Хафиз Таныштың «Шараф-наме Шахи» атты шығармасының деректік маңызы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих, археология және этнология факультеті

Хафиз Таныштың «Шараф-наме Шахи» атты шығармасының деректік маңызы

Реферат

Орындаған: Қалназар Бекжан Полатұлы

Тексерген: Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы

Алматы - 2013

МАЗМҰНЫ

Кіріспе бөлім.

Негізгі бөлім.

  1. Хафиз Таныш және оның еңбегі
  2. Қазақ тарихына қатысты мәліметтерді талдау және олардың маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ бөлім.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе бөлім

Тақырыптың өзектілігі. . Дерек Шайбанидтер династиясының тарихы, Қазақ хандығымен қарым-қатынасы баяндалғанына байланысты маңызды болып табылады.

1501 - 1598 жылдар аралығында Мұхаммед Шайбани хан және ұрпақтары Мәуеренахрдағы билік кезіндегі жазылған шығармалар Қазақстан тарихы бойынша, соның ішінде Қазақ хандығы тарихы бойынша жазба деректердің ең көп бөлігін құрайды. “Шараф-наме-йи шахи” еңбегі Шайбанидтік деректердің барлығына тән идеалогиялық сипатта болғанымен, деректе бірнеше құнды мәліметтер қамтылған.

Тақырыпты зерттеудің мақсаты . Осы жұмысты жазудағы алға қойған мақсатым Хафиз Таныштың “Шараф-наме-йи шахи” атты еңбегінің деректік маңызын түсіну

Міндеттер. 1) Хафиз Таныш және оның еңбегін, 2) Қазақ тарихына қатысты мәліметтерді талдау болып табылады

Тақырыптың деректік қоры. Тақырыптың деректік қорына келер болсақ. Ең алдымен олардың қатарына “Шараф-наме-йи шахи” жатады. Қосымша қысқаша мәліметтер Нисаридің “Музаккир ал-ахбаб”, Насрабадидің “Тазкира-йи Нсрабади”, Дарвиш Алидің “Тухфат ас-сурур” Мұхаммед Йусуфа-муншидің “Та’рих-и Муким-хани”, Шамси ад-Дин Салидің “Камус ас-а'лам” секілді еңбектерде кездеседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа қалам тартқан кісілер көп болды. Олардың қатарына И. И. Умняков, Н. Сайфиев, Б. А. Ахмедов, К. Муниров, А. А. Семенов, М. А. Салехетдинова, П. П. Иванов кіреді.

Реферат құрылымы. Реферат Кіріспеден, І-ІІ бөлімнен, Қорытындыдан, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Негізгі бөлім

І. Хафиз Таныш және оның еңбегі

«Книга шахской славы». Шығарманың басқаша атауы “Абдаллах-наме”, “Абдаллах хан туралы кітап”1

Авторы Хафиз Таныш (Тыныш) бен мир Мухаммед әл-Бухари. Екі әдеби лақап аты (тахаллус) бар: негізгісі - Нахли, ал екіншісі - Кирами. Хафиз Таныш туралы мәліметтер өзінің еібегінде жазылған. Қосымша қысқаша мәліметтер Нисаридің “Музаккир ал-ахбаб”, Насрабадидің “Тазкира-йи Нсрабади”, Дарвиш Алидің “Тухфат ас-сурур” Мұхаммед Йусуфа-муншидің “Та’рих-и Муким-хани”, Шамси ад-Дин Салидің “Камус ас-а'лам” секілді еңбектерде кездеседі.

Нисба Бухари Хафиз Таныш тегі жөнінде оны бұхарлық дейді. Оның әкесі Маулана мир Мұхаммед Ұбайдоллах ханның (1533 - 40) жақын адамы болған және ол Бұхарда тұрған. Махмуд-и А'заманың “Джами' ал-макамат” еңбегінде XVI ғасырдың 50-ші жылдары Маулан мир Мұхаммед Қашқарға кетіп, сол жерде 2жылдан соң қайтыс болады делінген.

Хафиз Таныштың нақты туылған датасы белгісіз. Автор шайбанид ІІ Абдаллах хан Мауеренахрды бағындырып, Бұхараны астаны қылған кезінде 36 жаста болғанын хабарлайды. Егер бұл кез Абдаллах ханның әкесі Искандер ханның хижра бойынша 991 жылдың басында, яғни 1583 жылдың маусым айының соңында қайтыс болуымен тұспа-тұс болса, онда жазушының туған жылы 1547 жыл деп қабылдауымыз керек. Ал егерде Хафиз Таныштың өмірі мен шығармашылығын зерттеушілердің есептеуін, яғни Мауеренахрдың бағындырылуы 1585 жыл болса, сәйкесінше жазуышының туған жылы 1549 жыл болып табылады.

Жазушы туған жылы туралы кейбір зерттеушілер Мауеренхрда Абдалллах ханның билігі орныққан кезінде Хафиз Таныш 33 жаста болатын дейді. Бұл жағдайда оның туған жылы сәйкесінше 1550 - 1552 жылдар аралығында анықталады.

Жас кезінде Хафиз Таныш материадық қиыншылықтарды басынан өткергенін оның өлеңдерінен байқауға болады. Абдаллах ханның билігі орнауына дейін немесе одан кейін Хафиз Таныш шайбанидтік ірі саяси, әскери, мемлекеттік қайраткермен жақсы қарым қатынаста болғанының арқасында Бұхарадағы сарайға алынады. Бұл жерде сарай ақыны мен шежіреші қызметін атқарады. Хан армиясы тонау, жаулау жорықтарына шыққан кездерінде Абдаллах ханның жорық лагерінен табылатын.

Өмірінің келесі кезеңдері де нақты көрсетілмеген. Оның Абдаллах хан өмірінің соңғы жылдарында және хан баласы Абд әл-Му'миннің билігі кезінде қайда болғаны белгісіз.

Деректе Аштарханилік Имамқұл хан кезінде де сарайда болғаны көрінеді. Деректе: « Нахли ақын Имамқұл ханның жақын адамдары қатарынан болған. Ақын хан құрметіне шығарған мадақтау өлеңі үшін, соңғысы оны таразыға салып, алтындағы салмағын анықтауға бұйрық берді»2 делінеді. 1613 жылы Үнді жерінен Ұлы Моғолдар атынан елші Хакім Хазық келеді. Ол көптеген арнайы хан жиналыстарына қатысуына рұқсат алған және ханға жағымды сөздері үшін хан жақын тартқан адам болатын. Бірде сарай ақындары Маулан Тураби мен Нахли ақындар хан алдында өз өлеңдерін айтып болды. Сол кезде хан Хакім Хазықтан: « … шешен, данышпан, сүйкімді мына екі ақынның қайсысы күшті?» - деп сұрайды. Сонда ол: «тақсыр, пальма ағашы жерден бітеді»3 депті. А. А. Семенов өзінің еңбегіндегі ескертуде жоғарыда деректен келтірілген сөйлемді былай аударады: “Нахли” сөзі араб тілінен аударғанда “пальма”, ал “Тураби” сөзі араб тілінен аударғанда жер дегенді білдіреді.

Хафиз Таныштың өлеңдерінде екі тарих қамтылған: біріншісі ол “шейхтердің орындары”, екіншісі “таулы жұмақтың айнасы”. Бірінші тарих аджабы бойынша 1029/1619 - 1620 жылдарды, екіншісі 1054/1635 - 1636 жылдарды қамтиды. Хронограммалардан Хафиз Таныштың Имамқұл хан кезінде қызмет еткені көрінеді. Ол хан жолында оның тақтан кетуіне дейін, яғни 1642 жылға дейін болған. Осы жылдарға таман Нахли Балхқа кетіп, өмірінің соңына дейін сонда болады. Ақынның қайтыс болу датасының нақты еместігін мен жоғарыда айтқанмын. Өзінің тазкиресінде Насрабади ақын Имамқұл ханның 1054/1644 - 1645 жылы қайтыс болғаннан кейін, яғни XVI ғасырдың ортасына келеді. Бұл мәліметтерге қарағанда Хафиз Таныш бір ғасырдай ғұмыр кешкен.

«Шараф-наме-ийй шахи» еңбегі Хафиз Таныштың әйгілі болуына көмегі тиген шығарма. Бұл көлемді еңбек түсінуге қиын ескі әдеби тәжік (фарс) тілінде жазылған. Хафиз Таныштың бұл еңбегі өзінің және басқалардың өлеңдерінен үзінді, Құран үзінділерімен, хадистерімен қамтылғандығымен ерекшеленеді. 922/1584 жылы хроникада кейінгі жылдардағы оқиғаларды көрсетуіне байланысты бұл датаны кейбір зерттеушілер шығарманың жазылуының аяқталу датасы деп қабылдайды. Бәлкім бұл кезде автор басқа шығармасын(“Үш асар”) жазуға кіріскен болар.

Шығармада келтірілетін әбден кешіктіріген дата мына өлеңнің үзіндісінен көруге болады: «Разум невольно сказал дату завоевания: Да будет к счастью ему (т. е. Абдулле-хану) город Герат »4

Осы өлеңнің соңғы жолдары, есептеп шығарғанда 1590-1591 жылдардағы оқиғаны суреттейді. Жылнамада айтылғандай, дәл осы жылы Абдаллах хан Гератты басып алған. И. И. Умняков бұл хронологиямен келіспей отыр, өйткені Искандар-муншидің «Тарих-и аламара-йи Аббасси» шығармасында бұл оқиға 1588-1589 жылдары болған деп келтірілген. Сондақтан да, И И Умняковтың айтуына қарағанда, дәл осы жылдары «Шафар-наме-йи шахи» жылнамасы жазылып аяқталуы мүмкін.

Автордың жоспары бойынша оның шығармасы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан құрылуы кере болды. Алайда, Абдаллах ханн мінезінің жақсы жақтары, өзінің замандастары -шейхтер, эмирлер, ғылым ақындар, қоғамдық құрылыстар мен дін мекемелер туралы ақпараттар беретін екінші бөлімі, сондай-ақ қорытындысы ешбір деректерде кездеспейді. Мүмкін олар жазылмаған да шығар.

Хафиз Таныш өз еңбектерінде өзі көрген жәйттерді, ерекше оқиғалардың куәсі болғандар, замандастарының әңгімелерін, ресми мемлекеттік құжаттарды пайдаланып жазған. ШЫғармада әдеби деректер де кездеседі, мысалы: Наршахидің «Тарихи Бухара», Ата Малик Джуванидің «Тарихи джаханкушай», авторы белгісіз «Китаб масалик ва мамалик», Хамдаллах Казвинидің «Нузхат ал-кулуб» Фазлаллах Рашид ад-диннің «Джами ат-таварих» авторы белгісіз «Тарих-иал-и Саман», Хафиз Абрудың шығармалары, Мырза Мухаммад Хайдар доглаттың «Тарихи Рашиди», Шараф ад-Дин Али Йаздидің «Зафар-наме», авторы белгісіз «Тарихи Шайбани», Фахр ад -Дин Али бен Хусайн Кашифидің «Рашахат айн ал-хайат». Авторы белгісіз «Тарихи Шайбаниден» басқа барлық деректер жақсы таныс. Мухаммад Шайбани хан секілді Абдуллах хан да әдебиетшілердің жазба еңбектерінде оның өмірі мен іс-әрекеттерін баяндайтын шығармалардың енуіне атой салған. Олардың көбісі біздің күнімзге дейін жеткен, мысалы, Абдаллаххан туралы шығармалар: «Тарихи Абдаллах хан» немесе Джахан нума», Абдаллах ханның қол астында қызмет жасаған Мушфикидің өлеңдер жинағы, Бадр ад-Дин ал-Кашмиридің «Зафар наме» және «Раузат арризван ва хадикат ал-гилман», Мукимнің «Зафар наме», Мухаммадийар бен Араб катаганның «Мусаххир ал-билад», сонымен қатар 1604-1605 жылдарға дейін баяндайтын авторы белгісіз «Тарих-и Шайбани» еңбегін жатқызуға болады. Бұл деректер шайбанид әулеті туралы баяндайтын деректердің екінші тобына жатады. Барлық деректер шайбанид мемлекетінің бірлігі мен мықтылығын баяндайды. Екінші топтағы деректер жазылған тілімен, құрамымен, жеке детальдермен екершеленеді, олардың бірі өлең түрінде жасылса, екіншісі проза тілімен жазылған. Бұл шығармалардың бір біріне қатысы бар екеніне ешбір күмән жоқ.

Еуропа ғылымдарына «Шафар-наме-йи шахи» жылнамасын ашқан ВВ Вельямин-Зернов, ол кітапты орыс тіліне аударып, тіпті оны басып шығармақ болған. Алайда, қазақтар туралы мәліметтер Вельяминов-Зерновтың орыс тілінде жарыққа шыққан еңбегінде кеңінен айтылады. 30 жылдары оның аудармалары қазақ тілінде басылып шықты (Прошлое Казахстана в источниках и материалах» Сб. І, стр. 92 111-117) Жылнаманың зерттегендердің қатарында И И Умняковты айтуға болады. «Шафар-наме-йи шахи» жылнамасынан қырғыздар туралы МА Салахетдинованың еңбегінде де айтылады. Көптеген кеңес және шетелдің авторлары «Шафар-наме-йи шахи» жылнамасына тарихи дерек ретінде қарады. Олардың бірі ПП Иванов. Хафиз Таныштың жылнамасын қазіргі өзбек тіліне аударған Садық Мырзаев. Өзбекстанның Ғылым Академиясының шығыстану институты осы аударманы 4 томдық кітап шығаруды шешім қабылдады. 1966 жылы бұл еңбектің 1-ші томы ғана жарыққа шықты.

ІІ. Қазақ тарихына қатысты мәліметтерді талдау және олардың маңызы

«Шараф-наме-йи шахи» бұл - ІІ Абдаллах хан туралы, оның мемлекеттік қызметі, әскери жорықтары туралы құнды дерек. Жылнамадағы оқиғалар жыл, ай, тіпті күндер бойынша, мадақтала суреттеледі. Абдаллах ханның өмір сүрген жылдары туралы баяндайтын алғашқы деректердің бірі.

Абдаллах хан көптеген Шайбанид хандары мен сұлтандарын қарсы қанды соғыстарды бастаған хан. Түбінде ол шайбанид мемлекеттерін бір-біріне қоса алды. Алайда бұл жолда Абдаллах хан көптеген жақындары мен туыстарынан айырылды. Шайбанидтерді жоюда ерекшеленген Абдаллах ханның қызметінде болған Таваккул есімді қазақтың сұлтаны. Абдаллах ханның ұрпағы - ұлы Абд ал-Муминн жалғастырған бұл қанды соғыстың нәтижесінде шайбанидтердың ұрпақ жалғастыратын бір де бір азаматы қалмады.

Шайбанид мемлекетінің жерлерін біріктіріп, Абдаллах хан көрші елдерге қарақшылық жорықтар ұйымдастырып, кейбіреулерімен дипломатиялық қарым қатынастарды орнатады. Сондықтан да, осы жорықтар мен қарым- қатынастарды суреттеген Хафиз Таныштың жалнамасы Қазақстан, Қырғызтан, Иран, Ауғаныстан; Үндістан тарихы үшін өте құнды дүние. ХVІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының тарихы бойынша «Шафар-наме-йи шахи» аса бағалы алғашқы дерек болып табылады.

Қазақ тарихында ХVІ ғасырдың соңы мен ХVІІ ғасырдың басында маңызды оқиғалар орын алды. 1598 жылы қазақ ханы Таваккул және оның інісі Ишим сұлтан Орта Азияны жаулап алып, шайбанидтердің жерлерін басып алмақ болды. Бұл шығыс Дешті-қыпшақ көшпенділерінің Мәуеренахрді басып алатын соңғы мүмкіндігі еді. ХVІ ғасырдың соңы мен ХVІІ ғасырдың басында қазақ халқы жүзге бөлінген болатын. Ол туралы алғашқы деректерде былай делінген: «Калмақ жерінде енді боданды «Казачья Большая Орда» және Қырғыз ордасы бар». Мұндағы «Казачья Большаяч Орда» деген Ұлы жүз туралы айтылған(автордан) . Бұл кезде қазақ хандығы үш жүзге бөлініп қойуы әбден мүмкін. «Шараф-наме-йи шахи» кітабында айтылған бұл оқиға тек жанама түрде бұған дәлел бола алады. Мысалы, жылнамада қазақтың бірнеше тәуелсіз хандарының есімі кездеседі, олар: Шығай хан, Хақназар хан. Басқа тұлғалар да хан деп айтылады. Мүмкін айтылып отырған хандар белгілі бір ұлысты немесе жүзді басқарған. Алайда, қазақ халқының тарихына қатысты кейбір мағлұматтар күмән тудырып, нақты жауап алға мүмкіндік бермейді. Мысалы, Шығай ханның не себепті қазақ жерінен кетіп, Мәуеренахрда қоныстанғаны туралы айтылмаған. Мүмкін, басқа хандар оны қоныс аударуға мәжбурлеген болар. Осы күрестің нәтижесінде қазақ халқы жүзге бөлініп, ұлан ғайып Қазақстан жерін шаруашылық-экономикалық маңыздылығына қарай өзара бөліскен.

Қазақтар туралы мәліметтер «Шараф-наме-йи шахи» кітабында алуан түрлі. Қазақтар туралы Абдалах ханның шайбанид хандары мен сұлтандарымен қарым қатынасы жайында айтылғанда сөз қозғалады. Қазақтардың басқа да шайбанидтермен қарым қатынастары баяндалады. Жылнамада көрсетілген қазақ-шайбанид қарым-қатынастардың негізгі үш аспектілерін айтуға болады, олар:

  1. Қазақ ханы Шығай мен оның ұлы Таввақұлдың оларға тәуелді қазақтармен бірге Абдаллах ханға вассалды қызмет етуі;
  2. Шайбанидтерге қарсы Сырдария маңындағы қалалар үшін (Сауран, Созақ, Яссы және тб) қазақтардың күресі, қазақтардың кейбір шайбанидтермен бірлесе отырып басқа шайбанидтерге әскери қозғалыстары.
  3. Абдалах ханның қазақтарға қарсы жорығы және оның қазақ жеріне, тіпті Сары суға дейін басып кіруі

Осы оқиғалар барысында қазақтың көптеген хандары туралы сөз айтылады: Шығай хан, Тавақұл сұлтан, Хақназар хан, Сарбан сұлтан, Шалым сұлтан және басқалары. Абдалах ханның Шығай хан мен Тавақұл сұлтанға вассалдық қызметі үшін тағайындаған сый-ақы - яғни Мәуеренахрдағы жерлерін бергені туралы, сонымен қатар, қазақтардың шайбанидтерден Сырдария маңындағы қалаларды алғаны туралы ақпараттар келтірілген. Оған қоса, қазақтардық тұрмыс тіршілігі, олардың дене пішіні, қару жарақтары, киімдері, тамақтары және тағы да басқа жәйттар туралы кеңінен айтылады.

Дегенмен де, «Шараф-наме-йи шахи» жылнамасы көп уақыт бойы зерттелгеніне қарамастан, қазақтар туралы келтірілген деректер кеңінен ашылмаған.

Жылнама тарихи дерек ретінде де, әдеби ескерткіш ретінде де бағалы. Ол туралы Н. Сайфиев пен К Мунированың еңбектерінде жақсы суреттелген.

Шараф-наме-йи шахи еңбегінде: «Шығай хан көп жылдар бойы жазық далалар мен шөл далаллардың билеушісі болған» делінеді. Бұл оның хан титулын алмас бұрын, қазақтардың белгілі бір бөлігі оның қарамағында болған дегенді білдіруі мүмкін. Тағы бір айта кететін жайт, оның есімі Хақназар мен Баба-сұлтан арасындағы әскери қимылдарда кездеспейді, бұл оның басқа қазақ хандарынан бойын аулақ ұстанғаны болуы мүмкін.

Хақназардың қайтыс болуынан кейін Шығай хан Хафиз Таныш («бұрыннан ол Абдаллах ханның одақтасы болған») бойынша ІІ Абдаллах хан алдында адалдығын көрсету үшін Баба сұлтанға қарсы шықты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекел хан жайлы
Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы
XV – XVI ғасырлардағы қазақ хандығының құрылуындағы керей – Жәнібектің, Хақназар және Тәуекел хандардың тарихи рөлі және оны нығайту жолындағы ішкі және сыртқы саясаты
Түркістан қаласы тарихы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Тәуекел хан
Қазақ хандығын зерттеудегі деректік негіздер
Орта ғасырлық Түркістан қаласының тарихы
Тәуекел хан (1583-1598 жылдары билік құрған)
В. П. Юдин еңбектері Қазақстан тарихының деректік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz