Жүніс Сахиевтің «Жасампаздық қиырында» шығармасы тілінің лексика−фразеологиялық ерекшеліктері


Кіріспе
Әлем бейнесінің өзі танып-бағалаған қалпын сөзге сыйғызып, болмыстың сан алуан белгілері мен қасиеттерін, қимылы мен әрекетін, сапасы мен санын, заты мен құбылысын шын шеберлікпен таңбалап, әлемдік деңгейде шашасына щаң жуытпайтындай көркем сөз өнері деңгейіне жеткізген қазақ халқының сөз жүйесі ерекше бай. «Cөз өнері дертпен тең» деп бағалаған бабалар табиғаттың тамаша көркін тіл кестесімен кестелеуде бүкіл заттар мен құбылыстарға атау беріп, оның мәнін дәл көрсетуде үлкен жауаптылық, көрегендік танытқан. Жаңа атаудың жасалуына ерекше мән беріп, «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей» ішкі мәні мен мазмұнын қабыстырған. Халық танымында танылған ұғымның кез келгеніне атау тағуда, оның ішкі уәжділігіне, негізіне, тегіне мән берген. Қазақ лексикалық қоры мен құрамын зерделеу барысында ондағы жеке атау сөздердің тұлғалық және мағыналық құрылымының жасалуы зергерліктің, шеберліктің, бастысы ойлылық пен данышпандықтың нәтижесі екеніне көз жеткізу қиын болмайды. [13; 108]
Курстық жұмыстың нысаны - Жүніс Сахтевтің «Жасампаздық қиырында» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - шығарма тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа сай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
- Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
- Шығарма тіліндегі қос сөздердің стиьлдік қолданысының мағынасы ашу;
- Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін анықтау;
- Мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
- Көркемдегіш тәсілдердің, оның ішінде теңеудің шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
- Портреттің шығарма тіліндегі көрінісін анықтау;
Жұмыстың жаңалығы . Бұл жұмыста жазушы Ж. Сахиевтің «Жасампаздық қиырында» романы тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктері зерттелініп, төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:
- Шығарма тілінің антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықталды, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеке топтарға бөлінді;
- Шығарма тіліндегі қос сөздердің стиьлдік қолданысының мағынасы ашылды;
- Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметі анықталып, жеке - жеке стильдік қабаттарға бөлінді, талдауға түсті;
- Мақал - мәтелдердің авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметі, шығармадағы кейіпкертіліндегі қолданылуы айқындалады, барлығы талдауға түсті;
- Көркемдегіш тәсілдердің, оның ішінде теңеудің шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықталды.
- Портреттің шығарма тіліндегі көрінісін анықталды;
Курстық жұмыс құрылымы - кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1. 1. Шығарма тіліндегі антоним сөздердің қолданысы
Тіл көркемдігін арттыруда, сымбаттылығы мен байлығын көрсетуде антонимдердің қызметі зор. Олар ақын-жазушылардың ойын нақ түйіп, тұжырымдап, байлауын айқындап, шығарма әсерін күшейтіп тұрады.
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ. Аханов, Ә. Болғанбаев, Ж. Мусин, Ғ. Мұсабаев, І . Кеңесбаев, Ғ. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан[1, 7 бет] .
Зерттеуші-ғалымдар Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбектерінде антонимдер жайлы : «Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады»[2, 117 бет] .
Ал зерттеуші-ғалым Ж. Мусин антонимдерге әр түрлі бағыттағы анықтама берген:
1. Әдетте мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер- антоним деп аталады.
2. Антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады деген пікір жиі қолданады.
3. Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні, олар бір сөйлем ішінде қатар қолданғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық қарама-қарсылығы айрықша баса көрсетіліп, ерекше көзге түседі»[6, 27 бет] .
Антонимдер әр түрлі жұрнақ, жалғаулар қабылдап, солар арқылы жаңа сөз өрбітіп, өріс аумағын кеңейтіп, мағыналық қырларын молайта отырып та тіл шұрайлығына қызмет етеді[1, 10 бет] .
Антонимдердің стильдік қызметі туралы ғалым К. Аханов: «Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-біріне қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде "антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді»[3, 328 бет] .
Тілдегі антонимдер қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Антонимдерді қолданудың негізінен төрт жолы бар:
1. антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады;
2. антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шендестіріледі;
3. антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады;
4. фразеологизмдер нақты мәтіндерде бір-біріне қарама-қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсе алады; [2, 120 бет] .
Антонимдерге ең бай сөз табы- сын есімдер. Ал, етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды-көпті кездессе, қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады.
Соңғы кезде зерттеушілер қазақ тіліндегі антонимдерді градуалды, привативті жэне эквиполентті антонимдік оппозицияларға ажыратып жүр.
Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір қасиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді.
Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес. Бұл қатарға әр түрлі (бар-жоқ) және түбірлес (жанды-жансыз, таныс-бейтаныс) лексемалар енеді.
Эквиполентті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында тіл тәжірибесі арқылы орныққан ассоциативті қарама-қарсылық бар. Олардың өздерін іс-әрекетке байланысты туындаған қарама-қарсылықты лексемалар, лексикалық конверсивтер, үйлесімді ұғымдарды білдіруші сөздер жэне жыныстық, туыстық нышандары, тәулік уақыты, әлеуметтік қатынастары т. б. мағыналық жағынан ажыратылмайтын жұптарға топтастыруға болады.
Қазақ тілі антонимдерінің өзегін градуалды оппозициялар құрайды, ал привативті оппозициялардың жиілігі төмен де, эквиполентті оппозициялар өнімсіз қатарға енеді[4, 49-51 бет] .
Антонимдердің өзіндік ерекшеліктері бар:
1. Антоним сөздер арасында ұғымдық жақындық болады . Антонимдік жұп құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама - қарсы бағасының атауы болып табылады.
2. Антонимдер кез келген сөздермен тіркесе бермейді . Мысалы: суық - жылы деген антонимдер тек орынға, температураға байланысты зат есімдермен ғана тіркесе алады.
3 . Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отыруы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай - ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше антоним сөз бір ғана ұғымды білдіруі де мүмкін.
4. Антонимдер - семантикалық құбылыс , яғни мағыналық қарама - қарсылыққа негізделеді. Сонымен қатар антонимдер - лексиканың полисемия, синонимия, омонимия сияқты топтарымен араласып, астасып жатқан аса мол сала.
5 . Антонимдер лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді сөздер тобына жатады . Себебі оларға әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жаңа сөздер туып, өрбіп жатады. Мұның өзі антонимдердің өріс аумағының кең екендігін көрсетеді.
6 . Бір - біріне қарсы мағыналас жұрнақтары (- лы, - лі, - ды, - ді, - ты, - ті, - сыз, - сіз) арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама - қарсылығы антонимдік қарама - қарсылықтан басқаша, яғни антонимдік мағына туғыза алмайды. Өйткені - лы, -лі екендігін көрсетсе, -сыз, -сіз жұрнағы белгілі бір затта не кұбылыста сол сапаның жоқ екендігін білдіреді. Бұлар затқа, құбылысқа, жаңа мағына бермейді. - сыз, -сіз болымсыздық категориясын туғызатын қосымша болып танылады [4; 48 - 49 бет] .
Шығарма тіліндегі антоним сөздердің қолданысы
Шығармадағы сын есімге тән антонимдер:
- Содан кейін ғарышкерлердіңалыс−жақынтуыстары бір бір бейнетаспадан алып өз елдеріне қайтты. («Жасампаздық қиырында », 15 бет)
Алыс −қашық, ұзақ. [10; 44бет]
Жақын −арасы алыс емес, таяу . [10; 253 бет]
- Онан кейін кеңістікте бейберекет ұшып жүрген аса майда шаң−тозаңдар кейде кезігетінірілі−ұсақтытастар да қауіп төндірген. («Жасампаздық қиырында », 19 бет)
Ірі −майда емес, көлемі үлкен. . [10; 952 бет]
Ұсақ -уақ, кішкен, ірі емес. [10; 861 бет]
- Ол орындықтар әріжоғарықарай да, төменқарай да жылжи алады. («Жасампаздық қиырында », 21 бет)
Жоғары −үсті, бас жағы. [10; 304 бет]
Төмен -жоғарыға, биікке қарама−қарсы жақ. [10; 816 бет ]
- Бұрын кемелер жанармай толықтыру менішкі−сыртқыжүйелерін тексерту үшін Айға да, Нептун мен Плутонға да қонатын. («Жасампаздық қиырында », 15 бет)
Ішкі −іш жақтағы, ішіндегі. [10; 954 бет]
Сыртқы − сырт жақтағы, өзінен тыс, бөтен, бөгде. [10; 766 бет]
- Ол зертханаға кеменің қабырғасымен жанасқан кеңестіктегіүлкенді−кішілізаттар арнайы түп жол арқылы жетеді. («Жасампаздық қиырында », 22 бет)
Үлкен −көлемі жағынан аумақты, зор, дәу, ірі; [10; 870 бет]
Кіші - үлкен емес, шағын. [10; 442 бет]
- Сөйтіп кеңестіктегі заттың көрінісі кемеденалыс−жақындығынақарай өзгере бермек. («Жасампаздық қиырында », 22 бет)
Алыс -қашық, ұзақ. [10; 44 бет]
Жақын − арасы алыс емес, таяу. [10; 253 бет]
- Жердің тартылыс өрісін жеңу дегеннің қызығы сол, кез келгенауырзатты бір қолмен де, тіпті саусақпен деоңайкөтеріп алып, ғажап бір балуанның күшін көрсеткендей мәз болатын. («Жасампаздық қиырында », 39 бет)
Ауыр −бейнеті көп, қиыншылығы мол. [10; 74 бет]
Оңай −қиындығы, ауырлығы жоқ, жеңіл. [10; 634 бет]
- Оның санасы ғарышкерлердің санасынанартықболмаса, кемемес. («Жасампаздық қиырында », 62 бет)
Артық - шамадан тыс көп, мол. [10; 58 бет]
Кем −аз, толмаған, жетімсіз, кеміс. [10; 381 бет]
- «Жаманайтпай−жақсыжоқ» дегендей, кемеден бір кілтипан кілт етсе, оның қайтадан ғаламшарға қарай құлдилай жөнелмесіне кім кепіл? («Жасампаздық қиырында », 91 бет)
Жаман −сапасы төмен, нашар. [10; 261 бет]
Жақсы −жаман емес, оңды, тәуір. [10; 252 бет]
Шығармадағы етістікке тән антонимдер:
- Әлемге әйгілі Байқоңырымыздан, осы алаңдардан жұлдызды әлемге аттаныпкетіпжатқан, аман−есен қайтіпкеліпжатқан ғарышкерлерді бәріміз де жақсы білеміз. («Жасампаздық қиырында », 11 бет)
Кету −бір жаққа кетіп қалу, ұзап кету. [10; 392 бет]
Келу −бері қарай бет алып жүру, жылжу. [10; 379 бет]
- Бірақ ғалым−ғарышкерлер алғашында оған аса мән бере қоймаған−ды ендіқаласада, қаламасада оның айтқандары дәлелдене бастаған. («Жасампаздық қиырында », 48 бет)
Қалау −бір нәрсені мақұл көру, дұрыс санау, ұнату. [10; 460 бет]
Қаламау −бір нәрсені ұнатпау, дұрыс санамау, келіспеу. [10; 460 бет]
- Оның жұлдыздарға деген махаббаты есейген сайынкүшеймесе, әлсірегенемес. («Жасампаздық қиырында », 63 бет)
Күшею - күші арту, нығаю, үдеу. [10; 435]
Әлсіреу −күші кеміп қалжырау, шаршау, бәсеңсу. [10; 88 бет]
- Енді екі жақтан да кемегекірумен оданшығумәселесі қозғалды.
(«Жасампаздық қиырында », 102 бет)
Кіру - ену, келу, бару. [10; 438 бет]
Шығу -шығып кету, кетіп қалу. [10; 932 бет]
Шығармадағы зат есімге тән антонимдер:
- Көп баланың ішінде ол өзінше ерек көрінетіната−анасына. («Жасампаздық қиырында », 5 бет)
Ата −әкенің әкесі, үлкен әке. [10; 65 бет]
Ана -баласы болған әйел, туған шеше. [10; 45 бет]
- Кемедегікүнментүнді алмастыратын болса да тек қана жасанды шамдар. («Жасампаздық қиырында », 38 бет)
Күн −әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. [10; 429 бет]
Түн −тәуліктің кешкі уақыты. [10; 833 бет]
- Ал шыны қорап ішіндегі адам болса дасұрақ−жауаптансескенетін емес. («Жасампаздық қиырында », 45 бет)
Сұрақ −жауап алу үшін қойылатын сұрақ, сауал. [10; 747 бет]
Жауап −сұрауға жазба не ауызша түрде қайтарылатын түсінік, сөз жүзіндегі пікір. [10; 281 бет]
- Егер олар болса, аяқ табандарымен−ақ ғаламшар бетіндегінің бәрін де езіп тастамақ. («Жасампаздық қиырында », 74 бет)
Қала −әкімшілік, мәдени және өнеркәсіптік орындары бар ірі елді мекен, шаһар. [10; 461 бет]
Дала −кең−байтақ жазық өңір, құла түз; сусыз шөл дала; [10; 185 бет]
- Досболуды білгенмен, дұшпандегенді сезіне бермейді. («Жасампаздық қиырында », 61 бет)
Дос −сырлас, жақын адам. [10; 205 бет]
Дұшпан −дос емес, қас, жау. [10; 208 бет]
Шығармадағы үстеуге тән антонимдер:
- Ғарышкерлер осы қону сәтінің өзінде де кемені қалай қарай бұрамын десе де, оңға-солғажылжытамын десе де өздері біледі. («Жасампаздық қиырында », 51 бет)
Оң − солға қарама-қарсы жақ. [10; 633 бет]
Сол − оңға қарама-қарсы жақ. [10; 735 бет]
- Оның қозғалысы тап арқылы басқарып отырғандай болды. («Жасампаздық қиырында », 23 бет)
Іші −бір нәрсенің ішкі жағы, ортасы, арасы. [10; 953 бет]
Сырт −бір нәрсенің ішіне қарама−қарсы жақ, тыс. [10; 766 бет]
- Өзінің титімдей ғана дене−тұрқына сай, қорап ішіндеәрі−берітынымсыз жүр. («Жасампаздық қиырында », 41 бет)
Әрі −әрмен қарай, әрі таман. [10; 91 бет]
Бері −бермен, жақын, жуық, таяу. [10; 127 бет]
Шығармадағы есімдікке тән антонимдер:
- Бір заманда Жердіңанааймағы менмынааймағына кібіртіктеп, абайлап, жасқанып жүретін адам баласы енді міне алапат жұлдызаралық кемеге мініп алып, жылдамдық игеріп, жұлдызаралық сапарда келеді. («Жасампаздық қиырында », 50 бет)
Ана −әне бір, сонау. [10; 46 бет]
Мына −сілтеу есімдігі, осы, мынау; [10; 607 бет]
- Анау−мынауқара жұмыстар мен тамақ жасау, дастархан жаю жұмыстары болса да кемеге алынған биороботтардың үлесінде. («Жасампаздық қиырында », 15 бет)
Анау −ана бір, нақ өзі. [10; 46 бет]
Мынау −мына, осы. [10; 607 бет]
Қорыта келгенде, Жүніс Сахиевтің («Жасампаздық қиырында », шығармасы тілін талдау барысында 24 антоним табылып, талдауға түсті. Әр антоним сөздер сөз таптарына байланысты жеке топтарға топтастырылды.
1. 2. Шығарма тіліндегі синоним сөздердің қолданысы
Тұлғасы басқаша болғанмен, мағынасы бір - біріне жуық, бірінің орнына бірі қолданыла беретін лексикалық бірлікті синонимдер деп атаймыз. Синоним сөзін грек тілінен (synonimon) аударғанда ‟қатар атау” деген мағынаны білдіреді. Тілдегі синонимдер - сөз қорының асыл қазынасы. Өйткені тілдің бай да оралымдылығы, оның сөздік құрамының қандай дәрежеде дамып жетілгені көп ретте синонимдер арқылы көрініс табады. Қай тілдің болса да көне заманнан бергі даму тарихы, лексикалық, грамматикалық жағынан жетіле түсуі оның сөздік құрамындағы синонимдік қатардың молайып, толығып отыруымен де ерекшеленеді.
Синонимдердің нәзік стильдік реңкі, экспрессивті - эмоционалды бояуы оны орнымен қолданғанда, басқа сөзбен тіркесе айтылуынан байқалады. Көп ғасырлық бай, әдеби дәстүрі бар халықтың лексикалық, морфологиялық жағынан дамып жетілген тілінің көрінісі ондағы қалыптасқан синонимдік бірліктердің әр алуандығымен, оның лексика - семантикалық жүйесінің күрделілігімен айқындалады. Соған орай синоним сөздер сөз байлығының құнарлы бір саласы болуымен қатар, әр халықтың ұлттық таным - түсінігін, болмысын да танытады. Әдетте сөз логикалық дәлдігімен, ойлаған ойдың реңктерін өз бояуымен нақты көрсете алса ғана мәнерлілік сипатқа ие болады. Мазмұн мен мақсатқа сайма - сай лайықтап алынған сөздер ғана мәнерлі деп танылады. Сөз де қиюластырып қалаған кірпіш сияқты шеберлікті керек етеді. Шешен де шебер сөйлеудің бір ұшы - тілдегі синонимдерді қисынын келтіріп, реңкін айқын ажыратып, тап басып, орнымен үйлестіріп жұмсай білуде.
Тілдің табиғатын айқын сезініп, синонимдерді таңдап, талғап пайдаланып, сөйлем ішінде дұрыс қолданудың күнделікті қарым - қатынаста айрықша маңызы бар. Лексиконы синонимге бай адам сөз мағыналарының нәзік реңктерін дөп басып, қолдану шеберлігінің арқасында шешен сөйлеп, ойын анық та тартымды жеткізе біледі. Демек, синонимдер - тіл байлығы дегенде біз сөздердің жеке тұрғандағы жай тізбегі деп түсінбейміз, олардың кең қолданысқа түсіп, көңілдегі көрікті ойды мүлтіксіз шебер жеткізудегі мәнді қызметін айтамыз.
Қазақ тіліндегі синонимдерді жүйелі түрде зерттеу, оның сөздігін құрастыру өткен ғасырдың елуінші жылдарының ортасынан басталады. Содан кейінгі жарты ғасырлық кезеңде синонимдерге қатысты тақырыпта бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты қазақ тілі лексикологиясы мен лексикографиясын зерттеуге арналған филология ғылымының докторы Әсет Болғанбаевтың ‟Қазақ тіліндегі синонимдер” атты монографиясы (1970 ж. ) қазақ тіл біліміндегі іргелі ғылыми еңбек ретінде бағаланды [6, 617-618 бет] .
Қазақ тіл білімінде арнайы сын есім синонимдерді зерттеген ғалым Фаузия Оразбаеваның ‟Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер” еңбегін айрықша атауға болады. Бұл еңбекте ғалым сын есім синонимдерді мынадай түрлерге бөліп, қарастырады:
1. Мағыналық (семантикалық) сын есім синонимдер.
2. Экспрессивтік - стилистикалық сын есім синонимдер.
3. Мағыналық - стилистикалық сын есім синонимдер [7, 78 бет] .
Жалпы сын есім синонимдерді білдіретін мағыналарына байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Адамға қатысты айтылатын сын есім синонимдер:
а) Адамның мінез - құлқына байланысты синонимдер: мейірімді - қайырымды - рақымды, ұшқалақ - күйгелек - жеңілтек, ашушаң - ашуланшақ, сотқар - бұзақы - тентек, т. б.
ә) Адамның жеке басындағы қасиеттеріне байланысты синонимдер: шешен - сөзшең - ділмәр, сөзуар - мылжың, дарынды - талантты - талапты, табанды - тұрақты - орнықты, т. б.
б) Адамның қоғамдық ортадағы орнына байланысты синонимдер: беделді - абыройлы, атақты - даңқты - әйгілі - белгілі, епті - икемді, әлді - ауқатты - бай - дәулетті, көнтерлі - көнбіс, т. б.
в) Адамның табиғатпен және қоғамдық - әлеуметтік өмірмен қарым - қатынасына байланысты синонимдер: азат - ерікті - еркін - тәуелсіз, діншіл - құдайшыл, тілектес - тілеулес, адал - ақ - пәк, жетім - панасыз, т. б.
г) Адамның денсаулығы мен мүшелік кемшіліктеріне байланысты синонимдер: науқас - аурушаң, кемтар - жарымжан - мүгедек - ғаріп, ақсақ - шойнақ - сылтыма, соқыр - әз - көрсоқыр, т. б.
2. Адам мен жан - жануарларға қатысты айтылатын сын есім синонимдер: арық - көтерем - көкбақа, мешкей - жалмауыз, тойымсыз - ашқарақ - қомағай, бұралқы - қаңғыбас, жабайы - тағы, т. б.
3. Барлық жанды - жансыз заттарға қатысты айтылатын сын есім синонимдер: бағалы - құнды - қымбат, қажет - керек - зәру - ділгір, терең - тұңғиық - шыңырау, ескі - көне - бағзы - баяғы - ежелгі - бұрынғы, дайын - әзір, аласа - тапал - кішкене - қысқа, т. б [7, 12 - 13 бет] .
Синонимдер - омонимдерге қарама - қарсы лексика - семантикалық тілдік құбылыстар. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылады.
Синонимдерге тән өзіндік белгілері болады:
Мағыналық синонимдер әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз қолданыла беретін синонимдер. Мысалы: абырой - бедел - қадір - құрмет - атақ - даңқ - мәртебе, т. б.
Стильдік синонимдер мағынасы жағынан ұқсас болса да, стильдік жағынан бір - бірінен өзгешеленетін синонимдер. Мысалы: жылау - еңіреу - өкіру - өкпелеу - бұртию - өксу, т. б.
Мағыналық - стильдік синонимдер әрі мағыналық, әрі стильдік белгілер арқылы ерекшеленетін синонимдер. Мысалы: мақтаншақ - бөспе - лепірме - суайт, т. б. [8, 40 бет] .
Синонимдер қандай мақсаттарда қолданылады, оның қандай тәсілдері бар дегенде мынадай мәселелер назарда болуы тиіс:
1. Қатар келген сөйлемдерде бір сөзді қайталамау үшін мәндес сөздер пайдаланылады.
2. Белгілі бір ұғымның жан - жақты белгілерін сипаттауда мәндес сөздер бір - біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайласып та келе береді.
3. Белгілі бір ұғымды толық сипаттау үшін қатарынан 2 немесе 3-4 мәндес сөз қатар жұмсалады.
4. Қазақ тілінде екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысының мағынасын күшейтіп, анықтап тұрады. Мұны әдетте плеоназм дейді. Бұлай плеонастикалық тәсілмен жұмсау сөйлемге ерекше ажар беріп, мәнерлі болып шығады. Мәндес сөздердің бір-бірімен қабаттасып, өзара тіркесіп айтылуынан жасалған сөз тізбегі плеоназм немесе плеонастикалық синтагма деп аталынады.
5. Тілдегі синонимдер қосарланып та қолданыла береді.
6. Синонимдер жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де бола алады.
7. Тілімізде кейде құлаққа жағымсыз естілетін сөздерді жұмсартып, тыңдаушыларға жеңілдетіп айту тәсілін эвфемизм дейміз. Осындай тәсілді пайдалану да синонимдерді қолданудың бір жолы болып табылады.
8. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп, яғни бір заттың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде немесе соған ерекше назар аударту мақсатында парафраза тәсілі қолданылады.
9. Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады [4, 35 - 37 бет] .
Шығарма тіліндегі синонимдердің қолданысы төмендегідей:
- Кемедеадам-пенденіңде, өзгежаниелерінің де тіршілік етуіне барлық жағдай жасалған. («Жасампаздық қиырында», 3 бет)
Адам, кісі, жан, пенде, қаумет -ойлап сөз сөйлей алатын, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білетін саналы қоғам мүшесі. [6, 33]
- Бұл құрамға ол өзынта−ықыласымененген. («Жасампаздық қиырында», 7 бет)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz