Сөз мәдениеті



Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев:«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»- деп тұжырымдайды. Қазіргі жастарымыз өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады»- дейді. Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі–оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
1. Н.Уәлиев. Сөз мәдениеті. Алматы «Мектеп», 1984ж., 117б, 4-б
2. М.Балақаев, М.Серғалиев. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық-Алматы: «Зият Пресс», 2006ж.-140б
3. Қ.Даупаев. Тіл мәдениеті және стилистика. Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2008ж.-72б
4. Д.Әлкебаева. Сөз мәдениеті. Сөйлеу мәдениетінің негізі//Ақиқат,2005,№9. 60-62бб
5. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту негіздері.- Алматы:
Қазақ университеті, 1991.-156б.
6. Кунапьянова А. Д., Аубакирова Л. Р. Тіл мәдениетінің өлшемдері және оған қойылатын талаптар/А.Д. Кунапьянова, Л. Р. Аубакирова //«С.Аманжолов оқулары – 2004»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.-Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-464 б.
7. О.Ошанова. Сөйлеу мәдениетінің негіздері. Оқу құралы- Алматы: «Қазақ университеті», 2012ж. 182 б, 20-б.
8. Құл-Мұхамед Рақымғали Абрарұлы. Қазақ мәдениеті құндылықтарының қалыптасуы мен дамуы: Философ. ғыл. канд... дис. -Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2000. -156-б.
9. Б.Ерасов. Рухани құндылықтар әлемі: Әлеуметтік философиялық жолдау. -Алматы: ҚРБҒМ.ФСИ, 2000. -180-б.
10. Е.М.Верещагина. Костомаров В.Т. Язык и культура. -Москва: Наука, 1990. -107 с.
11. Уикипедия энциклопедиялық сөздік.
12. Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, А.Қасабеков Философия және мәдениетттану.
-Алматы: Ғылым, 1988. -95-б.
13. С.Б.Қоянбекова. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған автореферат. Алматы, 2008.- 50б
14. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралық қолданылуы.
-Алматы: Мектеп, 1966. -208-б.
15. Сыздық Р. Сөз сазы. Сөздерді дұрыс айту нормалары. -Алматы: Ғылым, 1983. -250-б.
16. http://www.aieldery.kz/eldery/article.php?article=934

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. Өнер алды - қызыл тіл деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында: Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі , сондай-ақ Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев:Қазақстанның болашағы қазақ тілінде- деп тұжырымдайды. Қазіргі жастарымыз өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады- дейді. Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі - оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Уақыт өткен сайын заман өзгерісіне сай сөйлеу мәдениетіне деген талап та күшейгендей. Сөйлеу мәдениеті туралы мәселе әлі күнге дейін толастаған емес. Тіл халықпен бірге жасасқан сияқты мәдени сөйлеу де қоғаммен бірге өмір сүреді, сонымен қатар әр түрлі ой-пікірлер де қалыптасқан.
Мәдениет - белгілі бір нормаға сәйкес заңдылықтарды ескеру дегенге саясады. Ал сөз мәдениеті норманы сақтау әдебі. Сөз мәдениеті - тіл түзулігі, тіл тазалығы. Сөз мәдениеті деген көп мағыналы ұғым. Л.И.Скворцов Культура речи владение нормами устного и письменного литературного языка правилами произношения, ударения, граммтики, словоупотребления и др.), а также умения испльзовать выразительные языковые средства в разных условиях отношения в соответствии с целями и содержаниями речи. Сөз мәдениетін дамытып, оны қалыптастыру үшін халық, ел, ұлт, мемлекет тарапынан қандай бір іс-шаралар маңызды орын алады. Сөз мәдениетінің басты қасиеттеріне мыналарды жатқызған болатын (Н.Уәлиев [1], М.Балақаев, М.Серғалиев [2], Қ.Даупаев [3], Д.Әлкебаева [4]):
-сөздің тазалығы;
-сөздің анықтылығы;
-сөздің дұрыстығы;
-сөздің көркемдігі;
- сөз жатықтығы;
-сөз дәлдігі;
- сөз байлығы;
- сөз әсерлігі;
Сөздің тазалығы - айтушы өз ана тілінде, яғни ұлттық тілінде еш шұбарламай сайрауы, сөз сөйлеу табиғатын таза ұстауы, ұлттық тілін таза беруі. (Мысалы, әрине-конечно, меніңше-по-моему, это самая және т.б.).
Сөздің анықтылығы - тыңдаушы мезі етпей мәліметті анық беруі, түсініксіз жаймен араластырмай, берер ойын толық жеткізуі. Сөздің анықтығы ойдың анықтығымен байланысты. Айтушы айтар ойын толық жеткізуі, сөздердің өз орнымен орналастыруы сөздің анықтылығы болып табылады. (Өліарада ай көрінді, сырқыратып жауды деген сияқты тіркестерді қолданудың өзі дұрыс еместігін көрсетеді)
Сөздің дұрыстығы - пікір білдіруші сөз сөйлеуде, жазуда тілдік нқрмаларды сақтауы.
Сөздің көркемдігі. Баяндаушы ойды жеткізерде эмоционалды-экспрессивті тілдік бояуларды, образды тіркестерді, қанатты сөздерді қолданатын жағдайда ой көркем де әсерлі болып келеді. Яғни тілдік құралдардың (ажарлау, көркемдеу, троптың түрлері) қолданылуы сөздің көркедігіне жатады (жұпар исі аңқыған, ойнақ салып ысқырып, асау жел ащы күйінен жаңылмай және т.б.).
Адамның мәдени дәрежесін көрсетуде оның беталысымен тығыз байланысты сөз сөйлеу стилінің елеулі мәні бар. Сөз сөйлеу стилінен адамның ойлау әрекетінің қаншалықты бой көрсететінін, мамандық ерекшеліктерін, өмірден түйгендерін, тұжырымдылығын, өзгелермен қарым-қатынас формасын байқауымызға болады. Сөз сөйлеу стилінің мынадай түрлерін айтамыз: күнделікті тұрмыстық, көркем, іскерлік, ғылыми.
Сөз мәдениетінің басты талаптарының бірі - сөздердің дұрыс қолданылуы, айтылуы мен жазылуының дұрыстығы болса, сөйлеуші сөз бен сөз тіркесін, сөйлемді құрастыруда орын тәртібімен орналастыруы, ой тиянақтылығы, ой жүйріктілігі, сөз әдебі, ой ұшқырлығы қажет етіледі.
Н.Уәлиев сөз мәдениетінің тілдік қабаттарының нормаларымен қатар айтушының ойын тыңдаушыға жүрекке жылы тиетіндеі әсерлі етіп беруін де қамту керектігін жазған болатын. [1, 4б]
В.А.Сухомлинский адамның сөйлеу мәдениетін оның рухани мәдениетінің айнасы және оның ойлары мен сезімінің алмасуында маңызды құрал деп атады.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Жапбаров тіл мәдениетінің жоғары болуына мынадай талаптар кояды:
-сөздің жүйелі, анық, түсінікті болуы;
- сөздің тілдегі орфоэпиялық, грамматикалық, лексикалық нормаларға сай дұрыс құрылуы;
-сөздердің қажет еткенде бейнелі, көркем, эмоциялы болуы;
- сөздердің тыңдаушы немесе оқушының жағдайына, ортаның қажеттілігіне сай болуы. [5,139б.]
Осы сияқты көптеген зсрттеушілер, ғалымдар, педагогтардың ой-тұжырымдары мен пікірлсрін қарастыра келе тіл мәдениетіне қойылатын талаптарды төмендегідей сараладық:
-сөйлегенде тілдегі дыбыстарды дұрыс, анық айту;
-сөйлеу әуені, қарқыны, дауыс күші мен кідірісті сақтау;
-екпіннің түсуін, үндестік заңын сақтау;
-сауатты, қатесіз жазу;
-жазба мәтіндерде тыныс белгілерін сақтау;
-әріп таңбаларын дұрыс, түсінікті жазу;
- дұрыс айтып, сөздердің тізбегін табиғи заңдылықтарымен дыбыстау;
- сөйлегенде сөз тұлғаларын, түрленуін сақтау, қосымша, көмекші сөздерді дұрыс, өз орнында қолдану;
- сөздерді өз мағынасына қарай қолдану, мағыналарын анық біліп отыру;
- сөйлемдерді, әсіресе, күрделі ойды білдіретін кұрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыру;
- керекті сөзді сөздік құүрамның ішінен іріктеп, әдеби вариантын қолдану, ретсіз енген, баламасы бар кірме сөздерді, жергілікті тілге тән диалектілерді, жаргон сөздерді тұс-тұстан қолданудан қашық болып, реттеп отыру;
- тілдегі ауызекі, ресми іс-қағаздарды, публицистикалық, көркем поэзиялық, ғылыми стильдердің әрқайсысының ерекшелігін сақтап отыру;
- сөйлеу әдебінің сақталуы;
- тілдегі көркемдік құралдар, тіл байлығын, оның мүмкіндіктерін пайдалану;
- сөйлеуде тілдің өз заңдылықтарына қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтау;
- сөйлегенде ойдың көлемі, мазмұндық құрылымы, хабардың жеткізу жүйесін реттеу[6,305 б.].

О.Ошанова адамның жақсы және өз орнымен сөйлей білуін: сөйлей білу қабілеті - адам мүмкіндіктерінің ең тамашасы және таңғалатын жайт. -деп жазады. [7,20б] Сөз мәдениеті, тіл мәдениеті сөз етілгенде ұстаз бен білім алушының арасындағы қарым-қатынас, болмаса, лектордың білім берудегі стилі қарастырылады. Барлық кезде ұстаз - студенттің тілін дамытушы, жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етуші. Бұл өмір қажеттілігінен туындайды. Қоғам уақыт өткен сайын, дамушы траекторияның жолына түскен сайын мәдениет те ілгерілеуге жол іздейді, яғни тіл мәдениетіне қойылатын талап күрделене түседі. Ол үшін әрбір адам тілін ауызша да, жазбаша да дамытуды алғашқы қадамнан-ақ бастау керек. Кейбір ізденушілер білімгерлердің білімін тереңдету негізінде тілді жетілдіру жолдары мынадай деп көрсетеді:
1. Тілдік терминология. Тілдік терминологияны терең меңгеру үшін негізгі және қосымша әдебиеттермен, сөздіктермен жұмыс істеу керек. Қостілді сөздіктермен, анықтағыштармен жұмыс істеу ерекшеліктері де үлкен.
2. Мамандыққа дайындауда ғылыми-зерттеу жұмысының орны. Курстық және дипломдық жұмысты дайындау, өорғау кезінде қойылған сұрақтарға дұрыс та дәл жауап беруі.
Тілді қадірлейтін әрбір мәдениетті жеке тұлға әрбір сөзді өз орнымен, стильдік шеберлікпен қолданады. Стиль дегеніміз - белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. Яғни стиль барлық тілге қатысты құбылыс.
Бұл келтірілген қағидалар сөйлеу мәдениетінің тілдік жағын қарарғанымызды байқатады.
Мәдениетті адамның сөз сөйлеуі де жағымды әрі қонымды болмақ. Ал мәдениетті болу үшін ауызекі сөйлеу стилін жақсы меңгеру керек. Ана тілін жақсы білу, дәлдікпен сөйлеу де мәдениеттілікке жатады. Тілді шұбарламай, тігісін жатыстырып, қиюын қиюластырып, жөн-жосықсыздан арылып, бөгде сөздермен араластырмай сөйлеу - тілді бағалау деген сөз.
Біздің мәселе етіп алғанымыз сөз мәдениеті еді. Сөз мәдениеті мен тіл мәдениеті бір-біріне жақын құбылыс болғанмен, өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл мәдениетінен сөз мәдениеті мен сөйлеу мәдениеті бастау алады. Тіл мәдениеті дегеннің ұғымы кең. Ол көбіне қарым-қатынас құралы болып табылатын тілді жетілдіре беру, ұштай түсумен қатар сөз шеберлігі, сөйлеудегі әдептілік тәрізділер қамтиды. Сөз мәдениеті әдеби тілдің тілдік ярустарының нормаларын меңгеру, сонымен қатар тілдік құралдардың амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді. Бұл тұжырымдарды Н.Уәлиев ХХ ғасырдың 80-жылдарында-ақ айтқан болатын. Д.Әлкебаева айтқандай тіл мәдениетінің қазақ тіл ғылымында араласпайтын саласы жоқ, көркем сөйлеуде болсын, ғылыми-көпшілік ортада немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде ол тіл ғылымының барлық саласымен тамырласып, олардың өнбойында көрініс табады. Тіл мәдениеті елдің тұрмыс тіршілігінде, әлеуметтік өмірінде үлкен рөл атқарады. Тіл мәдениетіне жетік болу үшін, сөзді көп білу жеткіліксіз, ол сөздерді жұмсай білу де керек. Сөзді жұмсай білу үшін, олардың мағыналарын, мәндестік ерекшеліктерін, әдеби, әдеби еместік қасиеттерін, ерікті және тұрақты тіркестер құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу керек. (М.Балақаев)
Сөйлеу мәдениетінің негізгі факторы - дұрыс айтылуында, орфоэпиялық жүйеде. Өмірге қажетті тілдің функиионалды жүйелеріне сай сөз саптауға машықтандыру үстінде қазақ тілінің грамматикалық негіздері туралы негізгі сатыда алған білімдері кеңейтіліп отырады. Мысалы, сөз әдебіне қатысты материалдар фонетикалық, лексикалық, синтаксистік білімдерін жаңғырта отырып меңгерілсе, жазба тіл мәдениетіне арналған тақырыптарда орфография мен пунктуация, стильдер туралы ұғымдарға көбірек назар аударылады. Ал, шешендікке баулу тіл тарихына, социолингвистикаға байланысты білімдерге негізделіп отырады.
Тіл мәдениетіне тәрбиелеу сөз мәдениеті негіздері туралы және тіл туралы жан-жақты ұғым беруден басталады. Сөз әдебі, әдетте, ауызша сөйлеу тілі мәдениетімен тұтастықта танылатындықтан, адамның айналасындағылармен табыса білуінің құпиясы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық және іскерлік секілді түрлерімен сабақтастық сараланды. Осы қатынас түрлерінің мақсатына қарай тілдің қолданыс аясының өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылды. Ал, жазба тіл мәдениеті аясында, негізінен, іс-қағаздары стилі мен оқушылардың шығармашылық бағыттағы жазба жұмыстарының үлгілері топтастырылды. Осы тақырыптар бойынша берілетін білім мен іскерлік-дағдылардың шығармашылық бағытта кең өрістеуіне шешендікке баулу арқылы мүмкіндік туғызылады. Одан кейінгі кезекте жұрт алдында сөйлеуге машықтану жолдары, нақты сөзге дайындықтың сатылары, сөз құрылымы (сөздің кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы), тыңдарманмен байланыс жасаудың шарттары туралы мағлұмат беріліп, практикалық тапсырмалар мен тақырыптар көрсетіледі, пікірталасының түрлері, олардың әрқайсысының ерекшеліктері, пікірсайысындағы өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәдениеті туралы, оның талаптары мен шарттары ұлттық және мәдени дәстүрге негізделе отырып ұсынылады. Өз пікірін қорғаудың, қарсыласын мойындатудың түрлі тәсілдері оқушы ұғымына ыңғайластырылған. Сұрақ қою, сұраққа жауап берудің әдіс-амалдары нақтыланып беріледі. Айтысу шеберлігін жетілдірудің негізгі жолдары анықталып көрсетілген. Әдістемелік жағынан, осы тақырыптарға орай ұсынылатын жұмыстарда мазмұн бірлігін сақтай отырып, грамматикалық талдаулардың да жүйелі берілуіне баса назар аударылады. Практикалық жұмыстар оқушы өміріне, қазіргі заманға ыңғайландырылуы керек.
Халықтың ақыл-ой, дүниетанымы, өмір сүру тәсілі материалдық және рухани мәдениеті, тарихы, сол материалдық, рухани дүниелерінің қалыптасуы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары сияқты белгілер ұлт болмысын құраса, оны тіл арқылы танып білу бірінші кезектегі өзекті мәселе болып табылады. Ұлт болмысы - мазмұны кең, терең ұғым, сондықтан лингвистикалық зерттеулердің де шеңбері кеңейіп, этнос табиғатын танытатын ғылымдармен байланысы нығаюмен қатар, ұлт болмысын мәдени байлықтары тұрғысынан ашатын экспрессивтік стилистика тәрізді жаңа лингвостилистикалық саланың өмірге келуіне себеп болып, ұлттық дәстүрдің берілуі қазіргі қоғамда күн тәртібінен түспейтін мәселе.
Тіл - қарым-қатынас, ойды жеткізудің құралы, айтшуы мен тыңдаушының арасындағы көпір болуымен қатар, рухани құндылықтарды танып білудің, сол халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі. Ұлттық өзіндік сана басқалардан бөлектенетін, өз өмірі көріністерінің бейнеленуі; өзіндік сала этнонимі (өз атауы) діл, ұлттық мінез-құлық, дүниетанымдық т.б. рухани жүйелер тарихы, халықтың білім бастаулары т.б. тығыз байланысты болып келеді [8, 91 б.].
Әдетте ұлт-тіл-мәдениет ұғымдары ажырамас бірлікте қарастырылады. Себебі ұлтсыз тіл-тілсіз ұлт болмайды. Негізінен алғанда ұлт - ортақ төл мәдениетті қалыптастыратын әлеуметтік бірлестік деп анықталса, ұлтттық тіл - халықтың ауызекі және жазба түрде ұлттық қарым-қатынас құралы қызметін атқаратын әлеуметтік тарихи категория [9, 22]. Олай болса, тіліміздегі сөздер мен қолданыстағы ұғымдардың экспрессивтік-стилистикалық сипаты бүкіл ұлттық дүниетанымның ауқымды көрсеткіші бола алады. Себебі тіліміздегі көптеген сөздер белгілі бір стильдік қабатты құрайды. Бұл тұжырымды белгілі ғалым І.Кеңесбаевтың Стиль өлгенді тірілтіп, өшкенді жандыратын дүние десе де болады деген пікірі нақтылай түседі [10, 73 б.].
Ұлттық тілдің ғылыми тіл, ресми тіл болуымен қатар сөйлеу мәдениеті негізінде ұлттық мүддені көтеруді де бірінші ретте қолға алуымыз керек. Сондықтан қазақ ұлтының ұлттық мүдде талабының бірі - қазақ тілі мәдениетінің үлкен бір саласы сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Оның жоғары деңгейде көрсете білу, басты заңдылығы - дұрыс айту нормасын әлеуметтік көзқарасты алып келеді.
Д.Әлкебаева сөйлеу мәдениетінің тіл тұрғысынан, ұлттық мүдде тұрғысынан қандай негіздерге алып келетінін төмендегідей көрсетеді.
-тіл мәдениетінің бір саласы ретінде сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану;
- сөйлеу мәдениетінде әлеуметтік көзқарас қалыптасады;
- сөйлеу мәдениетін лингвистикалық категория ғана емес, әлеуметтік ғылымдардың ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау;
- сөйлеу тілін жанды тілді қоғамның барлық саласында қолданыс, қазақ тілі мәдениетінің талаптарына жеткізу керек. [4,62 б]
Сөз етіп отырған сөйлеу мәдениеті негізінде ұлттық мүддемізді, дәстүрімізді, санамызды байқатуға болады. Ең бірінші қарапайым мысал ретінде күнделікті амандасу, яғни сәлеметсіз бе? дегенде үлкенді-кішілі бейтаныс жанға қолдансақ, Ассалаумағалейкум! деген амандық ақсақалдарға деген ілтипатты білдіреді. Теледидардан жүргізушілердің армысыз ағайын! деп бастаған сәлемін жиі естиміз. Сәлемдесу, амандасудың өзі ұлттық дәстүріміздің бір нышаны болып келеді. Сондай-ақ, үлкен кісілерді сыйлаудың өзі, оларға сіз болмаса Мәке, Сәке, Бәке деп қаратудың өзі ұлттық санамыздың биіктігін білдіреді. Орыс халқында үлкенді-кішілі азаматтарға ты сөзін қолданатынын жақсы білеміз. Бұл біздің басқа халықтан ерекшелігімізді білдіреді.
Халық дәстүрінде қаншама жақсы ниет, тілек білдірушілік, тілеулестік, сыпайылық бар. Әскер қатарынан борышын өтеп келген азаматтың анасына я әкесіне Көзайым болдыңдар ма дегенді де жиі қолданыста байқаймыз. Я болмаса Тәңір жарылқасын! Алла тілеуіңді берсін! Еңбекте табысты, өмірде бақытты бол! және т.б. ұлттық санамызды байытатын сөздерді кездестіреміз.
Халық педагогикасы - әр халықтың ғасырларға ұласып, атадан-балаға мирас болып келе жатқан тәрбие үлігісі, бала тәрбиесіне қолданатын әдіс-тәсілі, үлгі-өнегесі. Адамды тәрбиелеу, я тәрбиелену - ұзақ та күрделі процесс. Қазақың көрнекті жазушысы С.Мұқанов қазақ халқының ауыз әдебиеті алтын қазына екендігін ескере отырып, сол мұраның асылдарын іріктеп, ұрпақтың керегіне, мәдени тұрғыдан білуіне қажеттілігін алға тартса, этнопедагогика мәселесімен айналысушы ғалым А.Измайлов: Халық педагогикасы - ұрпақтан-ұрпаққа, көбінесе, ауызша түрде жалғасып келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс-жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматтарының, дағдыларының жиынтығы. Халық педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салттары, дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады деп атап көрсетеді.
Халықтық педагогика, халықтық тәрбие - Этнопегогика.
Этнопедагогика мәні-үш қасиеттен: ұлттық сақталу педагогикасы, тәрбиенің даналығы және жалпыға бірдей сүйіспеншілік педагогикасынан тұрады.
Этнопедагогика мазмұны- халықтық тәрбие тәжірбиелерін, жалықтық педагогика дәстүрлерін, ұлттың, халықтың, рудың, отбасының тұрмыстық, тәрбие ықылымдарын, тәрбие әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Этнопедагогика- отбасы мен рудың, ұлт пен халықтың ғасырлар бойы жинақтаған этникалық және этикалық құндылықтарын эмприкалық тәжірбиелер арқылы ұлттық мінез-құлықты реттеуге пайдалана отырып, тәрбиелеу себептері мен дәлелдемелерін, этникалық баға беру өлшемдерін зерттейтін ғылым.
Этнопедагогика өз әдіс-тәсілдері арқылы халықтық педагогика дәстүрлерінің үлгілі және білім үрдістерін үлгісі және білім үрдістерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануды жүзеге асырады.
Этнопедагогика қозғалмалы әрекет етеді, оның атқарар қызметі мен міндеттері уақытпен санаса отырып, кезеңдерге сәйкес, әлеуметтік жағдайға және қоғамдық сананың өзгеруіне байланысты қалыптасып отырады.
Тәуелсіздік туымыздың желбірегеніне де жиырма екі жыл өтті және сол сәттен-ақ ұлттық қасиетімізді дамытуға, ұлттық мәдени-тарихи мұрамызды қайта жаңғыртуға бет алдық.
Әрбір мемлекеттің қуат-құдіреті, әлеуметтік, эканомикалық күші сол мемлекеттің ұлттық білім жүйесі негізінің беріктігінен, оның басымдылықпен дамуынан туындайды.
Қандай елдің болмасын ұлттық білім беру жүйесі, оның мөлдір бастауы, қайнар бұлағы - орта мектеп десек, ол сол елдің өзіне тән ерекшелігін, болмыс-бітімін, ұлттық сипатын қалыптастырып, дүние жүзіне танытуға қызмет етеді. Сол арқылы, яғни сөйлеу мәдениеті арқылы ұлттық дәстүріміз бен құндылықтарымызды таныта аламыз.

Сөйлеу мәдениеті арқылы қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін танытудың мәні мен маңызы зор. Таным теориясында оның негізгі құраушы элементі - танымдық факторды жан-жақты игерту мәселесі көзделген. Ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрінің әлемдік өркениеттер диалогында танылуы тілге тікелей қатысты. Қазақ халқының төл мәдениетінің қай түрін алсақ та, оның мазмұны тіл, сөз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тарап, жеткізіліп, экспрессивтілік қызметі айқындалады.
Ұлттық-мәдени ерекшеліктердің, дәстүрлердің тіл арқылы танылуы, қазақ тіл білімі ғылымында зерделеніп, жүйелену мәселелері өткен ғасырдын сексенінші жылдарынан нақты қолға алына бастады. Тіліміздегі тіл және мәдениет мәселелеріне байланысты сабақтастық жөніндегі ғылыми зерделенген тұжырымдар арқылы ғасырдың соңғы жиырма жылында зерттеу мәдени ұлттық тұрғыдан зерделеніп жүйелене бастады. Тілдің мәдени қырынан талдануы жөніндегі алғашқы тұжырымдар қазақ тіл білімінде академик Ә.Т.Қайдаров, Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев, М.Балақаев, М.Серғалиев, Ө.Айтбаев, Е.Жанпейісов, Ғ.Қалиев, Н.Уәлиев, Б.Шалабай, Ф.Оразбаева, С.Сатенова, Б.Момынова, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Г.Қосымова, Б.Қасым, М.Атабаева т.б. еңбектерінде ұсынылады.
Біздің қарастырып отырған мәселеміз де тіл, сөйлеу мәдениеті арқылы мәдени ұлттық-танымдық сипаттағы ерекшеліктерімізді, ұлттық мүддеміз бен салт-санамызды, дәстүрімізді таныту еді.
Салт-дәстүр -- әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.[11]
Мәдени-ұлттық таным рухани қасиеттерден құралып, тіл арқылы, сөйлеу мәдениеті арқылы жүзеге асырылып отырған. Мәселен, қазіргі зерттеу еңбектерде шаршы топ алдында тілдің экспрессивті қызметін таныту, тыңдата білу мәдениет түсінігімен үндеседі.
Тілдік экспрессия жасауда дін, менталитет ұғымы белгілі бір ұлттың бойында ғасырлар бойы қалыптасып, әлемді қабылдауын көрсететін ұлттық дүниетанымдылық құндылықтарының жүйесі.
Діл - мәдени бірегейленумен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Діл әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстардың біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленді [12, 321 б.]. Аталған құндылықтар қатарында әр ұлттың өзіне тән қастерлейтін ұғымдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары
Сөз мәдениеті Сөйлеу мәдениеті
Мәдениет тілі туралы
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілінен сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Сөздің психологиялық құрылымы
Тілдік норманың қалыптануы
Компьютерлік қысқарған әрі ұятсыздау естілетін сөздер
Қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырудың лингвомәдени негіздері
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Пәндер