Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ)



Жоспар:

1. Қазіргі заманғы деректер базасын талдау
2. Деректер моделі және түрлері
3. Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) ақпараттарды кестелік өңдеу
4. Таблица арасында байланыс орнату
5. Деректер базасын құру
6. Кестелерді құру
7. Индекстер құру
8. Берілгендердің бүтіндігі
9. Форма шебері
10. Форма конструкторы
11. Сұраныс құру
12. Есеп (Отчеты) құру
13. Қорытынды

Деректер қоры-ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.
Деректер қоры деп- компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттық жүйелердің мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автаматты түрде басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.
Пайдалану облысы бойынша келесі класстарды бөліп айтуға болады:
1)Ғылыми зерттеуге арналған;
2)Автоматталған жобаларға арналған;
3)Ұйымдастырушы басқарудағы ақпараттық жүйелер;
4)Техналогиялық процессорды баспаға арналған.
Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және програмалау құралдардың жиынтығын айтады.
Деректер қоры дегеніміз – мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді [1].
Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Мусина Т.В. «Visual FoxPro 8.0 Учебный курс» – К.: ВЕК+, СПб.: КОРОНА принт, К.: НТИ, 2004. – 464с.
2 С.А.Каратыгин, А.Ф. Тихонов, Л.Н. Тихонова «Visual FoxPro 7.0 Руководство пользователя с примерами», М: «БИНОМ», 2003.
3 Л. Омельченко «Visual FoxPro 8.0. Самоучитель», С-П:«БХВ-Петербург», 2003.
4 «Создание приложений для Visual FoxPro 8.0» М.:Издательство“ДЕСС”,- 672стр.
5 Атре Ш. Структурный подход к организации баз данных. – М.:Финансы и статистика,1983. – 320 с.
6 Бойко В.В., Савинков В.М.Проектирование баз данных информационных систем. – М.: Финансы и статистика,1989. – 351 с.
7 Мартин Дж. Планирование развития автоматизированных систем.– М.: Финансы и статистика,1984. – 196 с.
8 Мейер М. Теория реляционных баз данных. – М.: Мир, 1987. – 608 с.
9 Цикритизис Д., Лоховски Ф. Модели данных. – М.:Финансы и статистика, 1985. – 344
10 Хаббард Дж. Автоматизированное проектирование баз данных. – М.: Мир, 1984. – 294
11 Тиори Т., Фрай Дж. Проектирование структур баз данных. В 2 кн., – М.: Мир, 1985. Кн. 1. – 287 с.: Кн. 2. – 320 с.
12 Дейт К. Руководство по реляционной СУБД DB2. – М.: Финансы и статистика, 1988. – 320 с.
13 Джексон Г. Проектирование реляционных баз данных для использования с микроЭВМ. -М.: Мир, 1991. – 252 с.
14 Информатика. Базовый курс. Под ред. С.В.Симоновича. Санк-Петерберг.-2000г.
15 Могилев А.В., Н.И.Пак, Е.К.Хеннер. Информатика. М.2000.
16 Вейскас Д. Эффективная работа с Microsoft Access 2. Пер. с англ. Спб.: Питер Пресс, 1996.
17 Диго С. Проектирование баз данных. Учебник. М.: Финансы и статистика, 1998.
18 Бородаев В.А., Кустов В.Н. Банки и базы данных. Уч. пособие. Л.: ВИКИ, 1989.
19 Дейт К. Дж. Введение в системы баз данных.: Пер. с англ. 6-е изд. К.: Диалектика, 1998.
20 Кузнецов С. Д. Введение в СУБД: часть 4 // Системы Управления Базами Данных, № 4, 1995.-С. 114-122.
21 Основы современных компьютерных технологий: Учебное пособие / Под ред. Проф. Хомоненко А. Д. Авторы: Артамонов Б. Н., Брякалов Г. А., Гофман В. Э. И др. СПб.: КОРОНА принт, 1998.

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ)

Жоспар:

1. Қазіргі заманғы деректер базасын талдау
2. Деректер моделі және түрлері
3. Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) ақпараттарды кестелік өңдеу
4. Таблица арасында байланыс орнату
5. Деректер базасын құру
6. Кестелерді құру
7. Индекстер құру
8. Берілгендердің бүтіндігі
9. Форма шебері
10. Форма конструкторы
11. Сұраныс құру
12. Есеп (Отчеты) құру
13. Қорытынды

1.
1. Қазіргі заманғы деректер базасын талдау

Деректер қоры-ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.
Деректер қоры деп- компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттық жүйелердің мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автаматты түрде басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.
Пайдалану облысы бойынша келесі класстарды бөліп айтуға болады:
1)Ғылыми зерттеуге арналған;
2)Автоматталған жобаларға арналған;
3)Ұйымдастырушы басқарудағы ақпараттық жүйелер;
4)Техналогиялық процессорды баспаға арналған.
Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және програмалау құралдардың жиынтығын айтады.
Деректер қоры дегеніміз - мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді [1].
Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар.

2 Деректер моделі және түрлері

1. Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.
2. Желілік модель - мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.
3. Реляциялық модель - мәліметтердің реляциялық моделін JBM фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.
Қатынас деп - картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады, қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады.
4. Постреляциялық модель - мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.
5. Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.
Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Обьектіге бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық деректер қоры ұсынылады
6. Объектіге бағытталған модель - объектіге бағытталған модель тармақталған түрінде беріледі. Объектіге бағытталған деректер қорының логикалық құрылымы сырттай иерархиялы деректер қорына ұқсас.

3 Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) ақпараттарды кестелік өңдеу.

Деректер қоры (ДҚ) - aқпараттық жүйелердің өңделетін обьектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты обьектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны. Екі өлшемді кестелерден, яғни жолдар мен бағаналардан тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады.
Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚЖ)-көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.
Visual Foxpro - Windows ортасында жұмыс істейтін 32-разрядты, реляциялық МББЖ, мұнда бір мезетте бірнеше мәліметтер базасының кестелерімен қатар жұмыс істей беруге болады. Реляциялық мәліметтер құрылымын қарапайым етіп құрастырып, жұмыс істеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Visual Foxpro кестесін басқа компьютердегі немесе сервердегі мәліметермен байланыстыруға және де мұнда Paradox немесе Dbase МББЖ-лерінда жасалған мәліметтерді пайдалана беруге болады. Visual Foxpro мәліметтері Excel кестелермен де оңай мәлімет алмаса алады [5].
Visual Foxpro Windows-технологияның барлық мүмкіндіктерін сүйемелдейді және оның тұтынушысының жұмыс істеуіне қолайлы графикалық интерфейсі бар.
1) Кестелер - мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәліметтер.
Кесте(Tables) - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи)тұрады.
Жазба(Record) - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол СУБД мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір объект туралы толық мәлімет береді.
Өріс(Field) - кестедегі бағана немесе тік жол. Visual Foxpro - да өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі [6].
Санауыш - кестедегі жазбалардың реттік нөмерлері орналасатын өріс.
2) Сұраныс(Queries) - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Visual Foxpro -да сұраныстардың бірнеше түрі бар.
3) Форма(Forms) - мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметтерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер.
4) Есептер (Отчеты) - мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған тәтижелік құжаттар.
Конструктор - мәліметтер базасы обьектінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.
Шебер(Wizards-Мастер) - белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу (диалог) ісін атқара отырып, қойылған мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді.
5) Макростар(Modules) - Visual Basic for Application (VBA) тіліндегі программалар сақталады және олар қолданбалы программаларды құру кезінде стандартты емес процедураларды іске асыру үшін жасалады.
Visual Foxpro тұтынушыға өз есептерін ойдағыдай шағаруға мүмкіндік беретін әртүрлі диалогтық құралдар бар, оларға меню командалары, саймандар тақтасындағы батармалар, суырылып шығатын түсініктемелік сөздер, Конструктор (Design), Шебер(Wizards) программалары жатады.
Visual Foxpro деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу тәсілдері Windows ортасындағы графикалық объектілермен (терезе, тізім, ауыстырып қосқыш, жалауыша, батырма, тағы сол сияқты), жұмыс істеу тәрізді орындалады .
Тапсырыстар кестесіндегі кілт өрісі - тапсырыстар коды болады. Онда кім, қашан, қандай бағаға нені тапсырғаны туралы айтылады. Бұнда тағы да қай жұмысшы тапсырманы іске асырғаны туралы білуге болады. Бір жұмысшы көп тапсырманы қабылдай алмағандықтан тапсырыстар кестесінде қызметкер коды өрісі не бірегей, не кілт өрісі бола алмайды, бірақ та қызметкер кестесінде бұл өріс бірегей болады. Мұндай кестелерді реляциялық қатынасты байланысқан кестелер деп аталады. Сәйкесінше, байланысқан кестелермен жұмыс жасай алатын басқару жүйелерін реляциондық ДҚБЖ деп атайды, ал деректер схемасын техникалық әдебиеттерде реляциондық қатынасты схема деп атайды .
Деректер схемасын жасап болғаннан кейін, техникалық тапсырманың қағаздық кезеңі бітеді. Бұл схеманы жұмыстың тапсырушысымен ақылдасып келістіру керек, содан кейін барып деректер қорын құруға кірісуге болады. Бірақ мынаны ұмытпау керек, жобаны жасау барысында жұмысты тапсырушының басына жаңа идеялар келіп отырады. Жобалаудың барлық кезеңінде ел бір жүйеге мекеменің барлық жаңа бөлімдері мен қызмет ету орындарын кіргізуге тырысады. Тапсырушының барлық тілектерін орындау мүмкіндігі көбінде деректер қорын жасаушының мамандық дәрежесімен анықталады. Егер деректер схемасы дұрыс болса, қорға жаңа кестелерді қосу қиын емес. Ал егер қордың құрылымы тиімсіз болса, жобалаушы қиын сынақтан өтіп, тапсырушымен қайшылыққа ұшырайды. Орындаушы мен тапсырушының арасындағы қайшылық әрқашан орындаушының мамандық дәрежесінің төмендігін көрсетеді. Сондықтан деректер қорын алдын ала жобалау кезеңін негізгі кезең деп санау керек. Оның табысты болуынан, деректер қорының қаншалықты ыңғайлы болатыны және қолданушылар онымен жұмыс істеуі тәуелді болады. Егер қолданушылардың оған сұранысы болмаса, бұл олардың төмен дәрежелі қолданушылар болғаны емес, қорды жобалаушының мамандық дәрежесінің төмен болуының айғағы .
Кестелер арасындағы байланыс келесі мүмкіндіктерді береді:
Кілт өрісіндегі мәліметтердің өшірілу немесе өзгеру мүмкіндігін болдырмау, егер онымен басқа кестелердің кез келген өрістері байланысты болса;
Негізгі кестенің кілт өрісіндегі мәліметтерді өшіргенде немесе өзгерткенде онымен байланысқан кестелердің өрістерінде сәйкес мәліметтердің өшірілуі немесе өзгеруі автоматты түрде болады;
Байланыс қасиеттерін орнату үшін деректердің схемасы терезесінде екі кестенің өрістерін қосатын сызықты ерекшелеп алу керек, оның үстінде оң батырмамен басып ашылған контекстік менюде байланыстардың өзгеру терезесі ашылады. Онда байланысқан кестелердің аттары және байланысқа қатысатын өрістердің аттары, сонымен қоса мәліметтердің тұтас болу шартын қамтамасыз ететін басқару элементтері көрсетілген;
Егер мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз етуде ғана жалауша қойылса, онда негізгі кестенің кілт өрісінде мәліметтерді өшіруге болмайды;
Егер онымен қоса байланысқан өрістерді каскадты жаңарту және байланысқан жазбаларды каскадты өшіруде жалаушалар қойылса, онда сәйкесінше негізгі кестенің кілт өрісінде өшіру және өзгерту операцияларына рұқсат етіледі, бірақ ол автоматты түрде байланысқан кестеде өтеді. Осылайша, кестелер арасындағы реляциондық байланысты құру бір жағынан мәліметтерді қорғауын, ал екінші бір кестеге өзгерту енгізгенде, бірнеше кестелердің автоматты өзгеруін береді
Деректер қорын алдын ала жобалау осы кезеңде аяқталады және келесі кезеңде оны тікелей компьютерде іске асыру басталады. Осы кезден ДҚБЖ - мен жұмыс жасау басталады. Біздің мысалымызда біз Visual Foxpro ДҚБЖ - н қарастырамыз.

4 Таблица арасында байланыс орнату

Барлық таблицалармен жұмыс істеу үшін оларды бір-бірімен байланыстыру керек, яғни таблицалар арасында байланыс құруымыз керек. Таблицалар арасындағы байланыс 4 түрге бөлінеді: біреу-біреуге, біреу-көпке, көп-біреуге және көп-көпке. Visual FoxPro осы байланыстардың барлығын орындай алады.
Біреу-біреуге байланысы. Аты айтып тұрғандай таблицадағы кез келген өрістің басқа таблицадағы тек бір ғана өріспен байланысуы. Оған мысал ретінде өндірістегі жұмысшылардың тізімі мен олардың әрқайсысының характеристикасының арасындағы байланыс.
Біреу-көпке байланысы. Таблицадағы кез келген өрістің басқа таблицадағы тек көптеген өріспен байланысуы. Оған мысал ретінде өндіріс пен жұмысшылардың арасындағы байланысты қарастыруға болады.
Көп-біреуге байланысы. Біреуге-көпке байланысына қарама-қарсы деп қарастыруға болады. Мысалы жұмысшылар мен өндіріс орнының арасындағы байланыс.
Көп-көпке байланысы. Бұл байланысқа мысал көтерме саудамен айналысатын магазиндерді қарастыруға болады. Яғни түрлі тауарды көптеген сұранысшыларға тарату.
Таблица арасындағы байланысқа мысал төмендегі суретте келтірілген:

5 Деректер базасын құру

Деректер базасын құру үшін келесі операцияларды орындаймыз:
1) Құрылған proj1 проектін ашамыз.
2) Конструктордың жоғарғы бөлігінен Data бетіне өтеміз.
3) New Database пунктін таңдап, ашылған Create (Создать ) терезесіндегі DatabaseDesingner өрісіне жобаның атауын өзіміз қалағанша тағайындаймыз.Сонан соң ашылған тізімнен буманың атын тандап Сохранить түймесін шертеміз.

4 Кестелерді құру

Кестелерді конструктор көмегімен құрамыз себебі ол кесте құруда кең мүмкіндікті болып табылады.
1 әдіс -Ашылған тереземіздің ішкі жағынан тышқанның сол жағымен кез-келген жеріне шертсек немесе басқада жолдары бар New table пунктін таңдап кесте құрумызға болады.Немесе оны ашудың басқа да жолдары бар.
Келесі 2 әдіс- Құрал-саймандар панелінде алғашқы суретті(икона) шерткенде пйда болады. Келесі 3 әдіс- Visual foxpro бас мәзірінде Data base пунктіндегі мәзірдін астындағы мәзірден New table - ді таңдасақ та болады
Үш жағдайда да -Table Designer (Кесте конструкторы) кесте конструкторы терезесінде үш түрлі вкладка бар, олар келесі параметрлерді анықтау үшін қолданылады:
Fields (Өріс) -- кестенің өрістері;
Indexes (Индекстер) -- индекстері;
Table (Кесте) -- анық шарттарының енгізілетін мәліметтері, және де триггерлерді қосу, өшіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қорының түрлері
Ломбард деректер базасы
Құрылыс заттар сататын дүкеннің деректер қорын құру
Деректер базасының концептуалдық моделі
Қорды басқарудың танымал жүйелері
Экономикалық ақпараттық жүйе түсінігі
ТІЛДЕР КУРСЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖАСАУ
Ақпараттық жүйені және деректер қорын жобалау
Деректер қоры кестелері
Деректер қорын басқару жүйесі жайында
Пәндер