Теле тайпалық одағы



КІРІСПЕ

I ТАРАУ
Теле тайпалық одағының қалыптасуы мәселелері


1.1 Теле этнонимі, пайда болуы, мәні
1.2 Теле немесе Гаогүй одағының құрылуы және саяси және этникалық
құрылымы

ІІ ТАРАУ.
Теле одағы этникалық паралельдер мен жалғастықтар


ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Теле тайпалар одағы. Бұл тайпа негізінен, б.з.д ІІІ ғ. Ордостың батыс жағындағы даланы мекендеген. 338 жылы телелер тоба ханына бой ұсынып, теріскейге , Жоңғарияға көшіп барады . Кейіннен Батыс Моңғолияны түгел қаптап , сонау Селенгаға дейін жайылып кетеді.
Телелер мал шаруашылығымен айналысатын. Олар мал бағып, ешкімге ештеңе төлемей еркін жүргісі келетін халық болып табылады.
Бытыраңқы ел болғандықтан, олар жужандарға бас көтере алмай ,амалсыздан оларға алым салық төлеуге көнігеді.Осы жужандар мен салыстыра кетсек. Олар қатарласа өмір сүрген тайпалар еді. Бірақ ортақ ұқсас белгісі болмаған,яғни екеуі көршілес тайпалар бола тұра біріне бірі мүлде ұқсамаған. Жужандар – этникалық тамыры бірыңғай емес, этникалық пайда болу тарихы басқа тайпаларға қарағанда өзіндік бір өзгешелігі бар жалқау халық, әскери күштің көмегімен ғана көршілердің есебінен күн көрушілер қатарына жатады. Ал телелер болса барлығы керісінше, нашар тайпалардың әлсіз бірлестігі. Бірақ барша күш-жігерімен өздерінің тәуелсіздігі жолында көп күрес жүргізген және де бірталай табыстарға жеткен.Олар хұндар империясынан ерте шығып, қарапайым ақсақалдық қауым мен көшпелілік тұрмвсында өмір сүреді.Телелер 12 тайпадан тұрған, әр руды басқаратын ру басы ақсақалдары болған және ағайын туысқандар ынтымақтасып тұрған.
Телелер үлкен доңғалақты арбаларымен сайын далада көшіп қонып жүрген, өздері ұйымшылдық атаулыны мойындайтын және еркіндікті жақсы көретін жауынгер халық болған. Олардың меншікті аты ''теле''. Ол осы уақытқа дейін Алтайда ''телеуіт'' деген атпен белгілі болып келеді. Якуттар, төлеңгіттер мен ұйғырлар, және басқалары со телелердің ұрпақтары. Олардың көбі біздің заманға дейін сақталмаған.
Тақырыптың өзектілігі. Теле тайпалары негізінен басқа да теле тйпалары және жергілікті басқа да тайпалармен араласуы нәтижесінде қазіргі кезде қазақ ру-тайпаларына енген. Сол себепті де бұл тақырып Қазақстан тарихындағы маңызды тақырып болып табылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты. Осы жұмысты жазуда алдыма қойған ең басты мақсатым ол тақырыпты мейлінше толық меңгеру және сонымен қатар осындай ғылыми жұмыстармен шұғылдануды үйрену болып табылады.
Міндеттер. Теле тайпалық одағының қалыптасуы мен тайпаның саяси және этникалық құрылымын, теле тайпасының қазақ ру-тайпаларымен және басқа да тайпалармен байланысын білу, тайпаның құрылуының маңызын білу

Тақырыптың деректік базасына шолу. Тақырыптың деректік базасына келер болсақ. Негізінен телелер қытай, түріктер бодандығында болғандықтан, олар туралы қытай, түрік жазба деректерінен көруге болады. Суй-шу, Тан-шу, Орхон-Енисей жазбалары, Юань-ши, Бэй-ши, Си-ся-шу-ши секілді қытай жазба деректері осы тақырыпқа байланысты негізгі деректер болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа қалам тартқан кісілер көп болды.Оларға Г.Грумм-Гржимайло, Н.А.Аристов, Н.Баскаков, В.В.Радлов, И.Казанцев, Т.М.Султанов, Н.Бичурин, С.М.Ақынжанов, Р.Кузеев, Й.Маркварт, К.Шаниязов, С.М.Абрамзон, Т.А.Жданко, С.Байдәулетов, Т.Н.Сенигова, В.Каховский, А.И.Левшин, В.М.Вербицкий, М.Тынышпаев, Томсен, Хирт, Шаванн, П.М.Мелиоранский Н.М.Гродеков, Л.Мейер, В.В.Востров, С.С.Муканов, Х.Арғымбаев, М.Тевкелев, Н.Кюнер, С.Клящторный, Л.П.Потапов, Н.Зеланда, Д.Позднеев, И.А.Сердобов, Т.А.Акеров жатады. Әсіресе Г.Грумм-Гржимайло,Н.А.Аристов, В.В.Радлов, Н.Я.Бичурин секілді кісілердің осы тақырыпқа байланысты көп еңбек еткендердің қатарына жатады. Олардың жазып қалдырып кеткен еңбектері Теле тайпалық одағын зерттеудегі ең негізгі еңбектер болып табылады.
Баяндаманың құрылымы. Баяндама Кіріспеден, І-ІІ тараулардан, Қорытындыдан, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауды “Теле тайпалық одағының қалыптасуының мәселелеріне ” арнадым. Бұл тарауда “теле” cөзінің алғаш пайда болуы, мағынасы, Теле немесе Гаогүй одағының құрылуы және этникалық құрылымы жайында сөз қозғадым.
Екінші тарауды “Теле одағы және этникалық параллельдер мен жалғастықтар” деп алдым. Тарауда Теле одағының этникалық параллельін зерттей отырып,қазіргі кездегі қазақ ру-тайпаларымен, сонымен қатар басқа да тайпалармен байланысын қарастырдым
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Акеров Т.А. (Табылды Акертегин). Древние кыргызы и Великая Степь (по следам древнекыргызских цивилизаций). -Бишкек, 2005.

2.Аристов Н. Опыт выяснения этнического состава киргиз-казаков Большой Орды и каракиргизов. -СПб., 1895.

3.Аристов Н. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей. СПб, 1897.

4.Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. - А., 1995. Абуль-Гази-Бахадур-хан. Родословное древо тюрков. -М.-Т., 1996. 5.Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. -А., 1957.

6.Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко- культурные связи. -JL, 1971.

7.Бартольд В.В. Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов. -М., 2002.

8.Бернштам А.Н. Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок VI-VIII в.в. -M.-JI., 1946.

9.Баскаков Н.А. Алтайский язык. -29 б.;

10.Байдаулетов С. Алтын киімді ханзада ұранды қарт қазақтар. 1999.

11.Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. А., т.1, 1998.

12.Бичурин Н. Собрание сведений по исторической географии восточной и срединной Азии. Чебоксары, I960.

13.Бартольд В.В. Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов. -М., 2002.

14,Башкирские предания и легенды. Уфа, 1985.

15.Вербицкий В.М. Алтайские инородцы. -М., 1893.

16.Востров В.В., Муканов С.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (к. XVI - н. XX вв.). -А-Ата, 1968.

17.Гельвальд Ф. Естественная история племен и народов. -СПб., Т 2. 1885.

18.Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край. Исторический очерк этих стран в связи с историей Средней Азии. -JL, 1926.

19.Гумилев JI. Древние тюрки. -М., 1993.

20.Жданко Т.А. Очерки исторической этнографии каракалпаков. -М.- Л., 1950.

21.Зуев Ю.А Тамги лошадей из вассальных княжеств //Новые материалы по древней и средневековой истории Казахстана. -А-Ата, изд-во АН КазССР. 1960.

22.Исторические сведения. Народы Средней Азии и Казахстан. -М., 1963.

23.Ирмуханов Б.Б. Хазары казахи.Связь времен и народов. Алматы, 2003.

24.Каховский В.Ф. Происхождение чувашского народа. 1965.

25. Кляшторный С.Г. Кыпчаки в рунических памятниках. Л., 1986.

26.Кузеев Р.Г. Происхождение башкирского народа. Этнический состав, история расселения. -М., 1974.

27.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -А., 1996.

28.Левшин А. Описание киргиз кайсацких орд и степей. -СПб., 1832

29.Описание всех обитающих в Российском государстве народов. Ч. 2. - СПб, 1799.
30.Орманов Қ.Т. Тұран оркениетінің ізімен (тарихи-этноірафиялық очерктер жинағы). -Қостанай, 2005

31.Потанин Г.Н. Очерки северо-западной Монголии. Т. ІҮ. –СПб,1883.

32.Потапов Л.П. Этнический состав и происхождение алтайцев. -Л., 1969.

33.Потапов Л.П.Этноним теле и алтайцы //Тюркологический сборник к 60-летию АН.Кононова. -М., “Наука”, 1966.


34.Потанин Г.Н. Казак-киргазскне и алтайские предания, легенды и сказки //Живая старина, Пт. 1916.

35.Позднеев Д. Исторические очерки уйгуров: по китайским источникам. -СПб., 1899.


36.Радлов В. Этнографический обзор тюркских племен Южной Сибири и Джунгарии.-Томск, 1887.

37.Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. -Оренбург, 1887.
TLXL tksqkr. -М., 1993.

38.Радлов В.В. Из Сибири. М., 1989.


39.Сенигова Г.Н. Средневековый Тараз. -А-Ата, 1972.

40.Султанов Т.М. Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв. -М., 1983.

41.Савинов Д.Г. Народы Южной Сибири в древнетюркскую эпоху, Л., 1984.




42.Сердобов И.А. История формирования Тувинской нации. -Кызыл, 1971.

43.Тынышбаев М. История казахского народа. -А., 1993.
44.Шакарим Кудайберды-улы. Родословная, тюрок, киргизов, казахов и ханских династий. -А., 1990.

45.Шаниязов К. К этнической истории узбекского народа. -Ташкент, 1974.


46.Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа. -Ташкент, 1974.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих, археология және этнология факультеті

Теле тайпалық одағы
(Баяндама)

Орындаған: Қалназар Бекжан Полатұлы.,1 курс

Ғылыми жетекшісі: Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы

Алматы, 2012 жыл
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I ТАРАУ
Теле тайпалық одағының қалыптасуы мәселелері

1.1 Теле этнонимі, пайда болуы, мәні
1.2 Теле немесе Гаогүй одағының құрылуы және саяси және этникалық
құрылымы

ІІ ТАРАУ.
Теле одағы этникалық паралельдер мен жалғастықтар

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Теле тайпалар одағы. Бұл тайпа негізінен, б.з.д ІІІ ғ. Ордостың батыс жағындағы даланы мекендеген. 338 жылы телелер тоба ханына бой ұсынып, теріскейге , Жоңғарияға көшіп барады . Кейіннен Батыс Моңғолияны түгел қаптап , сонау Селенгаға дейін жайылып кетеді.
Телелер мал шаруашылығымен айналысатын. Олар мал бағып, ешкімге ештеңе төлемей еркін жүргісі келетін халық болып табылады.
Бытыраңқы ел болғандықтан, олар жужандарға бас көтере алмай ,амалсыздан оларға алым салық төлеуге көнігеді.Осы жужандар мен салыстыра кетсек. Олар қатарласа өмір сүрген тайпалар еді. Бірақ ортақ ұқсас белгісі болмаған,яғни екеуі көршілес тайпалар бола тұра біріне бірі мүлде ұқсамаған. Жужандар - этникалық тамыры бірыңғай емес, этникалық пайда болу тарихы басқа тайпаларға қарағанда өзіндік бір өзгешелігі бар жалқау халық, әскери күштің көмегімен ғана көршілердің есебінен күн көрушілер қатарына жатады. Ал телелер болса барлығы керісінше, нашар тайпалардың әлсіз бірлестігі. Бірақ барша күш-жігерімен өздерінің тәуелсіздігі жолында көп күрес жүргізген және де бірталай табыстарға жеткен.Олар хұндар империясынан ерте шығып, қарапайым ақсақалдық қауым мен көшпелілік тұрмвсында өмір сүреді.Телелер 12 тайпадан тұрған, әр руды басқаратын ру басы ақсақалдары болған және ағайын туысқандар ынтымақтасып тұрған.
Телелер үлкен доңғалақты арбаларымен сайын далада көшіп қонып жүрген, өздері ұйымшылдық атаулыны мойындайтын және еркіндікті жақсы көретін жауынгер халық болған. Олардың меншікті аты ''теле''. Ол осы уақытқа дейін Алтайда ''телеуіт'' деген атпен белгілі болып келеді. Якуттар, төлеңгіттер мен ұйғырлар, және басқалары со телелердің ұрпақтары. Олардың көбі біздің заманға дейін сақталмаған.
Тақырыптың өзектілігі. Теле тайпалары негізінен басқа да теле тйпалары және жергілікті басқа да тайпалармен араласуы нәтижесінде қазіргі кезде қазақ ру-тайпаларына енген. Сол себепті де бұл тақырып Қазақстан тарихындағы маңызды тақырып болып табылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты. Осы жұмысты жазуда алдыма қойған ең басты мақсатым ол тақырыпты мейлінше толық меңгеру және сонымен қатар осындай ғылыми жұмыстармен шұғылдануды үйрену болып табылады.
Міндеттер. Теле тайпалық одағының қалыптасуы мен тайпаның саяси және этникалық құрылымын, теле тайпасының қазақ ру-тайпаларымен және басқа да тайпалармен байланысын білу, тайпаның құрылуының маңызын білу

Тақырыптың деректік базасына шолу. Тақырыптың деректік базасына келер болсақ. Негізінен телелер қытай, түріктер бодандығында болғандықтан, олар туралы қытай, түрік жазба деректерінен көруге болады. Суй-шу, Тан-шу, Орхон-Енисей жазбалары, Юань-ши, Бэй-ши, Си-ся-шу-ши секілді қытай жазба деректері осы тақырыпқа байланысты негізгі деректер болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа қалам тартқан кісілер көп болды.Оларға Г.Грумм-Гржимайло, Н.А.Аристов, Н.Баскаков, В.В.Радлов, И.Казанцев, Т.М.Султанов, Н.Бичурин, С.М.Ақынжанов, Р.Кузеев, Й.Маркварт, К.Шаниязов, С.М.Абрамзон, Т.А.Жданко, С.Байдәулетов, Т.Н.Сенигова, В.Каховский, А.И.Левшин, В.М.Вербицкий, М.Тынышпаев, Томсен, Хирт, Шаванн, П.М.Мелиоранский Н.М.Гродеков, Л.Мейер, В.В.Востров, С.С.Муканов, Х.Арғымбаев, М.Тевкелев, Н.Кюнер, С.Клящторный, Л.П.Потапов, Н.Зеланда, Д.Позднеев, И.А.Сердобов, Т.А.Акеров жатады. Әсіресе Г.Грумм-Гржимайло,Н.А.Аристов, В.В.Радлов, Н.Я.Бичурин секілді кісілердің осы тақырыпқа байланысты көп еңбек еткендердің қатарына жатады. Олардың жазып қалдырып кеткен еңбектері Теле тайпалық одағын зерттеудегі ең негізгі еңбектер болып табылады.
Баяндаманың құрылымы. Баяндама Кіріспеден, І-ІІ тараулардан, Қорытындыдан, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауды "Теле тайпалық одағының қалыптасуының мәселелеріне " арнадым. Бұл тарауда "теле" cөзінің алғаш пайда болуы, мағынасы, Теле немесе Гаогүй одағының құрылуы және этникалық құрылымы жайында сөз қозғадым.
Екінші тарауды "Теле одағы және этникалық параллельдер мен жалғастықтар" деп алдым. Тарауда Теле одағының этникалық параллельін зерттей отырып,қазіргі кездегі қазақ ру-тайпаларымен, сонымен қатар басқа да тайпалармен байланысын қарастырдым

І ТАРАУ.
1.1 Теле этнонимін түсіндіру Л.П.Потаповтвың алтай халықтарының этникалық құрамын зерттеуге арналған жұмысында келтіріледі.Ол: "Теле термині қытай жылнамаларында Орталық Азия көшпелілерінің өзара атаулары ретінде пайда болды, әрине, сондықтан да бұл қытайша емес. Бұған дәлел - Теле этнонимінің түркі тілдес көшпелілерде он бес ғасырдай сақталып келгенін атап көрсететін Рашид-ад-диннің "Жылнамалар жинағы" еңбегінде Теле этнонимінің кездесуі дер едік... "- дейді
Қазақстанның батысындағы кейбір елді-мекендер мен көлдерде теле этнониміне апаратын географиялық атаулар да сақталған. Мысалы, П.Рычков мынаны көрсетеді: "Сырдарияға жақын жерде, бастауынан бес күндік жолға созылатын аралдары аса көп және көптеген қамыс-қорыстарынан тұратын Телекөл деген көл бар. Оны салт атты адам екі күнде айналып өте алады, яғни 170 шақырымдай ұзындығы бар. Оның суы тұзды; балықтар көп, Сексеуіл аталатын ормандар да аз емес".
Алтай халықтарының телеут, теле этнонимдерімен байланысы туралы мәселені айтқанда, тубалардағы сеока Чиғаттың телестерден шыққаны туралы болжамды айта кету қызықты болар. Л.Потапов Чиғат атауы ҮІІІ ғасырда аталатын, Орталық Тувада Енисей бойында өмір сүрген Чик тайпасынан шыққан деп санайды. Бұл тайпа Чулышманнан шыққан телестерден тарайды. Чиктармен қатар Туваның батыс бөлігінде аз тайпасы қатар орналасты. Телеуттерде олардың сеоктарында аз этнонимі кейбір терт-ас, дьети-ас тәрізді тайпалар атауларында сақталып қалды. Мұның өзі теле-оғыздарына да тән болатын. Г.Н.Потаниннің айтуынша Джети-ас - бұл телестердің нағыз атауы. Осылайша ас тайпасының телемен этногенетикалық байланысы күдік тудырмайтынын көреміз.
Халықтардың шығу тегінен маңызды тарихи мәліметтерді және олардың тарихи сатыларының белгілі бір кезеңдерін анықтауды деректердегі осы халықтармен аттас географиялық жер атауларын, тауларды немесе өзендерді зерттеу арқылы білуге болады. Теле тайпасына байланысты Л.Потаповтан мынадай жолдарды оқимыз: "Теле тайпасының ата-мекендері ежелгі және орта ғасырлық топономикада көрініс берген. VII ғасырдың соңындағы және VIII ғасырдың соңындағы кезеңге жататын жазба қытай құжаттарының бірінде телес таулары - Тэ-лэ-шань атауымен көрсетіледі. Ол Алашан шөлінде, яғни қазіргі картадағы Алашан жотасы. Авторы белгісіз" Х ғасырдағы парсының "Худуд-ал-алам" атты дерегінде Тулас таулары (немесе тауы) аталған. Бұл тауларға жол батыстан жоғарғы Ертіс арқылы басталып, және Моңғол Алтайы тауларына дейін барған тәрізді. Орта ғасырлық мұсылман деректерінің кейбірінде тулас термині телес атауының синонимі болып табылатындықтан, тегінде аталған таулар Телес таулары делінсе керек. Атақты Рашид-ад-диннің "Жылнамалар жинағында" тулас термині Баргуджин-Токум атты жерді көрсеткен, яғни Моңғолияны мекендеуші түркі орман тайпаларының біріне этноним ретінде берілген. Теле этнонимі қазіргі топономикада да сақталған, ол әсіресе, Упса-Нор көліне құятын Тели (немесе моңғолша Телин-гол) атауында және Моңғолияның бірнеше өзендерінде, сондай-ақ, Шабир өзенінде (Теси өзен тармағы) және т.б кездеседі. Деле аталатын өзен Алатау таулар жүйесінде де бар. Мұндай гидроним Алтайдағы Телес өзені ауданында байқалған. Сонымен бірге мұндайда Қазақстандағы (Арыс көлінен оңтүстікке қарай) Теле-көл көлінің атауын да атай кеткен жөн болар"- дейді Л.Потапов.
Динлиндер. Кейбір белгілі зерттеушілердің айтуынша Кіші жүз тайпаларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарған динлин тайпасына келер болсақ. Бұл тайпа туралы негізгі мәліметтерді Н.Бичуриннен, Н.Аристовтан, Г.Грумм-Гржимайлодан алуға болады. Динлиндердің біздің заманымыздың IV ғасырында Гобий шөлінен солтүстікке мекендегені белгілі. Бұл туралы Н.Бичурин қытай дерегі "Бэйшиді" аударғанда айта кеткен. Белгілі саяхатшы-зерттеуші Г.Грумм-Гржимайло динлиндерге төмендегідей мінездеме береді: "Динлиндерде,- деп айтады бізге қытайлықтар, олардың ерлігіне және жауынгерлік өжеттігіне таң қалып,- жолбарыстың және қасқырдың жүрегі бар. Олардың ішінен олар оққағарлар отрядын таңдап алды, олардан әрқашанда өздерінің әскерлерінің алғысапын жасақтады... Динлиндер еркіндік сүйгіш және қозғалыстағы халық болды, Олар көптеген ұсақ руларға бөлінген тәрізді және жауларына тойтарыс беру үшін ғана сирек жағдайларда және өте қысқа мерзімге ғана жиналатын еді, мұны бізге олардың барлық тарихы баяндап береді. Қытайлықтардың оларды жеңген себебі олар тұтас халықпен емес, әдетте әртүрлі жекелеген ұрпақтарымен кездескен еді; оның үстіне олар бұлардың өзара көшпенділіктерін пайдаланды және оларды бір-біріне қасақана айдап салып отырды. Динлиндердің басқаға бағынуға бейім болмағандығы, өздерінің жеке бастарының еркіндіктерін бәрінен де жоғары қоюлары, олардың ешбір толқусыз өздерінің құлға айналған ата-мекенін тастап, бірі - солтүстікке, бірі - оңтүстікке, қай жерде қытайлар бара алмайтын кеңістік болса сонда кетіп қалуларынан байқалады... Осылайша олар уақыт өте келе Байкалға, Алтайға және Оңтүстік Сібірге... барып жетті". Бұл мәліметтер біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың соңына жатады. Г.Е.Грумм-Гржимайло динлиндердің қаза тапқандарды жерлеу дәстүрлерін сипаттай келе, Ивановскийдің мәліметіне сүйеніп, "кейбір жағдайларда динлиндер молаларына өздері кейіннен түріктерден қабылдаған дәстүр бойынша қайтыс болған адамдардың бейнесі ойылған тастарды немесе ағаштарды орнататын еді"- деп көрсетеді.
Телелердің динлиндермен байланысы туралы Тува халқының қалыптасуын зерттеген ғалымдар атап көрсеткен еді. Жоғарыда атап көрсетілгендей , Туваның территориясы ертеректегі орта ғасырларда теле тайпасы мекендеген аймақ еді. Мұнда мынаны да ескерген жөн, динлиндер VII дейін тегінде, ортақ шаруашылықпен, яғни көшпелі мал шаруашылығымен және аң аулаумен айналысатын біріккен, бірақ өзара тілдері бөлек тайпалар одағы болса керек. Саян-Алтай таулы қыраттарындағы ғалымдардың қазба жұмыстарының нәтижесінде алынған археологиялық материалдар, сондай-ақ, түркі тілдес тайпалардың әр түрлі жерлердегі қоныстары мәдениеттің динлиндік келбеті туралы төмендегідей тұжырымдар пайда болды: " "Динлин" термині түркі тілдес халықтардың ортақ атаулары болды. Ол кейіннен "телеге айналған чиле" терминімен ауыстырылды". Мұнда біздің ойымызша, динлиндердің және телелердің мәдениеттерінің өзара сабақтастығы байқалады және олардың нақты этникалық байланыстары аңғарылады. Т.Акеров теле-динлин тайпаларының тотемдері ортақ өгіз (көне түрік тілінде - оғыз) түрінде болғандығын атап көрсете келе, жоғарыдағы айтылғандарды дәлелдей түседі.
"Динлиндер деп жазады Н.Сердобов, біздің заманымыздың VI ғасырынан бастап қытай жазба деректерінде теле терминімен атала бастады. IV-V ғ.ғ. олар гаогюйлықтар... деп атала тұрса да, теле терминінің бірқатар ғалымдар, оның ішінде ірі синологтар динлин атауына баратынын атап көрсетеді".
Біздің заманымыздың IV ғасырының соңында Алтайды динлиндермен және түріктермен араласқан ұйғырлар тайпасы жайлап алды. Мұнда да терминдер ауысып, ұйғырларды дили, чи-ди, ал кейінірек телэ деп атау орын алды. Мынаны тағы да атап айтқан жөн, телэ - бұл Үлкен Хинганнан Каспий Теңізіне дейінгі орасан зор аймақты жайлаған түркі тілдес малшы тайпалар бірлестігі болды. Тилэ хундардың этникалық мұрагерлері болғандықтан, ғылыми әдебиетте кейбір түркі халықтардың шығу тегін телестердің тайпалық бірлестігінің әртүрлі тармақтарымен байланыстыратын көптеген болжамдар пайда болды. Ерте орта ғасырларда батысқа барар жолдарында динлиндер өздерінің келбетін кейбір алтай тайпаларында сақтап қалды. Г.Е.Грумм-Гржимайлоның атап көрсеткеніндей сондықтан да "күні бүгінге дейін енисей остяктары деп аталатындар арасында және қазақтардың Ұлы, Орта және Кіші Ордаларында ақшашты элементтер сақталып қалды". Оның үстіне Г.Е.Грумм-Гржимайлоның айтқанындай мұндай қоспаны қазақтарға Үйсіндер емес, әуелде хундар Сібірден динлиндер алып келді. Осы айтылғандарға неміс антропологы Н.Зеландадан Г.Е.Грумм-Гржимайлоның өзі келтірген пікірді қоса аламыз. "Н.Зеланданың антропологиялық зерттеулері көрсеткеніндей, қазақтар аралас халықтардан тұрады, өйткені, айтарлықтай аласа бойлы, сақалсыз, жалпақ бетті және таңқа мұрынды, қара көзді негізгі түрге еңселі, сақалды, қоңқа мұрынды, сопақ бетті және көк көзді басқалар бірігіп кетті".Қазақтардың антропологиялық түрін неміс зерттеушілері осылай көрсетеді.
Динлиндердіің түрі ұзын бойлы, ақ шашты, көк көзді, түрі кавказдықтар бейнелі болып көрінетін. Динлиндер, Г.Е.Грумм-Гржимайлоның пікірі бойынша Орталық Азияның автохтонды халқынан еді, өйткені, археологиялық ескерткіштер олардың мұнда неолит дәуірінен бастап өмір сүргендерін дәлелдейді.
Әртүрлі оқылуларда теле, дили, чилэ және гаогюй аталатындар туралы Н.Аристов төмендегідей түсініктемелер береді: "Алтайда Төле өзенінің болуы (орыстар төменде аталатын Телес руының атын берген Телес көлінен ағып шығатын Биидің бірінші оң жақ тармағы) Теле атауының гаогюйліктердің өздерінің есімі екендігін, ал дили және чилэ дегендер қытайлықтардың оны бұрмалаулары болып табылатындығын көрсететін тәрізді. Хундардың уақытысында гаогюйлер Солтүстік Моңғолияны мекендеуге мәжбүр болды және онда сяньбийлердің, сондай-ақ, онан соң жужандардың қол астында хундарға бағынған басқа да түркі тайпалары және рулары тәрізді қалып қойды.
Жоғарыда аталған орыс зерттеушісі динлиндерге мінездеме бере келе, олардың қоғамдық құрылысының мынадай белгілерін көрсетті: динлиндер билеушілері сайланатын ақсақалдар болған қауымда өмір сүрді. Динлиндердің шаруашылық қызметінің негізгі түрі олардың өміріне сәйкес келетін аң және балық аулау болды.
1.2 Қытайлықтар шамамен V ғасыр соңындағы және VI ғасыр басындағы төмендегідей 12 гаогюй руларын атап көрсетеді: лифули, тулу, ичжань, далянь, кухэ, дабо, алунь, моюнь, сыфынь, фуфуло, киюань және ишуцэй. Бұлардың ішінен тулуды - дулу, дабо - туба, урянхайлықтар және даляндарды Алтайда бұған дейін аман қалған телеңгет руындағы кейінгі доланьгэлерді тануға болар еді. 487 жылы фуфулолар ұрпақтарының басшысы жужандардан қол үзіп, гаогюйлықтармен бірге жүз мың киіз үйді алып батысқа кетті. Олар тегінде Тарбағатай мен Тянь-Шаньнның арасындағы Юебандардың жеріне қоныстанса керек. Сондықтан да гаогюйліктер түрік-тукюлер билеп алғанша табанды соғыстар жүргізді". Мұнда біздің жоғарыда аталған далянь руына көңіл аудару жөн болар. Ол қазақ тайпасы Телеудің этногенез процесінде шешуші рөл атқарған тәрізді.
Жалпы теле (оларды кейде телэ деп те атайды) тайпалары туралы төменде берілген мағлұматтардан көруге болады.
IV ғасырдың аяғына таман теле тайпаларының арасындағы юаньхэ тайпаларының бастауымен болған толқулар басталады. Осыған қарап IV ғасырдың аяғына дейін телелер Гоби шөлінен оңтүстікке қарай мекендеген деген ой туады.
Келесі бір назар аударарлық мәліметке келер болсақ. Н.Бичурин ойынша телелердің бір бөлігі Селенга өзенінің солтүстігіне кетуі болып табылады. V ғасырдың басына қарай телелер Жоңғарияны қамтыды.
Г.Е.Грумм-Гржимайло айтуы бойынша негізінен Монан аймағынан болған гаогюйліктердің бірінші болмауы мүмкін. Дегиннен оқығанымыз бойынша Хуннулар солтүстік Қытайдан қуылған соң, олардың үлкен бөлігі солтүстікке көшіп кетті, ал қалғаны, яғни тилэ немесе телэ аталғандары батыста Каспийге дейінгі жазық даланы алып жатты.
Г.Е.Грумм-Гржимайло В.Радловтың мынадай қорытындыға келгенін айтады: орыс даласының оңтүстігіне басып кірген хуннулардың едәуір бөлігін біздің заманымыздан бастап "ұйғыр" атауын алған шығыс түрік тайпалары құрады - дейді. Осылайша ол "византиялықтардың да ұйғырларды хуннулардың бір бөлігі есептейді - деп болжалайды. Ұйғырлардың (гаогюйлер, телэлер) солтүстікке қоныс аударуы қытайлықтардың ху-се тайпасын телелердің құрамына дұрыс қосқан жағдайда ғана ерте кезге жатқызылуы тиіс.
Теле руларының Хунн державасының ыдырау кезінде батысқа лақтырылған көшпелілердің арасында болуы олардың кіндік қаны тамған жердің ежелгі кезден көшпелі мемлекеттер мен Қытай империясының арасындағы дау-дамайға айналғандығын айқындайды. Қалай болғанда да пармурумдар (фуфуло) батысқа қоныс аударған ең алғашқы гаогюйліктер емес екендігімен келісуіміз керек.
Г.Е.Грумм-Гржимайлоның көрсетуі бойынша 546 жылы Түрік қағанатының билеушісі Бумын қаған телелерге шабуыл жасап, олардың жерлерін қосып алады.
603 жылы телелердің бір тайпалары қағанаттан бөлініп кетті деген мәләметтер бар. Және ол аба тайпасы болуы мүмкін. Яғни Түрік қағанатына бағынышты телэ тайпалары арасындағылардың көтерілуі туралы айтып отырмыз. Г.Е.Грумм-Гржимайло айтуы бойынша "Чжансунь Шэнь өмірбаянында" 10 теле тайпасының арасынан Да-тоу билігіне қарсы көтерілген: сы-цзе, фу-ли, хунь, си-са, а-ба, бу-гу секілді тайпа аттары аталады. Олардың ішінен Суй-шу дерегіне сүйенер болсақ, сы-цзе, фу-ли, хунь және бу-гу тайпалары Ду-ло-хэ (Толы) өзенінен солтүстікте өмір сүрген. Ал мына аталғандар ішінен хунь басқаларына қарағанда оңтүстікте болған.
Си-са атауын Э.Шаванн ху-сэ деп атауға болатындығын ұсынған. Аталмыш тайпа "Суй-шу" жазба дерегі бойынша Толы өзенінен солтүстікте өмір сүрген делінеді. Ал а-ба тайпасының мекен еткен жері белгісіз.
Қытай династиясы тарихынан Селенга өзеніндегі тайпалармен қоса батыста өмір сүрген тайпалар 602-603 жылдары билікке қарсы көтеріледі. Алайда осыдан кейін телелердің бір бөлігі тағы да қытай үстемдігіне бой ұсынды делінеді.
606 жылы телелік киби (циби) тайпасының басшысы Мохэ Гелэн Түрік қағаны Чу-лоға күшті соққы береді. Чу-ло хан телеліктерді басу мақсатында олардың 200-ге жуық басшысын қулықпен жинап алып, басын алады. Телелер оларға қарсы бірігіп, түрік үстемдігін биліктен тайдырады. Осылайша Шығыс Түркістанды VII ғасырда қайта жаулап алады.
618 жылы сеянь-то және киби секілді теле тайпаларын Батыс Түрік қағанаты бағындырады.
Теле тайпалары туралы келесі бір мәләметтер 627 жылдары кездеседі. Онда телэ конфедерациясының орналасқан территориялары жайлы айтылады.
Суй-шу жазба дерегінде Тянь-Шаньді мекен еткен 10-нан астам теле тайпалары туралы кездеседі. Бұған "Тан-шу" жазба дерегі киби және янь-мань (янь-ли) тайпаларын қосады. Янб-мань тайпасына келер болсақ, бұл тайпаның өзін басқаратын князьі болған және ол әскери округ болып табылады. Ғалым Э.Шаванн бұл тайпа Алакөл және Балқаш өзендері арасын мекендейтінін анықтап берді.
Қытай жазба деректерде көшпелі тайпалардың орналасуының шартты түрде көрсетуін олардың үнемі көшіп-қонып жүргендігімен түсіндіреді. Әйтсе де осы деректерге сүйеніп, теле тайпаларының қоныстануын көрсетсек.
Киби тайпасы. Бүгінгі күнде бұл атау Мраста қоныстанған қара татарлар арасында сақталған. Суй династиясы кезінде бұл тайпа шығыс Тянь-Шаньда орналасқан. Батыс Түріктері 648 жылы қытай ханшасын өз қағанына сұрағанда, қытайлықтар оның орнына Шығыс Түркістанды сұраған еді. Алайда түріктер олардың сұрағанын қанағаттандырмайды. Сонда қытай императоры оларға қарсы киби тайпасынан шыққан Хэлиді жүз мыңдық түрік және теле тайпаларынан құралған әскерді жібереді. Бұл жорықтан соң Шығыс Түркістан бағындырылады делінеді. Киби тайпасының қытайдың қызметінде болғандықтан және VII оларды Батыс түріктерге қарсы жорықтарға байланысты олар деректемелерде кездеседі, алайда IX ғасырдың ортасынан киби тайпасы туралы мәліметтердің кездесуі тоқтатылады.
Се-янь-то тайпасы. Суй әулеті кезінде деректемелер бойынша Гоби Алтайда орналасқандығы айтылады. 629 жылы олардың көсемі И-нан Өтукенге көшіп кеткен, ал кейіннен олар шығысқа қарай Толы өзені орналасқан аймаққа көшкен. 645-646 жылдары қытай-ұйғыр қуғындау саясатымен сеяньто тайпасы қуғындалды. Аман қалған бөлігі Ордоста қоныстанды. Ал қалған бөлігі басқа жергілікті теле тайпаларымен ассимиляцияға ұшырап, құрып кетті.
До-лань-гэ тайпасы. Н.Аристов, В.Радлов бұл тайпаны теленгіттермен, сонымен қатар гаогюйлік далянь тайпасымен байланыстырады. Г.Е.Грумм-Гржимайло оларды Орхон өзенінен батысқа қарай Хангайға орналастырады. Ал қытай жазба дерегі Тан-шу бойынша доланьгэ тайпасының сеяньто тайпасынан шығысқа қарай орналасты деп жазады.
Ху-сэ (сиса) тайпасы. Суй әулеті кезінде Селенга бассейнінде көшіп қонып жүрген делінеді.
Тун-ло тайпасы. Тан-шу бойынша бұл тайпа Доланьгэ тайпасынан шығысқа қарай, сеяньто тайпасынан солтүстікке қарай орналасты. Дәл осы дерек бойынша Тун-ло тайпасының теле тайпаларының ішіндегі Өтукеннен шығысқа қарай қоныстандығы ерекше атап көрсетеді. Тун-ло тайпасының Орхон және Селенга арасында мекен еткен деген мәліметті "Суй-шу" жазба дерегі дәлелдей түседі. Бұл жазба деректе тун-ло тайпасы Толы өзенінен солтүстікте орналасқан делінеді.
Пу-гу (Н.Аристов, Шлегель бугу деп атайды) тайпасы. Басқа теле тайпаларына қарағанда солтүстікке және тун-ло тайпасымен көршілес орналасқан. Бұл оларды Орхон және Селенга өзенінің төменгі ағысы арасында қоныс тепкен. Дәл осы жерде Си-цзи (хи-ге) тайпасы өмір сүрген болатын. Тан-шу жазба дерегінде бұл тайпа тун-ло тайпасынан солтүстікке қарай, және пу-гудан батысқа қарай созылған. Себебі төменде көретініміздей шығысқа қарай дәл осы жазба дерек бойынша ба-е-гу тайпасы болған. VII ғасырда (630-680 жылдар арасы) Хэсиге көшеді.
Сы-цзе (сы-ге) тайпасы. Бұл тайпа бұрынғы сеяньто тайпасы жерінде көшіп-қонып жүрген делінеді. Тан-шуда сы-цзе және си-цзе тайпаларының әскері қосылғанда 20 мыңға жететін. Осыған қарап, олардың орналасқан жерлері бір, яғни жоғарғы Селенга бассейнінде орналасқан деген ой туады. Осы жерлерде кезінде сеяньто тайпасы орналасқан, әйтсе де бұл жерлерге олар V ғасырдың басына дейін келіп қойған. Себебі олар Муюн Цзюнмен (346-380 жылдар арасында) бағындырылып, Гобий шөліне, Ұлы қақпаға жақын маңға ығыстырылады. Олар сол жерде өздерін тоба әскері талқандағанға дейін өмір сүреді.Бұл сеяньто тайпасы туралы өте ертеде айтылған мәлімет. Ол сеяньтодағы 2 тайпа бірлестігінің Тан-шу бойынша Монанда, яғни Гоби шөлінің оңтүстігінде пайда болуы тиіс.
Ба-е-гу ( байырқу, Орхон жазбаларында мұны Хирт, Томсен өзіне сеніп айтқан) тайпасы. Бұл тайпаның территориясы өте үлкен болған және Гентэйден шығыста Мохэ территориясына, яғни Сунгар бассейніндегі өзенге дейін созылған. Тан-шуда айтылғандай олар шаңғыда бұғыларды аулаутын. Сол себепті де олардың солтүстікте шекарасы таулы тайгаға дейін жетуі мүмкін деген ой туады.
Гулигань тайпасы. Орхон жазбаларында Курыкан. Олар Байкал өзенінен батысқа қарай жерді қамтыған. Юань ши дерегіне сүйенер болсақ, олардың тілі қырғыз тілінен ерекшеленген, және бұдан байқайтынымыз олар телелік халықтар тобына кірмеген.
Бай-си тайпасы. Бай-си тайпасы байырқулардан оңтүстікте, солтүстік Халхеде көшіп-қонып жүрген. Батыста шекарасы тун-ло, пу-гу тайпаларымен шектесетін болғандықтан, олар Толы және Керулен өзенінің жоғарғы ағысымен қиылысатын деуге болады. Сеяньто Толыға дейін жылжығаннан кейін, олар шығыста юэ-чжи өзені аймағына көшсе керек. Ол өзен шекарада қидан иеліктерінен бөліп тұратын. Юэ-си (юэ-чжи болуы мүмкін) аймағы Уан-ту-фу мен Мукден арасында жатқан болатын. Деректерде бұл тайпа соңғы рет 660 жылдары кездеседі.
Юань-хэ ( вэй-хэ, хойхэ, у-ху, у-гэ, ұйғырлар) Тарих ғылымында бұл тайпа Жао-ло-шуй өзенінен батыста, Тоба Гуй 391 жылы күшті соққы берген Лу-хунь-хай аймағында кездеседі. 403 жылы солтүстікке қарай, яғни Халхада, Орхон және Толы өзені аралығына көшіп келеді. 629 жылы ұйғырлар ( юань-хэ) басқа теле тайпаларымен бірге сеяньто князьі Инан мемлекетінің құрамына кірді. Шығысқа қарай жылжығаннан кейін олар Өтекеннен Толыға дейінгі аймақты қамтыған болса, ұйғырлар солтүстік Селенга өзеніне ығысып кетуі ықтимал. Кейінірек олар Хэсиге көшіп барып, Гань-Чжоу мен Лян-чжоу аралығына қоныстанған басқа теле тайпаларының құрамында болды.
Хунь тайпасы. Суй әулеті кезінде Хунь тайпасы Толы өзенінің солтүстігінде қоныстанған болатын, ал кейіннен Хангай тауының оңтүстік етегіне көшіп кеткен болуы керек. Тан-шуда бұл тайпа басқа теле тайпаларына қарағанда оңтүстікте болған делінеді. Кейінірек олар Хэсиге, Лань-чжоу округіне қоныстанады. Осыдан кейін бұл округ Гаолан округі атауын қабылдайды. Бұл жерде олар өз көзқарасын қытай көзқарасымен біріктіріп, бірнеше рет оларға тибеттіктермен соғыста көмектесті.
А-дэ тайпасы ( Орхон жазбаларында эдиздер). Олардың орналасқан жері белгісіз. Алайда 647 жылы олардың жер атауының Ги-тянь-чжоу болып өзгеруіне қарағанда, Тан әулетінің бас кезінде олар Ала-шань тауларында өмір сүрді деген ой туады. Қытай елшісі Ван-янь-дэ 982 жылы Бэй-шань арқылы Ұйғырияны өтіп бара жатып, Хэсиде осы тайпаның Эцзин-голдан қонысын кездестіруі мүмкін деп жазады.
Теле тайпаларының ішіндегі тағы біреуі ду-бо Радлов, Аристов, Хирт туба деген) тайпасы. Ол хагястықтардан шығысқа қарай Енисей мен Косогол өзені арасында өмір сүрген. Дәл осы Тан-шу жазба дерегінде ду-бо және сонымен қатар ми-ли-гэ (меркіттер) мен э-чжи ( Косоголда қоныстанған) тайпалары тегі жағынан телелік емес, олар түрітер делінеді.
Осылайша, Г.Е.Грумм-Гржимайло теле тайпасы өзінің барлық тарихында өзінің мекендейтін жерлерін үздіксіз ауыстырып отырған деп көрсетеді. VII ғасырдың ортасында олар қысқаша айтар болсақ, төмендегіше қоныстанды.
"Хангай тауларында батыстағы Цзабхан өзені мен шығыстағы Орхонның бастаулары аралығында доланьгэ-телеңгіттер өмір сүрді; Селенга өзенінен жоғарыда сыге-изгили; Селенга мен Орхонның төменгі - пугу-бугу; Толой мен Орхоның аралығындағы далаларда - ұйғырлар; Керуленнен солтүстікке қарай Хэнтеем мен Хинганың аралығында - байегу-байырқу; Селенга өзенінің аралығында пугулардан батысқа қарай - сыге; байырқулардан оңтүстікке қарай - байсы; Забайкальеде - гулигань-курыкандар; Алашан тауларында аде-эдиздер, Ордостан батысқа қарайғы далаларда хундар және кибилер мекендеді".
Телес тайпаларын Орталық және Шығыс Азияда орыс зерттеушісі Д.Позднеев төмендегі тәртіппен (тайпалар мен рулардың аттары қытайша берілген) орналастырған.
Толы өзенінен солтүстікке қарай төмендегідей телес тайпалары өмір сүреді: Пугу (Бугу), Тунь-ло, Вэй-хэ, Бай-гу (Байегу), Фу-ло (фуфуло), Сы-цзинь, Мэнь-чэнь, Ту-жу-хэ, Сы-цзы, Хунь, Хуси және тағы басқалары.
Хами мен Қарашар қалаларынан солтүстікке қарай: Ци-би, Ло-чжи, И-чжи, Су-по, На-хэ, У-ху, Бчжи-юй, Ни-ху және тағы басқалары.
Алтайдан оңтүстік-батысқа: Сеь-янь-то, Чжи-лэ, Эр-ши-пань, Да-ци (Юань-ци) және басқалары.
Соғды хандығынан солтүстікте: Хэ-чжи-хэ (Хэ-чжи), Цзнь-бо (Хэ-цзнь), Ху-би (Бо-ху), Цянь-цюй (Ду-юй-цзюй), Хай-хэ, Би-си (Бэй-си), Хэ-янь-су (А-цзю-су), Бань-вэй, Кэ-да.
И-хай көлінен шығыста және батыста: Су-лу-цзнь, Сань-со-янь, Мн-цу, Лунь-ху және тағы басқалар.
Фу-линнен шығысқа қарай: Сы-цюй, А-лань, Бэй-чань, Цзю-ли-фу, Вэнь-Кунь.
Бэй-хэйден (Байкал көлінен оңтүстікке қарай) оңтүстікке қарай: Ду-бо.
Жоғарыда айтылғандардан Телелер қоныстанған аймақ өте кең, шығыста Үлкен Хинганнан батыста Каспий теңізіне дейінгі жерді қамтып жатыр деген ой туындайды.
Гаогюйліктерді ұйғырлар деп санаған В.Радлов олар туралы төмендегідей мәліметтер береді: "Гао-гю Чи-дидің ежелгі руының тұқымдары: алғаш олар өздерін Ди-ли деп атады, онан соң солтүстікке қоныстанғаннан кейін ғана Дин-лин есімін қабылдады. Олардың тілі де хундардың тіліндей, аздаған ғана ерекшеліктері бар". Гао-гюлердің қоғамдық құрылысы туралы мәліметтер де қызық: "Оларда біртұтас мемлекеттік билеуші жоқ, әрбір руды ерекше бастықтар билейді. Олар дөрекі және жабайы. Руластар өзара келісімде өмір сүреді және көшу кездерінде бірін-бірі қолдайды. Шайқаста олар қатарға түрмайды, жауларына қарсы жүйесіз тобыр түрінде ұмтылады. Олар бірінде алға ұмтылса, бірде шегінеді. Тізбектеле шайқасу қолдарынан келмейді. Үйленгенде тойға сыйлық ретінде өгіздерді немесе жылқыларды бергенді ұнатады. Шешім қабылданған бетте неке қиылады. Күйеудің туыстары қалыңдықтың ата-аналарына өздеріне ұнаған жылқыларды табыннан таңдап алуға мүмкіндік береді. Олар болса оны бірден ерттеп мініп кетеді. Жылқы иелері табыннан алыстау тұрып аттарды қол соғып үркітуге тырысады. Әркім өзінің жылқыларын ұстап алғанда, мереке де бітеді. Оларда нан жоқ және шарап жасамайды. Күйеу мен қалыңдық некесін қидырған күні қымыз және ұсақ туралы ет (қырғыздарда "беш-бармақ") беріледі. Қожайын қонақтарды әрқашанда өзі сыйлайды. Мұндайда отыратын орынды таңдау жоқ. Олар киіз үйдің алдында, шөптің үстінде топталып қана отырады және күні бойы жейді және ішеді".
Қытай деректері бойынша "теле көшпелілері атпен жақсы жүретін, садақтан дәл ататын мергендер... Теленің әдет-ғұрпы түріктермен бірдей. Бірақ, оалрда ересек еркектер үйоенген бетте, үйлену тойынан кейін әйелінің ата-анасының үйінде қалып қояды. Алғашқы бала туғанша күтеді және бала емшектен шықпайынша ешқайда кетпейді. Осыдан соң ғана жас отбасы өз үйлеріне қайтып келеді. Өлгендерді олар топырақпен көмеді. Міне, барлық айырмашылық осы ғана".
В. Радлов гаогюйлердің V ғасыр соңындағы 12 мынадай руларын санап береді: "1) Ауфуло (=Арбалык?), 2) Гу-лу (= Койлык?), 3) И-чжань, 4) Дилянь (= Теленгут?), 5) Ку-хэ (= Кок?), 6) Да-бо (= Туба), 7) А-лунь (= Алын?), 8) Моюнь (= Mojyн), 9) Сы-фынь ( Шибин), 10) Фуфуло, 11) Ки-юань, 12) Юшунай".
Барлығы оларда ол кезде жүз мың киіз үй бар болатын. Дәл осы кезде олардың көсемі Фуфуло Афуджило (= Абушка немесе Ак-Башлык) жужандармен бірге қытайлықтарға шабуыл жасаудан бас тартып, батысқа кетті және өзінің дербестігін мәлімдеді.
"Гао-гюй" деп жазады Г.Е.Грумм-Гржимайло өзін дили, телэ, чилэ деп атаған халықтың кейінгі қытайша жапсырма есімі; "Бэй-шыда" былай айтылған: "алғаш гаогюйлер дилилер аталды, ал солтүстікте олар гаогюй динлиндері делінді", яғни биік дөңгелекті арбаларды қолданған динлиндер делінді. "Телэ" Паркердің айтуынша "динлин" сөзінің жай ғана өзгеріске түскен түрі. Телэ атауы қытайда өте ұзақ уақыт сақталған тәрізді. "Си-ся-шу-ши" және "Юань-ши" былай дейді: "Әскерлерін алға жылжытқан моңғолдық Сюань-фу-ши Ван Чжи құмдардан өтті және Хэсиға келіп са-ли, те-лэ және чи-минь тайпаларына соққы берді". Бұл хабар, Шыңғыс хан дәуіріне жатады ".
ІІ ТАРАУ.
"Жағал аттылар тайпасы туралы ежелгі мәліметтер IV ғасырға жатады - деп жазған еді Л.Потапов. - Бұл кезде олар ежелгі Иншан таулы жоталарының солтүстік жақпарларында және оның оңтүстігінде, Ордоста мекендеген еді. Бұл тайпа кезінде сяньби және жужан бірлестіктері құрамына енді және Ордос шөлінің солтүстік бөлігіне қоныстанған хунндардыі кейбір топтарынан өздерінің арғы тегін бастайды. Ежелгі түркі кезеңінде, нақтырақ айтсақ, VII ғасырда жағал атты ала аттылар енді солтүстік Алтайда Байкалдан батысқа қарайғы жерлерді мекендеді. Мұнда олар қырғыздардың ата-мекенімен шектесіп, олармен жиі-жиі қақтығыстарға барды. Біраз кейініректе олар ұйғырлар қағанатына бағынды, одан соң Томскіден солтүстіктегі Обь аңғарына жылжыды. XYII ғасырда олар мұнда Жағалдар ордасы деп аталып, Сібір орыс жылнамаларында осылай жазылды және Нарым ауданында мекендеді. Сонымен бірге жағал атты ала аттылардың бір бөлігі қыпшақ-половецтері, кейінірек қазақтардың Кіші ордасы, ал кейбір бөліктері көшпелі өзбектердің және сібір татарларының құрамдарына кіргенде Мангу және Балаурнан деп атады".
Ежелгі алакчин тайцпасының қазақ тайпаларының және әсіресе, Кіші жүз тайпаларының, оның ішінде шын ара Жетіру тайпаларының құрылуына белсене қатысқанына біз сенімдіміз. Осы орайда Н. Аристовтың Калча Қадыр туралы қазатар аңызын өзінің белгілі еңбегінде атап көрсетркені еске түседі. Бұл аңыздар алакчиндердің қазақ халқын және әсіресе, алшындарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарғанын байқай аламыз. Т. Акеров алач (калач) - хазладжи және олашивичи (орыс деректерінде) сөздері араларындағы сәйкестіктерді іздестіреді. Мұндай салыстырулар біздің ойымызша, негізсіз емес. Енді Н. Аристовтың еңбегіндегі аңыздың нұқсқасын келтірейік. Үлкен орданың аңызы бойынша, Сарыүйсіннің Қалша деген баласы болыпты. Илья Казанцевтың қырғыз - қазақтарының Қалша Қадырдан тарайтындығы туралы келтірген аңызы Сарыүйсіндерге тікелей қатысты екенін көреміз: Қалша Қадырбелгісіз бір басқыншының қырғыз даласы арқылы өткен әскерінің қолбасшыларының бірі екен. Шөлден және аштықтан қаталаған ол әскерден қалып қойыпты және өлім аузында жатыпты. Бірақ оны аспаннан қалықтап түскен аққаз (қаз-ақ) құтқарып алыпты. Ол өте мейірімді екен және қалша Қадырмен жанасыпты; олардың ұрпақтары қазақ деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАТЫС ТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТТАРЫ ЖАЙЫНДА
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Түрік қағанаты немесе Түрік қағандығы
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
Түрік қағанатының саяси тарихы
Әскери демократия және Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар
Түрік қағанатының құрылуы
Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
Түркі тайпаларының діні
Пәндер