өндірістік
және коммерциялық іс-әрекеттерінде позитивтік маңызы бар. Қазіргі уақытта
болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші
субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген
өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік
ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол
жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе
осыған байланысты болады. Кәсілорын-дар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн
сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымея
нарықтық қатынастар негізінде мумкіндігінше тез және дұрыс бағдар
тауып, оны ұстануына қарай жүмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Басқаша сөзбен айтқанда, шаруа-шылықты жүргізуші субъек-тілердің
қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объек-
тивтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді.
Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын
тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген.

ІІ Пайданың қызметі түрлері
2.1 Пайданың экономикалық категория ретіндегі маңызы
Пайданың экономикалық категория ретіндегі мәні, оңың төмендегі үш
атқаратын қызметінен көрініс табады: Пайданы өндірістік және
коммерциялық іс-әрекеттеріне қорытынды баға беру көрсеткіші ретінде
пайдаланады. Кәсіпорынның өндіріс және айналым сфераларындағы іс-әрекетінің
барлық жағы пайда да көрініс табады. Бірақ пайда әмбебап көрсеткіш емес.
Пайда катего-риясының көп фикторлылығына байланысты пайдамен
бірге басқа да көрсеткіштерді пайдапану қажет. Пайда бөлу қызметін
атқарады Пайданы косымша құнды кэсіпорын мен мемлекеттің, кәсіпорын мен
салалардың, кэсіпорын мен оның жұмысшыларының өндірістік және
өндірістік емес сфералардың арасында бөлу және қайта бөлуде қаражат
рычагы ретінде пайдаланады.Пайда ынталандыру қызметін атқарады. Бұл қызметі
кәсіпорынды және оның жұмысшыларын экономикалық ынталандыру процесіне
байланысты. Кәсіпорында пайданы марапаттау қорын құруға және өндірісті
ұлғайту көзі ретінде пайдаланады. Кәсіпорын пайдасы абсолюттік - ақша
түрінде және салыстырмалы пайда нормасы (%-түрінде) ретінде анықталады.
Пайда нормасы пайданың барлық авансыланған капиталға қатынасы ретінде
пайыз түрінде есептеледі.
Р'= Р 100% Мұнда,

К

Р' - пайда нормасы; Р- ақша түріндегі пайда; К – авансыланған капитал.
Пайда нормасы авансыланған капиталдың пайдалылығын көрсетіп, оны әрі қарай
калай пайдалану жолдарын сілтейді. Сонымен қатар, пайда жалпы шығындарға
катынасымен де есептеледі. Бұл жерде өндірісте жұмсалған шығындардың
пайдалылығын көрсетеді. Нарықты экономика несиеге берілген кез-
келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді катаң талап етеді. Бірақ
практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз
капиталы, капитал - меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар,
оның иесін өндіріс саласына катыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент
түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің колында қарызға берген
капиталы үшін төлем қарыз процент түрін кабылдайды. Карыз проценті қосымша
құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда кызметін істеуші меншік иесі,
карыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент
түрінде төлейді. Қарыз процент қосымша кұнның бір бөлігі, оны кәсіпкерлер
карыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке
бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен карыз алушы иемденетін
кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар.
Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдык табыс сомасының карызға
берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін-телем
процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы карыз капиталынан
алынған жылдык табыстық бүкіл карыз капиталының қатынасымен өлшенеді. Егер
қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдык
табыс 6 мың доллар болады, онда
процент нормасы 6000 . 100% = 6 процентке тең.
100000
Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты
болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете
алмайды. Бұдан шығар қорытынды. пайда нормасының төмендеу тенденциясының
орын алуымен, процент нормасы да төмендейді. Процент қалай пайда болады
және не үшін төленеді? Жаңа классикалық теорияның пайымдауынша процент
уакыт үшін төлем. Себебі, игіліктердің бүгінгі бағасы мен ертеңгі бағасында
(келешектегі айырмашылық болады. Оның себебі, бүгінгі күнгі ресурстарға
иелік ету жеке адамның тұтыму таңдауын ұлғайтып кана коймайды, сонымен
қатар болашақта жоғары табыс мөлшерін қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге
асыру мүмкіндігін де береді. Сондықтан, ағымдағы ресурстарға иелік етуден
бас тартып оны қарызға беріп, оның орнын толтыруға есеп жасайды. Қарыз
алушы ресурстарды пайлаланғаны үшін, яғни осы ресурстар табыс әкелгенге
дейін, сатып алғаны үшін төлем төлейді. Демек, шешім қабылдау мен табыс алу
арасында белгілі бір уақыт өтеді. Осы уақыт төлем процентін құрайды. Осы
себепті де процент карыз капиталының бағасы. Проценттің нарықтық
экономикада атқаратын қызметі үлкен. Жаңа классиктердің пікірінше: процент
капиталды пайдаланудың әрқилы варианттарын таңдап алудың маңызды құралы;
процент ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды бөліп, капиталға
ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік жасайды; процент ставкасы
ұзак мерзімді жоспарда тұтынуға деген бейімділікті жеңіп, ұқыптылық
үнемділікке ынталандырады. Осылардың салдарынан капиталдың
корлануына қолайлы жағдай жасайды.
2. 2 Пайданың қаржылай тұрақтылығы және кәсіпорын табысын жабдықтау
Нарықтық қатынаста бағаның тез өзгеріп отыруына байланысты, акшаның
бірдей сомасы бүгін және бір жылдан кейін әрқилы бағада соңдықтан осы
ақшаны банкке салуға болады. ол бір жылдан кейін салынған сома нарықтық
ставканың процент мөлшеріне ұлғаяды. Дамыған несие жүйесінде банктер ақшаны
көбейту кабілетіне ие болады. Осыған мысал келтірейік
Дамыған несие жүйесі
Ақша Банк Халыққа берілетін Халық қолындағыБанктегі салымдар
базасынырезервтерінің банк несиесінің ақша өсімі өсімі
ң өсімі өсімі өсімі
0 0 0 0 0
100 10 90 (90) 90
0 8,1 81 (81) 81
0 8,1 72,9 (72,9) 72,9
0 7,3 65.6 (65,6) 65,6
100 100 900 0 1000

Сурет- 1
Халық өз ақшаларын банктерде сақтайды, банктер басы артық
резервттерді ұстамайды, бірақ банктің резерв нормасы 110 қатынасына тең
делік. Егер де халық табысы 100 шартты бірлікке өссе, онда банктер халық
салымдары қалай және каншаға өседі? Бұл жағдайда (салымдарының өсімі 10-ға
тең (100-дің 110). Демек, банк 90 шартты бірлікті қаржыны халыққа бере
алады. Бұл ақшаны халық алғаннан соң кайтадан тағы да банкке салады.
Халыққа берілетін банктің үстеме салымдарының өсімі 90 шартты бірліктік
қаржыға тең, оның 9 шартты бірлігі банктің резервін кұрайды, ал 81 шартты
бірлік қаржы несие түрінде халыққа беріледі және т.с.с. Нәтижесінде,
халыққа берілетін несие көлемІ 900 шартты бірліктік қаржыны кұрайды, ал
жалпы салымдары өсімі 1000 бірліктік каржыға жетеді.
Банктің айналымындағы ақша массасының келемін неше рет
көбейтетіндігін есептеп шығару үшін депозиттік мультипликатор
пайдаланылады; яғни, ол: m -1г; мұнда г-банктің міндетті резерві және
мұнда ол 10-ға тең, ақша ұсынымы (Мs) мен ақша базасы (В) арасындағы
байланыс мына теңдеу арқылы көрсетіледі: Мs= mВ
Мұнда: Мs - ақша ұсынымының өсімі,
В ақша базасының өсімі.
Коммерциялық банктердің қызмет ету мақсаты - пайданы иемдену болып
табылады. Банк пайдасы табыстар мен шығындардың ара қатынасымен анықталады.
Банк пайдасының нормасы мына формула бойынша анықталады:
Банк пайдасының Банктің жалпы пайдасы - банк ісін жүргізуге байланысты
шығын нормасы ___________________________________ x100%
Банк меншігіндегі капитал
Банк пайдасы - қарыз капиталы иесінің иемденетін табысы. Жылдық
процентпен өрнектелген, карыз капиталынан түсетін проценттік ставка деп
аталады. Ол ұзақ мерзімді уакытпен анықталатын орташа
проценттік ставкасына жэне әр күн сайын қалыптасатын нарықтық
проценттік ставкасына бөлінеді. Оған әсер ететін факторлар:
а) капитал көлемі;
6} капиталдың өнімділігі:
в) капиталға сұраным мен ұсынымның қатынасы.
Сонымен бірге, ол өз кезегінде тағы да номинал процент ставкасына және
нақты проценттік ставкасына бөлінеді.
Номинал проценттік ставка деп белгілі бір ақша бірлігінің (мысалы,
теңгенемесе доллар) бағамы бойынша белгіленетін ставканы айтады. Нақты
проценттік ставка деп инфляциямен өзара сабақтас байланыста белгіленетін
ставканы айтады.
Ставкалардың деңгейі төмендегі факторларға байланысты (мысалы. 7 % - тен
20 %-ке дейін) отыруы мүмкін:
1.Тәуекелдік. Егер борышқордын карызды кайтара алмайтын қаупі
күшейген кезде, несие беруші соғұрлым қарыз процентін көтере түседі.
2. Мезгілдік. Ұзак мерзімге арналған қарыздар қыска мерзімге
берілетін карызбен салыстырғанда жоғары проценттік ставкамен беріледі,
себебі, ұзак мерзімді несие берушілер өз ақшаларын баламалық
пайдалануынан бас тартуына байланысты каржылай залалдарға ұшырауы мүмкін.
3. Қарыз көлемі. Әдетте, азғантай мөлшердегі қарызға
ставка жоғары болады. Себебі, көп және аз карыздардың шығындары бірдей.
Басқа да жағдайлар – бәсеке салық салу денгейі және т.б. факторлар әсер
етеді.

ІІІ Пайданы көбейту жолдары
3.1 Кәсіпорында пайданың құралуының тиімділік көрсеткіштері
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық
пайдалылығы пайда табумен анықталады. Кәсіпорын-ның пайдалылығы абсолюттік
және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Пайданың абсолютті
көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы
әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықталады:
"Табыстар дегеніміз" - қаржының келуі немесе активтер кұнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
Бизнес этикасындағы негізгі тұжрымдамалар
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
Сәрсен Аманжолов - әдеби тіл тарихын зерттеуші ғалым
Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орнын көрсету
Отбасы тәрбиесінің мазмұны
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Әл-Фараби мұраларының алғаш зерттелуі
Пәндер