Инфляцияның негізгі себертері мен ақша айналысының ерекшеліктерін бағалау



Кіріспе
1 Инфляцияның экономикалық мәні
1.1 Инфляцияға әсер ететін факторлар
1.2 Инфляцияның түрлері мен ақша айналысы
1.3 Шет ел тәжірибесінде инфляцияның тежеу шаралары мен әдістері

2 Инфляцияның негізгі себертері мен ақша айналысының ерекшеліктерін бағалау
2.1Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері мен себептері
2.2 Инфляция және ақша қызметін заңнамалы реттеу
2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляция болжамы

3 Инфляцияның экономикалық мәселелері және шешу жолдары
3.1 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары және оны шешу жолдары
3.2 Инфляцияны тежеу шаралары мен әдістері және инфляцияға қарсы саясат
Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция көптеген берi өмiр сүрiп келедi. Оны тiптi ақшаның шығуымен бiрге пайда болды әрi ақшаның қызметiмен тығыз байланысты деп саналады.
"Инфляция" терминi (латынның inflatio сөзiнен шыққан - кебiну, iсiну) ақша айналысына қатысты ХIХ Қасырдың орта шенiнде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) қағаз долларының ("гринбектердiң") қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХIХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн кейiнен таралды, ал бұрынғы кеңестiк экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру оңай нәрсе емес. Президент Жолдауында Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда негізгі бағыттар белгіленген-ді. Үкімет соны одан да егжей-тегжейлі нақтылап, етек-жеңін жинастыруы керек-ті. Премьер-Министрдің мәлімдеуіне қарағанда, ортажеделдіктегі келешекке есептелген негізгі бағдарлар толық анықталған. Олардың қатарында әлемдік экономикаға тиімді кірігу, Қазақстан экономикасын одан әрі жаңғырту және әртараптандыру, халықтың ең қорғансыз бөлігін қорғауға бағытталған осы заманғы әлеуметтік саясат, ғылым мен білімнің осы заманғы жүйелерін дамыту, халықтың мәдениеті мен рухани әлеуетін өркендету, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың озық қағидаттары мен стандарттарына көшу, экономиканың теңдестірілген дамуын қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік, аумақтық даму мәселелері бар. Бір сөзбен айтқанда, Жолдаудан туындайтын негізгі бағыт-бағдарлар түгел қамтылған. Есеп-қисабы қарастырылған. Сақадай сай іспетті.
Үкіметтің іс-қимылында айтарлықтай үйлесім бар тәрізді көрінгенімен, қалың жұртшылықты кезекті құнсыздану қатты алаңдата бастағанын ашық айту керек. Өмірдің қай саласында да баға қайтадан аспанға шапши бастады. Ұлттық теңге бағамы тұрақты деңгейде ұсталғанымен, күнделікті тұтыну тауарларынан бастап азық-түлік, көрсетілетін қызмет бағалары бір-бір секіріс жасап үлгерді. Жылу мен газ тарифтері біртін-біртін қайта көтеріле бастады. Биік мінберлерден айтылатын сөздер мен халықтың қарапайым күнкөрісі арасында айырма өсе түскен сайын ертеңгі күнге деген алаңдаушылық арта береді. Үкімет жағдайды қаншалықты өз бақылауында ұстай алады? Шоршыған балықтай инфляция деген құрғырыңыз қолдан сусып шығып
1. «Ақша, несие, банктер»Ғ.С.Сейтқасымов,Алматы: Экономика, 2001 ж
2. «Ақша, несие, банктер»Көшенова.Б,Алматы, 2001ж.
3. «Коммерциялық банктер операциялары» Мақыш.С.Б,Алматы: 2004ж.
4. «Ақша айналысы және несие» Мақыш.С.Б. Алматы: 2004ж.
5. «Банк ісі»Ысқақова. З.Д. Қарағанды: 2003ж.
6. «Бағалы қағаздар нарығы»Ысқақова. З.Д. Қарағанды: 2004ж.
7. Актенов.Н.Г., Пессель.М.А «Денежное обращение» кредит и банк, 1995.
8. «Денежное обращение финансы» ЮНИТИ, 1999 Я. А. Дободиной

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция көптеген берi өмiр сүрiп келедi. Оны тiптi ақшаның шығуымен бiрге пайда болды әрi ақшаның қызметiмен тығыз байланысты деп саналады.
"Инфляция" терминi (латынның inflatio сөзiнен шыққан - кебiну, iсiну) ақша айналысына қатысты ХIХ Қасырдың орта шенiнде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) қағаз долларының ("гринбектердiң") қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХIХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн кейiнен таралды, ал бұрынғы кеңестiк экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру оңай нәрсе емес. Президент Жолдауында Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда негізгі бағыттар белгіленген-ді. Үкімет соны одан да егжей-тегжейлі нақтылап, етек-жеңін жинастыруы керек-ті. Премьер-Министрдің мәлімдеуіне қарағанда, ортажеделдіктегі келешекке есептелген негізгі бағдарлар толық анықталған. Олардың қатарында әлемдік экономикаға тиімді кірігу, Қазақстан экономикасын одан әрі жаңғырту және әртараптандыру, халықтың ең қорғансыз бөлігін қорғауға бағытталған осы заманғы әлеуметтік саясат, ғылым мен білімнің осы заманғы жүйелерін дамыту, халықтың мәдениеті мен рухани әлеуетін өркендету, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың озық қағидаттары мен стандарттарына көшу, экономиканың теңдестірілген дамуын қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік, аумақтық даму мәселелері бар. Бір сөзбен айтқанда, Жолдаудан туындайтын негізгі бағыт-бағдарлар түгел қамтылған. Есеп-қисабы қарастырылған. Сақадай сай іспетті.
Үкіметтің іс-қимылында айтарлықтай үйлесім бар тәрізді көрінгенімен, қалың жұртшылықты кезекті құнсыздану қатты алаңдата бастағанын ашық айту керек. Өмірдің қай саласында да баға қайтадан аспанға шапши бастады. Ұлттық теңге бағамы тұрақты деңгейде ұсталғанымен, күнделікті тұтыну тауарларынан бастап азық-түлік, көрсетілетін қызмет бағалары бір-бір секіріс жасап үлгерді. Жылу мен газ тарифтері біртін-біртін қайта көтеріле бастады. Биік мінберлерден айтылатын сөздер мен халықтың қарапайым күнкөрісі арасында айырма өсе түскен сайын ертеңгі күнге деген алаңдаушылық арта береді. Үкімет жағдайды қаншалықты өз бақылауында ұстай алады? Шоршыған балықтай инфляция деген құрғырыңыз қолдан сусып шығып кетіп жүрмей ме? Үкімет белгілеген шаралар қаншалықты бекем? Баға мен бағам бетімен кетіп қалмай ма? Елдің көбісінің көкірек түкпірінде тұрған сауалдар осындай.
Инфляцияның дәстүрлi ең жалпы анықтамасы - тауар айналымының қажеттiлiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде - тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция - ақша жүйесiнiң дағдарысты жай - күйi.Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепшi болады:
- айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
- қолайсыз төлем балансы;
- үкiметке сенiмнiң жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар баҚаларының өсуi тұрғысында түсiндiрiлiп келдi. ...лi де бiрқатар шетелдiк авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейiнiң артуы ретiнде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуiнде көрiнгенiмен оны тек таза ақша феноменiне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлi сфераларындағы ұдайы өндiрiстiң сәйкессiздiгiнен туатын күрделi әлеуметтiк экономикалық құбылыс.
Бүгiндегi инфляция бағаның өсуi нәтижесiндегi ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бiрге елдiң экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ақуалымен де байланысты. Инфляцияға өндiрiс пен өткiзу сферасындағы әр түрлi факторлар тудырған өндiрiс процесiнiң қарама - қайшылықтары себепшi болады. Инфляцияның әуел бастағы себебi - ұлттық шаруашылықтың түрлi сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сүраным мен ұсыным, мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттiлiгi арасындағы алшақтықтар.
Инфляциялық үдерістерді реттеуде антимонополиялық саясаттың орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері құрылып, 1 шілдеден бастап нақты жұмысқа кірісетін көрінеді. Бәсекелестікті жандандыру үшін металлургия, химия, банк, өндіріс салаларындағы "жасырын монополияларды" жою ісі қолға алынбақ. "Монополистік қызметті шектеу және бәсекелестік туралы" заң жобасы Мәжіліс қарауына ұсынылады. Индустрия және сауда министрлігіне 2007-2009 жылдарға арналған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы бағдарламаны әзірлеу тапсырылған. Бұл да маңызды құжат болғалы тұр.
Көптеген монополистер өз делдалдары арқылы жұмыс істейтіні жасырын емес. Аралық буындардың көптігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі бір айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу болса керек. Электр энергетикасы, мұнай өнімдері, табиғи газ сияқты экономика салаларында мұндай аралық делдал буындар тіпті көбейіп кеткен.
Сонымен, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек. Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді жүйесін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып отыру қажет. Сонда ғана инфляция именеді.
Инфляция әлемiнiң көптеген елдерiндегi экономиканың қазiргi дамуының ең өткiр проблемаларының бiрi болып есептеледi.

1 Инфляцияның экономикалық мәні

0.1 Инфляцияға әсер ететін факторлар

Инфляция -- бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Нарықтық экономиканың өнідірісті ұйымдастырудың болып өткен түрлерімен салыстырғандағы артықшылығы, ол жедел экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда нарықтық экономика бұрын болмаған апаттармен де байланысты. Сөз ең алдымен инфляция және жұмыссыздық туралы болып отыр.
Инфляция - бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын - күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді [1, 23 б].
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
1. Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
2. Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
oo әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
oo мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
oo несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
oo импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;
oo ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау[9, 53 б].

0.2 Инфляцияның түрлері мен ақша айналысы

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшінкөп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі: а) баяу немесе сұлама инфляция, б) қарқынды инфляция , в) ұшқыр инфляция.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де, ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20 дан 200%-ке дейін өседі. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астропологиялық қарқынмен 1000%-тен жоғары. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың (өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің ) да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды.
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртып экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.
Инфляция күтілетін және күтілмейтін инфляция болады. Күтілмейтін инфляция - бұл белгілі бір уақытқа, болжалайтын инфляция. Күтілмеген инфляция - бұл кенеттен өсуімен сипатталады. Бұл ақша айналымына, салық жүйесіне нұсқан келтіреді. Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке бөледі: а)сұраным инфляциясы,
б) өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесінде болатын инфляция.
Сонымен, инфляция көрінісінің келесі түрлері мен формалары болады:
1.Бағаның өсу қарқынына қарай:- Баяу инфляция - бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны он пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсумен сипатталатын инфляция.- Орташа инфляция - баға өсінің орташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция.- Қарқынды инфляция - бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляцияы, бағалардың өсуі жылына жүз пайыздан асады.2. Пайда болу сипатына қарай:- Әкімшілік инфляция - әкімшлікті басқарулы бағалардан туындаған бағаның өсуі мен пайда болатын инфляция.- Шығын инфляциясы - ресурстар мен өһндіріс факторларына бағаның өсуі мен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығынлар мен тауарлардың бағалары өседі.- Сұраным инфляциясы - ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуы мен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.
- Ұсыным инфляциясы - өндірісті к ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өнджіріс шығындарының өсуі мен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын инфляция.- Импортталған инфляция - сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция.- Кредиттік инфляция - шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған инфляция.3. Инфляция формаларының көрінісі бойынша.- Ашық, яғни тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу есебінен болатын инфляция.- Жасырын - мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция.Инфляцияның даму факторлары және оның салдары.
Инфляцияның даму факторлары әр-түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай және ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған инфляция сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес- шығын инфляциясын білдіреді.Бұл екеуі де ішкі факторға жатады. Ақшалай факторларға мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, ақша белгілерінің эмиссиясы, мемлекеттік қарыздың өсуі т.б жатады. Ақшалай емес факторларға жұмыс өнімділігінің төмендеуі, экономиканың циклдік дамуы, директивалық бағаның түзелуі жатады.Инфляция факторларын былайша топтаймыз:-ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болды.-қазыналық факторлар- ақша эмиссиясы есібінен бюджеттік тапшылықты жабу, жанама салықтардың өсуі.-ақшалай факторлар-ұлттық валютаның валюталық бағамының құлдырауы үнемі сипат алып отырады.-сыртқы факторларға- экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің ұлғаюы[2, 61 б].

0.3 Шет ел тәжірибесінде инфляцияның тежеу шаралары мен әдістері

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік - экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл стандартты емес нарықтық құрылым.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. Инфляция термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция - бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы - бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама - бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады[6, 46 б].
Инфляция - бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын - күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат.Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада Танзи-Оливер әсері деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді.Инфляция салықтан түскен табысты(түсімді)құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады[8, 69 б].

1 Инфляцияның негізгі себертері мен ақша айналысының ерекшеліктерін бағалау

2.1Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері мен себептері

Инфляция -- күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық бланкілерінің басты экономикалық проблемаларына айналып отыр.Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді, инвестицияның белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.
Инфляция мен экономикалық дағдарыстардан осы уақытқа дейін бірде бір ел тыс қалып көрген емес. XIX -- XX ғасырларда дағдарыс пен инфляцияға АҚШ және Европа (1929-1933 жж. 1950-1980 жж.), Оңтүстік Америка (1970-1990 жж.), Оңтүстік - Шығыс Азия (1980-1990 жж.), ТМД елдері (1990-жылдары) ұшырады.
Бірақ бұл процестің өзіндік жақсы жақтары да бар -- барлық елдерде ең ауыр дағдарыс (инфляция) әдетте экономиканың жаңаруымен және өрлеуімен аяқталады. Сондықтан экономикалық дағдарыс пен инфляция көбінесе мемлекеттің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының бетбұрыс кезеңі болып қаралады. Бұл жөнінде нақты мысал ретінде 1990 жылдардың басындағы ТМД елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы дағдарысты айтуға болады.
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи - экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдылық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады [10, 94 б].
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.
Қеңес экономикасының 70 - ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
1. өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция;
4. әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;
5. материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.
Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10 -15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық - түлік шаруашылықпен азық - түлік өндірісі - 50 -60% -қысқарды.
Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы - мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендінгі жағдайында да сақталынып тұрды: ол 1991 ж. бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4 %, 1992 - 8,6 %, 1993 - 11,9 %,1994 - 10,2 %, 1995 - 17,4%, 1996 - 15,4 %, 1997 - 17,7 %, 1998 - 18 %, 1999 - 14,3 %, 2000 - 9,8 %, 2001 - 6,4 %, 2002 - 5,2 % құрады. 2008 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемелкет кірістерінің құнсыздануынан туады [11, 102 б].
Сурет 1. 2009 жылғы қараша айындағы инфляцияның денгейі және ТБИ құрайтындарға бағаның өсуі

2009 жылғы қаңтар -- қараша айындағы инфляцияның орташа жылдық деңгейі 7,4% және 2008 жылдың қаңтар -- караша айымен салыстырғанла 10,3 пайызға төмендеген.
Қазақстандағы тұтыну бағасының индексін есептеуде тұтыну қоржынына кіретін 500-ге жуықтауарлар мен қызметтер есепке алынады.
Ұлттық Банкінің ұсынысы бойынша енгізілген тұтыну бағаларының индексіне кіретін ішкі индекстер 4 топқа бөлінеді:
oo Ауылшаруашылық және балық өнімдері;
oo Қазақстанда жасалған өзге де тауарлар;
oo Импортталған тұтыну тауарлары.
oo Өзге қызметтер.
Қазақстанда жалпы инфляция және базалық инфляция деңгейі анықталады. Жалпы инфлядияны Үкімет пайдаланса, ал Ұлттық Банк базалық инфляцияны пайдаланады.
Ұлттық Банк Статистика жөніндегі агенттіктен базалық инфляция құрамынан бес түрлі керсеткішті алып тастауды сұрады. Оларға кекөніс, жеміс-жидек, бензин жөне көмір бағалары және коммуналдық қызметтер бағасы жатады.
Инфляцияның тигізетін әлеуметтік-экономикалық салдарларын мынадан көруге болады:
oo халық топтары, өндіріс аясы, аймақтар, шаруашылық құрылымдары, мемлекет, фирмалар арасында, дебиторлар мен кредиторлар арасында табыстардың қайта бөлінуі;халықтың, шаруашылық субъектілерінің а
oo шалай жинақтарының және мемлекеттік бюджет қаражаттарының құнсыздануы;
oo бағаның әркелкі өсуі нәтижесінде өнеркәсіп салаларындағы пайда нормасының теңсіздігінің артуы және ұдайы өндіріс үдерісіндегі теңсіздіктің орын алуы;
oo жұмыссыздықтың өсуі;
oo халық шаруашылығына деген инвестицияның қысқаруы;
амортизациялық қорлардың құнсыздануы;
oo бағадағы, валютадағы және пайыздағы алып-сатарлық ойындардың ұлғаюы;
oo көлеңкелі экономиканың белсенді түрде дамуы;
oo ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуі;
oo қоғамның әлеуметтік топтарға белінуі.
Инфляция (Р) мен жұмыссыздық (Q) арасындағы байланысты Филипс қисығынан көруге болады.
Сурет 2 . Филипс қисығы

Филипс қисығында инфляция орнына бағаны қарастырып, оның жұмыссыздыкқа ықпалын көрсеткен. Бірақ бұл жерде бағаның орнына жалақыны алған дұрыс сияқты. Себебі, жалақы өссе жұмыссыздық азаяды немесе керісінше. Жалақы да инфляцияның пайда болуына ықпал етуші басты фактор. Қазір біздің елімізде Елбасының Жолдауында бюджет мекемелерінін жалақысын көтеру туралы сөз қозғалса болғаны, базардағы тауар бағасы бірден өседі. Бұл дегеніміз жабайы нарықтың көрініс алуын сипаттайды. Әрине базардағы саудагерлер өзінің өнімін сатып отырғандар емес олар алыпсатарлар, олар бағадағы айырмадан күн көрушілер. Оларға ешқандай бақылау жоқ. Сол себепті Қазақстандағы инфляцияға тежеу қою мүмкін болмай отыр.
Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның әлеуметтік және экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап етеді.
Инфляциялық үдерістің жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру нысандарына: ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады.
Ақша реформасы -- ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.
Ақша реформалары төмендегідей әдістер көмегімен жүзеге асырылады:
жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта енгізу туралы хабарлау;
oo қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық паритетін қалпына келтіру;
oo деноминация, яғни нөлдерді қысқарту әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.
Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:
Дефляциялық саясат -- бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық тетігің қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие үшін пайымт шерін реттеу және ақшамассасын шектеу әдістерінің жиынтығы.
Біздің елімізде бағаға бақылау Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат комитетті арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрі өте сирек қолданылады.
Индексациялау - ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.
Бұл әдіс, 1999 жылы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен еркін өзгермелі ваяюта бағамына өту барысында, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының күрт төмендеуінен туындаған (мысалы, 1 АҚШ долларының бағамы 87,5 теңгеден 132,4 теңгеге және одан жоғары көрсеткішке жетті) халықтың екінші деңгейлі банктердегі теңге салымдары бойынша зиянды мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылды.
Сонымен қатар осы әдістің көмегімен, бұрынғы КСРО-ның Жинақ банкінде сақталған және 90 жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халық банкісі арқылы біршама мөлшерде қайта қалпына келтіріліп, кезеңімен қайтарылу жұмыстары жүргізілді. Оның нақты есебіне келсек, мысалға егер сіздің жинақ кассасында 1992 жылға дейін Кеңес дәуірінде жинақтаған 10000 рублің болса, 1992 жылғы рубльдің АҚШ долларға қатысты бағымы 150 рубльге тең болды делік. Сіздің 10000 рубліңізді 150-ге бөліп, оны теңгені қайтару кезеңінде жүргізген (1999 -- 2000 жылдары) бағамы 155-ке көбейту арқылы сізге кешегі кеңестік жинағыңызды қайтарады. Бұл қате есептеу. Дұрыс қайтару үшін депозитке салған күндегі рубльдің долларға қатысты бағамына байланысты қайтару қажет. Ол кездегі 1 АҚШ доллары 0,98 копеекті құрады. Осы бағаммен қайтарса, сол уақыттағы сіздің жинағыңыздың қайтарылған сомасы 10204 АҚШ долларын құрайтын еді[16, 109 б].

2.2 Инфляция және ақша қызметін заңнамалы реттеу

Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту саласында инфляция процестерін реттеу тиімділігін арттыру, валюталық реттеуді кезең-кезеңмен ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуын жанама реттеу құралдарын жетілдіру, сондай-ақ қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті ырықтандыру мен арттыру, оның орнықтылығы мен айқындылығын қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылады.
Инфляция процестерін реттеу бөлігінде Үкімет пен Ұлттық Банк инфляцияның монетарлық та, монетарлық емес те жақтарына әсер ету шараларын қабылдайтын болады.
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының индикаторлары шеңберінде табиғи монополиялардың тауарлары мен қызметтеріне бағаны өсірудің сақталуына қатаң бақылау орнатылатын болады, мұнай өнімдерінің, астықтың, электр энергиясының, көлік және байланыс қызметтерінің бәсекелес ішкі нарықтарын дамыту үшін жағдай жасалады. Сондай-ақ ішкі нарықты қанықтыру үшін тауарлар мен қызметтер өндірісін ұлғайту ынталандырылатын болады[7, 82 б].
Ұлттық Банк негізгі бағдары инфляция деңгейі болып табылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде банк жүйесінің өтімділігін реттеу арқылы ақша ұсынысының шамадан тыс кеңеюін тоқтату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру ресми ставкасын қоса алғанда, ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейіне қарай өз операциялары бойынша ставкаларды реттейтін болады. Ставкалар дәлізін белгілеу жолымен сыйақының нарықтық ставкаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әсер етуін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Валюталық реттеу саласында валюталық режимді одан әрі ырықтандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған саясат жалғасатын болады.
Сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі ақпараттық база жетілдірілетін болады, бұл 2007 жылдан бастап валюталық операцияларды жүргізудің рұқсат ету тәртібінен кейінгі мониторинг пен іріктемелі бақылау жүйесіне тиімді көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте валюталық режимді ырықтандыру жөніндегі одан арғы шаралар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық операцияларды лицензиялауды жоюды, сондай-ақ сыртқы сауда келісім-шарттарында белгіленген мерзімге қарай валюталық түсімнің қайтарылуын талап етуді белгілеуді көздейді, бұл валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін едәуір оңайлатады және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығындарын қысқартады.
Банктердің сыртқы қарыз алуын шектеу жөніндегі жұмыс жалғасады. Валюталық тәуекелді бақылау мақсатында болашақта әрбір шетелдік валюта бойынша банктердің ашық валюталық ұстанымының лимиттері төмендетілетін болады. Бұл шара банктердің валюталық тәуекелін төмендетуге және сыртқы қаржы рыноктарында банктердің валюталық қарыз алуының өсуін бәсеңдетуге мүмкіндік береді.
Шығынды өтімділік проблемасының өзектілігін төмендету үшін ең аз резервтік талаптарды есептеу тетігін одан әрі жетілдіру ұйғарылып отыр. Сондай-ақ валюталық өтімділік нормативтерін және сыртқы қарыз алудың ең жоғары лимитін белгілеу мәселелерін қайта қарау ұйғарылып отыр [14, 76 б].
2011 жылғы қаңтар-қыркүйектегі инфляция деңгейі 106,1%-ды (республика бойынша -106,2 %) құрады.
Азық-түлік тауарлары бойынша 2010 жылғы желтоқсанға қарағанда жарманың бағасы 81,4%-ға, ұн - 31,9%-ға, ет және ет өнімдері - 16,0%-ға, сүт өнімдері 8,4%-ға көтерілді.
Азық-түлік емес тауарлар құрылымында ЖЖМ бағасы 16,0%-ға көтерілді.
Жылдың басынан бастап тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулердің 4,0%-ға, құқықтық қызметтері 6,1%-ға, стоматологиялық қызмет көрсету 7,9%-ға, шаштараз және сұлулық салоны 9,2%-ға, мектепке дейін және бастауыш білім беруде көрсетілетін қызметтердің - 10,8%-ға, көлік қызметтері 11,1%-ға, факсимильді және телефон байланысында көрсетілетін қызметтердің 11,6%-ға, массаж қызметтері 13,5%-ға қымбаттағаны ақылы көрсетілетін қызметтер саласындағы баға индексінің өсуіне әсерін тигізді.
Инфляциялық үдерістерді тежеу мақсатында 20 әлеуметтік сауда орны (17 дүкен және 3 бөлім) жұмыс істейді. Апта сайын ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізіледі. Жылдың басынан бастап 76 жәрмеңке өткізілді, 715,8 млн. теңге сомаға өнім өткізілді.Экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы инфляциялық процестердің өсуін болдырмау болып табылады.
Инфляцияның деңгейі ағымдағы жылдың басынан бастап 5,1%-ды құрады. Бұл ретте азық-түлік тауарларына арналған баға 2011 жылғы маусымда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 8,0%-ға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және инфляция туралы
Инфляция теориясы. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процесс
Ақша айналысы және оның дамуы
Бағаның инфляциядағы рөлі
Инфляция. Қазақстандағы инфляция деңгеіне баға беру және талдау
Ақша айналысы, заңы, ақша массасы және ақша жүйесі
Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы. Филлипс қисығы
Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы, Филипс қисығы
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Қазақстан Республикасы экономикасында инфляциялық процестерді талдау
Пәндер