Орта ғасырдағы Франция


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе3-5

1 Ортағасырлық Францияның саяси және әлеуметтік экономикалық дамуы

1. 1. Францияның саяси дамуы . . . 6-13

1. 2. Ортағасырлық Францияның әлеуметтік-экономикалық дамуы . . . 13-22

2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде

2. 1. Жүз жылдық соғыстың негізгі шайқастары . . . 23-26

2. 2. Жанна Д´Арктің жүз жылдық соғыста алатын орны . . . 27-29

Қорытынды . . . 30

Пайланылған әдебиеттер . . . 31

Қосымшалар

Кіріспе.

Өзектілігі: Әр қоғамның әлеуметтік - экономикалық және мәдени - рухани дамуына сай оқытудың теориясы мен әдістемесі өзгеріп отырады. Қазіргі кезедегі қоғамның жағдайы, оның даму тенденциялары мектепте тарихты оқытуды, өзгертуді талап ететінін өмір көрсетіп отыр. Оны біз жүргізіліп жатқан реформалардан, оқыту технологияларының жаңаруынан көреміз. Оқушылардың танымдық қызметі тарихи білімдерді қалыптастырудың тұтастығына және шығармашылықпен қолдана білуіне бағытталады. Тарих пәнінің тәрбиелік мүмкіндігі мол. Өйткені ол адамзат баласына ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды.

Франция классикалық феодализм елі Батыс Рим империясы территориясында пайда болған Франк мемлекетінің бір бөлігі. Францияда феодалдық мемлекеттің типтік формасы монархия болды. Елдің солтүстік және орталық бөлігінде римдік және варварлық бастаулардың синтезі толық жүзеге асты.

Біздің зерттеп отырған тақырыбымыз ортағасырлардағы Францияның қалыптасып, орталықтанған мемлекетке айналу процесі және орталықтандыру барысында болған жүз жылдық соғыс мәселесін қамтиды. Жүз жылдан астам уақытты қамтитын Англия мен Франция арасындағы (1337-1453 ж. ж. ) оқиға Батыс Европа тарихындағы дамыған феодализм дәуіріндегі ең ірі саяси оқиға. Бұл екі орталықтанған ірі мемлекеттердің алғаш қақтығысуы. Ағылшын - француз саяси қақтығысы халықаралық масштабтағы оқиғаға айналды. Жүз жылдық соғыс кезінде екі мемлекетте де көптеген антифеодалдық көтерілістер болып тұрды. Англияда Уот Тайлер мен Джек Кед көтерілісі, Жакерия, Францияда Этьн Марсель, Кабош бастаған көтерілісшілердің ерліктері, Жанна Д' Арк сияқты көрнекті қайраткерлер сияқты өмірі мен істері бей-жай қалдырмасы анық.

Тарихнамасы: Тақырыптың да соған арналу тарихнамасына келсек, хроникалар - Франция мемлекетінің құрылуы, қалыптасу жүз жылдық соғыстың тарихын баяндайтын құнды дерек болып табылады. Автордың өмір сүру жолы бойынша қаншалықты соғыс кезеңін көзімен көргенін білуге болады. Ағылшын хронисті Уолсенгем (1422 жылы қайтыс болған), француз хронисті және ақын Фруассары (1337-1404), XV ғасырдың басын ағылшын хронисті Капгреев (1393-1404), Бурунд хронисті - Монстреле (1390-1453), соғыстың аяқталу түсін Базенд хроникалар жалғастырады (1412-1491) және Кузинов (1400-1484) және Беннед (1462 қайтыс болған) жазған еңбектері бізге дейін жеткен.

Совет тарихнамасында: Хачатурян Н. А. «Сословная монархия во Франции»[3], «Возникновение Генеральных Штатов во Франции»[5] еңбектерінде король билігінің, сословиялық мекеменің қалыптасу күшею тарихы қарастырылады. Люблинская А. Д. “Столетняя война и народные восстание XV - XIV в. в. » [24], Басовская Н. И. «Столетняя война 1337 - 1453г. »[12] зерттеулерінде Францияның тәуелсіздік үшін күресі жан - жақты берілген. Жүз жылдық соғыс кезінде және көтерілісшілердің қимыл жасауы кезінде Франциядағы шаруалардың жағдайын бейнелеп көрсетуде «Французская деревня ХІІ-ХІV вв. и Жакерия. Документы/Пер., ввод. Статья и примеч. Н. П. Грацианского» деген еңбектерден көре аламыз. Орлеан түбіндегі күрестер туралы материалды мына кітаптардың бірінен табады: Левандовский А. «Жанна д' Арк» [21], Райцес В. И. «Жанна д' Арк»[22] .

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері: ортағасырлық Францияның саяси және әлеуметтік экономикалық даму тарихы, король билігінің күшеюі, орталықтанған мемлекет қалыптасу тарихы қарастырылады. Жүз жылдық соғыс барысын тарихта алатын орнын деректерге, зерттеулерге сүйене отырып зерттеу және оның Франция орталықтанған мемлекетінің құрылу процесінде алатын орнын көрсету. Жүз жылдық соғыс тақырыбына арналған деректер, зерттеулерді, әдістемелік әдебиеттерді тақырыптық талдау негізінде негізгі щайқастар, король билігінің күшеюі, Жанна д, Арктың тарихи ролін ашу.

Зерттеу обьектісі: Францияның ІХ ғасырдан Каролингтер әулетінің ыдырап, Капетингтер династиясының құрылуы, сонымен қатар 1477 жылы Нанси түбінде болған қырғын соғыста (Лотарингияда) герцогтың қаза болуы, ХІ Людовикке Пикардия мен Нивернэні және Бургундия герцогтігін Франциямен қайта бірігуімен аяқталады.

Хронологиялық шегі : 843 жылдан бастап Каролингтер әулетінің ыдырауынан 870 жылы Мерсен бітіміне сәйкес Франция мемлекетінің құрылуы және 1337-1453 жылдардағы Жүзжылдық соғыс, аяғы 1491 жылы VІІІ Карлдың Анна Бретонскаяға үйленуі себепті Бретань Францияға қосылды. Францияның құрамынан тыс ХV ғасырдың аяғында тек Лотарингия мен Франш-Контэ, Руссильон мен Савоня қалды. Франция ХVІ ғасырдың қарсаңына Батыс Европаның экономикалық қарым-қатынастары дами түскен, бай қалалары мен өскелең мәдениетті қоғамы бар, бір орталыққа бағынған мемлекеттерінің ең ірілерінің бірі ретінде келіп

Зерттеу әдісі:

Курс жұмысының құрылымы : мынандай бөлімдерден тұрады: кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, тарихнамасы, мақсат-міндеттер көрсетіледі.

І - тарауда - Ортағасырлық Францияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасалып жазылған, және ерекшелігі бөлініп көрсетіледі.

ІI - тарауда Жүз жылдық соғыстың басталуы, шайқастарының маңызы, тарихи тұлға көрсетілген.,

Қорытынды бөлім - теориялық мәселелер бойынша жалпы қорытындылар берілген.

I. Ортағасырлық Францияның саяси және әлеуметтік экономикалық дамуы

1. 1. Францияның саяси дамуы.

843 жылы Каролинг империясы ыдырағаннан кейін және 870 жылғы Мерсен бітіміне сәйкес Францияны Германия мен Италиядан бөліп тұрған оның шығыс шекарасы үлкен өзендердің бойымен: Маастың төменгі жағалауымен, Мозельмен және Ронамен өтті. Кейін ІХ ақырында Сона мен Ронаның шығысында екі Бургунд корольдігі - Х ғасырда (933ж) бірыңғай Бургундия (Арелат) корольдігіне біріккен Жоғарғы және Төменгі Бургунд корольдіктері құрылды. Аквитания тағы да іс жүзінде тәуелсіз болды да, Нейстрия мен Бургундияның солтүстік -батыс бөлігі - ІХ ғасырда құрылған Бургундия герцогтығы Франциядағы соңғы Каролингтердің қол астында қалды.

Х ғасырда бұл аймақтардың жағдайы тым ауыр болды. Неміс және француз Каролингтерінің арасында өзара қырқысқан соғыстар жүріп жатты. Тұрғындарын талан-таражға салып, қырғынға ұшыратқан үздіксіз нормандар шапқыншылықтары ұшан-теңіз шығынға душар етті. Соларға қарсы кескілескен ұрыста бірінші шепке - бұл уақытта әбден әлсіреп, өзінің барлық жерінен айрылған Каролингтерге қарама-қарсы Париждың бай да ықпалды графтары шықты. Олар аса қауіпті жаудан өз қалалары Париж бен Орлеанды сәтті қорғады, Орталық және Оңтүстік Нейстрияны сақтап қалды, бірақ Х ғасырдың басында Сена сағасына іргелес жатқан солтүстік-батыс аймаққа ірге тепкен Нормандия герцогтігін норманндарға беруге тура келді. Х ғасырда Париж бен соңғы Каролингтер графтықтары арасында тәж үшін күрес жүрді. Робертиндердің кейбіреулері король болып сайланды, Бірақ кейін олардың тағына Каролингтер ауысып отырды. Ақыры 987 жылы аса ірі ақсүйек және дін феодалдары «Францияның ұлы герцогы» деп аталған Робертин Гуго Капетті король етіп сайлады, сөйтіп осы уақыттан бастап 18 ғасырға дейін француз тәжі Капетингтер мен солардың руынан тараған басқа ағайындарында қалды.

Біржолата ыдыраған Каролинг империясынан Франция корольдігінің бөлініп шығуы - осы ел өміріндегі жаңа да өте маңызды сатының басталғанына айғақ болды. Х ғасырда феодалдық қатынастардың орнауына әкеп соқтырған әлеуметтік -экономикалық процестер аяқталды, әр түрлі этникалық элементтер сіңісіп бітті. Германдықтармен араласып кеткен галлорим халқының негізінде жаңа тілі мен территориясы жағынан бір-біріне туыстас феодалдық халықтар:солтүстік - француз және провансаль халықтары қалыптасты. Олардың өзара шекарасы Луара ағысынан біраз оңтүстікке қарай өтті. Бұл халықтар болашақ француз ұлтының негізі болды. [1; 45]

Х ғасырда ел өзінің қазіргі атын алды, яғни Франция деп аталды. Қаншама кескілескен ұрыстан кейін Франция өзінің негізін құрды. Билік басына Капетингтер әулеті келіп Францияның одан әрі нығаюына әсерін тигізді.

Король домені. Король домендерінің аса құнарлы аймақтарға стратегиялық жағынан маңызды пунктер - аса ірі екі өзен - Сена мен Луараның орта ағыстарына, сондай-ақ оңтүстіктен солтүстікке апаратын құрлықтағы жолдарға үстемдік ететін Париж бен Орлеанда орналасуының Франция тарихы үшін маңызы зор болды.

Капетингтер үйінен шыққан алғашқы корольдердің ірі феодалдардан айырмашылығы шамалы болды. Олардың тұрақты тұрағы да болмады, өзінің нөкерлерімен бір иеліктен екіншісіне көшіп жүрді де, сонда жиналған қорды тұтынды. Корольдерге тіпті өз домендерінде де әскеріне сүйеніп жолдарда қарақшылық жасаған вассалдармен күресуіне тура келді. ХІ ғасырларда Капетингтер негізінен өз жерлеріндегі, яғни тәуелді және крепостной шаруаларды тікелей қанау арқылы табыс түсіріп, баяу да болса иелік жерін ұлғайта бастады. [2; 119]

ХІ ғасырда Францияда король билігі өте нашар дамыды, себебін алғашқы корольдердің ірі феодалдардан айырмашылығы жоқ болғаннан деп түсінемін және көп тәжірибелері де болған емес.

ХІІ ғасырда король өкіметінің нығаюы. Францияда бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылу процесі ХІІ ғасырда басталды. Бұл процесс ең әуелі оның экономикалық және әлеуметтік алғышарттары бар Солтүстік Францияда өрістетілді. Феодалдық сеньорларды өзіне бағындырып қаратуға бағытталған король өкіметінің саясаты, көбінесе феодалдар табының мүдделерінен туған еді. Оның ең басты мақсаты шаруалардың қарсылығын тұншықтырып басып отыру үшін өкіметті нығайтып және оны орталықтандыру болған еді. Бұған қолдарында экономикадан тыс зорлаушылыққа жеткілікті құралдары жоқ, әсіресе, ұсақ және орташа феодалдар мұқтаж болды. Олардың король өкіметін нығайтуға мүдделі болғандарының тағы бір себебі, оны өздерінен гөрі әлдірек ірі феодалдардан көретін зорлық-зомбылықтары мен қысымдарынан - қорғанышымыз деп санады. Корольдердің орталықтандырушылық саясаты прогресшіл жағдай болды. Король өкіметі елдің өндіргіш күштерін әлсірететін феодалдық анархиямен күресіп, қалалар мен қолөнердің және сауда-саттықтың өсуілеріне көмектесті. Ф. Энгельстің айтуынша феодалдық анархия - «тәртіп болмаған жерде тәртіп орнатудың өкілі болды». [2; 120] . Сондықтан қалалар король өкіметін қолдап, ірі феодалдарға қарсы күресте жиі-жиі оның одақтасы болды және бұлардың көрсеткен көмегі орталықтандырылған мемлекеті құруда маңызды роль атқарды.

Бұл саясатқа бәрінен де гөрі өздерінің саяси дербестіліктерін қадірлеуші және соған байланысты халыққа өктемдік жүргізу құқығы мен одан түсетін табыстарынан айрылғысы келмейтін ірі феодалдар қарсы шықты, оларды жоғары дін басшыларының бір бөлігі де қолдады. Король өкіметінің нығая түсуіне ірі феодалдардың арасындағы ешқандай тынбайтұғын араздық та қолайлы жағдай болды. Феодалдардың әрқайсысы бір-бірінің есебінен әлденіп, күшейе беруге тырысты. [2; 121] Корольдер міне осы күресті өз саясатының пайдасына пайдаланып, оны тіпті онан да гөрі қоздыра түсуге де құмар болды.

ХІІ ғасырдың басы Капетингтер өкіметінің өсіп, жетіле түсу процесінде аса бір өзгерісті кезең болып табылады.

VІ Людовик (1108-1137) және оның канцлері Сугерий корольдің жеке меншік жеріндегі феодалдардың жасаған қарсылығының үнін өшірді. Олардың қамалдарын жермен-жексен етті немесе оларға корольдің гарнизондарын орналастырды. Қалалардың қолдаушылығымен пайдаланған Капентингер өздерінің иеліктеріне таяудағы аймақтарды қосып ала бастады. VІІ Людовиктің кезінде (1137-1180ж) корольдің жеке меншік жерінің көлемі Буржа мен Сансаны қосып алу есебінен ұлғайтылды.

Бірақ та ХІІ ғасырдың орта шенінде француз корольдерінің Францияда өте күшті бақталастары пайда болды. 1154ж. Француз феодалдарының бірі граф Анжуйский Генрих Плантагенет, ІІ Генрих деген атпен Англияның королі болды. Оның Франциядағы иеліктері : Анжу, Мэн, Турень, Нормандия, Пуату, ал содан соң Аквитания француз королінің жеке меншікті жерінен әлденеше рет артып түскен территория болып шықты. Бұл жағдай ІІ Филипп Августтың (1180-1223ж) тұсында Капетингтер мен Плантагенттердің арасында жаңа кезеңде енген қиян-кескі күрес туғызбай қоймады. Шебер саясатшы және үздік дипломат - ІІ Филип өзінің бар назарын Плантагенеттермен болған күреске аударды. Ол ағылшын королі Иоанн Безземельныймен жүргізген күресінде ең зор табыстарға жетті. ІІ Филипп Иоанның әрі Англияның өзінде, әрі Франциядағы иеліктерінде жұртқа әйгілі және беделді еместігін пайдалануға тырысты. Ол 1202 жылы Иоанның Франциядағы иеліктерінің бәрі де кәмпескеленді деп жариялап, Нормандияны (1202-1204ж) жаулап басып алды. Иоанның қорқытуынан әбден азабын тартқан нормандық барондар мен қалалар француз короліне оншама үлкен қарсылық көрсете қоймады. Содан соң ІІ Филипп ағылшын корольдерінің Франциядағы Луарадан солтүстікке және оның оңтүстігіне қарай көсіліп жатқан басқа иеліктерін де тартып алды. Плантагенеттердің қол астында тек Пуатудың бір бөлігі мен Аквитания герцогтығы ғана қалды.

Айырылып қалған аймақтарын қайтарып алуға тырысқан Иоанн өз жағына герман императоры ІV Оттон мен граф Фландрскийді және кейбір ірі феодалдарды тартты. Бірақ 1214 жылы француздар Ларош-о-Муане түбінде және Бувинде болған қырғын соғыста ағылшындардың және олардың одақтастарының тас-талқанын шығара жеңді. Сонымен ІІ Филипп өзінің жаулап алған иеліктерін түпкілікті түрде баянды етіп алды. Өзінен бұрынғылардың бәрінен де гөрі феодалдық бытыраңқылыққа қарсы жүргізілген күресте қалалардың король өкіметіне қаншама зор пайда келтіре алатындығын, ол әбден жақсы түсінді және солармен одақтастығын шыңдай түсуге де талаптанады. Бұл жөнінде оның бірқатар қалаларға берген көптеген коммуналдық хартиялары дәлел бола алды. Қалаларға ерекше жеңілдіктер беруге қозғаушы болған маңызды себептердің бірі қалалардың әскери жасақтарын пайдалануға тырысушылық болған еді.

ІІ Филипп соғыс табыстарының арқасында Француз королінің жеке меншікті жерінің көлемі шамасы төрт есе артты. Король өкіметінің маңызы Францияның, корольдің жеке меншікті жерінің құрамына әлі енбеген бөліктерінде де күштірек арта түсті. Король ірі феодалдардың істеріне кірісерліктей болған жағдайдың бірін де бос жібермеді. Король олардан вассалдық міндеттерін, атап айтқанда, әскери қызметті бұлжытпай орындауды талап етті. Вассалдық герцогтықтардың әрқайсысында да корольдің қалалар мен дін басыларының біраз бөлігінен және ұсақ рыцарьлардан одақтастары болды. Король өкіметі өз мүдделері үшін ұсақ рыцарьлар мен шонжарлардың арасындағы қақтығысуларды шебер пайдаланып отырды. [3; 154]

Көбінесе деректерде ІІ Филипп сыртқы саясатында әлсіз болғанын айтады, ол соғыс жорықтарына өз көп бармаған, тек әскерін ғана жіберіп отырған. Бірақ ішкі саяси дамуында көптеген реформалар жүргізе білген.

Мемлекетті басқару. Өзінің жеке меншігіндегі жерінің ұлғаюына байланысты король өкіметінің алдына - әжептәуір көлемді территорияны басқаруды ұйымдастыру жөнінде жаңа маңызды міндет қойылды. ІІ Филипптен бастап корольдердің жүргізген реформалары, орталық аппаратты - Корольдік пен жергілікті басқару жұмыстарын ұйымдастыруға арналды. Бұл жерде француз корольдеріне өздерінің жеке меншікті иеліктерінде ешбір тежеусіз билік жүргізуге ықтиярлымыз деп санаған ірі феодалдардың қарсылықтарына тойтарыс беруге тура келді.

Корольдердің көптен бері ауық-ауық шақырып отыратын ең ірі вассалдарымен қатар, енді ерекше Корольдік Үкімет құрылды. Корольдің өз жанындағы осы тұрақты қызмет атқаратын мекеменің құрамына, оның өзіне әбден жаққан феодалдар мен заң, финанс және әкімшілік мәселелеріне жетік білгіштер, бір жағынан қала халықтары мен ұсақ, орташа рыцарьлардың және дін басыларының арасынан шыққан легистер (заңшылдар) кірді.

Енді корольдің жеке меншігіндегі жерінің шеңберінде құрылған жеке-жеке округтардың басына, заң дейтіндер, яғни бұрын әуелі корольдің поместьелерін басқарғандар қойылды. Округтар бальяжи деп аталған неғұрлым ірірек әкімшіліктерге біріктіріліп, оларды корольдің бальи деп аталған чиновниктері басқарды. Қағида бойынша, оларды король өз жағына тарту мақсатымен жергілікті ірі феодалдың арасынан шыққан тәуірлерін тағайындап отырды.

Корольдің чиновниктері тек өздеріне сеніп тапсырылған округтарды басқарып қана қойған жоқ. Олар өздерінің тәуелсіздіктерін әлі де сақтап қалған феодалдардың істеріне де араласып, корольдік вассалдардың король пайдасына әскери қызмет атқаруларын бақылап, корольдің қамқорлығына алынған қалалардың құқықтарын қорғап отырды. Олар өздерінің құқықтарын король өкіметінің беделін көтеріп, нығайта беруге пайдаланды. [4; 59]

Басқа барлық елдер секілді бұл елде де әртүрлі салық, қаржы, жер мәселелері бойынша реформалар жүргізіліп отырды. ІІ Филипптен бастап корольдердің реформалары Корольдік Үкіметтің құрылуына негіз болған.

Альбига соғыстары. XIII ғасырдың басына шейін оңтүстік аймақтар елдің солтүстігіндегі бөлігін жекелеу қақас дерлік өмір сүріп жатты. Содан соң оларды корольдің жеке меншігі жеріне жаулап алу түріне көше бастады.

Оңтүстік француз қалаларының жақсылап өркендеуге бет алған экономикалық жағдайы және олардың саяси дербестілігі, әлеуметтік қайшылықтардың тым ертерек шиеленісуі мен идеологиялық күрестің мейлінше күшейе түсуіне әкеліп жеткізді. Бұл Францияның Оңтүстік аймақтарындағы ашық антифеодалдық бағытта болған вальденстер мен қатарлардың еретикалық ілімдерінің кең таралғандығын айқын көрінеді. XII ғасырдың орта шенінде альбигалықтар деген жалпы атпен атай бастады (діннен безгендердің басты орталығы Альби қаласының аты бойынша) . Альбигалықтар дүниені де және католиктік шіркеудің өзін де сайтан жаратты деп санап, шіркеудің негізгі догматтарын теріске шығарды. Олар шіркеулік иерархия мен шіркеулік жер иеленушілікті және ондықты жоюды талап етті. Альбигалықтар дінді бүркемеленіп, феодалдарға және ең алдымен қалалардың одан әрі дамуларына бөгет жасаушы католиктік шіркеуге қарсы жасалған күресті кең өрістетті. Альбигалықтардың негізгі көпшілігі болған қала халықтарына, әсіресе қозғалыстың бастапқы кезінде, шіркеудің жер байлықтарына қызығып, көз алартқан рыцарьлар мен ақсүйектер де қосылды. Граф Тулузский Раймондтың да альбигалықтардың қозғалысына бүйрегі бұрды.

Шіркеу XII ғасырдың 70-жылдарында-ақ ересьтердің жолын кесуге тырысты, бірақ онысынан ештеңе шықпады; ол кең таралып, бүкіл Оңтүстікті түгел дерлік қамтыды. Ересьтер қозғалысының әсері Солтүстік Франция мен Батыс Европаның басқа елдерінде де біліне бастады. 1209 жылы папа III Иннокентий Солтүстік француз епископтарын олардың вассалдарымен қоса, папа легантының (өкілінің) басшылығымен альбигалықтарға қарсы бағытталған «крест жорығын» ұйымдастырды. Солтүстік француздық рыцарьлар оңтүстіктің бай қалаларының есесінен олжа табу ниетімен жорыққа өздері тіленіп қатысты. Солтүстік рыцарьлардың бірі, барон Симон де Монфор, жорықтың әскери көсемі болды. Өздерінің жасаған қажырлы қарсылықтарына қарамастан, оңтүстіктің көптеген қалалары басып алынды және талан-таражға түсті, олардың тұрғындары құртылып, жойылды. Мюрэ түбіндегі қырғын соғыста (1213) кресшілер шешуші жеңіске жетті. Раймонд Тулузский тек Тулуза, Ним, Бокер және Ажан қалаларын ғана ұстап қала алды; қалған қалаларды Монфор билік жүргізді. Ол қаза болғаннан кейін (1218) Оңтүстікті бағындыру үшін жүргізілген соғыста француз корольі VIII Людовик араласты. 1224 және 1226 жылдары ойдағыдай жүргізілген жорықтардың нәтижесінде ол Тулуза графтығын корольдің жеке меншікті жеріне қосты және оған ең алғаш тер Жерорта теңізінің бойындағы (1229) жерлердің бір бөлігін кіргізді. Алайда, Оңтүстік-батыстық графтықтар өздерінің дербестілігін сақтады, ал Аквитанияның Плантагентердің иелігі болып қала берді.

Альбигалықтардың соғыстарынан кейін оңтүстіктегі қалалар біршама тезірек естерін жиып оңалды, бірақ бұдан былай ешқашанда да XII ғасырдағыдай көрнекті түрде өркендеуге жете алмады. Альбига соғыстарының кезінде теңіз саудасы жағынан әлденіп алған бақталастары - италяндық қала-республикалармен және катондық қалалармен бәсекелесу енді олардың шамаларынан келмейтін болды. [5; 310]

ХІІІ ғасырдағы мемлекет. XIII ғасыр ішінде, әсіресе IX Людовиктің (1226-1270) билеген кезінде, король бірқатар маңызды реформалармен, көбінесе сот реформасын баянды етілді. Корольдің жеке меншікті жерінің территориясында бұрын сеньориялдық соттарда кеңінен қолданылған сот айтыстарына тыйым салынды; дауласушы жақтарға істерін корольдік сотқа беріп шештіруге мүмкіндік жасалынды. Феодалдық соттың шағым арыз берілуге мүмкіндік туды, сөйтіп ол енді бүкіл корольдіктегі сот істері жағынан ең жоғары саты болып табылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Морав мемлекеті
XVII ғасырдың I- жартысындағы еуропадағы халықаралық жағдай және отызжылдық соғыс
Франция мемлекетінің туристік индустриясы
Киім кию мәдениеті жайында
Жеті жылдық соғыс, 7 жылдық соғыстан кейінгі Еуропа дипломатиялық жағдайы
Ағылшын буржуазиялық революциясы
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
XVI – XVII ғасырлардағы осман империясы
Азия және Араб елдерінің өркенденуі
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz