Қадыр Мырза Әли - балалар ақыны



Мазмұны

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2.4

II.Негізгі бөлім:
2.1.Ақын өлеңдері . шындықтың айнасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.17
2.2.Қазақ барда сен барсың, Қадыр аға! ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.20
2.3.Заманымыздың заңғар ақын .шайыры ... ... ... ... ... ... ... ..21.27
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Курстық жұмыстың зерттелу нысаны – Қадыр Мырзалиев өлеңдері. Курстық жұмыс кіріспе, ........................... Кіріспеде................................
Қадыр Мырзалиев ...................................... Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы........................асары, 1968-1973 жж. «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби – сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: «Көктем» (1959), «Дан...............................» (1966), » Бұлбұл бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Күміс қоңырау», (1970), «Домбыра» (екі кітап, 1971, 1974), «Кеш» (1973), «Жерұйық» (1976), «Қорамсақ», » Көкпар», «Қызыл кітап», «Алақан» (1981), «Саз сиқыры» (1982), «Күндер-ай» (1984), сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларыны.......................................
Ақын шығармашылығын қоржынның екі басына теңесек, соның бір жағына ересектерге, екінші жағына балаларға арналған жыр жиһаздары теңделгенін көреміз. «Балалар жазушысы болып қалыптасу қиын, арнайы туу керек», - деп В.Белинский айтқандай, Қ.Мырзалиев .........................
туған ақын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Мырзалиев..................................
2,дамалы жиақтар:Т.3.Алматы: «Б.....................
3. Мызалиев Қ. Баянбай Қ. Өлеңдер, ертектер… – А.......................
4.«Қазақстан»: ..................................... Бас редакциясы, 1998.
5.Қазақстан баспагерлері ..................................... "Білім" баспасы. 2005 ж.
6.Тарихи тұлғалар. Т............................................ «Алматыкітап баспасы», 2009

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-4

II.Негізгі бөлім:
2.1.Ақын өлеңдері - шындықтың айнасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..5-17
2.2.Қазақ барда сен барсың, Қадыр аға! ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-20
2.3.Заманымыздың заңғар ақын -шайыры ... ... ... ... ... ... ... ..21-27
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...29

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың зерттелу нысаны - Қадыр Мырзалиев өлеңдері. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлімі, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде ақынның өміріне, оның шығармашылығына қысқаша тоқтала кетемін.
Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы Балдырғаннан бастаған. Жұлдыз журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. Жазушы баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
Тұңғыш туындысы 1954 жылы Пионер журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби - сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: Көктем (1959), Данышпан (1961), Сабақ, Ой орманы (1965), Дала дидары (1966), Бұлбұл бағы (1967), Ақ отау (1968), Күміс қоңырау, (1970), Домбыра (екі кітап, 1971, 1974), Кеш (1973), Жерұйық (1976), Қорамсақ, Көкпар, Қызыл кітап, Алақан (1981), Саз сиқыры (1982), Күндер-ай (1984), сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының 5 томдығы, ал 2001 жылы Қазығұрт баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған.
Ақын шығармашылығын қоржынның екі басына теңесек, соның бір жағына ересектерге, екінші жағына балаларға арналған жыр жиһаздары теңделгенін көреміз. Балалар жазушысы болып қалыптасу қиын, арнайы туу керек, - деп В.Белинский айтқандай, Қ.Мырзалиев балалар ақыны болып
туған ақын.

Қ.Мырзалиев Маршак үлгісімен жалқаулықты, ластықты, епсіздікті сынайды. Бұл тұрғыда оның Мылжың атты өлеңі қызықты.
Ол жас балалардың өздерін сөйлетеді. Олардың іс-әрекеті, балаға тән қызықты мінезі Досым екеуіміз, Ішік, Асығыста, Бұл қалай? т.б. өлеңдерінде айқын көрінеді.
Қ.Мырзалиев ең алдымен балалар ақыны, ұрпақ ұстазы. Бұған ақынның Сабақ атты кітабы дәлел.
Сабақтың композициялық құрылымы кәдімгі сабақ өткізу жүйесіне негізделіп жасалған. Бірінші сабақ табиғат тану туралы. Мұнда жылдың төрт мезгіліне тән ерекшеліктерімен таныстырады. Үзілісте балалар жұмбақ айтып ойнайды. Поэзиямыздың метафораға толы түрі - жұмбақ, бұл салада да Қадыр анық ақындық өнер танытқан. Мысалы: Көл бетінде керуен жол (Құс жолы) немесе Жылға дер ем ақпайды, жылан дер ем шықпайды.
Екінші сабақ - хайуанаттар. Осында ақын Жапалақ, Түйеқұс, Борсық, Тоты аталатын өлеңдері арқылы: жыртқыштықты, арамтамақтықты, не ары, не бері емес- дүбәралықты, жеңілдікке әуестікті сынайды. Екінші үзілісте балаларға жаңылтпаш айтқызады: Шемішке шақсаң шақ, Шапшаң шақ. Шөбіңді шапсаң шап, Шапшаң шап.
Ал үшінші сабақ - тіл. Бұл сабақ Ана тілі деген өлеңмен басталады: Ана тілің -арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!
Бұл жас ұрпақтың ар-намысын оятатын ойлы сабақ. Бұл өлең үлкендерге де арналған.
Төртінші сабақ - еңбек. Бұған әр алуан мамандық иелері туралы - Жылқышы, Қайрақшы, Наубай т.б. өлеңдер топтастырылған. Сабақтың көздеген мақсаты - адамды адам еткен еңбек екенін айту.
Соңғысы - қосымша сабақ. Ғибрат деп аталады. Мақсаты - үлгере алмаушылар мысалданып, соларға ғибрат боларлық ақыл-кеңестер, ойлар

ұсынады.
Сабақтан қайтарда мазақтамалар басталады: еріншек, сотқар, маубас, жайбасар, мақтаншақ, жаңғалақ, қомағай, салақ балаларды келемеждейді. Санап тұрып ертесін, Сұрайтын қант бөлкесін Сен бір жаман еркесің! Көкеңнің де желкесін Жауыр қылған еркесің!-дейді ақын Ерке аталатын мазақтамасында.
Сабақ - айтары мол, құрылысы өзгеше жинақ.
Ақынның тағы бір құнды еңбегі Ақикаттың алдында атты поэмасы. Бала психологиясына жетік ақын сюжеттік бұрылыс- құйылыстарды ойнақыландырып, оқушы ойын он саққа жүгіртіп, ұстараның жүзінде ұстап бағады.
Көлемі шағын, бала психологиясын меңгерген ертегі-поэмада ақын фольклорлық сюжетті өзінше байытқан. Сөйтіп, ауыз әдебиетінің асыл үлгісімен жүріп отырып-ақ бүлдіршіндерге ойлы, ойнақы, соны ертегі-поэма ұсынған.
Қ.Мырзалиевтың Балшық ұлы Балшықбай ертегі-поэмасы Л.Толстойдың Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері ертегісін еске түсіреді. Орыс әдебиетіндегі тәжірибені Қадыр өзінше өрбітіп, ұстартып пайдаланған. Буратино ақылды қуыршақ болса, Балшықбай есер, тентек, салақ. Л.Толстой Буратино арқылы орыс өмірінің кейбір көлеңкелі жақтарын сынаса, Қадыр Балшықбай арқылы салақ балалардың әрекеттерін әшкерелейді.
Ақынның Киімдер қалай киінеді атты поэмасы оқушы баланың ұқыпсыздығын, тентектігін әшкерелейтін сатиралық туынды. Мұнда Еркебек деген баланың киімді күтіп кимейтіні қатты сыналады.

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ақын өлеңдері - шындықтың айнасы
Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының құштарлықпен шиыршық ата соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен нұры, ал лирика - поэзияның поэзиясы секілді қағида адамзат баласының танымына сөз өнерін тани және таныта алатын қабілет дарығалы бері айтылып келеді. Қадыр Мырзалиев өзінің ақындық, азаматтық өмірінің мәні мен мағынасын осыдан, поэзияның поэзиясынан - лирикадан тапқан.
Ақындық өнер өнер біткеннің алды екендігінде сөз жоқ. Шын талант үшін ақындық өнер емес, өмір. Заманның қилы қияндарында өмірі өлеңіне, өлеңі өміріне айналған талант тағдыры ғана талайлы болмақ. Мұндай талант үшін өлеңсіз өмір жоқ. Қадыр Мырзалиев - өмірі өлеңді, өлеңі өмірлі талант.
Қазіргі оқырманның интеллектуалдық деңгейі биік, эстетикалық талғамы жоғары. Олар кез келген қаламгерден әдемі ырғаққа, шымыр да селкеусіз ұйқасқа құрылған өлең ғана іздемейді, әр шығарманың астарынан өзіне ой салар философияны, өзі бұрын көп біле бермейтін ғылыми пайымдаулардың поэтикалық үлгісін, сол арқылы сөз зергері тұжырымдаған соны байлам, тың шешім іздейді. Меніңше Қадырдың қадырын арттырып, өзгелерден өзгешелеп тұратын да осындай ой мен сезімнің тұтасқан бір бүтінге айналып, өлең өмірінің әр кезде де жаңаша сипатта көрінуі, шығарма шешімінің әрқашан да біз күтпеген тұстан келіп шығып, ойлануға итермелеуінде деп түсінемін.
Ол нені жырламасын, бізге беймәлім әлемнің әр түкпіріндегі аң мен құсты, жан-жануарлар мен жәндікті сөз етсе де, ақын ойы, оның өзі өлеңге объект етіп алған дүниесі бізге таныс нәрседей, көзімізбен көріп, қолымызбен ұстағандай анық та айқын болып келеді. Ол қай-қайдағы бегомот па, керік пе, мүйізтұмсық туралы айта ма оларға өзіміздің қазақы теңеулер мен салыстыруларды шебер пайдаланады. Керек болса, олардың әр қилы қасиеттерінің өзін қазақы ұғымдармен сараптайды.

Ақынның Мүйізтұмсық немесе миллионның тағдыры деген өлеңіне көз жіберіп көрелік:
Мүйізтұмсық!
Мүйізтұмсық!
Керемет!
Зообаққа бара қалсаң көре кет!
Кішісі бар,
Үлкені бар...
Үлкені
Кем дегенде бір машина береді ет.[1; 26 б.]
Ақын - мүйізтұмсықтың біздің елде кездеспейтінін тәптіштеп жатпай- ақ, оны зообақтан көруге болады деген емеурінмен ғана түсіндіріп өтеді де, оның үлкен екенін бір машина ет береді деген қазақы пайымдау арқылы түсіндіреді. Меніңше қазақтан басқа ұлт өкілінің дәл осындай салыстыру жасауы мүмкін емес шығар.
Осынау жазықсыз хайуанның жер бетінен жойылып бара жатуының себебін де кестелі өлеңмен сәтті баяндайды.
Етінде емес бірақ та бар мәселе!
Енді қайтып өркені оның өсе ме!
Мүйізінен дәрі- дәрмек жасасаң,
Деген сөз бар:
Жасарады қартайған,
Әжім түскен,
Ажарынан әр тайған.
Деген сөз бар:
Оралады тағы да
Кәрияға
Күш- қуаты ортайған.
Мүйізтұмсықтың қырылу себебі де өз құлқынына ие бола алмайтын

пенденің пендешілігінде екен. Бірақ пендешіліктің асқындап, жазықсыз аңға ажал болып тиюіне негізгі себеп өсек қана. Дұрыс емес десе де бұл ғалымдар кейбіреулер сенеді осы өсекке десе де сананы жаулап алған өзімшілдік пен соқыр сенімнің жетегіне ергендер, қара басының қамы үшін күллі дүниені қараң қалдыруға даяр. Адамгершілік, саналылық деген асқақ ұғымдар бәз біреулердің уақытша тоят алар ләззаты үшін аяққа тапталуда. Неліктен? Оған ақын былайша жауап береді.
О адамзат!
Қарамаймын дініңе,
Қайтер еді берік болсаң тіліңе!
Бір білместің айтқан сөзі
Жазықсыз
Жетіп жатыр миллионның түбіне![1; 54 б.]
Иә, адам ойының адал арнадан шығып бұзылуына, қолын қандап күнәға батуына себеп болған бір-ақ ауыз сөз екен. Адамдардың бойындағы тоқтамға, көнуге ырық бермейтін жыртқыштық қасиеттің құрбаны болған мүйізтұмсықтардың тағдыры ойлап отырсаң кейде сол адамдардың өз тағдыры секілді. Мәселен, Қызыл кітап поэмасында ізім-ғайым жоқ боп кеткен ел де бар, халық та бар- деп Қадырдың өзі айтпақшы, адам баласының өткен өмір тарихы да бүгінгі іс-әрекетін, таным-түсінігін түзеуге сабақ болар емес. Адамның ақыл-ойы жетіліп, қоршаған ортаның құпия сырларына қаныққан сайын, олардың өлі тбиғаттан ажырар, сол өз анасы іспетті табиғатқа қаскөйлік көзқараспен қарауы бүгіндері барша жұртшылық болып ойласатын маңызды мәселенің біріне айналып отыр.
Әрбір ұлт, әр халық табиғат әлемін өзінше жырлайды, оған деген көркемдік көзқарастары да әртүрлі. Көбіне әрбір ақынның немесе жазушының өзіне ғана тән ерекше табиғат образы бар. Қ. Мырзалиевтің де табиғат бейнесі басқа ақындардан өзгеше. Ол табиғатты формалық тұрғыдан ғана қызықтап қоймайды, сол төл табиғаттың әрбір туындысының

мазмұнына тереңдей үңіліп, өзіне ғана тән пайымдаулар жасап, өзгелерден оқшау сыр түюге шебер. Ол суық аязды: Қас батырдан қаһарлы, ояздан да озбырлау-деп суреттесе, көз ұшында көрінген ауыл бейнесін: Бұлдырайды әне ауыл, буға ұстаған әйнектей - деп, ал сол суықтағы аттың күйін Құлагердің танауы, қайнап кеткен шәйнектей деген ойға қонымды, ойнақы теңеулермен әдемі бейнелейді. Ал әрқашан ақын ойында келісім тауып, жағымды жағымен көріне бермейтін өндірістің суреті де сол біз айтқан сипатта көлбең етіп өте шығады. Жырақ зауыт түтіні, жын-перінің шашындай деген жолдарда табиғат тазалығы мен сұлулығына жын-перінің шашы секілді зияны мен улы түтінді қарама-қарсы қояды. Ақындық көзқарас пен көркемдік шешімнің тұтастығы, ой-сезім дүниесінің тереңдігі, бейнелеу жүйесінің көп желілігі, суреттеу құралдарының қашан да сонылығы Қадыр поэзиясының қадір-қасиетін танытады. Мынау Қадыр ғой, дейсің оның қолтаңбасын ә дегеннен-ақ аңғарып, жаза баспай танып.
Иә, бүгінгі қазақ поэзиясын жалпылай қарастырсақ Қ. Мырзалиевтің жыр жинақтарын парақтай отырып оның қалам тартқан тақырыптарының әр алуан екенін көруге болады. Дей тұрғанменде, ақынның шығармашылық бітімін тұтастай хронологиялық жүйемен салыстыра қараған адам оның тақырыптарының әрқашанда өзгеріп, қарапайымнан күрделенуге бет бұрғанын аңдамай қоймайды. Оның алғашқы өлеңдері балаларға арналғанымен, сол өлең-жырларының өзі көптеген өмірлік мәселелердің қиын түйініне өзіндік баға берумен ерекшеленетінін білетінбіз. Одан кейінгі кезеңде ақын жырына өзек болған үлкен тақырыптың бірі - туған жер, өскен елге байланысты ой-толғамдар.
Алпысыншы жылдардың аяғы мен жетпісінші жылдардағы ақын поэзиясының алдыға шыққан тақырыбы - Ана тақырыбы. Қадыр да ана тақырыбына арнап көптеген өлеңдер жазып, өзінің бұл тақырыпта да ешкімнен кем емес екенін танытқан қаламгер.

Әрине, бұл тақырыптардың бәрі де сол кездегі барлық ақынға тән, ортақ құбылыстар болатын. Соның өзінде Қадыр басқалар мың рет айтқан нәрседен өзгеше ой түйіп, әр тақырыпқа өзіне ғана тән ерекшелік дарыта білді.
Ал Қ. Мырзалиевтің бұрын басқа ақындар көп бара бермейтін ойшылдыққа қол артуы оны сол тұстың өзінде-ақ оны өзгелерден даралап, алда әлі айтар тың пікір, соны ойларының бар екенің аңғартқан болатын.
Жетпісінші жылдардан бастап жазыла бастаған экология тақырыбы да Қадырдың бұл саладағы көп ізденісінің, талмай талаптануының жемісі. Қадырдың экология тақырыбына қалам тарта бастаған тұсын анықтап, сол кездегі өзі тұрғылас басқа ақындармен салыстыра тексергенде бұл тақырыпты тек Қ. Мырзалиевтің жеке меншіктеп, өзі ғана түбегейлі игеріп келгенінің куәсі боламыз.
Енді соңғы шыққан жинақтары мен баспасөзде жарияланған лирикасын саралай қарасақ, ақынның адам өмірінің кезеңдері мен отбасылық және қоғамдық қатынастар мәселесіне ден қойып, соның адамгершілік, психологиялық болмысына тереңдей үңіліп жүргенін байқаймыз. Бір жағынан бұл ақын өмірінің толысып, мол тәжірибе жинақтауына байланысты сезілетін қалыпты жағдай сияқты көрінгенмен, шындығында, ақынның тынымсыз ізденісі өмір, тіршілік сырларын жеке адамның болмыс-бітімінен, оның терең де нәзік сезім қатпарларынан іздеуі, сол арқылы жалпы қоғамдық заңдылықтар туралы өзіндік пікір қалыптастырғанына айғақ бола алады. Ол жеке адамның сана-сезімі өссе, табиғатқа жанашыр топ көбейіп, тұтас бір қоғамдық пікірге ұласса деген түпкі арманын да жасырмайды. Тірі табиғаттың азып-тозуы адамзаттың өзіне қарсы жасалған қаскөйлік екенін, сол дағдарысқа кінәлі тек өзіміз - адамдар екенін де әрдайым қайталап айтудан жалыққан емес. Содан да болар оның лирикалық кейіпкерлері көбіне үлкен істерде көрінетін күрескерлер болып келеді.
Қадырдың экология тақырыбына арнап жазылған лирикалық өлеңдерінің көбісінің басты кейіпкері - ақынның өзі. Оны лирикадағы негізгі

идеядан, оған баға беруші, кесімін айтып, үкімін шығарушы ақындық мен арқылы іске асуынан да байқаймыз. Жоғарыдан азды-көпті талдап кеткен:Қамысты көр, Шарт, Табиғат тауқыметі, Қымбат, Мүйізтұмсық немесе миллионның тағдыры тағы басқа лирикаларында ақын өзінің ойын тікелей тыңдаушыға жеткізуге тырысады. Яғни, бұл өлеңдерден лирикалық қаһарман ретінде көрінетін ақынның бейнесін айқын аңғаруға болады. Қазақ өлеңіндегі басты әдеби бейненің бірі - ақын образы дегенге сүйене отырып, оның ақын лирикасындағы орнына тоқталар болсақ, Қадыр әсіресе соңғы жазған көптеген өлеңдерін тек бірінші жақтан, ақын атынан ғана баяндап қоймай, сол өзі өлеңде қозғаған мәселеге өзі жауап беріп отыратындығы да жиі кездеседі.
Қазына деген өлеңінде:
Көзіңізбен көрдіңіз
Таумыз, түзбіз, тақырмыз.
Қазып-қазып жерді біз,
Жегідей жеп жатырмыз, [2;43 б.] - деп ащы шындықты алдымызға жайып салады.
Адам баласы табиғатты тек тамағын тойдыру үшін ғана бүлдіріп жатқан жоқ, үлкен аумақтарды ядролық бомбаларды сынау үшін пайдаланып жатқанын, жер шарындағы тіршілік үшін Семей, Невада, Лобнур полигондары қаншалықты қауіпті екенін айтып түсіндірудің өзі артық. Адамдар арасындағы кейбір парықсыздардың табиғат анаға жасап отырған осынау қиянатының шынайы суретін өз поэзиясында былайша суреттейді:
Біледі жердің парқын кім!
Білмегендіктен тозды адам.
Ақымақтығынан әркімнің
Аздың-ау аздың
Боз далам!
Иә, аянышты көрініс, көкірегің қарс айырыла күрсініп еске алатын

қасіретті сурет. Басқаны басқа дейік, күллі тіршілік атаулының тірегі - қара жердің өзін жегідей жеп аздыруға айналыппыз. Ақынның өлең идеясы арқылы жеткізгісі келген ойы да сол адамдар көңіліндегі аяныш сезімін ояту, көпшіліктің шындыққа көзін жеткізу екендігі өлең мазмұнынан айқын аңғарылып тұр. Қадыр Мырзалиевтің Бұлбұл бағында мынадай бір сырлы шумақ бар:
Жүйрік арман қуып жете қалсаң- ақ,
Жалт береді,
Соның өзі бір сабақ!
Осалдар жүр өзін жұрттан артық деп,
Ал мықтылар өзін жұрттан кем санап!
Тап- таза шындық! [2; 58 б.]
Алдымен, азамат ойдың адамында ешқашан арман таусылмақ емес. Ардан туған адам әрқашан арман қуады және арман қуудан жалықпайды, туғаннан өлгенге дейін қуады және сол арманның шегіне жетпейді, жетсе де жеткенін сезбейді. Арманым жоқ дейтіндер қателеседі, яки өтірік айтады. Адамның арманы болмаса, ертеңі болмағаны; арман бітсе, ертеңі бітеді, мақсаты түгесілгені; арманның таусылған жері- адамның өлген жері. Саналы кісіге мұның өзі сабақ екені рас. Содан соң, осалдардың өзіне- өзі қарық боп, өз деміне өзі буланып, жіпсіп, күпсіп жүретіні, ал мықтылардың өзіне- өзі көңілі толмай, өз ісіне өзі разы болмай, өзін- өзі іштей сынап, мінеп жүретіні және рас.
Айтатыны жоқ, осалдық деген де бір ботатірсек бозбалашылық- өз көлеңкесіне өзі жігітсіген қысыр қызтекелік қой! Осалдар өпірем, өрекпігіш, бойлауық, күпілдек келеді! Осалдығын сонымен жасырмақ болады. Онымен де қоймай, осалдық омыраулап, мықтылықты біраз көзден тасалап, ықтыра алмаса да бұқтыра тұруы мүмкін. Бірақ мықтылық деген- мықтылық, түбінде бір осалдық атаулының бәрін көне тамдай қопыра құлатып, сілкініп шыға келетіні сөзсіз. Осындай мықтылық иесінің бірі- Қадырдың өзі. Дәлірек

айтқанда, Қадырдың қадірі - мықтылығында.
Мықтылығының бір дәлелі: Қадыр өлең өлкесіне күйбеңсіз, кібіртіксіз, тіпті ешқашан ешбір жаттығу жасамағандай бірден кәнігі шебер қалпында келді. Күні кеше шәкіртке сөз сиқырын үйреткен шабытты шақтарда Ұлы ұстаздың өзі шынтақ сүйеген биік мінбеге киіктің асығындай ғана шып-шымыр қара бала жүгіріп шыққан емес, тура шиырылып түскендей... дік етіп алшысынан тұра қалды да, ағытыла жөнелді:
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап- жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде- жақсылар бар қимайтын.[2; 69 б.]
Жым- жырт тұна, тына тыңдаған дүйім жұрт кенет ду- ду етіп, зал іші самал шайқаған көлдей теңселді де кетті.
Хаос гармонияға көшті. Жұрттың бәрі бір деммен тыныстады. әлгі шумақты тыңдаған әр адамға қас пен көздің арасында бұрын ешкім айтпаған бір сыр айтылып, ешкім ашпаған бір шындық ашылды да қалды.
Өлең әркімді өзінің өзгеше философиялық тереңіне тартып, оқыс ойға шомдырды да қойды.
- Жаным ау, жанартау ғой мынау - деп таңдай қақты көп ішінен бір білгіш.
- Жанғалы, жалындағалы тұрған жанартау ғой!
Дәл сол тұста Қадыр да дәл осыған үндес тағы бір тылсым сыр ашып, тағы бір қызық түйіп түйін тұрған:
Жанартаудың сөнгендері - даңқты,
Атылмаған жанартаулар - қауіпті.
Тағы да сыр, тағы да шындық. Әркім- ақ айтуға болатын, бірақ айтылмаған сыр; әркім- ақ ашуға болатын, бірақ ашылмаған шындық.
Бүгінге дейін Қадыр ақын қалың оқырманын таңдандырудан, тамсандырудан бір жаза басып көрген жоқ. Неге?

Асылы, адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді: бірі- өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту; екіншісі- өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалған жерде ғана шын мәніндегі әдеби туынды бар. Шын мәніндегі әдеби туынды дегеніміздің, Леонид Леонов айтқандай, мазмұн жағынан жаңалық ашу, пішін жағынан өнер табу болатын себебі де сондықтан. Енді турасына көшсек, мүбәда қазақ поэзиясына осы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы отыз жылда тек қана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса- бірі, біреу болса- өзі- Қадыр Мырзалиев. Бір кезде өзінің түлеп ұшқан ұясы Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясы ғана білетін кәдімгі бала Қадырдың бүгінде бүкіл елі- туған халқы тұтас таныған қадірлі дана Қадырға айналу себебін де дәл осы арадан іздеген жөн.
Демек, қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар; Қадыр лирасының сыңғыры бөлек, сыры терең. Қадыр Мырзалиев соңғы ширек ғасыр меғдарында қатарынан қаздай тізілтіп ондаған кітап берді: Ақ отау, Бұлбұл бағы, Ой орманы, Дала дидары, Домбыра, Жерұйық, Алақан, Қорамсақ, Көкпар, Қызыл кітап, Мәңгі майдан, Қылыш пен қанжар, Заман- ай, Алмас жерде қалмас т.б.
Қадыр өлеңдерінің тақырыбы мен мазмұны- адам, адамға тән алуан түрлі сезімдер, ойлар, толғаныстар, адамның өмірге көзқарасы, адамның табиғатқа қарым- қатысы, сайып келгенде, адамның тағдыры мен тіршілігі. Бұлардың қай- қайсысы да тақырып- мазмұн ретінде жаналық, емес, сан рет толғанған сырлар, жырланған шындықтар, әбден шиыр болған тақырыптар мен мазмұндар. Бірақ осы тақырыптар мен мазмұндардың қандайы болмасын, Қыдырдың жырлауында жаңа қырынан, бұрын- соңды ешкім айтпаған соны мағынада, тың пішінде көрінеді. Мәселен, бір өлеңінде

биікке шықпағандардың биіктен құламайтыны оқыс айшықпен ойнақы кестеленіп, бір өлеңде қателесем деп қорқудың өзі- қателік екені ұтымды жеткізілсе, енді бір өлең даңқ, туралы: даңқ деген де бір шың секілді, шың басына шыға алмай, етекте қалғандардың іші күйсе, басына шыққандардың басы айналатынын майда, жұмсақ юмормен аңғартады.
Осылардың бәрі әшейін ауызекі айтыла салмайды, әсем өрнекпен, ақындық шабытпен шебер айтылуының үстіне, әр оқушының өзі ойлап, іздеп тауып алғандай, құпия сырмен, қызық астармен айтылады.Өлеңнің ойлылығы дегеннің өзі осы емес пе?
Әрбір шын мәніндегі суреткер секілді Қадырдың да кешегі жыры- Адам туралы болатын, бүгінгі жыры да- Адам туралы, ертеңгі жыры да- Адам туралы болмақ.
Ал, Адам, оның тағдыры мен тіршілігі әдеби шығармада әрқашан белгілі бір уақыт пен кеңістікте көрсетілуі шарт. Демек, Қадырдың Адамы да мезгіл- мекенсіз әлдебір абстракциялық нәрсе емес. Сондықтан Мырзалиев поэзиясына үзілмейтін өзекті желі боп тартылып, жан- жақты ашыла суреттеліп, жинақтала тұлғаланып келе жатқан бір күрделі образ бар. Ол- қазақ даласының образы. Осынау шетсіз- шетсіз кең далаға, өзінің туған даласына Қадыр Ой орманында бір бөлім арнап, айрықша бір мол шабытпен көкірегін кере, мақтана сөйлеп: Уа, дала! Кеңдігіне тамсандым көп, айта алман бәрін жазып тауыса алдым деп.Сен- алып пластинка дөңгеленген, инең боп тұрады ылғи ән салғым кеп!- десе, соның іс жүзіндегі дерегі секілді келесі кітабын түп- түгел далаға арнап, тұп- тура - Дала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадыр Мырза Әлінің балалар поэзиясына арналған шығармаларын жинақтарынан топтастыру
Қадыр Мырза Әлі
Қазақ жырының Қадыры
Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары
Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
Қадыр Мырза Әли поэмалары
Қадыр Мырза Әлі – балалар әдебиетінің классигі
Қадыр Мырза Әлі өмірі
Балалар әдебиеті және балалар жазушыларының өмірі менi шығармашылығы
Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Пәндер