Унитарлы мемлекет


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы : «Унитарлы мемлекет»

Орындаған:

Қабылдаған:

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1. Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері . . . 11

1. 2. Мемлекет белгілері мен түрлері . . . 18

1. 3. Мемлекет басқаруы бойынша қызметтері . . . 25

2. Мемлекет тарихына жалпылай шолу . . . 29

2. 1. Мемлекеттің даму сатылары . . . 33

2. 2. Ассоциацияланған мемлекет, Буферлік мемлекет, Көпұлттық мемлекет, Ұлттық мемлекет. Құқықтық мемлекеттер . . . 35

2. 3. Унитарлы мемлекет, Әлеуметтік мемлекет . . . 38

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекет ұғымы. Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Курстық жұмысты жазу барысында нормативтік актілер мен отандық және шет елдік авторлардың еңбектері қолданылды.

Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің анықтамасына жан-жақты тоқталып оның белгілерін ашып көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:

-мемлекеттің түсінігін анықтау;

-мемлекеттің түсінігін саралау кезіндегі әдістамалық негіздерді зерттеу;

-мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функцияларына тоқталу;

-мемлекеттің әлеуметтік мақсатын қарастыру;

-мемлекет функцияларын анықтау;

-басқару нысанына тоқталу;

-мемлекет механизмін қарастыру.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.

Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның - мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет - адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді:

1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі - мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.

2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.

3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы - шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.

4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.

Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың - байлар тобының мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.

Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.

Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген жоқ.

Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келип, ол 70 жылдам астам уақыт өмір сүрді.

Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісінде саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды. Мемлекеттің үш элементі болады: жер аумағы, халқы және мемлекет өкіметі. Мемлекет - тарихи құбылыс. Ол адамзат баласымен бірге тумаған. Алғашқы қа­уымдық құрылыс мемлекет дегенді білмеген. Ол жеке меншіктің пайда болуымен бірге ғана өмірге келген. Мемлекеттің шы­ғуын Дидро, Гоббс, Руссо сияқты философтар қоғамдық келісімнің жемісі, яғни адам­дар жеке меншікті қорғау және қоғам­дық тәртіпті сақтау үшін өзара келісімге келу жолымен дүниеге келген деп түсін­діре­ді. Адамдар өздерінің табиғи құқық­та­ры­ның бір бөлігін өз еркімен мемлекет билігінің үлесіне берген деп ұғындырады. Ал Фурье болса, бұған қарсы. Қоғамдағы азамат­тар­дың бәрі бірдей жеке меншікке ие емес, көбінде еш байлық жоқ. Сондықтан да олар өз еркімен қоғамдық келісімге мойынсұна қоймайды. Әрқайсысының мүдделері әртүрлі. Марксистер болса, мемлекет қоғамдық келісімнің нәтижесі емес, социумдағы үстем таптың өз мүддесін қорғаудың, екіншісі, таптың қарсылығын жоюдың құралы деп түсіндіреді.

1. Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері

Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес. Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:

Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.

Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.

Теологиялық теория. Негізін салушылар: А. Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.

Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.

Географиялық теория. Негізін салушылар: А. Гатцель, В. Соловьев, Б. Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.

Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.

Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.

Қорыта келе, мемлекет деп - белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

Мемлекеттің мынадай белгілері болады:

1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т. с. с. пайда болды.

2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т. б. құралдар қажет болады.

3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол - ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.

4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.

5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.

6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.

Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.

Мемлекет. - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет\ алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы “мемлекет” деген түсінік “қоғам”, “ел” деген түсініктен ажыратылған жоқ. «Мемлекет» деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы «қауымдық емес» деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке - “ел”, “қоғам” түсінігі тұрғысынан емес, “өкімет”, билік тұрғысынан қарайтын болды.

Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-біртебіздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті.

Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат өмірінде әрбір тарихи кезеңге сай өзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткеніміздіойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ойтізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл Конфуцийдің идеялары. Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп “тепе-теңдік” пен “орталық” принциптерді ұстанғаны белгілі.

Түрлі ұсақ иеліктерге бөлініп, бір-бірімен қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтарды бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатқа айналдырған ол, сонымен бірге, халықтың тәлім-тәрбиелік күш-қуатын жоғары деңгейге көтеру мен оны “бақытты” ету үшін бар күш-жігерін сарп етті. Конфуцийдің ойынша, б. з. д. VI ғасырда Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің негізі - қоғамдық тәртіп пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай 58 қоғамда әркім өз құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезінуі тиіс. Яғни, әр адам өзінің орнында болуы керек: патша-патша, бағынышты- бағынышты, әке-әке, ұл-ұл болуға тиіс. Мемлекетті басқарушы құдай дәрежесіндегі «Аспан ұлы»- адамдар әлемінің өкілі. Ол әулие, император бола отырып Аспан алдында ғана жауапты. Өйткені ол тақ пен билікті тек осы аспаннан алады. Билеуші әділ болып, барша халыққа мейірім төгуі міндетті, ал олай болмай ел аштық пен қайыршылыққа ұшырап жатса, халықтың бүлік шығарып, билеушіні тәубесіне келтіруі құдайшылыққа жатады.

Конфуцийлік әлеуметтік саяси ілім - халықтың ой-арманымен, бақытты болашақты көксеген қиялдарымен терең ұштасып жатыр деуге толық сенім бар. Мемлекет - халықтың талап тілегін іске асыратын құрал. Халықтың шынайы сенімінсіз мемлекет те болмақ емес. Демек, оның сеніміне тек адамдарға жасалынған қамқорлық арқылы ғана қол жетпек. Ел басқарушысы алдымен халықты ішер аспен қамтамасыз етіп, содан соң жоғары мақсаттарға шақыруға міндетті.

Ежелгі Грекиядағы мемлекет туралы саяси ойдың ерте кезде дамуы (б. з. д. IX - VI ғғ) көне мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Бұл ойлар Гомер, Гесиод поэмаларында кездеседі. Пифагор (б. з. д. 580-500 жж. ) менГераклиттің (б. з. д. 544-483 жж. ) мемлекет пен құқық мәселелеріне әлеуметтік- саяси тұрғыдан талдау жасауы да осы тұста қалыптасты. Гераклит: «өз отбасың үшін қалай күрессең, мемлекет белгілеген тәртіпті іске асыру үшін де солай күресу керек» - деген пікір айтып мемлекеттік билікке үлкен құрметпен қарады.

Ежелгі Грекия мемлекетінің нығайып - дамуы мемлекет туралы ілімнің қарқынды дамуына жағдай жасады. Бұған үлкен үлес қосқан даңқты ойшылдар Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Полибий болды.

Мемлекет туралы саяси ойдың қалыптасуындағы айрықша кезең саналатыны -жалпыға бірдей бостандық идеясының өзекті орын алу тұсы. Нәтижесінде Ежелгі Рим мемлекетінде бұл ілім жедел қарқынмен дамыды.

Оның тарихы: патшалық (б. з. д. 754-510 жж. ), республикалық (б. з. д. 509-28 жж. ) және императорлық (б. з. д. 27 - б. з. 476 жж. ) болып үш дәуірге бөлінеді. Осы кезеңде саясат, өкімет және мемлекет туралы ілімге елеулі үлес қосқан Тит Лукреций Кардың (б. з. д. 99-55 жж. ) шығармалары, әсіресе оның “Табиғат заттары туралы” поэмасы.

Сол сияқты мемлекет пен құқық туралы Цицеронның ілімі жарық көрді. Ол ежелгі грек дәстүріне сүйене отырып “Мемлекет туралы” және “Заңдар туралы” деген еңбектер жазды. Ол мемлекеттік құрылыстың әр түрін талдай отырып, мемлекет қызметіндегі монархиялық, аристократиялық және демократиялық бастауларды біріктіру керек деген тұжырымға келді. Ол өз ойына, талаптарына сол кездегі Рим конституциясы сәйкес келеді деп есептеді.

Цицеронның мемлекет туралы негізгі тұжырымдамасы - заңның үстемдігі. Оның “Біз заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз”, - деген қанатты сөзі қазір де өзекті пікір болып саналады.

Мемлекет туралы мәселедегі Әл-Фарабидің ой-пікірлерінің маңызы өте жоғары. Ол “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы” деген еңбегінде осы мәселені теориялық тұрғыдан тереңінен зерделейді. “Мемлекет, - 59деп көрсетеді ойшыл, - адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен толық қанаттандыруға арналған ұйым”.

Сол сияқты Әл-Фарабидің мемлекет туралы айтқан мына сөздері ерекше көңіл аударады: “Адамдарды бір-біріне көмектестіріп, халықтың жақсы тұрмыс құруына жағдай туғызып, қамқорлық жасаған мемлекет - өз міндетін атқара алады”. Ойшылдың осы пікірі «қоғамдағы мемлекеттің орны мен қызметі қазіргі нарықтық жағдайда қандай болуы керек» деген сұраққа берген нақтылы жауапқа ұқсайды.

Кейін саяси өмірдің күрделенуіне, дамуына байланысты мемлекетті қоғамдық, әлеуметтік тұрғыдан емес, өкілеттік, билік ретінде зерттеу қалыптасты, көзқарас жетіле түсті. Мемлекет халықты басқарушы ұйым деген түсінік кең орын алды. «Мемлекет» және «қоғам» деген түсініктерді ажырата білуде әсіресе Н. Макиавеллидің орны ерекше. Ол мемлекет деген түсінікті бөлек ұғымға айналдыру үшін “stato” деген термин енгізді. Стато - қазіргітүсінік бойынша, автономия, дербес, өз алдына деген мағынаны білдіреді.

Макиавелли мемлекетті тек ғана қоғамды басқаратын ұйым ретінде түсінумен шектелмей, оның дамыуы, халықтың мұқтаж-мүдделеріне сәйкес қызмет атқаруы туралы тұжырымдамалар жасады.

Кейінгі ғасырларда қоғам мен мемлекетті дербес, өзара ажыратып, мемлекетті қоғамның басқарушы ұйымы ретінде дамыту мәселесі саяси ғылымда айрықша орын алды. Саясаттануда осы мәселе жөнінде әртүрлі, құндытұжырымдамалар жасаған Гоббс, Локк, Руссо, Гегель, Кант, Мэдисон және т. б. болды. Мемлекет қоғам өмірінің дербес саласы ретінде танылғаннан кейін ғалымдар мемлекет пен адамның өзара қатынасын зерттей бастады. Оныңнегізгі себебі - мемлекет шеңберіндегі адамның орны, ролі жөніндегі мәселелердің туындауы. Қоғамда, мемлекетте адам жалпы дамуға ешбір әсер ете алмайтын тіршілік иесі ғана ма, әлде ол (адам) қоғам, мемлекет өміріндегі шешуші күш пе?

Осы мәселе бойынша бірнеше ғасырға созылған ғылыми пікірталастың нәтижесінде саясаттануда этатизм деген бағыт пайда болды. Этатизм дегеніміз - мемлекетке табыну, кейбір жағдайдағы қоғам мен жеке адам бостандығына әкелетін қиянатына, зорлық-зомбылығына төзіп шексіз билікті мойындау.

Әсіресе XVI ғасырдан бастап ғалымдар арасында этатизмге қарсы пікірлер күшейді. Мақсат - қоғам мен мемлекеттегі адам ролін көтеру, мемлекет жағынан адамның еркіне қарсы тұратын кедергілерді жою.

Саясаттануда бұл мәселені зерттеудегі ағылшын ғалымы Томас Гоббстың үлесіерекше. Ол “Левиафан” деген еңбегінде мемлекетке дейінгі қоғам өмірін суреттейді. Оның ойынша, әрбір адамның жаратылысынан өмір сүруге “табиғи құқығы” бар. Олардың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген. Бірақ табиғи заңдылықтар ешкімді де қауіпсіздіктен құтқармайды, ешкімнің өміріне кепілдік бермейді. Мемлекетсіз дәуір - ол барлық адамдардың «барлық адамдарға қарсы соғысы». Сол себептен табиғи, қатал өзара қарым-қатынас жағдайында адамдардың өмірін қорғауға кепілдік беретін ұйым іздеу 60 керек деген қорытындыға келді. Мемлекеттің пайда болуы - ол адамдардың келісім-шарты. Адам сыртқы қатерден сақтануы үшін өз құқықтарын мемлекетке тәуелді етті.

Т. Гоббс қоғамдық тәртіпті табанды, қатал ұстайтын мемлекетті жақтайды. Сондықтан ғалым өз теориясын Англиядағы монархияны қайта құруға, жаңғыртуға бағыттағаны белгілі. Сонымен қатар, Гоббстың ойынша: «Мемлекеттік билік - жоғарғы заң шығарушы және оған бағыну. Басшы өзіне бағыныңқы адамдардың арасында теңдік болуы қажет екенін қадағалап отыруы тиіс және оларды сотта қорғай білуі қажет». “Левиафан” - библия мифологиясы бойынша ғажайып, барып тұрған жауыз, рақымсыз, жан түршігерлік аң. Оған қарсы тұратын ешбір нәрсе де жоқ.

Ал ғалым “Левиафанмен” - мемлекетті теңестіріп сипаттайды, себебі мемлекет адамдарға зорлық жасайды, күш көрсетеді, ал адамдар соған төзеді. Дегенмен, Гоббстың ойынша, мемлекет қандай мықты болса да - ол “ажалды құдай”, себебі ол жасанды. Мемлекет адамдардың ақылы мен қолынан туындайды, ал адам - табиғаттан жаратылған. Сол себепті қоғамда адам бірінші орында, ал мемлекет - екінші орында тұруы тиіс.

Адам мен мемлекеттің арақатынасын сараптай келе, Т. Гоббс: “Адамға құқықты үлестіріп беретін мемлекет емес, мемлекеттің өзі жеке адамдардың құқықтарынан жинақталады» - деген қорытынды жасайды. Яғни, адамның қоғамдағы орны ең жоғарғы сатыда, әрбір адамның “табиғи құқығы” бар, “мемлекет оны заң арқылы қорғауға тиісті”. Сөйтіп, ұлы ойшылдың тұжырымдамалары қазіргі замандағы адамның “табиғи құқығы” идеясына негіз болып халықаралық деңгейде қолдау тапты.

1948 жылы БҰҰ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында” «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген, бұл ұстамды әрбір мемлекет өз заңдарына енгізуге тиісті» - деп жариялады.

Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 12-бабында: “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” - деп жазылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетті басқарудың унитарлы нысаны
МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ, МӘНІ БЕЛГІЛЕРІ
Басқару нысаны
Қазақстанның құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуы және дамуы
Унитарлы мемлекеттердегі бақылау функциялары: шетел тәжірибесі және жаңа конституциялық аядағы қазақстандық ерекшелігі
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздерін талдау
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері
Кәсіпкерлік құқықтың пайда болуы және функциялары
Кәсіпкерлік іс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz