Операциялық жүйе. MS DOS


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Операциялық жүйе. MS DOS
Компьютердiң жұмысы операциялық жүйе (ОЖ) арқылы басқарылатыны, ал пайдаланушының мәшинеде түрлi Ақпаратны өңдеу үшiн арнайы дайын-далған программаларды пайдалануы тиiс екенi ескертiлген болатын. Оларды бiрге қосып‚ компьютердi программалық қам- тамасыз ету, не жабдықтау программалары деп атайды.
Практикада берiлгендер мен оларды өңдеу үшiн құ-рыл-ған программалардың түрлерi көп. Мысалы, студенттердiң мәлiметтiк тiзiмдерi, оларды дискiде сақтап, өңдеу; бухгалтерияда айлық және стипендия ақпартiзiмдерiн (ведо-мостарын) дайындау; статистикалық, ғылыми есептердi шешу программалары т. б. Оларды қолданбалы программалар деп, бiр мақсатта пайдаланылатын программалар жиынтығын қол- данбалы программалар пакетi деп атайды.
Қазiргi кезде түрлi типтi компьютерлерге арнап дайындалған программалар жеткiлiктi. Олар негiзiнен мынадай кластарға бөлiнедi:
* Қолданбалы жүйелiк программалар (текстiк редак-торлар, программалау тiлдерiнiң жүйелiк программалары т. с. с. ) ;
* Операциялық жүйе (ОЖ) .
Операциялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздiксiз жұмыс iстеуiн ұйымдастырушы және түрлi коман-даларды орындауы арқылы пайдаланушының мәшине жұмы-сын басқаруына жеңiлдiк келтiрушi жүйелiк программалар. Оның негiзгi қызметi - программалардың бiр-бiрiмен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетiн ұйымдастыру, опера-тивтi жадты бөлу, компьютердiң жұмыс iстеуi кезiнде қате жiберiлу сияқты түрлi оқиғаларды анықтау, дискiнi жұмыс iстеуге дайындау, монитор мен принтердiң жұмыс iстеу режим-дерiн орнату, пайдаланушының программасын iске қосып, оны орындау т. б. Яғни ОЖ-мәшине жұмысын басқаруға толық жеңiлдiк беретiн жүйе. Ол осы үшiн арналған иiлгiш не қатты магниттiк дискiге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ-ны дискiлiк операциялық жүйе ( ДОЖ , не DOS ) деп те атайды.
Процессордың типiне қарай, DOS-тың түрлi-түрлi вер-сиясы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар берiлiп қойылған.
Мысалы, ДОЖ (ЕС 1840/1841 дербес компьютерлерi үшiн),
АДОЖ (Искра 1030/1031 үшiн) ‚ т. б. 16 не одан жоғары разрядты IBM PC-ге үйлесiмдi компьютерлерде пайдаланы-латын операциялық жүйе -
MS DOS
( Microsoft Disk Operating System) . Оның да бiрнеше варианттары жарыққа шықты:
MS DOS 1. 0, 1. 1, 2. 0, . . . , 5. 0‚ 6. 0‚т. б. Соңғы кездiң кәсiби ком-пьютерлерiнде командалар жүйесi кеңейтiлген MS DOS-тың 6. 0, т. б. варианттары пайдаланылуда.
Басқа операциялық жүйелер сияқты, MS DOS жүйесi мынадай бөлiмдерден тұрады: BIOS , BIO. SYS ( IBMBIO. SYS), DOS. COM ( IBMDOS. COM ) және COMMAND. COM . BIOS (Basic input/output System - негiздiк ендiру/ шығару жүйесi) - операциялық жүйенiң ТЕСҚ-ға жазылып қойылған бөлiмi. Оның орындайтын iс-әрекеттерi:
* компьютер электр желiсiне қосылған соң автоматты түрде оның iшкi құрылғыларының жұмыс iстеуге дайынды-ғын тексеру (компьютердi т е с т i л е у) ;
* одан әрi, жүйелiк болатын иiлгiш не қатты магниттiк дискiден операциялық жүйенiң тиеушi деп аталатын про-граммасын жадқа ендiру (“Тиеушi” жадқа ендiрiлген соң, оның өзi MS DOS-тың келесi бөлiмдерiн жадқа енгiзумен ай-налысады) ;
- жүйелiк үзiлiстiұйымдастыру. Мысалы, программа-ны орындау кезiнде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкiн емес екенiн хабарлап, мәшине жұмысын тоқтатады; клавиатурадан символ терiлсе, ол процессордың осының алдындағы ағымдық жұмысына үзiлiс жасайды (бұл кезде процессор клавиатурадан терiлген символдың кодын қабылдауға дайындалады) т. б.
BIOS-тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын бас-қару драйверлерi де бар.
B I O. SYS ( IBMBIO. SYS ) - BIOS жүйесiнiң жұмысын толықтырушы бөлiм. Ол сыртқы құрылғылар мен информа-цияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.
DOS. COM ( IBMDOS. COM ) - ның жұмысы - пайда-ланушының программалары мен түрлi Ақпаратны дискiге тиеу не одан оперативтi есте сақтау құрылғысына ендiру, дискiде тиеулi программаны жою және т. б. Ол жад ұяшық-тарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады (ұяшық-тарды белгiлеу, бос ұяшықтарды есте ұстау т. б. ) .
COMMAND. COM -ның негiзгi жұмысы - пайдаланушы-ның программалары мен берiлгендердi жадқа ендiру және оларды өңдеу. COMMAND. COM-ды командалық процессор деп те атайды. Ол i ш к i не р е з и д е н т т i к деп ата-латын түрлi командаларды да орындайды ( DIR, CLS, COPY, REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER , т. б. . Бұл коман-далардың орындайтын iс-әрекеттерi келесi тақырыптарда ба-яндалынған) .
Компьютер жұмыс iстеуге дайын болған кезде монитор экранының төменгi жағында
операциялық жүйенiң
ш а қ ы-
р у ы
деп аталатын
C:\>
не осы сияқты белгiлеме көрiнедi. Әдетте шақыру шыққан жол
командалық жол
делiнедi. Пайдаланушы компьютерге беретiн командасын шақыру бел-гiсiнен соң командалық жолда терiп алып,
КҚ
клавишiн басуы тиiс.
- * Пайдаланушының компьютерде иiлгiш магниттiк дискiнi пайдалануы үшiн оны A: дискiжетегiне ендiрiп, iске қосып алу тиiс. MS DOS’та ағымдық (iске қосулы) C:-тен A:-ға өту жолы мынадай:
- C:\>A: КҚ
Компьютердi алғашқы рет iске қосқан кезде мәшине жадына MS DOS-пен бiрге қажеттi басқа жүйелiк‚қолданбалы программалар да енгiзiледi, Мысалы:
Config. sys, Autoexec. bat, BASIC, TURBO, FOTON, т. б.
Олардың кейбiрi операциялық жүйе қатарында жоқ болса, қажеттiсiмен жұмыс iстеу үшiн сәйкес жүйе жазулы иiлгiш магниттiк дискiнi пайдалануға болады не алдын ала оны ағымдық болатын C: дискiсiне жүктеп алу керек (жүктеу тәсiлiн 2. 6-тақырыптан қараңыз) .
Config. sys - үйлестiрушi программа. Оның қызметi-жаңадан қосылатын сыртқы құрылғылардың драйверлерiн MS DOS-қа қосу, орыс/қазақ әрiптерiн пайдалану, функциональды клавиштермен және виртуальды дискiмен жұмыс iстеудi ұйымдастыру т. б. ;
Autoexec. bat -тың қызметi - шақыру символын экранға шығару; қажеттi программаны каталогтардан iздеу; ағымдық ай, күн және уақытты көрсету; NORTON COMMANDER программалар пакетiн жадқа тиеу т. б. (Каталог түсiнiгi 2. 3-та-қырыпта, Config. sys, Autoexec. bat түсiнiктерi 2. 8-тақырыпта, NORTON COMMANDER түсiнiгi 3. 1-тақырыпта берiлген) .
BASIC, TURBO - Бейсик, Турбо Паскаль программалау тiлдерi-нiң жүйелiк программалары;
FOTON (Фотон) - түрлi текстермен жұмыс iстеуде пайдала-нылатын қолданбалы программалар пакеттерiнiң бiрi.
Файл
Есептеуiш техникасында текст, кесте т. б. берiлгендер түрiнде дискiге жазылған бiртектес Ақпаратны берiлген- дер файлы (БФ) деп, программаны программалық файл (ПФ) деп, БФ не ПФ тиелетiн сыртқы есте сақтау құрылғысының орнын дискiлiк файл (ДФ) деп атайды. Қысқаша, олардың бәрiн де файл деп атай бередi. Тексте файл сөзi кездескен-де, оның қай мағына беретiнiн сөйлем құрылымынан ажыра-тып алу қиын емес. БФ не ПФ-тi сыртқы есте сақтау құрылғысына тиеу үшiн оған арнайы атау берiлуi тиiс. Мәшине‚ файлды дискiге тиеген соң‚ тиелген орынды (ДФ-тi) осы атау бойынша белгi-леп қояды. Ол компьютердiң файлды дискiден жадқа ендiруi алдында оны тез тауып алуы үшiн қажет. Атаудың жазылу ережесi программалау тiлi мен оның варианттарына байланыс-ты. Көбiнесе, оны 1-ден 8-ге дейiнгi символдар тiзбегiнен таңдап алу жоспарланған, оны файл мазмұнына сәйкестендiрiп таңдап алған жөн‚мысалы,
KVT1; test2; Keste1; Аbay; Karakoz
Атау соңына нүкте таңбасын қойып, одан әрi 3-ке дейiнгi әрiптерден, цифрлардан тұратын қосымшаны да енгiзiп қоюға болады. Бейсик, Турбо Паскаль т. б. программалау тiлде-рiнде құрылған программаларға BAS, PAS сияқты сәйкес програм-малау тiлi атауының алғашқы үш әрпiнен тұратын қосымшаны пайдаланған жөн.
Қосымша қосылып жазылған файл атауын кеңейтiлуi бойынша берiлген атау деп, ал қосымшаны, жазылу түрiне қарай, файл типi не файлдың кеңейтiлуi деп атайды. Бiр программалау тiлiнде құрылған программаны дискiге тиеу үшiн оған типi көрсетiлмеген атау беру де мүмкiн. Бұл кезде компьютердiң өзi сәйкес типтi ( BAS, PAS т. б. ) автоматты түрде атауға қосып жазып кетедi.
Жалпы, MS DOS жүйесiнiң файлдарға автоматты түрде қосып кететiн кеңейтулерiнiң (стандартты кеңейтулердiң) мынадай түрлерi бар:
. SYS -сыртқы құрылғылардың драйверлерi ( system -жүйе),
. BAT - операциялық жүйеде жазылған командалық файл
( batch file- командалық файл) ;
. TXT - текстiк файл ( text -текст) ;
. COM не . EXE - DOS -тың басқаруымен тiкелей орындалатын файл ( Command- команда , execute -орындау) ;
. BAS - Бейсик тiлiнде құрылған программа;
. PAS - Паскаль тiлiнде құрылған программа;
. BAK - орындалатын файлдың резервтiк көшiрмесi (файлды дискiге тиеу кезiнде жүйе осы файлдың резервтiк көшiрмесiн де автоматты түрде тиеп кетуi мүмкiн. Бұл кезде оның атауына . BAK кеңейтiлуi жазылып қойылады) т. б.
Мысалы,
CONFIG. SYS, COMMAND. COM, Autoexec. bat, Turbo. exe, Kvt1. bas, Kvt1. bak
Резидентті (ішкі) команда. CD, MD, RD командалары
A. Каталогты алмастыру. CD, CD. . командалары
Каталогтармен жұмыс iстеу кезiнде бiрiншi деңгейлi каталогтан iшкi каталогқа өту не керiсiнше әрекет жиi кез-деседi. MS DOS-та ағымдық каталогтан iшкi каталогқа өту командасы - CD (Change directory (CHDIR не CD) -каталогты өзгерту), ал ағымдық iшкi каталогтан бiрiншi деңгейлi ката-логқа өту командасы - CD. . . (Мұндағы қатар орналасқан екi нүкте ( . . ) -ағымдық каталогтан бiр деңгей жоғары болатын каталогтың қысқаша белгiсi. ) Мысалы,
1) С: ағымдық дискiсiнде жазулы DOS каталогына өту (DOS-ты ағымдық ету) командасы:
C:\>CD DOS
Бұл кезде командалық жолдағы C:\> шақыруы C:\DOS> ша-қыруына алмастырылады. Ол - C:\DOS-тың ағымдық екенiн бiлдiру белгiсi.
2) C:\DOS ағымдық каталогынан C:\ каталогына қайтып өту командасы:
C:\DOS>CD. .
Бұл кезде командалық жолда C:\> шақыруы қайта көрiнедi.
B. Жаңа каталог ашу. MD командасы
Атауы латын алфавитiнiң бас әрiптерi мен цифрлардан тұратын жаңа каталог ашып, оны iшкi каталогтар тiзiмiне тiркеп жазып қоюға болады (оның атына кеңейтiлу енгiзiлмеуi тиiс) . Каталогты ашу командасы - MD (Make Directory-каталог құру) . Мысалы,
1) С: дискiсiнде жаңа каталог, айталық, STUDENT ката-логын ашу командасы мынадай:
C:\>MD STUDENT
Бұл кезде С:\-те жазулы каталогтар тiзiмiне STUDENT каталогы тiркелiп қойылады да, командалық жолда C:\STUDENT> шақыруы көрiнедi;
2) С:\FOTON> ағымдық каталогының iшкi каталогы ре-тiнде STUDENT каталогын ашу командасы:
C:\FOTON>MD STUDENT
C. Бос каталогты жою. RD командасы
Алғашқыда бос болатын STUDENT сияқты каталогты түрлi файл атауларымен толтыра беру мүмкiн. Қажет болма-са, бос каталогты RD командасы арқылы алып тастауға да болады (Remove Directory-каталогты алып тастау) . Осының алдындағы бiрiншi мысалда ашылған бос STUDENT каталогы үшiн оның берiлу түрi:
C:\>RD STUDENT
RD командасы бойынша бос емес каталогты алып тастау үшiн алдын ала атаулары осы каталогта тиеулi файлдарды толық өшiрiп алу керек (түбiрлiк және ағымдық каталогтарды өшiру мүмкiн емес) .
Маршрут белгiсi . Файлдың толық аты
MS DOS жүйесiнде iшкi каталогта жазулы . com, . exe, . bat типтi файлдардың бiрiн, мысалы, атауы C:\FOTON катало-гында тiркеулi ft. com файлын iске қосу командасы мынадай:
C:\>FOTON\ft. com
не 1) C:\>CD FOTON (FOTON-ды ағымдық ету) ;
2) C:\FOTON>ft. com
Бұл команда да керi сызықша символы екi рет жазулы. Ол FOTON-ның ft. com үшiн, ал С:-дискiсiнiң FOTON үшiн бiрiншi деңгейлi каталог екенiн бiлдiру. Яғни “ \ “ - файлды каталогтардан iздеу маршрутын (жол бағытын) көрсеткiш символ (мысалы, C:\>FOTON\ft. com командасы бойынша ft. com файлын табу үшiн компьютер С: түбiрлiк каталогынан FOTON iшкi каталогын, одан ft. com файлын iздейдi) .
Iздеу маршруты көрсетiлiп жазылған файл атын оның толық аты не толық адресi деп атайды. Толық атаудың мысалы: C:\FOTON\ft. com
COPY, REN, COPY CON, TYPE, DEL командалары
COPY командасы файл мен файлдар тобын көшiру және текстiк файл құру үшiн пайдаланылады (COPY-көшiру) . Бұл команда бойынша файлдарды бiр дискiден екiншi дис-кiге, бiр каталогтан екiншi каталогқа көшiруге не бiр каталогта оған басқа ат берiп, көшiрмесiн алуға болады. Команданың берiлу мысалдары:
1) BASIC каталогының барлық файлдарын С: дискiсiнен A:-ға көшiру:
C:\>COPY BASIC A:\BASIC
2) C:\BASIC каталогында жазулы KVT1. BAS файлын A:\BASIC каталогына жазу:
С:\BASIC>COPY kvt1. bas A:\BASIC\kvt1. bas
3) C:\FOTON каталогында жазулы kazega. com файлын C:\DOS каталогына көшiру:
C:\FOTON>COPY kazega. com DOS\kazega. com
4) C:\BASIC каталогына ендiрiлген Or1. bas файлының сол каталогта Or2. bas аты берiлген көшiрмесiн алу:
C:\BASIC>COPY Or1. bas Or2. bas
5) C:\FOTON каталогында жазулы f1. txt және f2. txt файлдарын ретiмен f3. txt файлына бiрiктiру:
C:\FOTON>copy f1. txt+f2. txt f3. txt
Бiр дискiде жазулы файлдарды түгелiмен екiншi дискiге көшiру үшiн DISKCOPY командасын беруге болады. Мысалы, барлық файлдарды A:-дан В:-ға көшiру командасы:
A:\>diskcopy A: B:
REN командасы файлдың атын өзгертiп, басқа ат беру үшiн пайдаланылады (rename-атын өзгерту, басқа ат қою) .
REN және COPY командаларының берiлу түрлерi ұқcас. Мысалы, REN командасын пайдаланып, С:\BASIC каталогына ендiрiлген Or1. bas файлының атын Or2. bas атына өзгерту командасы мынадай:
С:\BASIC>REN Or1. bas Or2. bas
Бұл команданың орындалу нәтижесiнде дискiдегi алғашқы Or1. bas файлы жойылып кетедi де, сол мазмұнды Or2. bas файлы пайда болады (Ал, COPY командасының берiлуi кезiнде Or1. bas файлы жойылмайды) .
COPY CON - MS DOS жүйесiнде текстiк файл құру командасы (con-консоль) . Команданың берiлу үлгiсi:
[а. к. ] >copy con <файл аты>
( [а. к. ] - ағымдық каталог атауы. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz