Халықаралық бала асырап алу



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Халықаралық конвенцияларда халықаралық бала асырап алудың құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Қазақстан Республикасынан бала асырап алу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Бала асырап алу — заңи акт. Ол баланың және оны тәрбиелеуге алған адамның арасындағы құқықтық қарым-қатыныстарды айқындайды. Негізінен, кәмелетке толмаған балаларға қатысты әрі солардың мүддесіне орай жүзеге асуға тиіс. 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның “Неке және отбасы туралы” заңында Бала асырап алудың тәртібі, оның құқықтық салдары, тиісті адамдардың заңи міндеттері мен жауапкершіліктері, т.б. егжей-тегжейлі қарастырылған (12-тарау). Баланы тәрбиесіне алуға тілек білдірген адамның өтініші бойынша Бала асырап алу ісін сот қарап, азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырады. Заң бойынша ҚР-ның азаматы болып саналатын балаларды, егер ел аумағында тәрбиелеу мүмкіндігі болмаса, шетелдік азаматтардың немесе республика территориясынан тыс жерде тұратын туыстарының асырап алуына рұқсат етілген. Дәстүрлі қазақ қоғамында да Бала асырап алу актісіне жете мән берілген. Көбінесе, ұрпақтар жалғастығы үзіліп қалмасын деген ниетпен перзент сүюге қабілетсіз не ұлы жоқ отбасына ет жақын, сүйек шатыс туыстары бала беріп, қамқорлық жасаған. Бұл актіні кейін құпия ұстауға міндеттенген. Жалпы, қазақ ұғымында “асырау”, “асыранды” сөзі итке, малға қатысты ғана айтылатын, кемсітушілік астары мол лексема саналады. Әдетте, отбасы, тіпті ағайын-туыс арасындағы құпия-сыр ретінде сақталатын осынау құқықтық — адамгершілік іс-әрекетті “бауырына басу”, “баланы көйлекшең туу” деп астарлай жеткізген.
Бала асырап алудың құпиялығы - бала асырап алудың құпиялылығы заңмен корғалады. Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті. Бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап алушылардың еркіне қарамай жария еткен адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
Бала асырап алудың тарихына келетін болсақ, бала асырап алу туралы тұңғыш заң 1851 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында қабылданған. Бұл заң бойынша асырап алынған бала биологиялық балаға тиесілі құқықтарға ие болған. Судья бала асырап алушы ата-аналардың баланы тамақтандыра алу мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ оған білім беру мүмкіндігінің де бар-жоқтығын
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Л, Б. Нысанбекова «Халықаралық жеке құкык» Оқу құралы. — Алматы: Жеті жарғы, 2006. — 168 бет.
2. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, 2012 ж.
3. «Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алу қатынасындағы ынтымақтастық туралы конвенция» , Гаага 1993 жылы 29 мамыр
4. «Бала асырап алу» туралы Европа Конвенциясы (1967 жылы 24 сәуір)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Халықаралық конвенцияларда халықаралық бала асырап алудың құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Қазақстан Республикасынан бала асырап алу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

КІРІСПЕ
Бала асырап алу -- заңи акт. Ол баланың және оны тәрбиелеуге алған адамның арасындағы құқықтық қарым-қатыныстарды айқындайды. Негізінен, кәмелетке толмаған балаларға қатысты әрі солардың мүддесіне орай жүзеге асуға тиіс. 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның "Неке және отбасы туралы" заңында Бала асырап алудың тәртібі, оның құқықтық салдары, тиісті адамдардың заңи міндеттері мен жауапкершіліктері, т.б. егжей-тегжейлі қарастырылған (12-тарау). Баланы тәрбиесіне алуға тілек білдірген адамның өтініші бойынша Бала асырап алу ісін сот қарап, азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырады. Заң бойынша ҚР-ның азаматы болып саналатын балаларды, егер ел аумағында тәрбиелеу мүмкіндігі болмаса, шетелдік азаматтардың немесе республика территориясынан тыс жерде тұратын туыстарының асырап алуына рұқсат етілген. Дәстүрлі қазақ қоғамында да Бала асырап алу актісіне жете мән берілген. Көбінесе, ұрпақтар жалғастығы үзіліп қалмасын деген ниетпен перзент сүюге қабілетсіз не ұлы жоқ отбасына ет жақын, сүйек шатыс туыстары бала беріп, қамқорлық жасаған. Бұл актіні кейін құпия ұстауға міндеттенген. Жалпы, қазақ ұғымында "асырау", "асыранды" сөзі итке, малға қатысты ғана айтылатын, кемсітушілік астары мол лексема саналады. Әдетте, отбасы, тіпті ағайын-туыс арасындағы құпия-сыр ретінде сақталатын осынау құқықтық -- адамгершілік іс-әрекетті "бауырына басу", "баланы көйлекшең туу" деп астарлай жеткізген.
Бала асырап алудың құпиялығы - бала асырап алудың құпиялылығы заңмен корғалады. Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті. Бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап алушылардың еркіне қарамай жария еткен адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
Бала асырап алудың тарихына келетін болсақ, бала асырап алу туралы тұңғыш заң 1851 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында қабылданған. Бұл заң бойынша асырап алынған бала биологиялық балаға тиесілі құқықтарға ие болған. Судья бала асырап алушы ата-аналардың баланы тамақтандыра алу мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ оған білім беру мүмкіндігінің де бар-жоқтығын анықтауға міндетті болатын.
Францияда баланы заңдық асырап алу 18-ғасырдың басында Наполеон кодексінде, ал Ресейде 1 Александрдің патшалық етуі кезінде пайда болған. Ресейлік заңда бала асырап алу мәселесі көптеген шектеулерге толы болды, сонымен бірге жоғары сословие өкілдеріне қатаң талаптар қоюымен ерекшеленеді. Әулетті ақсүйектердің бала асырап алуына тек император рұқсат беретін. Жеке ақсүйектерге, молдаларға, құрметті азаматтарға және көпестерге бала асырап алу рәсімі оңайлау болатын, бірақ олардың да бала асырап алуы Сенатпен бекітілетін. Тек шаруалар мен ұсақ мүдделі адамдарда бала асырап алу отбасына қоса салу арқылы жүргізілетін.
1891 жылғы 12 наурыздағы заң барлық сословиелердегі бала асырап алуды, шаруалар мен ұсақ мүдделі адамдардан басқа, аймақтық соттардың құзыретіне берді. Егер шетелдіктер тастанды және ата-тегін білмейтін балаларды православие дінінде тәрбиелейтін болса, оларға баланы асырап алуға рұқсат берілетін.
Халықаралық бала асырап алу тарихындағы ерекше рөлді әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Перл Бак иеленеді. Ол Қытайда пресветериан дінін таратушы американ отбасында өскен. Ол тұрмысқа шыққан ересек жасында екінші отаны болған АҚШ-қа оралады. 1949 жылы аралас нәсілді балаларды асырап алған Перл Бак дүние жүзіндегі тұңғыш халықаралық бала асырап алу жөніндегі Welcome House агенттігін құрған. Оның басты мақсаты азия нәсілді және қаны аралас жетімдерге қамқорлық жасау болды, өйткені ол кезде мұндай балаларды асырап алу американдықтар үшін жат болатын. Оның атындағы қор бүгінгі күні де жұмыс істейді. Бұл қор нәсіларалық бала асырап алуға маманданданған.
1955 жылы АҚШ Конгресі бір отбасының шетелдік бала асырап алулардың санына шектеу қойылуын жойған Холттар заңын қабылдады. Берта және Гарри Холттар Орегон штатының баптист-шаруалары. Ол кезде екеуінің жасы елуге келіп қалған еді және олардың туған алты баласы болған. Әкелері американ солдаттары болған корей жетімдері туралы деректі фильм екеуін толғандырғаны соншалықты, олар корейдің сегіз ұл-қыздарын асырап алуға шешім қабылдаған. Алайда, сол уақытта бұған рұқсат беретін ешқандай ашық мүмкіндік болмаған: федералдық заң АҚШ-тың азаматтарына шет елде дүниеге келген екі баланы ғана асырап алуға мүмкіндік беретін.

1 Халықаралық конвенцияларда халықаралық бала асырап алудың құқықтық реттелуі

Халықаралық бала асырап алу үдерісіне жаңа мемлекеттер қосылып отырады. Әдетте, осындай мемлекеттерде, осы қатынастарды реттейтін арнайы заңнамалары болмайды, нәтижесінде көптеген заң бұзушылыққа әкеліп соғады. Яғни, халықаралық бала асырап алуды реттейтін нақты құқықтың нормаларын бұзбай (өйткені мұндай нормалар жоқ), адам құқықтарын, адамгершілік нормаларын немесе иммиграциялық заңнамасын бұзады. Осындай бұзушылықтар БҰҚ-на жеткен кезде, мемлекетте жанжал пайда болып, соңында халықаралық бала асырап алуға байланысты арнайы заңнаманың шығарып және оны қабыладауға әкеліп соғады. Бұл жайт Кореяда, Үндістанда, Бразилияда және көптеген басқа мемлекеттерде болған. Оңтүстік Еуропадағы алғашқы және әйгілі жанжалдың бірі 1991 жылы Румынияда болған. Көп жылдар бойы бұл мемлекетте түсікті алып тастау тыйым салынып, қалаусыз балалар саны өскен, бірақ бала асырап алу құбылысы өте сирек болған. Румынияның заңнамасында халықаралық, сонымен қатар ішкі бала асырап алу тәртіптерінің толық регламентациясы болған емес. Саяси режим ауысқаннан кейін, орта табысы бар батыс елдерінің азаматтары ақылы бала асырап алып, көптеген ата-аналар өздерінің балаларын асырап алуға беріп отырған. Делдалдарсыз бала асырап алу, асырап алушыларға, арнайы агенттіктер арқылы асырап алуға қарағанда арзанға түскен.
Батыс елдердің БАҚ және құқық қорғау ұйымдары Румыниядан көптеп бала асырап алуға сонымен қатар заңсыз, адамгершіліксіз әрекеттерге қарсы ірі компания ұйымдастырған. Румыния Үкіметі осы мәселені кезінде байқамағандай, румынияның балаларын шетелдіктермен асырап алуға тыйым салып, жедел түрде жаңа үкіметтік жүйесін қалыптастырған. Ол, елдегі барлық халықаралық бала асырап алуға байланысты рәсімдеу мен оларды дайындау қызметін атқаратын, бала асырап алу жөніндегі Ұлттық Комитет. Сол кезде неке және отбасы Кодексіне өзгертулер енгізілді. Осы мақсаттарға арналған үкіметпен бөлінген ақшасы сонда да аз болды. Румыния бала асырап алуға байланысты ақша сомасын өндіріп алудан бас тартып, халықаралық бала асырап алудың рәсімделудің ауыр шығынын толығымен салық төлеушілерге жүктеген.
Румыния, балаларды сатуға байланысты айыпты тоқтау мақсатында қатал шараларды қолданған.
Бала асырап алу туралы ең тиімді, Оңтүстік Кореяның заңнамасы болып табылады. 1976 жылы бала асырап алу туралы арнайы актіге сай, шетелдіктермен кореялық балаларды асырап алу, баланың тұрғылықты жеріне байланысты сотта жүзеге асырылады. Балалар мен асырап алушыларды таңдаумен лицензиясы бар кореялық агенттіктер айналысады. Ал бақылауды, қадағалауды, методикалық басқарма мен халықаралық бала асырап алуға қатысты мемлекеттік саясатын анықтаумен әлеуметтік қорғау мен Денсаулықты қорғау Министрлігі айналысады. Сәйкесінше, мемлекет халықаралық бала асырап алуды жедел ұйымдастыру мен шығынның ауыртпалығын өзіне жүктемейді. Бұл балаларды жанұяға сеніміді орналастыруды жақсы жағынан танытқан, мемлекетті шығынға ұшыратпайтын екі он жылдықпен тексерілген жүйе.
Румыния мен Оңтүстік Кореяның заңнамаларында қазіргі уақытта қалыптасқан тенденциялары, шетел балаларын өз азаматтарымен асырап алу үшін қабылдамай, өздерінің балаларын шетел азаматтарына асырап алуға беріп отырған, елдерде халықаралық бала асырап алу бойынша ұлттық заңнамалары қалыптасқан кезде көрініс тапқан. Бұл көбінесе Латын Америка, Африка мен Азияның дамушы және кезінде социалистік ел болған Шығыс Европа мен Азия елдері.
Бала асырап алудың өзіндік ретке келтіру факторы ретінде ұйымдардың қалыптасуы маңызы зор. Олар: Бала асырап алудың ұлттық комитеті (Румыния), лицензияланған агентстволар (Солтүстік Корея), тәуелсіз делдалдар (Италия), соттар (Оңтүстік Корея). Ресейде аккредетитті алмаған қоғамдық және жеке ұйымдар, қызмет етуге тыйым салынады.
Ресейдің азаматы болып табылатын азаматтарға, бала асырап алуға рұқсаты, бала тұрып жатқан территориясындағы Ресей Федерациясының атқарушы билік органдарының субъектілерімен беріледі. Уақыт өте келе, әр түрлі мемлекеттерде бала асырап алу туралы арнайы заңнама актілері пайда бола бастады. Шетел балаларды асырап алуға қатысты коммерциялық қызметті тоқтату мен балаларды ұрлауға қатысты құқыққа қарсы әрекеттері, 25 қазандағы балаларды ұрлау азаматтық аспкетілері туралы қабылданған Гаага Конвециясында қарастырылған. Қатысушылары: Франция, Канада, ГДР, Швейцария, АҚШ, Испания, Польша, Греция, Израиль, Грузия, Түркменстан және тағыда басқа мемлекеттер. Конвенция, келісуші мемлекеттерде ұсталып отырған немесе заңсыз қоныс аударған балаларды шұғыл түрде қайтаруды қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, қорғау құқығы немесе келісуші бір мемлекеттің құқығы басқа мемлекетте сақталуын қамтамасыз етуі кепілденген.
Халықаралық жеке құқықтың шетелдік бала асырап алу саласының даму тенденциясы болып, сәйкес істердің сот өндірісі табылады. Мысалы Финляндияның 1979 жылы қабылданған бала асырап алу туралы Заңына сай, оның тәртібі екі кезеңге бөлінеді: консультация беру мен сот шешімі бойынша бала асырап алуды растау. Консультацияның басты мақсаты, сот бала асырап алуды растағанша, баланың мүдделерін бақылау мен оның ата - аналарына, бала асырап алушымен келіссөздер жүргізу және әрекеттер арқылы көмек көрсету. Қажет жағдайда консультация, бала асырап алу толығымен болған соң да берілуі мүмкін.
Шотландияның 1978 жылғы Заңы бойынша, сот өз юрисдикциясымен, бала (қыз баланы ) асырап алушылармен берілген арызы бойынша, оларға ата-аналық құқытары мен міндеттері берілуі туралы бұйрық шығарады. Осындай бұйрық биологиялық ата-аналарымен, қамқоршыларымен, бала мен ата-ананың арасындағы өзара барлық құқықтары мен міндеттерін жояды. Бірақ, егерде шартпен немесе басқа да құжатпен, қамқоршының құқығы бала асырап алу туралы бұйрығымен жойылмайды делінсе, онда қамқоршының құықтар мен міндеттері тоқтатылмайды. Бала асырап алу туралы арызды, тұрғылықты жері Ұлыбританияда, 21 жасқа толған ерлі-зайыптылар мен некеге тұрмаған жеке тұлғалар да бере алады. Бала асыранып алу үшін қамқоршысы мен ата - ананың рұқсаты қажет. Егерде ата - аналар өздерінің міндеттерін атқармаған жағдайда рұқсаты қажет етілмейді.
Қарастырып отырған мәселе, әр түрлі мемлекеттердің арасындағы екі жақты ынтымақтастық, аймақтық және басқа да дәрежедегі көлемде көрініс тапқан. Осындай шарттардың жалыпы саны көп емес. КСРО-да , кейін РФ ратификацияламаған, 1965 жылы Бала асырап алудың шешімдерін мойындау мен қолданатын құқытың юресдикциясы туралы Гаага Конвенциясы қабылданды. Мұнда, бала асырап алудың іс жүргізу аспектілері, соның ішіндегі бала асырап алудың ісін шешу саласында, қатысушы - мемлекеттердің органдарына құзіреттерін бөлу критериилері орын тауып, ал басқа мәселелері қарастырылмаған. Конвенция бала асырап алушы мен асыранушыға арналған талаптар бекітеді.
Ең маңызды конвенциялардың бірі болып, келесілері табылады:
· 1989 жылы 20 қарашда қабылданған БҰҰ ның Бала құқықтар туралы Конвенциясы;
· 1993 жылы 29 мамырда қабылданған Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастығы туралы Гаага Конвенциясы [3];
· 1967 жылы 24 сәуірде қабылданған Бала асырап алу туралы Европа Конвенциясы [4];
· 1980 жылы қабылданған Халықаралық балаларды ұрлау азаматтық аспектісі туралы Конвенциясы .
1989 жылы 20 қарашда қабылданған БҰҰ ның Бала құқықтар туралы Конвенциясында бала (қыз баланы) асырап алудың жалпы қағидалары анықталған. 1994 жылы Қазақстан Республикасы бұл конвенцияға қосылған.
Конвенцияның 21 бабына сай, қатысушы мемлекеттер бала асырап алу кезінде, ең алдымен баланың мүддесі туралы есебімен қамтамасыз етіп отыру қажет:
· Бала асырап алу, қолданылатын заңнамалары мен тәртіпке сай тек қана құзырлы билікпен жүзеге асырылуы қажет;
· басқа мемлекетте бала (қыз баланы) асрырапу алу, балаға күтім жасаудың альтернативті әдісі ретінде қарастырылуы мүмкін, егер бала жанұяның тәрбиесіне берілмесе немесе орналастарыламаса, егер бала туылған мемлекетте балаға кез келген қолайлы күтімнің жасалуы мүмкін болмаса;
· мемлекеттің ішінде бала (қыз баланы) асырап алуға қатысты қандай кепілдер мен нормалар қолднылса, дәл сондай нормалар мен кепілдер басқа мемлекетте баланы (қыз баланы) асырап алуды жүзеге асырған кезде қолданылуы қажет;
· басқа мемлекетте бала (қыз баланы) асырап алынған жағдайда, баланы орналастыру , сол тұлғаға қатысты ақталмаған қаржылық пайдаға әкелмеуін қамтамасыз ету үшін, мелекет барлық қажет деген шараларды жасауы тиіс .
Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенцияға Гаагада 1993 жылғы 29 мамырда қол қойылған және Баланың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы, Әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы БҰҰ декларациясы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1986 жылғы 3 желтоқсандағы 4184 қарары негізінде қабылданған, 52 елмен қол қойылып, 76 елмен ратификацияланған.
Конвенция асырап алынатын баланың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оның негізгі құқықтарын құрметтеу және балаларды ұрлау, сату немесе олармен сауда жасаудың алдын алу, сондай-ақ екі мемлекет тарапынан бала асырап алу процесінің заңдылығын және баланың ең жақсы мүдделерін ескере отырып, баланы бала асырап алушылардың отбасына орналастыру және оның негізгі құқықтарын құрметтеу және балаларды ұрлау, сату немесе олармен сауда жасаудың алдын алуды бақылау мақсатында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге шақырады.
Конвенция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық бала асырап алудың түсінігі мен шарттары
Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасында шетелдіктердің бала асырап алуының кейбір мәселелері
Бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық
Халықаралық азаматтық іс жүргізу: түсінігі мен негізгі институттар
Шетелдік элементтермен отбасылық қарым-қатынас түсінігі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Бала асырап алудың нормалары
Ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың орналастыру институтын құқықтық реттеу
Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық мәселелері
Пәндер