Заң шығарушы органдар



Мазмұны

Кіріспе

I. Заң шығарушы орган
1.1 Заң шығару органының түсінігі
5
1.2 ҚР Парламенті. Парламент палаталарының депутаттары 7
1.3 Парламент депуттарының өкілеттілігі 9

II. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары
2.1 Парламент

14
2.2 Жергілікті органдар 17
2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің атқарушы органы 20

III. Заң шығарушы органның басқа құқық қорғау органдарда алатын орны жәнеде заң шығарушы органның даму үдерісі
3.1 Заң шығарушы органның құқық қорғау қызметіндегі рөлі

3.2 Қазақстан Респубиликасының заң шығарушы органның даму келешегі 24

Қорытынды 25

Пайдаланған әдебиеттер 26
Курстық жұмыстың мақсаты.Жалпы заң шығарушы орган Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемлекеттік бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықар. шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген міне осындайдай міндеттерде көпшілік қауымның санасына сіңіру мақсаты көзделген.
Курстық жұмыстың міндеті.Заң шығарушы органның тарихын түсініп оның бөлімдерін жекелей ашып көрсету және де Қазақстандағы заң шығарушы органдағы парламенттің орның құқық қорғау органдарының қатынасын ашық көрсету болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында нормативтік актілер мен отандық және шет елдік авторлардың еңбектері қолданылды.Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан,пайдаланған әдебиеттен тұрады.
І – тарауда заң шығарушы органның түсінігі тарихы жайлы баяндалады сол сияқты Қазақстан Республикасының Парламенті туралы мәлімденеді.
І І – тарауда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары олардың қызметін нақтылап түсіндіру үшін Парламент,Жергілікті органдар, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің атқарушы органы
І І І – тарауда Заң шығарушы органның басқа құқық қорғау органдарда алатын орны жәнеде заң шығарушы органның қазақстан Республикасындағы даму үдерісі жайлы баяндалады.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде адамдардың көзі ашық және зайырлы мемлекеттің құқық қорғай алатын азамт болу үшін ең алдымен заң туралы сана қалыптасу үшін өзекті сол сияқты Парламенттің қызметін тануда үлкен рөл атқарады.Қоғам заң ды туралы санасы қалыптасса үлкен өзекті мәселелрге жол бермейді және де осы қоғамға мемлекетке өз үлесін қосады деп сенімін бар.
Пайдаланған әдебиеттер.


1. Артықбаев, Жамбыл Омарұлы. "Жеті жарғы" – мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы,мәтіні)[Мәтін]: оқу құралы.- Алматы: Заң әдебиеті .2004.- 140 б.
2. Асанбаева, Л. Азамат құқығы Ата Заңмен қорғалады:[Қазақтан Конституциясына 10жыл]//Арқа ажары.2005-30шілде-35б
3. Баққұлов, Сатыбалды Досжанұлы. Құқық негіздері [Мәтін]: оқулық.- 2-ші бас.- Алматы, 2004-140,171б
4. Борбасов С.М. Тәуелсіздік танымы, А., 1999
5. Елікбаев Н.Е. Саясаттану негіздері: Қарағанды, 1997
6. Жамбылов Д., Саясаттануға кіріспе, А., 1997
7. Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы: бас. Қаз МЗУ, 1999.
8. Заң газеті. №66, 18.04.2005ж
9. Заң және Заман журналы. №7, 21.02.2005ж
10. Қ.Жукешев,Ғ.Сапарғалиев,Г.Асанбекова. Адам,қоғам,құқық.Алматы:2005.35-103б
11. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. 7.10.1998 жылы №284-1 Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізелген.
12. Лазарев Н.Н. Общая Теория государства и права,- М.,1999.
13. Мағзұмов М.Т. Саясаттану: оқулық. Өскемен, ШҚМУ,
14. Ө.Қопабаев,Қ.Айтхожин,Н.Қыдырқожаева,Ғ.Жайлин,А.Жұмағали.Құқық негіздері.Алматы.2000ж-180,190б
15. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1998.
16. Сыдықов Ұ. Саясаттану
17. Табанов, Социал Ағысұлы. Салыстырмалы құқықтану
18. негіздері [Мәтін]: оқулық/ ред. М. Қаймолдинова.-Алматы: Жеті жарғы,2003
19. Теория государства и права под ред. Матузова Н.И.и Малько А.В.-М., 1997.
20. Храпанюк В.Н. Теория государства и права.- М,1998.
21. Храпанюк В.Н. Теория государства и права.- М., 1996.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қайнар университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Заң шығарушы органдар

Орындаған:
Тексерген:Сағынғалиева.Б.С

Семей 2012ж

Мазмұны

Кіріспе

3

I. Заң шығарушы орган
1.1 Заң шығару органының түсінігі

5
1.2 ҚР Парламенті. Парламент палаталарының депутаттары
7
1.3 Парламент депуттарының өкілеттілігі
9

II. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары
2.1 Парламент

14
2.2 Жергілікті органдар
17
2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің атқарушы органы
20

III. Заң шығарушы органның басқа құқық қорғау органдарда алатын орны жәнеде заң шығарушы органның даму үдерісі
3.1 Заң шығарушы органның құқық қорғау қызметіндегі рөлі

22

3.2 Қазақстан Респубиликасының заң шығарушы органның даму келешегі
24

Қорытынды
25

Пайдаланған әдебиеттер
26

Кіріспе.

Курстық жұмыстың мақсаты.Жалпы заң шығарушы орган Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемлекеттік бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықар. шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген міне осындайдай міндеттерде көпшілік қауымның санасына сіңіру мақсаты көзделген.
Курстық жұмыстың міндеті.Заң шығарушы органның тарихын түсініп оның бөлімдерін жекелей ашып көрсету және де Қазақстандағы заң шығарушы органдағы парламенттің орның құқық қорғау органдарының қатынасын ашық көрсету болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында нормативтік актілер мен отандық және шет елдік авторлардың еңбектері қолданылды.Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан,пайдаланған әдебиеттен тұрады.
І - тарауда заң шығарушы органның түсінігі тарихы жайлы баяндалады сол сияқты Қазақстан Республикасының Парламенті туралы мәлімденеді.
І І - тарауда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары олардың қызметін нақтылап түсіндіру үшін Парламент,Жергілікті органдар, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің атқарушы органы
І І І - тарауда Заң шығарушы органның басқа құқық қорғау органдарда алатын орны жәнеде заң шығарушы органның қазақстан Республикасындағы даму үдерісі жайлы баяндалады.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде адамдардың көзі ашық және зайырлы мемлекеттің құқық қорғай алатын азамт болу үшін ең алдымен заң туралы сана қалыптасу үшін өзекті сол сияқты Парламенттің қызметін тануда үлкен рөл атқарады.Қоғам заң ды туралы санасы қалыптасса үлкен өзекті мәселелрге жол бермейді және де осы қоғамға мемлекетке өз үлесін қосады деп сенімін бар.
I. Заң шығарушы орган

1.1 Заң шығару органының түсінігі

Заң шығарушы орган - Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган немесе Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
Мемлекеттік билік заң шығарушы,атқарушы және сот тармақтарына бөлу-бұл Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретіндегі қызметінің ең басты қағидасы.Ол Қазақстан Республикасында былай анықталған:Республикада мемлекеттік билік біртұтас,Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы,атқарушы,сот тармақтарына бөліну қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.Билікті тармақтарға бөлу мынаған негізделген:мемлекет заңдарды қабылдауға,оларды орындауға және төрелігін жүргізуге(адамның құқықтары мен бостандықтарын қорға,осы ережені бұзғандарға жаза қолдану,заңдарды қолдануға байланысты іркілісті,қақтығысуды және басқа өзекті мәселелерді шешу).Былайша билікті бөлу табиғи туындайды.Бірақта,мұның басқа да жақтарының бар екендігін ұмытпауымыз керек,мәселен саяси тұрғысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орасан көп өкілетілікке заң бойынша ие.Өз құқығын ол пайдалануға ерікті және мемлекет органдарының біреуіне тәуелді емес.Ешқандай өкімет органдарына бағынбайды және олардың алдында есеп бермейді,өйткені ол Конституцияға сәйкес өз өкілетілігін халықтан алған,сондықтан да болар мемлекет саясатын іске асырардағы өзінің саяси бағыты,әр заңды іс-әрекеттері үшін парламент алдында саяси жауапкершілігінің болмауы.Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.Президент-мемлекеттің басшысы,мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын,ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға.Президент халық пен мемлекеттің бірлігінің,Конституцияның мызғымастығын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Парламент Палаталарының ішкі ұйымдастырушылық қызметі ҚР Конституциясымен,Парламент пен палаталардың регламенттерімен анықталады.Аталған регламенттер тиісті Парламенттің,оның Палаталардың қаулысымен қабылданады.Олардың тұжырымдарын бұзатын кез келген отырыстар заңсыз болып табылады,оның өзі қабылданған актілердің жарамсыздығына әкеп соғады.
Демек,Парламент отырыстарының барлығы да заңды болуы үшін регламентерінен ешбір ауытқуға жол бермеуі қажет.
Парламентте қаралған мәселелер бойынша бірігіп қызмет етіп,бірыңғай көзқарасқа келу үшін,оның депуттатары депуттатық бірлестіктер-фракциялар мен депутаттық топтар құрады.
Парламенттің заң актілерінің қатарына мұнымен қоса,жеке қаулылар,заңды күшіне енгізу мәселелері жөнігдегі нормативтік сипаттағы қаулылары.Парламент пен оның Палаталары өз құзыретіндегі мәселелері бойынша үндеулер,декларациялар,мәлімдемелер және заң сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға хақылы. [31-126]

1.2 ҚР Парламенті. Парламент палаталарының депутаттары

Парламент (ағылшын тілінде parlament,французша parler-сөйлеу )жоғарғы өкілді орган болып табылады, өйткені халық онда өз өкілдерін тікелей де, жанама да сайлайды және алқалы мекемеге біріккен оларға өз өкілдіктерін береді,олар оны халық атынан іске асырады. Халық атынан әрекет ете отырып,П.заң шығарушылық қызметті атқарады.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін 2 Палатадан тұрады:Сенаттан және Мәжілістен.
Сенат әр облыстан,республикалық маңызы бар қаладан және ҚР-ңастанасынан 2адамнан,облыстың,республиканың, өкілдікті органдарының депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады.Сенаттың 7 депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Президент тағайындайды.Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 6 жыл.
Мәжіліс 77 депутаттан тұрады.67 депутат Р-ң әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушының саны тең бір мандатты аумақтығ сайлау округтері бойынша,10 депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады.Мәжіліс депутатының өкілеттік мерзімі 5 жыл.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. [18-103]
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
ҚР-ң кемінде 5жыл азаматы болған,30 жасқа толған,жоғарғы білімі және кемінде 5 жыл тәжірибесі бар,тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қалалық не республикалың астаналық аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.
Қызметтері:
1.ҚР-ң Президентінің ұсынысы бойынша конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді,конституциялық заңдар қабылдайды,оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.
2.Республикалық бюджетті бекітеді және Үкімет пен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайды.
3.Соғыс және бітім мәселерді шешеді.
Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген,өз депутаттарының арасынан палаталар депутаттары санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат және Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады.Сенат Төрағалығынакандидатураны ҚР-ң Президенті,ал Мәжіліске Паланың депутаттары ұсынады.
Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.П-ң кезекті сессиялары жжлына 1 рет қыркүйектің 1-жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.Палатаның бірлескен және бөлек отырыстары оларға әр палата депутаттарының жалпы санының кемінде 23-і қатысқан жағдайда өткізіледі.Палаталар әр Палатада саны 7-ден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріліп,онда 60 күннің ішінде қаралады.Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен заң жобасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды Мәжіліске жібереді.Егер Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен ұсынылған өзгертулермен,толықтырулармен келіссе, заң қабылданады. [7-35]

1.3 Парламент депуттарының өкілеттілігі.

Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте депутаттың жеке өзі ғана дауыс береді. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа біреуге беруі депутатқа заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.
Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады. Біз қазірдің өзінде Президентке бір үндеу жолдадық, Президент бізбен келіспеді. ҚР Коституциясының 91 бабына сәйкес біздің екі палата депутаттарының біріккен отырыста бұл мәселені қарауға және Президенттің келісім бермеуін (вето) еңсеруге құқы бар, - деген болатын Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков.
Қос палатаның барлық депуттарының төрттен бес дауысы берілсе, бір ауыздан шешім қабылданады, бірақ референдум өткізуге келісім беру үшін Президентке қос палата депутаттары 100% үндеу жолдағаны туралы қазірдің өзінде Президентке үндеу жолданғаны есепке алып отырмыз, біріккен отырыста бұл мәселе Президентке үндеу жолдады. [7-38]

II. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары

2.1 Парламент

Парламент -- Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.
Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі -- Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды. [17-85]
Жалпы Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемеңдігі туралы Декларация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 ж. және 1995 ж. Конституциялары Аталған конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құру туралы ойларды апға салды.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезінде қабылданған Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап бір арнаға салды. Оның негізгі ережелері мыналар:
1. Халықтың билік етуі жарияланды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - хапық. Халыққа негізін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы- тек қазақ ұлтьы емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Қазақстан халқы дауыс беру арқылы рефереңдум, талқылау арқылы, сондай-ақ тікелей және жанамалап Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемле-кеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Халық тікелей мемлекет басшысын Президентті сайлайды.
2. Егемеңдікті және тәуелсіздікті жариялау. Қазақстан Республикасының Конституциясында егемендік пен тәуелсіздіктің негізгі белгісі деп аталған. Оларға жататындар: өзінің аумағының болуы, оның тұтастығы, қол сұғылмауы мен белінбеуінің жариялануы; өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік орындарының жүйесі болуы; өзінің дара азаматтығының болуы; Халық, Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын өзінің-заңдарының болуы; Қазақстан республикасының жер жүзі мемлекеттер жүйесіңде терезесі таңжағайы болуы. Тәуелсіздік, егемендік деген Қазақстан көрші мемлекеттерден, басқа елдердің біржолата тәуелсіз деген емес. Жер жүзі мемлекеттерінің барлығы бір-біріне белгілі сәттерде тәуелді, өзара қатыстарын анықтайтын мойыңдайды, бейбітшілік негізде өмір сүруге тырысады, қарым-қатынас жасасады, адамның құқығын ойлайды т.с. Осы тұрғыдан Қазақстан Конститутция адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттарының талаптарына толығынан сәйкес келеді.
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқықтарының артықшылығын, басымдылығын баянды өтеді. Оған дәлел Конституцияның адам мен азаматты алдыңғы қатарға қоюы. Конституцияның баптарының 13 адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған.
Әрине, қоғамдағы демократизм және адамгершіліктің деңгейі Конституцияда құқықтар мен бостандықтардың жариялануымен ғана анықталмайды. Оларды пайдаланып, жүзеге асыра алатындай азаматтарға жағдайлар туғызу керек. Ол үшін мемлекет органдары, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін қалтқысыз, адал орындаулары қажет. Осы кітапта мемлекет органдарының, лауазым иелерінің міндетіне байланысты ваңдардан үзінділер берілген. Сонымен қатар әрбір адам көптеген құқықтар мен бостандықтарға ие бола отырып, қоғам, мемлекет, басқа адамдар алдында міндеттері де бар екенін түсінуі қажет. Егер барша адамдар өздерінің құқықтарынан бостандықтарын пайдалану мен қатар әдепті және құқықтық міндіттарін де орындаса, онда шын мәнінде құқыктар мен бостаңдықтардың бар екені туралы айтуға болады.
4. Конституцияда адамдардың ұлтына қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі баяңды етілген. Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тұрады. Ұлттардың теңдігі туралы ой Конститутцияның барлық қағидаларында лайықты орын алған. Барлық ұлттардың өкілдері өз тілін пайдалана алады, ана тілінде оқи алады. Мемлекеттік қызметте ұлтына ұқарамай барлық азаматтар істей алады. Оқуға түсуге, қызметке орналасуға ұлтына қарап шектейтін еақандай кедергі жоқ. Конститутциядан айтылғандай әр адам өзінің ұлтын анықтауға, көрсетпеуге немесе көрсетуге еркі бар. Осының барлығы ұлттар арасындағы келісімді нығайтуға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Конститутциялысы - мемлекетіміздің негізгі заңы. Ол мемлекет өмірінің негізгі мәселелерін заң жүзіндегі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, мемлекеттің құрылымы және қоғамның экономикалық негізі. Конститутциялық заңдардың, басқа да мемлекет органдары қабылдайтын нормативтік актілердің негізі болып табылады. Кез келген заң, Президенттің жарлығы, Үкіметтің қаулысы, министрліктердің бұйрығы, ституцияның негізінде, оның қағидалары , ойлары қайшы болмауы керек. Егер олар УКонститутцияның қағидаларына, нормаларына қайшы болса, олар Конститутцияға жат деп танылып, күші жойылады. Конститутцияның нормаларын, ережелерін мүліксіз сақтау. Сақтау талаптарына тек қана мемлекет органдарына, лауазым иелеріне емес, сонымен қатар азаматтарға, олардың бірлестіктеріне де қойылады.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын" қабыл-даған болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.
Декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз қшықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары осының мысалдары. Әр адамның туылғаннан пешенесіне жазылған, қасиетті және кастерлі құқықтарына ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ. Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін өрекеттерге, оның тұрғын орнына басып кіруге, мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.
Екінші топқа азаматтыша байланысты мен бостандықтар жатады. Бұлар -- адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы; шерулерге қатысу; мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.
Үшінші топқа -- экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар -- адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу, демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.
1966 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының" ережелері негізінде қабылданды. Оларды жүзеге асырудың кемшіліктерін қарастыратын, адам құқықтарының сақталуын бақылап отыратын арнайы комитет құрылды. Бұл комитетке шартқа қосылған мемлекеттердің өкілдері сайланатын болды. Оған қаты-сушылар мемлекет ретінде адам құқықтарының қорғалуы жайында комитетке ұдайы баяндап отырады. Сонымен бірге комитет шартқа қосылған мемлекеттердегі адам құқығының қорғалу жайын өз тарапынан тексеріп отырады.
Комитет адам құқықтарының қорғалу деңгейін, біріншіден, мүше мемлекеттің өз органдарының баяндауларына қарап; екіншіден, өз тексеруінің нәтижелері бойынша; үшіншіден, адам құқықтарының бұзылуын хабарлап, шағым білдірген азаматтар мен ұйымдардың мәлімдеулерін ескере отырып бағалайды. Мемлекеттік органдардын жұмысын мемлекеттік лауазымды адамдар жүзеге асырады. Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын нақты және толық пайдалануы едәуір дәрежеде соларға тәуелді. Егер мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, лауазымды тұлғалар өз істерінің кәсіпқой маманы болуымен қатар, қоғам мүшелері алдындағы өз борыштарын түсінетін, оларды жауапкершілікпен атқаратын болса, өздерінің міндеттерін адал орындаса, онда азаматтар өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң шығарушы билік органдары
Мемлекет механизмін ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары
Мемлекеттік органдардың ұғымы және түсінігі
Зан шығарушы билік
Сот билігі органдары
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі заң шығарушы және атқарушы биліктің ролі
Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары
Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі
Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі Парламент институты
Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру
Пәндер