Мемлекет құқық негіздері



Мазмұны.
Кіріспе.

1.Мемлекеттің пайда болу себептері және оның құқықпен арақатынасы
1.1 Өкімет және алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәртіп нормалары
1.2 Мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері.
1.3 Құқық туралы түсінік және оның мемлекетпен арақатынасы

2.Мемлекет құқық негіздері.
2.1 Мемлекет және құқық теорияларының нышандары, белгілер
2.2 Мемлекет және құқық теорияларының нышандары, белгілері
2.3 Мемлекет және құқықтың дамуы, оның объективтік заңдары

3.Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасудың ерекшеліктері
3.1 Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшеліктері
3.2 Қазақстан мемлекетінің дамуы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.
Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі. Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып жатады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына, саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Айымханова Н. Қазакстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж.
2. Административное право. Оқулык, жауапты редакторы А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.
3. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2007.
4. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық -2001.
5. Протасов В.Н. Теория права и государства. Проблемы теории права и государства: Вопросы и ответы. — М.: Новый Юрист, 1999.
6. Теория государства и права: Учебник / Под ред. М.Н. Марченко. - М.: Издательство «Зерцало», 2004.
7. Теория государства и права: Учебник. — М.: Юристь, 2002.
8. Теория права и государства. Под ред. проф. Г.Н. Манова. Учебник для вузов. – М.: Бек, 1995.
9. Лазарев В.В. Теория государства и права. М., 1993..
10. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2007.
11. 16.Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
12. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
13. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы. 2003
14. Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. 1998
15. Қайрат Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негiздерi. 2004
16. А. Ибраева, Н. Ибраева. Теория государства и права А.2000
17. А. В. Малько Теория государства и права М.: «Юрист» 2000
18. В. Н. Хропанюк Теория государства и права М. «Интерстиль» 1997
19. Основы права: Учебно-методическое пособие./ Под ред. профессора В.В. Лазарева. – М.: Юристъ, 1996.
20. Платон, диалоги «Законы», «Государство»; Аристотель «Афинская полития»; Цицерон, диалоги «О государстве», «О законах» и т.д. // Антология мировой философии: Античность. - Харвест, М.: ООО «Издательство ACT», 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекет пен құқықтың арақатынасы және өзара байланысы
Мазмұны.

Кіріспе.
3

1.Мемлекеттің пайда болу себептері және оның құқықпен арақатынасы
1.1 Өкімет және алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәртіп нормалары

7
1.2 Мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері.
10
1.3 Құқық туралы түсінік және оның мемлекетпен арақатынасы
13

2.Мемлекет құқық негіздері.
2.1 Мемлекет және құқық теорияларының нышандары, белгілер

15
2.2 Мемлекет және құқық теорияларының нышандары, белгілері
18
2.3 Мемлекет және құқықтың дамуы, оның объективтік заңдары
21

3.Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасудың ерекшеліктері
3.1 Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшеліктері

23
3.2 Қазақстан мемлекетінің дамуы

Қорытынды

26

Пайдаланған әдебиеттер.
27

Кіріспе

Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам -- адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі. Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып жатады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына, саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік, рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады. Сондықтан да мемлекет пен құқықтың пайда болуын зерттеу өте маңызды.
Зерттеу мақсаты: Қазақстанда мемлекет пен құқықтың арақатынасын байланысын зерттеу.
Зерттеу нысаны: мемлекет пен құқықтың арақатынасы
Зерттеу міндеттері: алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттарына шолу жасау, әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктерін қарастыру және қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылысы: бұл курстық жұмыс кіріспе бөлімнен және де мемлекет пен құқықтың пайда болуының жалпы сипаттамасына бағытталған бірінші бөлімнен, Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуына бағытталған екінші бөлімнен, кейін қорытынды бөліммен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ Мемлекеттің пайда болу себептері және оның құқықпен арақатынасы

1.1 Өкімет және алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәртіп нормалары

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжрибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.

1.2. ҚР-ның конституциясы туралы ұғым
Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде Конституция деген сөз саяси құрылыс ұғымын білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі. Ұлы француз төңкерісі қарсаңында Конституция сөзі Мемлекеттің жай-күйі ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio - бекіту, орнату деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.

Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған болатын. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституция деп аталуы ХІІІ - ХХ ғасырларда қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-ғұрып (конституциялық келісім) жататындығынан. Бұлардың бәрі бір-бірімен байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан тұтас акті ретінде қалыптаспаған.
Ең алғашқы жазбалы Конституцияны (ішкі құрылымдарға бөлінген бірыңғай негізгі заң) АҚШ - тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен Францияда 1791 жылы қабылданған болатын.
Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.

Конституцияның мәні.Конституцияның мейлінше көп тараған мағынасы - ең жоғарғы құдіретті күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның құдіретті күштілігі мынадан айқын көрінеді: біріншіден, оның нормалары өзге заңдардың тұжырымдарынан айрықша басымдылықта болады, екіншіден, жай заңдар және оған тәуелді нормативтік актілер осы конституцияда айқындалған органдар арқылы конституциялық процедураға сай қабылданулары тиіс, үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата заңымыздың нормаларына сәйкес болуы керек.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы Төртінші Ата заң (1937, 1978, 1993, 1995 жж.) Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата заңда (1995 ж.) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқытары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы, халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді. Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен байқағандай, оның нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс. Ал, Конституцияның өзі референдумда (Қазақстан Республикасы, Ресейде, Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе басқаша да қабылдануы мүмкін. Оның іс жүзіне енгізілуі біржақты - мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да мүмкін. Конституцияға құқықтық акт ретінде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттілік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде қарауымыз керек. Өзінің мәні жағынан конституция ол қабылданған кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үш негізгі қызметті: заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын - адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалары үшін нормалық принцип болып есептеледі. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы еліміздегі құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарылауда.

3. Конституцияның ерекше белгілері
Қоғамдық қатынастардың конституциялық құқытық реттілігінің дамуын мінездейтін әлемдегі мынандай үш ерекшелікті атап көрсетуге болады.
1. Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық құқықты тұрақты социализацияландыру көрініс табуда. Дүние жүзіндегі алғашқы конституциялар, әдетте, саяси сферамен шектелген. Олар жеке (азаматтық) және саяси құқықтар мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық меншігін (мәні жағынан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда) мәлімдеген.
ХХ ғасырдағы әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде конституцияға бүкіл қоғамдық құрылысты реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси, әлеуметтік-мәдениет жүйелерін қосқанда) енгізу қажеттігі талап етілді. Осындай дәстүрді іс жүзінде енгізіп, нығайтуға социалистік деп аталатын елдердің (КСРО) конституциялары көп әсерлерін тигізді.Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазан революциясынан кейін пайда болды.

2. Конституциялық құқықты демократизацияландыру. Бұл тенденция барлық жерлерде сайлаудың жалпыға бірдей, тең және төтелігінен туындайды. Өйткені, біз, Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің, Сенатының және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңы негізінде ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, өз егемендігімізді алғаннан бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами бастады. Солардың бірі - әкімшілік пен конституциялық әділеттілік, адам құқығы жөніндегі мемлекеттік ұйымдар, т.б.
3. Конституциялық құқықты интернационализациялау. Бұл тенденцияның басты өзегі әрбір демократиялық мемлекеттің Ұлттық конституциялық құқығының халықаралық құқықпен жақындасып, олардың арасындағы алшақтықтың бірте-бірте жойылуы. Жеке мемлекеттің конституциялық құқық мәселесіндегі айтарлықтай жетістіктері халықаралық деңгейде қорытындылап, олар халықаралық актілерге пактілер, конвенциялар, және т.б. түрінде енеді. Мұнын өзі әрбір мемлекеттің ұлттық заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық институттарды кіргізуге өз әсерін тигізеді деген сөз. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады және барлық заңдар, Республика қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады, делінген тұжырымдар осының куәсі. Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмән жоқ..
Мемлекеттік құқық ғылымында конституция терминін материалдық және формальды негізінде түсіндіреді. Материалдық мәні ретінде конституция - бұл жазбалы акт, актілердің жиынтығы немесе конституциялық әдет-ғұрыптар. Мұндай материалдық мәнінде термин конституция өмірде аз қолданылады. Көбінесе, біз конституцияны формальды мәнінде, яғни заң немесе заңдардың топтары ретінде, өзге нормативтік актілермен, заңдармен салыстырғанда оның ең жоғары күші бар екендігін түсінеміз. Демек, конституцияны бұл тұрғыда заңдардың заңдары немесе Ата заң деп түсінуіміз қажет.
Конституция түсінігін заңды (юридикалық) конституция және нақтылы (фактически) конституция жүктеулерінен ажыратуымыз қажет. Заңды конституция - бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін белгілі бір құқықтық нормалардың жүйесі. Нақтылы конституция болса, ол өмір өзегінен туындайтын қатынастар. Яғни, мұндай конституция өмірмен тығыз байланыста болып, одан алшақтамауы тиіс. Былайша айтқанда, ол өмір шындығы, өмір ақиқаты.
Қазақстан Республикасының конституциялық құығы деп Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін, қоғамның құрылысы негіздерін және мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұғынылады.
Конституцияның сыртқы заң күші бар және ол республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады. Барлық басқа бастаулар конституция нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.

1.3. Конституциялық мәртебе
Конституциялық құқықтық мәртебені әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады:
1) Субъектісіне байланысты: а) адамның конституциялық мәртебесі. б) ҚР азаматының. в) шетел азаматының. г) азаматтығы жоқ тұлғалардың мәртебесі.
2) Құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің көлеміне байланысты: а) негізгі. б) толық. в) шектеулі мәртебе.
Конституциялық құқықтық мәртебенің мазмұны:
1) Конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер.
2) Азаматтық..
3) Конституциялық құқық қаблеттілік.
4) Конституциялық құқықтар мен бостандықтарын іске асырудың кепілдіктері.
1. адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін тікелей түрлері бар.

а) өзіндік құқықтар мен бостандықтар. өмір сүру, жеке бастың бостандығына қол сұғылмаушылық, әркімнің өзін қай ұлтқа жататының өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге, әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы, ешкімнің тұрғын үйге қол сұқпайтындығы, әркімнің еркін жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді қолауынша таңдап алуға, жеке тұрғылықты мекенді қалауынша таңдап алуға, жеке өміріне қол сұғылмауына, ақпарат көздерімен танысуға құқығы,

б) саяси құқығы мен бостандығы. Мұның жеке адамға қатысты құқықтар мен бостандықтардан ерекшелігі - саяси құқықтар мен бостандықтар тек қана ҚР азаматына берілген. Олар бірлесу бостандығы, құқығы, тікелей, не өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу, референдумға қатысу, сайлауға қатысу не сайлану, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру, мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқықтары.

в) әлеуметтік, экономикалық құқықтар мен бостандықтар. Оларға меншік иесі болу, еркін еңбек ету, қызмет саласы мен кәсіпті еркін таңдап алу, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайына ие болу. Білім алу, тұрғын үйге ие боу, шығар еркіндігіне кепілдік, дем алу, денсаулықты сақтау, денсаулық, ұясына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.

г) мәдени құқықтар мен бостандықтар. Білім алу, шығармашылық еркіндік құқығы.

2. Азаматтық бұл - адамның мемлекетпен, оның өзара құқықтары мен міндеттері жиынтығын білдіретін тұрақты саяси - құқықтық байланыс б.т. Мемлекет өз азаматтарын елден тысқары жерлерде қорғауға және қамқорлық жасауға кепілдік береді. ҚР азаматтығын алудың бірнеше жолы бар:
1) Туғаннан алу (қан және топырақ қағидасы бойынша).
2) Натурализация. Заң бойынша белгілі бір тәртіптердің белгіленуі.
3) Халықаралық шарттарға сәйкес (жеңілдетілуі)
4) Оптация.
5) Азаматтықты қалпына келтіру.
6) Азаматтықты сыйлау.
ҚР азаматтығы келесі негіздер бойынша тоқтатылады
1) азаматтықты беруден бас тарту;
2) азаматтықтан шығу;
3) азаматтықтан айыру;
4) азаматтықты жоғалту;
5) оптация.

3. Конституциялық құқық субъектілік - бұл азаматтың конституциялық құқықтар мен бостандықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру мүмкіншілігі.
4. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды іске асырудың кепілдіктері. Демократияның аса маңызды сипатты белгісі мынада азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланып қана қоймай, оларға әр түрлі кепілдіктер де беріледі. Олар экономикалық, әлеуметтік, саяси, заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.
Конституциялық-құқықтық мәртебе -- Конституциямен өзге де конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген, мемлекет таныған және кепілдікке алған, адам және азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары, зандық мүдделері мен міндеттерінің жиынтығы. Конституциялық мәртебе құрылымына мынадай бөліктер кіреді:

негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен міндеттер;
азаматтық;
құкық мәртебесінің кепілдіктері.
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші нор-маларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар кем емес. Конституциялық құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялык құрылысты нығайтуда, азаматтардьің құкы мен бостандығьш корғауда, саяси тұрақтылыкты сақтауда үлкен рөл атқарады. Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар.
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) кандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құкық беруші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялык Кеңесінің конституциялык өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.
Конституциялық заңдарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекетгің конституциялық негіздерін, зандылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда анық айтылған. 5-баптың 3-тармағында: "Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялык құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулык араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады" делінген.
Міндеттеуші конституциялык нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік оргаңдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция еліміздің құқықтық жүйесінде басымды орын алады. Онда қоғамның, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік саланың, мемлекеттің және құқықтың сипатын айқындайтын негізгі идеялар баянды етіледі және мемлекеттік реттеудің шектері мен сипаты белгіленеді. Конституция мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бастауларын, халықаралық және ұлттық құқықтың ара-қатынасын айқындайды.
Жаңа формациядағы құқықтық қағидалардың қайнар көзі ретінде Республика Конституциясы, президенттік басқару нысанын мемлекеттік механизмнің негізі етіп алды, сол арқылы қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық саласы үшін сапалы заңдық құрылғылар жасалуы мен қызмет істеуін заң шығару деңгейінде қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияның мызғымастығының кепілі, барлық мемлекеттік институттардың бірлігі мен келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, мемлекеттік-құқықтық жүйені біріктіретін түпқазық болып табылады.
10 жыл ішінде мемлекеттік басқару, экономикалық қызмет, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім және ғылым салаларында 12 кодекс пен 300-ден астам заң қабылданды. Ең маңызды деген салаларда жүргізілген заң нормаларын кодификациялау, сондай-ақ салалық заңдарды қабылдау арқылы Қазақстанның өміршең құқықтық жүйесі құрылды.
Негізгі Заңның ең басты қасиеттерінің бірі, оның халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп орнықтыруында. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау - мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды адамдарының ел заңнамасында жан-жақтылы бекітілген міндеті.
Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауы үстіміздегі жылы ел өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа бастамалары мемлекеттің азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге ұмтылысынан, Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолында дәйектілікпен ілгері жылжуынан айғақ береді.
Республика Президентінің "Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану жөніндегі іс-шаралар туралы" Жарлықты шығаруы да сондай-ақ уақтылы болды. Сол арқылы Конституцияда мемлекеттің одан әрі саяси дамуы үшін жеткілікті ресурстар бар екендігі, олардың заңнаманы жетілдіру арқылы туындап отырған проблемаларды шешуге мүмкіншілік беретіндігі айқын атап өтілді.
Құқықтық мәртебенін түрлері: а) азаматтардың жалпы немесе конституциялық мәртебесі; ә) азаматтардын кейбір санаттарына арнайы және туғанынан берілетін мәртебесі; б) жеке адам мәртебесі; в) жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі; г) шетелдіктердің, азаматтығы жоктардың, босқындардың мәртебесі; ғ) шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі; д) салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқыктық және т.б. е) кәсіби және лауазымдық мәртебе (депутат, министр, судья, прокурор мәртебесі); ж) әр түрлі шүғыл жағдайларда және еліміздің арнайы аймактарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі.

2.Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы
Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы - цивильді құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды цивилист деп жүр.Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз... , ендеше осы бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Тарихта адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының ескі тәртіпті жоюды талап еткен түрліше революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық қозғалыстарының толқуыныңда қайта едәірлеп отырғаны тегін емес. Мұның жарқын мысалдары ретінде Адам мен азамат құқықтарының деклорациясын (Франция, 1789ж), Тәуелсіздік декларациясын (АҚШ,1776ж), Құқықтар туралы билльді(АҚШ,1791ж), Вирджиния штатының конституциясын(АҚШ,1776ж) алуға болады. Адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасы көптеген қазіргі мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ,Франция,Италия,Испанияның конституцияларында көрініс тапты. Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып, оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын қорғайды.

Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның озіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді.
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз.
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра факторлар әсер етті.
ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады.Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.
1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен бостандық тары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы болды.
Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнән, мазмұны мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді. ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғышарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты теханизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.
Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді.
Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол ешуақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар дерді деп бас июге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.
Құқықтың қайнар көздері
Мамандықтың пәндер каталогы
Құқық негіздері оқу курсының жүйесі
Құқықтық қатынастар
Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Пәндер