Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметінің конституциялық ұйымдастыру қағидалары


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметінің конституциялық ұйымдастыру қағидалары»

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік

құрылысы -мемлекеттік орган . . . 6

2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі . . . 9

2. 1 Қазақстан Республикасының Президенті . . . 9

2. 2 Қазақстан Республикасының Парламенті . . . 16

2. 3 Қазақстан Республикасының Үкіметі . . . 19

2. 4 Қазақстан Республикасының Сот билігі . . . 32

3 ҚР мемлекеттік органдар қызметінің конституциялық

ұйымдастыру қағидалары . . . 43

3. 1 Мемлекеттік органдар қызметіндегі

қағидалардың маңызы . . . 43

3. 2 ҚР мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен

қызметіндегі конституциялық қағидалар . . . 44

Қорытынды . . . 52

Пайдаланылған дерек көздер тізімі . . . 58

Кіріспе

Бұл ғылыми зерттеу жұмыс Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметіндегі конституциялық қағидалар өзектілерін ашу барысындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесіне, мемлекетте билікті бөлу механизмін реттеу жағдайында және олардың өкілеттіктерінің дамуын тарихи-құқықтық тұрғыдан зерттеуге арналған.

Мемлекеттік басқарудың жаңа нысаны ретінде президенттік республиканың өкілеттіктері ерекшеліктерінің қалыптасуының себеп-салдары мәселелерін өз бетінше кешенді зерттеу, осының негізінде мемлекеттік құрылыс пен қазақстандық юриспруденция айналымында қолданылатын ұйымдық-құқықтық, заң шығармашылық және т. б. мәндегі ұсыныстар мен ғылыми-практикалық кепілдемелер болып табылады.

Ғылыми жұмыстың маңыздылығы. Қазақстанның құқықтық мемлекет құру идеалы мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы, мемлекеттік басқару нысанының соған сәйкес түрленуімен, сомдалуымен және басқару жүйесінің тиімділігімен тығыз байланысты.

Мемлекеттік органдар қызметі - объективті түрде кез келген елдің әлеуметтік және саяси өмірінің негізі, оның өзегінің көрінісі ретінде саналады. Мемлекеттік органдар қызметі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының талабына сай келіп, әрбір қызметінің өзіндік атқарар іс-әрекетінің дұрыстық жолы болды.

Сонымен қатар, басқару нысанынан елдің тарихи-ұлттық ерекшелігі, қоғамның саяси-мәдени дәстүрі, халық менталитетінің белгілері орын алулары керек. Тек осы жағдайда ғана оның барлық қолайлы, жағымды сипаттары толығымен айқындалып, нәтижесінде мемлекеттік органдар қызметінің конституциялық қағидалары толықтай тиімді қамтамасыз етеді. Тарихи тұрғыдан аз уақыт сүруіне қарамастан, Қазақстандағы мемлекеттік органдар қызметіндегі конституциялық қағидалар идеясы өзінің динамикасын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты. Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті. Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері тиімділігінің жетілдіргенін, екі палаталық парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.

Жалпы мемлекеттік басқару түрлерін және, өкілеттік ерекшеліктерін саралау жекелеп алғанда, ереже іспетті, терең саяси реформалар кезеңінде аса маңызды мәнге ие болып, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі ретінде билікті бөлу теориясымен тығыз байланыста болады. Президенттік билікті құру мәселесі әртүрлі мемлекеттердің әр қилы тарихи кезеңдерінде конституциялық жобаларды дайындау мен талқылау кезінде өткір туындап, заң арқылы монархтың, көсемнің, диктатордың жеке билігін шектеу идеяларымен айқындалатын. Бұл идеялар ХХ ғасырдың басында М. М. Сперанский мен Н. И. Муравьевтің Ресейге арналған, М. Дулатов пен А. Бөкейхановтың Алаш Қазақ автономиясына арналған конституциялық жобаларында өскін алып, басқа да "ұлттық шеткері аймақтың" көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлердің еңбектерінде қарастырылған.

Зерттеудің объектісі мен пәні Зерттеу пәнін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметіндегі конституциялық қағидаларын көрсетуге арналған.

Зерттеудің мақсаты мемлекеттік басқарудың жаңа нысаны ретінде президенттік республиканың билік жүргізу жүйесі - мемлекеттік органдар қызметіндегі конституциялық қағидалар және олардың іс жүзінде қолдану өкілеттіктерінің ерекшеліктерінің қалыптасуының себеп-салдары мәселелерін өз бетінше кешенді зерттеу, осының негізінде мемлекеттік құрылыс пен қазақстандық юриспруденция айналымында қолданылатын ұйымдық-құқықтық, заң шығармашылық және басқа да мәндегі ұсыныстар мен ғылыми-практикалық кепілдемелер жасау болып табылады.

Белгіленген мақсаттан шыға отырып, автор алдына мына төмендегідей міндеттер қояды:

- мемлекеттік дамудың әлемдік тәжірибесі жинақтаған материалдарды қорыту мен зерттеу, зерттелінетін тақырыптың теориялық өңдеу деңгейі мен дәрежесін ашу негізінде олардың ғылыми шешім табуының жолдарын анықтау;

- "мемлекеттік билік нысаны", «Заң шығару, атқару және сот билігі», "мемлекеттік орган", "ҚР Конституцияның күші", «Конституциялық қағидалар» ұғымын сипаттайтын анықтамаларды талдау және мазмұнын ашу;

- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесіне қарай бөліну түрлері, өкілеттік ерекшеліктерінің қалыптасуы және дамуының аспектілеріне талдау жасау;

- Заң шығару, атқарушы және сот билігі тармақтарының мемлекеттік-құқықтық мәртебесінің алуан түрлі үлгісінің қызметтік мазмұнын анықтау;

- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметіндегі конституцияның қолдану заңдылықтарын ашып, қорытынды сипаттама беру;

- Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар қызметіндегі принциптердің қалыптасу кезеңін негіздеу;

Зерттеудің әдістері қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық әдістер жүйесі: диалектикалық, салыстырмалы, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу, статистикалық т. б. әдістер басшылыққа алынды.

Ғылыми зерттеудің құрылымы кіріспеден, 3 тараудан: 1 тарауда - 1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік құрылысы -мемлекеттік орган жөнінде шолу жасалынған; 2 тарауда - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі және оның құрылымына тоқталынған, олар: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Сот билігі, 3 тарау - ҚР мемлекеттік органдар қызметінің конституциялық ұйымдастыру қағидаларына, оның ішінде Мемлекеттік органдар қызметіндегі қағидалардың маңызы, ҚР мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметіндегі конституциялық қағидаларының түрлеріне олардың алатын орны жөнінде, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысын жазу барысында отандық ғалымдар Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева, С. Қ. Амандықова, Баққұлов С. Д., Сапарғалиев Ғ., Амандыкова С. К., Дулатбеков Н., Өзбекұлы С., Қопаев Ө., Ағдарбеков, Жоламан Қ. Д., Н. Дулатбеков, С. Амандықова, А. Турлаев және т. б. ғылыми жұмыстардағы теориялық тұжырымдары негізге алынды.

Зерттеу жүмысының нормативтік базасы. Іздену жұмысының нормативтік бастауларын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасынын конституциялык заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары құрады.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы Қазақстандағы жоғарғы заң оқу орындарында мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, салыстырмалы кұқықтану, конституциялық құқық және т. б. пәндерден дәрістер жүргізуде, семинар сабақтарын өткізуде қолданылуға ұсынылады.

1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік құрылысы - мемлекеттік орган

Әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес мемлекеттік билікті ұйымдастыруды белгілейді және олардың адам және азамат, аталмыш қоғам өкілдерімен қарым-қатынасын бекіте отырып, мемлекеттік органдар жүйесінің негізін қалайды.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі.

Коституцияда Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген. Олар - халықтық билік, мемлекеттік егемендік, біртұтастық, биліктерді бөлу принципі, құқықтық үстемдігі, мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, идеологиялық және саяси әр алуандылық және басқа принциптер [5] .

Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін құру концепциясында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негізгі белгісі ретінде халықтық билікті атап айтуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деп белгіленген. Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ халық өз билігін жүзеге асырудың мемлекеттік органдарға береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасындағы демократияның тікелей және өкілді нысандары туралы берік сеніммен айтуға болады.

Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде, Қазақстан Республикасы халқының ерік-жігері негізінде, басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дербес мемлекет функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуде 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» айрықша рөлге ие. Қазақстан Республикасының егемендігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы одан әрі нығайта түсті. Ол Қазақстан Республикасының дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде бекітті. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егемен мемлекет болып табылады.

Қазақстан Республикасы егемендігінің негізін оның аумағы, жері, қойнауы, табиғат байлықтары, мәдени құндылықтары және барлық экономикалық потенциал құрайды. Егемендіктің бастауы - халық, сонымен қатар егемендік Қазақстан Республикасының әрбір азаматына таратылады. Мемлекеттік егемендік ең алдымен мынадан көрініс табады: Қазақстан Республикасы ішкі құрылымға қатысты және басқа мемлекеттермен арадағы қатынастарға байланысты барлық мәселелерді өз алдына дербес шешуге хақылы. Егемендік идеясы 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында да алдынғы қатарда тұр.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады. Біртұтастық Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының маңызды бір бөлігі болып табылады. Біртұтас мемлекет ретінде Республика өз алдына дербес мемлекеттікке ие емес әкімшілік-аумақтардан тұратын бірыңғай, саяси біртекті құрылымымен сипатталады. Біртұтастық бірыңғай азаматтыққа, заңдарға және мемлекеттік органдар жүйесіне негіз болады.

Қазақстан Республикасында билік біртұтас, дегенмен ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте биліктерді бөлудің Республика жағдайына бейімделген президенттік механизмі көзделген.

Президенттік институты Қазақстан халқының мемлекеттік бірлігін бейнелеуге және жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияның 40-бабына сәйкес мемлекеттің басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

Президенттік билікті күшейту қоғамның саяси және экономикалық жүйесін реформалауды барынша тиімді жүргізуге және алға қойған мақсатқа жетуге қабілетті әлуетті әрі үйлесімді мемлекеттік билік жүйесінің қажеттілігімен негізделінеді.

Мемлекеттік билік - бұл мемлекеттік - құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асыру. Билік мемлекеттік буындар арқылы көрінеді. Оның бірі - мемлекет органы.

Мемлекет органы дегеніміз - белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттілік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындау мүмкін, үшіншіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден, мемлекет органдары үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істері қараудың белгілі бір тәртібі белгілеген [1] .

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметін іске асыру нысаны бойынша - өкілді, атқарушысы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай - орталық және жергілікті болып жіктеледі; өкілеттіктің мерзімі бойынша - тұрақты және уақытша; құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша - алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша - құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы; құзыретінің сипатына қарай - жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрліктер) органдар болып бөлінеді.

Қазақстандағы Республикасында мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат билікті бөлу теориясы болып табылады, ол билікті органдар және лауазымды адамдар, әлеуметтік топтар, мекемелер немесе жекелеген адамдар тарапынан қиянат болмауы үшін амалдар жасайды. Бұл орайда олардың әрқайсысы дербес әрі бірін-бірі тежеуші әрі тепе-тендік жүйесі бола отырып, өз қызметтерін органдардың айрықша жүйесі және ерекшелікті нысандар арқылы жүзеге асырады.

Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі (аса маңызды қағидаттың бірі) - онда әлдебір билікті, басқа органның әрекетін белгілі бір дәрежеде шектеуге мүмкіндік берілуі, мемлекеттің әлдебір тұтқасының билікті өз қолына шоғырландыруын болдырмауы көзделінген. Билікті бөлу қағидаты Конституциясының Президент, Парламент, Үкімет және соттар мәртебелерін белгілейтін нормаларда іске асырылып нақтыланған. Бұл қағидалардың мазмұны олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуын білдіреді. Мысалы, Парламентке берілген заң қабылдау айрықша қызметі Президенттің заңдарды қайтару құқығымен үйлестірілген. Президентке заңдарға қайшы келмейтін жарлықтар шығару құқығы берілген. Ал, Үкіметке Конституция, заңдар және Президенттің нормативтік жарлықтары негізінде және соларды орындау үшін қаулылар шығару құқығы берілген, алайда оларды Парламент бекітуі тиіс. Сот билігінің де құқықты шектеуші амалдары бар, ол Конституцияда, заңдарда кінәсіздік, қорғану құқығы, азаматтардың заң, сот алдында теңдігі, жариялылық, судьядан бас тарту және т. б. қағидаттарға негізделген. Сөйтіп, биліктің бірде-бір тармағы бүкіл мемлекеттік билікті тұтастай өзі иемденіп кете алмайды.

2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі

2. 1 Қазақстан Республикасының Президенті

Жоғарыда айтылған өлшемдер негізінде мемлекеттік органдардың мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына айқындайтын, ел ішінде және халық аралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілді ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республиканың Президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституциясының мызғымастығының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттің биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығын атап көрсету қажет. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.

Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.

Мемлекеттің биліктің бірыңғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады.

Президент деген ұғым конституциялық құқылық мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл қызмет сол үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған /АҚШ, Франция/.

Президент қызметі тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылданған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайланды деп белгіленеді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланады. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлау туралы заң қабылданып, мұнда Президентті республика халқының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант қабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі, әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады. Соңынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзімі 7 жылға дейін ұзартылды.

Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Қазақстан Республикасының Президентін биліктің төртінші тармағы ретінде қарауымыздың мәні мынада. Шын мәнінде Президент барлық билік тармақтарынан оқшау тұр. Себебі конституциялық тұжырымдарға сәйкес ол - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмаса да ол еліміздің билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституцияның 40-бабының 3-тармағына сәйкес Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол - халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституциясының мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі /40 баптың 2-тармағы/. Бұл жорамалымыздың дұрыстығына Президенттің атқарушы өкілеттілігі айғақ.

Президентке Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабында көрсетілген міндеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген.

Президент атқарушы билік саласында:

Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымымен белгілейді; оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойынша отырыстарында төрағалық етеді; Үкіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облыстағы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика премьер-министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді. Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттілігін тоқтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметтің орнынан түсуі туралы шешімді Үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да қабылдайды.

Республика президентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шағырады;

Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырып, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы Қолбасшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары әскери атақтар мен өзге де атақтарды береді; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді. Ішінара немесе жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды. Қауіпсіздік Кеңесін құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұйымдық - құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері
Орталық атқарушы органдар
Мемлекеттік аппарат туралы
Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызметіндегі конституциялық қағидалар
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашу
Биліктің бөліну принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz