Қазақстан Республикасында сот-медициналық қызметтің процессуалдық негіздері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс сабақтарының қатынастық курсы

Тақырып
Сағат
№: СУДЕБНАЯ МЕДИЦИНА
№: 1
Тақырып: Тақырып: Қазақстан Республикасында сот-медициналық қызметтің процессуалдық негіздері. Қазақстанда сот-медициналық қызметті ұйымдастыру. Қарағанды облысында сот-медициналық қызметтің статистикалық сипаттамасы.
Сағат: 2
№: СУДЕБНАЯ ПСИХИАТРИЯ
№: 2
Тақырып:

Тақырып. Сот психиатриясының жалпы теориялық, құқықтық және ұйымдастыру формалары.

Сағат: 4
№: 3
Тақырып: Тақырып: “Жалпы психопатология”.
Сағат: 2
№:
Тақырып:
Сағат: 8

СУДЕБНАЯ МЕДИЦИНА

1 Дєріс.

Тақырып: Қазақстан Республикасында сот-медициналық қызметтің процессуалдық негіздері. Қазақстанда сот-медициналық қызметті ұйымдастыру. Қарағанды облысында сот-медициналық қызметтің статистикалық сипаттамасы.

Тақырыпты оқудың мақсаттары мен міндеттері :

1. Заң тәжірибиеде сот-медициналық білімді құқықтық негіздерінде қолдану туралы ортақ түсінікті қалыптастыру.

2. Қазақстанда сот-медициналық қызметті ұйымдастыруымен танысу.

3. Қарағанды облысында сот-медициналық қызметтің статистикалық сипаттамасымен танысу.

4. Заң тәжірибиеде сот-медициналық білімді пайдалану тәжірибиесін қалыптастыру.

Лекция жоспары

1. Тақырыпқа кіріспе.

2. Тезиста тақырыпты мазмұндау.

3. Қорытынды.

1. Тақырыпқа кіріспе.

Тергеушінің, прокурордың, судьяның, адвокаттың, анықтаушының заң тәжірибиесінде заң ғылымның басқа мамандардың білімін пайдалануға керектігі туындайды.

Адам қызметіне жататын арнайы салалардың бірі, тергеу және сот тәжірибиесінде кездесетін медициналық және медико-биологиялық сұрақтарын шешуімен және зерттеуімен айналысатын сот медицтнасы болып табылады.

Заңгерлер кәсіби медициналық білімді талап ететін сұрақтарын шешуге құқығы жоқ, олар бұндай сұрақтарды шеше алмайды. Бірақ сонымен қатар да әрбір заңгер белгілі бір тәжірибиелік медициналық қызметті, сонымен қатар сот медицинаны білуі керек.

Сот медицинамен шешілетін сұрақтардың мазмұны мен көлемі, құқықтық тәжірибиеде әр алуан мыңдаған жағдайларда туындайтын медициналық сипаттағы сұрақтардың мазмұны мен көлемі арқылы анықталады.

Сот медициналық құзреті оның білімдерінің медициналық сипатымен анықталады және шектеледі.

2. Тақырыпты мазмұндау «Сот медициналық қызметтің іс-жүргізу кепілдері».

Сот медиктарының тәжірибиелік қызметі Қазақстан Республикасында әрекет ететін заңдарына (ҚК, ҚІЖК, АК, АІЖК) сәйкес жүзеге асырылады.

Сот медициналық сараптаманың қортындысы қылмыстық және азаматтық істер бойынша дәлелдемелердің басты қайнар көзі болып табылады.

Сот медициналық білімге ие болатын дәрігерлер (сот медиктар және басқа мамандардыңь дәрігерлері-хирург, терапевт, окулист және т. б. ) қылмыстық іс-жүргізуде процессуалдық тұрғыда маман ретінде (ҚР ҚІЖК 84б. ) және сарапшы ретінде (ҚР ҚІЖК 83б. ) пайдаланылады.

Маман ретінде дәрігер тергеушіге биологиялық текті дәлелдемелерін табуға, бекітуге және алынуға байланысты жағдайаттарға көңіл бөлуге көмектеседі және онымен жасалған әрекеттерге түсінік береді.

Тінту және алуды, оқиға болған жерді қарауды, куәландыруды, сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алуды жүзеге асырғанда ҚР ҚІЖК 221, 224, 226, 230, 231, 232, 233, 256, 257, 258 және 260 баптарына сәйкес маман ретінде дәрігердің қатысуы міндетті емес.

Адам мәйіті табылған жерде сырттан тексеруді (ҚР ҚІЖК 224 б. ) және эксгумацияны жүзеге асырған кезде маман ретінде дәрігердің қатысуы міндетті болып табылады.

Бұндай әрекеттерін жүзеге асыру барысында дәрігердің болмауы биологиялық текті дәлелдемелердің жоғалуына әкеледі.

Сот медициналық сараптама- бұл фактілік мәліметтерін және жағдайларын анықтау үшін сараптамашымен заң тәртібімен бекітілген, жүргізілетін медициналық немесе биологиялық сипаттағы ақпаратқа ие белгілі бір объектінің зерттеуі.

Сот медициналық сараптаманың міндетті тағайындауы ҚР ҚЖІК 241 бабында көрініс табады.

Сот медициналық сараптамашы тек қана жоғары медициналық білімі бар және сот медицина саласында арнайы білімге ие дәрігер және басқа мамандардың дәрігерлері егер олардың көмегі керек болса бола алады.

Заң тәжірибиесі көрсетеді әкелікті танытуға, балаларды ауыстыруға байланысты және адамның өміріне денсаулығына қарсы қылмыстардың көбісінің тергеуі сот медицина сараптаманың көмегінсіз жүргізуі мүмкін емес.

Сот-медицина сараптаманың түрлері:

1. Алғашқы - белгілі бір медициналық объектіні (мәйіт, тірі адам және т. б. ) алғашқы зерттеуі. Ол жалғыз сарапшымен және де сарапшылардың комиссиясымен (комиссияның барлық қатысушылары дәрігерлер) жүргізілуі мүмкін.

2. Қосымша - сараптаманың түсініксіздігіне, жаңа ашылған мән жайлар пайда болуына байланысты сұрақтарын шешу үшін сол объектіні қайта зерттеу немесе бастапқы сараптаманың нәтижесі бойынша пайда болған сұрақтарын қайта қарау.

Қосымша сараптама бастапқы сараптаманы жүргізген комиссиясымен жүргізеді.

3. Қайта жүргізілетін - алғашқы және қосымша сараптама процессінде шешілген сұрақтарын шешу үшін бастапқы зерттеуге тартылатын объектіні қайтадан зерттеу сараптамасы.

Қайта жүргізілетін сараптама басқа комиссия сарапшылардың

құрамымен жүргізіледі.

Алғашқы және қосымша сараптамаға қатысқан дәрігерлер қайта жүргізілетін сараптамаға қатыспайды.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына қойылатын талаптар:

1. Барлық қорытындылар ғылыми негізделген болу керек.

2. Қорытынды объективті болу керек, ол дегеніміз олар сараптаманың зерттеу объектісінің нәтижелерімен расталу керек.

3. Қорытындылар дәлелді болу керек.

4. Қорытындылар толық, барлық қойылған сұрақтардың жауабы болу керек және заң логикасына сай құрылуы керек.

5. Қорытындылар тергеу процессінің барлық қатысушыларына түсінікті болу керек.

Қазақстанда сот-медициналық қызметтің ұйымдастырылуы.

Қарағанды облысында сот дәрігерлерінің жұмысы бойынша, жылдық есеп беру мәліметтері бойынша жыл сайын әр түрлі объектілердің - мәйіт, тірі адам, заттай дәлелдеме және тағы басқа сот медициналық сараптама үлкен көмегімен жүргізіледі:

1. Тірі адамдардың сараптамасы - 7 мыңнан астам.

2. Мәйіттер сараптамасы - 4 мыңнан астам.

3. Лабораторияларда 1 мыңнан астам сараптама жүргізілді.

Сот медициналық сараптама жүргізу әр түрлі лабораториялық зерттеулерді жүргізуге және уақытын талап ететін еңбекті процесс.

Сот медициналық сараптама Қазақстанның барлық аумағында, әрбір облыстарда және қалаларда, халық жиналатын орындарда жүргізіледі. Мәйітті эксгумациялау адамды жерлейтін кез келген орындарда жүргізіледі.

Мемлекеттің басты міндетін, құқық қорғау органдарына көмек көрсетуді атқару үшін денсаулық сақтау министрлігінің құрамына кіретінҚазақстанда бір тұтас сот медициналық қызмет құрылған болатын. Ол ҚР денсаулық сақтау министрлігінің сот медициналық орталықпен басқарылады.

Қазақстанда сот-медициналық сараптама (сот-медициналық сараптама мекемелері) органдары мыналар болып табылады:

1. Денсаулық сақтау министрлігінің сот медицина орталығы. Онда ерекше күрделі сараптамалар жүргізіледі.

2. Сот медицина орталығының облыстық филиалдары.

3. Сот медицина орталығы облыстық филиалдарының қалалық және аудандық бөлімшелері.

4. Медициналық ЖОО-ның сот медицина кафедралары.

5. Қазақстан Қорғаныс Министрлігінің орталық сот-медициналық зертханасы

Қазақстанның бүкіл аумағында сот-медициналық сараптамалардың басым бөлігін Сот медицина орталығының облыстық филиалдары өткізеді. Онда қажетті кадрлық, мүліктік және техникалық қамтамасыз етілу және функционалдық құрылым бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицина орталығы облыстық филиалының құрылымы:

1. Мәйіттер сараптамасы бөлімі, мәйітхана мен гистологиялық зертхана бар.

2. Жәбірленушіні, айыпталушыны және басқа тұлғаларды сараптау бөлімі

3. Зертханалық бөлім, бөлімшелері:

- сот-химиялық;

- биологиялық;

- физика-техникалық;

4. Кезекші бөлім.

5. Қалалық және аудандық бөлімдер.

Қалалық және аудандық бөлімдерде тек мәйіттер мен тірі адамдардың сараптамалары жүргізіледі.

Бүкіл зертханалық зерттеулер зертханалық бөлімде жүргізіледі.

3. Қорытынды.

Тергеулік әрекеттерді сауатты және нәтижелі өткізу үшін сот медицина негіздері мен оның мүмкіндіктерін білген жеткіліксіз, сонымен қатар ол білімдерді пайдаланудың іс жүргізушілік талаптарымен Қазақстандық сот медициналық қызметтің ұйымдастырылуын білген жөн.

Қолданылған әдебиет тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.

2. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі

3. «Неке және отбасы туралы» ҚР заңы.

4. ҚР Азаматтық кодексі.

5. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі.

6. 1997 ж. 7 қарашада шыққан «Медициналық сараптама туралы» ҚР заңы.

7. 1992 ж. 28 қазанда шыққан «Сот медициналық сараптаманы өндіру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР денсаулық сақтау министрлігінің № 482 Бұйрығы.

СУДЕБНАЯ ПСИХИАТРИЯ

Дәріс 2. Түйісу дәріс сабақтарының курсы.

Тақырып 1. Сот психиатриясының жалпы теориялық, құқықтық және ұйымдастыру формалары.

1. Сот психиатриясының пәні мен мақсаты.

2. Сот-психиатриялық сараптаманың құқықтық және ұйымдастыру негіздері.

3. Есі дұрыс еместік және шектеулі (азайған) ес (вменяемость) проблемалары.

4. Азаматтық процестегі сот-психиатриялық сараптама.

5. Қоғамдық қауіпті қимыл жасаған психикалық науқас қатынасындағы медициналық мінез шаралары.

6. Пенитенцарлы психиатрия негізднрі. Бостандығынан айырылғандар орындарындағы психиатриялық көмекті ұйымдастыру.

Сот психиатриясы- бұл жалпы медицина мен жалпы психиатрияның жетістіктеріне сүйеніп, әділеттікке қызмет ететін медициналық ғылым. Оның негізгі екі проблемаға әкелетін еркеше басты мақсаты бар - қылмыстық істердегі есі дұрыс еместік және шектеулі (азайған) есті (вменяемость) және азаматтық істердегі қабілеттілік пен қабілетсіздікті анықтау.

Тек сот-психиатриялық сараптама ғана айыпталушының өз қимылындағы қоғамға қауіп төндіретін немесе қылмыс кезіндегі басқаруды түсіне орындағанын белгілей алады. Бұл сұраққа жауапты сот айыпталушының кінәсін қылмыстық іс жасағандығын мойындату немесе мәжбүрлеу емін тағайындап, қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігіне байланысты. Тек сот-психиатриялық сараптама ғана азаматтық процесте сарапталушының қабілетсіздігін және қамқорлық тағайындалуының қорытындысын анықтайды. Осы екі проблемада сот психиатры тек маманның ғана қолынан келетін сұрақтарды шешуі керек. Сот-психиатриялық сараптаушы тек қана дәрігер-психиатр болуы мүмкін (сот-психиатриялық сараптаушыдан айырмасы, онда кез келген дәрігер болуы мүмкін) .

Айыпталушының есі дұрыс еместік және шектеулі (азайған) есті анықтау, қабілетті немесе қабілетсіздігін куәландыратындығын анықтауда сот психиатрлары куәлар мен ПОТЕР лар болған жағдайды дұрыс қабылдап, ол туралы дұрыс мәлімет бере алатындығын: психикалық жағдайына байланысты сотталушы оған белгіленген уақытты өтей алуы жөнін қарастырады. Сот-психиатриялық сараптама кінәланушының, күдіктінің, жәбірленуші немесе куәнің мүмкіндігінше жан бұзылысын диагностикалап, оның ауырлығын анықтап, қажет жағдайда ем тағайындайды. Мұндай сараптама өте маңызды және қиын, себебі барлық процестің қатысушыларының дені сау бола бермеуі мүмкін. Сарапшыларға психозбен ауырғандармен, бірақ еңбекке жарамды, ұжымда жұмыс істеу мүмкіндігі, отбасы бар, психикалық ауытқушықтары жиі кездесетіндермен жұмыс істеуге тура келеді. Кейде психикалық ауру эмоционалды күйзеліске ұшырағанда, сот процесі, тергеу жұмыстарында пайда болуы мүмкін.

Психикалық аурулардың симуляциясы, кейде диссимиляциясын жиі кездестіруге болады, психикалық науқас өзінің сау екендігін дәлелдегісі келеді, ал психикалық ауруы дәрігердің диагностикалауда жіберген қателігі болуы мүмкін. Шындықты табу үшін психикалық бұзылушылықты диагностикалаудың негізгі шарты клиникалық бақылау болып табылады, олардың қорытындысын зертханалық тексеру куәландырады. Сот сараптамасы туралы Заңның 1 бабына және ҚР ҚПК 240 бабына сәйкес психиатриялық сараптама сот-тергеу органдарының қаулысына байланысты өткізеді. Қаулыда сараптамаға жіберілген адамның іс бойынша кім екендігі көрсетіледі, қойылатын сұрақтарға сараптама жауап береді. ҚР ДСМ 18. 08. 97 ж. бұйрығы бойынша сот-психиатриялық сараптамашы психиатрия бойынша 5 жыл жұмыс істеп, сот психиатриясы бойынша даярлықтан өтуі керек. Сараптаманы тағайындау туралы жәбірленуші, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, кінәлаушы, айыпкер, жауап баруші процесте прокурор қатысуымен қолдай алады. Егер әңгіме қабілетсіздігін мойындау туралы болса, онда сот-психиатриялық сараптама міндетті түрде белгіленеді. Басқа жағдайда тергеу немесе сот процесіне қатысушының психикалық денсаулығына түрлі жағдайларға байланысты күмән тууы мүмкін. Сот-психиатриялық сараптауды тағайындау үшін бұрын адам психиатриялық ауруханада емделгені немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұратындығы, психикалық жағдайға байланысты әскери қызметке жарамсыздығы, жақын туыстары арасында психикалық аурулар туралы, ақыл есі кем балалардың арнайы мектепте оқуы туралы, өз-өзіне қол жұмсау сияқты мінез танытқандар туралы мәліметтер т. с. с. негіз болып табылады.

Азаматтық немесе қылмыстық процестегі қатысушының психикалық жағдайынның адекваттылығына күман психикалық бұзылушылыққа әкелетін бас миының аурулары, бас сүйегінің жарақаты, сондай-ақ қатысушының психикалық жағдайына күманданатын мекеме әкімшілігінің өтінішінен тууы мүмкін. Сот-психиатриялық сараптауды тағайындау сұрағы сот тергеуі уақытында, тергелушінің қабілетсіздігі байқалғанда немесе қойылған сұрақтарға ойсыз жауап беру сияқты, немесе қауіпті мінез-құлығымен ерекшеленгендерге беріледі. Сонымен қатар, сот-психиатриялық сараптауды тергелушінің өз арызына сәйкес тағайындау мүмкін: оыйның жаңылысуы, болып жатқанғаесеп беруі және ойын жинақтай алмауы, жан-жағынан дауысқа еліктеуі және т. б. Сот-психиатриялық сараптауды тағайындау үшін басқа да негіздер болуы мүмкін.

Бұл көбінесе психиатриялық ауруханалар немесе психоневрологиялық диспансерлер базасында жұмыс істейтін сот-психиатриялық комиссияға жүктеледі. Комиссия құрамы облыстық денсаулықсақтау комитеті бұйрығымен бекітіледі. Сонымен қатар, тергеуші мен сот сот-психиатриялық сараптаушыларды сараптау комиссиясына өздері тағайындай алады немесе осындай комиссияны құруды жүктей алады. Ең қиын, сондай-ақ қайта сот-психиатриялық сараптаманы В. П. Сербский (Мәскеу) атындағы Мемлекеттік ғылыми әлеуметтік және сот психиатриясы орталығында өткізеді. Сот-психиатриялық сараптама комиссиясы құрамына үштен аз емес сарапшы-психиатр, оның бірі төрағасы, екіншісі - баяндаушы, үшіншісі - комиссия мүшесі болып тағайындалады. Сонымен қатар үш маман сарапшы-психиатрдың болмаған жағдайында сот-психиатриялық сараптау екі немесе бір сарапшыдан тұруы мүмкін. Сот психиатрларының құқығы мен міндеттері сот-седициналық сарапшыларының құқығы мен міндеттеріне сай, яғни олар істің барлық материалдарымен танысуға құқығы бар және сот-психиатриялық сараптаманы өткізу немесе өткізбеуге жауапты. Сонымен бірге сарапшы соңғы қорытындыны, егер оған қосымша материалдар қажет болса (куә көрсеткіштері, жұмыс орнынан, тұрғылықты орнынан мінездеме және т. с. с. ), сондай-ақ басқа маман дәрігерлермен -хирург, сексопатолог, венеролог және т. б. кейінге шегеруіне құқылы. Мұндай жағдайларда тергеу немесе сот сот-психиатриялық сарапшыны қажетті материалдар мен кеңестермен қамтамасыз етуге міндетті.

Кейде сарапталушы жағдайын бағалауға оның туыстары мен жолдастарына сұрау салуы қажет. Мұндай әңгімеге сарапшы тергеушіден рұқсат алуы қажет, ал туыстары сарапшыға сот-тергеу органдары арқылы шақырылуы керек.

ҚР сот сараптамасы туралы заңы (8 бап) және ҚР ҚПК 249 және 250 баптарында келесі түрлері көрсетіледі:

бірінші, комиссиялы, кешенді, қосымша және қайталанатын, сонымен бірге өткізу жағдайына қарай сот-психиатриялық сараптаманың 4 түрін өткізу мүмкіндігінің болуы. Бұл түрлер ДСМ нұсқауларында көрсетілген:

амбулаторлы, стационар, сот жиыны, сырттай(өлгеннен кейін), сараптаманы тергеушінің кабинетінде өткізу сараптама емес, кеңес болып табылады.

Амбулаторлы сараптама тез және көп тараған, оны кез келген психиатриялық мекемеде кез келген жағдайда өткізу мүмкіндігі бар (Қазақстанның кез келген облыс орталығы мен үлкен қалаларда) .

Стационарлық сараптама қойылған сұрақтарға ұзақ бақылау немесе зертханалық тексеру қажет болған жағдайда жүргізіледі. (ҚР ҚПК 247 бабы)

Қамауға алынғандар Алматы қаласының Республикалық клиникалық псхиатриялық ауруханасының сот бөліміне орналастырылады. Зерттелуші психиатриялық диспансерде болған кезінде тергеу жұмысы тоқтатылады (ҚР ҚПК 50 бап) . Ауру тарихын дәрігерлер емес, АСПС комиссиясы жүргізеді. Сараптаманың мерзімі стационарда- 30 күн, егер сот-тергеу органдарының сұрағына зерттеу аяқталмай жауап берілмесе, АСПС мерзімді созу туралы шешім қабылдайды. Егер комиссия тергелушіні науқас деп таныса, онда оны тергеу изоляторының медициналық психиатриялық бөліміне жатқызады.

Сот жиынындағы сараптама ҚР ҚАЖ 354 және 355 бабымен регламенттеледі. Егер тергелушіге, кіналыға немесе куәға алдын ала сараптама өткізімесе және сот процесі кезінде психикалық бұзылулар байқалса, сот-психиатриялық сараптама сот залында қажет. Сот сараптама алдына қойылатын сұрақтарды қарастырып, сот жиынын басқа мерзімге ауыстыруына болады.

Сырттай сот-психиатриялық сараптама куәландыруға мүмкіндігі жоқ (өлгеннен кейін) іс материалдары бойынша жүргізіледі. Бұндай сараптама өзіне қол жұмсау туралы істерге арналған сараптамаларға, ал азаматтық процестерде мұра қалдыру туралы істерде т. б. жүргізіледі. Сараптама жүргізу үшін түрлі медициналық құжаттар, куәлар көрсеткіштері, мінездемелер, қайтыс болғанның жазбалары, қосымша куәлардың, туыс-жақындарының және жолдастарының жауаптары қажет.

Барлық жиналған талдаулар сараптамашы мен сараптау комиссиясына тергелушінің өмірінің сол кезеңінен қортынды жасауға әкеледі. Көрсетілген материалдардың жетіспеушілігі сараптама қорытындысын жасаудан бас тарту бола алады. Қылмыстық істерде кейде сараптамалар қорытындысы болжалды болып шектеле алады, азаматтық істерде қабілетті және мұраның немесе мәмленің сұрақтарының шешілуінде тергелушінің психологиялық жағдайы туралы болған қорытынды іске асырылмайды.

Барлық сот-психиатриялық қимыл “Сараптама қорытындысы” түрінде ҚР ҚПК 120 бабында регламенттелінген. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы кіріспе бөлімінен тұрады, онда сараптаманың формалды жағы көрсетіледі (сараптама тағайындалуы туралы қорытынды, тегі және сараптаманы тағайындаушы лауазымы, сараптаманы тағайындау негізі, сараптау құрамы т. б. ) ; арнайы бөлім, онда тергелушінің өмірінен мәлімет, аурудың пайда болуы мен ағымы туралы, медициналық зерттеу шешімдері беріледі; қорытынды бөлімде қорытынды шығарылып, олардың негізі айтылады. Қорытындыда психикалық ауру диагнозында формаланады, тексерілушінің есі дұрыс еместігі қорытынды шығарылады немесе медициналық 4 белгі бойынша критерилері көрсетіледі (психикалық бұзылыс; уақытша психикалық бұзылыс; ақылы кемдік; басқа психикалық жағдайлар) . Есі кемдік жағдайы медициналық шараларға негізделеді. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысында анықталған, деректі және қойылған сұраққа жауап болуы керек.

Кейде сот-психиатриялық сараптама өткізгенде тергеу сараптаушылардан сұрамаған жағдай ашылуы мүмкін. Мұндайда сараптау комиссиясы бұны өзі көрсетуі керек. Мысалы, күдіктінің есі дұрыс еместігін анықтауда, оның созылмалы алкоголизм немесе наркоманиямен ауыратындығы анықталады. Сұраққа жауап беріп отырған ақылы кем тергелішіні комиссия наркоман екендігін қорытындыда көрсетіп, оны мәжбүрлі емдеуге жібереді. Психикалы науқас адамды сот-психиатриялық сараптама комиссиясы есі дұрыс деп қорытқанда, сот психикасы дұрыс емес адаммен іс жүргізетіндігі көрсетіледі. Сот-медициналық сараптаудағы тәрізді, сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысын сот немесе тергеу ісі қабылдап немесе жоққа шығара алады. Соңғысында сот немесе тергеу органдары жазба күйінде сараптаушылар пікіріне келіспейтін деректі себебін көрсетеді. Осындай мотивтегі сот қаулысы қайта сараптама тағайындауға негіз бола алады.

Қылмыстық іске іліктірілген адамның ақыл есі кем немесе кем еместігі туралы сұрақ сот-психиатриялық сараптаманы тағайындауға негіз болып табылады. “Ақылы дұрыс емес” түсінігіне ҚР ҚК 16 бабында анықтама берілген, онда: “Қоғамға қауіпті қимыл жасау кезінде ақыл есі дұрыс емес жағдайда болған, осы Кодексте қаралғандай, яғни факті әрекеті өз қимыл-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін сезбеген немесе созылмалы психикалық ауру салдарынан, уақытша психикалық бұзылыс; ақылы кемдік; басқа психикалық жағдайларында жасалған қылмыс жауапқа тартылмайды. ”

16 баптың порымдалуына қарамай, тәжірибеде оны қолдану дұрыс емес трактовканың мүмкіндігі туралы куәландырады, оған арнайы түсінік қажет. ҚР ҚК 16 бабының мазмұнында 2 критериді бөліп алуға болады, олар сарапталушының есі кемдігін мойындауға негіз болады. Біріншісі медициналық, оны дәрігер - психиатр лар құзыры қояды; енді әңгіме ақыл есі дұрыс еместігі дәлелденбеген қоғамға қауіпті қимыл жасау кезінде психикалық бұзылыста, уақытша психикалық бұзылыста, ақылы кемдік, басқа психикалық жағдайда болғандығында. Мұнда “басқа психикалық аурулар жағдайы” түсінігі түсініксіз. ҚР ҚК 16 бабында аталған Дүниежүзілік аурулар классификациясының 10 қарарында ҚР арнайы қабылданған “Писхикалық және мінез синдромы” патологиялық бөліміне ауру деп толық мағынада санауға болмайтындығы енген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Қылмыстық процестегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципі
Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы
Соттық сараптаманы тағайындау
Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтарын қорғаудағы сот билігінің маңызы мен ролі
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны
Дәлелдемелерді жинақтау және зерттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде тұрғын үйдің қол сұқпаушылығы жағдайлары
Оған қылмыстық сот өндірісінің негізгі бастамалары
Қылмыстық процеске қатысушылардың ұғымы, мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz