Қытай қазақтарының тарихы 18-20 ғасыр



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Қытай қазақтарының қоғамдық.саяси орнының қалыптасуы
1.2. Қытай қазақтарының қоғамдық.саяси өмірі
1.3. Қытай қазақтарының әлеуметтік шаруашылығы мен рухани мәдениеті
Қорытынды
Қытай Халық Республикасы – көп ұлтты біртұтас мемлекет. Аталмыш көп ұлттың бір мүшесі қазақ халқы болып саналады.Отанджық әдебиеттерде оларды «Қытайдағы қазақтар» немесе «Қытай қазақтары» деп атайды. «Қытай қазақтары» дегеніміз Қытай Халық Республикасының азаматтығындағы қазақтар болып табылады. Олардың жалпы саны – 1 277 474 (2000 ж. ) адам. Олар, негізінен, ҚХР Шыңжаң (Xin Jiang – Синьцзян) Ұйғыр автономиялы ауданы Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Іле, Тарбағатай жәгне Алтай аймақтарында өмір сүреді. Бұдан басқа қазақтардың біраз бөлігі Үрімжі, Шықызы, Күйтін қалаларында, Санжы Хэйзу (Дүнген) автономиялы облысының Мори Қазақ автономиялы ауданында, Құмыл (Ha mi- Хами) аймағының Баркөл Қазақ автономиялы ауданында және Аратүрік (Үі wu-И-уы) аудандарында, Шыңжаңның шығысындағы Ганьсу өлкесі (провинциясының) Ақсай қазақ автономиялы ауданында және Пекин ( Bei jing –Бей жиң) қаласында тұрады.
Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған өңірі – Тянь-Шань тауының солтүстігі мен батыс аудандары. Бұл өңірдің солтүстік-шығысы Моңғол мемлекетімен , батысы Қазақстан Республикасымен шекараласады. Іле Қазақ автономиялы облысының жері – 350 мың шаршы км, яғни Шыңжанның жалпы көлемінің 1/5 бөлігін құрайды. Іле қазақ автономиялы облысының жері өзінің көркемдігімен және табиғи байлығының молдығымен ерекшеленеді.
Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған осынау кең-байтақ өңірде әлемге әйгілі Тянь-Шань, Тарбағатай және Алтай таулары, Ертіс (Қара Ертіс), Еміл, Манас және Іле өзендері, Үліңгір, Қанас және Сайрам көлдері орналасқан. Үш аймақтың тау қойнаулары орман мен жабайы аң-құсқа, алтын, күміс, металға толы, ойпат шөл жазықтары мұнай мен көмір қатарлы табиғи ресурстарға бай келеді де, жазиралы даласы егін мен мал өсіруге аса қолайлы. Сондықтан да қытайлықтар Алтай тауын «Алтын тау», Тарбағатайдағы Қарамайлыны «Мұнай теңізі», Ілені «Астық қамбасы» деп атап кеткен-ді.
Жерінің беті мен асты ырысқа толы, ауа райы жанға да, малға да жайлы осынау өлкеде 1,3 миллиондай қазақ қандастарымыз қытай, ұйғыр, дүнген,монғол сияқты қырықтан аса ұлтпен аралас-құралас отырып, ел қатарлы тіршілік етіп, өсіп-өніп келеді. Олардың негізгі кәсіптері мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, егін шаруашылығы, сауда және шағын
1. Xin jiang nian jian – «Шыңжаңның жылдық мәліметтер жинағы», - Үрімжі: ҚХР Шыңжаң ұйғыр автономиялы райондық жергілікті деректер редакциясы. 2001.
2. Уәлиханов Ш.Ш. Абылай. Абылайхан. –А., 1992
3. Чиң патшалығы орда естелігі. Қолжазба нұсқасының фотоға түсірілген басылымы. – Тайбей, 1964№ Гаузүң патшаның орда естелігі. 548-т.
4. Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии 1906г: Қытайша аудармасы. –Пекин,1980.
5. Қытай-Ресей шекара келісімдер құжаттар жинағы-Пекин, 1973,
6. Ий Шын. Патша өзі тексеріп бекіткен Шанши, Гансу, Шыңжаңдағы дүнген бандиттерін тыныштандыру стратегиясы: Қолжазба, 1895; Тайбей, 1968.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қытай Халық Республикасы - көп ұлтты біртұтас мемлекет. Аталмыш көп ұлттың бір мүшесі қазақ халқы болып саналады.Отанджық әдебиеттерде оларды Қытайдағы қазақтар немесе Қытай қазақтары деп атайды. Қытай қазақтары дегеніміз Қытай Халық Республикасының азаматтығындағы қазақтар болып табылады. Олардың жалпы саны - 1 277 474 (2000 ж. ) адам. Олар, негізінен, ҚХР Шыңжаң (Xin Jiang - Синьцзян) Ұйғыр автономиялы ауданы Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Іле, Тарбағатай жәгне Алтай аймақтарында өмір сүреді. Бұдан басқа қазақтардың біраз бөлігі Үрімжі, Шықызы, Күйтін қалаларында, Санжы Хэйзу (Дүнген) автономиялы облысының Мори Қазақ автономиялы ауданында, Құмыл (Ha mi- Хами) аймағының Баркөл Қазақ автономиялы ауданында және Аратүрік (Үі wu-И-уы) аудандарында, Шыңжаңның шығысындағы Ганьсу өлкесі (провинциясының) Ақсай қазақ автономиялы ауданында және Пекин ( Bei jing - Бей жиң) қаласында тұрады.
Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған өңірі - Тянь-Шань тауының солтүстігі мен батыс аудандары. Бұл өңірдің солтүстік-шығысы Моңғол мемлекетімен , батысы Қазақстан Республикасымен шекараласады. Іле Қазақ автономиялы облысының жері - 350 мың шаршы км, яғни Шыңжанның жалпы көлемінің 15 бөлігін құрайды. Іле қазақ автономиялы облысының жері өзінің көркемдігімен және табиғи байлығының молдығымен ерекшеленеді.
Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған осынау кең-байтақ өңірде әлемге әйгілі Тянь-Шань, Тарбағатай және Алтай таулары, Ертіс (Қара Ертіс), Еміл, Манас және Іле өзендері, Үліңгір, Қанас және Сайрам көлдері орналасқан. Үш аймақтың тау қойнаулары орман мен жабайы аң-құсқа, алтын, күміс, металға толы, ойпат шөл жазықтары мұнай мен көмір қатарлы табиғи ресурстарға бай келеді де, жазиралы даласы егін мен мал өсіруге аса қолайлы. Сондықтан да қытайлықтар Алтай тауын Алтын тау, Тарбағатайдағы Қарамайлыны Мұнай теңізі, Ілені Астық қамбасы деп атап кеткен-ді.
Жерінің беті мен асты ырысқа толы, ауа райы жанға да, малға да жайлы осынау өлкеде 1,3 миллиондай қазақ қандастарымыз қытай, ұйғыр, дүнген,монғол сияқты қырықтан аса ұлтпен аралас-құралас отырып, ел қатарлы тіршілік етіп, өсіп-өніп келеді. Олардың негізгі кәсіптері мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, егін шаруашылығы, сауда және шағын кәсіпкерлік болып келеді. Қытайдағы қазақтар өздерінің дәстүрлі ислам дінін және ұлттық әдет-ғұрып дәстүрін сақтау негізінде қазіргі заманға бейімделген тұрмыс формасында өмір сүреді. Олар қазақ тілі жазуын (төте жазуды) қолданумен қатар, қытай, ұйғыр тілдерін де біршама жақсы игерген. Қытайдағы қазақ зиялылары, негізінен,қалаларда тұрады, олар білім беру, ғылыми зерттеу, ақпарат-баспасөз салаларында көбірек жұмыс істейді және партия, үкімет мекемелерінде әкімшілік басқару қызметтерімен де шұғылданып, Шыңжаңның қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік орын иеленген. Жалпы алғанда, Қытайдағы қазақтар Шыңжаң қоғамында қытай мен ұйғырдан кейінгі әлеуметтік орынды ұстайтын халық болып саналады.
0.1. Қытай қазақтарының қоғамдық-саяси орнының қалыптасуы
Қытайда қазақ қауымының пайда болуы және олардың қоғамдық-саяси орнының қалыптасуы - тарихи құбылыс. Қытайдағы қазақтар немесе Қытай қазақтары деген ұғым ертеден келе жатқан ұғым емес. Ол таяу заманның (жаңа тарихи дәуірдің) туындысы, яғни ол - ХІХ ғасырдың орта шеніндегі тарихи себептердің салдарынан Қытайда қазақ қауымының пайда болуымен қалыптасқан атау. Олай болса, Қытайда қазақ қауымы қашан, қаалй қалыптасты? деген мәселеге тоқталайық.
Дүние жүзіндегі елдердің мемлекеттік шекаралары таяу заманда (жаңа заманда) және қазіргі заманда қалыптасқан. Қытайдың мемлекеттік шекарасы да ХІХ ғасырдың екінші жартысында тұрақтанған болатын. Бірақ Қытайдың батыс өңірінің шекара сызығының белгіленуі мен қазақтардың бір бөлігінің Қытайға тәуелді болуы қатар болған құбылыс екендігін ескермеуге болмайды.
Қытайдың Цин(Qing-Чин, Ежен хан) патшалығы ХVІІІ ғасырдың орта шенінде Жоңғар хандығын жойып, ұйғырлар көтерілісін жаныштап, Тянь-Шань тауы өлкесіне өз билігін орнатуы барысында қазақтармен де дипломатиялық қарымқатынас орнатты.
Бұл кезде Қазақ хандығы қайта түлеу үрдісінде еді. Абылай хан бүкіл қазақ елін біртұтастандырып, Қазақ хандығының этникалық территориясын қалыптастыруды өзінің басты мақсаты етіп қойған болатын. Бірақ ол кездегі жағдай оны іргесін өзіне таяп келген Цин патшалығымен тікелей байланыс жасауға мәжбүр етті. Сөйтіп, Абылай хан Цин патшалығының Іледегі әскери қолбасшыларымен бірқатар барыс-келістер жасау арқылы олардың тамырын басып, ниетін байқап, бағып, қытайлар Қазақтың хандық құқығына қауіпті болмаған соң, Орта жүз ханы ретінде 1757 жылы Цин патшалығымен ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1758 жылы Ұлы жүз ханы Әбілмәмбет те Цин патшалығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Содан соң қазақ-қытай арасында өзара байланыстар өрістеп, екі жақты экономикалық сауда-саттық істері қанат жайды. Қытай Цин патшалығы 1758 жылы - Үрімжіде, 1760 жылы - Іледе, 1763 жылы Тарбағатайда қазақтармен сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, малға мата айырбастайтын халықаралық айырбас сауданы кең көлемде өрстетті. Екі жақты экономикалық сауданың айтарлықтай дамуы қазақ-қытай арасындағы саяси-дипломатиялық байланыстың да өріс алуына мұрындық болды. Қазақ хандарының елшіліктері шамамен әрбір екі жыл сайын Цин патшалығының ордасына барып, императорға тарту-таралғы ұсынып тұрды. Цин патшалығының императоры өзіне сәлем бере қараған қазақ елшілеріне (басқа көрші елдердің делегацияларына да) дән риза болып, мақтанып, өзінің ұлылығын, байлығын көрсету үшін оларға қостап қонақасы беріп, еселеп сыйлық ұсынып, бастарына үкі (қауырсынды) бөрік кигізіп, қошеметтеп, қорғап-бақылап, өз жерлерінен шығарып салып тұрды. Сонымен қатар Цин патшалығы қазақ хандарының өтініші бойынша олардың хандық лауазымын өзінің жарлық хаттарымен(грамотасымен) бекітіп отырды. Бірақ Цин патшалығы қазақ елінің ішкі-сыртқы істеріне қол сұғып, билік жүргізуге бара қоймады. Керісінше, олар қазақтың хандық жүйесінің мығым болуын қолдады және сол арқылы қазақтарды өз шекарасының сыртындағы қамал-қорғаны етуді көздеді.
Ол кезде қазақ ханы Абылай Алтай, Тарбағатай және Іле аймақтары қазақтардың ата мекені, жоңғарлар жойылды, енді қазақтар сондағы көне жұртына қайтып баруы керек деген танымда болды. Абылай хан өзінің Цин патшалығы ордасына алғаш жіберген елшілігі арқылы император Цяньлунның (Qian long - Чянлүң) қазақтардың атамекені - Тарбағатайды қазақтарға жарылқап беруін талап етті. Осыған орай Цин патшасы қайтарғагн жауабында: Абылай, сендер - шалғайда жатқан жат елсіңдер...Сенің елшің бізге Тарбағатай тегінде біздің байырғы жеріміз еді. Сол жерді патша бізге жарылқап бере салсадеген талабыңды жеткізді. Бұл өңір - жаңа ғана тыныштандырылған, әлі иен жатқан өлке. Патша, әсілі, ол жерді сендерге қиып бере салар еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірмей-ақ елдесіп алдыңдар. Сондықтан ол жерді сендерге сыйға бере салу мемлекеттік тәртіпке қиғаш келеді. ...Егер сендер Әмірсананы тұтқындап әкеп бер деген біздің талабымызды орындайтын болсаңдар, онда ол жерді сендерге жарылқап бере салуға болады, - деп жазған. Міне, бұдан Абылай ханның қазақтың этнотерриториясы жөніндегі танымын және оны қалпына келтіруге құлшынған дипломатиялық талпынысын байқауға болады.
Абылай хан қазақтың шығыстағы ежелгі атамекенін Цин патшалығынан сұрап ала алмайтын болған соң, ол сол жерлерді шаруаларды біртіндеп қоныстандыру арқылы иелену әдісін қолданды. Абылай хан мақсатты түрде Орта жүз бен Ұлы жүздің бірқатар руларының шығысқа қарай жылжып көшу қозғалысын бастады. Сөйтіп, шығыстағы көне жұртқа өрлей көшкен қазақ шаруалары Цин патшалығының Ертістен Ілеге дейін көлденеңдетіп тартқан шекара обаларын ішкерілей қоныстап, мал бақты. Кейбір рулар ол шекара обаларының арғы бетіне өтіп барып, қыстап жүрді. Бірақ Цин патшалығы қазақтарды шекараның арғы бетіне өткізбеу саясатын қолданғандықтан, оның шекаралық қорғаныс әскері көктем шығып, қар кетіп, күн жыли бастағанда қарауылдарды байқауға шығады да, көздеріне шалдыққан арғы беттегі қазақ малшыларын қуып, кері қайтарып тұрды. Бірақ қытай әскерлері қасқа салым әрі қайтқанда қазақ шаруалары қайтадан өрлеп көшіп, шекаранын арғы бетіндегі жайлы жерлерге барып қыстайды, кейбір рулар жаз айларында да сол жақты жайлап қала береді. Осындай тартысты жағдай Цин патшалығы шекаралық қарауыл обаларын орнатқан күннен басталып, жыл өткен сайын күшейе түсті. Цин патшалығының олардың барлығын түгелдей қуғындап, кері қайтарып отыруға шамасы келмеді. Сонымен, олар ендігі жерде Абылай хан арқылы арғы бетке асқан қазақтарды кері қайтармақ болды. Цин патшалығы ордасы шекара қорғаныс шонжары Гүйге түсірген жарлығында: Дереу әскер жіберіп, Тарбағатайдан кірген қазақ малшыларын қуғындап, шекарадан шығарып жібер.Абылайға адамдарын кері қайтарып әкетуді айт!-деп бұйырады. Абылай хан ол кезде шығысқа беттеген халқын кері қайтармай, керісінше, Цин патшалығы ордасынан Ілені қазақтарға қайтарып беруді талап етті. Соған орай Цин патшалығы ордасы 1760 жылы 8 маусым күні Абылай ханға жолдаған хатында: Сенің елшіңнің айтуынша, ойрат жері қазір иен жатыр екен. Қазір Әбілпейіз дің қол астындағы Таңатар руы Барлық тауында, Тарбаторсық көлінде тұрады, Қарқаралы руының ішіндегі Есенгелді, Жолымбет рулары Алтынемел, Қаратал, Көксуда тұрады. Сонымен қоймай, патша жарылқағанның үстіне жарылқай түсіп, қазақтардың Ілеге барып мал бағуына рұқсат берсе деген екенсің. Тарбағатай қатарлы жерлер - ежелден жоңғарлардың жері, патша ол жерлерді қалың қолмен тыныштандырған. ... Қазақтар, сендердің жайылым жерлерінің ұлан-ғайыр кең дала болғандықтан, біздің шекара қарауылымыздан асып келуді ойлайтын жөндерің жоқ, бұрынғы орындарыңда тұра берулерің керек-ті. Тарбағатай сияқты жерлерді сұрағаныңда, Абылай, саған патша бермеген еді ғой. Қазір сен қалайша өз білгеніңше (шығысқа қарай) өріс жайып келесің?! Жоңғарлар кезінде ол жерлерді күштеп тартып алғанда, сендер олардың маңайына келе алмаған едіңдер. Патша Ілені тыныштандырғаннан кейін ғана сендер бейбіт өмір сүруге мұмкіндік алдыңдар. Осыны неге қанағат тұтпайсыңдар? деп жазған. Бұл мәліметтер сол кездегі қазақтар мен Цин патшалығы арасында жерге таласу күресі бейбіт көріністе қатаң жүріп жатқандығын аңғартады.
Цин патшалығының алғашқы кезде өздері орнатқан шекара қарауыл обаларының орны тұрақсыз, әрдайым қозғалыста болды. Оны өздері Yi dong ka lun(жылжымалы қарулы) - деп атайтын. Өйткені Цин патшалығының шекара әскерлері қарауыл обаларын жазда сыртқа қарай жылжытып апарып қояды да, қыста оны ішкі жағына қарай ондаған шақырым жерге жылжытып апарып қояды. Ал шекара қарауыл обаларының төңірегінде қазақ малшылары оған ілесе шығысқа қарай жылжып көшіп отырған. Қар қалың түскен кейбір қатаң қыстарда қазақ шаруалары Цин патшалығының шекара қарауылдарының тұс-тұсынан ары асып барып қыстап, жазда бері қайтып келеді. Кейбір рулар тіпті жазда да сонда жайлап қалып қойып отырды. Олардың бәрін қуғындап қайтарып отыруға Цин патшалығының шекара қорғаныс әскерлерінің шама-шарқы келе бермейді. Бара-бара Цин патшалығы шекара өңірінде қалыптасқан жағдайды мойындауға мәжбүр болады да, өз қарамағындағы шекара маңындағы жерлерге келіп мал баққан қазақтардың тиісті жер төлемін (салығын) алып, олардың сонда малдарын бағып тұра берулеріне жол береді. Сонымен, Цин патшалығы ордасы қазақтарға: Малдарың жұтап, жайлы қыстау іздеп, біздщің қарауылдан өтіп келіп, мал бақпақ болсаңдар, сендер әуелі біздің жергілікті әмбілерге (уәзірлерге) хабарлап, оларға жер салығын төлеулерің керек,-дейді.Бұған қазақтар қарсы болмай, олармен келіссөздер жүргізу арқылы жерт төлемі үшін жүз бас малға бір бас малды(жылқыны) Цин патшалығының жергілікті әкімдеріне тапсырып тұруға келіседі. Сөйтіп, қазақтар сол барған жерлеріне тұрақтап тұрып, мал бағады, Цин патшалығының шонжарлары олардан жер салығын жинап алып тұрады. Осыған орай Цин патшалығының қазақтарға жолдаған жарлығындаСендер бірнеше ондаған жылдардан бері ептеп ішкерілеп жылжып, еніп келесіңдер. Біздің генерал әмбілеріміздің өтініші бойынша, әсілі, сендерді жазаға тарту керек еді. Бірақ патша сендерге кеңпейілдік істеді. Сендердің шекара қарауылымыздың бер жағындағы иен жатқан жерлерге келіп мал бағуларыңа рұқсат берген Жарлығын жариялады. Мұның бәрі - сендердің бізбен елдескендіктерің үшін патшаның жасаған шапағаты. Өздерің өсіп-өркендеумен қатар көршілес елдеріңмен де аттув тұрып, патшаның мейір-шапағатына мәңгі бөлене беріңдер делінген. Демек, бұл деректен қазақтардың шығысқа жылжып көшіп, атамекенге оралуын іс жүзінде Цин патшалығының мойындағанын байқауға болады. Алайда Цин патшалығы шығысқа беттеген қазақтарды тым ары жібермеу саясатын ұстанды.
Патшалық Ресей үкіметінің Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде, яғни ХІХ ғасырдың орта шенінде орыстың отарына айналудан ат-тонын ала қашқан қазақ шаруалары шығысқа қарай үдере көшіп, Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге қарай ықтап барып жатты. Олар Қытайдың қорғаныс әскерлерінің тосқауылдауына қарамастан, шекара қарауыл обаларының тұс-тұсынан ары асып кетіп жатт. Сондай-ақ, олар өздерін кері қайтармақ болған Цин патшалығы әскеріне қарумен қарсылық көрсетті. Тіпті, қан төгіп құрбан болса да, барған жерлерінен кері қайтпады. Сөйтіп, ХVІІІ ғасырдың орта шенінде Тянь-Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекеніне қарай жылжып көше бастаған қазақтар ХІХ ғасырдың орта шенінде Цин патшалығының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарының бірқатар аудандарына барып қоныс тепті.
Патшалық Ресей отаршылдары ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды толық жаулап алып, өзінің отарлаған территориясының шығыс жақ іргесін Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге апарып тіреді. Сонымен, Патшалық Ресей үкіметі мен Қытай Цин патшалығы арасында шекара мәселесі туындап, екі империяның қазақ даласына таласу дау-дамайы басталды. Ақыры олар м емлекеттік шекараларын келіссөз арқылы ақылдаса отырып белгілейге уағдаласады. Сөйтіп, Қытай Цин патшалығы үкіметі мен патшалық Ресей үкіметінің өкілдері 1861 жылы Қытайдың батыс-солтүстік шекарасын белгілеу мәселесі бойынша келіссөзді бастады. Олар қазақ жеріндегі мемлекеттік шекара шегін белгілеуге көп таласты, Қытай Цин патшалығы үкіметі ол жерлер-жоңғарлардың жері, ал жоңғарлар - қатайдың пақыры, сондықтан олардың аяқ басқан жерлері Қытайға тән болуы керек десе, патшалық Ресей үкіметінің өкілдері ол жерлер қазақтың ежелгі атамекені екендігін дәлелдеп дауласты. Біз ақыры бұл өңірлердің қырғыз (қазақ) даласы екендігін тұрақтандырдық, ол өңірлер қырғыздарға тән болуы керек, әсте Цин патшалығына тән жер емес деген тұжырым жасадық, -дейді ресейлік куәгер. Ресей жақ осы негізде және өздерінің әскери күшіне сүйене отырып, Цин патшалығы үкіметінің өкілін бір мәмілеге келтіргендігі шындық. Сонымен, екі жақ 1864 жылы 7 қазан күні Қытайдың Шәуешек қаласында Қытай-Ресей батыс-солтүстік шекараны белгілеу келісіміне қол қойды. Аталмыш келісім жалпы он тараудан тұрады. Соның бесінші тарауында Қазір шекараны ақылдасып бекіттік. Екі ел мәңгі тату болады. Осыдан кейін екі мемлекет осы белгілеген шекара маңындағы өңірде отырған малшыларға таласпау үшін осы келісімшарт бір-біріне тапсырылған күннен (күшіне енген күннен) бастап ол адамдар бұрыннан бері қай жерде мал бағып отырған болса, сол орындарында мал бағып отыра берулері керек. Олар сол бұрыннан бері отырып келген қоныстарында орныға отырып, бұрынғы шаруашылықтарымен шұғылдана берулері керек. Жер қайсы мемлекетке бөлінсе, онда отырған адамдар сол жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында болады деп белгіленген. Осы келісім бойынша Қытай мен Ресейдің мемлекеттік шекарасының қазақ жеріндегі негізгі шеп-шеңбері (линиясы) белгіленді. Сонымен атар қазақ жерінің Қытайға тиген бөлігіндегі қазақтар - отырған жерімен бірге Қытайдың, ал Ресейге тән болған өңірдегі қазақтар тұрған жерімен бірге Ресейдің басқаруында қалды. Демек, 1864 жылғы Қытай-Ресей Шәуешек келісімі іс жүзінде біртұтас қазақ халқының және оның жерінің екі мемлекетке- Қытай мен Ресейге тәуелді болғандығын құжат жүзінде заңдастырды. Сөйтіп, шығыстағы атамекеніне оралған қазақтар отырған жерімен бірге Қытайға тәуелді болды. Содан кейінгі жылдарда Цин патшалығы өзінің қазақтарға қатысты құжаттар хаттамасында Ресей қазақтары немесе Ресейге қараған қазақтар және Қытайға қараған қазақтар деп анықтап жазатын болды. Ал егер қайсыбір азамат істі бола қалса, ол істі болған адам Ресей қазағы болса, онда бұл мәселені дипломатиялық жолдармен Ресей үкіметіне арыздану арқылы шешу қарастырылды. Егер істі адам ытай қазағы болса, онда оны өздерінің қолданып отырған заңы бойынша жауапқа тартты. Міне, бұл деректер қытай жеріндегі атамекеніне оралған қазақтардың толығымен Қытай азаматына айналғандығын айғақтайды. Сондықтан ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қытайда қазақ қауымы, яғни Қытай қазақтары деген қоғамдық құбылыс пайда болды деп есептейміз.
0.2. Қытай қазақтарының қоғамдық-саяси өмірі
Қытай мен Ресей үкіметінің 1864 жылғы Шәуешек қаласында қол қойған шекара келісімі бойынша отырған жерлерімен бірге Қытайға қараған қазақтардың алғашқы кезде отырған жері тек шекараның арғы бетінің төңірегімен шектеледі. Ал арғы бетте қалған қазақтардың мақсаты Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарын өрлеп қоныстану еді. Оған Қытай Чиң патшалығы үкіметі бірден рұқсат бермеді. Алайда сол кездегі қоғамдық-саяси жағдай қазақтардың ол мақсатын жүзеге асыруына мүмкіндік туғызды.
ХІХ ғасырдың орта шенінен басталған Батыс державалардың Қытайға жасаған агрессиялық шабуылдары қытай қоғамын жартылай отар, жартылай феодалдық сипатқа өзгерте бастады. Қытай Чиң патшалығы билігіне халық наразылығы күшейіп, қарулы көтерілістер әрбір өлкеде, әр түрлі ұлттар арасында орын алып, бір-біріне ұласып жатты. Солардың бірі 1864 жылы Тянь-Шаньның оңтүстігінде Құшар ауданындағы ұйғыр диқандарының Тоқты Ниязғалы басшылығымен болған бас көтеруі еді. Чиң патшалығының билігіне қарсы Қашқарияда орын алған осы көтерілістің дүмпуімен Үрімжі, Іле және Тарбағатай аймақтарындағы әр ұлт тұрғындары да жаппай қозғалып, өз жерлеріндегі Чиң патшалығының әскери әкімшілік органдарына шабыл жасады. Сонымен, үкімет әскерлері осы қозғалыстарды жаныштауға жұмылдырылды да, олардың шекара өңірін бақылауы босаңсыды. Осыны пайдаланған шекара маңындағы қазақ шаруалары шығысқа қарай өрлеп қоныстанды және жергілікті тұрғындардың Чиң патшалығына қарсы күресіне белсенді қатысты. Іле генералы Миң Шүйдің 1865 жылы 4 шілде куні патша ордасына жолдаған мәлімдемесінде: Сәуірдің 12-сі күні аяқ астынан бірнеше түмендүнген (дүнген) бандиттері қазақтармен бірлесе отырып, шығыс, оңтүстік және солтүстік - үш бағыттан келіп, Іле қаласына шабуыл жасады деп жазуы соның айғағы болса керек. Іле аймағындағы көтеріліс 1866 жылы жеңіске жетіп, Құлжада Іле сұлтандығы (Қара сұлтан) әкімшілігі құрылды. Оның билігі ұйғыр феодалдарының қолына тиді. Бірақ олар Іледегі қытайлар мен дүнгендердің қатты қарсылығына тап болды. Сондықтан Іле сұлтандығы өз жақтасын көбейту үшін қазақтардың Іле аймағының шығыс аудандарына кең таралып қоныстануын қолдап, қуаттады. Сонымен, ХІХ ғасырдың 60-жылдары Іле аймағының барлық аудандарына қазақтар орналасты.
Іледегі көтеріліс Тарбағатайға да өз әсерін тигізді. 1865 жылдың соңында Шәуешек (Чугучак) қаласында тұратын дүнгендер Чиң патшалығының сондағы жергілікті әскери-әкімшілігіне қарсы шабуыл жасады. Оған Тарбағатай аймағындағы, Шәуешек қаласы маңындағы қазақтар жабыла ат салысты. Чиң патшалығының Шәуешектегі шенеулігі У Лиң патша ордасына жолдаған хатында: Дүнген бандиттері мешітті иеленіп алды (Шәуешек қаласы ішіндегі мешіт - Н.М.). Оларды айнала қоршап, біздің әскерлерді кіргізбей тұрған қазақ қолдары бар. Қазақтар өз пайдасы үшін дүнгендерге болысуда. Олардың әрекеттері сұрқия, олардың адамдары көп, ол қазақтардың қайдан келіп, қайда кетіп жатқанын адам біліп болмайды. Оларды қолға түсіріп, жойып жіберу өте қиын болып тұр деп жазған. Аталмыш қазақтардың өз пайдасы Тарбағатайдағы шұрайлы жерлерді иемдену екендігі шүбәсіз. Шәуешектегі дүнгендер көтерілісін Чиң патшалығы арқылы қалың қолмен жаныштады, тірі қалған дүнгендер шығыс жаққа қарай бытырап қашып кетті. Дүнгендердің кетуімен Шәуешек бос қалды, айналаны етектеп көшіп-қонып, қазақтар қыстап жүрді делінген деректер сол көтерілістен кейін қазақтардың Тарбағатай аймағына қоныс тепкенін аңғартады.
Алтай аймағына барған қазақтар 1867-1868 жылдары Қытайдың ішкі өлкелерінен қашып келіп, тауға паналаған қызыл аяқ қарақшылардың талан-тараждық шабуылына ұшырады. Бірақ Алтайдағы қазақтар үкімет әскерлерімен бірлесе отырып, қызыл аяқ қарақшыларды Алтай өңірінен аластатып, өздері сонда орнығып отырды.
Қытай Чиң патшалығы өз қарамағындағы шеткері өлкелерді әскери-әкімшілік жүйе арқылы билеп-төстеген болатын. Сондықтан Чиң патшалығы өзінің батыс-солтүстік шекарасын белгілеп, отырған жерімен бірге Қытайға тәуелді болған қазақтарды барған аймақтары бойынша екі генерал-губернатордың басқаруына берді. Іле мен Тарбағатай аймағына орналасқан қазақтарды - Іле генерал-губернаторының басқаруында, Алтай аймағындағы қазақтарды Улиастай генерал-губернаторының билігінде ұстады. Бірақ онда барған қазақтардың дәстүрлі қоғамдық басқару құрылымын бірден өзгертпеді. Қайта қазақтарда сақталып келген билік түзімі (режимі) бойынша олардың өз билеушілерін өздеріне бастық етіп тағайындап, солар арқылы қазақтарға өз саясатын жүргізіп отырды. Анығырақ айтқанда, Іле, Тарбағатай және Алтайдағы қазақтарды осы үш аймақ бойынша бөлшектеп ұстап, олардың жоғары билеушілеріне ақалақшы (болыс) , мыңбасы, үкіртай, гун, тайжы деп аталатын көптеген тең дәрежелі мансап-лауазымдар беріп, солар арқылы қазақтарға өз әмірін жүргізіп отырды.
Қытайға қараған қазақтардың орналасқан аймақтары бгойынша рулық құрылымы, негізінен, мынадай болған. Іле аймағына қоныс тепкендер - Ұлы жүздің Албан, Суан рулары мен Орта жүздің Найман ұлысының Матай әулетінен тарайтын Қызай рулары; Тарбағатайға орналасқандар - Орта жүздің Найман ұлысынан тарайтын Қаракерейдің кейбір рулары, Уақ рулары және Абақ Керейдің ішінара рулары; Алтай аймағына қоныстанғандар - Орта жүздің Абақ Керей рулары (Он екі Абақ Керей) мен Найманның кейбір рулары. Қытайға қараған қазақтардың осы рулық құрылымдары мен географиялық қоныстану жағдайы, тіпті қоғамдық басқару құрылымы 1911 жылы Чиң патшалығы жойылғанға дейін сақталып келді.
1911 жылы Қытайда орын алған Синьхай(Шинхай) революциясы Чиң патшалығын құлатып, Қытайда екі мың жылдан артық өмір сүрген монархиялық жүйені жойды. 1912 жылы қаңтарда Қытайда республикалық Минго үкіметі құрылып, оның тұңғыш президенті болып Сунь Ятсен сайланды. Ол бірқатар республикалық заң-жарлықтар жариялап, қытай қоғамын жаңа бағытқа бастаған еді, бірақ қытайдың консервативтік күштері оған жол бермеді, тіпті Сунь Ятсеннің өзін президенттіктен бас тартуға мәжбүр етті. Сонымен, 1912 жылдың көктемінде ірі милитарист Юань Шика билік басына келді. Сөйтіп, Қытайда генерал-губернаторлардың провинциялық жартылай дара биліктері қалыптасты. Соған орай 1912 жылы Шынжаңның генерал-губернаторы болып Ян Цзэнсинь тағайындалды.
Ян Цзэнсинь Шыңжаң билігін қолына алғаннан кейін Шыңжаңның қоғамдық басқару құрылымын өзіне тиімді етіп қайта құрды. 1919 жылға дейін Улиастай генерал-губернаторының Қобда іс басқару әмбісінің (уәзірінің) басқаруында болып келген Алтай аймағын Шыңжаң провинциясының бір аймағы ретінде өзінің тікелей басқаруына алды. Сонымен, Шыңжаңның үш аймағындағы - Іле, Тарбағатай және Алтай өңіріндегі қазақтар біртұтас Шыңжаң генерал-губернаторының билігіне өтті. Бірақ олардың әлеуметтік жүйесі өзгермеді. Ян Цзеяинь қазақ билеушілерінің бұрынғы мансап-лауазымдарын, мүдделерін сақтай отырып, оларды өзін қолдауға тартты.
Ян Цзесинь өзінің билігін нығайту үшін өзге елдерге қатысты бейтрап тұру саясатын ұстанумен қатар, ішкі саясатта Шыңжаңның қоғамдық және ұлттық қайшылықтарын шебер пайдалана білді. Ол Шыңжаңдағы ұлттар арасына іріткі салып, оларды бір-біріне қарсы қою арқылы өзі ортада оларды ымыраға келтіруші болып көрініп отырды. Ол өзінің осы саясатын тізгіндеушілік деп атады. Сондай-ақ, ол өзінің осы саясатын Шыңжаңды ұзақ жыл тыныш ұстап тұрудағы ең өтімді тәсіл болды деп бағалаған. Іс жүзінде оның бұл саясаты Шыңжаңның әлеуметтік дамуына кедергі келтірді. Шыңжаңдағы халықтар надандық пен кедейлікте тұмшаланды. Бірақ ол өлкелік билік басындағылар арасындағы жерлес топтардың бақталастық күресін бәсеңдете алмады. ХХ-ғасырдың 20-жылдары Шыңжаң элитасы арасындағы, Ян Цзэсинь бастаған Шаньши, Ганьсу провинциясынан келгендер мен Фань Яоннан бастаған Хунань, Хубей өлкелерінен келгендер арасындағы күрес өрши түсті. Оның ақыры қару жұмсауға апарып соқты. 1928 жылы 7 шілде күні Ян Цзэсиньді Үрімжіде қонақ ұстінде оның қарсыластары атып өлтірді.
Ян Цзэсиньнің орнына Цзинь Шужэн Шыңжаңның генерал-губернаторы болып тағайындалды. Ол Янның саясатын жалғастырды. Басқару құрылымдарына аздап өзгерістер жасап, бұрынғы сегіз аймақты (дао) сегіз әкімшілік округ деп өзгертті. Сонымен, Шыңжаңның әкімшілік құрылымы провинция, әкімшілік округ, аудан, шүй (өңір), ауыл болып қалыптасты.
Цзинь Шужэн Шекара қорғанысын күшейту деген желеумен әскер санын көбейтті. Бұрынғы 3 дивизияны 6 дивизияға жеткізіп, әскер санын 40 мыңнан асырды және оларды жаңа типтегі қару-жарақтармен жабдықтады. Үкімет пен әскери органдардың маңызды салаларына өзікің туыстары мен жерлестерін және сыбайластарын тағайындады. Бұлар Цзинь Шужэнге арқа сүйеп, Шыңжаңда жемқорлықпен алаңсыз айналысты, халыққа зорлық-зомбылық жүргізіп, салықты ауырлатты. Бірақ өлкелік үкіметтің қаржысы құлдырап отырды. Шыңжаңның 1927 жылғы қаржы зияны 8.130.847 юань болса, 1932 жылғы қаржы зияны 162№278№194 юаньға жеткен. Сонымен, Шыңжаңдағы қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп, Цзинь Шужэн билігіне халықтың наразылығы күшейе түсті.
1931 жылы Құмыл аймағындағы ұйғырлар Қожанияздың басшылығымен Цзинь Шужэн үкіметіне қарсы көтеріліске шықты. Оны сол аймақтың Баркөл ауданында тұратын қазақтар қолдады. Көтерілісті жаныштаушы үкімет әскерлері сол жылы шілде айында Хасанту деген жерде отырған Әліптің ауылын басып алады да, оның басын кеседі. Сондай-ақ, олар елді үрейлендіру үшін кесілген басты кенттің кіре берісіне іліп қояды. Олардың бұл әрекеті қазақ халқының кегін қайнатып, ызасын келтіреді. Соынмен, Баркөл ауданындағы қазақтар үкімет әскерлеріне қарсы қарулы шабуыл жасауға шықты. Осы кезде Цзинь ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңжан өлкесіндегі қазақтар
ХIX–XX ғ. басындағы тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Қазақтардың Қытайға қоныс аударуы
Орыс әскери құрылымдарының Жетісу жеріне жасаған жорықтары
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттелу мәселелері
Моңғолия қазақтары мен салыстырсақ Қытай еліндегі қазақтарының өмір сүру салты монғолия қазақтарымен етене жақын
Қасым хан, Хақназар хан
Жануарлардың қоныс аудару
Пәндер