Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Ұлттық қауіпсіздік органының мемлекеттік органдар жүйесінде алатын орны және маңызы.
2.Ұлттық қауіпсіздік органдары міндеттері, қызметінің принциптері.
3.Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің төрағасы, оның өкілеттігі.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
1998 жылғы 26 маусымдағы ҚР Заңының 1-бабына сәйкес ұлттық мүдделер іске асырылуы мемлекеттің азаматтардың құқықтарын, қоғамның кұндылықтарын, мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты қажеттіліктер жиынтығын білдіреді. Негізгі кауіпсіздік объектілеріне мыналар жатады: жеке адам - оның қүқықтары мен бостандықтары; қоғам - оның материалдық және рухани құндылықтары; мемлекет - оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы.
Қазақстан Республикасында күзетілетін объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін мсмлекет қауіпсіздігі саласында қатынастарды реттейтін кұкықтық нормалар жүйесі әзірленеді, мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары айқындалады, каіпсіздікті
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы

2.Қазақстан Республикасының Конституция 1995 жылы 30 тамыз
3. ҚР қылмыстық-іс жүргізу кодексі. - Алматы: Юрист, 2003. - 220 б.
4. ҚР азаматтық-іс жүргізу кодексі. - Алматы: Юрист, 2003. - 131 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Ұлттық қауіпсіздік органының мемлекеттік органдар жүйесінде алатын орны және маңызы.
2.Ұлттық қауіпсіздік органдары міндеттері, қызметінің принциптері.
3.Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің төрағасы, оның өкілеттігі.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
1998 жылғы 26 маусымдағы ҚР Заңының 1-бабына сәйкес ұлттық мүдделер іске асырылуы мемлекеттің азаматтардың құқықтарын, қоғамның кұндылықтарын, мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты қажеттіліктер жиынтығын білдіреді. Негізгі кауіпсіздік объектілеріне мыналар жатады: жеке адам - оның қүқықтары мен бостандықтары; қоғам - оның материалдық және рухани құндылықтары; мемлекет - оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы.
Қазақстан Республикасында күзетілетін объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін мсмлекет қауіпсіздігі саласында қатынастарды реттейтін кұкықтық нормалар жүйесі әзірленеді, мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары айқындалады, каіпсіздікті камтамасыз ету органдары мен олардын кызметін бакьтлау әрі қадағалау тетігі жасалады.

Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Мемлекеттік кауіпсіздікті қамтамасыз ету - кез келген мемлекеттің алғашқы кезектегі міндеттерінін бірі. Оның үстіне, бірнеше мыңдаған жылдар бойы қоғамдағы кауіпсіздік сол ұлттың, халыктың, жалпы мемлекеттің өмір сүруінің кажетті алғы шарты болып табылды. Қауіпсіздіктің қамтамасыз ету проблемасы бүгінгі күнде де көкейтесті міндеттер болып табылады. Бүл туралы Шешенстан, Ауғанстан, Пәкістан, Израил және т.б мемлекеттердің төнірегіндегі соңғы окиғалар айғақтайды. АҚШ мүддесіне қарсы бағытталған Нью-Йорк пен Вашингтондағы террорлык актілер мемлекет қауіпсіздігіне әркашан және барлық жерде, тіпті әлемдік дамудың қазіргі кезеңіндегі қуатты державаның өзіне де қауіп-қатердің төнетінін айқын көрсетті.
ҚР Президентінің "Қазақстан - 2030" Жолдауында бірінші стратегиялык басымдылық ретінде белгіленген ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері күн тәртібіне тағы да қойылды. Ел басшыларының әлемдегі қазіргі саяси ахуалға ден койып отырғаны, экономикалық, саяси, ұйымдастыру немесе ҚР ұлттык кауіпсіздігін камтамасыз ету және сыр-тқы, ішкі қауіп-катерлерді жою үшін қажетті өзге сипаттағы шараларды әзірлеуі әрі іске асыруы түсінікті,
ҚР Президентінің 1996 жылғы 22 қарашадағы Жарлығына ("Қауіпсіздік Кеңесі туралы" ереже ПҮАЖ. - 1996. - № 48. 464-қүжат) және ҚР Конституциясының 44-бабынын 20-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі құрылды. Қауіпсіздік Кеңесі - Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттык қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын, елдің тәуелсіздігі мен аймақтық тұтастығын қорғау аясында біртұтас саясат жүргізу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бсйынша Мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу және өкметтіктерінің жүзеге асыруына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті кұратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
"Қауіпсіздік Кеңесі туралы" ережеге сәйкес оның негізгі міидеттері мыналар:
1) Мемлекеттік мүдделердің аясын, оларды іске асыру мен корғаудың негізгі бағыттарын айкындау, үлттык кауіпсіздікке ішкі және сыртқы катерлерді аныктау, олардың алдын алудың, тыйып тастаудың және тойтарудың әдістерін, нысаңдары мен құралдарын тандап алу;
2) Жеке адамның, коғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар кызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының ұлттык қауіпсіздігінің тұжы-рымдамасын әзірлеу;
4) Ұлттық кауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі, сыртқы және әскери саясат мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін және осы шешімдерді жүзеге асыру шаралары жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне үсыныстар мен ұсыньмдар енгізу;
5) Ұлттық қауіпсіздік саласында Қазақстан Республикасының халыкаралық шарттарын жасасу, орындау және бұзу жөнінде ұсынымдар дайындау.
Негізгі міндеттерге сәйкес Қауілсіздік Кеңесіне бірқатар функциялар жүктеледі, олардың ішінде: ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ұлттық кауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, олардың кызметін жетілдіру жөнінде ҚР Президентіне ұсыныстар енгізу.
Қауіпсіздік Кеңесін ҚР Президенті жасақтайды және ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының ұсынуы бойынша ҚР Президенті тағайындайтын Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерінен түрады. Қаіпсіздік Кеңесі Хатшысының өкілетіктерінің бірі ҚР Президентін мемлекеттің қорғаныс қабілеті, сыртқы және ішкі
қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар ету болып табылады. Қауіпсіздікті камтамасыз ету жүйесін сонымен қатар заң шығару, аткарушы органдар және сот билігі, мемлекеттік, қоғамдық және заңға сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын өзге де ұйымдар мен бірлестіктер, азаматтар, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы қатынастарды регламентейтін заңдар кұрайды. Қазакстан Республикасының заңында белгіленбеген қауіпсіздік органдарын құруға жол берілмейді. Қазакстан Республикасы кауіпсіздік жүйесінің негізгі элементтерінің бірі ұлттық қауіпсіздік органдары болып табылады. ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық кауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығының 1-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдары ҚР қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде жеке адамның және коғамның қауіпсіздігін, елдін конституция-лық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалык, ғылыми-техникалык және корғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар жүйесінде ұлттық қауіпсіздік органдарының дербес орны бар, тек Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады. Ұлттық қауіпсіздік органдары өз қызметін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара ісқ-имылда жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың лауазымды адамдары, әскери құралымдардың қолбасшылығы оларға жүктелген міндеттерді шешуде ұлттық қауіпсіздік органдарына жәрдемдесуге міндетті.
Ұлттык қауіпсіздік органдарының шет мемлекеттердің арнаулы қызметінен және үкметтік байланыс органдарымен, халыкаралық құқық қорғау ұйьмдарымен ынтьмақтастығы Қазақстан Республикасы халықаралык шарттарының негізінде жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған Жарлыктың 2-бабында былай делінген: "I. Үлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері:
1) Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратьш іздеп табу;
3) Шетел мемлекеттері арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазакстан Республикасынық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметін анықтау, алдын алу және тыю;
4) Қазакстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризм және өзге де кызметті аныктау, алдын алу және тыю;
5) Заңмен ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
6) Қазакстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерін, баска да әскерлері мен әскери құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;
7) Қазакстан Республикасының мсмлекеттік органдарында, ұйымдарында және әскери құрамаларьнда шифрлау жұмысын үйымдастыру болып табылады.
2. Ұлттык қауіпсіздік органдарына өзге міндеттер тек заңмен ғана жүктелуі мүмкін".
ҚР Президентінің "Ұлттык қауіпсіздікті нығайту, кылмысқа және сыбайлас жемкорлыкка қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 5 қарашадағы Жарлықпен Мемлекеттік тергеу комитеті таратылды.
Оның жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың, әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары, арнайы қызмет қызметкерлерінің және судьялардың сыбайлас жемқорлығына, сондай-ақ қылмыстық қоғамдастық жүзеге асыратын контрабанда мен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өкілеттілігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді, осылайша ҰҚК мәні бойынша прокуратураньң (өз уақытында прокуратурадан МТК-ге берілген) бұрынғы тергеу аппара-тының құқықтық мираскоры болды. Бүгінгі таңда ұлттық қауіпсіздік орғандары өз өкілеттіктері шегінде заңдармен (ҚР Қылмыстық-іс жүргізу кодсксімен) оларды жүргізуге жатқызылған қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге міндетті.
Қауіпсіздік органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, адамның және азаматтың құқыктары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бірлестіктер қызметінен тәуелсіздік қағидатында құрылады.
Қауіпсіздік органдары қызметінің өзгешелігі оларға жүктелген міндеттерді шешу үшін олардың арнайы құралдар мен әдістерді қолдануынан тұрады, бүл өз кезегінде адам мен азаматтың кұқытары мен бостандықтарын кейбір шектеулермен байланысты, Сондықтан, ҚР конституциясының 39-бабының 1-тармағына сәйкес мұндай мәжбүрлеу конституциялық құрылыс негіздерін қорғау, имандылықты сақтау, мемлекеттің қорғаныс кабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тек заңмен және кажетті шамада ғана жол беріледі. Ұлттық қауіпсіздік органдарының барлық әрекеттері жеке адамның құқыктары мен занды мүдделері бұзылмасы үшін өте мұқияттылықпен жүргізілуге тиіс. Азаматтардың, коғамдық және өзге де бірлестіктер мен үйымдардың олардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу себебі бойынша қауіпсіздік органдарына түсіндірме алуға құқығы бар. Олардың талабы бойынша мұндай түсіндірмелер заңда белгіленген мерзімдерде жазбаша нысанда берілуге тиіс. Заңдарда белгіленген шектерде ұлттық қауіпсіздік органдары әрбір азаматқа олардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзіндік іс-әрекетінде қызмет бабын теріс пайдаланған немесе өз өкілеттігін асыра пайдаланған лауазымды адамдар заңдарда көзделген жауапкершілікті көте-реді. Жоғарыда аталған Жарлыктың 5-бабының 4-тармағына сәйкес YenҚО мен олардың қызметкерлерінің іс-әрекстіне жоғары тұрған органдаға, прокуратураға не сотқа шағым берілуі мүмкін. ҰҚК Төрағасының өкілеттігі, оны кызметтен ауыстыру және кызметтен босату тәртібі ҚР Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде айкындалған. Аталған ереженің 6-тармағына сәйкес Ұлттык қауіпсіздік комитетін Төраға басқарады. Оны қызметке Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және Республика Президенті қызметтен босатады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Төрағаның орынбасарларын және ҰҚК ведомстволарының басшыларын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Ұлттық қауіпсіздік оргаңдарындағы генералдар (адмиралдар) атқаратын лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
ҰҚК Төрағасының өкілеттігі мынадай түрде айқындалады:
1) Комитеттің жұмысын ұйымдастырады, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне басшылыкты жүзеге асырады және оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін дербес жауап береді, Комитет Төрағасының орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі;
2) Қазақсан Республикасының Президентіне Ұлттык қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерін және ведомстволарын кұру, қайта құру және тарату туралы ұсыныстар жасайды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарын, әскери қарсы барлау органдарын, әскерлерді, арнаулы мақсаттағы бөлімшелерді, өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарын және ведомствоға қарасты ұйымдарды құрады, қайта құрады және таратады;
3) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының және аумақтық органдарының, әскери қарсы барлау органдарының, әскерлердің, арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің, өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының және ведомствоға қарасты ұйымдардың құрылымын, фукнционалдық міндеттері мен штатын, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекітеді, бұған олар туралы ережелерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ведомстволар кірмейді;
4) Өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқыктық актілерді шығарады, өзінің қарауындағы лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларына қайшы келетін бұйрықтары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзады;
5) Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне ведомстволық бақылауды қамтамасыз етеді;
6) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік органдарын ұйымдастыру-штаттық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Рес-публикасының Президентіне және Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
7) Республиканың мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің арнаулы қызметтерімен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста Комитет атынан өкілдік етеді;
8) халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресудің тиімділігін арттыру мақсатында шетел мемлекеттерінің арнаулы қызметтерімен, үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен жоне кұкык қорғау органдарымен келісім бойынша осы мемлекеттерге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерін жібереді;
9) Ұйымдастыру, құрылымдық-штаттық, кадрлық, каржылық, өндірістік-шаруашылық және өзге де мәселелерді шешуде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы орынбасарларының, ведомство басшыларының, құрылымдық бөлімшелері мен органдары лауазымды адамдарының өкілеттігін айқындайды;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы бойынша Прсзиденті Әкімшілігі Басшысының келісімімен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы бойынша департаменттерінің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық түлік өндірісінің қоршаған ортаға əсері
Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі және әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа редакция)
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы
Пәндер