Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесін шешу жолдары


жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Жұмыссыздықтың мӘні, түрлері, себептері . . . 5
1. 1. Жалпы жұмыссыздықтың пайда болу теориялары . . . 5
2. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ АЙМАҚТЫҚ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ . . . 15
2. 1 Ақтөбе облысы аймақтық еңбек нарығының жалпы сипаты . . . 15
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . . 19
3. 1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі және
жұмыспен қамту саясаты . . . 19
3. 2 "Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасы . . . 21
Қорытынды . . . 34
Пайдаланған Әдебиеттер тізімі . . . 36
Кіріспе
Курстық жұмыстың маңыздылығы . Еңбек қашанда адамның аса қадірлеп, құрмет тұратын игіліктерінің бірі болып саналып келді. Ол материалдық және рухани байлықтарының ғана көзі емес, сонымен қатар адамның аса маңызды өмірлік қажеті мен құқығы, оның жеке басының дамуы үшін қажетті қуат құралы болып табылады. Адамның қабілеті еркін де мазмұнды еңбек үстінде көрініп, жетіле түседі. Еңбекке деген білгірлік негізінен алғанда өндіріс құрал-жабдықтарын иемденушілерге жұмысшы күшін сату арқылы және де ол күш неғұрлым мол пайда табу мүддесіне сай келетіндей мөлшерде ғана өтеледі. Мұндай жағдайда еңбекші қауымның қыруар бөлігі жұмыссыздыққа душар болады. Жұмыссыздық қазіргі кезде үйренішті болса да, ол ешқашан да мұншалықты тұрақты сипат алып, ешқашанда өзінің құрамы жағынан еңбекшілердің осыншалықты кең шеңберін қамтып, басқа да бір әлеуметтік апат - инфляциямен дәл қазіргі уақыттағыдай асталып көрген жоқ.
“Жұмыссыздықтың індетінің” қазіргі бұрқ ете түсуі “бар жұртты жарылқайтын қоғам” жайындағы ағымның күлін көкке шығарды. Жаппай жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып, рухани жапа шегуінің басты себебіне айналып отыр. Жұмыссыздық тек әлеуметтік қақтығыстарды ғана емес, сонымен бірге адамзат арасындағы қайшылықтарды да асқындыра түседі. Жұмыстан айрылу еңбекшілер үшін нағыз қасіретке айналуда. Ол тек материалдық жоқшылыққа, кедейшілік пен қайыршылыққа ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-психологиялық күйзеліске, өздерін өздері қандай қыруға, қылмыстың, маскүнемдік пен наша шегудің құжылап көбеюіне душар етуде.
Жұмыссыздықтың тауқыметін тек оған душар болған еңбекшілер ғана тартып қоймайды. Бүкіл жұмысшы тобының халі мүшкілге айналады. Еңбекшілердің қалың тобы арасында ертеңгі күнге деген сенімділік өрбіп, келешектен қорқып-үрку сезімі пайда болады.
Осы заманғы жұмыссыздықты - оның құрамы мен сұрапыл өсу себептерін, еңбекшілердің жағдайына тигізетін әсерін мемлекеттің еңбекке араласуды реттеу әдістерін және жұмысшы тобының еңбек ету құқық жолындағы күресті өрістету тәсілдерін практикалық, теориялық және тәжірибе жүзінде дәріптету қажет.
Қазір дүние жүзі елдерінің халықаралық жағдайда асқындыруына байланысты жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы, жанталаса қаруланудың еңбекке араласуға әсері, жөніндегі мәселелер ерекше маңызға ие болып отыр. Ақыр аяғында, жұмысшы тобының жалпы білімі мен мамандық дәрежесінің артуы, оның қажеттерінің өсіп, түрлерінің өзгеруі еңбекке араласудың сан мөлшерінің ғана емес, сонымен бірге сапа белгілерінің де маңызды орын атқаратынын анықтайды.
Кескілескен идеологиялық күрестің түйініне айналып, отырған осы мәселелерге талдау жасау еңбекке араласу мен жұмыссыздықтың теорияларын сынау үшін қажет. Ал бұл теориялар қоғамның дамуындағы жаңа құбылыстарды тануда дәрменсіздік көрсетіп отыр. Мұндай талдау жұмыссыздық үшін күнәні жұмысшылардың өздеріне аударуға тырысушы “үлкен бизнестің” насихаттық ақпараттарының екі жүзділігін, сондай-ақ бюджет қаржыларын “үнемдеуді”, инфляцияны тежеуді желеу еткен үкіметтің сұрқиялығы мен өтірігін әшкерлейді.
Экономикалық дағдарыс та, тағы да жұмыстан босату қаупі де еңбекшілердің жаппай бас көтеруін тежей алмады. Мұнда жұмыссыздыққа қарсы, еңбек ету құқығы үшін күрес шешуші орындардың біріне ие болуда. Жұмыстан босатуға қарсы бас көтерулер көбіне өндіріске қоғамдық бақылау жасау және басқару ісіне қатысу жолындағы күреске ұласады. Еңбек ресурстарын пайдалануды жақсарту үшін ішінара, жартылай шаралардың жетімсіз екенін жұмысшы тобы барған сайын сезінуде. Еңбекке араласу мен жұмыссыздық мәселелерін тек түбірлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жолымен ғана шешуге болатынын еңбекшілердің қалың тобы жете түсінуде.
Курстық жұмыстың мақсаты - жұмыссыздықтың мәнін, түрлері мен себептерін, жалпы жұмыссыздықты реттеу мәселесін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстандағы жұмыссыздық мәселелері және оны шешудің жолдарын қарастыру;
- Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту мәселелерін зерттеу, - Қазақстан Републикасында еңбек нарығы және оның бүгінгі мәселелерінің экономикаға тигізетін ықпалын қарастыру.
Курс жұмысының құрылымын негіздеу. Осы зерттеу жұмысы жұмыссыздықтың экономикаға ықпалын, еңбек нарығының мәнін, құрылымын зерттейді, яғни тұрғындарды толық және тиімді еңбекпен қамтылуын шешеді.
1. Жұмыссыздықтың мӘні, түрлері, себептері
- 1. 1 Жалпы жұмыссыздықтың пайда болу теориялары
Жалпы жұмыссыздық термині бірінші рет 1911 жылы Ұлыбритания энциклопедиясында 1915 жылы АҚШ-тың Минтруд әдебиетінде қолданған. Қазіргі кезде жұмыссыздық дүние жүзінің барлық елдерінде әр түрлі формада, көлемде, ұзақтықта қатысуда.
Елдегі еңбекке жарамды халықтың қоғамдың өндірісте тұрақты қатысуы. Ол әр бір елдің сақтандыруды қамсыздандыруы ең негізгі факторларының бірі болып табылады.
Әміршіл-әкімшіл экономикадан рыноктік бағдарға ауысуы көптеген жұмысшылардың жұмысынан айырылуына әкеп соғады. Рыноктік қатынастардың дамуы кәсіпкершіліктің қауіпі өндірістік сферадан еңбек, жұмысбастылықтан туындайды. Яғни, рынокқа ауысудан жұмыссыздықтың мәні - объективтік процесс, ал басқа жағынан - қоғам, ол жұмыссыздық табиғи деңгейін сақтандырудың ұйғарымды шегін талап етеді. Оның осы қоғамдық шектен шығуы өткір проблема тұғызады.
Жалпы жұмыссыздықты түсіндіруді бүгінгі кезде “қарабайыр” деп атауға болады: бұған еңбектегі баға мен еңбекке ұсыныстың өзара қарым-қатынасы деп айтуға болады. Жалақының төмендеуі еңбекке деген сұранысқа жағдай жасайды және де осыдан жұмысбастылық; жалақы өсімі еңбекке деген ұсынысты көбейтеді, бірақ сұраныс өсімін тоқтатады. Жұмыссыздықтың себептерін талдауды көптеген экономикалық мектептер береді. Ең алғаш жұмыссыздықты түсіндіру туралы ағылшын экономисті Т. Мальтустың “Халықтың өсу тәжірибесі” еңбегінде көрсетілген. Мальтустың айтуы бойынша жұмыссыздық демографиялық себептерге әкеліп соғады, соның нәтижесінде халықтың өсуі қарқыны өндірістің өсу қарқынынан асып түседі.
Ал Марксистік әдебиетте Мальтустың теориясын “тұрпайы” және "дәрменсіздік" деп қарап тұрақты дәстүр қалыптасқан. Мұнда айтылады: “жұмыссыздықтың түп негізін өзінен іздеу емес, оны дәл экономикалық шаруашылық жүйеден іздеу керек” дейді.
Жалпы К. Маркс жұмыссыздықты өзінің “Капитал” еңбегінде зерттеп қарастырған. Ол айтып кеткен, техникалық өрлеумен өндіріс жабдықтарының көлемі мен бағасы өседі, жан басына шаққанда 1 жұмысшыға. Бұл жағдай Марксті сенгіздіреді, экономикалық өркендеу капиталды жинақтау қарқынынан еңбекке деген сұранысқа әкеп соғады, осыдан келіп жұмыссыздық себептері көрінеді. Бұл трактовка байланыссыз болып есептеледі, егер жұмысшы күшіне сұраныс өссе, онда жұмыссыздық жойылады, немесе ең болмаса қысқарады, капитал жинақтаудан одан әрмен жоғары қарқынмен болады. [1]
Бұл жұмыссыздықтың түсіндіруін толық деп санауға болмайды. Маркс және де басқа себептеріне болжам жасады.
Нарықтық шаруашылықтың дамуы, оны өркендеген рыноктік шаруашылықтың серігі жасайды.
Экономикалық циклдің дамуынан жұмыссыздықты тұжырымдау Маркстен кейін экономикалық теорияда тұрақты дәстүр болып қалыптасты. Егер, экономика циклдік дамыса, өсу мен кему шаруашылық дамуымен келіссе, бұдан жұмысшы күшін босату және өндірісті тоқтату деп тұжырымдайды, жұмыссыздық армиясы көбейеді.
Ағылшын экономисті А. Пигу “Жұмыссыздық теориясында” мынадай тезис дәлелдеді, - “еңбек рыногында бәсекелестік жүреді ”. Бұл, еңбекке бағаның көтерелуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген экономистердің айтуы бойынша кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол маман өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады. Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:
“Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты өз ойын былай деп қарастырған: “Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз, ол жалақысы аз жұмысшылардың жұмыссыздық армиясына қосылуы”, “толуы” дегенді растайды.
Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан “кездейсоқ” ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті болған 30-жылдардағы дағдарыс тұғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен ағылшын экономисі Д. Кейнс капитализм тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта болғанын мойындайды. Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен байланыстырады. Бұл ретте Д. Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне, жиынтық сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы “жұмыспен толық” қамтамасыз етуге болады.
Кейнстің ізбасарлары оның концепциясының түрлі жақтарын соның ішінде жұмыссыздыққа және оның бағасының серпінділігімен өзара байланысына қатысты жақтарын дамытып, толықтыра түседі. Бір жағынан, нақты жалақы мен баға дәрежесінің өзгеруі және екінші жағынан, жұмыссыздықтың абсолютті көлемі арасындағы олар (арасындағы) анықтаған кері тәуелділік “сұранымның молшылығы” жөніндегі Кейнстің теорияның рухында түсіндіріледі.
Экономикалық сілкіністер, шиеленіскен экономикалық құрылымдық дағдарыстар, кейнсшілдік түсініктерге қарамастан жаппай жұмыссыздықпен ұштасатын, бақылауға келмейтін созылмалы инфляция кейнстің теориялық негізі ретінде пайдаланған мемлекеттік монополистік реттеу практикасының да негізсіз екенін ашып көрсетті.
Қазіргі кезде де даусыз болып қала береді. Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктік бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы, қызығушылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктік тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.
Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін қарастырады, ерекше бөледі:
Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.
Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның “табиғи” деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдің факторлар жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарылатады.
Егер, жұмысбастылық толық болған жағдайда жұмыссыздық деңгейі “Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп айтылады.
Және тағы бір жұмыссыздық түрі бір нақты аумақта жұмысшы күшінің сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Ол тең емес экономикалық аумақтың дамуына ықпал етіп қалыптасады және де демографиялық, тарихтық, мәдениеттік тағы басқа да өзгеше факторлар әсер етеді.
Жалпы ең негізгі жұмыссыздық - фрикциондық, құрылымдық, циклдық болып келеді. [2]
Жалпы жұмыссыз деп статистикалық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институтционалды, ерікті, жасырын тағы басқа.
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік ақпаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
Институтционды жұмыссыздық еңбек рыногының институтынан, құрылысынан, ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.
Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар жатады.
Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе қайта өрлеу өнеркәсібінде т. б.
Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
Жұмыссыздық - экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында талап етілмеулерінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын хал-жағдай.
Жалпы жұмыссыздық - үш критерийге қатар жауап беретін адам жұмыссыз болып есептелетін кездегі жұмыссыздық, олар:
а) істейтін жұмыс (табысты жұмыс) жоқ,
б) белсенді түрде іздеп жүр,
в) белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша, екі аптаның ішінде)
Ресми жұмыссыздық - маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.
Жасырын жұмыссыздық (бүркемелі) - жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыссыз ретінде тіркелуді, әдетте, жәрдемақы алуға құқылы еместігінен пайдасыз көретін жұмыссыздардың жалпы саны.
Созылыңқы жұмыссыздық - 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ-ы Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның жүргізген зерттеуі жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше “себептері” бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына - “жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен”туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына - “жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін” жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:
(1)
мұндағы - ЖД - жұмыссыздық деңгейі;
ЖС - жұмыссыздар саны;
ЖК - жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.
Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі - олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.
Жасқа қарай жұмыссыздық сипаттамасы да сондай-ақ еңбек нарығындығы әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті айғақтайды.
1. 2 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайы
Жұмыссыздық нарықты экономиканың айырылмас серігі деуге болады. Белгілі экономистер пікірлері бойынша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейден аспауы нарықты экономикаға тән табиғы құбылыс деп бейнеледі. Мысалы, кейбір экономистер: Дж. Кейнс 3-4%, М. Фридмен 5-6% жұмыссыздықты табиғы мөлшер деңгейі деп белгілеген. Ал осы деңгейден жұмыссыздық аса бастаса онда амалсыз, еріксіз жұмыссыздық пайда бола бастайды.
Санақ бойынша, жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың үлесін көрсетеді.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі - жұмыс күшінен пайыздық есептердегі жұмыссыздар үлесі (экономикалық белсенді халық) деңгейі жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша халықты ішінара тексеру негізінде есептеледі, тексеруді ХЕҰ әдіснамасын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігі жүргізеді. Аптасына ең кемі 1 сағат жұмыс істесе де, ол адам жұмыспен қамтылған болып саналады.
Ресми (тіркелген) жұмыссыздық деңгейі - экономикалық белсенді халықтан пайыздарға шыққандағы мемлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар үлесі.
Жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы адамның қанша жұмыссыз жүрген уақытын көрсетеді. Жұмыспен қамтылған адам деп - жұмысы барлары, ал жұмыссыздар деп - жұмысы жоқ немесе соны іздеп жүрген адамдар деген мағынада қарастырып, жұмыссыздықтың бірнеше мәніне тоқталып өттім. Енді мен сол адамдардың санақ бойынша зерттелген, немесе зерттеу құрамына кіретіндер қарастырып, және сол санақ бойынша біраз мысалдар мен еліміздің тәжирібелерін қарастырайын. Халықтың бір бөлігі санақ бойынша жұмысшы күші құрамына кірмейді (оқушылар, зейнеткерлер және т. б. ) адамдар. Мұндай көзқарас әділетті саналуда, себебі көптеген жұмысшылар жұмыс табудан әбден күдер үзеп, еш жерде тіркелмей де, сөйтіп жұмыссыздар армия есебіне кірмей қалады. Қызметінен төмендегендер мен толық жұмыс күнімен естімейтіндер де ресми түрде есептелмейді.
Жалпы 2012 жылдың маусымындағы есеп бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 469, 2 мың адамға жетті. Жұмыссыздық деңгейі халықтың экономикалық белсенді санының 5, 2%-ын құрайды. 2012 жылдың маусым айының соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар саны 62, 9 мың адамды немесе халықтың экономикалық белсенді санының 0, 7%-ын құрады. Есеп бойынша жабық жұмыссыздықтың деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0, 3%-ын құрады.
Кесте 1. 2012 жылғы 1 тоқсандағы жасы және жынысы бойынша жұмыссыздар
жұмыссыздық
деңгейі, %
жұмыссыздық
деңгейі, %
жұмыссыздық
деңгейі, %
Жұмыссыздар
барлығы,
олардың жастары
2012 жылғы 1-ші тоқсанда жалпы жұмыссыздар санындағы жастардың үлесі (15-24 жастағы) 10, 9% құрады немесе 2, 0 мың адам. Жастардың жұмыссыздық деңгейі 4, 7% құрады (2011 жылғы 1 тоқсанда - 5, 2%) .
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстандағы жұмыссыз халық арасындағы қылмыстылықтың деңгейі туралы 10 жылдық (2001-2011 жылдар) статистикалық деректердің талдауын әзірледі.
Осы талдауды құрастыруда Комитет және Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің ресми статистикалық деректері және Ғаламтор желісінде орналасқан монографиялар, баптар мен ғылыми жұмыстар қолданылды.
Әлемдік қауымдастықта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер қоғамдық өмірдің көптеген салаларындағы әлеуметтік тұрақсыздық пен қарбаластықты туғызады, бұл қылмыстылық пен жұмыссыздық деңгейіне ерекше әсерін тигізеді.
Ірі елдердің көпшілігі дүниежүзілік экономикалық дағдарысты қиындықпен жеңді, бұл жұмыссыздық деңгейінің өсуіне ықпал етті. (кесте 2)
Кесте 2. Жекелеген әлем елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі
Қазақстан жұмыссыздық деңгейінің төмендеу динамикасын тұрақты жалғастыра алды.
Агентіктің статистикалық деректері бойынша, соңғы 10 жыл ішінде елдің экономикалық белсенді халқының саны (15 жастан және жоғары) 7479, 1-ден 8906, 4 мың адамға дейін өсті, яғни 19, 1%-ға, ал жұмыссыздардың саны, керісінше 780, 3-тен 477, 3 мың адамға дейін төмендеді, яғни 38, 8%-ға.
Сурет 1. Экономикалық белсенді халықтың жалпы санына
жұмыссыз халық санының арақатынасы
Аймақ бөліктерінде соңғы 3 жылда елде экономикалық белсенді халық санының өсуі іс жүзінде барлық жерлерде тіркелді.
Сонымен, 2011 жылдың динамикасында 2010 жылға қатысты жоғары көрсеткіштер Маңғыстау (19, 4%), Қызылорда (11, 2%) және Алматы (11%) облыстарында байқалады.
Барлық жердегі жұмыссыздар санының 38, 3%-ға төмендеуі бойынша (жалпы республика бойынша), елдің 3 аймағында өсу байқалады: Қызылорда (2, 7%), Маңғыстау (7, 8%) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (3, 1%)
(Сурет 2)
Сурет 2. Аймақ бөліктеріндегі жұмыссыз халық (мың адам)
Осымен бірге, жұмыссыз халық арасындағы қылмыстылықтың деңгейі теріс көрсеткіштерге ие.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz