Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі мен орнына байланысты зерттеулерді талдау

Тексерген:.

Орындаған:

Алматы 2014 жыл

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның мәні, жіктелуі

1. 2 Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жастар: мәселесі, даму перспективасы

1. 3 Қазақстан Республикасында жастардың әлеуметтік құрылымдағы белсен-ділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК

ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАР

2. 1 Қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымындағы жастар

2. 2 Қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымындағы жастар

2. 3 Қоғамның әлеуметтік-аймақтық құрылымындағы жастар

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттеу тақырыбы дәл қазіргі жағдайда Қазақстан қоғамы үшін де, әлеуметтану ғылымы үшін де маңызды. Нақты-рақ әлеуметтану тілімен айтқанда, жастар - жас адамдардың жасы келе қалып-тасқан әлеуметтік жағдайы негізінде, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы алатын орны және қызметімен, өзіне тән мүдделері және құндылықтары мен ерекшелентін әлеуметтік - демографиялық топ.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 15-24 жасқа дейінгі жас-тардың саны 1, 3 млрд. құрайды. Қазақстанда жастарды 14-29 жасқа дейінгі ара-лықта есептеу негізге алынған. Қазіргі уақытта, аталған жас топтары халықтың 27, 2%-ын құрап, қоғамның ең маңызды бөлшегіне айналып отыр. Осыған орай, мемлекет үшін жастардың пікірлерін зерттеу, олардың қазіргі жағдайы мен әлеуметтік құрылымдағы орынын анықтау, жастар саясатының жағдайына мониторинг жасау өзекті мәселелер қатарында.

Жастардың еліміздегі әлеуметтік, эканомикалық және саяси үрдістерге белсенді қатысуы негізінен алғанда бүгінгі таңда елімізде көрініс тапқан жалпы әлеуметтік-саяси ақуалдың жай-күйін анықтаумен қатар, оның болашақтағы бағытына да елеулі түрде әсер етеді.

Зертеу тақырыбының өзектілігі қазіргі кезде қазақстандық қоғамда жастардың әлеуметтік дамуын реттеуде қалыптасқан көптеген қарама - қайшылықтардың себебі мен шешімін табудың объективті қажеттіліктерінің туындауымен айқындалады. Жастардың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері, білім деңгей, денсаулық жағдайы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, әлеуметтік жеңіл-діктердің қарастырылуы, тұрмыс құру жайы т. б көптеген сұрақтар төңірегінде қордаланып қалған мәселер өте көп.

Зерттеу мәселесі . Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жастардың алатын орны мен атқаратын қызметін, әлеуметтік белсенділігін көтеруге байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың нақты жүйеленбеуі. Осы жағдайдағы орын алған қарама-қайшылықтардың нәтижелі тетіктерін қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты . Қазақстандық жастардың әлеуметтік құрылымдағы орны мен рөлін айқындау үшін, жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының үрдістеріне, динамикасына, азаматтық белсенділігі мен рухани-өнегелік бағдарларына, білім деңгейі мен денсаулық жағдайына, сонымен қатар кәсіпкерлік тұрғыдан дамуы мен әл-ауқатына нақты әлеуметтік тұрғыдан талдау жасау.

Зерттеу жұмысының міндеттері : Алға қойған мақсаттарды орындау үшін мынандай міндеттерді атқару қажет:

  1. Жастардың әлеуметтік құрылымдағы орны мен рөлін анықтау.
  2. Жастардың елдің қоғамдық өміріне, жастар ұйымдарының қызметтеріне қатысу деңгейін анықтау.
  3. Қазақстандық жастардың негізгі құндылық, рухани және өнегелік бағдарлары туралы ақпараттар алу.
  4. Қазақстандық жастардың кәсіпкерлік дамуы деңгейі мен инновациялық әл-ауқаты деңгейін бағалау.
  5. Білім деңгейі мен денсаулық жағдайын анықтау.
  6. Қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымындағы жастар мәселелерін зерделеу.
  7. Жастарға әлеуметтік-демографиялық жағынан талдау жасау.

Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасы жастарының әлеуметтік позициясы.

Зерттеудің негізгі болжамдары : Қазақстандық жастардың әлеуметтік құрылымдағы орны алдыңғы жылдармен салыстырғанда оң бағаланады. Жастардың тұрмыс деңгейі жақсарып келеді. Жастардың азаматтық белсенділік деңгейі орташа. Жастардың біраз бөлігі жастар ұйымдарының қызметтеріне қатысады. Қазақстандық жастардың кәсіпкерлік даму деңгейі мен инновациялық әл-ауқат деңгейі, қызметтік мобильділігі дамыған елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Осы жағынан алып қарағанда жастар деңгейін көтеруге бағытталатын жұмыстар әлі де болса жан-жақтылық пен жеделділікті талап етіп отыр.

Зерттеудің негізгі кезеңдері :

1-кезеңде (2012 ж) зерттелініп отырған мәселенің қазіргі күйіне шолу жасалынды, отандық және шетел социологиялық және экономикалық әдебиеттеріндегі аталмыш мәселенің зерттелу деңгейі талданды. Зерттеудің әдістемелік негіздемесі айқындалды, зерттеу бағдарламасы жасалынды, ақпаратты жинау жүзеге асырылды, зерттеу мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні, болжамы айқындалды.

2-кезең (2013 ж. ) Әлеуметтік құрылымдағы жастардың атқаратын негізгі рөлін бағалау мен өлшеу көрсеткіштерін социологиялық зерттеуге арналған алдын-ала түзілген болжамдарды түзеу, зертеу нәтижелерін жүйелеу және қорытындылау жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасындағы жастардың қоғамдық құрылымдағы белсенділігін жоғарылатуға ұсыныстар жасалынды.

Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңыздылығы: зерттеудегі тео-риялық мәліметтер мен фактілер, қорытындылар мен ұсыныстар жастардың әлеуметтік құрылымдағы алатын орыны мен рөлін бағалау мен жақсарту тетігін қалыптастыруда қолданылуы мүмкін. Автордың аталмыш тақырыптағы жинаған мәліметтерге жасаған талдауы әлеуметтік құрылымдағы жастар белсенділігін арттыруға байланысты белгілі бір жобалар мен жоспарлар жасалынған кезінде ескерілуі мүмкін. Автор жүйелеген теориялық, социологиялық, статистикалық нәтижелер әлеуметтану, саясаттану, эканомика және демографиялық пәндердің жастарға қатысты тақырыпшаларын оқу барысында қолданылуы мүмкін.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдамалар:

  • Әлеуметтік құрылымдағы жастардың - материалдық, рухани құндылықтармен қамтамасыз етілуі және олардың өзінің өмір шарттарымен индивидуалдық қанағаттану деңгейін сипаттауы.
  • Соңғы он жылдықтағы Қазақстан Республикасындағы жаңартулар, жастар рөлінің артуы мен олардың әлеуметтік белсенділігін жоғарылатуға бағыталған, дегенмен, бұл мәселе толық шешімін тапқан жоқ.
  • Жастар мен қоғам арасында өзара тікелей және кері байланыстар бар. Бір жағынан-жастар жағдайының жақсаруы тікелей халықтың әлеуметтік жағдайының жақсарғандығынан хабар береді, екінші жағынан-жоғары деңгейдегі тұрмыс-тіршілік жастар ғана емес жалпы қоғамның әлеуметтік-эканомикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

І ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның мәні, жіктелуі

Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз қоғам-ның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.

Әлеуметтік құрылымның басты екі элементтері, олар:

1. Әлеуметтік қауымдастықтар (топтар)

2. Әлеуметтік институттар

Әлеуметтік қауымдастық - бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономикалық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер деңгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға, белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.

Әлеуметтік институттар негізінен қоғам арасындағы түрлі мәселелердің де себебін анықтау, анықтап қана қоймай оны әлеуметтік жағынан талдау жұмыстарымен де жүйелі түрде айналысады. Соның нәтижесінде орын алуы тиіс күрделі мәселелерді шешудің оңтайлы жолдары табылады. Осы арқылы отабасындағы әр түрлі негативті себептер анықталып шешіледі.

Қоғамдағы негізгі қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

1) Экономикалық институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша - тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.

2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.

3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.

4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуын тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

1. 2 Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жастар: мәселелері, даму перспективалары

Қазіргі қоғамдағы жастар рөлі, жас буынның әлеуметтік қызметтері, оның саяси позициясы мен көзқарасы, білімі мен кәсіби біліктілігінің деңгейі, адамгершілігі мен мәдени қажеттіліктері туралы мәселелерді зерттеудің теориялық және практикалық мәні аса зор. Қоғамдық үрдістегі жастардың рөлі, олардың қызметінің түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылықтары, қажеттіліктері мен психологиялық қасиеттері әлеуметтік және геосаяси даму сипаты, қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипатымен қалыптасқан.

Жастардың қоғамда алатын орнын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан талдау қажеттілігі ең аз дегенде екі маңызды шартпен негізделеді. Біріншіден, жастар шамамен Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 25 пайыз құрайды; екіншіден, олар елдің болашағы, олардың қызметі қоғамның дамуы тікелей байланысты.

Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету ұйымдасқан экономикалық қатынастар жиынтығын бейнелейді. Бұл басқару объектісі мен субъектісінің әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне бағытталып, жұмыспен қамтамаз ету кепілдігін қамтамасыз етеді.

Бұл жүйе:

  • кәсіпорында, ұйымда және мемлекеттік мекемелерде конкурстық сұрыптау негізінде жастарды жұмыспен қамту және тәжірибелерді ұйымдастыру;
  • жастарға жұмыс орындарын үлестіру мақсатымен аудандық арнайы бюджеттік қорлар жасау;
  • білім беру мекемелерінің түлектерін жұмыспен қамтамасыз ететін жұмыс берушілердің ынталандыру жүйесін жетілдіру;
  • жастармен мамандыққа бағытталған ескертпелі жұмыс жүргізу;
  • жастар жұмыссыздығын алдын-ала ескерту жөнінде іс-шараларды қалыптастыру және жүзеге асыру;
  • жастарды баспа және электронды ауқымды ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру, еңбек нарығы және жастарды қолдану шаралары туралы анықтамалық және ақпараттық-әдістемелік әдебиеттерді баспаға шығару;
  • жас кәсіпкерлікті және жастар кәсіпкерлігін құру тәжірибесін дамыту, жастардың бизнес-жоспарларын кеңеспен және эксперттермен қамтамасыз ету негізінде қалыптасуы қажет.

Жастардың еңбек ресурстарының қалыптасуына ықпал етуші әлеуметтік-демографиялық факторлар жастардың еңбек ресурстарының сандық және сапалық сипатын көрсетеді. Сандық сипаттарын құрайтындарға мыналарды жатқазу керек:

1) Жастардың еңбек ресурстарының саны;

2) Жастардың еңбек ресурсының икемділігі;

Жастардың еңбек ресурсының әлеуметтік-демографиялық факторларының сапалық құрастырушыларына келесілерді жатқызыу керек:

1) жалпы білім беретін, мәдени және кәсіптік-білікті дайындық деңгейі тұрғы-сынан алғандағы еңбекке қабілетті жастардың сапасы;

2) ой және дене еңбегімен айналысатын жастардың арақатынасы;

3) eңбекке жарамды жастардың еңбекке дене күші жағынан қабілеттілігі және денсаулығының жай-күйі;

4) жастардың еңбек ресурстарының ұлттық-этникалық құрылымы;

Негізгі әлеуметтік механизмдердің бірі жастарды жұмыспен тиімді қамтамасыз ету механизмі мен оның жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Оның тиімді жұмыс істеуіне келесідей шараларды орындағанда және сақтағанда қол жеткізілуі мүмкін:

1) Жастардың еңбек нарығы мәселелерінің аймақтық ерекшеліктерін шешудегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін күшейту;

2) Мемлекеттік бюджет құралдары мен әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар есебі-нен жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі бар аймақтарда әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды басымдылықпен қаржыландыруды жүзеге асыру;

3) Индустриялық аудандарда, сонымен бірге шағын және орташа қалаларда, моноэкономикалық құрылымды кенттерде жастардың жаппай жұмыссыз болуының жағымсыз салдарын барынша азайту;

4) Жас қызметкерлердің жаппай жұмыстан шығарылуының алдын алу, жастар үшін әлеуметтік-экономикалық мақсатқа сай бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын ашу, жаңа прогерссивті өндіріс үшін жас мамандарды қайта даярлаудың озық тәжірбиесін жүзеге асыру;

5) Жастардың дәрменсіз ұйымдардағы еңбек құқығын қорғауды, жұмысынан айрылған кезде жастарға тиімді қолдауды қамтамасыз ету;

6) Әлеуметтік қорғау және біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым жасай отырып, ірі «жастар құрылыстарын» ұйымдастыру.

Аталған механизм әрекет еткенде жастарға қатысты мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің бірінші кезектегі функцияларын, оның міндеттерінің жастарға қатынасын анықтау қажет, ол біздің ойымызша, келесі мәселелерді қорытындылауы тиіс:

- Жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін дамытудың болжамы және жағдайының бағасы, сондай-ақ еңбек нарғындағы сол немесе басқа бос орындардың сандары туралы ақпараттандырып отыру;

- Жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша мақсатты бағдарламалар жобасын жасау, оған оның жұмыспен шығарылу тәуекеліндегі бөлігін, сондай-ақ әлеуметтік қорғауға ерекше мұқтаж және жұмыс іздеп қиындық көріп жүргендерді енгізу;

- Қолайлы жұмыс іздеуге, ал жұмыс берушілерге жастар арасынан қажетті жұмыскерлерді іріктеуге жәрдемдесу;

- Кәсіптік бағдар, кәсіптік дайындауды ұйымдастыру, жұмыссыз жастарды қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату;

- Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы түрінде әр түрлі әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту қызметі органдарының жолдамасы бойынша оқытылу кезінде шәкіртақы тағайындау, жұмыссыз жастарға материалдық және басқа да көмектер көрсету.

1. 3 Қазақстан Республикасында жастардың әлеуметтік құрылымдағы белсенділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар

Жастар саясатының қазіргі жағдайы мен оның болашағын айқындау мәселесі үлкен өзектілікке ие. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және дамыту Қазақстан Республика-сының мемлекеттік саясатының стратегиялық маңызы бар басымдықтарының бірі. Жыл сайынғы Елбасының жолдауларында жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жайына, мемлекеттің құрылуы мен дамытылуына айрықша көңіл бөлінеді.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы ҚР Үкіметінің жанындағы техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. Нәтижесінде, әкімшіліктер мен орта және кіші бизнес субъектілерінің арасында 16, 2 мың келісімге қол қойылды . 2009 жылы өндірістік іс-тәжірибеден өтуге 48 мың жұмыс орны берілген болатын.

ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2008 жылғы 13, 4% көрсеткіштен 2010 жылы 5, 9% төмендеген. 2010 жылдың 3 ақпанында өткен ҚР білім және ғылыми министрлігінің кеңейтілген отырысында cол кездегі министр Ж. Түймебаев 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға», «Жастардың кадрлық қоры», «Жастар - Отанға» және «Жастар практикасы» жалпы ұлттық бастамалық жобалардың іске асырылып жатқанын мәлімдеді. Ж. Түймебаевтың есебінде жобалардың берген қорытындылары туралы ақпарат берілмеді, сол себептен де әрбір жобаның нәтижесін өзіміз сараптап көрелік.

«Жастардың кадрлық қоры» жобасының нәтижелері бойынша, 2009-2011 жылдары 1000 үміткердің 32 тіркеуге алынып, барлығы дерлік оқыту мен іс-тәжірибеден өтті. «Жас Отан» ЖҚ сол кездегі атқарушы хатшысы Н. Утешевтің айтуы бойынша, іріктеу сындарының ең соңында кадрлар қоры 300 адамнан тұратын болады. Байқау сынының барлық кезеңдерінен өтіп, ең жоғары деңгейдегі көрсеткіштерге жеткен 300 үміткердің ішіндегі 70 адам республика-лық деңгейдегі кадрлық қорға тіркеледі. Ал қалған 230 үміткер аймақтық деңгейдегі кадрлар қорына тіркелетін болады. Кадрлық қорға тіркеу - үміткердің одан да биік лауазымға ұсынылуы немесе мемлекеттік қызметке тұруына өзіндік «ұсыныс хат» болып саналады.

«Ауыл жастары» бағдарламасы бойынша, мысал үшін, Жамбыл облысында 200 жас маман жұмысқа орналастырылды. Олардың әрбіреуіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Педагогика мамандары үшін жұмыс орындарын табу қиынға соқпағанымен, жас дәрігерлердің мәселесі сол ашық күйінде қалды. Жастардың ауылдық жерлерде жұмыс істеуден бас тартуының негізгі екі себебін атап көрсетуге болады: жалақысы жоғары жұмыс пен қазіргі заман талабына сай инфрақұрылымның жоқтығы . Бұл мәселелерді мемлекеттің жастарға көрсетілетін қолдауынсыз шешу мүмкін емес. Аудандық бюджеттерді бекіту кезінде жастарды ауылдық жерлерде үлкен сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту үшін қосымша қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет. Сонымен қатар, жас мамандарға жеңілдіктер бойынша тұрғын үй беру, мал мен жер телімдерін сатып алуда көмек көрсету, қажет жағдайда - жас мамандардың балаларының мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылуын қамтамасыз ету сияқты механизмдерді қолданып, аудандық бюджеттерден қосымша қаражат бөлу қажет. Мұндай мәселелерді шешудің тағы бір жолы ретінде «Дипломмен ауылға» акциясы ұйымдастырылған болатын. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметі бойынша 2009-2011 жылдары әлеуметтік саланың 6 582 маманы ауылдық жерлерге көшіп, жұмысқа тұрды. Бұл жоба 6 582 маманның қызметке тұрып, үлкен өмірге қадам басуына жасалған үлкен көмек болды. Дей тұрсақ та, бұл 600 000 жуық жас маманның 1 %-ынан сәл ғана артық болып отыр.

«Жастар практикасы» жобасы 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасының аясында басталып, бірқатар жетістіктерге жетіп үлгерді. Бұл жоба оқу орындарының түлектеріне игерілген мамандық бойынша іс-тәжірибе жинақтап, кәсіпқой мамандармен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Жастар практикасына жоғары және орта кәсіби білім беретін мекемелердің түлектері жіберілді. Ал оның ұзақтығы, жоғарыда аталып өткендей, алты айдан аспауы тиіс. Бұл бағдарламаның жүзеге асуы мен бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы ақпарат БАҚ-та таратылмады. Жалпы алғанда, «Жастар практикасы» бағдарламасын кеңейту барысында 51 мың жас маман жіберілген 13 мың кәсіпорынмен келісімшарттарға қол қойылған болатын. Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма бастығының қызметін орындаушы Бахтияр Макеннің айтуынша, 2010 жылы 3044 жас маман жұмыспен қамтылды.

Республика аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде, 2010 жылғы көрсеткіш бойынша жоғары оқу орындарының жұмыспен қамтылу ісінде «Дипломмен ауылға» жобасы ең үлкен жетістіктерге жетті, ал оның аясында 6 582 маман жұмыспен қамтылды. Қалған жобалардың жұмысына қатысты жүргізілген сараптама көрсетіп отырғандай, олар жоғары оқу орындарының түлектерін кешенді жұмыспен қамту ісінде өз тиімділіктерін көрсете алмады. Жұмыспен қамтылған жас мамандардың саны бойынша екінші орын алатын жоба - «Жастар практикасы» болып отыр. Айта кететін жайт, мұндай жобалардың басым көпшілігі іс жүзіндегі жұмысты 2009 жылдың соңына қарай бастады, бәлкім, нәтижелердің төмендігі осыған байланысты болар.

Жастар саясатын іске асыру сұрақтары Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.

Кесте 1. Өңірлер туралы ақпарат.

Облыстар

Жұмыспен қамтылған,

адам саны

Жалпы қамтылғандар
Облыстар: ШҚО
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 1 300 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 5 809 сарбаздар
Облыстар: Ақтөбе облысы
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 2 000 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 2 500студенттер және жұмыссыз жастар
Облыстар: СҚО
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 170 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 2500 адам
Облыстар: Жамбыл облысы
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 500 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 3470студенттер
Облыстар: ОҚО
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 1 426 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 1 500студенттер және жұмыссыз жастар
Облыстар: Қызылорда облысы
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 685 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 1 835студенттер және жұмыссыз жастар
Облыстар: Қостанай обл
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 574 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 4 500студенттер
Облыстар: БҚО
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 750 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: -
Облыстар: Алматы обл.
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 555 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 216 664студенттер, жұмыссыз жастар
Облыстар: Павлодар обл.
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 940 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 990 студенттер және жұмыссыз жастар
Облыстар: Қарағанды облысы
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 1 100 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 1600студенттер және жұмыссыз жастар
Облыстар: Алматы қаласы
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 495 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 400 студенттер
Облыстар: Астана қаласы
Жұмыспен қамтылған,адам саны:

775 сарбаздар

Жалпы қамтылғандар: 2300студенттер және жұмыссыз жастар
Облыстар: Ақмола облысы
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 580 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: 1400 студенттер және жұмыссыз жастар
Облыстар: Маңғыстау облысы
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 150 сарбаздар
Жалпы қамтылғандар: -
Облыстар: Атырау облысы
Жұмыспен қамтылған,адам саны: -
Жалпы қамтылғандар: 50 адам
Облыстар: Барлығы
Жұмыспен қамтылған,адам саны: 12 000
Жалпы қамтылғандар:

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК

ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАР

2. 1 Қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымындағы жастар

Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негізгі өлшемдер әлеуметтік-таптық түсініктерге тән. Себебі әлеуметтік-таптық құрылымның компоненттері көп жағдайда қоғамның ішкі жүйесіне елеулі әсер етеді. Негізінен жастарды әлеуметтік-таптық құрылымның ішіндегі әлеуметтік топ ретінде қарастырамыз. Көптеген әдебиеттерде, ғылыми мақалаларда да негізінен жастарды осы тұрғыдан қарастырады. Сондықтан да алдымен әлеуметтік-таптық құрылымдағы «әлеуметтік топ» түсінігін талдап алуды жөн санаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар социологиясы
Жастар әлеуметтануы туралы
Әлеуметтанудағы маргиналдылық тұжырымдамасы
Оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру түрлері
Білім әлеуметтін институт ретінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Қазақстан Республикасында балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері
Иүгінеки Ахмед
Жастар мобильділігінің әлеуметтік ерекшеліктері
Мемлекет және қоғамның саяси жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz