Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі міндеттері, сайлау тәртібі



Жоспар

Кіріспе

1. Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері
2.Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі міндеттері, сайлау тәртібі
2.1.Мәслихат аппаратының құрылымы
3. Жергілікті өкілді органдардың құзіреті, қабылдайтын актілері

4.Жергілікті органдар құзіретін жүзеге асыру нысандары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Басқару-мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың екінші жартысынан тастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырады. Түрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреуі алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талондық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен көптеген мемлекеттердің айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол
Қолданылған әдебиеттер

1. ҚАЗАҚСТАН Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы-Казақстан – 2030// Егемен Қазақстан 1997г. 11 қараша.
2. Қазақстан республикасының “ҚР мемлекеттік жергілікті басқару туралы” заңы”. Егемен Қазақстан 23.01.2001ж.
3. 2002-2006 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасының аймақтық саясат қағидалары. Астана қаласы, 2001 ж.
4. Махмутова М.”Системы местного самоуправления в Казахстане”. М: 2001г.
5. Арбатов А.”Механизм регулирования развития регионов.” Экономист, N12,2001г.
6. Анимица Е.Г. ”Основы местного самоуправления” Учебник: М. Финансы и статистика. 2001.
7. Концепция интеграции научных учереждений и ВУЗов с наукоемкими производствами // Наука Казахстана. 1999г. 1-15 января.
8. Указ президента Республики Казахстан от 11.03.1996г. О мерах по совершенствованию системы государственного управления наукой в Республике Казахстан // Казахстанская правда. 1996г. 13 марта.
9. Баймуратов У.Б. Эффективность технического прогресса в промышленности Казахстана – Алматы.1973г. – 200с.
10. Герчикова И.Н. Менеджмент – М. Банки и биржи, изд Объединение ЮНТИТ. 1995г.-480с.
11. Дедов А.Г., Сафанова И.А. Основные направления химизации экономики капиталистических стран – М.: Химия. 1988г.-250с.
12. Завин П.Н., Казанцев А.К. Инновационный менеджмент (справочное пособие).- М.:Центр исследований статистики и науки. 1998г. -495с.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі міндеттері, сайлау тәртібі

Жоспар

Кіріспе
1. Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері
2.Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі міндеттері, сайлау тәртібі
2.1.Мәслихат аппаратының құрылымы
3. Жергілікті өкілді органдардың құзіреті, қабылдайтын актілері

4.Жергілікті органдар құзіретін жүзеге асыру нысандары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Басқару-мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың
барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол
жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық
деңгейлерге тән. Басқару – процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып,
табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және
қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған
байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік
экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы
дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың
екінші жартысынан тастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай ақ Қазақстан
қоғамдық саяси ахуал қарама қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық
тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының
мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын
алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама қайшылығын
үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей берекет пайдалануына мүмкіндік береді,
мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырады.
Түрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында
болды. Кеңестік жүйенің күйреуі алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру,
талондық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті 1993
жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен
көптеген мемлекеттердің айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу
жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол
еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық
дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді
және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы
алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан
мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және 1993 жылы Республиканың Ата
Заңының қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында
қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында
қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
конституциялық заң еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында айрықша орын
алады.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси экономикалық
процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің
негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың
маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт Республика дербестігінің экономикалық
алғышарты мен өмір тіршілігін басқаруды барлық сферасын анықтайды. Атап
айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінң негізі: жерге, оның
қойма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен
жан жануарлар әлеміне, тарихи , мәдени құндылықтарына, өндірістік және
өндірістік емес обьектілігіне деген төтенше меншігі.

1. Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері

Жергілікті мемлекеттік басқару –жергілікті өкілді және атқарушы
органдар осы заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленген құзірет
шегінде тиісті аймақта мемлекеттік саясатты жүргізу және оны дамыту
мақсатында жүзеге асырылатын әрі тиісті аймақтағы істің жай күйіне жауапты
қызмет. Басқару саласында жергілікті басқару мәселесі өзекті екенін
басшылыққа ала отырып, елімізде екі заң жобалары ұсынылды: біріншісі-
“Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”,
екіншісі- “Қазақстан Республикасы ндағы өзін-өзі басқару туралы”.
Бұл құжаттар көптен күткен, әлеуметтік-экономикалық басқаруды одан әрі
қарай жетілдіретін әдістемелік негіздердің бірі деп ұғынғаны дұрыс.
Бірінші заң Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес жергілікті
мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті
өкілді және атқарушы органдардың құзретін, қызметтің ұйымдастырылуын,
тәртібін, сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгіледі.
Заңда бірқатар анықтамалар бергенСонымен бірге өзін-өзі қаржыландыру
мәселесі де қарастырылған. Заңның үшінші бабында деп жазылған: жергілікті
мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін:
жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, Қазақстан
Республикасы заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік
құрайды.
Басқару тұрғысынан алғанда маслихаттардың құзыреттері орынды
көрсетілген. Оған дәлел: заңда жазылғандай мәслихаттардың құзыретіне тиісті
аймақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаоарын,
жергілікті бюджетті және олардың атқарылуын бақылануы.
Ұғыну барысында екі заңның айырмашылығын білу өте қажет. Біріншісі,
Заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екіншісі, жергілікті өзін-
өзі басқару туралы. Соңғысы, жергілікті басқару органдарына емін-еркін
бостандық беру негізі. Әрине заңдылық шеңберінде.
Қазақстан Республикасы “Жергілікті өзін-өзі басқару” заңында мынадай
анықтама берілген: “Жергілікті өзін -өзі басқару деп - Қазақстан
Республикасының коститутциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар
мәселеелрді шешу жөнінде аймақтық құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда
жүзеге асыратын халық билігін жүзеге асырудң нысаны ұғынылады”. Заңның
ұтымды жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы өзекті мәселеелрдің
жергілікті қаржыландыру туралы. Жергілікті қауымдастықтың кірістері
келесідей: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттан; жергілікті
қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және оларға тиесілі мүлікті
жалға тапсырудан алынған жергілікті қауымдастық кірістерінен; жергілікті
халықтың өз еркімен салық төлеуі нәтижесінде алынған кірістердіен; заңды
және жеке тұлғалардың ерікті қайырылымдық қорларынан; заңмен тиым
салынбаған өзге де көздерден. н экономикасы мемлекеттік реттеудің
субьектісі болып табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік
реттеуде аса маңызды өзіндік қаржы несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет
қалыптасуы, салық және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінің
негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік
бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл
қағидалар тек саяси әлеуметтік мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы
менеджметтің ұйымдастырушылық бастамасына да тікелей қатысты.
Басқару обьектілерінде жүргізіліп жатқан терең де сапалы өзгерістер
ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп
соғады. Әрдайым даму мен жетілу үстінде болатын басқару обьектісін бұрынғы
қалыптағы әдіске салуға болмайды. Керісінше, әдістер өзгертіліп отырған
экономикалық міндеттерге сәйкестендірілуі тиіс. Ол бір жағынан нарыққа
өтпелі кезеңде аймақ басқару субьектісі ретінде, екінші жағынан нақтылы
елдегі әлеуметтік экономикалық процестер әсерінен біріккен жергілікті
қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерінен дамиды.
Бұрынғы орын алған мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарының бірқатар
кемшіліктері болған. Олардың қатары төмендегідей:
• Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуы, қолда бар өндірістік, экономикалық
және интелектуалдық әлеуеттің тиімді пайдалануын қамтамасыз етпеді;
• Нарықтық қатынастарды ендіру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнімді
ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуді, кәсіпкерлік пен бәсекені
жетілдіруді мүмкін етпеді;
• Басқару органдарының әдістері мен нысандары ескіше болды;
• Салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметі басым болып, кәсіпорындар
әрекетіне себепсіз араласу мен олардың экономикалық дербестігін шектеу
орын алды;
• Елеулі кемшілік болып қабылданған басқарушылық шешімдерге
жауапкершіліктік орын алмауы табылды;
• Келісімсіз әрекет жасау, қызметті пайдалану, атқарушы органдарда кең етек
алды;
Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелері
мемлекеттік билік пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын
қайта құрудың обьективтілігі қажеттілігін тудырады.
2. Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі міндеттері, сайлау тәртібі

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының Жергілікті
мемлекетгік баскару және өзін -өзі басқару деген VIII бөлімінде жергілікті
өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы
ережелер белгіленген. Аталған мәселелер Республика Президентінің 1995 жылғы
2 мамырдағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен және
толықтыруларымен қоса алғанда Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді
және атқарушы органдары туралы 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен, сондай-
ақ Республика Президентінің Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялық заң күші бар Жарлығымен неғұрлым
толық баянды етіліп. реттеледі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайы үшін
жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны
Конституцияда баянды етілген. Жергілікті өкілді органдар — мәслихаттар
тиісті әкімшілік-аумақтык бөліністер халқының еркін білдіреді және жалпы
мемлекетгік мүдделерді есепке ала отырьш, оны іске асыру үшін қажетті
шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
.. .Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заңның 1-
бабында облыс, аудан, қала (аудандық бағыныстағы қаладан және каладағы
ауданнан, поселкеден, ауылдан (селодан), ауылдық (селолық) округтен басқасы
аумағындағы халықтың өкілді органы мәслихат — депутаттар жиналысы болып
табылады деп белгіленген. Сонымен, жергілікті өкілді органдар жүйесі
облыстық, аудандык, калалық мәслихатгарды камтиды. Заңға оларға мынадай
міндеттерді:
тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалык, даму бағдарламаларының
орындалуын;
жергілікті жерлерде Қазакстан Республикасы Конституциясының,
зандарының, Парламент қаулыларының, Кдзақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметі құжаттарының, жоғары тұрған мәслихаттар мен әкімдердің өз
құзыреттері шегінде қабыддаған шеішмдерінің орындалуын;
Республикалық және жергілікті өкімет органдары арасындағы байланысты;
халықты жергілікті істерді басқаруға қатыстыруды қамтамасыз ету
жүктелген.
Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, тең, тете саилау құқығы негізінде
жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. Мәслихаттьң
өкілеттігін заңда көзделген негіздер бойынша Сенат мерзімінен бұрын
токтатуды немесе ол өзін-өзі тарату негізінде тоқтатылуы мүмкін.
Қазакстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы депутат болып тек
бір мәслихатқа ғана сайлана алады. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған,
сондай-ак, соттьщ үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған
азаматтар сайлауға қатыспайды.
Сайлау туралы Жарлықтың 9-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихаттардың
депутаттарын сайлау кезінде дауыстарды есептеудің мынадай жүйесі
қолданылады:
1) егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 процентінен астамы қатысса,
сайлау болып өтті деп есептеледі;
2) егер дауыс беруге катысқан сайлаушылардын 50 процентінен астамы
кандвдатурасын жақтап дауыс берсе, ал қаиталап дауыс берген жағдайда —
басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының
көпшілік санын алса, кандидат сайланды деп есептеледі;
3) сайлауда бір кандидат дауысқа түскен жағдайда, егер дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың кемінде 50 проценті кандидатураны жақтап дауыс
берсе, ол сайланды деп есептеледі;
4)депутаттар санын тиісті мәслихаттар мынадай шекте белгілейді:
облыстық, Алматы қалалык мәслихаттары — 50 депутатқа дейін, қалалық
мәслихаттар — 30-ға дейін; аудандық мөслихаттар — 25 депутатқа дейін.
Жергілікті өкілді органдар өз міндеттерін атқару үшін шағын аппарат
құрады, оның қүрылымы мен сан құрамы секілді орган буынының деңгейіне, оның
орындайтын жұмысынын сипаты мен көлеміне, сондай-ак өндірістің
инфрақұрылымы мен әртүрлі салаларынын, жай-күйі мен дамуына байланысты
болады.

2.1.Мәслихат аппаратының құрылымы

Мәселен, мәслихаттардың аппараты әдетте мыналардан тұрады:
— хатшы;
— тексеру комиссиясынын төрағасы;
— ұйымдастыру бөлімі;
— кеңесшілер (консультанттар);
— консультант-ұйымдастырушы;
— референттер.
Мәслихаттар аппаратының кұрылымында хатшы өзекті тұлға болып табылады,
өйткені ол мәслихаттың қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету женіндегі
бүкіл ағымдағы жұмысты орындап отырады.
Мәслихаттың хатшысы мәслихатта тұрақты негізде жұмыс істейтін және
оған есеп беріп отыратын лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат
депутаттар арасынан сессиясында сайлап, қызметінен босатады. Мәслихат
хатшысын сайлау және оны қызметінен босату туралы ұсьшыстарды енгізу
төртібі мәслихаттың регламентімен белгіленеді. Хатшының өз өкілеттігін ез
еркімен доғаруы оның өтініші бойьшша жүзеге асырылуы мүмкін. Мәслихат
хатшының жұмыстан кетуін қабыддамаған жағдайда хатшы өз өкілеттігін етініш
бергеннен кейін екі ай өткен соң доғаруға құқылы. Мәслихат хатшысы болмаған
жағдайда оның екілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының өкімі бойынша сол
мәслихаттың тұракты комиссиялары біреуінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заңға сәйкес
мәслихаттың хатшысына мынадай өкілеттік берілген:
мәслихат сессиясының өткізілетін уақыты мен орнын, сондай-ақ оның күн
тәртібінің жобасын депутаттарға, әкімшілік басшысына және халыққа жеткізіп
отырады;
мәслихаттың сессиясын және мөслихаттың карауына енгізілетін
мөселелерді дайындауды, сессияның хатталіасын жасауды қамтамасыз етеді және
сессияның терағасымен бірге мәслихаттың қаулысы мен сессияның хаттамасына
қол қояды;
мәслихат депутаттарына олардың өз өкілеттігін жүзеге асыруына көмек
көрсетеді, олардың қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады,
депутаттарды мәслихатта, оның оргаңдары мен сайлау округтерінде жұмыс істеу
үшін қызметтік немесе өндірістік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты
мәселелерді қарайды;
сессиянын барысында жергілікті әкімшілік, оның органдары,
кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар басшыларының атына келіп түскен
депутаттардың сауалдары мен үндеулерінің қаралуына бақылау жасайды;
мәслихаттың тұрақты және өзге де комиссияларының, депутаттык топтардың
қызметін үйлестіреді;
мәслихат аппаратының құрылымын мәслихаттын бекітуіне енгізеді, оның
жұмысына басшылық етеді, онын қызметкерлерін қызметке қабылдап, қызметтен
босатады;
халықпен және меншік нысандарына карамастан енбек ұжымдарымен,
кәсіпорындармен, мекемелермен және ұиымдармен мәслихат атынан байланыс
жасап отырады;
мәслихатқа сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер мен хаттар туралы
қорытылған деректерді үнемі беріп отырады;
мәслихаттың шешімдеріне сәйкес азаматтардың аса маңызды мәслихат
шешімдерінің жобаларын, сондайак жергілікті, республикалық маңызы бар
мәселелерді талқылауын камтамасыз етеді, мәслихатта азаматтарды кабылдауды,
олардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарауды ұйымдастырады;
Заңдарға сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттардың өкілеттігін
мерзімінен бұрын доғару мәселелерін қарайды;
Заңдарда көзделген жағдайларда сотқа жіберілетін талап арыздарына
мәслихаттың атынан қол кояды;
өзіне мәслихат тапсыруы немесе езіне зандарда жүктелуі мүмкін өзге де
мәселелерді шешеді.
Жалпы алғанда мәлихатқа немесе оның органдарына тиесілі құқықтарды,
міндеттерді хатшыға беруге болмаиды.
Мәслихатты ұйымдастару мен оның қызметінде мәслихаттың тексеру
комиссиясының төрағасы маңызды рөл атқарады.
Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды
және ол өз міндетін басқа жұмыстан босатылған негізде атқарады. Ол
жергілікті бюджетгің аткарылуын бақылау үшін мәслихат кұратын мәслихаттың
тексеру комиссиясына басшылықты жүзеге асырады. Комиссия мәслихаттың
өкілеттік мерзіміне қүрылады. Сан қүрамын мәслихат белгілейді. Оның
қүрамына тиісті мәслихаттың депутаты болып табылмайтын адамдар да енгізілуі
мүмкін.
Тексеру комиссиясы өз қалауы бойынша (бірак жылына бір реттен кем
емес) кез келген уақытта тексеру жүрпзіп отырады. Тексеру мөслихаттың не
оның хатшысының шешімі бойынша, сондай-ақ, мәслихатқа сайланған
депутаттардың жалпы
санының кемінде 13 бөлігінің талап етуімен жүргізілуі мүмкін. Тексеру
комиссиялары тексеруді мемлекеттік қаржылык бақылау органдарымен бірлесіп
те жүргізе алады.
Тексерудің нәтижелері туралы мөслихатқа және әкімшіліктің басшысына
хабарланады.
Мәслихаттың шешімі бойынша тексеру комиссиясының мүшелері де өз
міндеттерін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыра алады.
Мәслихат аппаратының құрылымында ұйымдастыру бөлімі өзекті орын алады.
Оның қызметіндегі негізгі бағыттар мыналар болып табылады: 1) мәслихаттың,
оның тұрақты комиссиялары мен депутаттарының дәл және дүрыс жұмыс істеуін
ұйымдык жағынан қамтамасыз ету, мәслихаттың бүкіл үиымдық-бүқаралық
жұмысының жай-күйін жақсарту; 2) белгілі бір мәслихатқа және төменгі
мәслихаттар мен олардың органдарына басшылық етуге жәрдемдесу, оларға
ұйыңдастырушылық жұмыста көмек көрсету; 3) мемлекеттік құрылыстың, ұйымдық-
бұқаралық жұмыстың озык тәжірибесін зерделеу, жинақтау және қорыту, оны
насихаттау және тарату; 4) коғамдық өзін-өзі басқаруды дамытуға көмектесу;
мәслихат пен парламент сайлауына дайындалуға, әкімшілік-аумақтык бөлініс
мәселелерін дайындауға катысу, кадрлардың біліктілігін зерделеуге, оларды
орналастыру мен жоғарылатуға баиланысты міндетгерді атқару.
Сонымен, мәслихат аппаратының қүрылымдык бөлімшелерінің оның жұмыс
істеуіндегі рөлі өте маңызды әрі елеулі Оның қүрылуы мөслихаттар
міндеттерінщ көлемі мен сипатына байланысты. Бүл аппараттың мынадай аирықша
ерекшеліктері болады. Біріншіден, оның жергілікті әкілді органдардың
міндеттері мен өкілеттігін жүзеге асыруға қатысуы функционалдық сипатта
болады; ол ұйымдастырушылық-әдістемелік және ұйымдық-бұқаралық жұмысқа,
зандылықты бақылау мен қабылданған шешімдердін орындалуын тексеруге
жәрдемдеседі; оған мәслихаттарға заңдық, ұйымдық-техникалық, шаруашылық
қызмет көрсету жүктелген. Екіншіден, бүл аішараттың буындары мәслихат
органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің және азамаггардың атына міндетп
құқықтық актілер шығару құкығын пайдаланбайды, онын қарамағында қандайда
бір объектілер, банкте шоттары болмаиды. Үшіншіден, мұндай аппараттың
қызметтік сипаты оның тек қана көлбеу бойынша — тиісті мәслихаттың
хатшысына бағынуын анықтайды.

3.Жергілікті өкілді органдардың құзіреті, қабылдайтын актілері

Жергілікті өкілді органдардың (өзге де кез келген мемлекеттік органдар
сияқты) құзыреті езінің мәні жағынан мемлекеттік және қоғамдық істерді
басқару бойынша қоғамдық еңбек бөлінісінің құқықтық құралы (нысаны) болып
табылады. Мемлекеттік органдарға қоғам өмірінің саяси, экономжалык және
әлеуметтік жағдайларына, сондайақ басқаруды ғылыми ұйымдастыру талаптарына
сай келетін кұзырет берілуі — экономикалық және әлеуметгік процестерге
басшылықта мемлекеттіктің барлық мүмкіндіктерін тиімді паидаланудың
маңызды алғышарттарының бірі. Органдардың құзыреті неғұрлым дұрыс
белгіленсе, аппарат соғұрлым ынтымақты жұмыс істейді, мемлекеттік,
шаруашылық және өлеуметгік-мәдени құрылыс міндеттерін шешу үшін материаддык-
каржылық, құқықтық және өзге де құралдар тиімдірек пайдаланылады.
Жергілікті екілді органның құзыреті дегеніміз, оның занмен және баска
да нормативтік-құқыктык актілермен баянды етілген қарауына жататын
мәселелер, құқыктары мен міндеттері.
Қарауына жататын мөселелер дегеніміз, мемлекеттік органның (бұл ретте
мәслихаттың) заң жүзінде құзыреті бар қоғамдық қатынастар
Егер мәслихаттың кем дегенде темендегідей өкілеттік түрлерінін бірі
болса, оның тиісті қоғамдық қатынастарға заң жүзінде қүзыреттілігі айкын
болады, олар мыналар:
1)егер тиісті қатынастар шеңбері жоғары тұрған органдардың кұкықтык
актілерімен реттелсе, жеке маңызы бар заң актісін қабылдау;
2)егер жоғары тұрған органдар бүл салада жалпы нормативтік реттеуді
жүзеге асырған жағдаіада нормативтік акт қабылдау;
3)жоғары тұрған органдар реттемеген және жергілікті мәслихаттардың
оларға зандарда берілген өкілеттік шегіндегі мәселелер бойынша нормативтік
актілер қабылдау.
Сонымен, мәслихаттын қарауына жатқызылған мәселе — заңдарда әрқашан
белплі бір нысанда белгіленген, құқықтық реттеу (оның әртүрлі нысандарында)
мәселесі болып табылатын қоғамдық қатынастар.
Жергілікті өкілді органдардың құзыреті құрылымының манызды компоненті
олардың кұкықтары мен міндеттері болып табылады. Мемлекетгің өкілетті
органы — мемлекеттін, белгілі бір кұкығы бар уәкілетгі органы ғана емес,
сонымен катар белгілі бір билік әрекеттерін жасауға да міндетті орган.
Мәслихаттар өз аумағында Конституцияға және колданылып жүрген зандарға
сәйкес заңдардың сақталуьш, мемлекетгік және коғамдық тәртіптің, азаматтар
меншігінің, кұкыктары мен заңды мүдделерінің корғалуын қамтамасыз етуге
міндетті. Сонымен бірге мәслихаттардың осы саладағы нақты өкілеттігі оларға
зандылыкты сақтап отыруға тиісті арнаулы органдардың болуы ескеріліп
берілген. Мәслихаттарға мемлекеттің белгілі бір аумақта зандылыктың
сақталуын және азаматтардың құқықтарын корғауды қамтамасыз етуіне
көмектесетін құқықтық құралдардың бәрін беруге болмайды. Міне, сондыктан да
мәслихаттардың күзыреті құқықты ғана емес, сонымен катар дербес компонент
ретінде міндетті де қамтиды. Міндеттерді орныктыру — қоғамдық емірдің түрлі
салаларына нысаналы мемлекеттік ықпал жасауды камтамасыз ету әдістерінін
бірі.
Казақстан Республикасының Конституциясында мәслихаттардың қарауына
жататын жалпы мәселелер келтірілген, ал олардың өкілеттігінің егжей-
тегжейлі шеңбері ...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Зан
мен басқа да нормативтік-құқыктық актілерде айтылған.
Конституцияның 86-бабының 4-тармағында мәслихаттардың қарауына:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалык және әлеуметтік
бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың аткарылуы туралы
есептерді бекіту;
2)өздерінін қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс
мәселелерін шешу;
3)заңмен мәслихатқұзыретіне жатқызылған мәселелер боиынша жергілікті
атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау;
4)мәслихаттардың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын
құру, олардың қызметі туралы есептерді
тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді
шешу;
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың кұқыктарьг мен занды
мүдцелерін камтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
жатқызылатыны айтылған.
Жергілікті өкілді органдардың кұзыреті ...Жергілікті екілді және
аткарушы органдар туралы Заңның IV белімінде баянды етілген. Заңның 40-
бабьгнда облыстык, қалалык мәслнхаттардың негізгі өкілеттіктері
белгіленген. Оларға мыналар жатады:
Тексеру комиссиясын, оның төрағасын сайлау және оны қызметтен босату,
мәслихаттың тұракты және өзге де комиссияларын кұру, олардың төрағаларын
сайлау мен оларды қызметтен босату, олардың жұмысы туралы есептерін тындау;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген лимиттер шегінде мәслихат
аппаратының штатын, еңбекке акы тәлеуді оны материалдық-техникалык жағынан
қамтамасыз ету шығындарын бекіту;
республиканьш завдарында көзделген жағдайларда депутаттардың
екілеттігін мерзімінен бұрын доғару;
мәслихаттың регламентін бекіту;
мөслихаттың кызметін камтамасыз етуге жұмсалатын шығындардын жалпы
сомасын бекіту;
жергілікті әкімнің ұсынуымен облысты, ауданды, каланы баскару схемасын
бекіту;
облыс. аудан, кала әкімдерінің, сондай-ақ олар уәюлдік берген әкім
орынбасарларының, жергілікті әкімшілік органдары басшыларының мәслихат
құзыретіне заңмен жаткызылған мәселелер бойынша есептерін тывдау;
депутаттардың сауалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабьтлдау;
жергілікті әкімдер табыс еткен аумақты дамытудың жоспарларын.
экономикалык және әлеуметтік бағдарламаларын, олардың атқарылуы туралы
есептерді бекіту;
жергілікті әкім табыс ететін бюджет жобасын, оған енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларды және оньвд аткарылуы туралы есепті бекіту;
облыс, аудан, қала меншігіндегі кәсіпорындар мен ұиымдардың көрсететін
қызметіне жергілікті салык және алымдар, баждар мен қызметінің еңбегіне ақы
төлеу тарифтерін республиканың салық зандарына сәйкес белгілеу;
облыстың, ауданның, каланың меншігіндегі кәсіпорындардың төлемдерімен
жасалатын каржы мөлшерін бекіту;
заемдарды, облигацияларды және лотереяларды шығару, олардын жағдайлары
мен орналастырылуы туралы шешімдер қабылдау;
бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделетін міндетті ережелерді
бекіту;
жергілікті өкімшіліктің ұсынуы бойьшша әкімшілік, байқаушы
комиссияларды, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі, маскүнемдік пен
алкоголизмге қарсы күрес женіндегі, тариф және мөдениет ескерткіштерін
қорғау жөніндегі комиссияларды күру және олардың кұрамьш бекіту;
республиканын заңдарына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін
шешу;
республиканың заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен завды
мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мәслихаттардың жоғарыда келтірілген өкілеттіктерінен басқа облыстық
мәслихаттың өкілеттігіне мыналар жатады:
Республиканың үкіметіне облыс орталығының бас жоспарының жобасын,
облыстық, аудандық жоспарлау схемаларын бекіту туралы үсыныс енгізу;
Республика Президентіне мемлекеттік марапаттармен марапаттау және
қүрметті атақтар беру туралы ұсыныс жасау;
әділет басқармасының нотариат, азаматтық хал актілерін жазу,
адвокатура органдары, сондайақ халықка заң жөнінде білім беру жұмысының
жайкүйі туралы ақпаратын тындау;
облыс аумағындағы аумақтык қоғамдық өзін-өзі басқару органдары туралы
Ережені бекіту және оған өзгерістер енгізу.
Қаралып отырған Занда Алматы, Байқоңыр қалалық және аудандық, қалалық
мәслихаттарының өкілеттіктеріне жататын мәселелер ерекше айтылған:
Республика Президентіне мемлекеттік марапатгармен марапаттау және
қүрметті атақтар беру туралы ұсыныстар жасау;
Республиканың үкіметіне қаланың бас жоспарының жобасын бекіту туралы
ұсыныстар жасау;
Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары туралы Ережені бекіту
және оған өзгерістер енгізу.
Аудандық, қалалық мәслихаттардың өкілеттігіне мыналар жатады: селолық
елді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі, міндеттері, сайлану тәртібі және құрылымы
Жергілікті өкілді және алқалы органдар
МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ МЕХАНИЗІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІ ЖӘНЕ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні және оны жетілдірудегі құқықтық мәселелер
Парламенттік басқару формасы
Атқарушы билік органдарының жүйесі және құрылымдары
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару
Қазақстан Республикасындағы президенттік-парламенттік басқару нысанындағы жергілікті өкілді органдар
Пәндер