Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің дамуы

1.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Банк ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Банк жүйесі және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2. “Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы”

2.1 Банктік жүйеде реформа жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

3. Қазақстандағы болашақ банк жүйесінің дамуы
3.1 Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің бүгінгі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.2 Қазақстан Республикасындағы Банк жүйесін дамытудың негізгі жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе
Алғашқы банкирлердiң түсiнiгi бойынша қозғалыссыз жатқан үлкен қаражат байлықтарды жинаудан гөрi, ақша қаражаттарын уақытша қолдануға немесе өз бетiнше сауда және басқа да кәсiпорын аша отырып, айтарлықтай пайда табуды өнiмдiрек көрген. Сонымен бiрге кепiл ретiнде әдетте кемелер және тауарлар, ал кей-кезде үйлер, құнды заттар және тiптi адамдар болған. Ежелгi банктердiң несиелiк операцияларымен бiрге бiрте-бiрте салымшыларға қызмет көрсету бойынша есеп дами бастады. Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуi ақшаның, несиенiң және есеп айырудың рөлiнiң көтерiлуiнсiз мүмкiн емес. Нарықтық экономикада банктiк жүйе үш түрлi рөл атқарады;
Бiрiншiден, дамыған коммерциялық банктер төлемдер жүйесiн басқарады.
Екiншiден, банктер халық жинағын өндiрiстiк, коммерциялық ортаға бағыттайды.
Үшiншiден, банктер экономикалық жүйедегi ақшаның санын реттейдi.
Банктiк жүйе барлық мемлекетерде орталықтандырылған, жеке тұлғаның, тұтастай алғанда мемлекеттiң, достық қарым-қатынастағы елдердiң және халықаралық қаржы-несиелiк институттардың мүделерiн бiрiктiретiн жүйе болып табылады.
Қазiргi кезде Қазақстан халқының банк жүйесiне деген көзқарасы өзгердi, бұл халық ақшасының банктiк жүйеге құйылуының қарқынын күшейттi.
Сонымен қатар, қазiргi уақытта Қазақстаның қаржы жүйесi, соның iшiнде банктiк жүйе айтарлықтай экономиканың реформаланған және нарықтық секторы деп айтуға болады. Сондықтан да банктiк жүйенi толығырақ зерттеу, оның мәселелерiн анықтап және оларды шеше жолдарын ұсыну бүгiнгi күнде маңызды болып отыр.
Менiң бұл тақырыпты таңдауымның негiзгi себеб i- жоғарыда келтiрiлген банк жүйесiнiң маңыздылығы болып табылады. Бұл жұмыстың негiзгi мақсаты-банктiк жүйенiң мемлекеттiң экономикасының дамуындағы бар мәндiлiгiн көрсету, банктiк сектордың қызмет етуiндегi мәселелердi көрсету және оларды шешуiнiң және жетiлдiруiнiң жолдарын ұсыну болып табылады.
Курстық жұмыстың бiрiншi тарауын да мен банктiк жүйенiң сипаттамасы, яғни оның мәнi, түсiнiгi, элементтерi және банктiк жүйе қалыптасуының шетелдiк тәжiрибесi туралы жаздым.
Ал екiншi тарауда мен Қазақстан Республикасының банктiк жүиесiнiң қалыптасуына, яғни алғашқы кезде пайда болған банктерге және олардың қалыптасу жолдарына, сонымен қатар қазақстанның нарықтық құрылымдағы банк жүйесiне, яғни жүргiзiлген реформалардың нәтижесiне көңiл бөлдiм. Сонымен қатар, банк жүйесiн реттеуге, яғни қабылданған заңдар бойынша банктердiң мiндеттерiне және ҚР-ң. Банктiк жүйенiң даму проблемалары мен болашағына көңiл бөлдiм.
Курстық жұмыстың өзектілігі – Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы ролін жүйелі түрде зерттеп, оларды дұрыс ұйымдастыру және банк жүйесін нақтылы талдау, банк жүйесінің қызметтерін жетілдіру мәселелерін анықтап, оларды әрі қарай дамыту мәселелері.
Курстық жұмыстың міндеттері – банк жүйесінің теориялық дамуының негіздерін зерттеу, Қазақстан Республикасында банктік жүйенің дамуын талдау, банктік жүйесінің даму перспективаларын анықтау.
Курстық жұмыстың пәні – ол Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы мен дамуы болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі – банк жүйесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасы, соның ішінде банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, жоғарғы дәрежеде даму үстінде. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 заңының 3-бабында Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы былай деп жазылған:
а) Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар;
б) Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады;
с) Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстан Даму Банкін қоспағанда өзге банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады;
д) мемлекетаралық банк – халықаралық шарт (келісім) негізінде құрылып, жұмыс істеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік орган) мен сол шартқа (келісімге) қол қойған мемлекеттердің үкіметтері болып табылатын банк.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеуі елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастық және құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осында иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық сипаты мен мәні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен бірге өзіндік (кооперативтік) басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді. Бүгінде нарықтық талаптарға және халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай кредиттік-қаржылық механизм ауқымында өзара іс-әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық-қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.
Біздің елдің банк жүйесі екі деңгейден тұрады:
a) Бірінші деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстанның Ұлттық банкы тұрады.
b) Екінші деңгейлі банктер: мемлекетаралық банктер, резидент банктері, резидент емес банктер, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы резидент банкі – аралас капиталы бар банктер құрайды.
Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысады. Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылады. Бұның өзінде банк ісінің йымдастырылған принципі банктердің жоғарғы билік органдарына бағынуы қандай да бір жергілікті ережелерінің бекітілуіне жол бермеу сақталады.
Қолданға әдебиеттер тізімі

1. Дементьева А.«Қаржыгерлер мен студенттер: тең дәрежедегі диалог». Егемен Қазақстан, 2005 ж 25-мамыр.
2. Қазақстан банк жүйесі жинақ, тәуелсіздіктің 20 жылына арналған.
Ысқақов Ұзан Молдашевич 2012 жыл
3.http://kk.wikipedia.org
4. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " Қазақстан Республикасының Заңы (1995 ж. 31 тамыз № 2444)
5. Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы
6. Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Алматы: «Экономика», 2000ж
7. http://www/zox.kz
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң
9. http://www.nationalbank.kz
10. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулык. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. — 368 бет.
11. http://kk.wikipedia.org
12. Жұмабайқызы Г. «Банк елге делдалдық қызмет көрсететін кәсіпорын». Жас алаш 2003 ж 17-наурыз.
13. about:blank
14. http://www.AFN.kz, Банковский сектор. Сведения о собственном капитале, обязательствах активах.2006,2007,2008, 2009,2010,2011,2012.
15. http://www. KZRaiting.kz 2007, 2008.
16. ://ru.wikipedia.org, «Банки Казахстана».
17. http://Aef.kz. Курбенов М. «Перспективы развития посткризисного мира»

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің дамуы

1.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5
1.2 Банк ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Банк жүйесі және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2. "Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы"

2.1 Банктік жүйеде реформа жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

3. Қазақстандағы болашақ банк жүйесінің дамуы
3.1 Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің бүгінгі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2 Қазақстан Республикасындағы Банк жүйесін дамытудың негізгі жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Алғашқы банкирлердiң түсiнiгi бойынша қозғалыссыз жатқан үлкен қаражат байлықтарды жинаудан гөрi, ақша қаражаттарын уақытша қолдануға немесе өз бетiнше сауда және басқа да кәсiпорын аша отырып, айтарлықтай пайда табуды өнiмдiрек көрген. Сонымен бiрге кепiл ретiнде әдетте кемелер және тауарлар, ал кей-кезде үйлер, құнды заттар және тiптi адамдар болған. Ежелгi банктердiң несиелiк операцияларымен бiрге бiрте-бiрте салымшыларға қызмет көрсету бойынша есеп дами бастады. Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі - банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуi ақшаның, несиенiң және есеп айырудың рөлiнiң көтерiлуiнсiз мүмкiн емес. Нарықтық экономикада банктiк жүйе үш түрлi рөл атқарады;
Бiрiншiден, дамыған коммерциялық банктер төлемдер жүйесiн басқарады.
Екiншiден, банктер халық жинағын өндiрiстiк, коммерциялық ортаға бағыттайды.
Үшiншiден, банктер экономикалық жүйедегi ақшаның санын реттейдi.
Банктiк жүйе барлық мемлекетерде орталықтандырылған, жеке тұлғаның, тұтастай алғанда мемлекеттiң, достық қарым-қатынастағы елдердiң және халықаралық қаржы-несиелiк институттардың мүделерiн бiрiктiретiн жүйе болып табылады.
Қазiргi кезде Қазақстан халқының банк жүйесiне деген көзқарасы өзгердi, бұл халық ақшасының банктiк жүйеге құйылуының қарқынын күшейттi.
Сонымен қатар, қазiргi уақытта Қазақстаның қаржы жүйесi, соның iшiнде банктiк жүйе айтарлықтай экономиканың реформаланған және нарықтық секторы деп айтуға болады. Сондықтан да банктiк жүйенi толығырақ зерттеу, оның мәселелерiн анықтап және оларды шеше жолдарын ұсыну бүгiнгi күнде маңызды болып отыр.
Менiң бұл тақырыпты таңдауымның негiзгi себеб i- жоғарыда келтiрiлген банк жүйесiнiң маңыздылығы болып табылады. Бұл жұмыстың негiзгi мақсаты-банктiк жүйенiң мемлекеттiң экономикасының дамуындағы бар мәндiлiгiн көрсету, банктiк сектордың қызмет етуiндегi мәселелердi көрсету және оларды шешуiнiң және жетiлдiруiнiң жолдарын ұсыну болып табылады.
Курстық жұмыстың бiрiншi тарауын да мен банктiк жүйенiң сипаттамасы, яғни оның мәнi, түсiнiгi, элементтерi және банктiк жүйе қалыптасуының шетелдiк тәжiрибесi туралы жаздым.
Ал екiншi тарауда мен Қазақстан Республикасының банктiк жүиесiнiң қалыптасуына, яғни алғашқы кезде пайда болған банктерге және олардың қалыптасу жолдарына, сонымен қатар қазақстанның нарықтық құрылымдағы банк жүйесiне, яғни жүргiзiлген реформалардың нәтижесiне көңiл бөлдiм. Сонымен қатар, банк жүйесiн реттеуге, яғни қабылданған заңдар бойынша банктердiң мiндеттерiне және ҚР-ң. Банктiк жүйенiң даму проблемалары мен болашағына көңiл бөлдiм.
Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы ролін жүйелі түрде зерттеп, оларды дұрыс ұйымдастыру және банк жүйесін нақтылы талдау, банк жүйесінің қызметтерін жетілдіру мәселелерін анықтап, оларды әрі қарай дамыту мәселелері.
Курстық жұмыстың міндеттері - банк жүйесінің теориялық дамуының негіздерін зерттеу, Қазақстан Республикасында банктік жүйенің дамуын талдау, банктік жүйесінің даму перспективаларын анықтау.
Курстық жұмыстың пәні - ол Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы мен дамуы болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - банк жүйесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасы, соның ішінде банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, жоғарғы дәрежеде даму үстінде. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 заңының 3-бабында Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы былай деп жазылған:
а) Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар;
б) Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады;
с) Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстан Даму Банкін қоспағанда өзге банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады;
д) мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келісім) негізінде құрылып, жұмыс істеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік орган) мен сол шартқа (келісімге) қол қойған мемлекеттердің үкіметтері болып табылатын банк.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеуі елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастық және құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осында иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық сипаты мен мәні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен бірге өзіндік (кооперативтік) басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді. Бүгінде нарықтық талаптарға және халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай кредиттік-қаржылық механизм ауқымында өзара іс-әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық-қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.
Біздің елдің банк жүйесі екі деңгейден тұрады:
a) Бірінші деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстанның Ұлттық банкы тұрады.
b) Екінші деңгейлі банктер: мемлекетаралық банктер, резидент банктері, резидент емес банктер, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы резидент банкі - аралас капиталы бар банктер құрайды.
Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысады. Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылады. Бұның өзінде банк ісінің йымдастырылған принципі банктердің жоғарғы билік органдарына бағынуы қандай да бір жергілікті ережелерінің бекітілуіне жол бермеу сақталады.



1. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің дамуы

1.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы

Қазақстан тереториясында орта ғасырларда (VI - X ғғ.) сауданың дамуымен бірге ақша және сәйкесінше ақшалай қатынастар да дамыды. XIX ғасырдың басынан Қазақстнаға шетелдік және ресейлік банктік капитал енді, бұл капитал аймақтың негізгі қаржылық ресурстарын монополизациялады. Кеңсе үкіметті кезінде Қазақстаның банк жүйесі мүлдем болмады, себебі республика аумағында КСРОның орталықтандырылған несие жүйесінің орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшілері қызмет етті. Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе,деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылады. Ол қарыз - жайнақ кассалар мен несиелік серіктестерден тұрады. 1889 ж. Ресей үкіметі Омск қаласында Семей, Ақмола және Жетісу облыстарында қаржылық істерді басқару үшін қазыналық палаталарды ұйымдастырды. Палатаның міндеті мынада болды: сауданы бақылау, қазынашылықтарды басқару, мемлекеттік табыстар бойынша жалпы есептер жүргізу. Қазақстанға банк капиталының ене бастауы және оның териториясында несиелік жүйенің құрылуы XIX ғасырдың аяғында басталды. Қазақстаның несиелік жүйесі, Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде, мемлекеттік банктің бөлімшілерінен, акционерлік комерциялық банктерден, несиелік кооперациялардан және де басқа да шағын несие мекемелері құрылды. Ресей мемлекеттің банкінің құрылуымен Қазақстан тереториясында оның мекемелері пайда бола бастады. Ресей мемлекеттік банкінің бірінші бөлімшелері Уральскта (1876ж.), Петропавлск (1886ж.), Семейде (1887.), Верныйда (1911ж.) ашыла бастады. Ресей мемлекеттік банкінің мекемелерінің ашылуынан кейін Қазақстан тереториясында коммерциялық банктер пайда бола бастады. [1]
Біздің еліміздің банк жүйесінің қалыптасуы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін шыққан банктік қызметті реттейтін бірінші заң пайда болуынан басталды деп айтуға болады. Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші (1988-1991жж) дайындық кезеңі. Бұл кезең банк жүйесінің қалыптасуының негізгі процестеріне дейін басталды, салалық банктер қайта құрылып елдің тәуелсіздігін алмас бұрын Қазақстанның банк жүйесі алты банк арқылы қалыптасты: Мемлекеттік банк, Сыртқы экономикалық банк, Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Кредсоцбанк және Жинақ банкі. Бұл мелекеттік банктер Қазақстанның екі деңгейлі банк жүйесін қалыптастырудың негізі болды, себебі осылардың негізінде бірінші жеке коммерциялық банктер құрылды.
Екінші кезең (1992-1993 жж) банк жүйесінің жоғары инфляция жағдайларындағы (1992 жылы - 125%, 1993жылы - 2500%) сандық өсуімен сипатталады. Осы кезеңдегі өндіріс қатысушыларының алатын табыстары шығындардың өсуін жауып үлгермейтін. Елдегі қалыптасқан банк жүйесі Ұлттық банк тарапынан бақылаудың әлсіздігімен, банктік операцияларды лицензиялауға және банктік капитал көлеміне қойылатын талаптардың әлсіздігімен сипатталды. Осындай жағдайлар көптеген бір күндік банктердің пайда болуына себеп болды. Банктердің саны күрт өсіп 1993 жылы олардың саны 200-ден асып кетті. Екінші кезеңдегі келесі өзгерістердің бірі - Қазақстанның рубльдік аймақтан шығуы, яғни айналыстан кеңестік рубльдер шығарылып, ұлттық валюта - теңге еңгізілді. Сол уақыттан бері 15 қараша Қазақстандық қаржыгерлер күні болып саналады.
Үшінші кезең (1994 -- 2003 гг.) - Қазақстанның банктік жүйесінің дамуындағы ең ұзақ кезең болды. ҚР Ұлттық банкі банк құру бойынша талаптарды күшейтті (жарғылық капитал бастапқыда 500 тыс. АҚШ доллары болып, кейін ол 2 млрд. тенгеге көбейді - жуықпен 15,5
млн.долл.), жарғылық капитал тек ақшалай құралдармен төлену керек болды және пруденциалдық (реттейтін) нормативтер еңгізілді. Мемлекет меншігіндегі Қазақстанның Даму банкі қызмет ете бастады. Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) - 2001 жылдың сәуірінде құрылды, еврооблигацияларды орналастырудан (қарыздық бағалы қағаздар) және республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген құралдарды орта және ұзақ қаржыландыруға бағыттады. Қазақстанның Даму банкінің тартылған ресурстары қарыз несиелер ретінде беріледі.
Мемлекет сонымен қатар Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің иесі. Бұл несиелік институттың негізгі қызметі - ұзақ мерзімді әлеуметті мағналы жобаларды қаржыландыру.
Үш жыл ішінде бұл банкпен 50 инвестициялық жобалардан астам қаржыланды, жалпы сомасы 800 млн долл., жобаның орта мерзімі 9,5 жыл және орташа салмақталған проценттік ставкаорта 9,7% (орташа нарықтық 35-тен 21%-ке дейін).
Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі 2003 жылы құрылып тұрғын үй құрылысын орта және ұзақ несиелеу қызметін атқарады. Оның қызметі жинақтау-несиелікке негізделген, яғни салымшы банкте шот ашып және үйдің құнынан 50% - ті жинап, жетпеген сомаға несие ала алады.
Банк жүйесін ары қарай нығайтуға екінші деңгейдегі банктерді қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшіру Бағдарламасы бағыттады. Ол 1996 жылдың желтоқсанында қабылданды.
Бұл бағдарламаға сәйкес барлық қызмет жасайтын банктер 2000 жылдың аяғына дейін капитал жеткіліктігі, өтімділігі, активтер сапасы, менеджмент деңгейіне, бухгалтерлік есеп деңгейіне байланысты халықаралық стандарттарға сай келу керек.
Бағдарламаны іске асыру жылдары банктердің саны қаржылық жағдайы төмен банктер есебінен тез қысқарды.
Депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қалыптасу кезіне Қазақстанның банктік және қаржылық жүйесі өзінің тұрақтылығын көрсетті, алайда ресейлік қаржы дағдарысы салдарының әсері байқалды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып тәуелсіз несиелік рейтинг алып, оны позитивті деңгейде ұстап тұрды. 1999 жылы банк жүйесіне халықтың жинақтарының келуін қамтамасыз ету мақсатында депозиттерді кепілдендіру жүйесі құрылды. Жүйеге қатысушы банктер еріксіз таратылған жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін.
Қор құрылғанда 1999 жылдың желтоқсанында депозиттерді өтеудің күрделі сызбасы қолданылды, яғни өтеудің регрессивті түрі, сомасы 200 000 тенгеден басталатын.
Төртінші кезең (2004 жылдан - осы уақытқа дейін) Қазақстанның банк жүйесінің ары қарай дамуы және әлемдік қаржы нарығына интеграциялану кезеңі деп қарастырылады. Бірақ бұл кезеңді дағдарысқа дейінгі (2004-2008 жж.) және дағдарыстан кейінгі (2009 жылдан осы уақытқа дейін) кезеңдерге бөлуге болады. 2004 жылы қаржы нарығында мемлекет мүдделерін қорғайтын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттілігі атты жаңа реттеуші орган пайда болды. 2011 жылдың сәуірінде ҚР Ұлттық банкі бұл өкілеттіктерді өзіне қайтарып алды. Банктік жүйе белсенді дамып, жақсы нәтижелер арқылы елдің сапалы экономикалық дамуына негіз болды. Сонымен бірге осы кезең қаржы секторының 2003-2006 жылдарға даму Концепциясын дайындап, қабылдаумен байланысты. Концепцияның басты мақсаты - қаржы жүйесінің алдындағы стратегиялық міндеттер мен алдыңғы уақыттағы қызметтің негізгі бағыттарын анықтау болды.
2006 жылы осы жылы аккредитацияланған Қазақстанның Қаржыгерлері Ассициациясы құрылды (ҚҚА), 2008 жылы аккредитациялауды қайта өтті. Заңға сәйкес Ассоциация Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің эксперттік кеңесінің құрамына ұжымдық мүше ретінде кіреді. Қаржылық қадағалау агенттігінің экспертті кеңесі Агенттілікпен дайындалған нормативті - құқықтық актілердің жобаларын қарастыратын кеңестік орган. Нормативтік - құқықтық актілердің барлық жобалары Ассоциацияда міндетті экспертизадан өтеді. Ассоциацияның эксперттік бағасының қорытындылары қаржылық қадағалау Агенттігімен қаралып, қажет болған жағдайда жобаларды жөндеу бойынша шаралар қолданылды.
2007 жылдан бастап депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қатысушы банктерімен күнтізбелік жарналарды төлеу Банктерді Талдау жүйесінің (БАТА жүйесі) дифференциацияланған ставкаларына сәйкес жүргізіледі. БАТА жүйесі банктердің тәуекелдерін алдын-ала бағалауға мүмкіндік беретін белгілі индикативті құрал болып табылады. Егер 2007 жылға дейін банктер жарналарды біріңғай ставкалар бойынша төлесе, ал 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап тәуекелдік көрсеткіштері жоғары банктер күнтізбелік жарналарды жоғары ставкалар бойынша төлейді. Банк жарнасының ставкасы оның қаржылық тұрақтылығына, банкті тарату тәуекелінің дәрежесіне байланысты.
Несиелік бюро және Қазақстан республикасында несиелік тарихтардың қалыптасуы жайлы Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 6 шілдесіндегі заңы күшіне енді. Банктер міндетті түрде берілген кепілдер, кепілдіктер, шартты және мүмкіндікті міндеттемелер бойынша несиелік бюроға ақпарат беруге тиіс болды.
Егер 2006 жылы Қазахстанда 34 екінші деңгейдегі банктер және Қазақстанның Даму Банкі қызмет жасаған болса (бұлардың 16-сы шетел капиталының қатысуымен, 2-уі - мемлекеттік мамандандырылған банктер және а 17-сі казахстандық коммерциялық банктер), ал 2008 жылы - 37 екінші деңгейдегі банк қызмет етті.
Қазақстанның банктік жүйесінің дағдарыстан кейінгі даму кезеңі (2009 жылдан осы уақытқа дейін) әлемдік қаржы дағдарысының әсерімен және оны жоюмен сипатталады. 2009 жылғы қаржы секторының тұрақтылығын анықтайтын негізгі факторлар Қазақстанның экономикалық өсуінің төмендету қауіпі және қаржы жүйесіне сенімділікті сақтап қалу болды. ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің дағдарыс салдарын жою бойынша шаралардың дер кездігі Қазақстанның қаржы жүйесін басқа ірі елдермен салыстырғанда төмен шығындармен сақтап қалуға мүмкіндік берді. Біріккен шаралар кешені банк секторындағы жүйелі тәуекелдерді төмендету және банк жүйесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында провизиялардың адекватты деңгейде болуы бойынша 2009 жылдың негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталды. Жүйе құрушы екі банкке қатысты БТА Банк АҚ және и Альянс Банк АҚ шаралар қолданылды. Бұл екі банктердің сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау процедуралары жүргізіліп, олардың жалпы қаржы жүйесіне негативті әсері шектелді. Сонымен қатар қосымша капитализациялау түріндегі мемлекеттің қаржылық көмегі Қазақстанның Халық Банкі, Казкоммерцбанк акционерлік қоғамдарына көрсетілді.
Миниамлды резервтер талаптарын төмендету арқылы банктерге экономиканы несиелеуге және банктерді қосымша өтімділікпен қамтамасыз етуге қосымша құралдар берілді. 2009 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ЕДБ үшін минималды резервтік талаптар нормативтерін кезекті түрде төмендетті (ішкі міндеттемер бойынша 2% ден 1,5%-ке, басқа міндеттемелер бойынша - 3% -тен 2,5% ке дейін). 2009 жылдың қарашасынан бастап сыртқы міндеттемелерді қайта құрылымдау процесіндегі банктер үшін минималды резервтік талаптардың бөлек нормативтері бекітілді - 0% банктің ішкі және басқа да міндеттемелері үшін.
2009 жылдың 1-ші желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде құралдар сақтайтын ЕДБ үшін сыйақылар 0,5%-ке төмендеп, кәзіргі кезде банктер депозиттері бойынша ресми ставка 1% - ті құрайды. Бұл шаралар банктерді экономиканың нақты секторын несиелеуді кеңейтуге мәжбүрлеуге бағытталған еді.
Банктік операциялардың кейбір түрлерін жүргізетін ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын көтеру мақсатында 2009 жылдың 29 сәуірінде меншікті капитал есебін және меншікті капитал жеткіліктігінің коэффициенттерін халықаралық тәжірибені ескеру арқылы оптимизациялау қарастылды (Базель 2).
Сонымен бірге акционерлік капиталдың төменгі мөлшері бойынша талаптар өзгеріп, ірі қалаларда жаңадан ашылатын банктерге 5 млрд.тенге (2011 жылдың 1 маусымынан бастап жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері көбейді).
Кәзіргі кезде салымдарды кепілдендіру және сақтандыру Қорының бір салымшыға өтелетін ең жоғарғы өтемақысы - жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша 5 млн.теңге, бұдан былай экономикадағы өзгерістерге байланысты өтемақы көлемі қайта қарастырылады.
2011 жылдың 1-ші қаңтарына банктік сектор екінші деңгейдегі 39 банкпен беріледі. Екінші деңгейдегі банктердің активтері жылдың басынан 480,7 млрд. тенгеге немесе 4,2%-ке өсті, банктік қарыздар және кері РЕПО операциялары 572,8 млрд. тенгеге немесе 5,9 %-ке азайған, резервтер (провизиялар) 799,0 млрд. тенгеге немесе 20,0%-ке төмендеген. Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық міндеттемелері 2010 жылдың басынан 1821,5 млрд. тенгеге немесе 14,5%-ке азайған. Міндеттемелер құрылымында заңды тұлғалардың салымдары 507,9 млрд. тенгеге немесе 12,5%-ке көбейген. 2009 жылдың 1-ші маусымынан бастап капитал жеткіліктігінің жаңа коэффициентін енгізу бойынша өзгертулер еңгізілді (k1-2). 2011 жылдың 1-ші қаңтарына екінші деңгейдегі банктердің меншікті капитал көрсеткіштері келесідей: k1-1 - 0,117, k1-2 - 0,136, k2 - 0,180. Коэффициент алдағы уақытта өзгеріп отырады: 2012 жылдың 1 шілдесінен - 0,08 - ден кем емес, 2013 жылдың 1 шілдесінен - 0,09 - дан кем емес.
Исламдық қаржыландыру жайлы Заңды іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттілігімен 2009 жылдың наурызында ислам банктері бойынша нормалар мен лимиттерді бекіту жайлы үкімі қабылданған (банктердің жарғылық және меншікті капиталының ең төменгі мөлшері, резервтік капиталдың ең төменгі мөлшері, банк құралдарының ішкі активтерге орналастыру бойынша талаптар). Осылардан басқа ислам банктері үшін осы үкіммен исламдық қаржыландыру ерекшеліктері ескеріле отырып пруденциалдық нормативтер бекітілген, мысалы: бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғары мөлшері, өтімділік коэффициенттері, ашық валюталық позиция лимиттері, банктің негізгі құралдарға және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының жоғарғы мөлшері, банктердің Қазақстан Республикасының резиденттері еместер алдындағы міндеттемелеріне капитализациясы.
Екінші деңгейдегі банктер банктік қызметті келесі банктік операциялар арқылы жүргізеді: депозиттер қабылдау; заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу; қарыз, кассалық, аудару, есептеу, сенім, сейфтік, ломбардтық, банкаралық клиринг, төлем карточкаларын шығару және т.б. Тікелей банктік операциялармен қатар банктер арнайы банктік бағдарламалық қамтамасыздық, арнайы банктік әдебиетті, меншікті және кепілдегі мүлікті өткізу, кеңестер беру қызметтерін іске асырады. Заңға сәйкес Қазақстанда банктер банктік қызметке жатпайтын операциялар жүргізе алмайды. Тауарларды сату-сатып алу, сауданы ұйымдастыру, туризм қызметі және т.б.
Банктер ҚР территориясында және басқа елдерде еншілес банктер, филиалдар, өкілдіктер ашуға құқылы. Банк ашуға лицензия 2004 жылға дейін ҚР Ұлттық банкімен берілетін, 2004 жылдан бастап ҚР ҚҚА, ал 14.04.11ж. - өкілеттіктер қайтадан Ұлттық банкке берілді. Қазақстанда банктер тек қана акционерлік қоғам формасында құрылады, жарғылық капитал оның акционерлерінің құралдары есебінен қалыптасады. [2]

1.2 Банк ұғымы мен мәні

Банк (италянша banko - үстел) - ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айнымаға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі опреациялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. [3]Банктің пайда болуы мен дамуы тауар - ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланбай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер арқылы қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі қаржылық - делдалдық қызметтің негізін құрайды.

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " Қазақстан Республикасының Заңы (1995 ж. 31 тамыз № 2444) бойынша
банк - банк қызметің жүзеге саыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы болумен белгіленеді. [4]

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ен бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) XIV -- XV ғасырларда пайда болған.Олардың еңбектерінде банктауар шаруашылығынын, ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар - ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан ерте мерзімде - феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болған делінеді.
Банктер пайда болардын, алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердіңақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт ете келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттардадүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысын түсіндіріледі.
Алғашкы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операцияларын жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінін. бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банк қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс калмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғаятүсті. Банктер ез кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің, банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк -- Ағылшын банкі 1694 жылы қүрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Әрине, мұның бәрі алғашқы банктердіңкапитализімнің мануфактура жағдайында , банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше, осы жерде несие берушінің қандай жағдайларында банкке айналғаны таңғалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе -- бұл несиенің жеке нысаны мен банктік несие арасындағы айырмашылықтыңболуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес, б.э.д. III ғасырда айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несиеберіп қоймай, сондай-ақ жер Төлімшелерін сатып алу-сату, және басқа да операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық Мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің кызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады; Банктер аркылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларындаделдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтержүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және экономикалық Бірінші жағдайда , ең бастысы банктік операциялартүсініктің маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та банктің мәнін заңтұрғысынан карау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң, емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығын мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика зауыт, немесе материалдық өнім жасайтын өндіріс саласы түсінілген. Бірақ экономиканың басқада буындарынакәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым салынбаған.
Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субъектіге банк -- бұл кәсіпорын деп айту, өзінше дұрыс зат. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын -- бұл біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие болғандықтан, банкті -- несиелік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтықемес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі -- несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте коммерциялық банк -- бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңнын, 1-бабына сәйкес, банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. [5]
Банктік қызмет -- бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
* заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
* жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
* банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу;
* заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
* кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
* аударымоперациялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
* есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт );
* заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;
* заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
* сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын , құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
* клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анық- тау;

1.3 Банк жүйесі және оның құрылымы

Банк жүйесі - банк операцияларының біріңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір - бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланысты банкілердің жиынтығы. Бір жүйедегі банкілер несие, есп айырысу опрерациялары мен өзгедей опрерацияларды жүзеге асырады, нормативтік актілерімен реттеледі. Банкік жүйе нарық экономикасының ең қажетті және бөлінбейтін құрлымы. Банктік жүйе қаржылық делдалдар есебінде шаруашылықтардың қаржысын, халықтың сақтаған ақшалар мен шаруашылық әреті негізінде босайтын ақша құралдарын тартып, оны уақытша несие алушыларға береді, ақша есептеулері мен экономикаға қажетті өзге де түрлі қызметтерді жүзеге асырады, сол арқылы өндіріс тиімділігіне оның әсерін тигізеді. [6]
Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған Банктер және банк қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
· Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;
· Несие беру;
· Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
· Төлем құралдарын шығару,
· Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
· Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу);
· Клиенттерге кеңес беру.[7]
Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда.
1-ші кесте
Бұл жерде коммерциялық банктердің Депозиттік құрлымын көре аламыз.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алған соң КСРО Мембанктің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді жәнеөз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды , халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.[8]
Қазақстан Ұлттық банкі басқа елдердің Орталық банктерімен және тағы басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-несие ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық банк пен оның бөлімшелері салықтың, алымның және баждың, соның ішінде кеден бажының барлық түрлерін төлеуден босатылады.
Қазақстан Ұлттық банкі заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өз қарамағындағы бөлімшелермен бірге біртұтас құрылым құрайды.
Ол республиканың кез-келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.
Қазақстанның Ұлттық банкінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасызету болып табылады.Қазақстан Ұлттық банкі айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, банкноттармен тиындардың бірден бір элементі болып табылады. Республика аумағында банктер, еншілес банктер ашуға рұқсат береді. Банктердің, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қадағалайды және оларға пруденциалдық нормативтерді белгілейді. Ресми ставкаларды өзгерту жолымен банктердің проценттік ставкалары деңгейін реттеуді жүзеге асырады.[9]
Қорыта айтқанда, орталық банктің атқаратын қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты. Мемлекет пен басқа банктерге несие берген кезде ол несиелік айналым құралдарын шығарып, үкіметтік міндеттеме шығару және оны өтеуде қарыз процентінің деңгейіне әсер етеді. Бұл орталық банктің банктік жүйедегі алатын ерекше орнын айқындап, сонымен қатар өзінің басты қызметі ─ ақша-несиелік реттеу қызметін орындауға объективтік алғы шарттар жасайды.
Ұлттық Банк мемлекеттің орталық банкі ретінде Қазақстан Республикасының әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне кіру үдерісіне тартылған. Қазақстан Республикасы халықаралық қаржы ұйымдарының тұрақты мүшесі болып табылады. Ұлттық Банктің халықаралық қызметі мынада негізгі бағыттар бойынша дамиды:
1. шетелдік мемлекеттердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен байланысты дамыту және тереңдету.
2. ТМД елдерінің мемлекетаралық ұйымдық құрылымдарына және аймақтық интеграциялық ведомстволарға қатысу.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына мүше болуы.

2. "Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы"
2.1 Банктік жүйеде реформа жүргізу.
Ел экономикасы нарықтық қатынасқа көшу кезіңен бастап банк саласын дамыту, банктің өз жүйесі шеңберінде және оның жекеленген секторларын дамыту, өзара қарым - қатынас жүйесін қайта құру, яғни жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалаудың маңызы зор.
1995 жылғы банктік реформа
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалау бағдарламасыеа сәйкес жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда ҚР жұмысжасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады:
1-кезең. 1988-1991 жж. - мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Ұлттық банктің қызметтері және ақша-несие жүйесі
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
Банк жүйесі туралы ақпарат
Пәндер