Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері, ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ . ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАСЫ 5
1.1 Конституциялық құқық . құқық саласы ретінде 5
1.2 Конституциялық құқық түсінігі мен жүйесі 14
2 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР: ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ, ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 20
2.1 Конституциялық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері 20
2.2 Конституциялық құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздері 24
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
КІРІСПЕ


Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қоғамдық қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені және тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші кезекке қояды. Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да сауатты рухани-психологиялық мәдениеттің қалыптасуымен жетілуіне жол ашу- қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың ондағы формалық мазмұнның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.
Елбасы Н.Назарбаев мынадай жауапкершілікті алға тартады: «Перспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтармен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамыздың барша азаматтардың осынау ортақ міндентті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі...Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз» [27]. Қорлардың заңмен және құрылтай құжаттары бойынша белгіленген арнайы құқық қабілеттігі бұл ұйымдардың көздейтін мақсаттарының сипатына байланысты деп айтуға болады. Бұл ұйымдар көздейтін жалпыға бірдей пайдалы мақсаттар, кейбір жағдайларда мемлекет пен мемлекеттік мекемелер көздейтін мақсаттармен тұспа-тұс келіп жатады, осы мәселе тұрғысында кезінде орыс цивилистикасында «жалпыға пайдалы» қоғамдар деп аталып келген қорлардың құқықтық табиғатының жария- құқықтық сипатта болатындығы жайлы айтарлықтай үлкен дискуссия туындаған да болатын. Әдетте қорлар көздейтін мақсаттардың әлеуметтік маңызын ескере отырып мұндай ұйымдардың құрылуы мен қызметін мемлекет әр кез өзінің бақылауында ұстап отырады.
Осы орайда, курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігін, түрлерін, пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бүгінгі таңдағы еліміздегі Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігін, оның түрлерін айқындап, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Конституциялық құқықты - құқық саласы ретінде қарастыру;
- конституциялық құқық түсінігі мен жүйесін талдау;
- конституциялық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктерін айқындау;
- конституциялық құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздерін жүйелеу.
Зерттеу нысаны конституциялық құқықтық қатынастар болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілері қолданылды.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық және заң ғылымының саласы туралы мәліметтер келтірілген.
Екінші бөлімінде конституциялық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері, конституциялық құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздері қарастырылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Сапарғалиев F.Қазақстан Республикасынын Конституциялық құқығы: Академиялық курс. Өңд., толықт., 3-бас, - Алматы: Жеті жарғы, 2008. - 536 бет.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
3. Сакиева Р. С. Основы государства и права Республики Казахстан: учеб. пособие. – Алматы: Жетi жарғы, 1999.-320 с.
4. Сулейменов М.К, Басин Ю.Г. Гражданское право РК. А., учеб. пособие. – Алматы: Жетi жарғы, 2004.-350 с
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы ҚР заңы. 2007ж.
6. Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы 1992 ж. 15 қаңтардағы № 1128-XII Қазақстан Республикасының Заңы (2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
7. ҚР-сы Президентiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» Конституциялық заң күшi бар Жарлығы.
8. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. – Астана - 2007ж., 256 б.
9. Сапарғалиев Ғ. Қ Р-ның Конституциялық құқығы. Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2008 ж. 440 б.
10. Әбдiлдин С. Қазақстан Парламентi; одақтан мемлекетiкке. – Алматы, 2004 ж., 150 б.
11. ҚР-сы Президентiнiң 1995 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес туралы» Конституциялық заң күшi бар Жарлығы.
12. ҚР-ның 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасынынң сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы» Конституциялық заңы.
13. Зиманов С.З. Конституция и парламент РК – Астана: Акмолинская полиграфия, 2006 г.– С.269
14. Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. (вопросы конституционного права) Алматы: 1996 г., 235 с.
15. Конституция Республики Казахстан. Альбом схема, (Составители Мамонов В.В., Табаков С.К.,) Алматы 2006 г.– С. 179.
16. Кубеев Е.К. Конституционный строй РК: (духовное и социальные основы) Караганда 1999. – С. 151.
17. Максименко Н.В. Методические рекомендации к изучению Конституции РК: учебное методическое пособие Алматы 2005 г. – С. 215.
18. Марача В.Г., Матюхин А.А., Гражданское общество и государство в Казахстане: Основные понятия и особенности становления. Алматы 2004г.– С. 196.
19. Малиновский А. Глава государства Республики Казахстан. Алматы 2000 г.– С. 263.
20. «Парламент законодательная власть Казахстана» (отв. Ред. А.А.Таранов) Алматы – 2006 г. – С. 333.
21. «Права человека» Учебное пособие. – Алматы: Данекер, 2005 г.– С. 236.
22. Сагиндикова А.Н. «Конституционное право РК» Алматы: Білім, 2006 г. – С. 332.
23. Сапаргалиев Г. «Становление конституционного строя РК» Алматы, 2008 г. – С. 123.
24. Турлаев А.В. «Гарантии прав личности в РК.» / «Теория и практика формирования правового государства в РК». Сборник научных трудов–Караганда: изд-во КарГУ, 2006 г. – С. 156.
25. Турлаев А.В. «Понятие и генезис прав личности: понятие, структура» // Вестник.Карагандинского университета. 2006 г №2.
26. Черняков А.А. «Конституционное право РК: проблемы теории и практики» Алматы: Әділет- Экспресс. 2003 г
27. Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан- 2030”: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы, 1997,- 8-9б

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 27 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері, ерекшеліктері

Орындаған: ________ топ студенті

Ғылыми жетекші:
____________________________

Астана 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ - ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАСЫ 5
1.1 Конституциялық құқық - құқық саласы ретінде 5
1.2 Конституциялық құқық түсінігі мен жүйесі 14
2 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР: ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ, ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 20
2.1 Конституциялық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері 20
2.2 Конституциялық құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздері 24
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ

Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қоғамдық қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз - мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені және тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші кезекке қояды. Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да сауатты рухани-психологиялық мәдениеттің қалыптасуымен жетілуіне жол ашу- қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың ондағы формалық мазмұнның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.
Елбасы Н.Назарбаев мынадай жауапкершілікті алға тартады: Перспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтармен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамыздың барша азаматтардың осынау ортақ міндентті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі...Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз [27]. Қорлардың заңмен және құрылтай құжаттары бойынша белгіленген арнайы құқық қабілеттігі бұл ұйымдардың көздейтін мақсаттарының сипатына байланысты деп айтуға болады. Бұл ұйымдар көздейтін жалпыға бірдей пайдалы мақсаттар, кейбір жағдайларда мемлекет пен мемлекеттік мекемелер көздейтін мақсаттармен тұспа-тұс келіп жатады, осы мәселе тұрғысында кезінде орыс цивилистикасында жалпыға пайдалы қоғамдар деп аталып келген қорлардың құқықтық табиғатының жария- құқықтық сипатта болатындығы жайлы айтарлықтай үлкен дискуссия туындаған да болатын. Әдетте қорлар көздейтін мақсаттардың әлеуметтік маңызын ескере отырып мұндай ұйымдардың құрылуы мен қызметін мемлекет әр кез өзінің бақылауында ұстап отырады.
Осы орайда, курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігін, түрлерін, пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бүгінгі таңдағы еліміздегі Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігін, оның түрлерін айқындап, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Конституциялық құқықты - құқық саласы ретінде қарастыру;
- конституциялық құқық түсінігі мен жүйесін талдау;
- конституциялық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктерін айқындау;
- конституциялық құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздерін жүйелеу.
Зерттеу нысаны конституциялық құқықтық қатынастар болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілері қолданылды.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық және заң ғылымының саласы туралы мәліметтер келтірілген.
Екінші бөлімінде конституциялық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері, конституциялық құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздері қарастырылады.
.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ - ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАСЫ

1.1 Конституциялық құқық - құқық саласы ретінде

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру - қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында, ең алдымен, Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту - меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат - жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт - қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады [1, б. 56].
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты - бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады.
Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті. Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпы ұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.
Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы - Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. Демократия деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық нақты жазылған [2, б. 156].
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа - заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бipi. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттің биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі [3, б. 253].
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастардың тар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді.
Ол аталған салаларда тек ең негізгі базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.'
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың peттeу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей әдістер қолданылады: 1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3) рұқсат ету әдісі 4) тану әдісі [4, б. 153].
Міндеттеу әдici мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында: Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті деп жазылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс Аталған қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншіке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.
Конституциялық құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағында былай делінген: Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді [5]. Конституция заңда қаралмаған әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рұқсат ету әдісін де кең қолданады.
Мұндай әдіс көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысал ретінде әркімнің, заңмен белгіленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және тұратын орнын еркін таңдауын айтуға болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір ауқым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіншілігін бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттілігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 3) тармақшасына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санынын үштен eкi даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы [5].
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, меніңше, құқықтық реттеудің тағы бір әдісін - тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан - адамдардыц табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рұқсат ететін емес, дәлірек айтқанда, таниды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады [5]. Құқықтық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.
Мемлекеттік органдардың құқық қорғаушылық қызметінің де қоғамдық келісімдерді нығайтуға қосар үлесі зор. Мемлекет қоғамдық-саяси бірлестіктерден қоғамдық келісімдерді бұзуға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді талап етеді. Қоғамдық-саяси бірлестіктердің жарғылары, ережелері тек өз жақтастарының идеяларын, көзқарастарын насихаттайтындай, бір топтың азаматтарын екінші топтың азаматтарына қарсы қоятындай мазмұнда болмауы тиіс. Жарғыларына мұндай ережелер енгізілген қоғамдық-саяси бірлестіктер тіркелмейді. Егер қоғамдық-саяси бірлестіктер өзінің қызмет барысында қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған акциялар өткізсе, онда тиісті құқық қорғау органдары арқылы мұндай әрекетердің жолы кесілуі тиіс. Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңында діни біргестіктер заң талаптарын және құқық тәртібін сақтауға міндетті [6].
Қоғамдық келісімді қолдау - мемлекеттің ,оның органдары ғана емес, сондай-ақ қоғамдық саяси институттардың, тұтастай қоғамның да міндеті. Бұл opaйда Қазақстан Республикасында қасында жағдай қанағатанарлықтай. Азаматтардың, олардың бipлестіктері мен ұйымдарын сан мыңдаған ұсыныс-тілектерін ескере отырып, жалпыұлттық келісім, коғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жылды жалпы ұлтық келісім және саяси қуғын-сүргін кұрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы Жарлық шығарды. [7] Жалпыұлттық келісім жылын өткізуде саяси партиялар, ұлттық мәдени орталықтар, қоғамдық және діни бірлестіктер белсенді рөл атқарды. Олар қоғамдық келісімді, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту бағытында бірлескен акциялар өткізуді көздейтін өзара келісімдерге қол қояды.
Республика қызметіне негіз болатын маңызды принциптердің бірі - елде саяси тұрақтылықты орнату. Қоғамдық келісім сияқты,саяси тұрақтылық та мемлекеттің,қоғамның олардың институттарының үздіксіз, ойластырып жүргізген жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады. Саяси тұрақтылық қоғамда саяси, құқықтық мұраттар және әлеуметтік - саяси құндылықтар бірлігі нәтижесінде белгіленеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның барлық мүшелерін біріктіре алатын және саяси тұрақтылық үшін берік негіз қалайтын саяси-құқықтық мұраттарды, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастырады. Алайда, мұндай факторлар саяси тұрақтылықты жеке өздері қамтамасыз ете алмайды. Саяси даму-идеялық емес, стихиялық процес.Саяси жанжалды тудыратын себептер аз емес.
Саяси жанжалда әлеуметтік факторлар жетекші орын алады. Ол-топтардың, әлеуметтік қабаттардың арасындағы экономикалық мәртебенің алшақтығы. Мұндай текетірестік қалып бастауларын жанжалдасушы тараптардың қажеттігін, мүддесін қанағаттандыра алатындай экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру жолымен жоюға болады.
Адамдардың әр түрлі әлеуметтік топтарының саяси мұраттарындағы алшақтық-саяси жанжалдың тағы бір бастауларының бірі. Мұндай жанжалдар мемлекеттілікті реформалау, мемлекеттік құрылым жолдары туралы әр түрлі пікірлердің қақтығысуы нәтижесінде туады. Қазақстан Республикасының 1993 жылы Конституциясы назарды мемлекеттіліктің ұлттық сипатына көбірек аударып, саяси жанжалдың тууына жол ашты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік құрылым саласында және мемлекттілік сипатында мұраттар бірлігін қалыптастыруға қолайлы жағыдай жасады. Сондықтан Конституция осы процесте саяси жанжалдың тууына тосқауыл қойды. Саяси жанжалды тудыратын себептердің енді бірі - түпкі рухани құндылықтардағы, мәдени дамудың тарихи және көкейкесті мәселелерін бағалаудағы алшақтықтар. Мұның айқын көрінісінің бірі - Республикада тіл мәртебесі мәселесі бойынша ұзаққа созылған айтыс және текетірес. Конституция және тіл туралы жаңа заң саяси жанжалды тудырған себептерді жойды. Алайда, оны тек тиісті мемлекеттік органдардың білікті ұйымдастырушылық және құқық қолданушылық қызыметі ғана толық жоя алады. Қазақстанда құрылған және тұрақты жұмыс істейтін ұлттық мәдени орталықтар бұл іске игі ықпалын тигізуде [10, б. 142].
Қазақстан Республикасының қызметі экономикалық дамуға бағытталуы тиіс. Экономикалық қоғамның гүлденуіндегі шешуші мәніне орай бұл негізгі принцип болып табылады.
Патриотизм Қазақстан азаматтарының өз отанына деген сүйіспеншілігі мен берілгендігін білдіретін, оның өмірдің барлық салаларында -саяси, экономикалық, мәдени салаларда табысқа жетуіне, оның қуатының,қорғаныс қабілетінің артуына, халықаралық аренада беделінің нығайуына ықпал ететін идеясы, сезімі мен әрекеті. Қазақстандық патриотизм - ол Қазақстанда сандаған жылдардан бері тұратын әр ұлттың адамдарданының мүдде бірлігін сезіну, бұл елдің тарихи өткеніне құрметпен қарау, жаңа мемлекет құрып, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы белсенді қызмет. Қазақстандық патриотизм ұлттық тарихқа, ұлттық әдет, дәстүрлерге селқос қарайтын ұлттық тоғышарлықпен келіспейді.
Билік бөлу принциптерінің маңызды болатын ceбeбi, ол мемлекеттік ұйымдастырылуың, оның тетіктерін белгілейді. Конституцияда бұл принципті тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибесін ескеруді, құқықтық мемлекет құруға бағыт ұстауды білдіреді [8, б. 23].
Қазақстан Республикасының Конституциясы бөлу принципін билік тармақтары арасында ic жүргізуді шектеу принципімен ұштастыруды көздейді. Қазақстан Республикасы Конституцисына тән сипат, онда ic жүргізудің түпкі билігі Парламенке бекітілген. Басқаша айтқанда, Парламент, оның Палаталары Сенат жене Межіліс -- өз қызметін тек Конституцияда көрсетілген шеңберінде ғана жүргізеді. Ал үкіметің өкілеттілігіне келсек, Конституция бойынша оған олардың кейбіреуі ғана берілген. Оның Президентінің заңдары мен актілері арқылы жүктелген басқа да қызметтерді атқаратындығы көрсетілген. Парламент өкілеттігінің жабық тізімінің конституцялық тұрғыда бекітілуін мен түсіндіруге болады? Біріншіден, ол жоғары өкілетті органның кеңестік конституциялармен және белгілі бір денгейде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясымен бекітілген бүкіл билікті илену құқынан бас тартуды білдіреді. Екіншіден, тәуелсіз, егемен Қазақстанның ерекшеліктерін ескере отытып,биліктің бөліну принципін барынша нығайту қажеттігінен туып отыр. Үшіншіден, Парламент әр түрлі саяси күштер, әлеуметтік топтар ықпал ететін жоғарғы өкілетті орган болып табылады. Ал бұл парламент қызметінің қарама-қарсылық тудыруға мүмкіндік жасауға мүмкін. Қазақстан Республикасы Парламенттінің аз жылғы тәжірибесі, оның палаталарының таза заң шығару қызметтерімен айналысқандығын көрсетеді [9, б. 123].
Конституция нормаларын талдау онда көрсетілген, бірақ принцип ретінде бейнеленбеген құқықтық идеялардың ерекше тобын даралауға негіз жасайды. Сөз жоқ, олардың да маңызы зор. Тікелей атап көрсетілмегендіктен оларды екінші кезекте қоюдың жөні бола қояр ма екен. Конституцияның талдау негізінде қалыптасқан осы принциптердін өзі осыған куә емес пе.
Конституцияның тікелей колданылуы онын жоғары заңдық күші маңызды болып болып табылады. Конституцияның тікелей колданылуы оның: 1) құқық шығармашылығына; 2) институттық қайта құрылуға; 3) азаматтардың, олардың құқықтары мен бостандықтарын желей жүзеге асыруына; 4) адамдардың моральдық-құқықтық өмір салтына ыкпал етуді білдіреді.
Конституцияның тікелей қолданылуы оның жоғарғы зандық күші принципінің манызды бөлігі болып табылады. Конституцияның тікелей қолданылуы оның:
1)құқық шығармашылығына;
2)институттық қайта құрылуға;
3)азаматтардың, олардың бірлестіктерінің өз құқықтары мен бостандықтарын тікелей жүзеге асыруына;
4)адамдардың моральдық - құқықтық өмір салтына ықпал етуін білдіреді.
Конституциялық іс жүзінде құқық ұғымын береді. Ол қандай заңдардың қабылдануы мүмкін екендігін көрсетеді. Ол бірқатар жоғары мемлекеттік органдардың нысандары көрсетілген норма шығармашылық өкілеттігін белгілейді. Мемлекеттік органдардың құрылу тәсілдерін бекіте отырып, Конституция тұрақты институттық жаңарудың негізін жасайды. Азаматтар Конституцияға сүйеніп, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғай алады. Азаматтардын Конституциялық нормалары әр түрлі қабылдалынып, әр түрлі жүзеге асырылуы мүмкін. Бірінші шарт - ол Конституцияны білу. Бұл орайда жобасы әлі басталған жоқ деуге болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы cәуірдегі Конституцияның кең таныстыру туралы. тұрғындардың құқықтық білімін көтеруге жасалған алғашқы қадам. Конституцияда тура айтылмағанмен, конституциялық заңдылық принципі оның алтын арқылы іспеттес. Конституциялық заңдылық іліміне айтарлықтай мән беріліп жүрген жоқ. Конституциялық заңдылық -- ол барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың және олардың бірлестіктерінің Қазақстан аумағында конституииялық нормалар мен қағидаларды мүлтіксіз сақтап, біркелкі қолдану. Конституциялық заңдылық идеясы Конституцияның барлық тарауларының арқауы деуге болады, ал мемлекетттік органдардың ұйымдастыру тәсілдері, өкілеттіліктері, қоғамдық бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру туралы, азаматтардың құқықтақтары мен бостандықтары туралы айтылатын жерлерде ол мейлінше айқын көрінеді [11, б. 56].
Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Атанған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттің қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрылысты нығайту мақсатында белгіленеді.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрылысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның Конституциясы мен заңдарына болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру - заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық сот Конституциялық кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды [12, б. 67].
ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді:
1. Бұл құқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы-бірыңғай ерекше заңдық қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің субъектілерін, оны жүзеге асыру механизмі анықтайды, мемлекет қорғайтын адам мен азамат құқығын бекітеді.
2. Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы конституциялық құрылысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы.
Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатысты жоғарғы заңдық күшке ие. Сондықтан заңдар және басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек. Бұл оны қорғаудың ерекше құралымен кепілделінетіндігінен байқалады. Конституцияға қайшы келетін актілер өзгертіледі немесе онымен сәйкестендіріледі.
3. Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық процессін анықтайды - әр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын, олардың атауын, заңдық күшін, заңдардың қабылдану тәртібі мен процедурасын бекітеді.
4. Қабылдау және өзгертудің ерекше тәртібі. ҚР Конституциясына өзгерістер енгізумен қайта қарау үшін ерекше, күрделі тәртіп бекітілген. ҚР Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды және қатаң конституциялардың қатарына жатады.
Конституциялық құрылыс - бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.
Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады [13, б. 56].
Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының концепциясының негізіне Конституцияның 2 бөлімінің 1 бабында бекітілген негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.
ҚР Конституциялық құрылысына қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында Қазақстан Республикасының бүкіл құқық саласы мен заңдары қатысады.
ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.
1. Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі демократия аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идеологиялық және саяси алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау [5].
Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді, яғни қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.
Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум және сайлаумен қатар, мемлекеттік билік органдарына делегат жіберу арқылы жүзеге асырады.
2. Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.
Құқықтық мемлекеттің мәні - оның жүйелі демократизмі, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі. Құқықтық мемлекеттің басты идеясы құқықтық мемлекетпен байланысты болуы, оның әрекеті болжау және сенімділік кепілдеуі, азаматтарды мемлекет пен оның органдары тарапынан болуы мүмкін зорлық-зомбылықтан қорғау.
3. Әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - бұл әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін дамуына, аяқталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.
Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет араласады.
Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету.
4. Зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігін, олардың қызмет шеңберін шектелгендігін (сонымен қатар мектеб те шіркеуден бөлінген, бұл мемлекеттік құрылымның зайырлылық сипатымен қамтамасыз етіледі), сондай-ақ қандай да бір діннің мемлекеттік немесе міндетті болып бекітілуіне тиім салынудан көрінеді [14, б. 89].
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді.

Сонымен, конституциялық құқық дегеніміз - Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бipi. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемелекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттің биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастардың тар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды.

1.2 Конституциялық құқық түсінігі мен жүйесі

Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Атанған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттң қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады [15, б. 127].
Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның Конституциясы мен заңдарына болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру-заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық сот Конституциялық кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.
ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді:
1) Бұл құқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы-бірыңғай ерекше заңдық қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің субъектілерін, оны жузеге асыру механизмі анықтайды, мемлекет қорғайтын адам мен азамат құқығын бекітеді;
2) Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы консти- туциялық құрлысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы.
Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатысты жоғарғы заңдық күшке ие. Сондықтан заңдар және басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек. Бұл оны қорғаудың ерекше құралымен кепілделінетіндігінен байқалады. Конституцияға қайшы келетін актілер өзгертіледі немесе онымен сәйкестендіріледі;
3) Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық процессін анықтайды-әр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын, олардың атауын, заңдық күшін, заңдардың қабылдану тәртібі мен процедурасын бекітеді;
4) Қабылдау және өзгертудің ерекше тәртібі. ҚР Конституциясына өзгерістер енгізумен қайта қарау үшін ерекше, күрделі тәртіп бекітілген. ҚР Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды және қатаң конституциялардың қатарына жатады [16, б. 89].
Конституциялық құрлыс - бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.
Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.
Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының концепциясының негізіне Конституцияның 2 бөлімінің 1 бабаында бекітілген негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.
Көрсетілген конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің нысандарының бәрі бірдей оның көздері болып табылмайды. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі, тұтас алғанда Конституция болып табылады. Мұндай жайтты бөліп айтуымның себебі, ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде тек Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ оның басқа да элементтері: принциптері, жалаң қағидалары, міндеттері мен мақсаттары да қызмет етеді. Тарихи фактіні бұлайша сипаттаудың мемлекеттің тек көп ұлттық қана емес халықтық сипатын ұғынуда айрықша мәні бар. Ал бұл идея мемлекеттің барлық көп көп ұлтты мемлекеттің атынан қызмет етуді, ұлттық белгілері бойынша кемсітілуге және басқаларына жол бермеуді көздейді. Әрине, бұл идеялардың бәрі тиісті заңдардың ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың пайда болу түсінігі
Құқықтың пайда болу негіздері
Меншік құқығының пайда болу негіздері
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
Қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрылымы және түрлері жайлы
Азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздері
Қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрылымы және түрлері
Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы
Монополиялар: түрлері, түсінігі, ерекшеліктері
Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь