Ж. Аймауытов - Ақбілек романы


Мазмұны
I. Кіріспе . . . 2-4
II. Негізгі бөлім:
2. 1. Шынайы реалистік прозаның тууы . . . 5-17
2. 2 Ақбілек -Марқакөл аруы . . . 18-20
2. 3. Қайғы. Сағыныш. Махаббат . . . …21-27
III. Қорытынды . . . 28
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
КІРІСПЕ
Аймауытов, Жүсіпбек (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911-1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919) . Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920) . Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922-1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924-1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926-1929) қызметтерін атқарады.
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.
Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп,
1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.
Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.
Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж. ), «Психология» (1926 ж. ), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж. ), т. б. ірі ғылыми еңбектері бар.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
Жүсіпбек Аймауытов (1889ж., Павлодар обл., Баянаулы ауд., Қызылтау мекені, - 1913) - аса көрнекті қазақ жазушы. 1907!1913ж. Баянауыл, Кереку (Павлодар) мектептерінде, 1914-1919ж. Семей мұғалімдер семинариясын оқыған. 1920-1921ж. ҚазССР халық ағарту комиссариатында бөлім бастығы, коллегия мүшесі. 1921-22ж. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, Семейдегі «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істеген. 1922-1923ж. Қарқаралыда мектеп мұғалімі, 1923-1926ж. «Ақ жол» газетінің редакциясында (Ташкент) бөлім бастығы. Ташкент институтында мұғалім, 1926-1929ж. Шымкент пед. техникумында директор. 1929ж. «Қазақстандағы ұлтшылық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен тұтқындалып, 1931ж.
атылған.
Аймауытовтың әдебиетпен әуестенуі 1910ж. басталады. Оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, «Абай» журналында жарияланып тұрады. 20-жылдар ішінде респ. Газет-журналдар бетінде шығармалары көп басылған. «Қартқожа» романы (1926), «Ел қорғаны» (1925), «Мансапқорлар» (1925), «Қанапия мен Шәрбану» (1926), «Шернияз» (1926) пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы (1929) және бір топ аударма кітаптары жарық көрген. Аймауытовтың жаңа дәуірдегі қазақ прозасын, әсіресе, роман жанрын бастаушы есебіндегі орны үлкен.
«Қартқожа» - қазақ кеңес романының басы, онда 20 ғасырдың басындағы әлеум. революциялар кезінде тартыс жолыннан өтіп, қоғамдық шындықты түсінуге ұмтылған қазақ жасының өмірі суреттеледі. Аймауытовтың екінші романы «Ақбілек» кітап болып басылып үлгермеді. Үзінділері «Әйел теңдегі» журналында жарияланған «Ақбілек» тақырыбы жағынан «Қартқожамен» үндес. Алдыңғы романда жазушы жаңа қоғамдық жағдайда азаттық жолына шыққан қазақ жасын көрсетсе, соңғы романда осы әлеум. өзгерістер легінде қазақ әйелінің теңдік жолындағы ізденістерін суреттейді. [интернет беттерінен]
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Шынайы реалистік прозаның тууы
Қазақ әдебиетінің ірі зерттеушілері Жүсіпбек Аймауытовты ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы ретінде, ал "Ақбілек" романын бір қазақ қызының тағдыры негізінде әлеуметтік революциялар дәуіріндегі қазақ ауылының жаңаруын суреттейтін алғашқы қазақ романының бірі деп қарастырады. Ең алғаш "Әйел теңдігі" журналының 1927, 1928 жылдардағы бірнеше санында жарияланған туынды тек кейіннен, 1980-ші жылдар аяғында ғана бірінші рет кітап болып ұсынылған.
"Ақбілек" - Жүсіпбектің 1921-1923 жылдар аралығында Алтайға барған сапарында туған. Төменде жарияланып отырған Ақаш Жүнісұлы мен Әлтай Есқалиұлының естеліктері қазақ романистикасының бастауында тұрған туындының кейіпкерлері болуы мүмкін адамдар туралы деректерді ұсынады.
Әйгілі "Ақбілек" романы Жүсіпбек Аймауытовтың Алтай аймағына, дәлірек айтқаңда Күршім мен Марқакөл аудандарын жалғастырған Қалғұты бойына сапарға шыққанында жазылғанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.
Романның басында: "Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар . . . " - деген жолдар сол сапар әсерінен туған.
Ж. Аймауытовтың қазақ әдебиетіндегі салмақты орны оның "Қартқожа", "Ақбілек" романдары мен "Күнікейдің жазығы" повесінен айқын байқалады. А. Пушкин, Л. Толстой, Н. Гоголь, М. Горький прозаларын аударып, олардың классикалық үлгісін бойына сіңірген Жүсіпбекке қазақ тұрмыс-тіршілігінде дәл сондай игерілмей, кенжелеп жатқан мәселелерді жазуға үлгі нұсқа болады. Бұрынырақ жарық көрген М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал", С. Көбеевтің "Қалың мал", Т. Жомартбаевтың "Қыз көрелік" романдарының жазылу стилі, тақырыпты игерудегі стандартты күйі, кейіпкерлердің автор
қаузауымен қимыл-әрекет жасайтын жасанды-жамаулы жайлары, т. б. Жүсіпбекке жоғары мәдениетті, философиялық астары терең, қоғамдық-әлеуметтік санаға лайық дүниетанымы бар күрескерлер образын жасау қажеттілігі ниетін оятады. Сондай ниеттен туған романы - "Қартқожа". Жүсіпбек Қартқожасын туғанынан қағілез, жүрген жерін күйдіріп, опырып-жапырып, бірден биікке ұмтылған жүйрік, саңлақ жанды кейіпкер етпеген. Ол ешнәрсемен қақ-соғы жоқ, "момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрнын қоңқитып" жүргені. Жасы 10-11 шамасында. Мұрнын қос-қостан тартып, "екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайтын" кәдімгі тұрмыс тақсіреті ерте жүдеткен тақыр кедейдің баласы. Жазушының кедей баласы сыртынан қарағанда азып-тозып, кір-қожалақ, жасқаншақ, енжар болып көрінгенімен, жан сарайы сәулелі, ояу, жүрегі сергек келетін себептерін осылайша тәптіштеуінде көп сыр жатыр. Бар сенгені қолындағы бірер малы есептелінген қасқа кедейдің ертеңгі бұлыңғыр күнін қаламгер жүрегі сыздай отырып баяндайды. "Жұманның құты көк биесі екен. Ол өлген соң құты кетті, мал құлдырай бастады. Жануардың құлынын бір ауылға апарып, бір байдың құлыны өлген биесіне теліп еді, оны қасқыр жеп кетті. Көк тайдың алқымына шығу шығып, басқұрт па, маңқа ма, мандам ба, бұғыла ма? Әлде кім біледі, содан бері шыр жұқпай, инеліктей қатып ол кетті. Күздігүні шөпке мініп барған жерінен көк құнанды ұры алды. Қызыл шолақ сиырдың қарадан қарап жүріп желіні ісіп, бір жағы қалпетімен беріштеніп, сүтінен айырылып, сыңар емшек болып ол қалды. Күзекте отырғанда қарт інген шығып кетіп, оны қарай қоятын көлік болмай, жеті шоқпарлар бір жұмадай шөп тасуға салып, бота тастатыпты. Содан ыстық-суықты болып, аяғы қысағаға шалдықты". "Лақтырған тас байқұсқа тиеді" демекші, Жұманды қатігез тағдыр шыр айналдырады. Ал бұт артып жүрген жалғыз атын болыс, тілмаш, шабарман мініп, зорықтырып, пышаққа ілігіп, ендігі бар үміті көк биесінің бауыры "астаудай боп ісініп" сенделіп келгенде, Жұман байқұс есінен танады. Барлық күн көрісінен
айырылып, жер соғуға шаң қалғанда, бұл оттың басы ұлардай шуламасқа лажы жоқ еді. Кішкентай Қартқожа да әкесі мен әжесінің көзіндегі жасын көріп, үй айнала беріп еңірейді. Сол еңіреумен бірге "қамсыз-мұңсыз" саналған балалық шағы, молданың алдын көріп, білім алсам деген үміт шырағы да біржола сөніп, өзін "сорлы, қор" санап, құлдың қамытын кимеске лажы қалмайды. Қартқожаның жоқ-жітікке болыс, бай, тілмаш қана емес, құдайдың да ниеті алалығына әлеуметтік өмір шындығы көзін жеткізеді.
Босағаға біткен малды құдай мен адам жалмағаны аздай, жоқтың өзін бір-біріне жамап-жасқап ілдалдалап жүрген әкесі Жұманға да суық тиіп, қасіретпен көз жұмды. Өз қолы аузына жетпеген сары үрпек, сары қарындар зарлап қалады. Аш-арықты бір жағы жұт қысқан, бір жағы болыс, би-молда, қожа тұралатқан ауыр күндер Қартқожаны ерте есейтеді. Сөйтіп жүргенде, 19-31 жас аралығындағы ел азаматын шетінен тізіп майданға қара жұмысқа ала бастаған зобалаң, нәубетті 1916 жыл оқиғасы келіп араласады. Бұрын бай балаларынан әлімжеттікті көріп зығырданы қайнағанда: "Әттең, менің кедейілігім-ау! Әйтпесе солардың менен ақылы артың па? Зейіні артық па? Артық болса, малы артық. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын күн болар ме екен!" - деп, миы шағылатын есті бала, шілдедегі патшаның "зілді бұйрығынан" кейін тіптен ширығады. Болыс әлділердің баласын пара алып, жасын кішірейтіп жазады да, кедейлерді керісінше жасын өсіріп, майданға аттандырып жатады. Әділетсіздік, зорлық шегінен шығады. Таптық жік дегеніміз не, таптық күрес қайдан туатынынан бейхабар жігіт көтерілісшілер ішінде жүргенде осы сауалдарға толық жауап алады. Сөйтіп кешкен азап, тартқан у, көрген қорлың оны: "Дүниеде болыстан жауыз жан жоқ . . . Дәрмен біліп жүр екен. Өлтірер ме еді!" - деген ойға жетелеп әкеледі. Өзі батыр, өзі әнші, өзі жалынды қолбасшы Дәрмен іс-әрекеттері, ерен қимылдары, асқақ ойы, Бәтішпен арасындағы махаббаты Қартқожаға жер басып жүрсең тек сондай, жігіттің туы болуы қажет екен ғой деген асқақ арманға бөлейді. Арнаулы бағдарламасы жоқ, қырық рудан жиылып, қырық жаққа тартқан,
"бас-басына би болған өңкей қиқымдар" басқарған жерде береке болған ба, патша өкіметінің жазалаушы отряды көтерілісшілерді қанға бояп, онысымен қоймай, "патшаға қол көтергендердің" отбасын ойрандап, мал-мүлкін жылан жалағандай жалмап кетеді. Шарасы таусылған тірі қалған боздақтар майданнан бірақ шығады. Қартқожа солардың бірі еді. Тыл жұмысында жүріп Андрей деген дос табады. Ол Қартқожаның оңы мен солын танып, көзі ашылып, қиянат жайлаған дүниеде әлеуметтік теңдік алмайынша кедейдің қолы аузына жетпейтінін ұқтырды. Әділет, теңдік, адамшылық, адам мен адам тең болып, қоғамның ұстанған жолы, ел басқару салты, құлқы өзгергенде ғана мүмкіндігін, ел көріп, жер көріп, тамұқты басынан кеше жүріп, оқып адам болуына көмектескен Хасен, жаңа қоғам орнату жолында тағдыр тоғыстырған Андрей, Полидубтар арқылы түсініп, "дүниеге қайтадан туады". Таптық теңсіздік, әлеуметтік үстемдік қай уақытта жойылатынына енді өзі де саналы түрде жауап беруге жарап қалады. "Қазақ та, орыс та Андрейдің, менің көргенімді көрсе, көзі ашылса, менің жүрегімдей бауырмал жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді-ау!" - деп ойға батады. Адамның мінез-құлқын, жүрегін бір қалыпқа салғанда ғана "бірдейлік" орнайтынына ақыл-ойы өсіп жеткен шақта түсініп, күрескерлік тұлғасы осылайша біртіндеп қалыптасады. Патша тақтан құлап, елге оралғанда, ол рухани өсіп, көзі ашылған жігіт еді. Елге оралған соң қайтадан көрбалалықты басынан кешкен ортасына тап болады. Жеңгесіне желкесінен басқандай ғып зорлықпен үйлендіреді, қараңғы ортадан сытылып шығу да оп-оңай шаруа көрінбейді. Жаратылысынан бұйығы, сабырлы, ұстамды, жоқшылың етектен тартып, жасқаншақтық, тәуекелі жоқтың қанына сіңген Қартқожа оқусыз, білімсіз өмір сүрудің енді мәні жоқтығын жіті сезініп, біртін-біртін өз тізгініне ие бола бастайды. Оған уақыттың алақұйын мінезі де себепкер. Патшаның тақтан құлауы, Қос өкімет, Алашорда өкіметі жүргізген саясаттар, ұлы Қазан төңкерісінің дүмпуі саясаттың сарынына құлақ түріп, қоғам, адамдар мінезін жіті барлауға білімнің таяздығы, өмір сүруге тәжірибесінің
тапшылығы қолбайлау екендігін мойындатады. Ақыры Баян, Семей, Омбы арасында сабылып, өзін-өзі қаржыландыра жүріп, білім алып, ел қатарына қосылады. Бостандық, тәуелсіздік, азаттың, әділет, халық, ел тағдыры, дос кім, дұшпан қайсы деген жұртты сол кезде сергелдеңге салып, санасын сарсылтқан көп сұраңтарға енді өзі еркін жауап беріп, елді соңынан ертетін серкелікке жарап қалады. Кеше өз қамын жеуге де жарамаған, қара басынан құлдық қамытын сыпырудың жөнін таппай тауы шағылған Қартқожа роман соңында жалпақ жұрттың қамын ойлап, қараңғылық бұлтын сейілтіп, надандықтан айықтырудың амалын судай сапырып, жаңа дүние орнатудың бағдарламасына көпшілікті ұйытып, әлеумет күресіне тартылып, заман күрескері қатарына қосылады. Сонымен, жазушы "Қартқожа" романында ескі қоғамдық құрылыс жағдайында бай есігінде езіліп жүрген жалшының ұлы Қазан төңкерісінен кейін құлдың қамытынан құтылып, азаттық күреске белсене араласып, бақытын тапқанын бейнелеген.
Роман қамтитын оқиға өте мол, қым-қуыт тарихи құбылыстарды тамыр тереңімен қазып, қопара көрсету айтуға ғана жеңіл. Әйтсе де Жүсіпбек романның екі бөлімін шынайы суреткерлікпен талдап-тарата жазғанымен, кейіннен тарихи ұлы құбылыстардың долы да, айбарлы, құпиялы шиырына енгенде солықтаңқырап қалады, публицистика, очерк жанры басымырақ белең береді. Болған жайды, әрнәрсенің басын шалып, жеделдете баяндауынан шығарманың көркемдік тіні босаң тартқан.
Ең бір сүйсінерлік жай - романның поэтикалың қуаты мығым. Жүсіпбек өмір құбылыстарын, табиғат сырын жетік біледі, қазақтың байырғы тілін балын тамыза қолданған. Айталық, жұт болатынын ел ортасында жүрген шаруа адамдары алдын ала болжайды: "Биыл жұт болады деп, күні бұрын есепшілер де айтқан: Шөптің шығымы жаман, серейген-серейген еркек шөп, бидай бас көде қаптап кетті. Тышқанның шөп жинауы бұзық, інінің төңірегін тап-тақыр қып тастапты. Құмырсқаның илеу ортасы шұқырайып кетіпті. Сиыр далаға түнеп, жусамайды, кеш болса ауылға жүгіреді. Жылқы
ақырайып тыраңдап жатпайды. Малдың ындыны құрып барады, "атау кересін" жеуге асыққан немеше. Адал құс ерте қайтты". Міне, бұл - қылышын қайрап келе жатқан кәрлі қыстың, жұттың ызғары. Дәлдік, нақтылықтың дүниетанымдық мәні жоғары. Табиғат суреті, тұрмыс-тіршілік, салт-сана, наным-сенімнің ғана емес, Жүсіпбек оқиғалардың да өмірлік шындыққа жанасымдылығына, тарихилығына айрықша сергек қараған. Қартқожа Жұманов - өмірде болған адам. Ұстаздық етіп, қоғамның саяси өміріне белсене араласып жүрген ол 1937 жылдың "қылшылбырынан" аман қалмаған. Би, болыс, қожалар да өз бейнесінде алынған. Арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров та роман кейіпкерлерінің бірі. Оқиғалар Баян, Семей, Омбыда өтетіндіктен, сол аймақтарға тән тіршілік көріністері қалтқысыз суреттеліп, сол уақытта осы төңіректе күн кешіп, уақыт толқынында құлашын сермеп, басын тауға да, тасқа да ұрып "шындықтың аулын іздеген" жерлесі Сұлтанмахмұттың шығармаға араласуы қисынды.
"Ақбілек" романы - Жүсіпбектің суреткерлік өнері толысқан шағындағы шығармасы. Тақырыбы жағынан бұл туынды да "Қартқожаның " идеясын толықтыра түскен, соның заңды жалғасы іспетті. Қартқожа Кеңес төңкерісіне дейін ауыр да азапты тұрмыс шынжырынан босана алмай құлдықта, кіріптарлықта күн кешсе, төңкерістен кейін теңдік, азаттық, әділеттік тауып, жаңа заман қайраткері дәрежесіне көтеріледі. Ал "Ақбілек" романында Жүсіпбек феодалдық-патриархалдық құрылыстың қатал заңы мен тәртібін бұзып-жарып шығып, бақытын қажыр-қайратымен, білімімен тапқан жаңа заман әйелінің бейнесін жасаған. Ақбілектің жеңісі де еңбекші бұқараның таптық күресте қанын төгіп жеңіп алған жеңісімен орайлас жатыр. Төрт құбыласы сай, атақты байдың қызы болғанымен, ол да пенде, тағдырдың қолжаулығы. Ұзатылғалы отырған бойжеткен, күйеуі Бекболат ұрын келе жатқанда, жуанда кегі бар Мұқаш кедей барар жері қалмай, тынысы тарылған ақ солдаттарын қонақ күтіп, жасанып отырған бай ауылдың үстінен құлатады. Талау-тонау, кісі өлімі, төгілген ар, өртенген ауыл . . . Күйеуін
күткен қалыңдық Ақбілек тыйым көрмеген аш бөрілердің "олжасына" айналады. Қызылдардан таяқ жеп, отбасынан алыстап, байлығын тонатып, тағдыры енді қалай қарай сілкірін білмей, қанына қарайып, жанын шүберекке түйген тілі, діні бөлек орыс, ақ солдаттары Ақбілекті жабылып қорламақ та болады. Әйтсе де, адамдығын, әсемдікке іңкәрлігін жоғалтпаған асыл зат, тектілік жаудың ішінен де біреуден шығуы заңды ғой. Реалист суреткер адам қоғамына тән осы заңдылықты тәрк етпейді. Көпе көрнеу елдің көзінше Ақбілекке қысым көрсете бастаған жирен орыстан қара мұрт офицер құтқарып алады. "Қайда барсаң да Қорқыттың көрі", бір тажалдың алаңанынан сытылып шыққанымен, жолы кесіліп, қалайда абыройы төгілгелі тұрған арлы қыз өзіне араша тұрып, адамшылығын жоғалтпаған қара мұрттың ыңғайына "жығылады". Қыздың пәктігі, жібектей ширатылған мінезі, балдай тілі, ер адамды есінен тандыратын ажары, келісті бітімі ажалына осылайша арашашы болады. Бірақ біраз күннен соң Ақбілек байқұс тәні кірлеп, жаны жүдеп, бұралқы күшіктей орыстардың ойраны шыққан жұртында "ұлып" қалады. Ауылы аяушылық білдіргенімен, әкеден бастап барлығы Ақбілекке салқын, басқаша, мүсіркеген, жымысқы көзқараспен қарайды, сыпсың, сұрқия сөздер көктем гүліндей құлпырған сұлу бойжеткенді аяздай қариды. Өзін ақ солдаттары алып қашарда ара түскен анасы жау қолынан қаза табуы да сорына бастапты. Тек туған жеңгесі Ұрқияның ғана "шырайлы-сына" шығарда жаны бөлек. Қалың малы төленіп, босағасын аттауы қалған күйеуі Бекболат "беті бері қарап", қашықтап кеткен аралары жаңындаса бастағанда, қыз әкесі Мамырбайды Өрікпен септестірген Әбен қуаяқ, ру, ағайын арасындағы кикілжіңді пайдаланып, тізгіні қолындағы байға сөзін өткізіп, Ақбілекті Бекболатқа бермеуге көндіреді. Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледі. Ақбілектің нағыз қара күндері басталады. Көркембай кемпірдің лашығында дүниеге орыс қара мұрт офицерден сәби келеді. Әйтеуір, тілектес жақсы адамдардың арқасында шаранасын кептірмей жатып жас сәбидің "көзін жоғалтады".
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz