Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдіктерді тамақ және жеңіл өнеркәсібінде қолданылуы.


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Фармацквтика Академиясы
Кафедра: фармокогнозия және химия кафедрасы
Тақырыбы : Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдіктерді тамақ және жеңіл өнеркәсібінде қолданылуы.
Орындаған: Онгарова А. М
Тобы: 502фк
Шымкент -2013
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдік шикізаты
- Стероидты сапониндер
- Тритерпенді сапониндер
ІІІ Қорытынды
Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдік шикізаты
Сапониндер деп, химиялық құрылысы жөнінен гликозидтерге жататын жоғары беттік белсенділік көрсететін және салқынқандыларға гемолитикалық және улы әсер ететін табиғи қосылыстардың үлкен тобын айтады. Бұлар суда тез еритін түссіз заттар. Олардың сулы ерітінділері мен сығындыларын шайқағанда ұзақ сақталатын тұрақты көбік пайда болады олардың сапониндер деп аталуы да(латын сөзі sapo-сабын) осы қабілетіне байланысты. Сапониндер ерітілген (60-70) этонол мен метанолда салқын жағдайда ериді, ал жоғары 80-90 спирттерде қыздыру арқылы ериді, салқындату барысында тұнбаға түседі, эфирде, хлороформда, ацетонда, бензинде және басқа да органикалық еріткіштерде ерімейді. Кейбір сапониндер жоғарыда айтылған қабілеттерді көрсете бермейді. мысалыға, олардың кейбіреулері суда ерімейді, ал басқа біреулері гемолитикалық белсенділік және т. б. көрсетпейді.
Барлық сапониндер химиялық тұрғыдан гликозидтер бола тұрып агликондардан және көмірсулы бөліктен тұрады. Сапогениндер құрылысына қарай бұлар стероидты және тритерпинді сапониндер болып бөлінеді.
Стероидты сапониндер
Химиялық құрылысы мен қасиеттері
Стероидтар табиғи қосылыстардың кең тобын құрайды. стероидты сапогениндердің құрылыс ерекшелігіне С-16, ал кейде1, 2, 5 және 12 байланысындағы оттегінің болуын жатқызуға болады.
Олардың көпшілігінің бүйір тізбегіндегі 8 көміртегі атомы мен 16-ОН топтарының тотығуының нәтижесінде түзілетін сперокеальды топтары болады. Көптеген сапогениндердің 5, 6 көміртегі атомында қос байланыстар бар. Сперокеальды сақинаның орналасу орнына байланысты стероидты сапогениндер қалыпты қатардағы және изо қатардағы қосылыстар болып бөлінеді.
Стероидты сапониндердің жоғары спирттермен әсіресе холестеринмен суда ерімейтін, бірақ этанолда жақсы еритін кешенді қосылыстар түзетін ерекше қасиеттері бар. Басқа қасиеттері жөнінен көбік түзу, эритроциттер гемолизі стероидты сапониндер тритерпенді сапониндерден ешқандай айырмашылығы жоқ.
Сапогениндердің стероидты құрылысын сапониндерді шикізаттан бөліп алып гидролиздеген соң ИК-спектроскопия әдісін пайдаланып анықтауға болады.
Стероидты сапониндердің биозинтезінде, олардың өсімдік әлемінде таралуы мен маңызы
Стероидты сапогениндерге сперокетальдық топтардың болуы олардың стериндермен тығыз генетикалық байланыста екендігін көрсетеді. Стероидты сапониндер лалагүл, амариллистер, диоскореялар, сабынкөктер тұқымдастарына жататын өсімдіктерде кездеседі.
Стероидты сапониндер жылықандыларға улы әсер етпейді, ал салқынқандыларды, мысалы, балықты өлтіреді. Бұл қасиетін ертеректе алғашқы қауым адамдарды балық аулауға қолданған. Стероидты сапониндерді с тероидты гормондар алу үшін маңызды, әрі арзан алғашқы өнім көзі ретінде пайдаланады. Диоскорея тамырсабақтары тамырларымен -корневища с корнями диоскореи-Rhizomata cumradicibus Dioscoreae
Ниппон диоскореясы-Диоскорея ниппонская-Dioscoreae Makino
Кавказдық диоскорея-диоскорея кавказская-Dioscoreae caucasica Lipsky
Диоскореялар тұқымдасы-семейства диоскорейные-Dioscoreaceae
Сипаттамасы. көпжылдық биіктігі 4 метрге дейін созылып жататын шырмауық өсімдік. Тамырсабағы көлденең орналасқан күшті тармақталған, қоңыр түсті, ұзындығы 1, 5-2 м және жуандығы 2 см жіңішке тамырларымен сабағының шіріген қалдықтарынан тұрады. Сабақтары жәй сабақтарға жатады, жалаңаш. жапырақтары кезекті орналасқан, сағақты, ниппо диоскореясында олар кең жүрек пішіндес, 3-7 -салалы ұзындықтары 6-10 см, кавказдық диоскореяда жүрекше-жұмыртқа пішінді, жиектері ойықша, ұзындығы 16см. гүлдері дара жынысты, қос үйлі, ұсақ жасыл, түсті, аталық және аналық гүлдері шашақты гүл шоғырын құрай орналасқан. Жемісі үш қанатты қорапша, тұқымының да қанаттары бар. Мамыр -шілде айларында гүлдейді. Екі түрі де мәдени енгізілген.
Таралуы. Ниппон диоскореясы Примор өлкесінде, хабаровскінің оңтүстік аймақтарындағы аралас ормандарда ал Кавказдық диоскорея Абхазияда және краснадор өлкесінің Адлер аймағында сирек еменді және бұталы ормандарда өседі.
Дәрілік шикізаты. Тамырсабақтары тамырларымен коктемде гүлдеу кезенінде немесе күзде жинайды. Бөліктерге кесіп кептіреді. Шикізаты түрлі тамырсабақтары кесінділері мен 0, 5-4мм-ге дейінгі ұзындықта бау тәрізді тамырларынан тұрады. тамырсабақтары сыртынан бурыл түсті, ал сынығынан крем түстес. Дәмі ашқылтым, аздап күйдіргіш.
Химиялық құрамы. Екі түрінің тамырсабақтарында сапониндер 10-ға дейін табылған, сонымен қатар стероидты сапонин диосцин 1-1, 5-ға гидролиз барысында сапогенин дисгенин, глюкоза және 2 молекула рамнозаға ыдырайды.
Қолданылуы. Полиспонин ниппон диоскореясының тамырсабақтарынан алынған құрғақ тазартылған экстрактысы, құрамында суда еритін стероидты сапониндердің 17 жиынтығы бар. 0, 1г таблетка түрінде шығарылады. Б тізімі. Атеросклерозда гипохолетериннемиялық дәрмек ретінде қолданылады.
ТРиперпинді сапониндер
Химиялық құрылысы мен қасиеттері
Тритерпенді сапониндер С5Н8 изопренді құрылысы алты рет қайталанып жиынтық формуласы С30Н48 болатын қаңқамен қосылыс түзетін пентациклдық терпеноидтар. Бұлар 4-типке бөлінеді. -амиринді, -амиринді, лупеолды, фриделинді. Дегенмен, агикондары тетрациклдық тритерпен дамаран туындысы құрылысты болатын тритерпенді сапониндер де кездеседі. Көптеген пентациклдық тритерпенді сапониндер негізіне көміртектік қаңқа олеанан жататын -амирин типіне жатады. Функционалдық топтардан гидроксил тобынан басқа карбоксилды, алдегидты, лактонды, эфир топтары және карбонилды топтар кездеседі. Қос байланыстар 12-13-ші байланыстарда жиі кездеседі.
-амирин, -амирин және лупеол туындыларында егер бір гидроксил тобы болатын болса, ол с-3 байланысында орналасқан. Ал 6 гидроксил тобы бар протоэсцигенинде гидроксил топтары 3, 16, 21, 22, 24 және 28 байланыстарда болады. Фриделинде 3 байланыста карбонил тобы орналасқан. Егер карбоксил тобы біреу болса, онда ол С-28 байланыстарда болады. Бұл байланыстар -амирин типінде де -амирин урсол қышқылы типінде де кездеседі. Дегенмен, карбоксил тобы басқа да көміртегі атомында болуы мүмкін. Кейбір сапогениндерде бір мезетте әр түрлі функционалдық топтар болуы мүмкін. Мысалы, глицирретин қышқылында С-3-те -ОН тобы, С-11-де -О, және С-30-да СООН топтары бола береді. Сапогениндердегі альдегидті, лактонды топтар емесе эфир байланыстары тұрақсыз, сондықтан олар өсімдіктен бөліну кезінде өзгеріске ұшырай алады. Тритерпенді сапониндердін көмірсулар бөліктері өсімдікте әдетте кездесетін моносахаридтерден, яғни Д глюкозадан, Д галактозадан, Д ксилорзадан, Д глюкурон және Д галактурон қышқылдарынан, Л -арабинозадан, Л -рамнозадан және Л-фукозадан тұрады. Көмірсулар тізбектерінде 1-ден 10-ға дейінгі қосылу орынымен және байланысу әдісімен ерекшеленетін моносахаридтер кездеседі. Көптеген сапониндерде 2-ден еркін көмірсулар тізбегі болады(әсіресе, 3және 28 көміртектерде) . Кейбір тритерпенді сапониндерде көмірсулар тізбегі тармақталып(мысалыға, гипсозидте) орналасқан жәнеде тармақтан ашылуы агликонмен тікелей байланыстағы моносахаридтерде орвн алған. Көмірсулар тізбегі әдетте С-3-те орналасады, кейде С-28, С-16-да болуы да мүмкін. Тритерпенді сапониндердің физико-химиялық қасиеттері кең көлемде отырады. Бұлар көбіне балқу температуралары әр түрлі аморфты заттар. Қиыршық күйінде құрамында 4 моносахаридтен аспайтын кейбір түрлері ғана алынған. Моносахаридтер санының көбеюіне байланысты сапониндердің суда және басқа полярлы еріткіштерде еруі жоғарылайды. Құрамында 1-4 моносахаридті қалдықтары бар сапониндер суда нашар ериді. Үштерпенді сапониндер нейтралды немесе қышқылды қосылыcтар болуы мүмкін. Қышқылдық қасиеті сапогенин молекуласындағы немесе урон қышқылындағы (егер, урон қышқылы сапониннің көмірсулар бөлігінде орналасқан болса ) карбоксил тобына байланысты. Күшті қышқылдар барлық сапониндердегі гликозидті байланыстарда ыдырата алады. Сапониндердегі О-ацилгликозидты байланыстар сілтілер әсеріне тұрақсыз. Қышқылдық сапониндер бір валентті металдармен суда еритін тұздар түзеді, ал қосвалентті немесе көпвалентті металдармен суда ерімейтін тұздар түзеді. Көптеген сапониндер ақуыздармен липидтермен, стериндермен, таниндермен молекулярлық кешендер түзеді. Тритерпенді сапониндердін негізгі қасиеті-эритроциттерді бұзып гемоглобинді босату(гемолиз ) -эритроцидтер мембранасының холестерині мен сапониннің 0кешен түзуге негізделген. Бірақ барлық сапониндер гемолиздік әсер көрсете бермейді, мысалы, жалаң мияның сапониндерді мұндай қабілетке ие болмайды. Тритерпенді сапониндердің салқынқандыларға қатысты спецификалық жоғары улылығы олардың тыныс органы болып қана қоймай әрі ағзадағы тұз алмасуды және осмостық қысымды реттеуші болып табылатын қызметін бұзуына байланысты. Сапониндермен сапонинді шикізаттардан бөлінетін тозаң көздің, мұрын мен ауыз қуысының шырышты қабаттарын тітіркендіреді. Сапониндерді үлкен дозада ішке қабылдағанда олар улы әсер етуі мүмкін, оларға құсу, жүрек айну, іш өту, бас айалу жатады. Сапониндермен салыстырғанда олардың агликоны-сапогениндер балқу температурасы белгілі қиыршықты заттар. Олар гемолитикалық белсенділік көрсетпейді және балықтарға улы әсер етпейді.
Мия тамырлары-корни солодки-Radices Glycyrrhizae
Жалаң мия-Солодка голая-Glycyrrhizaglabra
Бұршақтар тұқымдасы-семейства бобовые-Fabaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 50-200 см көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы қалың, ағаштанған. Жапырағы кезекті, дара қауырсынды жапырақ күлтелері бар. Гүлдері ақ-күлгінтүсті, бос үлпілдек гүл шашақтарына жиналған. Жемісі жылтыр немесе без-түкті бұршақ екі бүйіріне қысылыңқы . Шілде-тамызда гүлдейді, тамыз-қырқүйекте піседі.
Таралуы. ТМД-ның Европалық бөліктерінде, Кавказда, Орта Азия мен Қазақстанда далалы жерлерінде, шалғындарда, өзен аңғарында өседі.
Дәрілік шикізаты. Тамырларының ұзындықтары мен қалыңдықтары әр түрлі кесінділер. Жалаң мияның тамырлары мен тамырсабақтары сырт жағынан қарағанда сұр -қоңырқай түсті, ал оралдық мияның тамырлары мен тамырсабақтары қызғылт-қоңырқай түсті. Сынығынан қарағанда түсі ашық-сары, талшық тәрізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz