Дене тәрбие саласы. Дене тәрбиесінің міндеттері мен маңызы



Кіріспе 3
1. Дене тәрбие саласы 4
2. Дене тәрбиесінің міндеттері 5
3. Дене тәрбиесінің маңызы 7
4 Дене тәрбиесі жаттығулардың әсер етудің анықтайтын факторлар 8
5 Қазақстан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі 11
6 Спорттың түрлері 14
7 Дене шынықтыру 16
Қорытынды 22
Әдебиеттер тізімі 23
Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтының қажеттіліктерін тәрбиелеу болып табылады. Үйрету міндеті денсаулықты нығайтуға, дене мүшелерін жетілдіруге, адам ағзасын бірқалыпты дамытуға бағытталады. Негізгі көрсеткіші тән сұлулығы мен оны қалыптастыру, әрі денсаулығын жақсарту.
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру
Дене тәрбиесінің маңызы : саналық және белсенділік, жүйелілік, біртіндеушілік, реттілік, даралық.
Әдебиеттер тізімі:

1. К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
2.Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. -
Алматы, 1992.
3. К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.
6 К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
7. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
8. К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
9. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
10. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1. Дене тәрбие саласы
4
2. Дене тәрбиесінің міндеттері
5
3. Дене тәрбиесінің маңызы
7
4 Дене тәрбиесі жаттығулардың әсер етудің анықтайтын факторлар 8
5 Қазақстан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі
11
6 Спорттың түрлері
14
7 Дене шынықтыру
16
Қорытынды
22
Әдебиеттер тізімі
23

Кіріспе

Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр
адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап
етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз
денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің
денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау,
адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын
қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене
тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден
аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.Мектептегі
дене тәрбиесі жүйесінің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығын
дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтының қажеттіліктерін тәрбиелеу
болып табылады. Үйрету міндеті денсаулықты нығайтуға, дене мүшелерін
жетілдіруге, адам ағзасын бірқалыпты дамытуға бағытталады. Негізгі
көрсеткіші тән сұлулығы мен оны қалыптастыру, әрі денсаулығын жақсарту.
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-
жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен
байланыстыру;
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және
ептілікті дамыту;
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке,
ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына
еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға
ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру
Дене тәрбиесінің маңызы : саналық және белсенділік, жүйелілік,
біртіндеушілік, реттілік, даралық.

1 Дене тәрбие саласы

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс
қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал
етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті
қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға
біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт
секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар
жасау қажет. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру,
шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және
іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар
көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік
сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады,
дене қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена,
дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы,
бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді
пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына,
денсаулығын сақтауға көмектеседі. Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп
дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы
сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші
басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
•  шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды
үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс
қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
•  оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш
әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және
сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық
базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
•  оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
•  шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
•  спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін
дамыту.
•  негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір
мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру
жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын,
туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш
әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу
мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың
гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және
емдік гимнастика. Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және
қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс
дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің
құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар:
күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану
өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен
ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

2 Дене тәрбиесінің міндеттері

- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-
жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен
байланыстыру;
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және
ептілікті дамыту;
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке,
ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына
еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға
ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру
гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен
тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен
шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі
дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері
енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін
туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау
сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи,
қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру
міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене
шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы
дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен
ерекшеленеді.
4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері:
баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-
жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай
меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі
шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары:
секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік
жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра
алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген
жөн.
5. Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді
жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу
бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу
керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі
-таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының
ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана
қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді.
Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете
отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат
алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын
қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту
жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік
пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
6. Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған
жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.
Оның нұсқаулары:
•  өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл.
Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
•  шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң
аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе
және өзге жұртқа денсаулық тіле;
•  арақ ішпе, темекі тартпа;
•  аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
•  қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл
сенің саулығың;
•  денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
•  бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
•  адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар
жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат
салысасыз;
•  жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да,
ойлан;
•  ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
•  ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
•  іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да,
өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне
тигізетін рөлі ерекше.
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі
сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық
ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-
тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.

3 Дене тәрбиесінің маңызы

Қимыл ептілігімен дағдысын қалыптасу және дене қуаты қасиетін
тәрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады, ол әдісте келіп принциптер д.а.
Дене тәрбиесінің маңызы :
1) саналық және белсенділік 2) жүйелілік, 3) біртіндеушілік, 4)
реттілік, 5) даралық.
2)Саналық пен белсенділіктерін – бұл принциптердің мақсаттары – дене
тәрбиеғсі процесінде жаттығулардың сапалы белсенді және шығармашылық
әрекетерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау. Мысалы: балаларға қызықты
тапсырмалар беру, марапаттау ойындар өткізу.
3) Жүйелілік – дене қуаты қасиетін дамыудағы және қозғалысқа
үйретудегі жақсы нәтиже. Мысалы : сабақтар арасында үзіліс болмауы, түрлі
жаттығулар үйрену.
4)Біртіндеушілік – орындайтын жаттығулар тәсілі күрделеніп, күш түсіну
көлемі біртіндеп өсуін біртіндеушілік деп аталады. Мысалы : оқушылардың
мүмкіндіктері тұрақты өсіп отыруы.
5)Реттік - қимыл әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту.
Мысалы: жеңілден - қиынға, қарапайымнан – күрделіге.
Даралық - дене тәрбиесі процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін
ескеру. Мысалы : адамның дайындық денгейі, спортқа деген көзқарас.
Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасқан белгі бойынша топтау. Ал
бойынша барлық жаттығулар 4 топқа бөлінеді ; а) гимнастикалық жаттығулар,
ә) ойын жаттығулары, б) туристік жаттығулар, в) спорттық жаттығулар болды.

4 Дене тәрбиесі жаттығулардың әсер етудің анықтайтын факторлар

1.Әдістемелік факторлар – адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын түсінуі.
2.Әдістемелік факторлар – жаттығуларды қолданар кезде ескеретін
факторлар.
3.Санитарлық гигиеналық факторлар – дене тәрбиесі жаттығуларды даам
аргонизміне тиімді тәртібін сақтап, спорт залын санитарлық нормада ұстау.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр
адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап
етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз
денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің
денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау,
адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын
қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене
тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден
аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.Мектептегі
дене тәрбиесі жүйесінің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығын
дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтының қажеттіліктерін тәрбиелеу
болып табылады. Үйрету міндеті денсаулықты нығайтуға, дене мүшелерін
жетілдіруге, адам ағзасын бірқалыпты дамытуға бағытталады. Негізгі
көрсеткіші тән сұлулығы мен оны қалыптастыру, әрі денсаулығын жақсарту.
Әрине, дененің дамуында әлеуметтік мәселе басты орынды иеленеді және
биологиялық, географиялық жағдайлар белгілі бір дәрежеде ықпал етеді,
мысалы: тұрмыстық жағдайдың жақсы болуы бойдың, кеуденің өсуіне, салмақтың
артуына әсер етеді. Арнайы іріктеліп алынған дене жаттығуларының көмегімен
денені жалпы жетілдіріп, жекелеген дене мүшелерінің қызметін жақсартуға
болады. Мен сабақта балаларға арналған қозғалмалы ойындарға көңіл бөле
отырып, спорттық ойындарды қызықты ұйымдастыру арқылы оқушылардың
қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды төзімді, жылдам, епті болуын
дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасын арттырады. Оқушыларды қарсыласын
сыйлауға, ойын кезіндегі әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге
тәрбиелейді.Дене шынықтыру сабағы мектеп оқушыларының шымырлық пен
шыдамдылыққа, сұлулық пен адам баласының тұрақты қалыптасуына жол ашатын
спорттың бір түрі. Бұл жас жеткіншектер өміріне өте қажет дене
жаттығуларының үйлесімділігін келтіретін ойын. Дене шынықтыру сабақтарында
пәнаралық байланысты дұрыс жасау керектігі сабақ сапалығына апарады.
Өйткені оқушылар математика пәніндегі бұрыш, шеңбер ұғымдарын дұрыс
қалыптастырса өлшем бірліктерді жақсы білсе дене шынықтыру пәнінде волейбол
ойнағанды пайдалану қажет ететіндігі анық.Сонымен қатар дене тәрбиесі сабақ
барысында жалпы дамыту жаттығуларын кеңінен пайдалану арқылы оқушылардың
әскери дайындық дағдыларын да қалыптастыруға болады. Гимнастикалық
жаттығуларды өткізуде сапқа тұрғызу әртүрлі болуы мүмкін – лекке, қатарға,
жарты шеңберге т.с.с. Ең жақсы нұсқа – балаларды арақашықтықты сақтап
сыныптар бойынша тұрғызу болып табылады. Сонда оқушылардың іс-әрекетін
бақылау және жүктемені реттеу мұғалімге оңай түседі.
Дене тәрбиесі сабағында спорт құрал-жабдықтарын пайдалану
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге
жазу, сурет салу аса қажет болатын қол саусақтарының майда бұлшық еттерін
дамытуға мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі сабағында өмірлік маңызы бар қозғалыс түрлері -жүру,
жүгіру, секіру, лақтыруға үйрету маңызды орын алады. Дене шынықтыру
бағдарламасы бойынша жеңіл атлетикадан білім беру арқылы дағдыларын
қалыптастырамыз. Жеңіл атлетиканың дағдыларын бойына сіңірген оқушы
біріншіден, тез қозғалуға, жылдам шешім қабылдауға, өз діттеген жеріне дер
кезінде жететіндігін өмір көрсетіп отыр. Сондай сабағымның тәжірибесін
сіздерге ұсынамын.
Ауыл мектептерінде қозғалыстың негізгі түрлеріне үйретуде оларды
ұйымдастыру және үйлестірудің сан алуан әдістері қолданылады. Мысалы: бір
мезгілде орындау әдісін пайдалану қозғалыс белсенділігін артыруға мүмкіндік
береді. Ол жүру, жүгіру, жалпы дамыту жаттығуларына үйрету, секіру,
лақтырудың кейбір түрлерінде т.с.с қолданылады.
Қимыл-қозғалыс ойындарын дене тәрбиесі сабағының барлық бөлімдерінде
жүргізуге болады. Ойын кезінде оқушылардың жағымды эмоциялық күйі
жоғарлайды. Ойын балаларға әрқашанда қуаныш әкеледі, осы себепті тәртібі
нашар оқушыларды да ойыннан шығарып тастауға болмайды.
Үлкен кеңістікті қажет ететін ойындарды ашық ауада немесе мектептің спорт
алаңдарында өткізуге болады, мұнда ойын жаттығулары мен эстафеталар
пайдаланылады. Дене тәрбиесі сабағын өткізгенде мұғалімге қауіпсіздік
ережелерін сақтау аса қажет. Дене тәрбиесі пәнінің мұғаліміне оқушылардың
өміріне жауапкершілікпен қарау жүктеледі.
Дене тәрбиесі сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстары оқушылардың
білімдерін дағдыларын тереңдетуге, оқушылардың денсаулығы мен денесінің жан-
жақты даму деңгейін өсіруге, спортпен жүйелі түрде айналысуға
қызығушылықтарын арттырады.
Тәрбие процесі  - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз
кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау
шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі
теориялық педагогикада Тәрбие процесінің  талаптарымен құрылған мынадай
жүйелері белгілі: Тәрбие процесінің мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің
өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-
әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері
және т.б.
Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының
білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер
жүйесі деп қабылданған.
Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы — бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік,
еңбек пен политехникалық, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық
процесте тоғысуы. Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеялар жатады:
Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы. Бүгінгі нақты мақсат — бұл адамның
ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл
мақсатқа жетудің құралы — әр адамның мәдениет қоры негіздерін игеруі.
Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлғаның базалық
мәдениеті келіп шығады. Бұл өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті болып
табылады, яғни, экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси,
демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық
мәдениет, көркемөнер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті.
Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны
балалармен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге,
іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен заңдылықтарын
өңдеуден құралады. Тәрбие процесінде оқушының өзіндік белсенділігі
көрінеді.
Өзін-өзі тану. Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы
арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады.
Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент — адамның өмірлік өзін-өзі тану
мәдениеті. өмірлік өзіндік таным — бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді
қамты-майтын өте кең ұғым. өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз
бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-
өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік
өзіндік танымы қалыптасады.
Тәрбиенің тұлғалық бағыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек
бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса
ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогика-лық істің
жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы,
өзіндік мінез-сипаты мен бірге өз қадірін сезінуін дамыту керек.
Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай
өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.
Өз еркіндігі. Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту,
бірлесе жұмыс істеу идеяларын іске асыру мүмкін емес. Тәрбие процесі
еріксіз ұйымдас-тырылса, ол балаға да, мұғалімге де кері әсерін тигізеді.
Балаларды тәрбиелеуге міндеттеме керек. Егер тәрбиелеушілер
тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына, азаматтық және жолдастық
міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына сүйенсе, сонда
тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.

5 Қазақстан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі

Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны
шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы
кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне
жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан
обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы
Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап
салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан
жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне
Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа
да күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен
Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен
қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай
ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене
тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден
садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен
айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы
өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне
лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын
үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң, әрбiр хан мен бай-
манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған. Олар
бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын қорғаған
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен
арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе,
Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен
дене тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық
мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi.
1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен
айналысатын үйiрмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен
комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт
алаңдарын, әскери даярлық iсiне жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920
ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене
тәрбиесi нұсқаушылары және ұйымдастырушыла-рымен әскерге баратын
жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден
астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан көбi қазақ жастары болатын.
Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный (қазiргi
Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында iрi спорттық
орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетiсу губернияларында
спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесiн дамыту
мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi. Дәл осындай
әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да
ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада
өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика, қалашық
(городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түстi.
Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-
ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң
маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына
мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне
бастады.
1932 ж. Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 ж. респ.
ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары
арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында
бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi. Қазақстан К(б)П-нiң 1937 ж. өткен
1 съезi дене тәрбиесi мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын
кеңейте түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында Қазақстан
спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ
жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп
жұмыс атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары
тәрбиелендi. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тәрбиесi ұйымдары нығайып,
спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi ин-ты (Қазақ
физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы
бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi
болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт
ұйымдары құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып
өзгертiлдi. 1951 ж. “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап
“Қайрат” деп аталды. 1956 ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы
өттi. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса
бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д’Ампеццо
қаласында өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда
(Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар
арқылы жүгiруден сынға түстi. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет
Ғ.Қосанов 1960 10 м-лiк эстафеташылар жарысында күмiсґж. Римде өткен 17-
олимпиялық ойындарда 4 жүлденi иемдендi.
Елiмiзде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған әйгiлi Медеу
мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешенi) үлкен ықпал еттi. Мұнда көптеген
дүниежүз. және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында
Қазақстанда спорт клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”, т.б.)
құрыла бастады.
Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық
дәрежеге қол жеткiздi. Көгалдағы хоккейшiлер, допты хоккейшiлер,
“Буревестник”, АДК волейболшылары, “Динамо” су добы командасы КСРО,
Еуропа және дүние жүзi чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында
М.Жексенбеков, С.Шаймерденов, С.Қалымбаев, Е.Құмарғалиев, С.Сексенбаев,
Ю.Варзин, В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жәркешов,
Ж.Сауранбаев, В.Кравченко, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдiғалиев,
Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсеттi.
1976 ж. 21-Олимпиялық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО құрама
командасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрiнен қатысты. Бұл
олимпия ойынында жерлестерiмiз 8 алтын және 2 күмiс медальға ие болды.
Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола
медальдi иемдендi. Мәскеуде өткен 22-олимпия ойындарында (1980) 20
қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күмiс және 7 қола медальдi алды. Осы
олимпияда ойындарында Ж.Үшкемпiров, Ш.Серiков, т.б. олимпия чемпиондары
атанды. 1988 ж. Сеулде (Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында
КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты. Олар әр түрлi
дәрежедегi 18 медальдi иелендi. Барселонада (Испания) өткен 25-олимпия
ойындарында (1992) Қазақстан Республикасы ТМД құрама командасында болды.
Мұнда 11 спорт түрiнен 23 спортшы қатысып, 5 медаль (Е.Чебукина,
И.Герлиц, Д.Тұрлыханов, Т.Меньшова, В.Вохмянин) алды. Қазақстандықтар
1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келедi. Хиросима (Жапония) қ-нда
өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртiншi орынды
иелендi. Олар 77 медальға (оның 25-i алтын) ие болды. Атап айтқанда
Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркiн күрес), Ю.Мельниченко,
Д.Тұрлыханов (грек-рим күресi), О.Шишигина (жеңiл атлетика) сынды
спортшылар алтын медаль иегерлерi атанды. 1998 ж. Таиландта (Бангкок қ.)
өткен 13-Азия ойындарында қазақстандықтар бесiншi орын алды. Олардың
үлесiнде барлығы 78 медаль (оның 24-i алтын) болды. Чемпион
атанғандардың iшiнде В.Гуща, Д.Аспандиярова (нысана көздеу), Д.Топоров,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Жұмыстың практикалық маңыздылығы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Дене тәрбиесі сабағындағы көрнекілік қағидасы
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Дене шынықтыру және спорт туралы
Пәндер