Өсімдік және жануарлар майлары. Майда және суда еритін витаминдер.


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік

Фармацевтика Академиясы

Фармокогнозия және химия кафедрасы

Тақырыбы: Өсімдік және жануарлар майлары. Майда және суда еритін витаминдер.

Орындаған : Узенбаева Л. Д.

Тобы: 502 - фк

Қабылдаған: Сейдалиева С. Қ.

Шымкент - 2013 жыл

ЖОСПАР:

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Майлар, майларға жалпы сипаттама
  2. Жануарлар және өсімдік майлары, олардың алыну көздері
  3. Майда еритін витаминдер
  4. Суда еритін витаминдер
  5. Витаминоз белгілері

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

Майлар , триглицеридтер - органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май қышқылдарының (триглицеридтердің) күрделі эфирлері; глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері. Липидтерге жатады. Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал қанықпаған май қышқылдары олеин, линол, линолен қышқылдарынан тұрады. Табиғи Майлар жануар және өсімдік Майлары болып бөлінеді. Өсімдік майы - түрлі өсімдік дәні мен шырынынан алынатын табиғи өнім. Өсімдік майы негізінен глицериннің, қаныққан және қанықпаған бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлерінен (95 - 98%) түзіледі. Одан басқа өсімдік майы құрамында илік заттар, фитостериндер, пигменттер және Е витамині, т. б. кездеседі. Өсімдік майының құрамы майдың түсі мен дәміне әсер етеді. Өсімдік майына қыша, күнжіт, жүгері, күнбағыс, какао, мақта, жүзім, қауын, қарбыз, т. б. майлары жатады. Өсімдіктердің дәні мен шырынында сімдік майының мөлш. 2 - 3-тен - 70%-ға дейін болады. Өсімдік майының қасиеттері ондағы триглицеридтер түзетін май қышқылдарының құрамына байланысты: сұйық, май тәрізді, кейде қатты, бояулы, кейбірі улы заттар болып келеді. Өсімдік майында холестерин болмайды. Өсімдік майы негізінен тамаққа, сондай-ақ олифа, сыр, жағармай, сабын өндірістерінде, т. б. кеңінен қолданылады. Жануар майы (Животный жир) . Майлар организмде энергия беруші ролін атқарады және пластикалық материал болады. Өйткені олар клеткалық құрауыштардың, әсіресе мембраналардың құрамына кіреді, яғни белоктар сияқты тамақтың алмастырмайтын факторлары болып табылады. Жануар майлары кесек заттар, олардың құрамына балқу температурасы жоғары қаныққан май қышқылдары көп кіреді. Жануар майы көзі - шошқа майы (90-92%), сары май (72-82%), семіз шошқа еті (49%), шұжық (20-40%), қаймақ (30%), ірімшіктер (15-30%) . Жануар майы стеариндері ішінде холестериннің маңызы ерекше зор. Ол барлық клеткалар мен тиіндердің қалыпты құрылымдық құрауышы болып табылады, өт қышқылдарының, гормондардың, Д витаминінің алмасуына қатысады. Бірақ қанда холестериннің деңгейі артқан кезде атеросклероздың пайда болып, асқынуы мүмкін. Бұл топқа жататын витаминдер суда ерімейді, органикалық еріткіштерде: спирт, бензин, хлороформ, ацетон, т. б. жақсы ериді.

Майда еритін витаминдер

А витамині (ретинол, антиксерофтальмиялық витамин)

Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы синтез­делген. А витаминінің бірнеше витамерлері бар - А 1 , А 2 , А 3 ; ішінде ең көп тарағаны - А 1 (теңіз балықтарының бауырында көп болады) . Химиялық құрылымы жағынан А витаминдері құрамында β-ионон сақинасы, оның бүйірінде изопреннің екі қалдығы және гидроксил тобы бар спирттер. А витаминдері сары түсті, 59-64°-та балқиды, от­тексіз 100°-қа дейін қыздыруға төзімді, жылдам тотығатын крис­талды заттар. Ұлпаларда, бауырда А витамині әр түрлі қышқылдармен (сірке, пальмитин, янтар) қосылып, күрделі эфир түрінде болады. А витамині тек жануардан алынған азықтарда болады: балық майында, бауырда, етте, жұмыртқада, сары майда, т. б. Ал өсім­діктерде А витаминінің провитаминдері - каротиндер түзіледі. Каротиндер (лат. carota - морковь) - ең алғаш сәбізден бөлінген, сары түсті пигменттер. Каротинге сәбіз, асқабақ, қымыздық, қара қарақат, қара жи­дек, қарлыған, қызыл бұрыш, қызанақ, т. б. өсімдіктер бай. Осы кезде зерттелгендері - α-, β-, γ-каротиндер. Бауырда және ішекте каротиназа ферментінің әсерімен β-каротиннен А витаминінің 2 молекуласы түзіледі.

А авитаминозының белгілері

А витамині организмде жетіспесе адам мен малдың өсуі баяулайды, салмағы азаяды. Тері мен ішкі органдардың кілегей қабаты кеуіп, мүйізденеді, көру процесі нашарлайды. Көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар. Ол опсин белогы - мен А витаминінің альдегидтік түрі ретинальдың қосылысыҚараңғыда, керісінше екі зат бірігіп, родопсин түзілген кезде ғана көздің көру қабілеті жоғарлайды. Егер А витамині организмде жеткіліксіз болса, родопсиннің концентрациясы төмендеп, іңірде көздің көру қабілеті нашарлайды, «ақшам соқырлығы» немесе «тауық соқырлы­ғы» деген ауру пайда болады. Сондықтан, бұл витаминді «көру витамині» деп те атайды. Авитаминоз кезінде көздің мүйіз қабаты құрғап, кеуіп, жас бөлінуі азаяды. Көздің мөлдір қабатына микробтар еніп, қабынып, жұмсарып жара пайда болады, көздің көру қабілеті төмендеп за­қымданады, ксерофтальмия (грек. xeros - кебу, ophtalamus - көз) деген ауруға шалдығады. Бұл жағдайда микробтарды жоятын ли­зоцим ферменті түзілмейді, сондықтан организмнің жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті нашарлайды. Осыған орай, А витаминін «денсаулық витамині» деп те атайды. А витамині организмге шамадан тыс көп түскен кезде гипер­витаминоз ауруы пайда болады, егер ол бір рет өте көп мөлшер­де организмге түссе - уланады.

Д витамині (кальциферолдар, антирахиттік)

витаминінің бірнеше витамерлері бар. Олардың ішінде ең көп тарағандары - Д 2 (эргокальциферол), Д 3 (холекальциферол) витаминдері. Д 2 мен Д 3 витаминдері ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен эргостерол мен холестерол провитаминдерінің В сақинасындағы 9-шы және 10-шы көміртек атомдары арасындағы байланыстың үзілуі арқылы активтеліп, синтезделеді. Д 2 витамині ультракүлгін сәулесінің әсерімен эргостеролдан бірнеше аралық заттар (люмистерин, тахистерин) түзілу арқылы пайда болады. Д 2 және Д 3 витаминдері дәмсіз, түссіз, иіссіз кристалдар, 115-117°-та балқиды. Органикалық еріткіштерде: хлороформда, бен­золда, эфирде, ацетонда, спиртте жақсы ериді де, су мен глице­ринде ерімейді. Д 3 витамині ас арқылы түспесе де, организмде тиісті прови­таминнен синтезделе береді. Д - авитаминозы көбінесе солтүстік жақта, қыста кездеседі. Д витамині тағамда жетіспегенде балалар - мешел (рахит; грек. zhachіs - арқа қыры, омыртқа бағанасы), ересектер - остео­маляция ( ostean - сүйек, malatіa - жұмсару), немесе остеодистро­фия, ал бөгде адамдар остеопороз (грек. poros - саңылау, тесік) ауруларына шалдығады.

Аурудың себептері: азықта Д витаминінің жетіспеуі, қарбалас қалқанша бездері қызметінің бұзылуы, азық пен суда кальций мен фосфор тұздарының аздығы, күн сәулесінің жетіспеуі. Д витаминдері балық майында, сары майда, жұмыртқа сары­сында, бауырда, сүтте көп болады. Организмге Д витамині көп түскен кезде гипервитаминоз орын алады. Бұл жағдайда ішкі органдарда кальций тұздары көбейеді, сүйек ерте минералданады, балалардың өсуі тежеледі.

Е витамині (токоферол, антистерильдік)

Токоферолдар түссіз, май тәріздес қоймалжың, бензолда, спиртте, хлороформда, ацетонда және басқа да май еріткіштерін­де еритін, 170°-қа дейін қыздыруға төзімді, оптикалық активті, ультракүлгін күн сәулесі әсерінен тез бұзылатын зат. Е витамині табиғатта өте кең тараған, әр түрлі астық дәндес­терде, өсімдік майларында, күнбағыста, жүгеріде, қытай бұрша­ғында, қырыққабатта, салатта, етте, сары майда, жұмыртқа сары­сында, т. б. көптеп кездеседі. Е авитаминозы мен гипервитаминозы организмде сирек кез­деседі, себебі, Е витамині әр түрлі ұлпаларда әсіресе, май ұлпа­ларында жиналып, қор жасайды. Бұл витаминнің авитаминозы көбінесе көмірсулармен қоректенетін тропикалық елдерде ғана кездеседі. Токоферолдардың құрылымдық формулалары:

К витамині (филлохинон, антигеморрагиялық)

Қанның ұю процесіне әсер ететін ерекше витаминнің бар екендігі алғаш рет 1929 жылы белгілі болды. Кейінгі еңбектердің нәтижесінде табиғи К 1 және К 2 витаминдері анықталып, олардың 1, 4-нафтохинон туындылары екендігі дәлелденді. К 1 витамині 1939 жылы синтетикалық жолмен алынды. Наф­тохинонның басқа туындылары да К витаминіне тән физиология­лық қасиеттерге ие. Солардың ішінде кең қолдану тапқаны 1942 жылы А. П. Палладин синтездеген метилнафтохинонның суда еритін бисульфидтік туындысы - викасол. Филлохинонның жасанды түрде синтезделінген аналогтары­на викасолдан басқа метинон мен фтиокол да жатады. Бұл заттар жоғарғы биологиялық активті заттар болып есептеледі. Фтиокол алғаш рет пигмент түрінде бактериядан бөлініп алынып, 1933 жылы жасанды түрде синтезделеді. К 1 сарылау түсті қоймалжың, май тәріздес, 115-145°С қай­найтын, суда ерімейтін, қыздыруға, сілтілік ортаға, күн сәулесіне төзімсіз зат. К 2 витамині сары түсті, 540°С балқиды. К 1 витаминіненде төзімсіз кристалды зат. К 3 витамині сары түсті 106°С балқитын, суда ерімейтін, эфир мен спиртте еритін ұнтақ.

Q витамині (убихинон)

Коэнзим - Q (кофермент Q; KоQ), өте көп тараған кофермент болып есептеледі, сондықтан убихинон (желаяқ хинон) деп те аталады. Химиялық тұрғыдан убихинон: 2, 3 - диметокси - 5 - метил - 1, 4 - бензохинон. 6-шы көміртек атомында изопрен тізбегі бар, бұл тізбектегі изопреннің саны әр организмде 6-дан 10-ға дейін болады. Адам және жануар организмінде 10 изопрендік тізбегі бар убихинон кездеседі. Убихинон суда ерімейді.

Cуда еритін витаминдер

В1 витаминінің биомедициналық маңызы жоғарыда келтіріл­ген мәліметтермен шектелмейді.

В1 авитаминозының алғашқы белгілеріне тәбеттің төмендеуі ішек-қарын қабырғаларының толқын тәрізді жиырылу қасиетінің кемуі, мінез-құлықтың өзгеріп, еске сақтау қабілетінің төмендеуі, көзге елес пайда болуы жатады. Тиамин авитаминозында пирожүзім қышқылының мөлшері қанда, бұлшық ет ұлпаларында бірсыпыра көбейеді, нерв жүйесі зақымданып, полиневрит «бери-бери» ауруы пайда болады. «Бери-бери» ауруының белгісі бірнеше түрлі, құрғақ «бери-бери» шеткі нерв жүйесін зақымдағанда, бұлшық еттер тартылып, солып қалады, ауырған жердің сезіну қабілеті нашарлайды, сал ауруы пайда болады. «Бери-беридің» істіктік түрінде полиневрит пен қатар жүрек және қан тамырлары зақымданып, ақыры өлімге дейін әкеледі. Бұл аурумен адамдардан басқа құстар, иттер, егеу- құйрықтар және т. б. жануарлар да аурады.

В2 (рибофлавин, өсу витамині) В2 витамині ең алғаш рет сүттен бөлініп алынады, сондық­тан лактофлавин деп те аталады. Рибофлавин суда, спиртте жақсы ериді, қышқыл ортаға берік, қыздыруға төзімді болса да ультракүлгін сәулесінің әсерінен тез бұзылады. В2 витаминін кейбір микроорганизмдер мен өсімдіктер син­тездейді, ал жануарлар мен адамдар организмдерінде синтездел­мейді, сондықтан рибофлавин организмге ас арқылы түседі.

В2 авитаминозының белгілері

Рибофлавиннің ас арқылы жеткіліксіз түсуі организмдегі органикалық заттардың тотығуын нашарлатып, зат алмасу проце­сін, әсіресе белоктар мен амин қышқылдарының алмасуын тө­мендетеді. В2 витамині авитаминозында адам шаршағыш келеді, бұл­шық еттерден әл кетеді, жүрек еті әлсірейді, балалардың бойы­ның өсуі тежеледі, салмақ қосуы төмендейді, шашы түсіп (алопе­ция), бас терісі қабыршақтанады (дерматит) . Адам организмінде рибофлавин жетпегенде көздің мөлдір қабығы мен бұршағында кератит, катаракта сияқты аурулар пай­да болады, көз қызарып, жас ағып, көру процесі нашарлайды. Тіл­дің кілегей қабаты қабынады (глоссит), ауызы уылады, екі езудің терісі жарылып, қабынады (ауыздық ауруы) .

В3 витамині (пантотен қышқылы, антидерматиттік)

Бұл витамин 1933 жылы белгілі болды, кристалды түрде тек 1939 жылы алынады, 1940 жылы химиялық құрылымы анықта­лып жасанды түрде синтезделеді. Пантотен қышқылы барлық жан-жануар, өсімдіктер клеткала­ры мен микробтар құрамында кездеседі (грек. пантотен - бар­лық жерде) және биологиялық активтілігі тек оң жаққа бұрушы Д(+) оптикалық изомеріне тән. В3 витамині май тәрізді қоймалжың, ашық сары түсті, су мен сірке қышқылында еритін, жылдам тотығатын, сілтілер мен қыш­қылдардың әсерінен пептидтік (-СО-NH-) байланысы гидролизге түсетін зат.

Пантотен қышқылы жұмыртқа сарысында, бауырда, өсімдік­тердің жасыл желектерінде, ашытқыларда, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде, пішен ұнында өте көп болады және аз мөлшерде түрлі тағамдарда кездеседі, сондай-ақ, организмде ішек микро­флорасы синтездейтіндіктен авитаминозы сирек кездеседі.

В3 авитаминозының белгілері

Пантотен қышқылы авитаминозында адамдар мен жануар­лар әр түрлі ауруларға шалдығады: денедегі түктер мен шаш тү­сіп, түсі өзгереді, терісі зақымданып, ішкі органдардың кілегей қабаты қабынады, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері зардап шегеді. В3 витаминінің организмде жетіспеуінің ең алғаш белгілері мынадай: адамдардың аяғының саусақтары жансызданып, шанши бастайды, кейінірек саусақтары мен табаны өте қатты ауырып, ол тізеге дейін көтеріледі.

В5 (РР) витамині (никотин қышқылы, никотинамид)

Никотин қышқылы және оның амиді - никотинамид - ерте­ден белгілі. Бұл витаминді ниацин немесе РР деп те атайды. Ни­котин қышқылының витаминдік қасиеті 1937 жылы анықталады. Никотин қышқылының РР деп аталу себебі пеллаграға қарсы деген атаудың басты әріптерінен тұрады (итал. preventіve pellag­ra) . В5 витамині ақ түсті, қышқылдау, суда жақсы еритін, эфирде ерімейтін, жоғары температураға, күн сәулесіне, ауаға, сілтілік ерітінділерге тұрақты кристалдар. Никотин қышқылы табиғатта өте кең тараған. Оған өсімдіктер де, жануарлар да бай. Никотин қышқылының негізгі көздері: бауыр, бүйрек, ет, ба­лық, ашытқы, қара құмық, бұршақ тұқымдастар, қара нан, т. б.

В5 авитаминозының белгілері

В5 авитаминозында адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Пеллаграның алғашқы белгілері төмендегідей: ішек-қарынның кілегей қабаты қабынады, іш өтеді (диаррея), кейіннен тері қабынып, кедір-бұдырланады (дерматит), асқынған түрінде ми зақымданып, ойлау қабілеті төмендейді (деменция) . Бұл дертке балалар шалдыққанда бойларының өсуі баяулап, салмағын жоғалтады, анемияның жеңіл түрі пайда болады. Организмде никотин қышқылының 5% В6 витаминінің қатысуымен триптофан­нан синтезделетіні анықталды, сондықтан пеллагра В5 витамині­нің ғана авитаминозы емес, бірнеше витаминдердің жетіспеуінен болатын поливитаминоз. Егер никотин қышқылы мен никотинамид организмге шама­дан көп түссе, адам уланады, іші өтіп, бұлшық еттері ретсіз жиы­рылып, аллергия, астения аурулары пайда болады. Никотин қыш­қылының метаболиттері метил тобын өзіне қосып алып, холин си­яқты липотропты факторларды азайтудың нәтижесінде бауырда май жиналып, семіреді.

В6 (пиридоксин, антидерматиттік)

В6 витамині міндетті түрде ас құрамында болу керектігін 1934 жылы Дьерди, егеуқұйрықтылардың аяқ жағында болатын акродиния деп аталатын ерекше дерматитті, сол кезде белгілі болған суда еритін В1, В2 және РР витаминдері жаза алмағаннан кейін ашты. Бұл витамин1938 жылы ашытқылар мен бауырдан бөлініп алынады, 1939 жылы синтезделеді. В6 витамині химиялық құрылымы жағынан 3 - оксипиридин туындысы: 2 - метил - 3 - окси - 4, 5 - диоксиметил - пиридин екендігі анықталады. В6 деген атауды 1970 жылы биологиялық химия номенкла­турасы бойынша халықаралық комиссия витаминдік активтілігі бар үш затқа береді. Олар: пиридоксин (пиридоксол), пиридок­саль және пиридоксамин. Пиридоксаль мен пиридоксаминнің фосфорлануы фермента­тивтік процесс, оларды спецификалық киназалар катализдейді. В6 витамині су мен спиртте жақсы еритін түссіз, жоғарғы тем­ператураға тұрақты кристалдар (tпл=160°C) . Судағы ерітінділері қышқыл мен сілтілік ортада қыздыруға тұрақты, бірақ күн сәулесі әсерінен және бейтарап ортада тез бұзылады. Бұл витамин тағамның барлық түрінде кездеседі, өсімдіктер­де аз мөлшерде, ал жануар тектес азықтарда, (бауырда, бүйрек­те, етте, ірімшікте, балықта), ашытқыда өте көп мөлшерде бола­ды. Өсімдік тектес азықтардың ішінде дәнді дақылдардың дәнде­рінде, бұршақ тектестерде, өсімдіктердің көгінде мол болады. Адам организмінде В6 витаминін ішек микроорганизмдері синтез­дейді.

В6 авитаминозының белгілері

Пиридоксин авитаминозында амин қышқылдары мен белок­тардың алмасуы бұзылады, қанның түзілуі нашарлайды, жалпы мөлшері азайып, анемия ауруы пайда болады. Жас балалар мен мал төлінің бойларының өсуі баяулап, салмақтарын жоғалтады. Жас сәби балалар пиридоксині аз жасанды тамақпен тамақтанғандықтан, В6 авитаминозымен жиі ауырады, ондайда балалардың терісі қабынып, нерв жүйесі зақымданады.

Адамдар РР витаминімен емдегенде жазылмайтын, ал пири­доксинді қабылдағанда тез жазылатын, пеллаграға ұқсас, тері қа­бынатын аурумен ауырады. Туберкулезге шалдыққан адамдар пиридоксин авитаминозы­мен жиі ауырады, себебі, науқастарға пиридоксиннің антагонисі - изоникотинилгидразид (изониазид) дәрісі беріледі.

В12 витамині (цианкобаламин, антианемиялық)

В12 витамині басқа витаминдерден тек химиялық құрылымы­ның күрделігімен ғана емес, құрамында организмге өте қажет ко­бальт микроэлементінің болуымен ерекше, сондықтан кобаламин деп аталады. В12 витаминінде кобальт циан тобымен және коор­динациялық байланыспен коориндік циклдік жүйесімен байла­нысқан. Бұл жүйе гемопротеиндердің және гемнің порфирин тобына ұқсас және рибоза мен фосфор қышқылының қалдығы бар 5, 6 - азотымен байланысқан:

В12 витамині (цианкобаламин)

Адам организмінде коферменттік қызмет атқаратын В12 вита­минінің екі түрі бар, олар: метилкобаламин - цитоплазмада, дез­оксиаденозилкобаламин - митохондрияда шоғырланған. Амери­кандық ғалымдар Джордж Мино мен Уильям Мэрфи 1926 жылы шала піскен бауырды ас құрамына енгізгенде қатерлі анемияны жазатындығын анықтаған. 1948 жылы Эдвард Рикс пен Ролкерс кристалды түрде В12 витаминін жас бауырдан бөліп шығарды. Тек 1955 жылы Ходжкин химиялық құрылымын және кеңістіктегі кон­фигурациясын физикалық әдіспен (рентгеноструктуралық зерт­теу) анықтады. Ал қолдан 1961-1971 жылдары Р. Б. Вудворд син­тездейді. В12 витамині суда, спиртте, төменгі органикалық қыш­қылдарда, фенолдарда жақсы ериді, ал бензолда, хлороформда, ацетонда ерімейді. Жоғары температура әсеріне тұрақты, крис­талдары t≈210-220°С қараяды, t≈300°С жұмсарады. В12 витамині жарықта активтілігін жояды, ал қараңғыда өте ұзақ сақтауға болады. Цианкобаламинді микроорганизмдер ғана синтездейді, өсімдіктер мен жануарлар организмдері синтездей алмайды. Күйіс қайыратын малдың қарнында микроорганизмдер әрекетінің әсерімен түзіледі. В12 витамині оптикалық активті зат. Бұл витамин адам организміне ас арқылы түседі. В12 витамині бауырда, етте, сүтте, жұмыртқада, жануардан алынатын азықтар­да болады.

В12 авитаминозының белгілері

В12 витамині авитаминозында организм қатерлі анемия (пер­нициоздық анемия) Аддисон-Бирмер ауруына шалдығады. Перни­циоздық анемияда қанда мегалоциттер - көлемі үлкен жетілмеген қызыл түйіршіктер көбейіп, олардың қан айналымындағы жалпы саны азаяды. Ауру адам күніне 100-200 мкг В12 витаминін қабыл­даса, екі жұмадан соң сауығады. В12 витамині организмде гомоцистеиннен метиониннің син­тезделу процесін тездетеді, авитаминозында зәрде гомоцистеин көбейеді де, метионин азаяды. Бұл витамин метилмалонил-КОА-ның сукцинил-КОА-ға айналуын тездетеді. Авитаминозында метилма­лон қышқылы организмде жиналып, нерв ұлпаларына улы әсер етеді, жұлында дегенерациялық өзгерістер байқалады, асқазан сөлінің қышқылдығы төмендейді.

В15 витамині (пангам қышқылы, антианоксикалық)

В15 витамині алғаш рет 1950 жылы ірі қара малдың бауыры­нан, кейіннен көптеген өсімдіктердің тұқымдарынан бөлініп алы­нады, сондықтан бұл витаминді пангам (грек. пан - барлық жер­де, gamі - тұқым) қышқылы деп атайды. Пангам қышқылы таби­ғатта өте кең таралған. Химиялық құрылымы, құрамы синтездік жолмен дәлелденген. В15 витамині суда жақсы еритін, эфирде, хлороформда, бен-золда ерімейтін кристалды ақ түсті борпылдақ зат. Осы уақытқа дейін бұл витамин адам организмінде синтезделетіндігі, немесе ас арқылы түсетіндігі белгісіз. В15 витаминінің тағам көздері: бауыр, әр түрлі өсімдік дәнде-рі, ашытқы т. б.

Вс витамині (фоль қышқылы,
птероилглютамин, антианемиялық)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрамында витаминдер бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар
Азық – түлік өнімдерінің сапасы
Майлар және олардың тамактанудағы маңызы. Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі. Дәрумендердің жіктелуі туралы ақпарат
Майлардың адам организмінде атқаратын физиологиялық рөлі
Еркін майлы қышқылдар
Май еріткіш дәрумендер
Құрамында витаминдер бар дәрілік шикі заттар
Май өндірісінің аралық өнімдері
Дәрумендердің топтары мен түрлері
Қойдың майы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz