Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы



Жоспар:

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I Бөлім. Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы.
1.1 Қазақстан банк жүйесі . кеңестік дәуірде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Қазақстанның банк жүйесінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Қазақстан банк жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ Бөлім. Ұлттық банк . Қазақстан Республикасының орталық банкі.
2.1 Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары ... ... ..12
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің функциялары ... ... ... ... ... ... ...13

III Бөлім. Коммерциялық банктер
3.1 Коммерциялық банктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
3.2 Болашақтағы банк жүйесін реформалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Қазіргі уақыттағы экономика маңызды міндеті бар, өзара байланысқан өте күрделі жүйе болып келеді. Бірақ, маңызды рөлдердің бірі банк жүйесінде де бар болып келеді. Ол экономикалық қарым-қатынастардың даму кезеңінде оның жұмысын қамтамасыз етіп отырады. Бүгінгі күнде банктар:
1. Тәуелсіз, бос қаржыны жинақтауға,
2. Шаруашылық субьектілерінің кассирлері қызметін атқару,
3. эмиссия жүргізуі керек.
Қазір банктердің кең таралған жүйесінсіз үйлесімді дамыған мемлекетті елестете алмаймыз. Шынында да, банктер экономикада көптеген жүректер жұмысы қызметін атқарады, яғни олар арқылы мемлекттің экономикалық-саяси қуаты дамуы мүмкін болады. Тек экономикалық-саяси қуаты артады, себебі қазіргі уақытта экономика саясаттан бөлек қарастырылған доктрина қолданыста жоқ, тіпті ойлап табылмаған шығар.Бүгінгі таңда банктер – үкімет қоландағы экономикалық құрал болып табылады.
Осы курстық жұмыста қазіргі таңдағы экономикадығы Қазақстан банк жүйесінің дамуы зерттеледі.
Берілген жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының банк секторын қарастыру.
Осы тақырыптың өзектілігіне келсек, нарықтық экономиканың ең маңызды бөлігі банк жүйесі болып табылады. Оны мемлекетті және қоғамның бүкіл мүшелерін қаражатпен қамтамасыздандыратын генератор деп те қарастыруға болады. Тұрақты, иілгіш, әрі тиімді банк инфрақұрылымын құрастыру – Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаның ең маңызды және өте қиын мақсат болып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ақша. Несиелер. Банктер. Г.С. Сейткасимов редакциясымен жасалған. Алматы 1999 ж.
2. Алёхин Б.И. «Бағалы қағаздар нарығы» Мәскеу. 1994ж.
3. ҚР Статисткалық Мекемесінің мәліметтері
4. «Казақстан банкілері» журналы №6, №7, №8 2001 ж.
5. ҚР Стратегиялық Даму Мекемесінің мәліметтері
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәліметтері
7. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі сайты
8. Қазақстан Республикасы банктер жүйесі. Ақпараттық журнал 3. 2002ж.
9. ҚР Заңы : «Бағалы қағаздар нарығы туралы»
10. Қазақстандық биржа қорының сайты KASE
11. Красавина Л. Н. «Халықаралық валюта-несиелік және қаржылық қатынастар» Мәскеу 2000
12. Круглова В.В. «Халықаралық валюта-қаржылық және несиелік қатынастардың негіздері» Мәскеу, Инфра-М, 1998 ж.
13. Литвиненко Л.Т. «Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы» 1998ж.
14. Лялин В.А. «Банктер және биржа қорлары» Мәскеу. 1998ж.
15. Мусатов В.Т «Банктер және биржа қорлары» Санкт-Петербург 1996 ж.
16. Реттеу департаментінің сайты

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

I Бөлім. Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы.
1.1 Қазақстан банк жүйесі – кеңестік
дәуірде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Қазақстанның банк жүйесінің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Қазақстан банк жүйесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІ Бөлім. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкі.
2.1 Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің
бағыттары ... ... ..12
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің
функциялары ... ... ... ... ... ... ...13

III Бөлім. Коммерциялық банктер
3.1 Коммерциялық
банктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 16
3.2 Болашақтағы банк жүйесін
реформалау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 28

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе
Қазіргі уақыттағы экономика маңызды міндеті бар, өзара байланысқан өте
күрделі жүйе болып келеді. Бірақ, маңызды рөлдердің бірі банк жүйесінде де
бар болып келеді. Ол экономикалық қарым-қатынастардың даму кезеңінде оның
жұмысын қамтамасыз етіп отырады. Бүгінгі күнде банктар:
1. Тәуелсіз, бос қаржыны жинақтауға,
2. Шаруашылық субьектілерінің кассирлері қызметін атқару,
3. эмиссия жүргізуі керек.
Қазір банктердің кең таралған жүйесінсіз үйлесімді дамыған мемлекетті
елестете алмаймыз. Шынында да, банктер экономикада көптеген жүректер жұмысы
қызметін атқарады, яғни олар арқылы мемлекттің экономикалық-саяси қуаты
дамуы мүмкін болады. Тек экономикалық-саяси қуаты артады, себебі қазіргі
уақытта экономика саясаттан бөлек қарастырылған доктрина қолданыста жоқ,
тіпті ойлап табылмаған шығар.Бүгінгі таңда банктер – үкімет қоландағы
экономикалық құрал болып табылады.
Осы курстық жұмыста қазіргі таңдағы экономикадығы Қазақстан банк
жүйесінің дамуы зерттеледі.
Берілген жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының банк секторын
қарастыру.
Осы тақырыптың өзектілігіне келсек, нарықтық экономиканың ең маңызды
бөлігі банк жүйесі болып табылады. Оны мемлекетті және қоғамның бүкіл
мүшелерін қаражатпен қамтамасыздандыратын генератор деп те қарастыруға
болады. Тұрақты, иілгіш, әрі тиімді банк инфрақұрылымын құрастыру –
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаның ең маңызды және өте
қиын мақсат болып отыр.

І Бөлім.
Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы
1.1 Қазақстан банк жүйесі – кеңестік дәуірде.
Кеңестік билік кезінде Қазақстанның өзіндік банк жүйесі болған жоқ,
себебі республикасыздың территориясында КСРО несиелік жүйесінің бөлімшелері
жұмыс атқарды. Сондықтан банк жүйесінің тарихы КСРО тарихы және көтеріліске
дейінгі Ресейдің тарихымен тікелей байланысты. Патшалық Ресейдің банк
жүйесінің құрамына кірді: Мемлекеттік банк, акционерлі банктер, өзара несие
беру қоғамдастықтары, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері және басқа
да несиелік мекемелер.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (1860 ж. Бастап жұмыс істейді) бүкіл
несиелік жүйенің Орталық банкі болфп табылады. Оның қолданысқа қағаз ақшаны
еңгізуге монопольді құқығы болды. Ресейдің Мемлекеттік Банкі 1914 ж.
ағымдағы есептердің және салымдардың жартысынан көбін, акционерлі-
коммерциялық банктердің қарыз беру операцияларының 13 иемденді. Басқа
елдердің орталық банктеріне қарағнада Ресейдің Мемлекеттік Банкісі тек қана
банктерге несие беріп қана қоймай, өндірске, саудаға да қаражат берді. 1914
ж. оның құрамында 10 кеңсе, 124 бөлімше, 791 мемлекттік қазынаның тіркелген
кассалары болды.
Акционерлі коммерциялық банктер (47 банк және оның 743 бөлімшесі)
қарыз беру капиталдары операцияларында басты орынға ие болып, 1914 ж.
өзінің жоғарға деңгейіне жетті.
Орта және шағын буржуазияға қызмет көрсету үшін шағын несие мекемелері
қызмет етті: өзара несие беру қоғамдастығы (11081), қалалық, халықтық
банктар (343).
Ипотекалық несие беру жүйесі мемлекеттік дворянды жер банкінен, мемлекеттік
жерге берілетін банкі, 10 акционерлі жер банклері, 36 қалалық несие
банкілері және басқа да ипотекалық несие беретін банкілерден құрылды.
Басқа да несиелік мекемелердің арасында несиелік кооперацияның орын
бөлек. Ол ауылдың адамдарына қызмет көрсетті. Құрамына несиелік
серіктестіктер және қарыз сақтау кассалары болды.
1917 жылғы Қазан көтерілісінен кейін банк ісін ұйымдастыруда
мемлекттік монополия принципі қолданылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды,
кейін, жеке коммерциялық және басқа да банктер мемлекет меншігіне өткен
соң, мемлекетке тәуелді салалық және территориялық банктер құрылды. Банк
жүйесінің тағы бір буыны болып мемлекеттік еңбек сақтандыру кассалары пайда
болады. Кеңес билігінің алғашқы жылдарында мемлекттік банктармен қатар,
мемлекттік емес несиелік мекемелер – кооперативті және жеке мемлекетті-
капиталдық, шетел капиталын кірістірумен пайда болды.
1930 – 1932 жылдары КСРО-да өткізілген несие реформасы нәтижесінде
жаңа принциптермен жұмыс істейтін салалық банктер пайда болды. Капиталды
салымдарды қаржыландыру үшін арнайы 4 банк құрылды:
Өндіріс құрылысы және электр шаруашылығын қаржыландыру банкі
(Промбанк). Ол 1959 ж. КСРО Құрылыс банкі болып қайтадан құрылды.
Социалистік жержі өңдеуді қаржыландыру банкі көптеген несиелік
серіктестік және мемлекттік ауылшаруашылығы банктердің орынына
ұйымдастырылды. 1959 жылы оның функциялары Мемлекттік Банк және Құрылыс
банктері арасында бөлініп алынды.
Кооперациялық құрылысты қаржыландыру банкі (Всекобанк) Бүкілресейлік
кооперативті банк негізінде құрылған. 1936 жылы жойлды, оның активтерімен
пассивтерң жаңа ұйымдастырылған Сауда банкіне берілді.
Коммуналды және тұрғын үй құрылыс банкі (Цекомбанк) 1959 жылы құрылып,
оның функциялары Құрылысбанкі және Мемлекеттік банкі арасында бөлініп
алынды.
1990 жылы Егемендік Декларациясын қабылдағаннан кейін, 1990 жылдың
желтоқсанында Қазақстан нарықтық экономика талаптарына сай өзіндік банк
жүйесін құра бастады. 1991 жылдың қаңтарында Қазақ КСР-де Банктар және
банктік іс-әрекет туралы Заң қабылданып, елде банк реформасы жүргізіле
бастады. Мемлекттік банк Қазақстандағы өз бөлімшелерімен бірге Ұлттық банк
болып, ал Мемлекттік Құрылыс банкі — акционерлік-коммерциялық Туранбанк деп
өзгертілді. Агропромбанк – Қазақстан Республикасының акционерлік-
коммерциялық Агропромбанкіне айналса, Внешторгбанк – акционерлі –
коммерциялық Алем банкіне ауысты. Сбербанк — Қазақстан Республикасының
акционерлік-коммерциялық Сбербанкідеп атала бастады. 1993 жылы осы банктер
акционерлі банктер деп өзгертілді, Сбербанк Қазақстан Республикасының Халық
банкі деп өзгертілді.

1.2 Қазақстанның банк жүйесінің құрылуы.
Қазіргі уақытта экономика саласында өте тез қарқынмен дамып келе
жатқан Қазақстан банк жүйесінің құрылуы аса жоғары инфляция, экономикалық
жұтау және әлемдік экономикадағы өзгерістер мен қайта құрулар кезәнде пайда
болды. 1989 жылы жеке банктерді құру сәтінен бастап қазіргі уақытқа дейін
екінші деңгейлі банктер аса қиын немесе кризистік жағдайда болды.
1990 жылдың желтоқсанында өзінің егемендігін жариялаған соң, Қазақстан
нарықтық экономика талаптарына сай келетін өзіндік банк жүйесін құра
бастады. 1991 жылдың қаңтарында ҚазақКСР-ндағы банк және банктік іс-әрекет
туралы Заң қабылданды, екі деңгейлік банктер жүйесі құрылды. Осының
барлығы Қазақстанда банк реформасының басталуына алып келді.
1991-1993 жыдары банк секторындағы жағдай одан әрі жақсарып кетті,
оған жоғары инфляция және банк қызметтеріне деген үлкен сұраныс әсер етті.
Сұраныс көптігі жаңа пайда болған кәсіпорындарға қызмет көрсететін банк
аздығымен сипатталады. Осының барлығы нағыз банк жарылысының пайда болуына
алып келді. Банктер саны өсе берді, 1993 жылы олардың саны 200-ге жетті.
1993 жылдың қарашасында Қазақстан рубльдік зонадан шығып, өз валютасын
– тенгені еңгізді. Егер шартты түрде банк жүйесінің дамуын екі кезеңге
бөлсек, онда осы уақытта бірінші кезең аяқталды деп есептеуге болады. 1994
жылдан бастап банк нарығындағы жағдай, экономикадағы жағдай секілді
нашарлай берді.
Көптеген банктерде несие портфелімен мәселелер пайда бола бастады.
Банктер саны кенеттен азая бастады. 1994 жылдың аяғына қарай олардың саны
184-ке төмендесе, 1995 жылдың аяғында – 130-ға жетті. Тіпті Властелины,
МММ, Смагулов секілді мемлекеттік емес аса танымал қаржы пирамидалары құрып
кетті.
1996 жылдың желтоқсанында банк жүйесін тұрақтандыру және болашақта
дамыту үшін екінші деңгейлі банктерді әлемдік стандарттарға көшіру
бағдарламасы қабылданды.
Өсіп кеткен талаптар және пайда болған мәселелрді шешу қажеттілігі
Қазақстан банк жүйесіндегі өзгерістерді алдын-ала анықтап қойды. Екінші
деңгейлі банктердің соңғы 4-5 жылдағы даму динамикасы 1-кестеде
көрсетілген.

1-кесте. Екінші деңгейлі банктердің даму динамикасы.
Көрсеткіштер 01.12. 01.12. 01.12. 01.12.101.12.101.04.2
1995 ж. 1996 ж. 1997 ж. 998ж. 999ж. 000ж.
1.Банктер шартты
капиталды
төмендегі
мөлшерде төледі
130 млн. 115 82 53 27 5 1
130-500 млн. 11 11 18 24 21 19
500-1300 млн. 3 4 5 13 21 19
1300 млн. астам 1 4 6 7 8 9
2.Банктер саны 130 101 82 71 55 48
Бөлімшелер саны 1036 949 582 458 425 416
3.Төленген
шартты капитал
Млрд тенгеде... 10,3 17,9 28,0 41,8 52,8 53,4
Олардың ішіндегі 2,6 5,7 10,8 15,6 14,8
шетел капиталы
4.Өзіндік
капитал
Млрд.тенгеде ... 14,9 26,8 47,3 68,8 73,8
$ Млн. 203,3 354,7 564,4 497,8 519,2
5.Жиынтық
актитері
Млрд. 163,0 140,9 169,0 195,8 339,8 350,8
тенгеде ...
$ млн. 2548,9 1922,2 2236,9 2336,5 2458,8 2467,8
6.Берілген
несиелер
Млрд.тенге 77,5 115,9 167,4 183,2
$ млн. 1025,8 1383,1 1211,3 1288,8

1.3 Қазақстан банк жүйесінің ерекшеліктері.
ТМД елдері және Қазақстанның банк жүйесі өзіндік ерекшелігімен
сипатталады. Көптеген ТМД елдерінде несие-қаражаттық жүйе ескі, қатаң және
монополизациаланған жүйе (Мемлекеттік банкі – мамандандырылған банкілер –
бөлімдер) мен екідеңгейлік жүйе (Ұлттық банкі – коммерциялық банктер).
аралығында орналасқан. Қазақстанда екідеңгейлік банк жүйесі құрылып,
қазіргі таңда жұмысын атқарып жатыр. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұрыңғы
мамандандырылған банктер өзінің тұрақты клиенттеріне (негізінен,
мемлекеттік мекемелер және өндірістік кәсіпорындар) және акционерлерге
белгілі бір жеңілдіктермен несие береді. Осы жағдай қуаты азырақ
коммерциялық банктерге өз салымшаларын сақтап қалу үшін күресте
салыстырмалы түрде жеңіл несие беруге мәжбүрлейді. Халықтың 90% - ға жуық
салымы ұлттық сақтандыру банкінің есепшотына келеді, себебі халықоған өте
сенеді. Тек осы банкте ғана салымның сақталуының кепілдігін мемлекет
береді және жалғыз осы банк жеке тұлғаларға несие берумен айналысады. Жаңа
коммерциялық банктер шағын клиенттермен айналыспайды, әрқашан халықпен
жұмыс істей бермейді. Халықтың салымдары үлесі коммерциялық банктер
пассивінде тұрақты түрде 0,5% аспайды. Бірақ, кейінгі кезде олар да
тәуелсіз қаражат іздеу барысында жеке салымшылардың назарын аудару үшін
жұыстың жаңа формаларын: жедел салымдар, депозитті және сақтандыру
сертификаттары, акциялары, вексельдер, облигацияларды қолдана бастады.
Заңды тұлғалармен есеп айырысу қызмет көрсету сферасы аз
монополизацияланған. Қазіргі таңда, өз есепшоттарында көп қаражат сақтайтын
немесе өткізетін ірі клиенттер үшін нағыз бәсекелескен күрес өтіп жатыр.

Қазақстандың коммерциялық бактерінің негізгі активті опреациялары
–заңды тұлғаларды несиелеу болып табылады (активтің 35-37%-ы). Банктың осы
іс-әректіне тән мынадай заңдылықты атап кетуге болады. Біріншіден, қысқа
мерзімді несиелердің үлес салмағы өте жоғары (95-96%), осы көрсеткіштің өсу
тенденциялары да өзгермеген. Несиелердің орташа мерзімі 3-4 айға созылады,
бұл үлкен тәуекелге баруды қажет етеді және кризис пен инфляция уақытында
белгілі бір белгісіздік жағдайын тудырады. Екіншіден, мемлекеттік
мекемелерге берілетін несиеге ставка мөлшері экономиканың баламы салаларына
берілетін несиеге қарағанда әлдеқайда аз болып келеді, ал сауда жасауға
берілетін несие ставкасы кәсіпорынды кеңейту және дамытуға берілетін несие
ставкасынан көбірек. Меншіктің түрлі формаларындағы мекемелерге несие
берілгенде қарызды қайтарудың түрлі кепілдігін қолданады: сақтандыру,
қайтадан сақтандыру, кепілдік, кепіл, қардарлық. Коммерциялық банктердің
жүргізетін басқа операцияларына тәуелсіз конверсияланатын валютаға салымдар
(активтердің 40%-ы) және банкаралық неие беру (активтердің 2%-ы) жатады.
Банк операцияларының жаңа түрлері – бағалы қағаздарға және пайларға
салымдар (активтердің 0,5-0,6%-ы), сенімдік операциялар, лизинг әлі кең
етек жая қойған жоқ. Шаруашылық кәсіпорындарға және банктерге берілетін
несиеден басқа коммерциялық банктердің қаражатының көп бөлігі Ұлттық
банктің корреспонденттік, резервтік есепшотында орналасқан (15-16%).
Банктің қаражат көздері - кәсіпорындардың ағымдағы есепшоттары, басқа
банктердің несиелері, банктің өзіндік қаражаты. Депозиттердің минималды
және максималды ставка соммасы 100%, ал коммерциялық банк несиелері 180%
құрайды.Пайыздық ставкалардың өсуіне Ұлттық банктің есеп жарнасын өсіруі
себеп болды. Қазіргі таңда Қазақстан банк мекемелері арнайы маманданусыз
әмбебап банк ретінде жұмыс атқарады.

ІІ Бөлім.
Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкі.
2.1 Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары.
Жоғарыда атлып кеткендей Қазақстан Республикасында екі деңгейлі
банктер жүйесі орнаған. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан
Республикасының орталық банкісі және отандық банк жүйесінің жоғары деңгейі
болып табылады.
Қазақстан Респбликасының Ұлттық банкі орталық банктермен және басқа
елдердің банктерімен, халықаралық банктер және басқа да несие-қаржылық
ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі өзінің міндеттерін орындау
барысында табыс алу мақсатын ғана көздемеуі керек.
Екінші деңгейлі банктердің түрлерін, заңды статусын, құрылу ретін,
жойылуы мен жұмыс атқаруын банктік және Қазақстан Республикасының басқа да
заңнамасына байланысты анықталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз жұмысын Конституцияға,
ағымдағы Қаулыға, сонымен қатар, заңдық күші бар Қазақстан Республикасы
Президенті Қаулысына (ҚР банктер және банктік іс-әрекеттер туралы), басқа
да заңдық актілер мен халықаралық дәрежеде бекітілген келісім шарттарға
сүйене отырып атқарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Президентке қаратылған.
Оның мәнісі мынада:
✓ Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасы Парламентінің
келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің төрағасын
тағайындайды;
✓ Қазақстан Ұлттық банкісінің төрағасының ұсынысымен Қазақстан
Республикасының Президентінің Ұлттық банк төрағасы орынбасарларын алып
тастау;
✓ Қазақстан Республикасының Президентімен ұлттық валюта – қазақстандық
теңге дизайнын өзгерте алуы;
✓ Қазақстан Республикасы Президентімен Қазақстан Ұлттық банкісінің жылдық
қаражатын бекіту.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Қазақстан Республикасы
заңдарының орындалуы негізінде банктік операциялар жүргізетін (шетел
валютасын сатып алу және т.б.) барлық банктер, мекемелерге орындалуға
міндетті нормативтік актілерді құрастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның барлық бөлімшелері
салықтың барлық түрін, соның ішінде кедендік баж салығын да төлеуден
босатылған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі заңды тұлға болып табылады,
оның өзіндік балансы бар. Ұлттық банк және оған тәуелді бөлімшелер жоғары
деңгейлі банктің біріңғай құрылымын құрайды.

2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің функциялары.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің негізгі функциясы –
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Ұлттық банктің қызметіне мыналар жүктелген:
✓ Қазақстанның экономикалық дамуы мақсаттарына жету және оның әлемдік
экономикаға интеграциялануы үшін ақшаға, несиеге жүгіну, банктік есеп
айырылысу және валюталық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты
жүргізу және өңдеу.
✓ Ақша, несие және банктік жүйені тұрақты түрде қамтамасыщ ету.
✓ Несие берушілердің және банк салымшыларының мүдделерін қорғау. Сонымен
қатар, банктік және басқа да ұйымдардың реттеуші іс-әректеті және олардың
орындалуын қадағалайтын алып сату және шетелдік валютаның акцияларын
қабыладу операцияларын жүзеге асыратындарға да қолдау көрсетлуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасында ақша
несиелік саясатты қайтадан қаржыландыру жолы арқылы жүргізеді;
- Банктердің, сонымен қатар алып-сатумен, айырбас ісімен айналысатын
ұйымдардың іс-әрекетін бақылауға алады;
- Қазақстан Республикасындағы банктік пайыздық жарналарын ресми
жарналарды өзгерте отырып реттейді;
Қазақстан Республикасындағы ақшалық реттеу арқылы инфляция процесін
тоқтату мүмкін емес жағдайда, Қазақстанның Ұлттық банкіне несиелік
салымдарды шектеуге және банктер операцияларының пайыздық жарналарын
өзгертуге толық құқық алады. Қазақстан Республикасы банкі:
✓ Қазақстан Республикасында есеп айырысудың жүйесін, формасын және ретін
анықтайды, өз уақытында банкаралық есептерді қазақстандық теңге арқылы
тұрақты түрде жүргізу;
✓ Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды
басқарады және қандай да болсын валюталық операцияны жүргізуге толық
құқылы болады;
✓ Барлық банктерге, сонымен қатар алып сатумен, шетел валютасын сату және
айырбас іс-әрекетімен айналысатын ұйымдарға және клиенттерге арналып
құрылған, міндетті түрде орындалуға тиіс банктік іс-әрекетке және есепке
байланысты нормативтік акітілерді құрастырады;
✓ Заңнамамен анықталған шектер шеңберінде валюталық операцияларды
орындау, сонымен қатао лсы заңды орындауылын қадағалау;
✓ Бақылау және реттеу функцияларын атқару үшін банктер және мемекелердің
сатып алу, шетел валютасын айырбастау және сату туралы есепті берудің
тізімін, формасын, мерзімін бекіту;
✓ Ұлттық банк белгілі бір кәсіпорынға арнайы мақсаттар жүктесе, онда осы
кәсіпорынды құруға және іс-әрекетіне араласуға құқығы бар;
✓ Өзінің және Қазақстан Республикасының басқа да банкілерінің балансін
құрастыру және жариялау;
✓ Сыртқы және ішкі активтер бойынша болжамдар құрастыру;
✓ Егер, олардың салымдарының салынуының қате факті екенін дәлелдейтін
құжаттар болса, клиенттер мен банктердің ақшасын, олардың келісімінсіз,
олардың есепшотынан жойып тастау мүмкіндігіне ие;
✓ Қазақстан Республикасының банк жүйесі үшін мамандар әзірлеуге қолдау
көрсету;
✓ Ерекше жағдайдарда мекемелерге несиелік-есептік және кассалық қызмет
көрсетуіне байланысты операцияларды мемлекеттік бюджет қамсыздандыруымен
жүргізеді;
✓ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес барлық функцияларды орындай
алады.

ІІІ Бөлім. Коммерциялық банктер.
3.1 Коммерциялық банктер.
Банк – бұл қаражатты тартып жинақтауға және оларды өз атынан қайтару,
жедел, төлем шарттарымен орналастыруға арналып құрылған ұйым.
Банктің негізгі қызметі – қаражатты несие берушілерден қарыз
алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға тасымалдауда болады.
Банктармен қатар, қаражатты нарықта тасымалдаумен басқа да қаржылық және
несие-қаржылық ұйымдар (инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары,
брокерлік, дилерлік фирмалар және т.б.) айналысады.
Бірінші бөлімде аталып кеткендей, Қазақстан Республикасында
коммерциялық банктерді құру және олардың жұмысы Қазақстан Республикасының
Банктер және олардың қызметі туралы Заңына негізделеді. Осы заңға сәйкес
Қазақстанның банктері қаржы нарығында кең ауқымды операциялар жүргізеді:
түрлі мерзімді несиелерді жеткізу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын
сақтау, сату және сатып алу, қаражатты түрлі салымдарға тарту, есеп
айырысу, кепілдік және т.б. міндетткерліктер беру, делдалдық операциялар
жүргізу және т.б..
Қазақстанда банктер меншіктің қандай да болсын түрінде құрыла алады –
жеке және:
Коллективті, акционерлік, аралас. Мемлекеттік меншік формасында негізделген
банктерді құру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Олар ағымдағы заңнама
бойынша өз жұмысын коммерциялық негізде атқаруы мүмкін.
Банктер жарғылық капиталын қалыптастыру әдісі бойынша акционерлік (ашыө
және жабық түрлі) және пайлық болып ажыратылады. Бір тұлғаға тәуелді (заңды
немесе жеке) банк құру мүмкіндігі ағымдағы заңмен жоққа шығарылған. Осы заң
бойынша банктік жарғылық капиталы кем дегенде үш қатысушының қаражатынан
құралуы қажет делінген.
Егер несиелік жүйені реформалаудың бастапқы кезеңінде коммерциялық
банктер негізінен пайлық негізде құралса, ал қазіргі кезең пайлық банктерді
акционерлік банктер формасы етіп қайта құрумен сипатталады. Акционерлік
қоғамда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
ИСЛАМ ДАМУ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА БОЛУЫ
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Қазақстанның банктік жүйесі
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау және жетілдіру жолдары
Банк қызметі түсінігі және ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Пәндер