Банкралық несие



КІРІСПЕ

Ең алдымен, несиенің дамыған банкаралық нарығы банктік инвестицияларды, банк жүйесінде жиналған қаражаттарды тез әрі тиімді қайта бөлу арқылы, нақты экономикаға тиімді орналастыруға көмектеседі. Салдары ретінде, банкаралық нарық инвестициялардың жалпы көлеміне және нәтижесіне әсер етеді, сонымен қатар инвестициялық шешімдерді қабылдау көзқарасынан қарағанда экономика үшін және экономикалық өсуге жету үшін өте маңызды.
Курыстық жұмыстың өзектілігі. Банкралық несие жалпы мемлекет үшін үлкен рөл атқарады және бір банктің екінші банкке экономикалық жағынан ықпал етуіндегідей банкаралық операцияларда маңызы зор. Себебі банк, экономикада мен жалпы қоғамның өмірінде негізгі орынды алады. Бұған дәлел, кез келген аймақты қарастырсақ, әрбір аймақ халқы және кәсіпорыны мемлекеттің экономикалық жүйесінен жеке өмір сүре алмайды деп ойлаймын.
Курыстық жұмыстың мақсаты. Банкаралық нарықтың келісілген жұмысы кез-келген қазіргі заманғы банк жүйесінің негізі бола отырып, банктерге қажетті ресурстарды қолдануды жеңілдетеді, мәмілелер көлемінің өсуіне көмектеседі және қосымша резервтерді ұстау қажеттілігін төмендетіп, банктерге тиімді және аз шығынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді.Банкаралық нарық монетарлық саясатты жүргізу барысында жетекші роль атқарады. Ақша нарығы қаржы ресурстарын банк жүйесіне, нәтижесінде, кәсіпорындарға және үй шаруашылығына тиімді бөлуге арналған. Бұл дегеніміз, тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарық монетарлық саясаттың тікелей әсер етуден жанама әсер ету әдістеріне өтудің қажетті шарты болып табылады. Кең қолданылатын ашық нарықтағы операциялардың әсерін бүкіл банктік жүйе бойынша таратуға көмектесетін банкаралық нарықтың жұмысынсыз берілген операциялар жетерліктей тиімді болмайды. Осылай, әлсіз банкаралық нарық монетарлық саясатты асыру мүмкіндіктерін шектейді, өйткені тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарығы болмағанда, банк жүйесіне қажетті берілу механизмі да болмайды. Осыдан, өтімділіктің тиімді қайта бөлінуіне көмектесетін, тиімді жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық монетарлық саясаттың жанама құралдарының банктік жүйеге берілуі үшін қажетті.
Курыстық жұмыстың міндеті. 1) Банкаралық несие нарығы туралы түсінік қалыптастыру.2) Банкаралық несие нарығындағы келісімдердің жүргізілуін түсіндіру. 3) Банкаралық несие нарығын жетілдіру жолдарын көрсету.
Курыстық жұмыстың құрылымы. Курыстық жұмыс кіркспеден, негізгі бөлім III тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 «Қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы» ; 2005ж. 5наурыз.
2 «Банк қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы» ; 2001ж. 2 наурыз.
3 «ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңды күшке ие президент жарлығы ; 1995ж. 30 наурыз.
4 «ҚР банктер мен банк қызметі туралы» Заңы ; 07.2003ж.
5 «ҚР Ұлттық банкі туралы» Заң ; толықтырулармен 1.03.2004 ж.
6 «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау туралы» Заң N 474-II ; 2003ж. 4 шілде.
7 «Экономикалық көрсеткіштерді болжам, экономикалық және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банктің Өтініші туралы» ҚР ҰБ төрағасының Бұйрығы 2006 жылдың 12.07.2005 бастап.
8 «Минималды резервті талаптар туралы Ережелерді бекіту туралы» ҚР Ұлттық Банктің Ережелері 2002 жылдың 3 тамызынан.
9 Банк ісі / В И Колесников, Л П Кроливецкая ред.аст. – М., Финансы и статистика, 2002ж.
10 Қазақстанның он жылғы тәуелсіздік кезеңіндегі банк жүйесі,. Абдулина Н.К. ред.аст А., 2001ж.
11 Қазақстанның он жылғы тәуелсіздік кезеңіндегі банк жүйесі, Абдулина Н.К. ред.аст. А., 2002. –. 110б.
12 Бабичева Ю.А. “Банк ісі” М, 1993 ж.
13 Алимбаева Л.Д. «Коммерциялық банктер меншікті қаражаттарының жеткіліктігі»//Финансовый бизнес 2003, №11.
14 Айманова В.К. ҚР банкілік несиелендіру, //«Бухучет в банке», 2001. - 22б.
15 Н.Н.Хамитов «Банк ісі лекциялар курсы» Алматы; Экономика, 2006.
16 C.Б.Мақыш «Банк іс» Алматы; Жеті жарғы, 2009.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Ең алдымен, несиенің дамыған банкаралық нарығы банктік инвестицияларды, банк жүйесінде жиналған қаражаттарды тез әрі тиімді қайта бөлу арқылы, нақты экономикаға тиімді орналастыруға көмектеседі. Салдары ретінде, банкаралық нарық инвестициялардың жалпы көлеміне және нәтижесіне әсер етеді, сонымен қатар инвестициялық шешімдерді қабылдау көзқарасынан қарағанда экономика үшін және экономикалық өсуге жету үшін өте маңызды.
Курыстық жұмыстың өзектілігі. Банкралық несие жалпы мемлекет үшін үлкен рөл атқарады және бір банктің екінші банкке экономикалық жағынан ықпал етуіндегідей банкаралық операцияларда маңызы зор. Себебі банк, экономикада мен жалпы қоғамның өмірінде негізгі орынды алады. Бұған дәлел, кез келген аймақты қарастырсақ, әрбір аймақ халқы және кәсіпорыны мемлекеттің экономикалық жүйесінен жеке өмір сүре алмайды деп ойлаймын.
Курыстық жұмыстың мақсаты. Банкаралық нарықтың келісілген жұмысы кез-келген қазіргі заманғы банк жүйесінің негізі бола отырып, банктерге қажетті ресурстарды қолдануды жеңілдетеді, мәмілелер көлемінің өсуіне көмектеседі және қосымша резервтерді ұстау қажеттілігін төмендетіп, банктерге тиімді және аз шығынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді.Банкаралық нарық монетарлық саясатты жүргізу барысында жетекші роль атқарады. Ақша нарығы қаржы ресурстарын банк жүйесіне, нәтижесінде, кәсіпорындарға және үй шаруашылығына тиімді бөлуге арналған. Бұл дегеніміз, тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарық монетарлық саясаттың тікелей әсер етуден жанама әсер ету әдістеріне өтудің қажетті шарты болып табылады. Кең қолданылатын ашық нарықтағы операциялардың әсерін бүкіл банктік жүйе бойынша таратуға көмектесетін банкаралық нарықтың жұмысынсыз берілген операциялар жетерліктей тиімді болмайды. Осылай, әлсіз банкаралық нарық монетарлық саясатты асыру мүмкіндіктерін шектейді, өйткені тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарығы болмағанда, банк жүйесіне қажетті берілу механизмі да болмайды. Осыдан, өтімділіктің тиімді қайта бөлінуіне көмектесетін, тиімді жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық монетарлық саясаттың жанама құралдарының банктік жүйеге берілуі үшін қажетті.
Курыстық жұмыстың міндеті. 1) Банкаралық несие нарығы туралы түсінік қалыптастыру.2) Банкаралық несие нарығындағы келісімдердің жүргізілуін түсіндіру. 3) Банкаралық несие нарығын жетілдіру жолдарын көрсету.
Курыстық жұмыстың құрылымы. Курыстық жұмыс кіркспеден, негізгі бөлім III тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
I тарауда банкаралық несие ұғымы және оның маңызы, банкаралық несие нарығының даму тарихы баяндалады.
II тарауда банкаралық несие нарығындағы келісімдер мен банкаралық несие нарығының ұйымдастырылуы мен даму жолдары түсіндірілді.
III тарауда банкаралық несиелеу арқылы, банктің өтімділігін жоғарлату және жетілдіру келешегі қарастырылды.
Курыстық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде.Қазақстан Республикасының банкаралық несие нарығының қызметтеріне қатысты заң, ереже, нұсқаулары мен нормативтік - құжаттық актілері, отандық авторлар еңбектері, газет - журналдар, интернет желісі қолданылды.

1 ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ

1.1 Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы

Қаржы нарықтары іс-жүзінде тауарлық-шикізаттық нарықтарға ұқсас функцияларды орындайды - олар қатысушыларды ресурстарға сұраныс пен ұсыныс туралы барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді және осы ресурстардың нарықтық бағаларын қалыптастырады. Бұл функцияларды іске асыру қаржылық нарықтарға тұтынушылар үшін таңдау мүмкіндігін туғызуға, тәуекелдерді басқаруға көмектесуге, компанияларды басқаруға әсер етуге жағдай жасайды. Әр түрлі қаржылық құралдардың, сонымен қатар оларды сату әдістерінің түрі мен қалыптарының алуан түрлілігі салдарынан түрлі қаржылық нарықтар бар. Оларды бірнеше сипаттарына қарай жіктеуге болады. Ұсынылатын ресурстардың ұзақтылығына байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капитал нарықтары деп бөлуге болады. Соңғы жағдайда, әдетте, ақша нарықтары туралы айтады, оларға мерзімі 1 жыл мәмілелер жасасады.
Ақша нарықтары валюталық нарықтарға және несие нарықтарына бөлінеді. Несие нарықтарында кәсіпорындар мен бактер мерзімді қарыздарды ала алады. Кәсіпорындар, әдетте, коммерциялық банктерде несиеленеді.
Банкаралық несиеретінде бір банктің басқа банкке берген несиесі немесе басқа банкте орналастырылған банк депозиті бола алады. Берілген жағдайда несиелік қатынастардың субъектілері коммерциялық және орталық банктер болып табылады. Бос несие ресурстары бар банктер бұл ресурстарды банкаралық несие нарығында, яғни ақша нарығында сатады. Банкаралық несиенің көмегімен банктер өзінің өтімділігін оперативті басқарып, керек болған жағдайда қаражаттарды жедел тарта алады немесе бос несие ресурстарын уақытша орналастыра алады.
Банктердің өздері қысқа мерзімді капиталды банкаралық несие нарығында тартады. Бұл тектес несиенің бағасының нысанасы ретінде Лондон банкаралық нарығының (LIBOR) ұсыныс қойылымы қызмет етеді.
Сәйкес қойылымдар: EURIBOR - 50 ірі еуропалық банктердің банкаралық депозиттері бойынша орташа пайыздық қойылым, MIBOR - ресейлік банкаралық несие нарығы, KIBOR - украиналық нарық. Сонымен қатар, тартудың (сұраныстың) банкаралық қойылымдарын несиелік ресурстарға және несие ұсынудың іс жүзіндегі қойылымына бөледі.
Қазақстандық банктер несиені шет елдерден тартқан жағдайда, олар LIBOR қойылымдарын қолданады.
Банкаралық нарық (Interbank market) - қарыз капиталдар нарығының бөлігі, мұнда несиелік мекемелердің уақытша бос ақша ресурстары көбінесе қысқа мерзімді депозит түрінде өзара банктермен тартылып, орналастырылады.
Банкаралық несие нарығын экономисттер құрамына теңгелік және валюталық несиелер, соның ішінде қысқа мерзімді және өте қысқа, бойынша операциялар кіретін банкаралық қаржы нарығының шешуші секторы деп атайды. Банкаралық несие нарығы нарықтың басқа секторларында банктердің активті операцияларына қажетті құрал көзі болып табылады.
Банкаралық нарықтағы несиелік операциялар - банкілік бизнестің аса маңызды бағыттарының бірі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл қаражат көзінің арқасында таза пайданың, резервті қорларға жіберілетін және банк акционерлеріне дивидендтер төлеуге жұмсалатын салмақты бөлігін қалыптастырады. Одан басқа, коммерциялық банктердің басқа несиелік мекемелерден несие алуы коммерциялық банк балансының төлемқабілеттілігін сақтауда маңызды роль атқарады.
Бүгінгі күнде қолданылып жүрген қаржы құралдарының ішінде банкаралық несиелер қаржы нарығы конъюктурасының өзгеруіне өте сезімтал болады, өйткені банктер банкаралық несие нарығын қаржы нарығының басқа секторларында белсенді әрекеттерге қажетті құралдардың оперативті көзі ретінде жиі қарастырады. Сондықтан банкаралық несиелер бойынша қойылымдар - жалпы қаржы нарығындағы жағдайдың барометрі.
Ивасенко А.Г. пікірінше, банкаралық несие - несие ресурстарының қымбат емес көзі. Банкаралық несиелер көбінесе банктің ағымды өтімділігін сақтауды немесе құралдардың пайдалы салынуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Банкаралық несие тән ерекшеліктер - оның қысқа мерзімге төмен пайыздық қойылымдармен (орнықсыз қаржы жүйесі кезіндегі пайыздық қойылымдар күрт өзгеруі мүмкін) берілуі және қаражаттарды беру әдісінің оперативтілігі.
Қазақстан Республикасында қалыптасқан қаржы-экономикалық жағдайында, банкаралық несие нарығын - ең арзан және қысқа ақшалар нарығы ретінде қарастыруға болады.
Осылай, банкаралық несиені бір банктің басқа банкке жеделдік, қайтарымдылық, ақылық шартпен берілетін несиесі ретінде қарауға болады. Банкаралық несие коммерциялық банктердің қалыптасу кезеңінде несие ресурстарының негізгі көзі болды. Бос несие ресурстары, әдетте салмақты несиелік саясатын жүргізетін банктерде болады.
Банкаралық несие нарығы несие ресурстары банкаралық несие және банкаралық депозиттер түрінде сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының ең ірі сегменттеріне жатады.
Несие ресурстарының нарығы қаржы нарығының басқа сегменттерінен өзінің коммерциялық банктерге қызмет көрсету әмбебаптылығымен ерекшеленеді, өйткені әр түрлі банк операцияларымен байланысты банкаралық қатынастарды сипаттайды. Соған қоса, ол коммерциялық банк баланстарының өтімділігін сақтау мен корреспонденттік шотты толықтыруға және қаржы нарығының басқа да тиімдірек сегменттерінде белсенді әрекет ету үшін қажетті ең оперативті қаражат көзі болып табылады.
Банкаралық несиемен қаржы нарығының 1 -ден 7 күнге дейінгі мерзімге несие берілетін қысқа ақша секілді нарықтар да байланысты. Осылай бір күндік несиелер (пайдалану мерзімі бүгіннен ертеңге дейін, ертеңнен бүрсігүнге дейін, бүрсігүннен одан әрі бір күнге, овернайт) банкаралық несие нарығында шешуші роль атқаратын болды. Сонымен бірге апталық (бүрсігүннен бір аптаға), екі, үш, төрт апталық несиелер де қолданылады. Оған қоса біздің елде 0,1жыл, 2 және 3 жылға берілетін біріккен несиелер пайдаланып жатыр.
Бұл несиелердің тартымдылығы олардың ұзақ уақыт бойы арзан несиелік ресурс ретінде болғандығымен түсіндіріледі. Несиелік ақшалар сатып алушыларға да, сатушыларға қолайлы болды.
Банкаралық несиенің қалыптық сипаттамасын қарастырғанда, оның жеке жағдайына, яғни қамтамасызетуші қарызға назар аударамыз. Бұл қайтарымдылық, төлемділік шартымен берілетін, кепілзатпенқамтамасыз етілетін және тағайындалуы бойынша жұмсалатын банкаралық несие мерзімі бірден 30 күнге дейін беріледі. Егер қарыз беруші немесе банк қарызды мерзімнен бұрын қайтарып алғысы немесе қайтарғысы келсе, аталмыш несие келісімшартта көрсетілген мезімге дейін қайтарылуы мүмкін.
Екінші деңгейдегі банктерде осындай несиені қамтамасыз ету үшін негізінен бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қағаздар секілді қаржылық институттар пайдаланылады.
Банкаралық несиелеу кезіндегі қолданылатын санаттар, кейбір ерекшеліктерді ескермегенде, банктердің өз клиенттерін несиелеу кезіндегісіне ұқсас.
Мысалы, халықаралық тәжірибеде рrice drawing credit - банкаралық пайыздық қойылым сияқты ұғым пайдаланылады. Мұны банкаралық несие нарығындағы несиенің пайыздық қойылымы деп атайды.
Әдетте, нарықтағы негізгі неселеушісі елдің Орталық Банкісі (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі) болып табылады. Коммерциялық банктер басқа коммерциялық банктердің қарыз алушы немесе несие беруші ретінде болады. Әдетте, қаражаттарды қарызға беру бір реттік несие келісімшарты негізінде немесе басқа банктерде депозит орналастыру түрінде жүргізіледі.Банкаралық несие нарығы жұмысының бүкіл тарихындағы мәселелер домино әсеріне саяды. Бұл қаржылық теріс әсер банкаралық нарықта, бір немесе бір жүйеге байланысқан бірнеше банктердің несиені қайтару шартын орындамау кезінде, орын алады.Әлемдік қаржы жүйесінде банкаралық несие нарығының қойылымдарын ажыратады. Несие бойынша пайыздық қойылымды анықтау. Төленетін сомманың көлемін (өсірілген) қарапайым пайыз қойылымын қолдану арқылы анықтау:
А. Z = K + V = K + m ' y ' K100 = K (1 + m ' y100),

мұндағы Z - несиенің өсірілген соммасы,
K - берілген қарыздың көлемі,
V - m жылға төленген пайыздық ақшаның соммасы, (егер m1 болса, күнмен есептелген несие мерзімін 360-қа бөлу керек ),
y(%) - пайыздың жылдық қойылымы,
m - пайыздыр төленетін мерзім.
ЛИБОР негіздік қойылымы - бұл банкаралық нарықтағы депозиттер үшін әлемдік валютамен (доллармен, евромен, швейцарлық франкпен) берілген ұсыныс қойылымы, пайыз есептеудің әрбір кезеңі үшін есептеу Кезеңінің бірінші күнінде (немесе бастапқы есептеу кезеңі кезіндегі пайыздық төлем күніне не пайыз есептеудің осындай кезеңінің күнінде, не болмаса пайыздық есептеудің бірінші күнінің алдында болатын келесі күнінде) бағаланады және банкпен негізді анықталынып, жылдық пайыздар ретінде көрсетіледі.
Банк қарыз алушыны, пайыз есептеудің әрбір кезеңі үшін анықталынатын ЛИБОР негіздік қойылымы және ЛИБОР жиынтық спрэды туралы хабардар етеді.
ЛИБОР" жиынтық спрэды - пайыздарды есептеудің әрбір кезеңі үшін: (а) бір пайыздың жартысы (%-дан 12); (b) теріс (немесе оң) пайыздарды есептеу кезеңі үшін орташа маржасы, Банктің төленбеген қарыз қаражаттарына немесе бірвалюталы несиелерді, Банкпен негізді анықталатын және жылдық пайыздар ретінде көрсетілетін несие бөліктерін қаржыландыруға Банкпен бөлінген қарыз қаражаттарының бөлігіне қатысты алты айлық депозиттері бойынша қойылымдарынан немесе Лондондық банкаралық ұсыныс қойылымынынан төмен (немесе жоғары).
Қысқа мерзімді ресурстардың банкаралық нарығындағы тұрақтылық пайыздық қойылымдар шегін ұстап тұруымен анықталынады. Іс жүзінде бұл Ұлттық банктің белгілі бір шарттармен немесе белгілі бір қойылымдармен overnight несиелерін береді немесе қабылдауымен асырылады. Шектің жоғарғы жағы репо мәмілелерімен қамтамасыз етіліп, ал төменгі шекарасы біркүнгі депозиттер бойынша Ұлттық банк қойылымдарымен қамтамасыз етіледі.
Банкаралық несие нарығының қатысушыларының құрамына қаржылық жағдайдың өзгеруіне байланысты өзінің операцияларын үнемі жүргізбейтін банктер кіреді. Банкаралық несие нарығының ең белсенді операторлары - өз атынан және өз есебінен әрекет ететін дилер-банктер, олар қарыз алушы немесе кредитор ретінде болуы мүмкін. Олардың табысы - пайыздық маржа, яғни қаражаттарды орналастыру мен тарту қойылымдарының арасындағы айырмашылық. Оперативті жүйелерді, мысалы REUTERS DEALING 2000, қолдану мәмілелерді оперативті жасаудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді: банктер стандартты ақпаратты (ағымдағы бағамдар, шарттар, басқа да анықтамалық деректер), сонымен қатар мәмілелерді жасаудың белгілі бір құралдарды алады. Оперативті жүйелерді пайдаланудан түскен табыс есептеуге қатысушылардың абоненттік және коммисиондық төлемдерден құралады.
Банкаралық несие нарығы - коммерциялық банктердің несие ресурстарын толықтыру көздерінің бірі және өзінің өтімділігін реттеудің оперативті құралы.
Коммерциялық банк басқа банктің несиесін тікелей немесе делдал(басқа банк, қор биржасы, брокерлік кеңсе) арқылы алуы мүмкін. Банкаралық несие - қымбат несиелік ресурс, бірақ депозиттерге қарағанда, оларға резервті талаптар қойылмайды, сондықтан банкке алынған банкаралық несиенің соммасын толығымен табысты салымдар үшін қолдануға болады. Несиелік ресурстардың бағасы - NIBK нарығындағы несие бойынша пайыздық қойылым - ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады. ТМД -дағы Банкаралық несие жағдайы туралы төменде көрсетілген арнайы көрсеткіштер ақпарат береді:
MIBOR (Moscow Interbank Offered Rate) - сату бойынша ұсыныстың орташа қойылымы, MIBID (Moscow Interbank Bid) - сатып алу бойынша ұсыныстың орташа қойылымы.
MIACR (Moscow Interbank Actual Credit Rate) - банкаралық несие бойынша орташа нақты пайыздық қойылым. Жоғарыда аталған көрсеткіштер Қазақстанның ірі банктері - банкаралық несие нарығының қатысушылары бойынша есептеледі.

1.2 Банкаралық несие нарығының даму тарихы

Банкаралық несие нарығының пайда болу тарихын қарастырғанда банкаралық корреспонденттік қатынастардың бастау көзіне назар аудару керек. Банкаралық есептер, қаражатты төлеуші мен алушы әр түрлі банктермен пайдаланған жағдайда, сонымен қатар қолма-қол ақшаны өзара несиелегенде және орын ауыстыру кезінде, пайда болады. Өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылықта қолма-қолсыз есеп айырысу банктер арасындағы өзара есеп айырысуларды тудырады.
Төлемдік механизм - нарықтық экономика мен банкаралық несие нарығының негізгі құрылымдарының бірі. Ол шаруашылық жүйедегі заттар алмасуын қамтамасыз етеді және оның үздіксіз жұмысынан экономикалық институттар істеуінің жалпы тиімділігі тәуелді болады.
Көбінесе банктермен жүргізілетін ақшалық операцияларда қоғамдағы экономикалық қатынастардың барлық түрі дерлік орын алады. Бұл өз кезегінде банктер арасындағы - банкаралық есеп айырысуларынсыз мүмкін емес, шаруашылық байланыстардың кең таралуына, үлкен территориялық алшақтыққа және басқа да бір қатар алғышарттарға тәуелді.
Жоғарыда айтылған төлемдік механизм Қазақстан Республикасында да осы жолмен дамып, кейінен банкаралық несие нарығының негізіне айналды. КСРО-да және Қазақстанда банкаралық есеп айырысулар клиринг негізінде болды, олар Мемлекеттік банктің есептік бөлімшелермен жүзеге асырылып, қатысушылары ретінде Мемлекеттік банктің бірқалалық мекемелері мен басқа несиелік мекемелер болды.
КСРО кезінде есептік бөлімшелер маманданған банктердің құрылуына 1922 - 1923 жылдарда байланысты құрыла бастады. Сол кезде олар КСРО Мемлекеттік банкінің, маманданған банктер мен жинақтаушы кассалардың өзара талаптарын есептеуді жүзеге асырды, төлемдік құжаттардың күнделікті алмасуын жүргізді, есептеуге қатысушыларға ағымдағы, өзара есеп айырысудың қорытынды сальдосы көрсетілетін, шоттарды ашты. Есептеу бөлімшелерінің операциялары дамудың жоғарғы шегіне 1926 - 1928 жылдарда жетті.
1930 - 1932 жылдарда жүргізілген несие реформасы нәтижесінде несие жүйесінің құрылымында және оның буындарының кейбір функцияларының сипатында өзгерістер енді. КСРО Мемлекеттік банкіндегі кассалық операцияларды, қысқа мерзімді несиелеу мен шаруашылық нысандар арасындағы есеп айырысулар бойынша операциялардың түгел дерлігін, төрт маманданған банктерде (Өндіріс-құрылыстық банкісінде, Ауыл шаруашылық банкісінде, Сауда банкісінде) ұзақ мерзімді салымдар операцияларын, қапиталды салымдарды және мердігерлік ұйымдарды несиелеу және қаржыландыру бойынша операцияларды орталықтандыру - осының бәрі бұл банктер арасындағы есеп айырысу кезіндегі клиринг (оның әдеттегі мағынасында) әдісін қолдануды керексіз етті.
Елде іс жүзінде бірегей мемлекеттік банк болғандықтан, бұл клиринг жалпы мемлекеттік сипатта болды. Банктік мекемелер арасындағы филиаларалық айналымдар шоттары арқылы өзара есептеулер шаруашылықтағы өзара есептеулермен қоса жүргізілмеді. Отандық банкілік тәжірибеде шаруашылық нысандар арасында есеп айырысудың өзара талаптар мен міндеттерге негізделген түрлері қолданылды: тұрақты әрекет ететіндер - өзара есеп бюросы, орталықтандырылған өзара есеп бюросы арқылы, орталықтанбаған тәртіпте қарсы талаптарды есепке алу жолымен салааралық және салаішілік есептеулер, бір реттік - жыл соңындағы салаішілік, әсіресе салааралық есепке алулар.
Филиаларалық айналымдар типті шоттарды қолдануы бар мұндай схема Құрылыс банктің мекемелері арасындағы, сонымен қатар жинақтаушы кассалар жүйесінің ішіндегі өзара төлемдерде де пайдаланылды. Шоттары басқа қалалардың филиалдарында орналасқан жағдайда, филиаларалық айналымдар банктік мекемелердің өз клиенттерінің Қаражаттарын, аудару кезінде қолданылды. Филиаларалық айналымдар негізгі бөлігі шаруашылық нысандардың тауар жеткізу, қызмет көрсеу, мемлекеттік бюджеттің кассалық орындау, банктердің эмиссия-кассалық операцияларан және бюджеттік емес қаражаттарды қалыптастырды және пайдалану бойынша қолма-қолсыз есеп айырысуларымен байланысты болды.
Филиаларалық айналымдар арқылы есеп айырысулардың жақсы жағы - олар жақсы ұйымдасқан және белгілі дәрежеде банктердің бухгалтерлік аппаратын тәртіпке келтірді, өйткені ол ерекше дәл ұйымдастыруды және қатаң бақылауды талап етті. Әрине, филиаларалық айналымдар бойынша құжаттарды қолмен өңдеу кезінде Филиаларалық айналымдар есепке алу және бақылау бойынша операциялар банктердің есептік-операциялық жұмыстар көлеміндегі үлесі салмақты.
Болашақта, банктердің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету, қызмет нәтижесіне олардың нақты ынталылығын және жауаптылығын көтеру, шаруашылық (коммерциялық) есеп айырысудың принциптерін банк бөлімшелеріне дейін жеткізу көзделді.
Берілген есеп айырысулар жағдайында маманданған банктер мекемелері іс жүзінде Мемлекеттік банктің ресурстарын автоматты түрде жұмылдырды, сонымен қатар бір-біріне ресурстарды несие ретінде, бар-жоғына қарамастан автоматты түрде беріп отырды. Берілген несиелер иесіз, мерзімсіз және ақысыз болды. Нәтижесінде, Мемлекеттік банк ақша айналымын реттеу және банктер қызметін бақылау мүмкіндігінен, әсіресе пайыздық қойылымдар мен міндетті резервтер нормасын өзгерту, активті және пассивті операциялар сияқты экономикалық әдістерден айырылды. Мұның барлығы өз кезегінде қайта-құрудың (1988-1990 жж.) алғашқы жылдарында жүргізілген ақша-несие саясатының нәтижелілігін жоққа шығарды.
Сондықтан сол уақытта банк жүйесінің, халық шаруашылығын ақша-несиелі реттеудің қазіргі заманғы әдістерін жұмылдыруға болатын түрлендірулер қажеттілігі туды. Елде банктердің шетелде кең таралған екі деңгейде ұйымдасқан құрылымы құрыла бастады.
Қазіргі уақытта қазақстандық банктер несие бойынша, басқа банктерде ашылатын корреспонденттік шоттар қолданылатын есеп айырысуларды кең пайдаланбайды. Банкаралық несие нарығындағы несие операцияларын өткізуде банктер тәжірибесінің жетіспеуі, техникалық жабдықталуының төмен деңгейі, ақпарат беру арнайы арналарының болмауы банкілік есеп айырысулар үшін үлкен мәселе болып табылады.
Бұл тектес қатынастар банктер мен клирингтік палата типті арнайы банкаралық ұйымдар арасында болуы мүмін. Корреспондеттік қатынастардың бір түрі болып әр түрлі банктер арасындағы қатынастар табылады.
Бүгінгі күнгі банкаралық есеп айырысудың механизмі жағдайында банктер өзара есеп айырысуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің мекемелеріндегі корреспонденттік шоттар арқылы жүргізуді қалайды.
Әдетте, ұсақ банктер өзінің корреспонденттік шоттарын ірілеу банк мекемелеінде ашады. Соңғылары өздерінде кішірек банктердің банкаралық депозиттер ашуы үшін өзара бәсекелесте болады. Ірі банктер де бір-бірінде депозттік шоттар ашу арқылы өзара осындай қатынаста болуы мүмкін. Корреспонденттік қатынастардың дамуы банкке жаңа банк бөлімшесінің ашылуына ұқсас бір қатар артықшылықтар береді. Сонымен бірге банк өзінің заңды дербестігін және жүргізілетін операцияларды бақылауын сақтайды.
Корреспонденттік қатынастарды, әсіресе шетелдік банктермен орнату шегінде екі жақ та әріптес-банктің ауқаттылығына және сенімділігіне назар аударады. Қарыз алу туралы өтініш хатымен бірге барлық керекті құжаттар қосылады: банк қызметі туралы есеп беру, оның жарғысы мен белгілі бір операцияларды жүгізуге лицензиялар. Корреспонденттік қатынастар алмастыру хаттары немесе сәйкес банкілік операциялардың атқарылу тәртібі мен шарты қарастырылатын арнайы корреспонденттік келісім қорытындысы ретінде рәсімделеді. Корреспондентік келісімшартар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының банкілік жүйесіндегі банкаралық несиелер банктер арасындағы есеп айырысудың екінші (орталықтандырылған) нұсқасына бағытталады. Мұндай есеп айырысуларды осы мақсатта арнайы құрылған нысандар Ұлттық Банктің Оперативті Басқармасы орындайды. Банкаралық несиелер бойынша есеп айырысудың төмен сапасының негізгі себебі есеп айырысуға қатысушылардың (кәсіпорындар, банктер, Ұлттық Банктің облыстық басқармалары) техникалық жабдықталу деңгейінде артта қалушылық болып табылады. Банкілік ақпаратты беру мен өңдеу жүйесін ЭЕМ негізінде жүргізу мәліметтерді байланыс арналары арқылы жіберу мүмкіндігінен айырады, сенімділігі төмен және эксплуатациясы көп шығын келтіреді.
Банкаралық несиелер тәжірибесіндегі есеп айырысу механизмін реформалауды өзгерткеннен кейін де Ұлттық банктің облыстық басқармаларында жаңылыстар мен төлемдердің кешігуі байқалады.
Бір себебі болып шаруашылықтар арасындағы есеп айырысулардың ескішіл қағаздық технологиясы табылады. Есеп айырысу кезіндегі негізгі төлем құжаттары ретінде, жалпы алғанда төлем айналысының 90% аса құрайтын төлем тапсырмасы болады.
Осындай есеп айырысулардың жоғары еңбек сыйымдылығымен қатар оларды орындау кезінде түрлі қателіктердің болуы мүмкін. Бұл қателіктер аралық буын - Ұлттық банктің облыстық басқармасы арқылы есеп айырысу кезінде жиіледі. Белгілі бір кедергілер есеп айырысу тәжірибесінде келісімдік, қаржылық, төлемдік тәртіптің төмендеуімен сыйыспайтын төлем тапсырмаларының кейінгі акцептісінің болуымен байланысты пайда болды.
Банкаралық несиелердегі жоғарыда аталған бұзушылықтар негізінен Ұлттық Банктің Облыстық Басқармаларының жаман жұмысына қатысты. Бірақ кейбір жағдайларда олар банктердің өздерінен болады.
Банкаралық қарыз бен құжат айналымын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында есеп айырысудың бекітілген ережелерін бұзғаны үшін жазалау шараларының шеңберін кеңейту керек. Әсіресе, зардап шеккен жақтың пайдасына қазір қолданып жүрген уақытылы емес аударымдар кезіндегі әрбір кешігу күніне төленетін айыппұл ғана емес, соған қоса осы уақытта жоғалған кірістің соммасын сот тәртібімен өндіріп алынуы керек.Қолданылып жүрген банкаралық несиелер жүйесінің сипаттамасына қысқаша резюме жасайық. Клиенттер арасындағы есеп айырысу қатынастары, сонымен қатар банкаралық несиелер бойынша операцияларды есептеуде кемінде банктердің бес ішкі жүйелерді өзіне жатқызады.
Банктің осы аймақтың банктерімен орналасу аймағындағы тікелей есеп айырысулары аймақтық (аймақаралық) ақпарат орталығы арқылы. Ұлттық Банктің Облыстық Басқармалары арқылы банктің орналасу аймағынан тыс орналасқан немесе осы аймақта орналасқан бірақ тура есеп айырысудың қатысушысы болып табылмайтын банктермен есеп айырысулар жақын шетелдің Ұлттық Банктерінің Облыстық басқармалары арқылы. Бас банк арқылы оның филиалдарын бас банктің өзімен басқа филиалдардағы ресурстарды қайта бөлу корреспонденттік шоттарды пайдаланумен несиелеу жүргізіледі: жақын шетелде; алыс шетелде.
Осылай, банктердің қажетті несиелерді артығымен төлеп тастаудың мүмкіндіктері жетерліктей кең. Басқа жағынан, алуан түрлі корреспонденттік қатынастар кезінде пайдаланатын әр қилы шоттарды басқару банк үшін үлкен мәселеге айналады.Жалпы алғанда, жүйе әсіресе есеп айырысуды жүргізудің алғашқы кезеңінде күрделілігімен, көп буындылығымен, үлкен еңбек сыйымдылығымен жеткіліксіз сенімсіздігімен ерекшеленеді. Бүгінде ҚР банкаралық несие нарығындағы несиелердің осы сипаттары ел экономикасындағы төлемдер жүргізуде елеулі кемшіліктерге себеп болды.Қазіргі кезде Қазақстанда банкаралық несие жетерліктей кең қолданылады. Ол банк арасында несиелік ресурстарды сату-сатып алу туралы келісімшартты жасау кезінде пайда болады.
Банкаралық несие нарығы дамуының алғашқы кезеңінде 90 жылдардың басында ҚР-да несиелік ресурстардың аукцион арқылы жұмылдырылды. Аукцион арқылы сатылатын ресуртар көлемінің өсуі (2005 жылдан 2008 жылға дейін 78 аукцион өткізіліп, 5,3млрд. тг. соммаға несиелер ұсынылды), оларға коммерциялық банктердің қатысуына жіберу шарттарын өзгерту және сырт аймақтағы банктерді қосу банкаралық несие нарығының қалыптасуына қажетті шарттарды құруға көмектесті.Қысқа банкаралық несиелерінің ұйымдасқан нарығы, орталықтандырылған несиелеу Қазақстандағы несиелік саясатының басты құралы болудан қалған кезде, 1995 жылда іске қосылып, Ұлттық Банктің бағалауы бойынша 1996 жылдың басына дейін қарқынды өсті.

1.3 Банкаралық несиелеудің шетелдік тәжірбиесі

Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қоры 1944 жылы Бреттон-Вуд институттары атымен құрылды және 182 ел өкілдерімен (1999 жылдың қаңтары) басқарылады. Бұл халықаралық қаржы институттары елдерге несие беріп, әлімдік валюта жүйесінің жұмыс істеу принциптерін жобалайды, валюта-несиелік және қаржылық қатынастардың мемлекетаралық реттеуін жүзеге асырады. Олардың штаб-пәтерлері Вашингтонда орналасқандықтан, АҚШ-қа, ХВҚ-да 17,5% және ВБ 14,96% дауыс квотасы бар, жетекші акционер ретінде бұл ұйымдардың саясатына әсер етуге мүмкіндік береді.
Евровалютті нарықтың тууымен және өте күрделі коммуникациялық технологиялардың дамуымен байланысты ақша ағындары бүкіл дүние жүзі бойынша, бұрын ойлап көрмеген, көлемде және жылдамдықпен жылжи бастады. Сондықтан корпорациялар мен депозитті мекемелер басқа елдерде болған, пайыздық қойылымдардың сәл өзгерулерін құралдардың қозғалуы жолымен сезінеді. Бұл қозғалатын құралдаррдың үлкендігі сондай, пайыздық қойылымдардағы сәл айырмашылық құралдар аударылуының шығындарын ақтайтындай, едәуір пайда әкеле алады.
Евродолларларды сату евровалютті нарықта жетекші ретінде қала берді. Соған қарамастан, әр түрлі валюталардағы сан алуан қаржылық активтердің болуы және пайыздық қойылымдардың алуан түріліліг әр түрлі елдердегі пайыздық қойылымдарды салыстыруды қиындатты. Сондықтан, сауда қатысушылары авровалютті нарықтағы қарыздар бойынша пайыздық қойылымдарды лондондық банкаралық депозиттер нарығының (London Interbank Offer Rate, LIBOR) ұсыныс қойылымдары негізінде, оған қоса белгілі пайыз орнату туралы келісімге келді. LIBOR - лондондық алты ірі банк несиелер беретін немесе депозиттер қабылдайтын және нарықтық таңертең, нарықтық операциялар басталғанда орнатылатын пайыздық қойылым. Евровалютті нарықтағы депозиттер бойынша пайыздық қойылым әдетте LIBOR немесе еркін айналыста болатын АҚШ-тың депозитті сертификаттарына сілтеме жасалып жарияланады. Мұндай келісім пайыздық қойылымдарды өлшеуді жеңілдетті.
Халықаралық банк қызметтерін енгізу және дамушы мемлекеттерге несие көлемін арттыруға бағытталған АҚШ үкіметінің әрекеттері евровалюттік нарық арқылы басқа елдерді несиелеуде американдық банктердің кірісушілігін жеделдетті. Бұл несиелердің көпшілігі сондицирленген (syndicated loans)болып табылады, яғни олар банктердің үлкен емес тобымен беріледі және содан кейін қарыздың бір бөлігі басқа банктерге банкілік консорциумге шақыру ретінде сатылады.
Америкадық банктердің евровалютті нарықта 1980-ші жылдары берілген көптеген халықаралық несиелермен жұмыс істеу тәжірибесі айтарлықтай үлкен болған жоқ. Көптеген банктер, болжамдарына қарамастан евровалютті нарықтың белсенді кредиторларына айналмады. Бұл банктердің көпшілігі осындай несиелердің жоғары табыстылығын болжады. Оған қоса, олар 1980-ші жылдардың басындағы мұнай бағаларының төмендеуін күтпеді, бұл көптеген дамушы елдерге теріс әсерін тигізді және банк портфелінің тәуекелін әртараптандыруына, болжағаннан әлдеқайда төмен үлес қосты.

2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1 Банкаралық несие нарығындағы келісімдер

Банкаралық несие нарығындағы келісімдер көбінесе ұзақ мерзімді болады және ішкі валюталық жәненесиелік мәмілелер ақша нарығындағы операцияларды жүзеге асыратын ортақ шарттар жайлы бас келісімнегізінде жасалады. Қазақстан тәжірибесінде банктер банкаралық несиені банктік несие сияқты қамтамасыз етусіз-ақ береді, қайтарымдылықтың бірегей кепілі болып несиелік келісім табылады.
Мәмілелер қолма-қолсыз шетел валютасын сатусатып алу операциялары (конверсиондық мәмілелер) бойынша мәміле - валюталық дилингпен айналысатын REUTERS DEALING-2000 жүйесі арқылы жасалады. Бүгінгі байланыс құралдарын пайдалана отырып, мәмілелерді тез арада жасауды және бос несие ресурстарын банктер арасында жедел қайта бөлуді қамтамасыз етеді.
Кредитор банк пен қарыз алушы банктің өкілетті қызметкерлері (дилерлер) келіссөздер жүргізеді, сонымен қатар, телефон, телефакс, REUTERS DEALING-2000 жүйесі арқылы мәмілелер жасайды. Қаражаттар есеп айырысу жүргізілетін есеп айырысу-касса орталығының біріндегі, клирингтік орталықтағы немесе банктегі теңгені алатын тұлғаның корреспонденттік шотына түскенде несие алынды деп есептеледі.
Қызметті рәсімдеу мен жүзеге асыру үшін екі жақ бір-біріне келесі құжаттарды ұсынады:
oo құрылтай құжаттарының нотариалды кепілдендірілген көшірмесі (құрылтай келісім-шарты, жарғы);
oo банктік операцияларды жүзеге асыру лицензияларының нотариалды кепілдендірілген көшірмесі;
oo банк өкілетті қызметкерлерінің қолтаңбалары қойылған карточканың нотариалды кепілдендірілген көшірмесі;
oo банк өкілетті қызметкерлерінің қолтаңбасы қойылған және мөр соғылған 2-ші тізім шоттары бойынша кеңейтілген баланс және соңғы есеп беру мерзіміндегі нормативтердің есебі;
oo банктің мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің нотариалды кепілдендірілген көшірмесі.
Әрі қарай, келісімнің жүзеге асырылу мерзімі бойында екі жақ біріне-бірі баланстар мен экономикалық нормативтер ұсынады. Банкаралық несие алу туралы ұсынысты (офертаны) қарастырған кезде кредитор қарыз алушыдан қолтаңба қойылған және мөр соғылған соңғы есеп беру мерзіміндегі балансты талап етуге құқығы бар.
Екі жақ мәмілелерге қатысты ақпараттарды құпияда ұстауға міндеттеледі және электронды түрде берілген құжаттардың түпнұсқаға сай заң күшін мойындайды.
Уақытша бос қаржы ресурстары немесе несие қаражаттарын тарту қажеттілігі болған жағдайда екі жақ дилерлері байланыс жүйесі арқылы мәміле жасау туралы келесі талаптар көрсетілген ұсыныс (аферта) жібереді:
oo банкаралық несие соммасы және валютасы;
oo пайыздық қойылым және пайыздарды өтеу мерзімі;
oo қаражатты сәйкес корреспонденттік шоттарға аудару мерзімі (валюталау мерзімі);
oo сәйкес төлемдерді жүзеге асыру ережелері;
oo бас келісімнің мерзімі мен нөміріне сілтеме.
Офертаны жіберген жақ (оферент) басқа жақтың (акцептант) жауабын қабылдап алған кезде мәміле жасалды деп есептеледі. Мұндағы мәміле жасауға келіскен жақ ұсынылған талаптардан ауытқитын болса, онда бұл акцепт ретінде саналмайды. Бұл жауап акцептен бас тарту және жаңа оферта болып саналады. Кредитор банкаралық несиені ұсынғанда қарыз алушының талабы бойынша жүзеге асырылғаны жайлы белгісі бар төлем тапсырмасының көшірмесін факс арқылы жібереді. Қарыз алушы өз кезегінде мерзімді міндеттемені жібереді де, қаражатты қайтаратын күні несие мен есептелген сыйақы мөлшері өтелген төлем тапсырмасының көшірмесін факс арқылы қайта жіберуге міндет алады. Мерзімді міндеттеме жасалған мәмілені растайтын құжат болып табылады. Қорларды сатып алу ұсыныстарының түпнұсқалары мен мерзімді міндеттемелер кредитордың бірінші талабы бойынша ұсынылады.
Мәміле жасалғанда дилерлердің келісімі бойынша несиені пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшері банкаралық несиені пайдаланған әр күнтізбелік күнге, қаражатты қарыз алушының корреспонденттік шотына аударған мерзімнен бастап кредитордың корреспонденттік шотына қайта аударған мерзімге дейін есептеледі. Сыйақы мөлшері мерзім соңында Банкаралық несие сомасымен бірге немесе басқа шарттар бойынша төленеді. Банкаралық несие бойынша пайыздық қойылымдар көбінесе қалқымалы, белгілі бір пайыздық қосымшасы бар MIBOR қойылымымен байланысты болады.
Бас келісімшарт шегінде банкаралық несие мерзімін ұзарту (пролонгация) қарастырылмайды. Өзара келіскен жағдайда несие ресурстарының кешіктірілуі кредитор қарсы болмағанда жүзеге асырылу мерзімі сыйақы мөлшері міндетті түрде өтелуі тиіс ескі мәміленің аяқталу мерзімімен сәйкес келетін жаңа мәміле ретінде рәсімделеді.
Банкаралық несие мерзімі аяқталған кезде бір сомамен өтеледі. Егер қарыз алушының несие бойынша өтеген қаражат мөлшері несие және оған есептелген сыйақы мөлшерін жабуға жеткіліксіз болған жағдайда кредитор қарыз алушының төлеген қаражаты есебінен төлем тапсырмасында көрселген тәртіптен тәуелсіз біріншіден, мерзімі ұзап кетуі бойынша айыппұл сомасын, одан кейін банкаралық несие бойынша негізгі пайыздарды, ал қалған соманы банкаралық несиені өтеуге құқылы.
Егер банкаралық несие қайтару мерзімі жұмыс күніне түспесе, онда жұмыс күнінен кейінгі алғашқы жұмыс күнінде қайтарылады. Банкаралық несие қолданғаны үшін сыйақы бойынша есеп айырысу банкаралық несие нақты пайдаланған мерзім бойынша жүзеге асырылады. 30-дан 90 күнге дейінгі несиелеу кезінде есептелген сыйақы сомасы ай сайын белгілі бір күннен кешіктірілмей тең үлеспен өтеледі.
Банкаралық несие толығымен немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтару кредитордың жазбаша түрдегі келісімімен рұқсат етіледі. Банкаралық несие толығымен немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтару кредитордың жазбаша түрдегі келісімінсіз жүзеге асырылған жағдайда жасалған мәміле бойынша несиені пайдаланудың барлық периодына есептеледі.
Банктер әріптес-банктердің қызметін рейтинг бойынша да бағалай алады. Рейтинг - банк қызметінің арнайы көрсеткіштері. Рейтинг негізінде коммерциялық банктерді белгілердің төмендеу деңгейіне байланысты белгілі бір кезекпен топтастыруға мүмкіндік беретін жалпыланған сипаттама жатыр. Банк қызметін қадағалау органдары рейтингтерді банктің есеп беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкаралық несиелерді ресімдеу
Банкаралық несие
Қазақстандағы несие жүйесінің дамуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ САРАПТАМАСЫ
Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері
Қазіргі таңдағы валюталық нарық дамуының негізгі тенденциялары
Төлем жіберуші банк
КСРО Агроөнеркәсіп банкі
Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясаттың дамуы
Төлем жүйесінің мәні, ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері
Пәндер