Сефевидтер мемлекеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих, археология және этнология факультеті

Сефевидтер мемлекеті

(Баяндама)

Орындаған: Қалназар Бекжан Полатұлы., 2 курс

Тексерген: Мухажанова Толқын Нурасылқызы

Алматы, 2012 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I ТАРАУ

Сефевидтердің этногенезі

  1. Түрік болжамы
  2. Күрд болжамы
  3. Парсы болжамы

ІІ ТАРАУ

Сефевидтер мемлекетінің саяси тарихы

  1. Сефевидер І Исмаил шахқа дейін;
  2. І Исмаил шах билігі кезінде;
  3. І Тахмасп шах билігі кезіндегі Сефевидтердің ішкі және сыртқы саясаты;
  4. І Тахмасп мұрагерлері кезіндегі Иран. І Аббас

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тақырыптың өзектілігіне келер болсақ. Жалпы Сефевидтердің этникалық шығу тегі толық зерттеуді қажет етпейді. Алайда бұл аспект табанды және ғылыми қызығушылықтан алыс буржуазиялық тарихнаманың бүкіл Сефевид династиясын парсыландыру талпыныстарына байланысты өзектілігі артады.

Тақырыпты зерттеудің мақсаты . Осы жұмысты жазудағы алға қойған мақсатым біріншіден: 1) Сефефид мемлекеттік бірлестігінің шығу тегін; 2) ішкі және сыртқы жағдайларын осы тақырыпқа арналған зерттеу еңбектері мен дерек қорлары негізінде зерделеу, тақырыпты мейлінше толық меңгеру және сонымен қатар осындай ғылыми жұмыстармен шұғылдануды үйрену болып табылады.

Міндеттер. 1) Сефевид мемлекеттік бірлестігінің шығу тегін; 2) ішкі және сыртқы жағдайларын зерттеу болып табылады

Тақырыптың деректік қоры. Тақырыптың деректік базасына келер болсақ. Бұл тақырыпқа байланысты деректер қатарына Таваккул ибн-Исмаил ибн-Беззаздың “Саффат ас-Сафа”атты агиографиялық еңбегі, анонимді автормен жазылған “Тариз-и-шах Исмаил-и Сефеви” атты еңбек, Хондемирдің “Хабиб ас-сийяр” дерегі маңызды болып табылады. Бұлардан басқа Яхья Казвинидің “Лубб ат-таварих”еңбегі, “Тазкирэ-и шах Тахмасп” еңбегі және тағы басқалар жатады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа қалам тартқан кісілер көп болды. Олардың қатарына О. А. Эфендиев А. М. Фарзалиев, Р. М. Мамедов, , В. В. Бартольд Пигулевская, А. Ю. Якубовский, И. П. Петрушевский, Л. В. Строева және А. М. Беленицкий жатады. Әсіресе осы И. П. Петрушевскийдің жоғарыда көрсетілген ғалымдардың біразымен бірлесе жазған кітабы осы Сефевид мемлекетінің шығу тегін зерделеудегі басты еңбектердің бірі болып табылады. Ал О. А. Эфендиевтің жазған еңбегі Сефевид мемлекетінің саяси тарихын зерттеуге көмектеседі. Бұлардан басқаларға Д. Миклухо-Маклай, П. П. Иванова, А. Н. Болдырева, Р. Г. Мукминова, Д. Росса, Ч. А. Стори, К. Э. Босворт жатады. Мысалы Д. Росса, Ч. А. Стори, К. Э. Босворт секілді зерттеушілердің еңбектері Сефевид мемлекетінің көрші мемлекеттермен, атап айтқанда Шайбанилермен қарым қатынасын қарастырады

Баяндаманың құрылымы. Баяндама Кіріспеден, І-ІІ- тараулардан, Қорытындыдан, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауды “Сефевид мемлекетінің шығу тегі” деп алдым. Тарауда мемлекеттің шығу тегін зерттеушілердің дерекке сүйене отырып жасаған қорытындылары мен сол деректерде келтірілген мәліметтер негізінде қарастырдым.

Екінші тарауды “Сефевид мемлекетінің саяси тарихы” деп алдым, яғни бұл тарауда Сефевидтердің ерте кезден бастап, ыдырауына дейінгі саяси тарихын барынша қамтуға тырыстым.

I ТАРАУ

  1. Сефевидтердің шығу тегіне байланысты мәселе даулы болып табылады. Әйтсе де әйгілі орыс шығыстанушы академик В. В. Бартольдтың осы мәселеге байланысты пікірі, яғни династияның түркілік шығу тегі көбіне шындыққа жанасатындығын айтып кеткен болатын.

Эпоним және рубасы, осы династияның шейхі Сефи ад-Динге (1254 - 1334) және оның ұрпақтарына келер болсақ: “бұл Ардебилдік шейхтердің шығу тегінің парсы емес, түркі екені күмәнсіз1”

Осыған ұқсас пікір И. П. Петрушевский де айтқан болатын. Ол: “Сефевидтердің алғашқы шейхтері Ардебилде тұрған, олардың тілі әзірбайжандық болған2 ” - дейді.

Жалпы бұл мәселені шешудегі кедергі сефевидтердің ежелгі ата бабалары туралы қамтылған Таваккул ибн-Исмаил ибн-Беззаздың “Саффат ас-Сафа”атты агиографиялық еңбегінің жалғыз дерек болуымен байланысты. Таваккул диуананың еңбегі сопылық шығармаларға ұқсас және керемет жайындағы мен Сефи ад-Дин шейхтің өмірі туралы қамтылған. Бұл еңбек XIV ғасырдың екінші жартысында құрастырылған.

  1. Жоғарыда көрсетілген Таваккул ибн-Исмаил ибн-Беззаздың еңбегін зерттеуге кіріскен Ахмет Кесреви Тебрези В. В. Бартольдтан бұрын қорытындыға келген болатын. Ол: “Сефевидтердің ата-бабасы сейидтер (Мұхаммед пайғамбар ұрпағы) болған емес және олардың шежірелері кешірек сефевид тарихнамашыларымен ойлап құрастырылып, ибн-Беззаз шығармасына енгізілген3”.

Шейх Сефидің арабтарға қатысы жоқтығын дәлелдеген Ахмет Кесреви оларды шығу тегі түркілік деп те санамайды. Ол олардың ататегі күрт санайды.

Парсылық авторлар арасында Сефевид династиясының шығу тегі жөнінде жалғыз автор емес. Мысалы, түркиялық автор Зеки Велиди Тоган, сефевид династиясының шығу тегіне арналған мақаласында оларды шығу тегі күрдтік екенін айтады. Ахмет Кесревидің “Саффат ас-Сафтағы” Әзірбайжан территориясына күрд әскерінің енуін кеш интерполяциясы және фальцификациясын негізге алған Тоган бұл жорықты Әзірбайжандағы 416 жылғы Раввадидтер билігінің орнауымен байланыстырады. Оның есептеуінше шейх Сефидің рухани жетекшісі шейх Захидтың да ата-бабасы секілді Раввадидтермен бірге Гилян мен Ардебильге келіп орналасып, Муган мен Арран аймақтарында ислам дінін таратты4 - дейді. Әйтсе де “XVI ғасырдың басына дейін Ардебильдік курд шейх ұрпақтары, Тоганның айтуынша толығымен түркіленді5”. Түрік авторы өз пайымдауларын қорытындылай келе: “Исмаил және Тахмасиб шахтар тарих беттерінен күрдтік шығу тегін жоюға бар күшін салып, ұрпағы Фируз шейхті пайғамбар ұрпағымен тіркеп және оның ұрпағы Сефиді түрік шейх шиит, түрік поэмаларының авторы ретінде дәлелдеуі болып табылатындығында еш күмән жоқ6” - дейді.

  1. Парсылық басқа авторлар, мысалы, “С. Рахимзаде мен Н. Шейбани”7 Ахмет Кесревидің пікірі және оның дәлелдемесінің әлсіздігін айта келіп, мәселе жайында өз гипотезасын ұсынды. Олар бойынша сефевидтердің түп негізі парсылық деп түсіндіреді.

Кейбір парсы тарихшылары атап айтқанда М. Машкүр шах Исмаилды түрік билеушісі емес, ирандық ретінде қарастырады. Оның түсіндіруінше белгілі бір жағдайларға байланысты шах Исмаил түрікше сөйлеуге және түрікше өлеңдер шығаруға мәжбүр болады8 - дейді. Ол бойынша Иранда өмір сүретін әзірбайжандықтардың этникалық ататегі: “Ирандағы түріктер туркмандық немесе татарлық тұқымның бір тармағы, бұтағы. Әзірбайжан татарлары түрікше сөйлегенімен, қалған баарлық қатынастарда Ирандықтар; олар тегі таза парсылықтар мен туркман немесе татарлық тектің бір тармағымен қосындысы9” - деп есептейді.

“Саффат ас-Сафта” Сефи ад-Дин шейхтің этникалық атрибуциясына нұсқаулықтар бар. Осыған байланысты сефевидтердің ирандық шығу тегін дәлелдемекші болған авторлардың үнсіздігі Сефи шейхтің саяхаты жөніндегі аңызда оны бірнеше рет “түрік әулиесі”(пир-и тюрк) 10 деп атауымен түсіндіріледі. Сефевидтердің шығу тегі түріктерге тиесілігін мына жолдардан: “ Весьма характерно, что когда ведется рассказ о встречах и собеседованиях шейха Сефи со своими мюридами на глубинной земле персов - Ширазе, к нему неоднократно обращаются как к тюрку: «Эмир Абдулла, имевший высокий сан и мужество которого было известно во всем Фарсе, сказал (обращаясь к Сефи. - О. Э. ) : Эй, тюркский святой . . . » «Мовлана Ахмед и Мовлана Ибрагим Тебризи Серави рассказывают, что (мы) прибыли в Ардебиль. В присутствии (доме) шейха, да освятит (аллах) его душу, для нас принесли черный хлеб и воду. Вдруг вошли несколько тюрок. Для них принесли белый хлеб и мед». Стало быть, в доме (келье) шейха Сефи тюркам отдавалось предпочтение. В труде Таваккуля ибн-Беззаза имеется упоминание о том, что шейх был в «тюркском селе» (дех-и тюрк), что указывает на тюркское население района Ардебиля в эпоху Сефи”11. - яғни бұдан Сефи шейхтің үйінде түріктерге құрмет көрсетілетінін көруге болады.

Сонымен, Сефевидтердің жоғарыдағы зерттеушілер еңбектері мен деректерде көрсетілген мәліметтерге қарап, олардың шығу тегі жайлы қорытындылары біртекті емес екендігін көреміз. Атап айтқанда, түрік, күрд, иран болжамдары.

ІІ ТАРАУ

  1. Жалпы Сефевидтер тарихында әйгілігімен көзге түскен үш шейх бар. Олар Хейдер шейхтің баласы І Исмаил шах, І Исмаил шахтың мұрагері І Тахмасп шах және оның немересі І Аббас шах болып табылады.

Сефевидтердің алғашқы шейхтері Ардебильде тұрған. Тілі әзірбайжан тілі болған. Олардың ықпалының болғаны соншалық, олардың муридтері тек Әзірбайжанда ғана емес, сонымен қатар Батыс Иранда (Исфаханда, Ширазда т. с. с), көбіне Румда ( Кіші Азияда) болған. Сефи ад-Дин шейхтің үшінші ұрпағы Ибрахим Шейхшах шейх ( 1427 - 1447 ) Ардебиль маңы оның иелігінде болған болатын.

XV ғасырда Сефевидтердің негізгі тірегі Әзірбайжан тілінде сөйлеген көшпелі түрік тайпалары қамтыған. Олар шығу тегі әр түрлі болатын. Олардың бір бөлігі Осман сұлтандарымен қақтығысқа және олардың бір орталықтан басқару саясатына байланысты Кіші Азиядан Әзірбайжан мен Иранға көшіп келді. Бастапқыда осындай тайпалардың саны жетеу болған: шамлу, румлу, устаджлу, текелю, афшар, каджар, зулкадар. Шамлу мен румлу тайпалары Сефевидтерге басқа тайпаларға қарағанда толығымен бағынған. Және кейінірек, (XV ғасырдың екінші жартысында) ортақ “қызылбашылар” (әзірбайжанша - “қызылбастылар”, бұл тайпалар 12 шиит имам құрметіне байланысты өздерін ерекшелейтін белгі, қарақошқыл сызықтары бар чалма таққан) атауын алған. Қызылбашылар тайпалары өз көсемдерімен қоса сефевидтерге рухани, саяси жағынан тәуелді болған. Қызылбашылар Сефевид шейхін рухани басшысы деп қабылдайтын, ал өздерін олардың “муридтері”, “диуанасы”, “сопылары” санап қана қоймай, вассал қызметін атқарған. XIV ғасырда диуаналық қауымнан болған “Сефевийе ордені” кейін өзіндік бір рухани-рыцарьлық орденге айналады.

“Дін үшін соғыс” сылтауымен Қызылбашы тайпаларының басында тұрған Сефевид шейхтері XV ғасырдың екінші жартысынан жүйелі түрде жылдан жылға мұсылман емес мемлекеттерге - черкес мемлекеті Дагестанға, Грузияға, грекиялық Трапезунт патшалығына шабуыл ұйымдастырылып отырды. Бұл шабуылдар оларға үлкен олжалар әкелді, көбіне жылқы, ірі қара және тұтқындар (ерлер, әйелдер) болды. Тұтқындардың бір бөлігін венециандық елші Катерино Зеноның айтуы бойынша Ардебиль базарында сатқан болса, бір бөлігін өздеріне құл еткен.

Қызылбашыларға иек артқан Сефевид шейхтері Джунейд және одан кейінгі Хейдер шейх көлемді, кең жаулаушылықтарға ұмтылды және шиизмді олар осы мақсатқа жеткізетін идеалогиялық қару деп есептеді. Олар Әзірбайжан, Иран мен Кіші Азия халықтарының - қолөнершілердің, шаруалардың, кедей көшпелілердің шиизмге деген сүйіспеншілігін қолдануға ұмтылды.

Грузияға, Дагестанға, Черкесияға үнемі шабуылдағаннан, әрдайым қызылбашылар Ширван иелігі арқылы өтетін болған. Ширваншахтар, (суниттер, Грузия одақтастары) қызылбашылардың бұл жорықтарын өз еліне қауіп төндіреді деп ойлады және оларға барынша кедергі жасауға тырысты. Нәтижесінде Джунейд (1459 жыл) және Хейдер (1488 жыл) шейхтер Ақ қоюңлы сұлтандары қолдаған ширваншахтармен соғыста қаза тапты. Хейдер шейхтің үлкен ұлы Али шейх (1495 жыл) Ардебильдің өзін қамтыған Ақ Қоюңлы әскерімен болған ұрыста қаза табады. Алайда талқандалған қызылбашылар Ақ Қоюңлының ішіндегі өзара соғысты пайдаланып, қайта аяққа тұрды.

  1. Гилянде жасырынып жүрген Хейдер шейхтің кіші ұлы жас Исмаил Ардебильге оралып, билікті (1499 жыл) қолына алады. Ол сефевидтердің жауы Фаррух-Ясар ширваншахты қиратты. Оны толығымен жаулап алмаса да, Ширван ойрандушылыққа душар етілді. Кейін ол Альвенд Ақ Қоюңлыны қиратты. Әзірбайжанның оңтүстігін жаулап алды. Тебрізді алды, оны астанасы етіп, осы жерде Иранның шаханшахы титулын (1501 жыл) қабылдайды. 1503 жылы I Исмаил шах (1501 - 1524 жылдары билік етті) Хамаданға жақын маңда Мұрад әскерін талқандап, оны қашуға мәжбүр етті. Бүкіл Парсылық Иракты жаулап алды. Ақ Қоюңлы мемлекеті осы кезде өмір сүруін тоқтатты. 1503 жылы қызылбашылар тағы Семнан мен Фарсты астанасы Ширазбен бірге басып алды, 1504 жылы Иездті иемденді. 1502 - 1509 жылдар аралығында I Исмаил шахқа Хузистан, Курдистан, Гилян, Мазендаран және тағы басқа Батыс Иран династиялары бағынды. Иранның қызылбашылармен жаулануы басқа жеке династиялар арасындағы қақтығыстарды жеңілдетіп, соғыстарды тоқтатты.

1504 жылы өзбектердің қысымымен Хусейн Тимурид сұлтан І Исмаил шахқа келіссөздер жүргізуге елшісін жібереді. Хусейн сұлтанның хатының мазмұны Исмаил шахқа бағыну туралы болмағандықтан, шах келіссөзден бас тартады. Хусейн сұлтан қаза тапқан соң, Мұхаммед Шайбанидың жаулау жорықтары жоспарына Иран да кірген болатын. Парсы тарихшысы Хондемирдің айтуы бойынша Шайбани Исмаил шахқа Меккеге қажылыққа баруына байланысты әскерімен Ирак пен Әзірбайжанға жылжуын хат арқылы хабарлайды. Исмаил шах болса, жауап ретінде Шайбани ханға сегізінші шиит имамы Али-Рыза қабіріне, Мешхедке қажылыққа баруына байланысты әскерімен Хорасанға жылжуын хабарлайды. Өзбектер мен қызылбашылар арасындағы шешуші соғыс Мерв түбінде болды. Өзбек әскері жеңіліске ұшырап, Шайбани хан қызылбашы әскері қолынан қаза табады.

Хорасаннан Әму-Дария өзеніне дейінгі (Балқаш өңірінен басқа) даланы қызылбашы әскері қолына өтті. Бұл соғыста сефевидтердің жеңіске жетуі олар үшін өте маңызды болды. Олар Орта Азияны да басып алмақ болды, бірақ Қаршы түбінде өзбектерден жеңіліс тауып, кейін қайтады.

Қызылбашылардың жаулаушылығы батыс бағытта да жүрді. Сол кездегі Түрік сұлтаны II Баязидтің Исмаил шахтың жеткен жетістігін құттықтау және достық мақсатындағы елшілігінің ұсыныстары (1504 жыл) қызылбашылардың қозғалысын тоқтатпады. 1507 жылға таман қызылбашылар Арменияны, Курдистанды, Диярбекрді басып алады. 1508 жылы Бағдадты алып, Арабтық Иракты бағындырады.

Түріктік Кіші Азияда түрік сұлтанына қарсы шығуға және қызылбашыларға көмек беруге дайын шииттер саны көп еді. Марино Санутоның айтуы бойынша Кіші Азиядағы түрік халқының 4/5 шииттер болды делінеді.

ІІ сұлтан Баязидтің билігінің соңына таман Кіші Азияда шаруалар арасында шиизмді және Исмаил шахты қолдау туралы ұранмен көтеріліс бұрқ етті. Көтеріліс басында қызылбашылық, өзін Шах-кулу (шах құлы) деп атаған Хасан оғлы тұрды. Суниттіктер оны Шейтан-кулу (шатан құлы) деп өзгертті. Көтерілісшілер мен арадағы соғыс Кьюк сай өзені маңында болды. Көтерілісшілер жеңілген соң, аман қалған бөлігі Иранға қашты. Алайда Исмаил шахтың үкіметі оларға көмекке келмеді. Бұл кішіазиялық шиитердің арасында теңдікті жақтайтындардың болуымен түсіндіріледі.

Осыдан кейін қартайған ІІ Баязид сұлтан мен оның балалары арасында билік үшін соғыс басталды. Ақырында түрік тағын ІІ Баязид сұлтанның баласы І Селим (1512 - 1520) иемденді. Ол Түркияның сыртқы саясатына бірталай өзгерістер әкелді. XV ғасыры барысында Түркия Балқандық жартыарал мемлекеттерімен, Венгриямен, Венециямен және басқа да еуропа елдерімен жаулаушылық соғыстар жүргізді. Алдыңғы Азияны жаулау соғыстарын ойластырды. Ол сунниттік исламды ұран етіп, шиит еретиктерніе қарсы шықты, яғни Сефевид мемлекетіне қарсы соғысты бастады. Үлкен артилериялық әскерге ие болған түріктер қызылбашылар әскерін Чалдыран жазығында оңтүстік Әзірбайжанда (1514 жылдың 24 тамызында) талқандайды. Қызылбашылардың тез шегінгені сонша, шах гаремі жау қолына түседі. Түріктер Тебризді басып алады, алайда түрік янычарлары арасында құпия шииттердің болуына байланысты жеңісті ұстап қала алмады. Осы және қызылбашылардың жаңа лебінің келуіне байланысты І Селим кейін шегінеді. Оңтүстік Әзірбайджан және Арабтық Ирак Сефевидтер құрамында қалады. Ал 1517 жылы Исмаил шах шығыс Грузияны бағындырады.

  1. Исмаил шахтан кейін Сефевид билігі басына оның үлкен ұлы он жастағы І Тахмасп (1524 - 1576 ) келеді. Алғашында қызылбашы ақсүйектерінің қолында ойыншық хан қызметін атқарды. 1525 жылы жас ханды тәрбиелеу қызметіне таласқан қызылбашылық румлу мен устаджлу тайпалары арасында өзара соғыс басталды. 1526 жылы устаджлу тайпасының көтерілуі, 1531 жылы текелю тайпасының көтерілуі Тебриз қаласын әлсіретті.

Қызылбашылық тайпалар арасындағы соғыстан басқа, І Тахмасп билігі кезінде жеке жергілікті иран ақсүйектерінің көтерілуі басталды. 1529 жылы Кальхурадың иесі Зулфикар бек Бағдадты қоршап оны алды, артынша бүкіл Арабтық Иракты жаулап алып, сол кездегі түрік сұлтаны І Сүлейманға бағынады. Шах аймақты қайтару үшін Бағдадқа жорық (1530 жыл) жасайды.

І Тахмасп шах солтүстік Әзірбайжанда 1538 жылы Ширван және 1551 жылы Шеки мемлекеттерін жаулап алады. Шығыс Грузияда билігінің орнығып қалсын деген мақсатпен Тахмасп шах сол жерге бірнеше рет тонаушылық шабуылдар жасаған.

Ал өзбек хандарымен соғыс І Тахмасп шах кезінде үнемі жүріп отырған. Мауеренахрдың өзбек хандары әр жыл сайын Хорасан мен Астерабад маңына жорықтар жасап, бірнеше рет маңызды Херат қаласын жаулап отырды. 1528 жылы қызылбашылар Турбейт-и Шейх Джам қасында өзбек ханы Убайдуллахқа ауыр соққы жасады, бірақ қызылбашы әскері кете сала, Убайдуллах хан (1529) кішкене уақытқа Мешхед пен Хератты қайтарып алады.

1535 жылы Хератта шах билігіне қарсы бағытталған халық көтерілісінен кейін қаланы өзбектер басып алады. 1536 жылы өзбектер қаладан қайта ығыстырылады, бірақта өзбектердің Хорасанға жорықтары(1543, 1549, 1550, 1556, 1560, 1567) тоқтамады.

Өзбек хандарымен күрес шах билігі үшін Астерабад маңында (1550жыл) болған көтеріліске байланысты қиындай түсті, көтеріліс басында түрікмен йака тайпасынан шыққан ақсүйек бозбала Аба тұрды. 1558 жылы Абаның сатқындықпен өлтіргеннен кейін ғана көтеріліс басылды. Сефевид мемлекетінің өзбек хандығымен күресі идеалогиялық тұрғыдан шиитердің суниттерге қарсы діни қозғалысынан туындады.

XVI ғасырдың бірінші жарты жылдығында (1514 - 1555 жылдар) Түркиямен үздіксіз соғыс стратегиялық және шаруашылық бағыттағы Закавказье, Курдистан мен бүкіл Арабтық Ирак үшін жалғасты.

Түрік сұлтаны І Сүлейман (1520 - 1566 жылдар билік етті) 1533 жылы Әзірбайжанға баса көктеп кіріп, Тебриз және Султанийені басып алды, кейін оңтүстікке Бағдад қаласына бұрып, оны алды. Түрік әскері Әзірбайжаннан ығыстырылғанымен, Арабтық Ирак Түркия құрамында қалды; 1538 жылы түрік әскері Ван қаласын алады.

1538 жылы Ширван облысын жаулап алған І Тахмасп шах туған інісі Алқас мырзаны сол жердің билеушісі етіп қояды. Алқас мырза 1547 жылы Ширваннан өз алдына мемлекет құрмақшы болды. Шах әскерімен барып оны басып тастайды. Қызылбашы ақсүйектерінің арқасында шах пен оның інісі арасында достық қарым-қатынас қайта жанданады. Алқас мырза шах қазынасына жыл сайын 1000 түмен ақшасын және 1000 ширвандық атты әскерді салып тұруға міндеттенеді. Алайда афшар мен зулқадар тайпаларының арасындағы күресті пайдаланбақшы болған Алқас мырза Ширванды бөліп алмақшы болды. Өз атынан теңге соқтыруға әмір береді. Екінші рет шахтан жеңілген Алқас мырза қырым ханына, кейін түрік сұлтанына қашып барады. І Сүлейман сұлтан шах інісі қабылдауды жөн көреді. 1548 жылы Оңтүстік Әзірбайжанға үлкен жорық жасап, Тебризді алады.

1555 жылы Амасья достығы қабылданады. Ол бойынша Иран құрамында Әзірбайжан, Шығыс армения мен Шығыс Грузия қалды. Түріктер құрамында Арабтық Ирак, Батыс Грузия мен Батыс Армения қалды. Ал Қарсы қаласы маңы нейтрал территория деп есептелді. Бұл келісіммен Осман-сефевид соғысының бірінші кезеңі аяқталады.

1559 жылы түрік Сүлейман сұлтанның баласы, әкесінің соғыстағы сәтсіздіктеріне ызаланған І Баязид Ирандағы І Тахмаспта пана табады. Бұл жағдайды өз пайдасына пайдаланғысы келген І Тахмасп Баязидтің артынан ерген әскерді өз әскері қатарына қосып, өзін (1561жыл) әкесіне 400 мың алтын ақшаға сатқындығы үшін қолына ұстап береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Надыр шах тұсындағы Иран
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Кавказдағы түркі халықтары
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты
Шейбани ханмен қақтығыс
Исмаилизм: хасан ибн саббах және ассасиндер
Сефевилер мемлекеті
ХҮІ ғасырдың бас кезіндегі Иранның экономикалық және саяси жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz