Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Психология пәні және нысаны, психология міндеттері . . .
2. Психология әдістері, Психологиялық зерттеулер кезеңдері . . .
3. Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен арнайы ғылым - психология ( грек. -psiche, logos-ғылым) айналысады.
Психологияның негізгі даму кезеңдеріне сәйкес оған берілген анықтамаларды қарастырайық.
1-кезең - психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан.
II-кезең - психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жаратылыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған. Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспекция), одан алған деректерін баяндау болған.
III-кезең - психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX ғасырда пайда болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап, тікелей нақты көруге мүмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет деп білмеді.
IV-кезең - психология шынайы заңдылықтарды, психика көріністері мен тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.
Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
1. Психология пәні және нысаны
Психология міндеттері
Психология пәні 1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам , 2) өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы ; 5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы.
Психология нысаны : психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы - адам санасы ; сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік- тарихи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік іс-әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерекшеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.
Психологияның негізгі міндеттері:
- психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;
- психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;
- психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;
- психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруге жәрдем ету.
Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды.
Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері : 1) заттасқан болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойындау; 2) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісінде зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажыралмас бірлікте болатынын қолдау; 4) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару.
XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде өзекті пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тіршілік әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде қолданылуда. Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы бұл күнде адам жөніндегі ғылымдар жүйесінің бірінші қатарларынан орын иелеуде.
Қазіргі заманда психолгияның келесідей қолданбалы салалары: экономикалық, педагогикалық, құқықтық, әскери, ғарыштық, спорттық, өнер, басқару, менеджмент, т. б. - жедел де өнімді қарқынмен дамуда.
2. Психология әдістері
Психологиялық зерттеулер кезеңдері
«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын білдіреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері - бақылау және эксперимент.
Бақылау - зерттеудің ғылыми әдісі - деректі суреттеп баяндаудан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі - психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы.
Араласа бақылау - зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы.
Сырттай бақылау - әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп, мәліметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау (интроспекция) - адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы.
Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең бастысы - эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс-әрекетіне белсенді араласуы.
Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті - жан дүниелік іштей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу.
Зертханалық эксперимент - арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.
Табиғи эксперимент - еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді.
Тестілеу әдісі - адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау.
Психологиялық тест - сыналушының жеке басының кейбір ерекшеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі - адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық талдауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-талдау атауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі - осы күнгі психологиялық зерттеулерде кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні - психикалық құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.
Сауалнама әдісі - әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең қолданылатын әдіс. Оның мәні - объектив не субъектив деректер жөнінде сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
Өмірнамалық әдіс - кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде көп қолданылатын әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар, оның өмір жолы, дамуындағы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер анықталады. Адам өміріндегі күнделікті оқиғалар талданып, болашақта кезігер жағдайлар болжастырылады, өмірлік кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.
Каузометрия (лат. causa-себеп, грек. metro-өлшем) -оқиғалар арасындағы қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық мерзім -кезеңдерінің талдауы беріледі, оқиғаларға қатысы бар жағдайлар анықталады, тұлға дамуының не тоқырауының кейбір кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.
Жас ерекшеліктері психологиясында салыстырмалы-генетикалық әдіс қолданылуда. Бұл әдістің мәні - психикалық заңдылықтарды жеке адамның психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру арқылы зерттеу.
Социометрия - әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі - бірлікті іс-әрекетке не оқиғаға араласу (араласпау) мүмкіндіктерін анықтау мақсатында шағын топтың әрбір мүшесін жеке сауалға тарту әрекеттері. Бұл әдіс нәтижелері топтағы қатынастар құрылымын графикпен бейнелейтін соц иометриялық кесте, социограмма, сондай-ақ топтағы психологиялық қатынастарды сандық көрсеткіштермен танытуға болатын социометриялық индекстер күйінде өрнектеуге болады.
Жеке тұлғаның бағыт-бағдарына әлеумет ықпалын зерттеу үшін жасақталған топ әдісі қолданылады.
Тұлғаның мәнді әлеуметтік сапа-қасиеттерін диагностикалау мақсатында эксперттік бағалау және тұлғаны топпен бағалау әдістері пайдаланылуда.
Тұлғаны топпен бағалау әдісі - адам мінездемесін топ мүшелерінің өзара бағалауы арқылы алу. Бұл әдіс топтағы адамдардың өзара таныстығы мен бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың әрбір мүшесі жөнінде қалыптасқан топтық санаға негізделген.
Қандай да психологиялық проблеманы зерттеуде сол мәселеге сәйкес зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақты зерттеу әдістері қолданылады. Олар: болжам ұсыну, эксперименталдық тәсіл мен соған сай материал, сыналушылардың бастапқы бақылау және эксперименттік топтарын айыру, эксперимент серияларын анықтау, эксперименталды материалдарды статистикалық және теориялық өңдеуден өткізу және т. б.
3. Психологияның қоғамдық және гуманитар
ғылымдар жүйесіндегі орны
XIX ғасырда позитивизм бағытындағы философияның негізін қалаған О. Конттың (1798-1857) ғылымдарды топтастыру жүйесі кең қолданымда болды. Дегенмен осы жүйеде психологияға орын табылмады. Ғалым пайымдауынша, психология әлі (үш кезең заңына орай) метафизикалық сатыда, ғылым ретінде пісіп жетілмеген. XIX ғасырдың бірінші жартысы үшін мұндай тұжырым, әрине, әділ болатын.
Ол заманнан бері ұланғайыр өзгерістер болды: психология дербес ғылымға айналды, адамзатқа қажет табыстарымен көзге еленді. Екі ортада ғылымдарды жүйесімен топтастырудың талай амалдары талдау, талқыдан өтті. Солар арасында аса танымал болғаны орыс философы және ғылымтанушысы Е. М. Кедров (1903-1985) ұсынған топтастыру амалы еді. Кедров пікірінше, ғылымдарды бір беткей түзулік (линейный метод) сипатымен топтастыруға болмайды. Ол барша ғылымдарды үш топқа: жаратылыстану , әлеуметтік және философиялық - бөлуді ұсынады да, олардың бастарын бір түзу бойында емес, үшбұрыш шыңдарына орналастыра қосады. Сонда, үшбұрыштың жоғары шыңында жаратылыстану қылымдары, төменгі сол жақта - әлеуметтану, ал төменгі оң тарапта - философиялық пәндер жайғасады. Психология осы ғылымдардың бәрімен бірдей тығыз байланыста, сондықтан ол үшбұрыштың ішінен кең орынға ие болады. Себебі адам ойы, ойлауы (психологияның маңызды бөлімдерінің бірі) тек психология тұрғысынан зерттеліп қалмастан, олармен философия да, логика да айналысады. Психология, сонымен, барша ғылыми білімдермен өзара байланысқа келеді.
Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен дамуын зерттеу үшін биология, генетика, антропология, білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблемаларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, медицина әдістерін тартуды талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыра беруге болады. Өз кезегінде, психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.
Психология және логика байланысы ойлау жөніндегі психологиялық білімдер тарихында анық көрінеді. Осы ғылыми білімдердің әрбірі ойлау құбылыстарын ашуда өз зерттеу аймақтарына ие. Логиканың шұғылданатыны ақиқат жөніндегі мәселе, ойлаудың болмысқа деген танымдық қатынасы туралы проблема. Ал психологияның айналысатыны - ойлау үдерісінің жүрісі, жеке адамның ойлау іс-әрекеті, ойлау құбылысының сананың басқа да тараптарымен аралық нақты байланыс, қатынастары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz