Тұтас педагогика ұғымы
Кіріспе 3
1.Педагогиканың жалпы негіздері
1.1 Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік 5
1.2 Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы 7
1.3 Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері ж/е оларды ұйымдастыру. 11
2.Тұтас педагогикалық процестің принциптері мен заңдылықтары
2.1 Тұтас педагогикалық процесс 15
2.2 Педагогикалық процестің заңдылықтары 18
2.3 Тұтас педагогикалық процестің принцитері 23
3.Қазақстандағы педагогикалық процестің осы заманғы технологиямен дамыту жолдары,даму келешегі
3.1.Инновациялық технологиямен педагогикалық процесті дамыту мәселелері. 26
3.2.Қазақстанның педагогикалық процесінде жаңа технологиялардың даму келешегі. 28
Қорытынды. 30
Пайдаланған әдебиеттер. 31
Қосымша. 32

Курстық жұмыстың мақсаты.Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту -тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңцар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс – әрекетінің объектісі — біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс – әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Зандылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақгылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың міндеті.Мұғалімді дайыңдау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттерімен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықгай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі – құрылымдық сипаттау, алда болатын іс – әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, ұстаздар
— оқушылар жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Өзектілігі. Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқгы педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді ,бірақ ішкі белсенділік пен өзін – өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенін бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т.,Афанасьв В.П.,Блауберг И.В., Садовский В.Н. және т.б.):
-қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсатка ие, оның қызмет атқаруы
мақсатка сәйкестік сипатты білдіреді; жүйе өзара байланыстағы және
өзара тәуелді элементтерден (компонентерден) тұрады;
-жүйе тиым салушылық әкелетін ортада өмір сүреді;
-жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оның қызмет істелуімен
тұрақтьшығын қамтамасыз етеді;
-жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы және ортамен
байланысын көрсетеді;
жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;
-жүйе басқару орталығы арқылы басқарылады
Көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық

1. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004.
2. Әбенбаев С.,А.Құдиярова,Ж.Әбиев.Педагогика,Алматы,2003
3. Бабаева С.Б,Оңалбек Ж.Қ Жалпы педагогика //23,28,31,210,214бет
4. Е. Сағындықұлы Педагогика, Алматы 1999.
5. Жұмабаева М. Педагогика. Алматы, 1993.
6. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008
7. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан. 26.12.2003.
8. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
9. Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. Алматы 2004
10. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007
11. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты сайты(http://www.okmpi.kz)
12. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003
13. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.
14. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999.
15. Подласый И.П. Педагогика. Москва, 1996
16. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
17. Сарбасова Қ.А., Шаушекова Б.Қ. Педагогика негіздері. Қарағанды, 2004.
18. Сламбекова.Т.С.Педагогикалық психология.Семей,2009
19. Хмель Н.Д.Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс.А.,2002
20. Я.А. Коменский «Ұлы дидактика» Алматы, 1993.

Мазмұны
Кіріспе
3
1.Педагогиканың жалпы негіздері
1.1 Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік
5
1.2 Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы
7
1.3 Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері же оларды ұйымдастыру.
11
2.Тұтас педагогикалық процестің принциптері мен заңдылықтары
2.1 Тұтас педагогикалық процесс
15
2.2 Педагогикалық процестің заңдылықтары
18
2.3 Тұтас педагогикалық процестің принцитері
23
3.Қазақстандағы педагогикалық процестің осы заманғы технологиямен дамыту жолдары,даму келешегі
3.1.Инновациялық технологиямен педагогикалық процесті дамыту мәселелері.
26
3.2.Қазақстанның педагогикалық процесінде жаңа технологиялардың даму келешегі.
28
Қорытынды.
30
Пайдаланған әдебиеттер.
31
Қосымша.
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты.Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту -тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңцар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту - тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс - әрекетінің объектісі -- біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс - әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Зандылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақгылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың міндеті.Мұғалімді дайыңдау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттерімен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықгай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі - құрылымдық сипаттау, алда болатын іс - әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, ұстаздар
-- оқушылар жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Өзектілігі. Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқгы педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді ,бірақ ішкі белсенділік пен өзін - өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенін бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т.,Афанасьв В.П.,Блауберг И.В., Садовский В.Н. және т.б.):
-қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсатка ие, оның қызмет атқаруы
мақсатка сәйкестік сипатты білдіреді; жүйе өзара байланыстағы және
өзара тәуелді элементтерден (компонентерден) тұрады;
-жүйе тиым салушылық әкелетін ортада өмір сүреді;
-жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оның қызмет істелуімен
тұрақтьшығын қамтамасыз етеді;
-жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы және ортамен
байланысын көрсетеді;
жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;
-жүйе басқару орталығы арқылы басқарылады
Көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек кана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың
арасыңда оның орнын анықтауға және ұстаздар - оқушылар жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық түсінік болмаса қандай шешім қабылдауға қиын болатындығын түсінуге көмектеседі.
Педагогикалық процесстің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінін ішкі байланыстарында бейнеленеді.
Процесс (латынның ргосезкиз - қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген процессдеген ұғымның мағынасы ұстаздар - окушылар жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуді талап етеді.
Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын зандылықгарымен байланысты.
1.Педагогиканың жалпы негіздері.
1.1.Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік
Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару.Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді болып келеді.Әдістер,өз кезегінде,ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу принциптері,формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз.Ғылым әдімнамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің-нысаны,талдау пәні,зерттеу міндеттері,зерттеу құралдар тобы т.б сипаттамасын береді.Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді.Осыдан,педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады.Дегенмен,әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін:Дескриптивтік не прескриптивтік.
Дескриптивтік әдіснама-ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді,ал прескриптивтік әдіснама-зерттеу іс-әрекеттерін реттеп барудың жол-жобасын белгілеп,көретеді.Дәстүрлі әдіснамалық талдауды ғылыми іс-әрекеттерді жүзеге асыру,тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса,ал дескриптивтік талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау,түсіндіру қызметтері атқарылады.
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді(Э.Г.Юдин ):философиялық,жалпы білімдік ,нақты ғылымдық және технологиялық.Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді.Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.Екінші-жалпы ғылымдық-әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теорияиялық тұжырымарды белгілейді.Үшінші деңгей-нақты ғылым әдіснамасы қандай да ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды.Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды,сондай-ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды,мысалы:педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау(моделдеу)пробеламалары.Төрт інші деңгей-технологикалық әдіснама-зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп,деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап,алғашқы өңдеуден өткізіп,кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді.Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие.Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп,өзара сабақтастықпен байланысты келеді.Ал әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі,себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным,көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.

Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін.Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға,сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.
Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей,өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады.Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі.Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары келесідей зерттеу принципері бірлікте іске асыруды қажет етеді:Тарихилық,нақтылық,көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория,эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экпериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайлылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі.Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды.Сонымен,теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады,ал білім тәжірбиесіне байланысты ұлан-ғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дәстүрлерді қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол ашады.
Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пәндік сипаттарымен сабақтас,яғни табиғи бірлікте іске асырыллуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері 3 деңгейде жүзеге асырылады:
Сипаттау немесе түсіндіру-озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірбиені зерттеу;
Анықтау (диагностикалық)-педагогикалық құбылыс жағдайын,педагогпен оқушы іс-әрекетерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
Болжау (прогноздау)-барша педагогикалық жағдайаттарды табиғи тұтастық күйінде экспериманталды зерттеуден өткізу және оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
Жобалау(проектеу)-педагогикалық іс-әрекет пен оның мазмұны әрі сипатын қалыптастыру және реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті әдістемлік материалдарды(оқу жоспары,бағдарлама,оқулықтар мен оқу құралдары,педагогикалық ұсыныстар)жасауға байланысты;
Жаңалау-тәрбие және білім беру тәжірбиесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымның замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе пайдалану;
Ықпал таныту (рефлексивтік)және реттеу-түзетулер енгізу(коррекциялық)-ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқу-тәрбие ісіне болған әсер-ықпалын бағалау және одан соңғы ғылыми теория мен тәжірбиелік іс-әрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
Педагогикалық құбылыстардың шынайлылығы мен шарттасқандығын ескеру,себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі обьективтік заңдары,қарама-қарсылықтарды және себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
Құбылыстарды даму барысында зерттеу;
Бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
Зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын есептеу шығармау;
Зерттеу әдістері зертелетін құбылыстың мән-мағынасын сай келуі;
Даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
Сынақталушыға,білім-тәрбие процесіне зиян келтіретін,адамгершілік-инабаттылық талаптарына қайшы болатын экспементтерді өткізбеу.
Педагогика саласындағы зерттеулер-бұл білім ,оның құрылымы мен механизмдері,мазмұны,принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі.Педагогикалық зерттеулердің міндеті-деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын-ала болжастыру.
Бағыттау тұрғысына педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды)қолдаңбалы және болжам-жобалау (разроботки)деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді.Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.Қолдаңбалы зерттеулер-бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға,алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер.Болжам жоба-бұрынан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі.Педагогикада олардың қатарына-зерттелуге тиіс проблема,тақырып,нысан және оның дені(предмет),мақсат,міндеттер мен болжамдар,қорғалуы тиіс идеялар-кіреді.Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер:зерттеу көкейкестілігі,жаңалығы,теориялық және практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы,әдетте,екі бөлімнен тұрады:әдіснамалық және іс-әрекеттік (орындау-процедуралық).Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді,проблема нақтыланады,зерттеу нысаны мен дені,мақсаты мен міндеттері айқындалады,негізгі ұғымдары белгіленеді,зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып,қызметтік болжам жасалынады.Ал екіншіде- зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі,сонымен бірге ірге алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні-оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұданбылай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін,дер кезінде зерттеліп,шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру.Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса , күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді,педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді,практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады.Көкейкестілік тиегі өзгермелі,қозғалысты,уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді.Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс(қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін)пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтықсыз табылуы қажет,өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді.Ал бұл,өз кезеңінде,қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде ұсынылатын болса,ғылыми проблеманың өз негізі басқаша.Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдаланы отырып,негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру.Әдетте,проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды.Мақсат-қайта түзіліп,өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып,өрнектелгеннен соң,зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді.Нысанға педагогикалық процесс,педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтармен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін.Басқаша айтсақ,өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды қамтып,проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді.Танымдық процесс бағытталғынның бірі-нысан.Зерттеу дені(предмет)-нысан бөлшегі,бір тарапты,яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері ,қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты,обьекті және деніне сәйкес,әдетте,болжамды(гипотезаны)т ексеру мен дәйектеуді арналған зерттеу міндеттері белгіленеді.Гипотеза-бұл шынайылылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады.Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз,педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары,олардың құрылымы мен механизмдері,мазмұны,принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса,соншалықты практикалық қажеттілікке ие.Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар,алынған гипозалар,ашылған заңдылықтар,әдістер,бағыттар,көзқар астар,проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады.Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар,нұсқаулар және т.б дайындауға арқау болуында.
Жаңалылық тиектері,теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады,сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тәуелді келеді.
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі(динамикасы)бірнеше сатылық-эмпирикалық,гипотетикалық,э ксперименталды-теориялық немесе теориялық,прогностикалық-жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады,шынайы оқу-білім тәжірибесі,ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді,ғылыми проблема өрнектеледі.Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі-зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ алі тұтастығы тексеріліп,бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәні:зерттеу обьектісі жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу,содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық(эксперименталды-теориялық )деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады,осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі,жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады.Теорияның міндеті-осы сан қилы талаптардың обьектив шешіміне негіз болу.
ІІ - тарау.Тұтас педагогикалық процестің принциптері мен заңдылықтары
2.1 Тұтас педагогикалық процесс
Процесс (лат processus-алға жылжу)жағдайдың кезеңдер өзгеруі,бірдеңенің даму барысы 2 белгілі бір нәтижеге жету барысында бірізді әрекеттердің бірлестігі.
Педагогикалық процес-тәрбие процестерінің басты құрылымдық бірлігі,оның ерекшелігі тәрбиешілер мен тәрбиеленушінің педагогикада өзара әрекеттесу жүйесін нақтылауда егер,тәрбие процесі мақсатты түрде жеке тұлғаны қалыптастырушы күштердің бірлігі болса,педагогикалық процесс алдын-ала ұйымдастырылған дара тәрбиелік әрекет жүйесін бейнелейді.
Педагогикалық процесс ерекешеліктері:
Белсенділік пен қарым-қатынас бірлігі
Өз қызметтерін,міндеттерін,ережелерін меңгеру.
Субьектілер арасындағы қарым-қатынастың көп түрлілігі.
Педагогикалық процестің негізгі компонентері мақсаты,мазмұны,міндеттері,әдістері ,құралдары,формалары,іс-әрекет же қорытындылау.
Педагоикалық процестің негізгі функциялары:Білім берушілік-мотивизациялар же оқу-танымдық практикалық әрекеті қалыптастыру,ғылыми білім негіздері,құндылық бағдар мен қатынастарды меңгеру.
Тәрбиелік-белгілі саналарды қасиеттерді,адам қатынастарды қалыптастыру.
Дамытушылық-психикалық процестерді жеке тұлғаның қасиеттері мен сапаларын қалыптастыру.
Барлық 3 функциялар бір-бірімен тығыз бірлікте дамыту міндеттері шешіледі.Тәрбие білім беру мен дамуға әсер етеді;даму оқыту мен тәрбиенің алғы шарты.
Педагогикалық процесс 5 элементтен тұратын жүйені құрайды(Н.В.Кузьмина)
Оқыту мақсаты (оқу не үшін қажет).
Оқу ақпаратының мазмұны (нені оқыту қажет).
Оқыту әдістері,тәсілдері,педагогикалық коммуникация құралдары.(қалай оқыту қажет).
Оқытушы.
Оқушы.
Педагогикалық процестің тұтастығы:
Тұтас яғни ол бірнеше ұсақ бөлшектен тұрады.Педагогикалық процессте бірнеше тұтастық қасиеттермен сипатталады.
Педагогикалық процестің мақсаты-тек қана оқыту мен тәрбиенің міндетінен тұрмайды,педагогтардың жеке басты дамытуға бағытталған әрекеттерінен тұрады.
Педагогикалық процесс құрамына енетін процестер бірін-бірі дамытады.Білімнің арттыруының нәтижесінде тәрбиелік артады тәрбиеліктің артуы,тұтас педагогикалық процесс пен білім беру белсенділігін арттырады.
Педагогикалық процесс пәні оқушылар мен оқытушылар ұжымы бірігіп тұтастай мектеп ұжымына айналады.
Педагогикалық процесте оқыту әдістері мен тәрбие әдістерінің бірігу мүмкіндіктері тұрады.
Педагогикалық порцестің тұтастығын көрсететін өзінің заңдылықтары,принциптері бар.
Қазіргі кезендегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, зандылықтар туралы дербес білімдері бірте - бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. Педагогикалық процесс деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс - әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарлары эмпирикалық жолмен жинақгалған педагогикалық процестің әртүрлі жақтары жайлы білімдер болады.
Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің білімдер сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенін бірлігі(А.Ф. Каптерев, М.А. Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушьшардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (АС. Макаренко); тұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т. Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В.С. Ильин, И.П. Радченко) және т. б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр -- ол біртұтас педагогика-лық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақгарға эмпирикалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.
Бір деңгейден (жеке құбылыстарды сипаттаудан) басқа тұтастыктың мәнін және оның бөліктері арасындағы өзара байланыстылығын анықтау деңгейіне көшу теориялық талдаута көшуді талап етеді. Жекелік абстрактылықтан нақтылыққа көшу күрделі құбылыстарды теориялық талдау әдісі болады, ал оны бірінші К.Маркс өзінің еңбектерінде бірінші болып сипаттап қолданады. Көрсетілген әдістің жасау ерекшеліктерін В.И. Ленин осы әдістің орнын және оны нақтылы ғылыми зерттеулерде философиялық және жалпы ғылыми талдау үшін қолдануды көрсетті.
Затты теориялық қарастырудың объектісі болып заттын басқалармен байланысы мен дербес өздері емес, белгілі бір нактылықтың ішіндегі басқа заттармен заттың бірі байланысы, оған қатынасы бар. Бірақ бұл мұндай мүмкіншіліктің болуы, егер эмпирикалық зерттеулерде алдын ала теориялық қорытынды жасалып, ұғымдар мен анықтамаларда тұтастықтың жалпы жақтары мен байланыстары көрсетіліп белгіленсе ғана мүмкін. Онда тұтастыққа теориялык талдау заттық нактылықтың ішіндегі қатынастарын анықтау болады (А.Н. Шептулин).
Қандайда болмасын объектіні тұтас қарастыру мүмкіншілігі оның әрбір элементтік бөлігін өз негізінде дербес жүйе ретінде есебінде қарастырылуы мүмкін яғни, таным, соның ішінде педагогикалық шындықгы тану, осы аспектіде нақтылы таным болады. Мұндай объектіні теориялық тәсілмен елестету, онда шындық әртүрлшігінің бірлігі ретінде оның өмір сүруінің әртүрлі ішіндегі бөліктер бірлестіктерінің формалары мүмкін болады, (Ж. М. Абдильдин). Біртұтас объектіні (немесе объективтік біртұтастықты) тұтастықтың ең кішкентай (кереге көзсіз) генетикалық бірліксіз елестету мүмкін емес.
Жүйелілік бағыттағы көзқараста педагогикалық процесті элементарлық бірлік кереге көзі қарастыру арқылы оны модель ретінде құрастыруға болады. Негіз болатын абстракцияда (кереге көзі) ең аз дегенде екі қасиеті болуы керек: а) өз нәрсенің мәнін, себептерін аша алуы э) басқалармен шегіне жеткен, жанама түрде емес (керісінше, оның өзі құбылыс басқа жақтары мен қасиеттерімен жанамаласады). Басқаша айтқанда, көрсетілген абстракция осы нақгьшы көп нақтылықтан абстракциялаудың шегі, соңы болады,бұдан әрі құбылысты кеселсіз сай бейнелеуге мүмкін емес. Немесе былайша айтуға болады: көрсетілтен абстракция дамыған біртұтастықтың дамымаған бастамасы, яғни тұтастық барлық басқа созылатын, шығатын тұтастық көз негізі (М.М. Розенталь).
Элементарлық бірлікті (кереге көзді) марксистік педагогикада негіздеуге көптеген зерттеушілер, оның әртүрлі объектілеріне қатысты, ат салысты.(Н. Чакыров, А.П. Сидельковский, М.И. Алексеев, В.И. Загвязинский, Г.И. Легенький және т.б.). Бірақга бұл істелген жұмыстар нәтижесі жеткілікті дәрежеде емес еді, себебі оны жасаушьшар қойьшатын методологиялық абстракцияны анық көрсету мен оны қолдану жағдайына қойылатын талапты бұзған еді. Белгілі бұл бағыттардың әлсіздігі мынадан байқалады, авторлардың ойларын белгілі бір дәрежеге жеткізе алмады, онда педагогикалық теория өзінің дамуының ғылыми негізделген қисынына ие бола алмады (М.А. Данилов).
Педагогикалық процесті тұтас объект ретінде қайта жасауға бастапқы абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы объективті сол процестің өзара қарама - қайшы мәндерді шарасыз өтулері керек.

Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту -тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңцар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту - тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.

Мұғалімді дайыңдау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттерімен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықгай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі - құрылымдық сипаттау, алда болатын іс - әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, ұстаздар

Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқгы педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді ,бірақ ішкі белсенділік пен өзін - өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенін бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т.,Афанасьев В.П.,Блауберг И.В., Садовский В.Н. және т.б.):

Көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек кана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасыңда оның орнын анықтауға және ұстаздар - оқушылар жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық түсінік болмаса қандай шешім қабылдауға қиын болатындығын түсінуге көмектеседі.
Педагогикалық процесстің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінін ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның ргосезкиз - қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген процессдеген ұғымның мағынасы ұстаздар - окушылар жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір
ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын зандылықгарымен байланысты.
Педагогикалық процес заңдылықтары:
Педагогикалық процесінің мақсаты,міндеттері,мазмұны,формасы, әдіс-тәсілдері,қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты.
Тәрбиенің білім берудің,оқытудың және дамудың өзара байланыс заңдылығы.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі,оқыту мен үйренудің бірлігі заңдылығы.
Тәрбие мен оқыту іс-әрекетінің және қарым-қатынастың ролі.
Педагогикалық процесте оқушының жас және дербес ерекшеліктерін ескеру.
Педагогикалық процестегі,ұжым мен жеке адамның өзара байланысы заңдылығы.
Педагогикалық процесінің міндеттерінің,мазмұнының формасының және әдістерінің өзара байланыстылығы заңдылығы.
Педагогикалық процестің заңдылықтарының бір бөлігі эмпирикалық жолмен басқалары теориялық жолмен анықталса, өзгелері теориялық экспериментальдық жұмыстарды орындау барысыңда анықталды. Егер зандылықтардың мәні жеткілікті дәрежеде терең зерттелген болса онда ол үш себептен ұтымды болды. Анықталған зандылықтар негізінде процестің өзінің белгілі бір құрылым бөліктердің өзара әрекетін,өзара әсерін анықтауға болады. Осының негізінде жасалған педагогикалық процестің идеалдық, теориялық моделі ғылыми зерттеуде сол процестің өзінің және сонымен бірге мектеп ісінің практикасын жетілдіре түсудің мүмкіншілігін кеңейте
түседі. Ең ақырында қандайда болмасын процестің зандылықтарын
тану оны басқару мен мұғалім іс -әрекетінің нәтижесін болжауға әкелетін ғылыми талдаудың мүмкіншілігін кеңейтеді.
Педагогикалық ғылымда XX ғасырдың 20 - шы жылдарында тәрбиенің зандылықтары, зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Калашников А.Г., Трахтенберг О.В.) Біршама кейін педагогикалық процестің оқудан
тыс уақытындағы (Болдырев. Н.И., Щукина Г.И.; Петухов Н.Н.) және оқу процесінің (Загвязинский В.И.) зандьшықтары зерттелді. XX ғасырдың
соңғы он жылдығыңда пайда болған жұмыстарда толық шолу жасалынбағанымен біртұтас педагогикалық процестін зандылықтарына шолу жасалған (И.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б. Т. Лихачев , В.А. Сластенин).
Педагогикалық процестің зандылықтары ұстаздар -- оқушылар жүйе байланысының бейнесі: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz