Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I ТАРАУ

Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттары

ІІ ТАРАУ.

Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғышарттары

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Пигулевская Н. В. Якубовский А. Ю. Петрушевский И. П. Строева Л. В. Беленицкий Л. М. История Ирана с древнейших времен до конца XVIII века. Л., 1958.

2. Фарзалиев А. М. Южный Кавказ в конце XVII в. : османо-сефевидское соперничество. СПб., 2002.

3. Фарзалиев А. М. Мамедова Р. М. Сефевизм и Великие Моголы в мусульманское дипломатии. СПб., 2004.

4. Эфендиев О. А. Азербайджанское государство Сефевидов в XVI в. Баку, 1981.
Кіріспе

Ұлттық мемлекеттің құрылуы қарсаңындағы Қазақстандағы саяси жағдайына келсек, XV ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай ордасы Жетісу аумағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы сияқты хандықтар өмір сүрген олар жер үшін және билік үшін бір-бірімен соғысып жатты. Бұған қосымша Әмір Темірдің ұрпақтары қазақ жеріне шабуылдар жасап саяси жағдай мүлде нашарлаған. Қазақ хандарының бастауы болған Ақ орданың ханы Барақ Тоқтамыс ханның бес ұлы бірінен соң бірімен алысп жатты. Осы кезде 1428ж. Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза болуы Ақ орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді. Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс пайда болды. Олар бас-басына хандық құрып өзін-өзі билеушілік туады. Бұлардың арасындаы жер үшін талас ел арасындағы араздықты туғызып бей-берекетсіздік өршіді. Сөйтіп, мұндай саяси бытыраңқылық біртұтас ұлттық мемлекеттің қажет екендігін көрсетеді.

Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың хандық өкіметінен бастап, өзінің шарықтау шегіне жетеді. Тарихи деректерге қарғанда Әбілқайыр хан Ақ орда билігін өз қолына алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген . Ал Ақ орданың мұрагерлері Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдың билігін ешбір мойындамаған. Бұлардың алдарына қойған басты мақсаттары өздерінің жеке ұлттық мемлекеттерін құру еді. Міне, Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болған.

Тақырыптың деректік базасын шолу: Тақырыптың деректік базасына келер болсақ арнайы Қазақ хандығына арналған деректемелер жоқ. Қазақстан жµніндегі мәліметтер шығыс авторларының шығармаларында ‰здік-‰здік келтірілген, негізінен алғанда шығыс деректемелерінің материалдарын-батыс европалық, кейініректе орыс саяхатшыларының, елшілерінің, ғылымдарының хабарлары, сондай-ақ орыс жылнамалары мен мұрағаттарының мәліметтері толықтыра т‰седі. Керісінше, монғолдардың жаулап алуы тұрлі ауқымды әдебиеттерді µмірге келтірді. Оң т‰стік Қазақстандағы, сондай-ақ Орта Азиядағы монғолдар жаулап алуын зерттеуде басты деректеме Фазллалах Рашид ад-Диннің "Жамиат-таварих" ("Жылнамалар жинағы") деген тарихи еңбегі. Оның екінші томында Қазақстан моңғол ұлыстарының құрамына кірген кездегі тарихы, Жошы ұрпақтары генеалогиясы жµніндегі мәліметтер келтірілген. Келесі дерек Х‡І ғасырдағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих и Рашиди" деген шығармасы. Бұл еңбек-Қазақ хандығының тарихын зеттеу ‰шін де аса маңызды бастапқы деректеме. Онда тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы тым қысқа болғанымен, дәйекті т‰рде баяндалған. Онда алғаш рет тарихнамада қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің кµшіп кетуі туралы хабарлайды олардың этникалық сана сезімін қабылдау себептері туралы пікірлер айтылып қазақ хандарының Шайбани ұрпақтары мен монғол хандарымен, қырғыздардың, ноғайлардың, қалмақтардың әміршілерімен µзара қатнастары айтылады.

Шайбанилық тарихнама қатарына Орта Азия мен Қазақстан тарихы жµніндегі аса маңызды т‰пнұсқа еңбек-Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің "Михман-намеий Бухара"("Б‰хар мейманының кітабы") деген еңбегі ерекше орын алады. Ибн Рузбихан еңбегінде біздің тақырыпқа байланысты, оның ішінде билікті мұраланудағы дәст‰рдің жергілікті дәст‰р арасындағы талас-тартыстар жайлы құнды мәліметтер береді. Атап айтсақ Әбілхайыр немересі Мұхамед Шайбани хан µз билігін заңдастыру ‰шін Герат, Бұхара қалаларында жергілікті дін басыларымен беделді адамдар арасында µткізген жиындарға берген сипаттамасы. Ол Шайбани ханға қызмет етіп осы жиындарға қатысып µз пікірін білдіргендіктен оның мәлімдемелері бізге µте құнды. Келесі дерек ол Махмұд ибн Әмір Уәлидің "Бахр әл-асрар фи манакиб әл-аийар" (¤негелі адамдардың еріктілері жайлы ғаламат құпиялар") деген энциклопедиялық еңбегі. "Бахр аль-асрар" шығармасы жеті томнан тұрады. Бізге керектісі ‡І, IІІ томдары, µйткені мұнда Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының тарихы ‡І томда. Дешті Қыпшақтағы Жошы ұрпақтарының тарихы III томда сипатталған. Т‰ркі тілдік деректемелерінің ішінен біздің тақырыпқа байланысты пайдалы әдебиет ол Х‡І ғасырда "Шынғыс-наме" деген құнды тарихи шығармасы. Оның авторы Хиуа тарихшысы ¤теміс қажы ибн маулана М‰хамед. ¤теміс қажының туындысы Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары билік еткен уақыты мен билікке қандай жағдайда келгендігін сипаттайды. Бұл мәліметтер арқылы біз Алтын Орда тағына хандар қандай дәст‰р негізінде отырғандығын салыстырмалы тұрде анықтай аламыз. Келесі дерек ол Әбілғазының "Тұрік шежіресі" бұл еңбекте кµшпелі µзбектер мемлекетінің тарихы Қазақстан мен Орта Азиядағы, Маңғыт ордасындағы Шайбанилер әулеті туралы мәліметтер жинакталган. Моғол ұлыстарының тарихы жµнінде аса құнды мәліметтер бар. Осы еңбектің орыс тілінде жинақ болып шыққан вариантында қарастырып отырған тақырыпа байланысты Алтын Орда, Ақ Орда хандарының гениялогиялық таблицасы берілген. / 1/ Монғол тарихына оның ішінде Шыңғыс хан тұсындағы тарихқа қатысты аса құнды еңбектің бірі ол "Монғолдардың құпия шешіресі. "Шыңғыс ханның заңдары жиналған (ясса) бұл еңбек бізге толық жеткен жоқ сондықтан ол деректе Шыңғыс заңдарының кейбір мәліметтері ғана келтірілген. Бұл еңбек біздің тақырыбымыз ‰шін аса маңызды µйткені, Монғолдардың билікті мұрагерлену дәст‰рін анықтау ‰шін, Шыңғыс хан қалаған мемлекеттің ж‰йесі жайлы мәліметті ондағы келтірілген заңдардан аңғаруға болады. Біздің тақырыбымызға септігін тигізетін деректердің қатарына екі жинақтарды жатқызуға болады олар: Қазақ хандығына байланысты материалдар жинағымен, / 2/ шығыстанушы В. Г. Тизингаузеннің Алтан Орда тарихына қатысты материалдар жинағы. / 3/ Жалпы, Алтын Орда жµніндегі материалдардың жинағы ұзақ жылдар бойы ХІІІ-Х‡ ғ. Қазастан тарихы жµніндегі мәліметтердің сенімді кµзі болып келеді және осы кезге дейін осылай. Біз қарастырып отырған тақырыпқа байланысты, деректер µте кµп болғанымен, бұл орта ғасырлық шығармалардың мәліметтері тарихи сын тұрғысынан алып қарағанда әр т‰рлі. Сондықтан біз ең нақтыларына, тақырыпқа тікелей қатысты деректерді қарастырдық және деректік мәліметтерге µте ‰лкен кµңіл бµлуіміздің себебі, тақырыптың қиындығына, µте аз қарастырылуына байланысты біз деректерге µте кµп ж‰гіндік.

Тақырыптың зерттеліу деңгейі. Тарихнама мәселесіне келер болсақ қазақ хандығының тарихына байланысты тақырыпқа қалам тартқан адамдар µте кµп. Ал біздің тақырыпқа тікелей болмасада септігін тигізетін әдебиеттер қатарына, И. Н. Березинның "шығыс деректемелерінің кітапханасы. "/ 4/, В. В Вельяминов-Зернов "Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу"/5 /, В. В. Бартольд "Жетісу тарихының очерктері"/6/, тоғыз томдық "Шығармалар жинағы"/7/, "Туркистан в эпоху Моңғольских нашествий"/8/ т. б. қазақ ұлттық зиялылары еңбектері ішінен М. Тынышбаевтың /9/, С. Ж. Асфендиаровтың еңбектері, М. П. Вяткиннің монографиясы /10/ В. П. Юдин Центральная Азия в ХІУ-ХУІП веках глазами востоковеда. /1/, К. А. Пищулина" Юго-восточный Казахстан" /12/, атты еңбектерді жатқыздық. Біз қарастырып отырған тақырып бойынша арнайы т‰рде зертегендерге келер болсақ. Жалпы алганда бұл тақытыппен арнайы айналысып, бұл мәселені зерттеп жұрген Б. Б. Кәрібаев, µз мақалаларында қазақ хандығының құрылундағы алғышарттарды зерттей келе Монғолдардың қазақ хандығының құрылуына тигізген оң ықпалы жµнінде сµз етеді‰нымен қоса Дешті Қыпшақ пен Монғол жаулап алушылығынан кейінгі хандық билікті мұралану мәселелерін В. В. Бартольд, Г. А. Федоров-Давыдов, Греков Б. Д, А. Ю Якубовский, Т. И. Сұлтанов. / 13/ Т. И. Сұлтанов соңғы монографиясында мәселені жан жақты талқылай келе, билікті мұраланудың принциптері мен тәртібіне кең тоқталады.

Баяндаманың құрылымы. Бұл баяндама кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауды “Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттарына” арнадым. Бұл тарауда толығымен моңғолдық дәстүрменен жергілікті дәстүрдің күресі, жергілікті дәстүрдің жеңуі, Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары жөнінде сөз қозғалады.

Ал екінші тарауды “Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғышарттары”-деп алып, сол кездегі, яғни, Қазақ хандығының құрылмай тұрып біртұтас халық болып қалыптасуы және сол қалыптасуы үшін қандай шарттар қажет екенін қарастырдым.

I. Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттары XIII ғасырдың басында монғол жаулап алушылығының нәтижесінде Дешті Қыпшақтың басқару құрылымына монғолдық жүйе енгізіліп, жоғарғы билікті басқару мен оны мұралануда монғолдық дәстүр орнықты. Ал ХҮ ғасырдың ортасында билікті мұралануда жергілікті қыпшақтық дәстүр қайта үстемдікке жетіп, монғолдық дәстүрді ығыстырады

Ендігі кезде біз, Қазақ мемлекетінің құрылуы және қазақ ұлтының қалыптасуына көңіл бөлмекшіміз. ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде, олардың арасындағы өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілқайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілқайыр хан бұрын Орда-Ежен ұрпағы билеген Ақ Ордаға қарасты Шығыс Дешті Қыпшаққа 40 жыл (1428-1468 ж. ) үстемдік етті. ХҮ ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығында толассыз болып отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар барған сайын үдей түсті. Дешті Қыпшақ даласында қалыптасқан малжайылымын пайдаланудың дағдысы - көшіп-қону тәртіптері бұзылды. Көшпенді тайпалар өз мезгілінде жайлау, қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпелі мал шаруашылығына ауыр тиді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілқайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Ол туралы Махмұд бен Әмір Уәли жинаған мәліметтерде "Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ уәлияттарында өз ағаларының балаларын жеңіп шыққан кезде, Жошы ханның ұлы Тоқа-Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы, Керей хан мен Жәнібек хан бағыну мен мойынсүну шегінен шығып, Отанына кетіп қалуды жөн көрді"-дейді

Әбілқайырдың 1456-57 жылдары қалмақтардан ойсырай жеңілуіне байланысты күшейе түскен бұқара халық наразылығын Әбілқайыр ханның дұшпандары - Шыңғыс әулетінен шыққан сұлтандар, Ақ Орда билеушілері Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей шебер пайдаланды. Олар қазақ хандығының жеке мемлекетін құру, саяси және мәдени-экономикалық тәуелсіздік алу жолындағы талабын өз қимылдарына арқау етті. Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қараған қолмен Әбілқайыр хандығынан бөлініп, 1456 жылы Моғолстанға көшіп келеді. Онда оларды Моғолстан ханы Есен-Бұқа хан аса құрметпен қабылдап, өз иелігінің Батыс жағынан Шу бойы мен Қозыбасы өңірін бөліп береді.

Есен-Бұқаның Керей мен Жәнібекті бұлайша қарсы алуының да өзіндік себептері бар еді. Бұл кезде ол інісі Жүніспен соғысып жатқан. Осындай сындарлы шақта Керей мен Жәнібектің Моғолстанға келуі Есен-Бұқа ханға көктен түскен жақсылықтай көрінді. Бұлардың бөлініп келуі, біріншіден, інісі-Жүністі қолдап отырған Әбілқайыр ханның күшін азайтса, екіншіден, Керей мен Жәнібек сұлтандардың соңына ерген батыр жауынгерлерін Жүніске және сол кезде Моғолстанға қысым жасай бастаған ойраттарға қарсы нақты тойтарыс барер әскери күш ретінде пайдалануға. Мүмкіндік туғызды. Сөйтіп Есен-Бұқа ханның иелігі мен Жүніс ханның иелігі арасындағы жерден үлес алған Керей мен Жәнібек осында өз хандықтарын құрды. Осы бір қилы кезеңді тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-ир-Рашиди" атты еңбегінде былай көрсетеді: "Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек пен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есен-Бүқа хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолыстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілқайыр хан дүние салды. Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеліністер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханның қол астына көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды "өзбектер", "қақзақтар" деп атады. Керей хан мен Жәнібек хан 1465-1466 жылдары билік жүргізе бастады . . . "

Алғашқыда Қазақ хандығы батыс Жетісу жерінде (Шу мен Талас өзеңдерінің алабында) орналасты. Міне, тап осы жер аумағына қатысты деректемелерде "қазақ" деген атау қолданылды. Қазақ хандығы Дешті Қыпшықтармен келгендерімен бірге жергілікті рулар мен тайпаларды да біріктірді. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпаларының Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі 1462 жылы Моғолыстан ханы Есен-Бұқа өлгеннен кейін және осы мемлекеттегі феодалдық ала ауыздықтардың күшейуіне байланысты жиілей түсті. Әбілқайыр ханның қарамағынан көшіп келіп жатқан қазақ рулары қазақ хандағын нығайта түсті. Соғыс қуатын арттырып, Жетісуда сенімді қалқан жасап алған Жәнібек пен Керей хан 1468 жылы Әбілқайыр өлгеннен кейін Шыгыс Дешті Қыпшақты билеу үшін Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға қарсы күрес бастады.

Осы күрестін нәтижесінде ХҮ ғасырдың 70-жылдарында жаңа мемлекет шекарасы бірте-бірте кеңейе берді. Хандық құрамына барған сайын этникалық жаңа топтар (қыпшақтар, наймандар, қаңлылар, керейіттер т. б. ) қосылумен болды.

Қазақ хандарының Әбілқайыр ұрпақтары Хайдар ханмен, Мұхаммед Шайбани ханмен даланың көшпенді тайпаларын билеу, қазақтардың этникалық жер аумағын біріктіру жолындағы күресі Сырдария бойындағы қалаларды-Отырар, Сауран, Сығанақ, Түркістан және т. б. басып алу күресіне ұласты. Қарсылықтар бұл қалаларды (Қазақ хандары мен Шайбани әулетінен басқа, бұларға Темір әулеті, Моғол хандары -Жүніс пен МахМұд сұлтын да көз тікті) Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресте өздерінің экономикалық және соғыс тірегіне айналдырмақ болды. Дала әкімдері үшін Сырдария бойындағы қалалар ауданының маңызы зор еді. Бұдан бұрыңғы мемлекеттік бірлестіктер-Ақ Орда, Әбілқайырдың Өзбек хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары осында болды.

Сонымен, ХҮ ғасырдың ортасында Әбілқайыр хан өлгеннен кейін, оның қол астындағы көшпелі тайпалар бірлестігі ыдырап, "Қазақ", "Өзбек" хандығы болып екіге бөлінді. Қазақ хандығы бұрынғы Жошы ұлысының Шығыс өлкесін (Ақ Орда жерін) тегіс мирас етіп, Жайық пен Ертіс, Тюмень мен Сырдария арасында қоныстанды. ХҮ ғасырдың соңы мен ХҮІ ғасырдың басында бұларға Моғолстан өлкесін мекендеген Ұлы жүз қазақтары (Үйсіндер, Дулаттар) қосылды. Қазақ хандығының белгілі жері болумен бірге оның барлық халқы бір тілде сөйлейді, шаруашылығы, тұрмыс-салты өзара ұқсас, етене жақын болды. ХҮ ғасырдан ХҮІ ғасырдың бас кезіне дейін бұлар бірде өзбек, бірде қазақ атанып жүргенімен, ХҮ ғасырдың 50 жылдарынан былай қарай "қазақ" деген этникалық атау түпкілікті айқындала бастады.

Қазақ хандығының құрамына қазақ хандығы құрылудан бұрынғы төрт хандықтағы - Әбілқайыр хандығындағы, Моғолстан хандығындағы, Ноғай хандығындағы және Сібір хандығына қараған көпшілік қазақ тайпалары енді Қазақ хандығына бас қосты.

Жаңа құрылған Қазақ хандығы - қыпшақ этносының, билікті мұраланудағы дәстүрдің жеңіске жетуін дәлелдейді. Керей мен Жәнібек сұлтандар жергілікті халықтың дәстүрін өздері қабылдап, мемлекеттік жүйеге енгізеді. Жаңадан құрылған Қазақ хандығында Монғолдық дәстүр бойынша Барақ ханның ұлы Жәнібек отыруы тиіс болса, жергілікті дәстүрдің ықпалымен жасы үлкендігінен таққа Керей отырады.

Керейден кейін оның ұлы Бұрындық хан отырғанымен, бұл жерде біздің көңілімізге Ибн Рузбиханның мына мәлімдемесі көңіл аудартады: "Қазақ ұлысында көптеген сұлтандар билікке таласып, ел ішінде алауыздықтар орын алады. Бұл Бұрындық ханның тұсы. " Бұл жерден Қазақ хандығында таққа отыруда қыпшақтық дәстүр орын алды, бірақ Бұрындық ханның келуімен жүйе өзгеріске ұшырап, жергілікті сұлтандарының арасында алауыздық туғызғаннын аңғаруға болады. Жалпы Бұрындық хан билік басында 30 жыл отырғанымен, басқару тізгінін нық ұстай алмады. 1511 жылы Бұрындық хан тақтан құлатылып, Қасым толық қанды хан болып жарияланады. Қасым Жәнібек сұлтанның үшінші баласы Қасым туралы орта ғасырмық мәліметтер өте көп және оның бәрінде Қасым ақылды, қуатты хан болғандығы жайлы баяндалады. Қасым тұсында қазақ халқының жағдайы жақсы болғандығы туралы мәліметтер де жеткілікті. Қасымнан кейін оның ұлы Мамаш келуімен Қазақ хандығында ұлкен алауздықтар туып, Қазақ хандығының сұлтандары арасында өзара қақтығыс, билікке таласу орын алады. Бұның бір себебіне, жоғарыда айтып өткен мұрагерлік жолдың өзгеріске түсуінде деп тұжырымдаймыз. Мамаштан кейін таққа отырған хандардың барлығы дерлік бір-біріне ага-іні немере туыс болып келеді.

Сонымен, Қазақ хандығының құрылуында Монғолдардың оң ықпалы болғандығы айқын. Оның толыққанды халықтың мемлекет болып құрылуына Монголдық мемлекеттің формасы сақталып, әсер еткен. Дешті Қыпшақтағы мұрагерлік жол уақыт өте Монғолдық билікті ығыстырғанымен, тек қыпшақтық негізінде, оның дәстүрі нәтижесінде Қазақ хандығының нығайған феодалдық қатынастағы мемлекет болып құрылуы Мұмкін емес еді. Өйткені, Монғол жаулап алушылығына дейін Қыпшақ мемлекетіндегі ерте феодалдық қатынастарга негізделген, бір орталыққа бірікпеген жүйе болды. Ал Монғолдардың жаулап алушылыгымен Дешті Қыпшақ даласында бір орталыққа бағынған, нығайған феодалдық қатынас орнығады.

Жалпы алғанда, Қазақ хандыгының құрылуына екі дәстүрдің өзара күресі нәтижесінде қалыптасқан мемлекеттік форма сақталып, оның толыққанды халықтың мемлекет құрылуы жолында "оң ықпалын" тигізді.

ІІ. Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғышарттары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы құрылуы мен нығаюы
Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Қазақ хандығы дәуірі
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Шайбанилық Әбілқайыр хан
Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына ықпалы
Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz