Шартты рефлекс


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Шартты рефлекс
Шартсыз рефлекс
Шартты рефлекс: 1. Берілген анықтамасы бойынша:
Шартты рефлекс: -жеке даму барысында ағзаның жүре пайда болған реакциясы
Шартсыз рефлекс: -тұқым қуалау арқылы берілетін, эволюция кезінде түзіліп, бекітілген, ағзаның туа біткен реакциясы.
Шартты рефлекс: 2. Рефлекстердің сипаттамасы бойынша:
Шартты рефлекс: - жеке болып табылады, тіршілік барысында тукады, бекітіледі де сөнеді.
Шартсыз рефлекс: -түрлік болып табылады, барлық адам мен жануарларда туа пайда болады.
Шартты рефлекс: 3. Осы рефлекстердің тууы бойынша:
Шартты рефлекс: -тууы үшін арнайы жағдай қажет, кез-келген қабылдағыш аймақтың кез-келген тітірукендіргішінде түзілуі мүмкін.
Шартсыз рефлекс: -арнайы жағдайдың қажеті жоқ, анық бір рецепторға үйркеншікті тітіркендіргіш әсер етсе, онда осы рефлекс туады.
Шартты рефлекс: 4. Осы рефлекстердің сақталынуы бойынша:
Шартты рефлекс: -өзгергіш, қозғалғыш, жоғалуы немесе сөнуі мүмкін.
Шартсыз рефлекс: -тұрақты, өмір бойы сақталынады.
Шартты рефлекс:

1. Осы рефлекстердің жүзеге асуында қатысатын

ми құрылымдары бойынша:

Шартты рефлекс: -ми қыртысы.
Шартсыз рефлекс: -қыртсы пен қыртыс асты құрылымдар (жұлын, ми бағаны) .

Шартсыз рефлекстердің түрлері: Инстинкт - шартсыз рефлекс түрi, рефлекторлы реакцияның тiзбектi түрде жүруi, яғни бір рефлекторлық реакцияның аяқталуы келесi реакцияға тiтiркендiргiш болып табылады. Инстинкттің ерекшелігі:

• рефлекторлық реакцияның тізбекті түрде жүруі;

• гормондық (жыныстық және ата-аналық инстинкт жыныс бездері қызметінің циклдық өзгерістерімен байланысты) және метаболиттік (мысалы: организмнің ашығуында, ондағы зат алмасудың өзгеруіне тәуелді) факторларға тәуелділігі;

• басымдылықтың көптеген қасиеттерімен сипатталады.

Шартты рефлекс түрлері. Тітіркендіргішке жауаптың пайда болу уақытына байланысты ШР келесі түрлерін ажыратады:

А. 1-реттегі ШР дегеніміз - шартты тiтiркендiргiш және шартсыз тiтiркендiргiштің бірмезетте ұштастырылу барысында қалыптасатын рефлекстер.

Б. 2-реттегі ШР - оларды құрастыру барысында шартты тiтiркендiргiш, шартсыз тiтiркендiргiшпен бекiтілмегенде, УБ туады.

В. 3-реттегі ШР - екінші реттегі ШР негізінде белгісіз жаңа тітіркендіргішті пайдалану арқылы осы рефлекстерді қалыптастыруға болады.

Г. Жоғарғы реттегі ШР - бұл бұрын пайда болған шартты рефлекстердің негізінде қалыптасатын рефлекстер.

ЖЖІӘ-тежелудің түрлері. И. П. Павлов ШР зерттей отырып, мидың барлық әрекеті қозу және тежелу үрдістерінен тұрады деп тұжырымдады. И. П. Павлов бойынша қозу мен тежелу үрдістері таралуы және жинақталуы мүмкін. Өте күшті тітіркендіргіш әсер еткенде қозудың таралуы іске асырылады.

ЖЖІӘ-тежелудің 2 тобын ажыратады:

1. Шартсыз (туа біткен), оның екі түрі бар:

сөнуші, тәжірибе кезінде бөгде тітіркендіргіш әсер еткенде, адам мен жануарларда бағдарлау рефлексінің пайда болуының біртіндеп жойылуы және тұрақты, сөнбейтін организмде патологиялық үрдістер кезінде туатын тежелулер деп екіге бөлінеді.

2. Шартты (жүре пайда болған)

Кешікпелі-т ітіркендіргіштің оқшауланып әсер етуінің 20 секундтық уақытында ШР жасырын кезеңі 2-4 сек. тең.

Ажыратпалы- екі агенттің, яғни шартсыз тітіркендіргіштің тұрақты түрде бекітілуі және оның бекітілмеуінің арқасында құрастырылады.

Өшуден тежелу - шартты тітіркендіргіш шартсызбен бекітілмесе, онда тітіркендіргіш біртендеп өзінің сигналдық мәнінен айырылады да, оған деген рефлекс өшеді.

Шартты тежегіш келесі түрде құрастырылады: шартты сигналға кез-келген қосалқы агентті байланыстырады және осы кешен шартсызбен ұштастырылмайды.

Ми қыртысының түзу-талдау әрекеті. Талдау және түзуге организмнің ішкі ортасына келіп түскен ақпараттар ұшырайды. Оның ішінде негізгі орынды миға проприорецептордан, буын мен сіңірлерден келген ақпараттар, ал адамдарда сөйлеу мүшелерінен келген ақпараттар алады.

И. М. Сеченов мидың түзу-талдау әрекетінің тегершігі- адамның заттарды сезіну және қабылдауымен тікелей байланысты екендігін дәлелдеді.

Ми қыртысының түзу және талдау әрекетінің 3 деңгейі бар:

1-деңгейі, әрбір талдағыштың рецепторында басталады.

2-деңгейі қыртыс асты түйіндерінде жүреді.

3-деңгейі ми қыртысында орындалады.

ЖЖІӘ-типтері. Темперамент - жігерлі, қызба мінез-құлықтың өткірлігі және организмнің жалпы қызметінің жылдам құбылатындығы.

Гиппократ бойынша:

• қызу қандылар (sangvis) - тірі қандылар

• кілегейлі (phlegma) - кілігейлі

• күйгілікті (cole) -өт

• бұзылған қара өт (melancole) - қара өт

И. П. Павлов жүйкелік үрдістің 3 қасиетін сипаттады; яғни қозу мен тежелудің күші; тепе-теңдігі; қозғалғыштығы.

1. Жүйкелік үрдістің күші - қыртыстағы жүйкелік жасушалардың күшті және кездейсоқ күшті тітіркендіргіш әсеріне үйреншікті түрде жауап беруі (холерик; сангвиник және флегматикке тән) .

2. Жүйкелік үрдістің тепе-теңдігі - бұл қозу мен тежелу күшінің тепе-тең болуы (сангвиник және флегматикке тән) .

3. Жүйкелік үрдістің қозғалғыштығы - қыртыстағы жүйкелік жасушалардың тітіркендіргіш әсерінен қозудың тежелуге және керісінше жағдайға өту қасиеті (холерик және сангвиникке тән) .

Сонымен:

1. Күшті, қозғалғыш, тепе-тең қасиеті басым ЖЖІӘ сангвиник типі болып табылады. Осы түрге жататын жануарлар қозғалғыш, белсенді болып табылады; қозудан тежелу және керісінше жағдайға тез өте алады (5-6 тәжірибеден кейін) ; бұл жануарларда кешігуші ШР тез құрастырылады және ол, ДС өте алады.

2. Күшті, қозғалғыш, тепе-теңсіз - қасиеті басым, темпераменттің холериктік (ұстамсыз) типі болып табылады.

Жануарлары өте күшті қозғыш, тежелуге қарағанда қозу басым болғандықтан, жүйкелік үрдістің тепе-теңсіздігі анықталады, оларда ШР тез құрастырылады, тежелуші (айырмашылық, тежегіш) ШР баяу және толық емес түрде түзіледі, көбіне тежеледі.

3. Күшті, тепе-теңді, инертті флегматик (салмақты) болып табылады. Инертті - қозудан тежелуге және керісінше жағдайда ұзақ түрде өту қасиеті. Жануарлары: жүйкелік жасушалары жұмысқа өте жақсы қабілетті; қозу мен тежелу үрдістері теңескен, тітіркендіргіш әсеріне үйреншікті түрде, оңай жауап береді.

4. Жүйкелік үрдістің әлсіз түрі - меланхолик. Тежелудің әлсіздігінен жүйкелік үрдістердің тепе-теңдігі мен қозғыштығы туралы ешнәрсе айтуға болмайды.

http://portal.agun.kz/e-books/content/VsFb2Yr9pH9XahoZGPv4/images/volki.bmp

Бірінші және екінші сигналдық жүйелер. И. П. Павлов жануарларға жасаған шартты рефлекторлық әрекетін адамға оның психикасын, ерекшеліктерін есепке ала отырып, І- және ІІ-сигналдық жүйелерді ашты. Организмнің есту, көру және т. б. рецепторларына сыртқы ортадағы заттар мен құбылыстардан келіп түсетін әсерлердің түзілуі мен талданылуы І-сигналдық жүйені (адам мен жануарларға тән) құрайды. Сонымен қатар, тек қана адамдарға тән еңбек әрекеті мен әлеуметтік даму кезінде сөйлеу сигналымен байланысты ІІ-сигналдық жүйе бар. Бұл жүйенің сигнализациясы оқығандарды көру, өздігінен сөйлеу немесе дауыстап сөйлеу, естігендерді қабылдаудан тұрады. Осы сигналдық жүйелердің өзара әрекеті адамның ЖЖІӘ арнайы түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Психикалық қызмет , яғни сана, сөйлеу, ойлау, ес және эмоция, адамның интеллекттік әрекеті, тәртіптің бейімделуінің жоғарғы түрі. Интеллект - бұл адамның өмірде алған білімін табысты түрде қолдану, көбінесе шындық әрекеттен шығатын есептерді алдына қою мен оны шешу.

Психикалық әрекет - бұл шартты рефлекторлық әрекетке қарағанда, адамға тән ЖЖІӘ жаңа, өте жоғарғы деңгейі.

Адамның психикалық әрекетінің дамуының бейнелеу түрінде 2 сатысын айырады:

1. Қарапайым сенсорлы кезең , яғни қоршаған ортаны сезіну түрі мен заттардың жеке қасиетінің бейнесі (иконикалық ес) . Қабылдауды сезінуден айырмашылығы - заттың біртұтас бейнелігінің салдары. Организмнің жеке дамуында түзілетін әрекеттің нағыз (дәл) сезіну бейнелеуінің түрі - ол көзқарас. Көзқарас кеңістікте уақытша байланысын көрінетін құбылыс немесе заттың бейнелі суреті.

2. Күрделі уақытша байланыспен сипатталатын интеллект пен сананың түзілуі. Адамның психикалық әрекеті ой тастаудың сандық, сапалығымен, бейне мен түсініктің мағынасымен беріледі.

Ес. Оның түрлері. Естің түзілуіндегі ОЖЖ бөлімдерінің ролі
Ес - жүйке жүйесінің негізгі бір қасиеті, яғни организмнің реакциясы мен қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпаратты ұзақ уақыт сақтау, сонымен қатар бұл ақпаратты сана мен тәртіп аймағына шығару. Ес негізінен ойлаумен тікелей байланысты. Есте қалдыруға қарама-қарсы ол ұмыту.

Эмоция. Қызметі және түрлері. Эмоция - адамның жеке басына, қоршаған ортасына деген сезімінің қарым-қатынасын бейнелейтін психикалық қызметтің бір түрі. Ол организмнің барлық қызметімен тікелей байланысты. Соңғы кездері эмоциялық кернеулік терең талданылуда. Оның тәжірибелі маңызы өте зор. Өйткені, теріс эмоциялар ағзадағы аурудың тууына әкеліп соқтырады.

Ойлау. Оның кезеңдері. Ойлау - адамның қоршаған ортасын түйсінуі және жаңа ақпаратты қабылдауы.

Ойлаудың түрлері: Бейнелі ойлау - адам мен жануарларға тән 1-ші сигналды жүйенің қызметімен сипатталады. Сөзді-логикалық - тек қана адамға тән, алаңдау-түсінікті ойлау түрі. Ол пайымдауға негізделген.

Ойлау үш кезеңнен тұрады:

1-кезең - (2-7 жас аралығы) сәби не болатынын түсінеді. Бұл жаста ойлаудың негізгі эелементі болып, іс-әрекет қалады. Әрекет арқылы ойлау дамиды. Бұл кезеңде ойлаумен бірге сөйлеу дамиды.

2-кезең - (7-10 жас аралығы) нақты түсінікті қолдану және логикалық талдау іске асырылады. Бұл кезеңде қыртыс аралық байланыс түзіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шартты рефлекс туралы
Шартты рефлекстерінің шартсыз рефлекстерден айырмалары
Шартты рефлекстер қалыптастыру механизмінде қазіргі кездегі көзқарастар
Мидың шартты рефлекторлық әрекеті
Шартсыз рефлекстердің классификациясы
Шартты және шартсыз рефлекстер
Шартты рефлекстердің тежелуі
Рефлекс және оның түрлері, олардың түзілу механизмдері
Жүйке жүйесі
«Ағзаның шартты – рефлекторлық қызметтері және оның нейрофизиологиялық механизмдері»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz